Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру



Кіріспе


I. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

1.1 Эстетика және оның бейнелеу өнерінде зерттейтін мәселелері
1.2 Қазақстан бейнелеу өнеріндегі жаңа үрдістерді оқыту арқылы
оқушыларға эстетикалық мәдениетті дамыту мүмкундіктері

II. ҚАЗАҚСТАН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ЖАҢА ҮРДІСТЕРДІҢ ТАРИХИ
КЕЗЕҢДЕРІН ТАЛҚЫЛАУ АРҚЫЛЫ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРГЕ СҮЙЕНУ

2.1 Қазақстан бейнелеу өнерінің даму тарихының кезеңдері
2.2 Қазақстан бейнелеу өнерінің жаңа үрдістері



III. Қортынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың көкейтестіліге: Елбасымыздың жолдаған «Қазақстан -2030» бағдарламасында : «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банк қызметкерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, өнер қайраткерлері, зауыттар мен биржалар иелері болады». «Келешектің иесі жастар» делінген. Осы жастардың бойында ұлттық мәдениетін, ата кәсібін, менталитетін оқып-үйрету қазіргі заманның білім саласындағы алға қойылып отырған мақсаттарының бірі болып табылады. Бұл мақсатты тек біздің еліміз ғана емес әлемнің алғы қатардағы елдердің салаларында да алға қойып отыр. Мысалы: Қытайда конфуциялық білімге негізделген философиялық-педагогикалық теория мен практика оның қазіргі күнге дейін негізгі тұжырымдамасы болып саналады. Оның мәні қытай халқының дәстүрлі мәдени және рухани құндылықтарын басшылыққа алады.
Жапонияда- ұлтының моральдық және мәдени құндылықтары адам мен табиғатқа құрмет. Үздіксіз ізденіс, өнімді еңбек ету қасиеттерін өскелең ұрпақ зердесіне ұялатуда.
Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің өсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігін және білімділігін талап етеді. Қазақстан саласының жаңару жағдайы – бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбие, мол тәжірибе негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеу қажеттілігін тудырады.
Біздің заманымыздың мақсаты - адамды жан-жақты тәрбиелеу және гармониясын дамыту. Мұнда бірінші этика - эстетикаға тәрбиелеу басты роль атқарады. Адам өмірінің рухани саласының бірі – эстетикалық тәрбиенің атқаратын қызметі айрықша. Эстетика дегеніміз түпкі тегінде дүние танудың бір түрі. Эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. «Эстетика» гректің «эстезис» деген сөзі екендігі бізге мәлім. Ол сезім, түйсік деген мағынаны білдірсе, адам баласында эстетикалық сезім болады, бұл сезім оның моральдық қасиет және адамгершілік бейнесіне асыл қасиет беріп тұрады. Ал адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан, (әсіресе өнерге қөзқарасынан) көрінеді.
Болашақ бүгіннен басталады. Адамның жарқын болашағы оның өз өмірін «әсемдік заңы» бойынша ұйымдастыруына байланысты болмақ. Кезінде эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе, А.В Луначарский эстетика саласынан білім беру балаға арналған қайсы бір өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын, керісінше, олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. Сонымен қатар В.А Сухомлинскийдің, эстетикалық сезім мәдениеті мектеп өмірінен жалпы мәдениеттіліктің жоғары болуын талап етеді деген пікірі, жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға сай мәселеге айрықша мән беруі деп түсіну қажет.
1. «Қазақстан бейнелеу өнерінің Інжу Маржаны» А. BEREI 2005 ж. 263 бет.
2. Есмаханов Асқар «Қазақстанның қазіргі бейнелеу өнері» А. DIDAR 1998ж
3. А.Б.Вишняков Р.Т. Көпбосынов «Қазақстан бейнелеу өнері ХХғ» А. Атамұра 2001ж.
4. Барманкулова «Үкі Әжиев. Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері».
А. Өнер 1984ж.
5. Акопян К.З. «ХХ век в контексте искусства» Академ. Проэкт. 2005ж.
6. «Қазақстан өнері: Есімдер достастығы» А. 2005.
7. Б. Қарғабекова «Қазақстан мен Орталық Азияның дәстүрлі және қазіргі өнері» А. 2004ж.
8. Афишев М.Н. «Изобразительное искусство и наука» М. Наука 2005г.
9. Л.А. Халидин Р.Л.Халидин «Жизнь в искусстве» А. Жазушы 1974ж.
10. Қ.Болатбаев, Е. Қоспармақов А. Еркебай «Өнер» А. Мектеп 2006ж.
11. к. Ли «Символ – код истины» «Дидар» журналында.1999ж . №1, 71 бет.
12. Е.Зальцман «Выстовка Алуан -Алуан»
«Искусство» журналында, 1990ж, 9 бет.
13. Ж.Баймұхаметов «Номадические арабески: Новое искусство Казахстана» «Художественный журнал», 1998ж, №19-20 108-110 бет.
14. И.Юферова «Маслов, как зеркало современного искусства», «Актуально об актуальном» жинағында, А. АИК-2000ж., 100-115 бет.
15. «Қызыл трактор» тобын презентациялау кезіндегі СҚЗӨО-ныңдиректоры В. Ибраеваның сөйлеген сөзінен. «Трансцедентное» фестивальі (Австралия, Вена. 9-12 науырыз 2000ж.).
16. Е.Мелиновская, «Хроника художественной жизни Казахстана начало 90-х годов», «Актуально об актуальном» жинағында, А. АЙК-2000ж 75-бет.
17. С. Әбенбаев «Эстетикалық мәдениет негіздері» А. Дарын 2005ж. 290 бет 228-229
18.Сухомлинский В.А. «Эстетическое воспитание» Под. Ред. В.И.Толыстых.-Москва, 1964.
19. Крупская Н.К. «Социалистическая педагогика». Т.З.- Берлин: фольк унд Виссен, 1996, стр. 322.
20.Лихачев Б.Т. «Филасофия воспитания». Москва.1995г.
21.Әбілова З. «Этнопедагогика».-А.ҚӘТУ,1979.-230бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

1.1 Эстетика және оның бейнелеу өнерінде зерттейтін мәселелері
1.2 Қазақстан бейнелеу өнеріндегі жаңа үрдістерді оқыту арқылы
оқушыларға эстетикалық мәдениетті дамыту мүмкундіктері

II. ҚАЗАҚСТАН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ЖАҢА ҮРДІСТЕРДІҢ ТАРИХИ
КЕЗЕҢДЕРІН ТАЛҚЫЛАУ АРҚЫЛЫ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРГЕ СҮЙЕНУ

2.1 Қазақстан бейнелеу өнерінің даму тарихының кезеңдері
2.2 Қазақстан бейнелеу өнерінің жаңа үрдістері

III. Қортынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың көкейтестіліге: Елбасымыздың жолдаған Қазақстан -2030
бағдарламасында : Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен
фермерлер, инженерлер, банк қызметкерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, өнер
қайраткерлері, зауыттар мен биржалар иелері болады. Келешектің иесі
жастар делінген. Осы жастардың бойында ұлттық мәдениетін, ата кәсібін,
менталитетін оқып-үйрету қазіргі заманның білім саласындағы алға қойылып
отырған мақсаттарының бірі болып табылады. Бұл мақсатты тек біздің еліміз
ғана емес әлемнің алғы қатардағы елдердің салаларында да алға қойып отыр.
Мысалы: Қытайда конфуциялық білімге негізделген философиялық-педагогикалық
теория мен практика оның қазіргі күнге дейін негізгі тұжырымдамасы болып
саналады. Оның мәні қытай халқының дәстүрлі мәдени және рухани
құндылықтарын басшылыққа алады.
Жапонияда- ұлтының моральдық және мәдени құндылықтары адам мен
табиғатқа құрмет. Үздіксіз ізденіс, өнімді еңбек ету қасиеттерін өскелең
ұрпақ зердесіне ұялатуда.
Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің өсуі өскелең ұрпақтың рухани
байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын,
кәсіби біліктілігін және білімділігін талап етеді. Қазақстан саласының
жаңару жағдайы – бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап,
зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбие, мол тәжірибе негізінде
жасөспірімдерді тәрбиелеу қажеттілігін тудырады.
Біздің заманымыздың мақсаты - адамды жан-жақты тәрбиелеу және
гармониясын дамыту. Мұнда бірінші этика - эстетикаға тәрбиелеу басты
роль атқарады. Адам өмірінің рухани саласының бірі – эстетикалық
тәрбиенің атқаратын қызметі айрықша. Эстетика дегеніміз түпкі тегінде
дүние танудың бір түрі. Эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің
негізгі жолы. Эстетика гректің эстезис деген сөзі екендігі бізге мәлім.
Ол сезім, түйсік деген мағынаны білдірсе, адам баласында эстетикалық сезім
болады, бұл сезім оның моральдық қасиет және адамгершілік бейнесіне асыл
қасиет беріп тұрады. Ал адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен
қызметінің барлық саласынан, (әсіресе өнерге қөзқарасынан) көрінеді.
Болашақ бүгіннен басталады. Адамның жарқын болашағы оның өз өмірін
әсемдік заңы бойынша ұйымдастыруына байланысты болмақ. Кезінде
эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе, А.В Луначарский эстетика саласынан
білім беру балаға арналған қайсы бір өнерді қарапайым түрде оқыту деп
түсінуге болмайтындығын, керісінше, олардың сезім мүшелері мен шығармашылық
қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат
алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін
айтқан. Сонымен қатар В.А Сухомлинскийдің, эстетикалық сезім мәдениеті
мектеп өмірінен жалпы мәдениеттіліктің жоғары болуын талап етеді деген
пікірі, жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға сай мәселеге
айрықша мән беруі деп түсіну қажет.
Студент жастарға эстетикалық тәрбие беру идеологиялық жұмыстың
маңызды бір саласы. Ол жастарды жақсы қасиеттердің барлық түрін дұрыс
ұғынуға, қабылдай білуге, бағалауға, өмірдің және еңбектің алуан түрлі
саласына әсемдік элементтерін енгізе білуге үйретеді, ұсқансыздық пен
прақсыздыққа қарсы күресуге қабілетін шыңдайды. Тұлғаны барлық жағынан
жетілдіру оның шығармашылық қабілеттері мен дарынын дамыту, оның нағыз
еңбеккер ретінде, мәдениеті қалыптасқан адам ретінде тәрбиелеуді көздейді.
Қазіргі кезде дүние жүзілік мәдениеттің дамуы, халықтың сана –
сезімінің өсуі, тоталитарлық империяның күйреуі, жас тәуелсіз
мемлекеттердің құрылуы, бұрыннан қалыптасып, сіресіп қалған пікірлер мен
қағидаларды сын көзбен қарап, жаңаша әдістемелік қатынас тұрғысынан ойлау
мен жан-жақты әрекетімізді ұйымдастыруымыз бүгінгі күннің кезек күттірмес
мәселесі.
Адамның асыл, нәзік қасиетінің бірі – эстетикалық сезімді оятып,
өсіретін, эстетикалық талғаммен көзқарасты қалыптастырып, кісінің
эстетикалық мәдениетін дамытатын, жетілдіретін факторлардың ішінде ең үлкен
орын алатын шешуші роль атқарытын өнер екендігінде дау жоқ. Себебі, олар
адам санасы мен жан жүйесіне ерекше әсер ететін таптырмас құрал.
Өнер - өмір, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер - өмір көрінісі,
ол халық ескерткіші. Өнер адамзат өмірінде, тарихында үлкен роль
атқаратын өрісі кең, ұшы – қиыры жоқ, қиын да қызықты жол. Ол
шынайы талант, шындықты, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен
парасатты, терең ой мен көркемділік, сұлулықты талап етеді. Өнер
туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіштер мен
классикалық шығармалар туындыларын көргенде, біз оның тек
әдемілігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып,
ұрпаққа қалдырылған рухани байлықты көреміз. Өнердің қоғамдық
тәрбиелік мәнін жан жақты түсіну үшін – оның әсемдік, әдемілік
заңдарын жақсы түсіну шарт. Сондықтан біз халық өнерін айнала
қоршаған әдемілікті, сұлулықты жете түсініп, сүйуіміз керек, өнердің
тылсым ғажайып сырларын ашып, оны үйренуіміз қажет.
Өнердің жастарға эстетикалық тәрбие беруде, сол арқылы оның рухани
өмірін жан-жақты қалыптастыруда ықпалы зор. Өнер адам өмірін, адам
тағдырын және сонмен бірге түзеу, жөндеу, тәрбиелеу мақсатын көздейді.
Осы орайда қазақ халқының өнер тану жолын танытатын әр алуан эстетикалық
зерттелулердің бар екені кімге болса да аян. Олар халқымыздың өнерге,
әсемдікке деген қатынасын көрсететін эстетикалық ғылыми ойлар мен
ізденулердің шама-шарқынын аңғарта алады.
Өнер түрлерінің қатарына бейнелеу өнері де жатады. Өнердің бұл түрі
бізге өзімізді қоршаған дүниенің шынайы сипаты мен оның табиғи
құбылыстарын, таңғажайып әсемділігін танып білуге жол ашады.
Бейнелеу өнері – деп өмір шындығын, біздің өзімізді қоршап тұрған
дүниедегі жанды – жансыз заттарды көре отырып тікелей кескіндеп не
мүсіндеп түсіруді айтамыз. Оған көркем өнердің кескіндеме, мүсіндеме,
графика, сән және қол өнері, тағы басқа түрлері жатады 21;88-89.
Бейнелеу өнерінің өзіндік ерекшелігі бар: ол - әдемілік әлемін тікелей
көзбен көріп түйсіну, әсерлену, қабылдау. Сондықтан бейнелеу өнері арқылы
оқушы жастар шындықтың бір көрінісін таниды да сөйтіп олардың нақты
шындық туралы эстетикалық көзқарасы, талғамы қалыптасады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, бейнелеу өнерінде де белгілі
бағыттарда шығармашылық ізденістер жасаған суретшілеріміз жаңа
шығармашылық табыстарға қол жеткізе бастады.
Қазақстан бейнелеу өнерінде үш бағыт айқындалды. Олар – символикалық
тәсіл, концептуалды тәсіл және contemporary art . Егеменді елдің өнері
қайта қалыптасу барысында жандана бастады. Суретшілер қалыптасқан
категориялардан арылып, шығармашылық ізденуде еркіндік пен бостандыққа
қол жеткізді. Жаңа ғасыр суретшілері өзіндік ой – сезімдерін көркем
шығармалар арқылы жария етті.
Жалпы, символика – концептуалды тәсіл осы өтпелі кезеңдегі Қазақстанның
кескіндемелік өнерінің басты аспабы ретінде болуы аймақтық характерге өте-
мөте тән деуге болады. Ол адамзат баласының әлемдегі орны, оның барлық
тарихи кезеңдегі дәстүрлі ұлттық дүниетанымның орталық идеялары болып
табылатын барлық құбылыспен табиғи-тектің байланысы туралы асқақ рухты
космо-антропологиялық мифке негізделеді. Мүмкін әлеуметтік тақырыптар мен
саяси колизиалар, өзгермелі құбылыс тәрізді, қазақ суретшілерін аса
қызықтырмайтыны сондықтан да болар. Оларды көп жағдайда дүнйенің тылсым
құпиясы шаманизімнің пантеистік энергиясы осы замандық адамның ойлау
принціпі ретіндегі эстетикаландырылған интеллектуализімі ұлттық эстетиканың
мәнін түсіну қызықтырады 12. Қоғамдық маңызды тақырыптардың ішінен
суретшілер, көп жағдайда адамзат баласының ақылға қонымсыз тіршілік етуі
мен табиғаттың табиғи үйлесімділігінің арасындағы рухани қақтығыс ретіндегі
экологиялық проблеммаларға ең жиі ат басын бұрады.
Қазақ өнерінің символизім мен концептуализімі образдың ішке беттеуші
немесе сыртқа тебуші қозғалыстың принціптеріне құралады: геометриялық
таңбадан (Ә. Сыдыханов) немесе сызықтардан (А. Бектасов) олардың мүмкүн
болатын мағынасын код арқылы жаңадан жасау немесе әлдебір жорамал рухани
идеяны визуалды-көркем тұпнұсқаға айналдыру. Екі принціп кескіндеме-
образдық құрылымының әсем – сезімдік сапаны күшейте түсіп өзара жиі-жиі
айшық-ұйшық өріліп жатады. Мұның барлығы бірігіп соңғы кезеңдегі
қазақстандық кескіндеменің оны басқа ұлттық көркемөнер мектебінің арасында
өзгешелендіре түсетін айрықша сапаларының бірі болып табылады.
Тағыда батыл немесе көкетесті өнер деп аталатын contemporary art –
ғасырдың феномені. Ол өнерді асқақ әрі қол жетпейтін керемет, тамаша образ
мағынасында түсіндіретін, буржуазиялық –тоғышар дәстүрлерге қарсылық
ретінде пайда болды. Мұндай поэтикалық құрғақ қиял шынайы қабылданып
сіңіріп кетер ме еді , егер өнерді діни системалардан бастап нақты саяси
нұсқауларға дейін идеологиялық бағдарламаларға жалданып жұмыс істеуге
мәжбүр етпес, мұндай кереғарлық жаңа уақытты жасаушыларға тиімді емес
еді. Өнерді бүгінгі күнгі өмірге батыл ненгізу үшін: шығармашылық
еркіндігі, әр кезде адамның жеке басының бірегейлігінен туындайтын кез
келген көркем өнерлік ойды білдіру құқы, көктегі қол жетпейтіндерден
бас тарту – міне осының барлығы, адамды өз өзіне бет бұрғызу және осымен
оған айналадағы болып жатқан құбылыстың және өз іс-әрекетінің мән-
мағынасын ұғындыруды басты мақсат етіп қойып, актуалисттердің жасап
отырған қарсылық манифестациясы.
Сонымен, қазіргі Қазақстан өнері дәстүрлі үрдүстермен қатар, әрбір жеке
адам – көрермен мен инвайромент өнеріндегі суретшінің өзіне тең серігімен
қарым – қатынасқа негізделген эстетикалық жаңа жүйе жасауға дайындық
үстінде.
Зерттелу мақсаты: Студенттерді Қазақстан Бейнелеу өнеріндегі жаңа
ағымдармен таныстырып, бұрынғы ағымдардан ерекшелігін айырып, сыры мен
мағынасын түсіндіріп, көркем ойлауға баулып, эстетикаға тәрбиелеу,
шығармашылық ойларын дамыту.
Зерттелу міндеттері: Зерттеу жұмысында берілген тақырып бойынша бірнеше
міндеттерді қарастырамыз:
а) студентерге жаңа ағымдар туралы білім беру;
б)ағымдар ерекшелігін түсіндіру;
в)көркем шығармашылық ойларын дамыту;
г) эстетикалық тәрбие беру;
Зерттелу деңгейі: Қазіргі таңда бұл тақырыпта көптеген оқулықтарда,
ақпараттық құралдарда зерттеліп, қарастырылып, мақала, баяндама, семинар
ретінде жазылуда. Дәлірек айтар болсақ А. Есмахановтың Қазақстанның
қазіргі бейнелеу өнері, А.Б.Вишняков, Р.Т. Көпбосыновтың ХХ ғ. Қазақстан
бейнелеу өнері, Қазақстан бейнелеу өнерінің Інжу-Маржаны, сондай-ақ,
1997 жылы өткізілген қазіргі заман өнерінің теормиясы мен практикасы
жөніндегі семенар АRT DISRURSE 97 кітабында жазылған. Жалын, Парасыт,
Шахар культура т.с. журналдарда қазіргі жас суретшілер, олардың қандай
бағытта, техникада жұмыс істейтіндері туралы көптеген ақпараттар
жазылған.

1.1 Қазақстан бейнелеу өнерінің даму тарихының кезеңдері.

Жаңа ғасырдың басында біздің барлығымыз да тоқтаусыз уақыт
ағымының шексіздігі бедерленген өткен күннің баға жетпес тәжірибесіне,
оның бай мұрасына қайта оралып жүгінуге амалсыз мойынсұндыратын
тарихи сабақтастылықтың, жадының жанды байланысының мән-маңызын
ұғына бастамақпыз. Әр халықтың мәдениеті оның рухани таным тұрғысынан
кемелдене түскендігін, негізі берік эстетикалық және этикалык, бағдарлардың
іске асуының, ұлттың келешекте өсіп-өркендеуіне қуатты серпін беруге
қабілеті-қарымы молынан жететін қуат-күш әлеуетінің бар екендігін
айғақтайды. Нақ осы мәдениет ескерткіштерінде, өнер шығармаларында
уақыт тынысы айшықты әрі толымды дәрежеде бейнеленген, адамзат тарихының
әр кезеңіндегі жанды және мінез-құлықтық кескін-сипаттар сақталып қалып
отыр.
Қазақстанның мыңжылдық тарихы бейне бір көз алдымызға Кіндік Азияның
шетсіз-шекіз кеңістігінде тіршілік кешіп жатқан адамдардың сандаған
ұрпақтарының қолымен жасалған мәдени мұраны жайып салғандай. Бұрынғы және
қазіргі кездегі қазақ шеберлерінің өнер шығармаларында айналадағы дүние
туралы адамның ең жарқын да асқақ ұғымдар санатындағы таным-түсініктері,
әрбір шығарма иесінің ішкі әлемінде өмір сүретін бітім-болмыстың ең
бастапқы үйлесімділігі жайлы оның армандары жүзеге асып жатады, сөйте келе
бұл құбылыс оны тамаша өнер шығармаларын тудыруға шабыттандыра бермекші.
Енді - енді ғана қаз тұрып қадам басып кележатқан Қазақстан Республи-
касы есімді тәуелсіз мемлекеттің қалыптасып-өркендеуі өзінің тарихи өткен
кезеңдерін ой елегінен өткізумен, ұлттың мәдениетін жалпы дүниежүзілік
деңгейдегі гуманистік қағидаттардың негізінде ұлт мәдениетін қайта өрлету
мен дамытуға деген ұмтылысымен түйіндесіп жатыр. Бүгінгі таңда біз
Қазақстанның бейнелеу өнері ұлттық таным үлгісін бойына сіңірген, негізін
жалпы адамзаттық асыл мұраттар құрайтын әлемдік рухани мәдениеттің
бірлескен бөлігі болып табылады деп батыл айта аламыз. Тарих қатпарларының
қойнауында көміліп қалған еліміздің тарихының көптеген парақтарын,
адамдардың аттары мен оқиғаларды бүгінгі күнге оралта отырып, біз ұлттық
өнердің дамуының шынайы түрдегі тарихи кескін-келбетін қайтадан
жандандыруға әрекет етіп жатырмыз.
Бізде Қазақстанның бейнелеу өнері 20-ғасырдың 1920-шы жылдарынан, яғни
Орталық-азиялық мәдениет аймағына оның классикалық түрлері мен
жанрлары үлгісіндегі еуропалық көркемдік жүйенің кірген мезгілінен бері
қарай бастау алады деген ұғым санаға орнығып қалған. Алайда өнердің
метафизикалық тәртіп құбылыстарына жататындағы белгілі, сондықтан оның
бастаулары мен мән-маңызы тарих пен салт-дәстүр, халықтың мінез-құлқы,
ғасырлар бойы қалыптасып келген көзқарас ерекшеліктері сияқты елеулі таным-
түсініктер мағынасында ұғынылуға тиісті. Осындай сипаттағы кешенді көзқарас
оның түп-төркінінің мән-маңызына неғұрлым тереңірек бойлауға ықпал етеді,
аймақтағы пластикалык, өнердің жаңа түрінің дамуы мен қалыптасуының шынайы
көрінісін беруге жәрдемдеседі. Осыған сүйене келе, өнердің мән-маңызы оның
рухани мазмұнында, адами мәндегі этикалық және эстетикалық ой-мұраттарының
білдірілуінде деп байлам жасауға болады. Кезеңдер мен стильдер бойынша
мезгілге бөліп қарау шарттылығы бұл жерде айқын нәрсе. Осылайша алғанда,
біз орталық-азиялық аймақтағы материалдық мәдениеттің өзінің пайда болған
мезгіліндегі ежелгі уақыттан бері қарай Қазақстан аумағындағы бейнелеу
өнері пайда болды деп тұжыруға құқылымыз. Бұған аймақ тарихының бүкіл
кезеңдерін хронологиялық тұрғыдан бейнелейтін және көркемдік мәнерліліктің
әр түрлі құралдарының тарихи сабақтастығы жайлы айғақтайтын материалдық
мәдениет ескерткіштері болып табылады.
Қазақстандағы станоктық живописьтің кәсіптік мектебінің тарихы қысқа
мерзімді қамтиды, бірақ осы аталған кезең ішінде қазақстандық суретшілер
көптеген тамаша шығармаларды дүниеге әкелді, бұл шығармаларда халықтың
мәдени дәсүрлері әлбетте әр қилы еуропалық және шығыстық елдер мен
халықтардың рухани тәжірибесін өзіне сіңіре отырып оны образдық жағынан
іске асырудың жаңа түрлерін жинақтады. XX ғасырдағы Қазақстанның бейнелеу
өнері үшін бірқатар ерекшеліктер тән болып келеді: біріншіден, көркемдік
тұрғыдан түсіндіруге, бояу алуандығының саздылығына және образдық шешімнің
кең тыныстылығына негізделген әдістерді қолдану барысында көрініс тапқан
көшпелі қазақтардың дәстүрлі дүниетанымының бейнелеу өнеріне тигізген
елеулі ықпалы тән болды. Осыдан келіп екінші бір себепкер шарт жекелеген
суретшінің өз таным-түсінігі арқылы дүниені поэтикалық-аңыздық
пантейстикалық түйсіну әрекеті туындайды, бұл Қазақстанның кәсіптік
көркемөнер мектебінің қалыптасуы мен дамуының негізін қалаған қағидалардың
біріне айналды. Үшіншіден – орталық - азиялық аймақтың тарихи оқиғалармен
байланысты шарттылықта болып келетін суретшілердің көп ұлтты құрамының
қалыптасқанын айтуға болар еді, мұндай шарттылық ашық рәуіштегі,
шығармашылық жағынан белсенді саналатын суретшілер
ортасының пайда болуына алып келді. Төртіншіден көркемдік процестің
ерекшелік сапасы деп айрықша ұғымталдықты және әр алуан бағыттар мен
стильдерді зерттеп-үйренуге деген ашықтық ниетін, олардың әрбіріндегі
неғұрлым қызықты әрі мазмұнды нәрсені үндестіру ынтасын атап айтуға болады.
Әсіресе бұл қазақстандық өнерде 1960 және 1990-шы жылдары көрнекі сипаттағы
реңкте көрінді.
Қазақстандық бейнелеу өнерінің дамуы барысында дәстүрлі түсінік бойынша
қалыптасқан өнердің діни және академиялық үлгілерінің болмауы сияқты елеулі
жәйтті атап өту қажет, априорлық тұрғыдан алғанда бұл стильдік майдандасу
мен еуропалық мектеп үшін тән болып келетін қайшылықтар қақтығысының
туындауына жол бермеді. Академиялық канондарды жоққа шығару немесе
формальды ережелерді пайдалану суретшілердің міндетіне жатқан емес, бұл
жағдай Қазақстанның бейнелеу өнерінде мүлдем бірегей саналатын ахуалдың
орнауына септігін тигізді, өнердің станоктық үлгілерінің жеделдете
өрістеуіне ықпал етті. Мемлекеттік идеологиялық нұсқауларының Қазақастан
өнерінде толық дәрежеде жүзеге асырылуының сәтті түскендігін атап өту аса
маңызды болар еді, олар әр кезде де айрықша түрдегі кең тыныс,
импровизациялық әуен және шығармашылық мәнерде белгілі шектегі шынайылықпен
жалғасып отырды.
Еуропалық көркемдік жүйе біртіндеп орталық-азиялық аймақтың аумағында
өмірге енді, мұндағы көркем-эстетикалық дәстүрлер негізі рухани-материалдық
мәдениет болып табылды. Көшпелі адамның дүниені ұғына білу ерекшеліктері,
оның өмірден түйген жайлары шынайы тарихи ахуал түрткі болған нақтылы
жағдайларда қалыптасып отырды. Орталық - азиялық аймақ; қай уақытта болсын
геосаяси көзқарас тұрғысынан алып қарағанда ірі әлемдік державаларды көп
ретте жұмбақ әрі сыртқы дүниеге таныла қоймаған, әлі батыстық өркениет
әсері өз ықпалын тигізбеген әлем ретінде қызықтырып келді. Нақ осы сыртқы
көзқарас, сол сияқты оның өзіндік этнографиялық болмысына қызығушылық
Қазақстандағы живописьтік практиканың бастапқы даму кезеңі үшін тән болып
табылатын сипатқа ие болды. Н. Хлудовтың (1850-1935) шығармалары
этнографиялық зерттеу үлгісіндегі живописьтік дәстүрдің аймаққа дендеп
енуінің әуелгі кезеңі ретінде айқындалмақ бұл өзгеріс еуропалық көркемдік
әдістеме мен өзіндік ерекшелікке ие ұлттық дүниетанымды байланыстырушы буын
болып табылғанын айта кетуіміз керек. Орта Азияға келгенсоң суретші өмірге
қызығушылықпен қарап, оның құбылыстарын бақылады, халық мәдениетінің
ерекшеліктерін оқып-үйренді, бұл ерекшеліктер кейінірек оның көптеген
живопись саласындағы шығармаларында өз мәнерінде көрініс тапты. Н.
Хлудовтың жұмыстарына деректі сипаттағы дәлдік пен бейнелеудің ұсақ
детальдарына назар аударып отыру тән құбылыс еді Н. Хлудовтың
шығармашылығының мәні қазақстандық живописьтің кейінгі уақыттардағы дами
түсуі үшін маңызды болды. Өнертанушы И. Рыбаков; Н.Хлудов алғаш рет адам
жанын тебірен-терлік қарапайымдылықпен, еш боямасыз көк шалғынды, құрғап
кеткен немесе қар басып жатқан даланың көз жеткісіз қиырларын бейнелеп,
ынтызарлық пен, халық жайлы, оның қам-қарекеттері, салт-дәстүрлері жайлы
жылышырайлы көңілмен әңгімелеп берді,-деп жазады. Бірінші рет Ә.Қастеев
суретшілік машықты Алматы қаласында 1921 жылы ашылған нақ осы Н. Хлудовтың
студиясында меңгерді.
Қазақстандағы бейнелеу өнері дамуының революциялық кезеңі 20-ғасырдың
алғашқы жартысымен тұспа-тұс келді, ол кезде кеңістік түзілімінің үш
өлшемдігі қағидасына, түзілімнің академиялық жи-вописьтік және сындарлы
қисынға негізделген бейнелеудің жаңа әдістемесі белсенді түрде игерілу
үстінде еді. Содан соң соғыстан кейінгі жылдары білім беру орталықтары,
мұражайлар, галереялар түріндегі мәдениет саласында ұйымдық инфрақұрылым
бірте-бірте жетілдіріле келе, сол сияқты Қазақстанда кәсіпқой
кескіндемешілердің, мүсіншілердің тұтас тобы пайда бола отырып революциялық
даму үрдісінің орнына эволюциялық қозғалыс дүниеге келді. Ол өзіндік жеке
тақырыптарды және пластикалық көре білу әдістерін іздестіру әрекеттерімен
сипатталды. Сонымен қатар жүйелі түрдегі көрмелерді өткізіп тұрған,
кәсіпқой кадрларды даярлаумен және жекелеген шеберлердің шығармашылығын,
сондай-ак, тұтас алғанда қазақстандық өнерді танымал етумен айналысатын
тұрақты институционалдық жүйе түзілді.
Қазақстандағы бейнелеу өнерінің дамып-қалыптасуының маңызды уақытша
кезеңі қатаң идеологиялық жүйемен құрсауланып тасталған Кеңес Одағының өмір
сүру кезеңіне дөп келді. Өзінің шығармашылық инфрақұрылымын қалыптастыруда
жасаған алғашқы қадамдарының бірі 1933 жылы Қазақстанның жұмыс істеп жүрген
суретшілерінің басын біріктірген Ұйымдық комитеттің құрылуы болды. Оны
нығайту мен шеберлік деңгейін одан әрі арттырудың маңызды кезеңі
Қазақстанда 1935 жылы алғашқы көркемсурет галереясының ұйымдатырылуы болды
дер едік. Ол Қазақстандағы Кеңес өкіметіне 15жыл атты көрменің негізінде
құрылды. Галерея қорының біршама бөлігін орыс және шетел авторларының
шығармалары құрады, бұл шығармаларды республикаға 1937 жылы Мәскеу мен
Ленинградтың ірі мұражай қорлары сыйға тартқан болатын. Сонымен бірге
суретшілер әлемдік өнердің ғажайып үлгілерін пайдалана отырып бейнелеу
шеберлігін оқып-үйренуге мүмкіндік алды. 1930-шы жылдары ірі ауқымдағы
тақырыптық көрмелер өткізіле бастады, оларға А. Бортников (1909-1980),
Ю.Зәйцев (1890-?), А. Риттих (1889-1945), Н. Крутильников (1896-1961), В.
Антощенко-Оленев (1900-1984) сияқты шеберлер және басқалар қатысып тұрды.
Алғашқы бесжылдықтар кезеңінің ахуалы оны соған бара-бар етіп бейнелеу
өнерінде көрсетіп отыруды талап етті. Алдыңғы қатарға адамның белсенді
араласып қатысуы міндеттелетін жаңа қоғам құрылысының алға қойған
мақсаттарын насихаттау құралы ретінде оның атқаратын рольі шығарылды.
Қазақстандағы бейнелеу өнерінің дамуының алғашқы қадамдарынан бастап ақ
ондағы маңызды орынға кескіндеме саласы ие болды, оның міндеті алғашқы
бесжылдықтарды асқан шабытпен жырлау, кеңес халқының қаһармандық өмірін
бейнелеп беру еді. Қазақстанның суретші кескіндемешілері жасаған 1920-шы
жылдардың аяқ шеніндегі алғашқы шығармалар мазмұны адамдарды және өлкенің
табиғатын бейнелеуге құрылды. Өнердің бұл түріне кәсіби тұрғыдан келу
А.Исмайловтың, А. Сәрсенбаевтың, ағайынды X. Ходжиков пен К. Ходжиковтың, Г
Брыловтың еңбектерінен айқын көрінді. Сол кезде әр түрлі кескіндемелік
технологиялар мен кескіндемелік өнердің алуан түрлері игерілді.
Идеологияның маңызды бөлігі ретінде бірінші орынға плакат пен таралымдық
кескіндеме шығарылды. Әдеби шығармаларға салынатын безендірулердің алғашқы
топтамалары пайда бола бастады. Осылайша суретші К.Ходжиков Абай мен Т.
Шевченконың поэмаларына ксилография техникасын пайдалана отырып
иллюстрациялар салу жұмыстарын атқарды. Кескіндеме саласындағы өз күшін жас
суретші Ә. Кастеев те байқап көрді, оның алғашқы акварельдері мен
суреттерін жұрт бейнеленген мазмұнға ыстық ықылас пен ынта білдіре отырып
сатып алды. 1920-шы жылдардың соңына қарай және 1930-шы жылдардың бас
кезіне таман жазылған шығармаларға оның Қазақ қызының портреті және
Суретшінің апасының портреті атты еңбектері жатады, бұл еңбектер шын
мәнісінде суретшінің ертеректе айналысқан шығармашылығында шын мәнісіндегі
төлтума шығармалар болып табылады.

Ә.Кастеев
Ш.Уалихановтың портреті
Қазақстанның ұлттық өнері Мәскеуде 1934 жылы Шығыс мәдениеттерінің
Мұражайында өткізілген қазақстандық суретшілердің жұмыстарының көрмесінде,
сол сияқты Қазақстан өнерінің 1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндігінде ел
көлемінде алғаш рет өздері хайлы паш етті. Республика үшін маңызды оқиға
1938 жылы Алматыда театр-көркемсурет училищесінің ашылуы болды, онда А.
Черкаский, Н. Крутильников, А. Бортников сияқты белгілі қылқалам шеберлері
оқытушылық қызмет атқарды. Бұл бұрыннан келе жатқан көркемсурет - білім
беру мекемесі (қазірде 0.Таңсықбаев атындағы Алматы декоративтік -
қолданбалы өнер колледжі) бүгінгі уақытта да республиканың бейнелеу өнері
саласындағы маңызды дәрежеге ие болып отырған оқу орны болып табылады.
Ұлттық көркемсурет мектебінің қалыптасып-дамуында алғашқы қазақ
суретшісі Әбілхан Кастеевтің (1904-1973) шығармашылығы ерекше роль атқарды.
Ол өзін қоршаған ортаны ашық көңілмен және қарапайым көзбен көре білді, бұл
ашықтық мінез қасиеттерін көшпенді әр кезде халық өзі үшін жаңаша болып
табылатын мәдени дәстүрді терең түйсініп, ой елегінен өткізіп келген-ді.
Оның өнерінде станоктық живописьтің күллі жанрлары өріс ала бастады. Қазақ
халқының көрнекті қайраткерлері Абай Құнанбаевтың, Шоқан Уәлихановтың,
Амангелді Имановтың портреттері халық мінезінің асыл қасиеттерін, оның
рухани мақсат-мұраттарын бедерлеп көрсететін классикалық портретерге
айналды. Тақырыптық құрылымдары таныс бейнеден ажырағысыз, тіршілік ету
ортасына дейін таныс дерлік сипатқа ие болып шыққан. Суретші қылқаламынан
дүниеге келген тамаша пейзаждарда көшпелі мәдениет пәлсапасында басты нәрсе
болып саналатын ең әуелгі жаратылыс түзілімі мен адамның ғұмыр кешу
үйлесімінің идеясы берілген. Живописьтік шеберлікті жетілдіре отырып Ә.
Кастеев әр уақытта да дүниені өз көзімен танып - көре білудегі басты
ерекшелікті - сыртқы жасампаздық көрініс пен образдың лирикалық толысуының
байланысын сақтап келді.
1940 жылы Қазақстан суретшілер Одағының бірінші сьезі болып өтті, ол
қазақстандық суретшілерді КСРО-ның шығармашылық одағы жүйесіне бекітті.
Сьезде алғаш рет социалистік реализм әдісін меңгеру, ұлттық суретші
кадрларды тәрбиелеп шығару туралы, халық шығармашылығының мұрасын пайдалану
туралы мәселелер және бейнелеу өнерінің ұлттық кәсіби мектебінің құрылып -
қалыптасуына қатысты басқа да бірқатар мәселелер ұсынылып, кеңінен
талқыланды.
Ұлы Отан соғысы кезінде кездескен қиындыктарға қарамастан республиканың
мәдени өмірі тіршілік етуін бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Алматы Кеңес
Одағының біршама шығармашылық күштерін өзіне тарта білген мекенге айналды.
Сол бір уақыттарда Қазақстанға А. Черкасский
(1886-1967), Р. Великанова (1894-1972), В. Эйферт (1884-1960), Л. Брюммер
(1889-1971), Л. Леонтьев (1913-1983) сынды қылқаламның атақты шеберлері
келген болатын. 1942 және 1943 жылдары Алматыда Ұлы Отан соғысына арналған
көрмелер ұйымдастырылды. Сондай тақырыптық көрмелердің бірі халық батыры
Амангелді Имановқа арналды. Көптеген суретшілер, оның ішінде В. Колоденко
(1907-1980), А. Ташбаев (1941 жылы қаза тапты), П. Реченский, Н.
Нурмухәммедов (1 924-1986), Ү. Әжиев, Л.Гербановский, А. Степанов және
көптеген басқа суретшілер майданға аттанды. Соғыс жылдары еліміз үшін ауыр
сынақ болып саналды, сонымен бір мезгілде бұл уақыт әр алуан көркемсурет
мектептерінің өзара іс-қимыл жүргізуінің жандану кезеңі де болды деуіміз
қажет. Соның нәтижесінде қазакстандық суретшілердің кәсіби деңгейі сөзсіз
арта түскені белгілі. Соғыс уақытысында Қазақтсанға сол сияқты Б.Урманче, А
Подковыров, Е. Говорова сынды суретшілер де келді, олардың бұдан кейінгі іс-
қызметтері Қазақстанның бейнелеу өнерімен тығыз байланысты болды. Ленинград
қоршауынан эвакуацияланып келген Р. Великанова өз шығармашылығын пейзаждық
живопиське арнады. Оның Алматы жайлы жұмыстар топтамалары көпшілікке
кеңінен таныс.
Соғыс аяқталғаннан кейінгі кезеңде кескіндемелік өнер белсенді түрде
қанат жая бастады. Қазақстандық кескіндемешілер әр алуан түрлі техниканы
пайдалана отырып, жаңа тәсілдер мен мәнерлеу құралдарын игеруге ұмтыла
бастады. Олардың ішінен Н. Гаев, А. Дячкин, В. Антощенко-Оленев, И. Квачко
және басқа бірқатар суретшілерді атап өткен жөн. Сол уақыттан бері
Қазақстанда жыл сайын республикалық көркемсурет көрмелері өткізіліп тұрды,
олардың ішіндегі айрықша маңызға ие болғандары Алматы қаласында өткен Кеңес
өкіметінің қырық жылдығына арналған көрме, сол сияқты Мәскеуде (1958 ж.)
болып өткен Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігі шеңберінде
жұртшылыққа ұсынылған қазақстандық өнер экспозициясы дер едік. Ел ішінде
шығармашылық іссапарларға шығып тұру өмірге ене бастады, бұл іссапарлар
сурешілердің шығармаларындағы сюжеттер мен тақырыптар ауқымын кеңейте
түсіп, олардың көлем кеңістаігін молайтты және туысқан республикалардағы
қылқалам шеберлерімен байланысты одан әрі өрістетті.
Қазақстандағы шынайы түрде қалыптасқан тарихи жағдайларға орай
шығармашылықтары дәстүрлі бейнелеу өнерінің формальды түрдегі қалыбына
сыймайтын бірқатар суретшілер де болды. Олардың шығармалары ақиқат өмірді
бейнелеп берген жоқ, негізінен көп жағдайда авторлардың субьективті
көзқарастарын білдіріп отырды. Осындай суретшілердің санатына С.И.Калмыков
жатады (1891-1967). Суретшінің қалдырған мол шығармашылық мұрасы текқана
кескіндеме шығармаларын ғана емес, өнер жайлы ондаған томдарды құрайтын
трактаттарды да қамтиды. 1936 жылдан бастап Алматыда театр суретшісі
ретінде жұмыс істей жүріп ол көп ретте суретші туралы дәстүрлі ұғымды
өзгертіп, болмысың ауқымы зор міндеттерін шешуге шама-шарқы жететін жан-
жақты қалыптасқан тұлғаның ренессанстық үлгісі болды. Суретшінің жарқын
тұлғасы мен сұңғыла ойлау қабілеті өмірде сирек кездесетін еңбекқорлықпен
және кескіндемеші талантымен толығып отырды. Оның шығармалары
қиялғажайыптық және ақикат дүниенің қоспасы деуге болады, бұларда
суретшінің терең ішкі жан күйзелістері, көбіне - көп трагедиялық ахуалы,
адам тағдыры жайлы ой-толғаныстар мен оның өмірдегі мақсаты жаңғырып
жатады.
1950 жылдардың аяқ шені мен 1960-шы жылдардың бас кезі күллі кеңестік
бейнелеу өнерінің дамуындағы бетбұрысты кезеңге айналды. Бір жағынан алып
қарағанда екі идеологиялық жүйенің саяси текетіресінің шиеленісіп ширығуы,
екінші жағынан - қоғамдық өмірдің әр алуан салаларында Батыс пен байланыста
болу аясының ұлғая түсуі сол кезеңдегі өнердің дамуына айрықша сипат берді.
Батыстың абстрактылы өнерін батыл айыптай отырып, кеңестік насихаттың
ресми органдары социалистік мазмүндағы реалистік өнердің атқаратын ролі мен
оның әдісіне қалыптасып қалған көзқарастарды өзгерту мәселелерінде белгілі
бір реформаларды жүргізудің мейлінше қажеттілігін мойындамасқа амалы
қалмаған еді. Ең басты орынға тұлға, жеке адамның көңіл күй бұлқыныстары
мен ой-толғаныстары шыға бастады. Жаңаша мазмұндағы пластикалық және
философиялық идеялардың қайнар көзі саналатын халықтық өнердің мұрасына
деген көзқарастар қайта қаралды. Осының барлығыда өнер шығармаларына
жасампаздық дәуірдің жанды тыныс-тіршілігі мен рухыни сіңіруге тиіс
болатын. Нақ осы себептен де 1960-шы жылдардағы көркем шығармашылық деңгейі
образдық түсіндіре білудің әдістері мен тәсілдерінде бұрын болып көрмеген
әр түрлілік дәрежесіне қол жеткізді.
Өнердің дамуының жаңаша кезеңі 1960-шы жылдардың басында КСРО-да
қытымыр стиль деген атауға ие болды. Бұл бағытта жазылған шығармалар
кескіндеме саласына қоғамдық мазмұнның ауқымдылығы мен өткірлік сапаларының
қайта оралуына жағдай жасаған еді. Осы аталған өнердің үздік болып
табылатын қуат серпіні мол, шынайы түрдегі азаматтық әуенге толы асқак,
пафосы кейініректе 1980-ші жылдар өнерінің негізіне айналды. Атап айтқанда
1960-шы жылдардың орта шенінде Мәскеу мен Ленинград қалаларында классикалық
үлгідегі білім алып шыққан, құрамында Қ. Телжанов, X. Наурызбаев,
К.Шаняхметов (1928-1995), А Степанов (1923-1989), Г Исмайлова, Е. Сидоркин
және А. Ғалымбаева сияқты өкілдері бар жан дүниелері энтузиазммен суарылған
және батыл авторлық ой-толғаныстары кеуделерінде тыным таптырмаған ұлттық
суретшілер тобы отандарына жаңаша тыныспен оралған-ды. Осылайша алғанда,
олардың тағдыр-тала-нына ұлттық кәсіби өнердің дамып-өркендеу ісінде жаңаша
белеске көтерілу міндеті жазылған еді Осы белеске көтеріле отырып
суретшілер әлемдік мәдениетпен өздерінің байланысын бұрынғыдан да
айқынырақ сезініп, өзіндік дүниетаным тұрғысынан классикалық өнердің әр
алуан стильдері мен пластикалық тұжырымдамаларын байқап-көруге мүмкіндік
алды.
Қазақстандық бейнелеу өнерінің өсіп-өркендеуіне КСРО және ҚР халық
суретшісі Қ. Телжановтың қосқан үлесі қомақты. Жоғары кәсіби шеберлік пен
образдық ойлау аясының кең тыныстылығы осы қылқалам шебері үшін тән
қасиеттер десек әсте де қателеспеспіз. Суретшінің жазған жұмыстары
Қазақстан жеріне, оның адамдарына арналған. Бұл жұмыстардың өн бойында
кездесетін қуат пен асқақ шабыт оның Көкпар (1964), Бүркітпен аңға шығу
(1964) секілді сүйекті шығармаларында даралана түссе, өмір мен уақыт жайлы
философиялық ой -толғаулар Бабалар жерінде (1958), Бозаралдың адамдары
(1972) жұмыстарында, лирикалык, сезім мен өмірге терең бойлай білу -
Тыныштықта картинасында көрініс тапқан.

Қ.Телжанов Азаттық.
X.Наурызбаевтың шығармашылығы Қазақстандағы мүсін өнерінің кәсіптік
мектебінің қалыптасу кезендерін танытпақ. Оның жасаған монументальдық
бейнелері ұлылық пен асқақ сарындағы пафосқатолы деуге болады. Ол жасаған
Құрманғазы мен Сәкен Сейфуллиннің портреттері камерлік мүсіннің классикалық
мәнерінде орындалған, бұларда ұлттық мәдениеттің көрнекті қайраткерлерінің
мінезі мен ішкі әлемі жақсы дәрежеде берілген.
Романтикалық толқыныс қазақ әйелдерінің әрасынан шыққан тұңғыш ҚР Халық
суретшісі А.Ғалымбаева сомдаған бейнелерге тән болып келеді. Кескінднменің
әр қилы жанрлары мен техникаларын пайдалану арқылы жұмыс істей жүріп ол өз
шығармаларының жарқын да өмірге іңкәр палитрасында қазіргі заман адамының
өмір мен сұлулықты қуанышты сезімде түйсіне білуін білдіреді.
А.Ғалымбаеваның шығармашылығында әйел бейнелері айрықша орын алады. Оның
жұмыстарында қазақ әйелдерінің қанына сіңген қасиеттері: үлкендерді сыйлау,
өз отбасына берілгендік, төзім мен еңбексүйгіштік жоғары поэтикалық шырқау
биікке көтерілген.
Адамның жеке басына қызығушылық таныту Г.М.Исмайловәаның
шығармашылығында толық көрініс тапқан, яғни бұл оның еңбектерінен айқын
аңғарылып-ақ тұр. Көп жылдар бойы театр суретшісі болып жұмыс істей жүріп
ол қазақаандық мәдениет қайраткерлерінің тұтас галереясын жасап шығарды.
Оның шығармалары үшін айшықты түрлі түсті палитра мен композициялық
түзілімнің монументальдыкқ ерекшелігі басым болып келеді.
Қазақстандағы пейзаждық кескіндеме өнері 1960-1980 жылдардағы кезең
аралығында бірқатар қылқалам шеберлерін қалыптастырып шығарғаны мәлім, олар
өз еңбектерінде суретшінің жекелей танымы тұрғысынан алғандағы табиғат
тақырыбын барынша терең ашып көрсетудің алуан әдістерін бедерлеп отырады.
Қазіргі қылқалам шебері, ҚР халық суретшісі А.Исмайыловтың (1913-1999)
шығармашылығы тұтас күйде туған жерге арналған. Тау мен даланың таңғажайып
келбеті адам жанымен үндестікте өрілген, мұнда адам ежелгі мекеннің сұлулық
сыры мен даналығы алдында бас иіп тұрғандай. Оның салған пейзаждарын
колориттік бояу байлығы көзге ұрып тұрған және идеялық тұрғыдан алғанда
ойлау ауқымының кең тыныстылығы даралана түскен шығармалар деп айтуға әбден
болмақ. Пейзаждың айтулы шебері Ж.Шарденовтің кескіндеме айналадағы дүниені
сезіне білудің ерекше әдісін танытады, онда авторлық түйсіне білу сырлары
хаттың экспрессивті мәнерімен және күрделі бояулардың алуан түрлілігімен
астасып жатады. Ж. Шарденовтің шығармаларында қазақ өнерінде қалыптасып
кеткен көркем құралдардың материалдық сезінушілік пен шектеулі дәрежедегі
бейнелілікке ұмтылыс үрдісі байқалады. М.Кенбаевтың, Н.Таңсықбаевтың және
басқа да пейзажшылардың жұмыстарында шығарманың орындалу барысындағы
кескіндемелік кең арна нәзік те терең бойлаған лирикалық көңіл күймен
ұштасып жатады. Қала пейзажының тақырыбы сол сияқты осы жылдары анағұрлым
кеңінен өрістей түсті. О.Нұржұмаевтың, К.Мамақовтың, А.Рахмановтың және
басқа да суретшілердің жұмыстарындағы ерекшелік бұл - сүйікті қаланың
бұрыннан жақсы таныс әрі сыртқы келбетін бере білу, оның адамдарының
бірсыдырғы марғау қалыптағы тұрмыс-тіршілігін көрсете білумен еліктіреді
десек артық айтқандық болмас.

Ж.Шәрденов Қысқы кеш.
Алпысыншы жылғылар деп аталатын суретшілердің ұрпағы мінезқұлқы әр
түрлі болып келетін топтың өкілдері кірді, олардың ара-сында С.Айтбаев
(1938-1994), Ш.Сариев (1 937-1 990), Ж.Шәрденов (1927-1 992), А.Сыдыханов,
М.Қисамединов (1939-1984), А.Жүсіпов (1928-1 976), Т.Досмағамбетов (1940-
2001) және бірқатар шеберлер бар. Бұл суретшілер қазақстандық бейнелеу
өнерінде өзіне бір белес болып қалған шығармалар шоғырын дүниеге әкелді.
Олар ұлттық бейнелеу өнерінің дамып-қалыптасуында бұрын жазылмаған жаңа
парақтарды ашты. Бұларда автордың жеке басы, оның дүниені көре білуіндегі
өзіндік қолтаңбасы мен бірегейлігі белгілі бір шектегі сыйымды әрі бейнелі
образдарда көрініс берді. Суретшілердің әрқайсысы дара тұлға ретіндегі
қасиеттерді бойға сіңіріп, өнердің және суретшінің қоғамдағы атқаратын
ролінің мақсаттары туралы жеке тұжырымдарды санасында орнықтырды Жас
қазақтар (1968) деп аталатын, сол кезеңдерде бағдарламалық шығармаға
айналып үлгірген жұмыста С.Айтбаев шығыстық миниатюра мен Ертеректегі Қайта
өрлеу дәуірінің живописінің мәнерлілігінің ұштасып кетуі үлгісіндегі әлемді
ұлттық мінез-құлық арқылы түйсіне білудің көзбен көру нұсқасын табуға
тырысты. 1970-80 жылдар бедеріндегі С. Айтбаевтың шығармалары сол кезеңдегі
өзіндік мәнерлі көркемсурет тілін тынбай іздестірудің күйзелісті
жағдайларын паш етеді, өйткені ол ішкі рухани мазмұн мен оның соған бара-
бар болатын, формальды түрдегі нұсқасын үйлесімді дәрежеде біріктірген
болар еді. Осы кезеңдегі живописьтік ізденістердің халықтық өнердің
байланысы мынадай жаймен айғақталады, өйткені Т.Тоғызбаев (1940-1996)
халықтық ісмер Қантай әжесін өзінің тікелей ұстазы санаған еді, әжесінің
жұмыстары ол үшін түрлі түсті пластикалық композицияның қайталанбас үлгісі
болды. Өз халқының мәдени мұрасының атақаратын ролін дәстүрлі музыкалық
өнер, фольклор және қолданбалы өнер бұйымдәары үлгілерінде қайта бағалау
1960-70 жылдардағы жаңа көркемдік бағытты қалыптастырудың негізін қалаған
мезгіл болып саналды.
М.Қисамединовтің, А.Гурьевтің, Е.Сидоркиннің кескіндемелік шығармалары
қуаты ширыққан, эпикалык, стильді жасаудың міндеттеріне сай болып табылды,
ондағы образдық тілдің сыртқы пластикалық әрі тақуалық қарапайымдылығы
кәдуілгі және мәңгілік ақиқаттардың бейнеленуімен түсіндірілді. Халықтық
аңыздардың тақырыптары мен қаһармандардың бейнелері олардың шығармаларында
басты нәрсеге айналды. Суретшілер қазақ жазушыларының шығармаларына арнап
бе-зендірулер жасады, замандастарының портреттерін сомдады, бұларда қытымыр
тежегіш күш эмоциональдық жан күйзелісінің буырқанған ди-намикасымен
үйлесіп жатты.
Осы кезеңдегі мүсіншілердің шығармаларында азаматтық пен қоғамға мінсіз
қызмететудің тақырыбы күрделі саналатын жаңа пластикалық үлгілерді
іздестірумен бірге жүріп жатты, бұл үлгілер конформистік қондырғылардың
қоғамы ахуалында өмір сүретін адамның сезімдері мен жан күйзелістерінің
күрделі жиынтығын бейнелейтін еді. Т.Досмағамбетовтың, Е.Мергеновтың, Е
Сергебаевтың, Б.Төлековтің жұмыстары европалық және шығыстық пластиканың
жетістіктерімен үндесудегі авторлық тұжырымдамаларды бере білудегі образдық
шешімнің батылдығымен таңқалдырады. Е.Мергеновтың шығармалары көптеген
адамдарды шынайы ашықтығымен эмоциональдық сілкіністерімен таңқалдырып,
күнделікті сана-сезім шеңберінен шығуға және мүсіншінің шығармаларында
мейлінше айқын көрінген болмыс - бітімнің мән-маңызына үңіле қарауға мәжбүр
етті.
Өмірдегі ақиқат оқиғаларға субьективті көзқарас сол кезеңдегі
суретшілердің жұмыстарында живописьтік мәнерде берілген эмоциональдық көңіл
күйде белгіленіп отырады. Бейне бір Моранди, Бранкузи, Маттис, Пикассо,
Модильяни сияқты суретшілердің мұраларын тани отырып олар өздерін өнерде
айқындап, өз ойларымен таным-түсініктеріне жауап таба білді. Ұлттық
дәстүрлерге бетбұру және халықтың дәстүрлі шығармашылығының пластикалық
мәдениетін оқып үйрену бұл кезеңде өзіндік образдық тілді іздестіре түсуге
ынталандырды, бұл онсыз нағыз өнерді түйсіну мүмкін болмайтын шынайы рухани
мазмұнды бей-нелеп беретін құбылыс еді. Асылы, нормативтік жүйенің өзі және
осы кезеңде жұмыс істеген суретшілердің жағдайлары өз мазмұны бойынша сан
мағыналы және эмоциональдық символикалық және шарттылық аясынан шығып
кететін, жанды сезімдер мен өз бетінше ойлауды сақтап қалуға көмектесетін
айрықша тілді жасап шығаруға көмекесті.
Суретшілердің жаңа ұрпағы 1970-80 жылдары өзінің тұжырымдамалық
бағдарламасн ұснды, онда маңызды нәрсе болып Жекетұлға және әлем ахуалына
терең талдау жасау арқылы өзіндік айқындаманы анықтап алудың қажеттілігі
белгіленген.
Жаңа проблемаларды шешудеде Е.Төлепбаевтың шығармашылығы айрықша роль
атқарды. Маңызды этикалық, философиялық мәселелерді шешуге ұмтылу
суретшінің ертеректе жазған шығармаларынан байқалады. Бұлар да өзінше бір
диалогтық кеңістік, абстрактылық үлгіде берілген сезінулердің күрделі
палитрасын бейнелеуге дейінгі аралықтағы әр алуан жастағы және мамандықтағы
адамдардың кездесу орны құралады. Суретші үшін монтаждық композицияның
жүйесі әр алуан тарихи кезеңдер мен детальдардың салыстыруына құрылған, бұл
салыстыруда тарих поэтикасы терең авторлық жан күйзелістаері арқылы бізге
ретроспекция түрінде көрініс береді.
Көптеген стильдер мен бағыттар қазіргі кезеңде де қолданылуда, олар
өнердің мақсаттары мен міндеттеріне көзқарастардың кең ауқымын қамтиды. К.
Дүйсембаев, Ж. Қайрамбаев, К. Муллашев, А. Сыдыханов, Б. Табиев (1940-
1999), Д.Әлиев және басқалары сияқты орта және аға буындағы суретшілер
кескінднмелік жүйенің фундаментальдық негіздерін ұстануға тырысты, сонымен
бірге олар жаңазаман адамының сезім ойларын бейнелеуге септігін тигізетін
жаңаша образдық-пластикалық жүйені құруға ұмтылыс танытты.

1.2 Қазақстан бейнелеу өнерінің жаңа үрдістері

Қазақстан бейнелеу өнері бір адам ғұмырына ғана жетерлік өте аз
мерзімде өзгеру, өсу кезеңінен халықаралық ылтипатқа бөлену шапағатына
дейінгі бүкіл даму салаларынан өтті. Түптеп келгенде, бұл ортаға тарихи
тұрғыда тән емес көркем ойлаудың жаңаша үрдісі, жаңаша ұлттық мектебі
жасалды. Бұл мәдени құбылыс әлдеде зерттеліп, сараланып жатыр, дегенмен,
оның пайда болуы Европа мен Шығыстың (Орталық Азия) көркемдік дәстүрлердің
өзара байланысы нәтижесінде мүмкін болғаны күмән тудырмайды.
ХХ ғасырда Қазақстанның саяси және әлеуметтік сілкіністері, сөз жоқ
көркемдік даму барысының ішкі тартыстық құрылымын құрады. Дегенмен мұндағы
жаппай идеяландыру мен жаңашыл идея, жеке тұлғалық ұстанымдар арасындағы
тартыстың өзіндік ерекшелікткері болды және ол күрес тәжірибесінде түрлі
мектеп, бағыт, ой – үрдістері қалыптасқан Ресейдегідей уытты болды.
50-жылдары, дамыған социалистік реализім дәуірінде Кеңес Одағының ең
үздік жоғарғы оқу орындарынан білім алып, еліне қайтқан талантты қазақ
суретшілері ел мәдениетін жаңаша рәміздеуге кірісті. Олар өздерінің
мүдделері ретінде идиалогиялық бағдарламалар емес, суреткерлік шеберлік
деңгейін көтеру, күнделікті тіршілікпен ұлттақ тақырыптарды көркемдік
эстетикалық негізде пайымдау, көркемдік процеске сценография, кітап
безендіру, кино өнер секілді жаңа жанрларды кірістіру сияқты игі істерді
алға қойды. Сол кезде уақыт сұранысы ретінде бүкіл көркемдік қойылымдардың
негізі болған тақырыптық картиналар олардың қылқаламы тигенде идиалогиялық
рухтан арылып шыға беретін.
Бұл тұрғыда Қ.Телжановтың Атамекен немесе М. Кенбаевтің Асауға
тұсауы өз халқына деген сүйіспеншілікке, оның өмір салтына деген
сыйластыққа толы. Революциялық және әскери тақырыптар да дәл солай
шешілген. Қиын-қыстау заманды әлі ұмыта қоймаған бұл буын сол заман
жаңғырығын шығармаларында тірілте білді. Идиалогиялық дәнекер рөлін ол
кезде бүкіл әлеуметтік сұраныстар және оларды орындау үлгісін жиыстырған
Суретшілер Одағаның көркемдік қоры атқарады. Бұл шеберлердің
Қазақстандағы көркемдік білім беру жүйесінің негізін салған Алматы
көркемсурет училищесінің ұстаздары ретіндегі қызметі арнайы әңгіме етуге
лайықты.
Өздерінің ұстанған қағидаларына және көзқарастарына қарай бұл буын
суретшілері шыншылдықты, білімпаздықты, ағартушылықты дәрістеген 60-
жылдардың қайраткерлеріне жақын тұрды. Дегенмен, өнер тірі шығармашылық
процесс ретінде белгілі бір бағытпен шектеле алмайды, себебі ол социолог
және философ Ю. Давыдов айтқандай, еркіндіктің ең таза түріндегі қарым-
қатынас нұсқасын береді. Социалистік реализім концепциясының өзінде
қайшылық жатыр еді. Ол шығармашылық зерттеу объектісі ретінде тек көзге
көрінетін және саяси мәні бар құбылыстарды ғана алды. Мұндай ұмтылыс әрбір
суретшінің өз дүниетанымына және Қазақстанда 60-70-жылдары қалыптасқан
дәстүрлі рухани кешенге сай емес еді. Салихидин Айтбай бастаған бір топ
суретшінің келуі қазақ мәдениетіне төңкеріс әкелген батыл құбылыс
болды, олар шығармашылық процеске еркіндік идеясын ала келді, әлеуметтік
тақырыптан бас тартып, басты ұстанымы ретінде автор дүние танымын алға
қоятын көркемдік шығармашылық таңдалды. Бұл суретшілер шығармаларында
уақыт рухы байқала бастады, сол кездегі Қазақстанның, әсіресе, Алматының
рухани өмірі өте бай және зерделі қауымның ой пікірін, арман-тілектерін
көрсетті.
Арманшыл да, ақынжанды ғылым-ойшыл Алан Медеовтың ірі тұлғасы беймәлім
тарихи көкжиектерді, архиялогиялық және мәдени құбылыстарыды зерделеген
энциклопедиялық парасаттылығымен өзіне тартушы еді. Біздің осындай құтты
топырақта В. Вернодский мен Л. Гумелевтың идеялары сол зор толғақтан кейін
табылған ақиқат жолындай қуатты түрде өсіп өнуге мүмкүншілік алды.
Көшпенділер мәдениеті, оның филасофиялық және көркемдік эстетикалық
бейнелілігі шығармашылық танымның негізіне, жаңа суретшілердің көркемдік
кеңістігіне айналды. Қазақ халық шеберлерінің дәстүрлі өнімдерінде түрлі-
түсті және классикалық жүйелерді зерттеуге мүмкүндік ашылды, олардың қанық
бояулы және ою-өрнектік туындылары батыс шеберлерінің тәжірибесін оп-оңай
игере салғандай жаңаша, тың сөйлей бастады. Міне, осы екі үлгінің (шығыс
және батыс) қиысуы қазақ бейнелеу өнері дамуының келесі сатысын айқындады.
Бірақ көркемдік құдіреттіліктің жаңа тәсілдерін іздеу өткен кезеңге қарсы
қойылған жоқ. Сондықтан көркемдік процестің дамуы қисыны ұлттық көркемдік
тілдің, бейнелеу өнерінің жаңаша концепциясын талап етті.
С. Айтбаеав, Ш. Сариев, Т. Тоғызбаевтың туындыларында келешектің
қалыптасқан бейнесі жоқ, композициялық шешімдер авторлық сезім-түйсікке
байланысты, пішін құрылымы халықтың қолданбалы өнер өнімдеріндегі ою-өрнек
жолдарына ұқсайды және тұтас біріктіруші негізгі бастау ретінде бояу
алынады. Түрлі бояу түстерін еркін қолдану жай ғана тәсіл емес. Ол сана
сезім еркіндігіне шақыру, жаңаша филасофиялық мағына іздеу, ал түптің
түбірінде, еркін ой ағымын өнердің функционадық ерекшелігі ретінде
сипаттайтын символизімге жол ашу. Бұл еңбектерді, сөз жоқ, Сезанн, Матисс,
Гоген сияқты постимприссионисттердің және ХХ ғасырдың данышпаны Пикассоның
ықпалы біріктіреді. Бірақ мұнда құрғақ еліктеу жоқ. Бұл шеберлердің
шығармашылығында суретшілерді оларды қанық бояулы тәжірибесі мен оның
ұлттық нұсқасын жасау түрлері. Идеяны пішіннің дамуына бағындыру
шеберлігі, тәңіршілдік, құдайшылдық санасын болмыстан жоғары қоятын
талғампаздығы қызықтыратын. Әрине, шығармада дүниеге көзқарасты еркін беру
және батыстық тәсілдерге жүгінушілік әр түрлі ресми көрме комитеттері мен
тексеру комиссиялары тарапынан түсінушілік таппады. Авторлар Пикассоның
құйыршығы, жоғарғы өнер үлгілерін атап өтуші, жат шығармашылық жол
таңдаушылар ретінде айыпталды. Бұл суретшілердің шығармашылық өмірі
тартысқа толы болды. Өнердегі өз идеясын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету (көшпенділер)
Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Бейнелеу өнерінің оқу курсы
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемелік ұсыныстар жасау
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға дизайнерлік іскерліктерді үйрету жолдары
Пәндер