Балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

Орындаған: Балдакова Ж.

Мамандығы: 050101-Мектепке дейінгі оқыту

мен тәрбиелеу

Факультет: Педагогика және психология

Курсы, тобы: 3 жылдық 3 - курс

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., доц. м. а. Балабаева А. И.

Алматы 2010

ЖОСПАР

Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
3:

3

Кіріспе . . .: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3:
Кіріспе . . .: 1 ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ АРАЛАС ТОП БАЛАЛАРЬІН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3:
Кіріспе . . .: 1. 1 Адамгершілік тәрбиесі және ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу бағытындағы зерттеулерге сипаттама . . .
3:

7

Кіріспе . . .: 1. 2 Балабақшадағы бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздері . . .
3: 16
Кіріспе . . .: 1. 3 Аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің өзіндік ерекшелігі . . .
3:

28

Кіріспе . . .: Қорытынды
3:

76

Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3:

78

Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .:
3:

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Егемендікке қолы жеткен қазақ елі өміріндегі әлеуметтік, экономикалык өзгерістер уақыт талабына сай қабілетті, жан-жақты жетілген парасатты адамдар тәрбиелеп өсіруді көздеп отыр.

Тәлім-тәрбие берудің бастауы - мектепке дейінгі тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту, еліміздің ертеңін баянды ету бағытында болуы керек. Бүгінгі жаңа коғам мүддесіне лайықты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан қоғамның ертеңгі иегерлерін тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.

Мұны дұрыс шешу - болашақ ұрпақтың ұлттық санасын тәрбиелеп, рухани мәдениетті жетілдірумен бірге қаралады. Ал, рухани мәдени байлықтың байырғы саласының бірі - ойын. Халықтың әдет-ғүрпын, салт-дәстүрін, әдеп дағдыларын жас ұрпақтың бойына ойын арқылы дарытып, көңіліне қондыра білу өмір қажетінен туып отыр. Өйткені баланы нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, елін, жерін, тілін сүйетін отаншылдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеудің құралы - ойын. Оның тәрбие, тәлім берудегі сиқырлы сырын терең меңгеру үшін ежелден бері өркен жайып, үздіксіз дамып келе жатқан ұлттық ойынды тәрбие мақсатына пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыра түсу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін міндетіне айналғандығын мойындауға тиістіміз.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде" деп аталатын еңбегінде: . . . елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуді, Занды, Үкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істегені жөн", - деп көрсетті. Әрине, өнегелі тәлім мен тәрбиені бойға сіңіру - өмір заңы, ата-ана борышы, тәлімгер-тәрбиенінің парызы. Өйткені ел болашағы тәрбие ісіне тәуелді.

Дүниеге келген әрбір перзенттің өмірі, келешегі тәрбие ісіне байланысты, одан сыртқары болуы мүмкін емес. Нәресте, сәби шақтағы тәрбие ойыннан басталады. Сондықтан ойын - тәрбиенің бастауы, ол мәңгі жас, әрбір сәби бастан кешіретін кезең деп саналады. Ойынның атадан балаға мирас болып, үнемі қайталанып, әрбір ұрпақпен бірге жасап, тоқтаусыз, толассыз жүріп отыратын себебі осында. Мұны зерттеуді, халық ойындарының мәңгілік мәнін ашуды тарихшылар, әдебиетшілер, этнографтар, археологтар, психологтар, педагогтар және басқа да ғылым саласында еңбек етушілер қашаннан бері назардан тыс қалдырмай келе жатыр.

Бірақ қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбие мұраларын жариялау, зерттеу тек соңғы жылдары ғана қолға алына бастап, бұл салада Қ. Б. Жарықбаев, С. А. Ұзақбаева, Б. Х. Балтабаев, Ә. Табылдиев, С. Қалиев тындырымды істер атқарып, этнопедагогикаға байланысты еңбектер жариялануда.

Мұндай кешеуілдеудің басты себебі Ресей империясына қарасты елдердің бәрі бір тілге, бір дінге, бір дәстүрге көшу идеясы патша заманында да, Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік дәуірде де ұстемдік етті. Сол себепті ұлт республикасындағы халықтардың өміріне тән ұлттық тәлім-тәрбиеге сөз жүзінде болмаса, іс жүзінде мән берілмеді. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғүрып, салт-сана, ана тілі, тәлім-тәрбиесіне жасалған айлакерлік тосқауылдар мен бөгесіндер шектеу салды. Халықтың рухани мәдениетіне ара түсіп, ел қамын жеген ұлт зиялылары уақыт құрбаны болды да, бұл мәселелер белгілі мерзімге тоқырады. Сол олқылықтың орнын толтыруды өмірдің өзі қажет етіл, жұртшылық аңсап күтіп отыр.

Қазақ халқының арғы тарихына байланысты жеткен жазбаша деректердегі, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі оку, білім, адамгершілік, тәлімдік ой-пікірлер және жазықсыз жапа шеккен зиялылар А. Байтүрсынов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, М. Жүмабаев, Ж. Аймауытовтардың халықтық тәрбиенің ұлттық негіздері жөніндегі пікірлері мектеп жасына дейінгі балалар өмірінде ойынның атқаратын мәні жөніндегі Н. Құлжанованың еңбегі - (алғы сөзін Ахмет Байтүрсынов жазған) баға жетпес кұнды дүниелер.

Республикамызда мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие
жұмысының тақырыптық мән-мазмұны соңғы жылдарда зерттеу
нысанасына алына бастады. Атап айтсақ: мектепке дейінгі тәрбие
жөнінде Б. Баймұратова, М. Сәтімбекова, Қ. Сейсенбаев,
М. Тұрыскелдина, Ә. Әмірова, А. Меңжанова, Т. Иманбеков, Қ. Меңдаяқова, Ф. Н. Жұмабекова, Ж. С. Хасанова т. б.

Егемендікке қолы жеткен қазақ қоғамының бүгінгі әлеуметтік обьективтік сұранысы - мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу арқылы елдің келешегін әзірлеу ең негізгі мәселенің біріне айналды. Оны жүзеге асыру - қазақ халық педагогикасының бір саласы - ұлттық ойындар негізінде деп білсек, оның тиімді әдістерін белгілеп, жөн-жосығын айқындау қажеттігін туғызып отыр. Мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі жазылған еңбектер мен ғылыми зерттеу жұмыстарының бәрінде де адамгершілікке тәрбиелеу жолдары жалпы айтылғанымен, аралас топтарда тәрбиелеу жолдары нақты сөз болған емес. Осы бір кеңістікгің орнын толтыру ниетімен бұл тақырыпты арнайы қолға алдық.

Көптеген қалалық, селолық жерлерде (кейде баланың санына қарай, кейде бакдіа тарлығынан) 3 пен 6 жасқа дейінгі балалардың бәрі бір не екі топта аралас тәрбиеленетін, шағын комплектілі бақшалар кездеседі.

Мұндай аралас бақшадағы әр жас шамасыңдағы балаларды тәрбиелеудегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі мен қиындығы болатындығы да сөзсіз. Өйткені балалармен жүргізілетін іс күн режиміндегі жұмыс бағдарламада көрсетілгендей әр жасқа жеке жоспарланады да, оқу-тәрбие жұмысын барлық балалармен бір мезгілде өткізуге тура келеді. Мұндайда тәрбиешілердің көпшілігі үлкен қиындыққа душар болады. Олар аралас топпен жұмысты жоспарлауды былай қойғанда, әр жастағы балалармен міндетті түрде өтілетін сабақ, серуен кезіндегі шығармашылық, қимыл-қозғалыс, дидакгикалық, ермек ойындары сиякты жұмыстарды қалай жүйелеуді білмей, барлық баламен бір мезгілде сабақ өткізе салып, өз жұмыстарын жеңілдетеді де, ал бағдарламальгқ материалды сапалы игертуге, берілетін білім-дағдылардың баланың жасына, даму ерекшелігіне сай болу принципті мәселелері ескерілмейді.

Сондықтан қазақ халқының ұлттық ойындарын аралас топ балаларын адамгершілікке тәрбиелеуде қолдануды ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастырып, оның педагогикалык-әдістемелік мүмкіншіліктерін аша түсу - бұл жұмыстың көкейкестілігі болып табылады. Мәселе қазақ балабақшаларындағы аралас топтардағы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру қажеттігінен туындап отыр.

Зерттеудің мақсаты - қазақ халқының ұлттық ойындарын аралас топтардағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қолдануды теориялық тұрғыдан сипаттай отырып, оның әдістемелік жолдарын айқындау.

Зерттеу обьектісі - қазақ балабақшасындағы аралас топтарда тәрбие беруде ұлттық ойындарды пайдалану үрдісі.

Зерттеу пәні - балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойындар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

- Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, балабақшадағы балалардың жас ерекшелігіне сәйкес аралас топ құру қарастырылса, аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері, әдіс-тәсілдері, моделі, бағдарламасы дайындалса, онда осы балабақшадағы аралас топ балаларының оқу-тәрбие жұмысы жақсарып, жағымды қарым-қатынасы, адамгершілік қасиеттері дамыған ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік туындайды.

Зерттеудің міндеттері:

аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;

қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін сипаттау;

ұлттық ойынды пайдалануда аралас топ балаларының жағымды қарым-қатынасын анықтау, зерттеу нәтижесінде тәжірибелік эксперименттер өткізу.

Зерттеу көздері.

Үкіметінің заңдары мен құжаттары, қаулы-қарарлары, Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулары, балабақшаға арналған тәрбие бағдарламасы. Сондай-ақ педагогикалық, психологиялык зерттеулер, қазақ халқының тәрбие-тәлімі жөніндегі тарихшы, этнограф, өнер зерттеуші ғалымдар мен ақын-жазушылардың пікірлері, еңбектері.

Ғылыми зерттеу әдістері.

Ойынның теориялық, тәжірибелік негіздеріне қатысты
философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық еңбектерге
сүйене отырып, қазақ халық педагогикасындағы тәлім-тәрбиені
пайдалану және балабақшадағы озат тәжірибелерді жинақтау,
арнайы сауалнама, әңгімелесу арқылы тәрбиешілердің білім-білік
деңгейлерін анықтау, олардың тәрбие ісіне байланысты жазбаларындағы деректермен танысу, керектерін сұрыптап алу, бақылау және диссертанттың өз ізденістері мен тәжірибелерін саралау, қорыту. Сол негізде халықтың ұлттық ойындарының мектепке дейінгі жастағы аралас топ балаларын адамгершілікке тәрбиелеу құралы екендігін айқындай түсумен қатар оның әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

әлеуметтік-экономикалық жағдайларға орай мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуді жетілдіріп, қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері айқындалды;

қазақтың ұлттық ойындарының түрлері мазмұнына карай топтастырылып, аралас топ балаларын адамгершілікке тәрбиелеудегі педагогикалық мүмкіндіктері анықталды;

аралас топтағы балаларды ұлттық ойын арқылы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен әдістемесіжасалды.

Зерттеу базасы. Эксперименттік жұмыс Алматы қаласының №204 балабақшасында өткізілді.

Зерттеу нәтижесі. Аралас топта ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеуде балалардың үлкені кішісіне қамкорлық жасап, мейірімділік көрсетіп, бауырмалдық танытатыны байқалды. Жағымды мінез-кұлық дағдылары қалыптасып, адамгершілік сезімдерінің басым болатындығына көзіміз жетті.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, тұжырымдар мен қорытындыдан, және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ АРАЛАС ТОП БАЛАЛАРЬІН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Адамгершілік тәрбиесі және ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу бағытындағы зерттеулерге сипаттама

Ұлттық ойынның дамуы мен пайда болуына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары әр саладан баршылық. Зерттеу мәселесімен педагогтар, философтар, психологтар, тарихшылар, этнографтар, өнер қайраткерлері т. б. шұғылданды. Ал бала ойынына тән сипаттарды ескере отырып тамаша образдар жасаған ұлы жазушылар мен өнер қайраткерлері адамзат дамуының барлық кезеңдерінде болды. Ойынның пайда болуы, дамуы жөнінде бұлардың бәрінің ой-пікірлерінің тоғысар арнасы-ойын іс-әрекеттің алғашқы қадамы, өмір шындығының көрнісі, бейнелік сәулесі. Іс-әрекет ойыннан басталады. Бала ойнағанда өзі көріп, біліп, байқаған өмір құбылыстарына, ересек адамдардың іс-қимылына еліктеу тұрғысында бейнелер жасайды. Шартты түрде ойынға мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында іске, әрекетке кірісіп және өзінің киялына дес беруі - ерекше көңіл аударарлық мәселе екендігі әр саладан, әр деңгейде талданған байырғы тақырып.

Балалық кездегі ойынды тәрбие мәселесінен бөлуге болмайды. Екеуі бірлікте қаралады. Ал тәрбие туралы айтылған даналық ойларға зейін қойсак, алдымен бүкіл әлемнің ұстазы атанған ұлы бабамыз Әл-Фарабидің пікірлеріне жүгінеміз.

Алып ойдың кеніші - Әбу Насыр Мухаммед ибн Мүхаммед ибн Тархан ибн Ұзлаг Әл-Фараби (870-950ж) дүние жүзілік ғылыммен, даналық болжамдарымен ықпал еткен ұлы ғалым! "Ақылдың мәні туралы", "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы", "Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері", "Бақытқа жету жайында" т. б. еңбектерінің тағылымы мол. Әділдік, инабатылық, мейірім, жомарттық-адамгершілік көрсеткіші екендігі әр саладан баяндалған. Тәрбие мәселесінде адамгершілікті бірінші орынға қойды.

Адамды бақытқа жеткізетін даналық жол-қайырымдылық, имандылық, адамгершілік екендігін әр жақты дәлелдеді. Ал оған жетудің кілті тәлім-тәрбие, адамның өзін-өзі тежей білуі екендігін айтып: " . . . адамгершілікке негізделген татулық, жарасымдылық, келісе білушілік бақытқа жеткізеді. Бұл - қайырымдылық", -деп көрсетті ұлы бабамыз. Болашаққа үміт сеніммен қарау мен соған ұмтылу ешкімді жәбірлемей, ар-намысына тимей қарым-қатынас жасау - әділет жолы. Бұл қасиеттер тәрбие арқылы адам бойына сіңетіндігіне сеніп, оған машықтанып, жаттығуды қолдады.

Адамда болуға тиісті ізгілік пен қайырымдылықтың өнегелі үлгісін данышпан бабамыз былай тізді:

Тәні таза, дене бітімі мінсіз, өмірге бейім, икемділік;

Тиісті мәселенің жәй-жапсарын ақиқат шындықка сәйкес жете түсініп, ұғына білушілік;

Түсінгенін, көргенін, естігенін, аңғарғанын жадында сақтап ұмытпаушылық;

Байқағанын сол заматта ұғынатын алғырлық, ишаратты тез аңғаратын ақыл иесі болушылық;

Ой-түсінігін тапқырлықпен дәл де айқын жеткізе алатын тілмарлық;

Өнер-білімге құштарлық, оқудан және үйренуден жалықпайтын еңбекқорлык;

Ішіп-жеуге қанағатшыл, сауық құмарлық пен ләззатшылдыққа жирене қарайтын тазалық пен пәктік;

Шындықты сүйіп, өтірік пен суайттыкты, жалғандықты жеккөрушілік;

Жаны асқақ, ар-намысын ардақтап қорғай білушілік;

Игі іске ынтазарлық және пасықтыққа аяқ баспаушылық;

Дүние қоңыздыққа жирене караушылық;

Әділетті сүю, озбырлық пен опасыздықты жек көріп, зардап шегушілерге кол үшын бере білушілік;

Қыңыр, нойыс мінезділерге қарыспай-ақ тойтарыс беріп, жасқануды білмейтін батылдылық пен ержүректілік.

Бұл игі қасиеттерді бойға дарыту-бала дүниеге келген кезден бастап жүйелі түрде жүргізілуін ұлы ұстаз кайырымды кала басшысына тән мінез-құлықтар арқылы меңзей отырып, адамгершілік әдептің ізгі сипаттарын белгілеп берген болатын. Тәрбие арқылы жүзеге асуға тиісті асқақ арманға толы бабамыздың педагогикалық толғанысы осыдан он бір ғасыр бұрын айтылғанымен де, күні бүгінге дейін өзінін қадір-қасиетін жоймаған, қайта уақыт озған сайын жаңарып жасара беретін пайымдаулар. Егемендікке қолы жаңа ғана жеткен еліміздің болашақ иегерлерінің бойына ұлы ұстаз нұсқаған адамгершілік әдістерінің мейірім шапағаттарын балбөбектердің сәбилік шағынан бастап дарытуға ниеттенсек, басшылыққа алсак ісіміз табысты болары хақ. Әрине, дана ойшыл бабаларымыз ұсынған тәлім-тәрбиелік пайымдауларын бала ойыны арқылы жүргізілсін деп айтпағанымен де, сәбилік шақтағы тәлім, үйрету, тиісті әдет дағдарларын меңгертіп машықтандырудың тиімді жолы ойын екені баршаға аян. Қазақ халқының көне тарихындағы аты әлемге мәшһүр болған ойшылдарының тәрбие жөніндегі даналық ойларын шола қарағанда XI ғасырдың ұлы мұрасы Жүсіп Баласағүнның "Құтты Білік" ("Құдадғу білік") еңбегінің орны ерекше. Өзі өмір сурген уақыт деңгейінен Жүсіп Баласағүн "Қүтты білікте" (1069 жылы жазылған) адамгершілік қасиеттерін сипаттап, өнегелі тәлімдерді келер ұрпаққа бағыштаған. Бұл дастан 72 тараудан тұратын 6600 тармақ болса, онда- Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат деп аталатын бейнелік есімдер арқылы аталып отырған төрт қасиет суреттелген. Дастандағы кейіпкерлер кеңесінде өмір сұрудің ережелері, мінез-құлық, акыл-ой, адамгершілік әдептерінің озық үлгілері, дидактикалық таным-түсініктер суреттелген. Ізгілікке жетелейтін ғибраттар айтылған:

Тәрбиеші ал ізгілікті, көшелі,

Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі . . .

Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер. Бастауы көне ғасырда жатқан адамгершілік танымда тәрбиенің ізгілік жолы отбасынан басталатындығын Жүсіп Баласағұн дөп басып, дәл суреттеген:

Ақ сүтпенен бірге енеді жақсылық,

Айнымайды еш, алғанша ажал, қапсырып . . .

Іште біткен қылық, парыз мойныңа

Бірге кетер қара жердің қойнына

Халықтық тәрбие адамгершілік, адалдық, қайырымдылық өнегелері отбасынан бастап өркендетіп, салт-дәстүрге орай бойға дарытатындығына ден қойған. Адамзаттың тарихи даму барысында елді мекендердің күрт өсуі, қалалардың кеңеюі, қоғамдық өзгерістерге қарай отбасылық тәрбиемен қатар, әсіресе, біздің заманымызға тән ұжымдық тәрбиеге негізделген балабақшада жүргізілген тәрбие саласы өркендеді.

Бұл-өзіне үйлесімді тәрбие ісін керек ете бастады. Демек, тәрбие ана сүтімен дарыса, адамның бүкіл өміріне жалғаса келетін құбылыс екендігін және отбасылық өнеге қандай болса, келешекте оның нәтижесі де сондай болатындығын нақты нұсқаған ол:

Егінжай бір бұл дүние көлемі,

Немене ексең, соның ертең өнеді.

Сенікі -шындық, менікі-ойын,

Бой ұсындым шынға, ойынды қойдым.

Жіберме зая күніңді өтер,

Өткен күн келмес, өтер де кетер. Ұлы гуманистік тәлімдік ақыл-кеңес - баланы неғұрлым жас кезінен бастап үйретсе, соғұрлым бойға тиянақты дарып, машықтық дағды бүкіл тірлігіне жалғаса кетеді. Ол үшін қарым-қатынасындағы мінезділіктілікті бойға сіңіріп және оғаы үйрету керек екендігі жөнінде берер ақылы мынау:

Егер ашу- өкпең келсе, кызуланба сабыр қыл,

Сабырлы кісінің сүйеніші алда,

Өкпелесең ашуланба, налыма,

Сабыр соңы-салқын сая жаныңа

Халықтың дәстүрлі сипатына үйлесімді мінез-құлыққа тәрбиелеу-әрбір тұлғаның жарасымды тіршілік етіп, өміріне көрік беретіндігін нұсқайды.

Кісі көңілі нәзік шиша, шарайна

Мүқият бол, шағып алма, абайла.

Ашуда-сақ, сабырлы бол сасқанда . . .

Жылы сөзбен кұле сөйле, жадырап

Бақыт қонып қүтың тасыр жамырап . . .

Жомарт, сақи бол, қырсығып есірмей Ұлы бабамыз құрмет тұтқан мінез-құлық жөніндегі толғаныстарын және халқымыздың дәстүрлік ғүрыпы мен танымына орай айтқан әр саладағы тәлімдік болжамдарын, дидактикалық пайымдауларын өмірге жарасымды қолдана білсек, бүгінгі ұрпаққа ешбір жаттығы жоқ, өмірін көріктендірерлік ғибраттар.

Ғасырлар қойнауында жатқан жазбаша жеткен мұраларымыз
жөнінде сөз еткенде XII ғасырда өмір сүрген Қожа Ахмет
Иссауйді (1094-1167ж) айта аламыз. Оның ұстіне бүкіл әлем халқы
1500 жылдық мерей тойын тойлады. Түркістан қаласындағы Қожа
Ахмет кесенесі-дүние жүзіндегі тандаулы мәдени ескерткіштердің
бірі. Қожа Ахметтің "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы")
әдебиеттің алтын қорына қосылатын туынды болуымен бірге,
тәлім-тәрбиелік пайымдауларының да мәні зор. Сопылық
жолға берік бекіген бабамыз ұстанған тәрбиелік қағидасы-құдай
жолына берілуге негізделген әділеттілікті тұтыну. Ойшыл ұстаздың
тәрбие жөнінде берер ақылы-ешкімге қиянат жасама, зәбір
көрсетпе, дүниеқұмарлық пен баққұмарлыққа салынба, жоқ-жітік
пен кем-кетіктерге шын ниетіңмен жәрдемдес, пейілің таза
болсын. Тәрбие арқылы бойға сіңірілетін өмір сұрудің басты
ережесі-қанағат пен рақымшылдық, тағдырға тағзым етіп, баска
түскенге көне білу, үлкеннің сөзін, білікті ғұламаны және ұстаз
ақылын екі етпей ұғыну қағидалары. Бұлардың бәрі білім мен
тәрбие арқылы бекитіндігіне сеніммен қарады, оны жұртшылыққа
өнеге етті: Ақ дәптерге даналық сөзді жаздым . . .

Несібіңе берілген қанағат қыл . . .

Әуелде ақыл-ойдан кенде болдым,

Біртіндеп білім алып жөнге келдім. Тақуалықты пір тұтқан ғұламаның "Даналық кітабы" сәуегейлік ойға толы. Адамның тәлім-тәрбиелік таным-түсінік көкжиегін кеңейтерлік ойларын діни нанымдарымен дәйектеп, тағлым алуға шақырады.

Тартынып көп қылықтан пенде болдым-

Алланың ақ жолына тұстім міне Ақынның айтары адамның басында кездесетін кемшілік пен қатесі назарға ілінсе, оны ақыл көзімен көріп, көңіл қаламымен түзеу-алла алдындағы пенделік парыз. Алла тағаланың рақымшылығы мол екендігін "Өзі қайран, көңілі ойран, көзі жасты" пәнда шын ниеттеніп әділет жолына ұмтылып, тәубаға келсе, мейірімі мол құдай тағаланың шапағаты мол екендігін түсіндіріп, адамгершілікке шақырады. Тақуа ақын Иассауи Мұхамед пайғамбар жасына келген соң, пайғамбарды аза тұту белгісі ретінде қалған өмірін қылуетте (жер асты үйде) өткізсе, мұның өзі мұрат тұтқан танымына берік берілгендіктің тағылымы деп таныған абзал. Хиқмет-тәлімдік өнегесі мол, алла тағаланың ақ жолына берілуді насихаттайтын айтулы еңбек, педагогика тарихында арнаулы зерттеуді тілеп тұрған туынды.

Қазақстандағы ғылымның әр саласы бойынша айтылған қадау-қадау ізденістер мен жеке пікірлер болмаса, түбегейлі зерттеулер жазылмағандықтан, халқымыздың ертедегі дана ойшылдарының педагогикалық тағылымдары жұртшылыққа толық жетпей отыр, оны жүзеге асыру - болашақтың ісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ересек топ балалардың танымдық қабілеттері
Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани адамгершілікке үйрету
Бала тәрбиесінің педагогикалық негіздері және еңбек тәрбиесінің зерттелуі
Балалардың еңбек тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz