Бейнелеу өнерінде оқушылардың жан-жақты ой өрісі мен оқу-тәрбие жұмыстарын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Келер ұрпаққа білім беру, өнер үйрету ол біздің ең басты міндетіміз. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақты бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мектептердің басты міндеті.

Әр халықтың жас ұрпақ тәрбиелеудегі өзіне тән мәдени мұрасын оқу - тәрбие процесіне енгізудің ықпалы зор. Халқымыздың ғасырлар бойы қолданған озық тәрбиесінде негізгі түйін-сыннан өткен өнерін педогогикалық тәжірибеге қолдану. Оның озық үлгілерін ұлттық білім беруде пайдалану ұрпақ тәрбиелеуде өмір талабына сай. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев биылғы жолдауындада білім беру, жас ұрпақ тәрбиесі туралы да айтып кетті. Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз. Білім жүйесін жаңғыртуда оқыту үдерісіне озық әдістеме мен технологияларды енгізу арқылы өнерге, әлемдік білім кеңістігіне еркін енуге болатындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз, әрбір өнерге деген оқушылардың мамандыққа деген білім алғанын растайды, ал оның келешек мамандығын меңгеру мүмкіндігін айқындайтын қоғамдық ұйымдар, ата-аналар комитеті, қамқоршылар кеңесі және жұмыс берушілер ұйымының өкілдерінен құралған тәуелсіз комиссия бітірушінің мамандығына сәйкес немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдап, біліктілігін бекітетін болады. Ал мұның қазақстандық білім жүйесіне енгізілуі - жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін, университеттің рейтінгісін анықтауға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес, болашақта оқушылардың өнерге соның ішінде бейнелеу өнерін таңдау керектігі, ол қандай сапалы мамандар дайындай алады деген ақпараттарды алдын ала білуге, бейнелеу өнері жайында толыққанды мағлұматты алуға болады. Білім беру ісіндегі бейнелеу өнерінің құрамның сапасын арттыру мәселесі өте көкейкесті екендігі Жолдауда анық көрсетілген [1] . Ендеше, мектептерде оқытушылардың біліктілігін көтеру, талаптарын күшейту қажеттілігі күн тәртібіне шығарылып отыр. Жолдаудағы аса бір айта кететін жайт - білім беру ісіндегі тәрбиенің орны. Ұлы Әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім қауіпті» деп айтқандай, білім беру ісі патриотизм, адамгершілік, ұлтаралық келісім, өнерге, рухани даму, заңға бағынушылық сияқты құндылықтармен астаса жүруі керек екендігі қоғам тарапынан қолдау тауып отырғанын айтуымыз керек. Тәрбие ісінде ұсақ-түйек болмайтындығын барлығымыз жете түсініп, ата-ана қоғам мүшесі ретінде көзқарасымызды айқын танытып, жастарымыздың бойына адами құндылықтарды сіңіре білсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Көкейкестілігі: Осы ретте, мектеп оқушыларының көркемдік талғамын калыптастыру, қазақ халқының бейнелеу өнеріне, соның ішінде-пейзаж жанрына деген қызығушылығын дамытып, халқымыздың бейнелеу -өнеріндегі жинақталған кұнды шығармаларды қастерлеуге, бағалап, қадір тұтуға талпындыру, білім беру ісінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан суретшілерінің бұрын жазылған шығармаларын зерттеп, насихаттап, сол шығармалардың шығу тарихымен, танысу, тәрбиенің жекелеген міндеттерін жүзеге асыру мәселелері: адамгершілік, эстетикалық, дүниетаным, эстетикалық қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыру, соның негізінде ұйымдастыру жолдары бірқатар ғылыми ізденістерге арқау болды. Негізінен халықтық мұраны, мәдениетімізді дамытып оны келер ұрпаққа сол бұзылмаған қалпында жеткізу біздің міндеттіміз, жане алға қойған мақсатымыз болуы қажет.

Мақсаты: Сәулет өнерінің мазмұнын, мәнін аша отырып, оның даму тарихына қысқаша шолу жасау. Бұның басты себебі бейнелеу өнері оқушылардың сана-сезімін, эстетикалық талғамын арттыру . Сәулет-өнері бұл барша адамзат тарихы мен өмірінің бір бөлігі ол есте жоқ ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Архитектор - гректің «архитектан» деген сөзінен алынған атау: Алғашқы мән мағынасында іс жүзінде әлде қандай бір жаңа кәсіптің, оның ішінде құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдіреді. Сәулет өнерінің мақсаты - кеңістіктегі ортада адам өмірімен қызметін материалдық құрылым - құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырылып, іске асыру. Сәулет өнерінің айқын ескерткіштері -кесенелер. Мысал келтіре кететін болсақ, Тараз қаалсының маңындағы «Айша бибі» кесенесі. Бейнелеу өнері сабағында сәулет өнеріне деген оқушылардың, икемділігімен жетілдіру жолдарын айқындау. Оқушылардың сәулет өнеріне деген көзқарасын нығайту және сурет салуға деген құлышыныстарын арттырып, қызықтыра түсу қажет. Ұлтымыздың болашағын, келешегін көркейту үшін халқымыздың тарихын, оның мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыру ұрпақ тәрбиесінің басты міндеті. Біз өркениетті елдердің қатарына қосылу жолында, қоғам алдында келер ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды етіп тәрбиелеу тұр. Осыған орай көркем білім беру саласы мен тәрбие жүйесінде жаңа ғылыми көзкарас қалыптастыру қасиеттілігі туады. Мәдениеті мен рухани жағынан бай елдер үшін баланы әсемдікті түсініп, шығармашылыққа қабілетті болып өсуі үшін кандай шаралар жасалуы жөніндегі мәселе басты орын алуда. Оқушылардың бейнелеу өнеріне қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық талғамын жетілдіру негізгі бұл міндет біздерге жүктетеледі.

Міндеті: Бейнелеу өнерінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау барысында оқушыларды даярлаудың мотивациялық-танымдық, эмоционалдық-бағалаушылық, процессуалды іс-әрекеттік деп аталатын нақты компоненттерінің өлшемдері, сурет салу жолдарының көрсеткіштері және деңгейлерін анықтадық:

- мотивациялық-танымдық компонент оқушылардың бейнелеу өнерін оқып-үйренуде ынтасы, қызуғушылығы және қажеттілігімен сипатталады;

- эмоционалдық-сезімдік компоненті мәдени мұра құндылықтарын үлгі тұтып, эмоционалды көңіл-күймен қабылдауы, оны игеру мен дамытуда эстетикалық бағалау көзқарасын қалыптастыру деңгейімен сипатталады;

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби қызметін тиімді орындауды қамтамасыз ететін талаптардың мазмұндық моделі

- процессуалды-іс-әрекеттік компоненті оқушылардың өнерді жүйелі түрде меңгеруде шығармашылық іс-әрекет біліктерінің қалыптасу деңгейлерін анықтауымен сипатталады.

Сонымен қатар, «Бейнелеу өнері» пәні негізінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың үш деңгейі - төмен, орта, жоғары болып бірінші кеседегідей белгіленді.

Төменгі деңгей - оқушылардың өнер туралы жалпы мағлұматы болғанымен, оған деген қызығушылық деңгейі төмен. Оны өз шығармашылық мәдени деңгейін көтеруде пайдаланудың қажеттілігін жете түсінбейді; сенімі тұрақсыз; бейнелеу өнерін оқып-үйренуде қажет практикалық дағдылары қалыптаспаған.

Ең басты нәрсе бейнелеу өнерін оқып-үйрену шығармашылықта өнердің табиғи болмысын эстетикалық, көркемдікпен қабылдап оны дамытудан және шығармашылық қызметте пайда болған талпыныстан көрініс табады.

Орта деңгей - оқушылардың өнерге деген ынта-ықыласы бар болғанымен, жүйелі емес және білімінің тұрақтылығы жоқ. Өнердің ерекшеліктерін білгенімен, оны эстетикамен, мәдениетпен байланысты қажеттілігін түсініп айқындай алмайды, сенімі тұрақсыз, туындыларды дайындауда іскерлік таныта алмайды, теория мен практикадан алған білім мен іскерлік дағдысын көркем өнердегі шығармашылық жұмыстарында анық көрсете алмайды. Бейнелеу өнерін оқып-үйренуде білімі мен қарапайым біліктері болып, өзіндік ерекшеліктерін ажырата білгенімен, жасалу технологиясын жақсы меңгермегендіктен, қызығушылық танытпайды.

Жоғары деңгей - оқушылар өнер үлгілерінің даму тарихын өздігімен ізденіп оқиды, оған деген қызығушылығы өте жоғары. Бейнелеу өнеріне деген эстетикалық қызығушылығы, эстетикалық шығармашылықтағы мәні мен маңызына ғылыми көзқарасы қалыптасқан, жасалу технологиясын жақсы меңгеруге саналы ұмтылады, оның мүмкіндіктеріне сенімі мол, бейнелеу өнерінің туындыларын мәдени мұра деп саналы қабылдайды, эстетикалық талғаммен бағалайды, жасалу технологиясын жетік меңгерген.

Болашақ бейнелеу өнері пәні мұғалімдерін оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың жоғарыда берілген деңгейлерін мынадай өлшемдермен қосымша сипаттауға болады:

бірінші өлшем, бейнелеу өнері пәніне қызығушылықтың, дұрыс қатынастың болуы, олардың эстетикалық мәдениеттің қалыптастырудағы қажеттілігін түсінуді бейнелейді;

екінші өлшем, эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда өзiн-өзi жетiлдiру үшiн мүмкiндiк жасау туралы білімін сипаттайды;

Орта мектептерде білім берудің ақпараттық технологияларын пайдаланудың тиімді жолдары айқындалып, оларды іске асыру әдістемесі көрсетілді. Бұл бағдарлама негізінде жүргізілген оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары, іс-тәжірибесінің нәтижелері көрініс тапты.

Іс-тәжірибелігі: Жас ұрпақты әсемдік әлемінде тәрбиелеу адамды адамдықтың өлшеміне әкелу болып табылады. Біз- тәуелсіз еліміз. Өзіміздің қазақ екенімізді, тарихы мол шежірелі ұлт екенімізді көрсетуіміз үшін осы жолда маңдай еңбегін аямай төккен ағаларымыз бен апаларымыздың қандай үлкен үлес қосқандарын, олардың өлшеусіз еңбектерін тек біліп қана қоймай, сонымен қатар өз замандастарымызға айта жүруіміз керек. Осы жолда ұлттық өнегеміз ұрпақ бойында көрініс тапса нұр үстіне нұр болар еді. Бейнелеу өнері пәнін оқытудағы тәрбиелік мүмкіндіктерді пайдалану арқылы пәндік білім, білік, дағдылардың және эстетикалық мәдениеттің қалыптасу деңгейін бағалау өлшемдерi мен көрсеткіштерін айқындау қажет болды. Оқушылардың бейнелеу өнерін оқып-үйренуде шығармашылыққа қол жеткізу тәсілдерін игеруге тиянақсыз бағдарланудың пайда болуымен ерекшелінеді. Оқушылардың эстетикалық мәдениеттерін қалыптастыру тек дәстүрлі бейнелеу өнерін оқып-үйренуде деңгейлерінде көрінеді.

Диплом жұмысы төрт бөлімнен және кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. бөлім: Бейнелеу өнерінде оқушылардың жан-жақты ой өрісі мен оқу-тәрбие

жұмыстарын қалыптастыру.

2. бөлім: Сурет пәнініде көне ескерткіштер туралы сабақ

берудің әдіс-тәсілдері.

3. бөлім. Бейнелеу өнері жайлы түсінік беру.

4. бөлім. Дипломдық жұмыстың орындалу барысы .

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымшалар.

1. Бейнелеу өнерінде оқушылардың жан-жақты ой өрісі мен оқу-тәрбие жұмыстарын қалыптастыру.

1. 1 Педагогика -тәрбие және білім берудің негіздері

Бейнелеу өнері мен педагогикада адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Сонымен қатар бейнелеу өнері мен педагогика осы саладағы іс-әрекет пен оның заңдылықтарын зерттеп, жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Тәрбие қай заманда болмасын күн тәртібінен түспейтін мәңгілік категория. Педагогика пәні - тұлғаның дамуын танып, білуді қамтамасыз ететін тәлім-тәрбиелік қарым-қатынасты білуге, меңгеруге, зерттеуге жол ашады, оқыту мен білім беруге, өзін-өзі жетілдіріп, өрістетеуге бағдар беріп, бұл саладағы тағылымдармен және әдіс-тәсілдермен таныстырады. Білім берудің игі тәжірибелерін, теориясын білдіру арқылы адамның рухани байлығына, табиғат пен қоғамдағы қарым-қатынаста белсенділік танытып, шығармашылыққа бейімделуіне дем береді. Бір жағынан теориялық, екінші жағынан тәжірибемен қауышатын практикалық мәндегі пән. Бейнелеу өнері мен педагогиканың тұрақты міндеттері: тәрбиелеу, оқыту, білім беру және бұл үрдістерді басқарудың заңдылықтарын ашу; педагогикалық іс-әрекеттің тәжірибелері мен практикасын үйрену, жалпылау; оқыту мен тәрбиелеудің, білім беру құрылымдарын басқарудың, оқыту және тәрбиелеу үрдісінің жаңа әдістерін, формаларын құралдарын іздеп табу; білім беру жүйесін дамытудың жақын және алыс болашағын болжау; педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін практикаға ендіру; жаңашыл үрдістің теориялық, әдіснамалық негізін, теория мен көрсету; ғылыми зерттеумен практиканы қабыстыра іске асыру. [2]

Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Бейнелеу өнері мен педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Бейнелеу өнерінеде білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады. [3]

Педагогикалық такт - оқушылармен қарым-қатынаста педагогтың өнеге құралдарын тиімді пайдалана білуі. Бейнелеу өнері мен педагогикалық такт адамгершілік қағидасына негізделеді. Оның мәні баланың рухани дүниесіне педагогтың әсер ете білуінде. Педагогикалық тактіні жақсы меңгерген педагог қолданылған тәрбие құралының күтпеген нәтиже беретінін де ескереді. Оқытушының ықпалы тиімді пайдаланылмаса баланың белсенділігін, бастамашылдығын дамыту құралы болудың орнына, олардың дербестігін шектеуге, достық көңілдегі әңгіме іш пыстыратын уағызға, мадақтау күдік пен сенімсіздіктің дамуына себеп болады. Педагог тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста туындайтын қиыншылықтарды алдын-ала болжап, оны болдырмаудың жолын таба білуге тиісПедагогика - XX ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында 60-шы жылдардың басында АҚШ-та пайда болған гуманистік психология идеясының педагогикалық қайта жаңғыртуы сиякты қазіргі кездегі тәрбие теориясы мен тәжірибиесіндегі бағыт. Батыстагы ең бір көзге түсер өкілдері - К. Роджерс, Р. Барт, Ч. Ратбоун мен т. б. Аталған педагогикалық бағыттың негізгі тенденциясы - білімге тұлғалық- болжаулық қасиет беру, оқуда және тәрбиеде авторитаризмді игеру, оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, және дағдылардың эмоционапды реңктерте іске асыру

1. 2. Оқушылардың эстетикалық талғамын оятып, көркемдік білімін

тереңдету.

Қазіргі таңда бастауыш мектепте оқыту барысындағы мәселелердің бірі-оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиял сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер мектеп қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан оқушылардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.

Мектеп мұғалімдері бастауыш сыныптарда эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т. б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Мұғалім эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.

Оқушы өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.
Оқушылардың көркем білімге талпынуын арттырып, қиялын шарықтатып, бойын сергітіп, әдемілік әлеміне ынтасын арттыруда бастауыш мектепте оқытылатын бейнелеу өнері пәні зор рөль атқарады. Ол дүниені түсініп, көрген-білгендерін, алған ұғымын көркем образ арқылы бейнелеуге үйретеді. Төменгі сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің табысты болуы мұғалімдердің көркем талғам мен білімді игерту әдіс-тәсілдеріне байланысты. Қазіргі кезеңде бастауыш мектепте мұғалімдер эстетикалық тәрбиені халқымыздың озық, дәстүрлерін ескере отырып жүргізгендері жөн.
Өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабағының алатын орны зор екендігі белгілі. Себебі бастауыш мектеп кезеңінде баланың эстетикалық мәдениетінің негіздері қолданылады.
Балаларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады.

Ол үшін біздің зерттеу жұмысымызда төмендегідей міндеттенр қарастырылады:
• бейнелеу өнер пәні арқылы оқушыларды әдемілікке әсемдікке деген сезімдерін жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру, эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу;

• бейнелеу өнері пәні арқылы эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарын анықтау;
• бастауыш мектеп кезеңінде эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру деңгейін анықтау;
• оқушылардың көркем өнерге деген қызығушылығының шығармашылықпен ұштасуына көмектесу;

• бейнелеу өнері пәні бойынша бастауыш мектеп оқытушылары эстетикалық тәрбиелеу жолдарын анықтау;

Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беруде оқушылармен бірлесе отырып, олардың өнердегі әсемдік пен әдемілікті түсіну, байқай білу қабіліетін дамыту үшін көптеген ұжымдық жұмыстар жүргізілсе, сабақ барысында ойындар мен көрнекіліктер ( «Түстерді ажырат», «Кім алғыр», «Үйлестіре біл», т. б. ойындар) тиімді қолданылса, оқушылардың табиғат сұлулығын, көркем өнер шығармаларын эстетикалық мәнде қабылдаулары күшейіп, сабақ сапалық жаңа деңгейге көтеріледі. Сапалы сабақтарды жүргізу нәтижесінде бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық танымы, білімі, талғамы артып қана қоймай, олардың әрбір жұмысы шығармашылықпен ұштасып отырады.

Эстетикалық тәрбие біздің байқауымызда дүние жүзілік және ұлттық мәдениет салалары негізінде көркемділікке, әсемділікке, сезімталдыққа баулу жүйелерін қамтиды. Әрине бұл өте ауқымды процесс. Ол жан-жақты зерттеуді, оны жүйелі түрде меңгеруді талап етеді. Сондықтан біз өз тәжірибемізде бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие беру мәселелерін қарастырып отырмыз.

Эстетикалық тәрбие мәселелері көптеген ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қамтылған. Оның жасөспірімдерді тәрбиелеудегі маңызы, эстекикалық тәрбие беру мәселелері В. В. Алексеева, А. В. Бакушинский, Г. В. Лабунская, Н. П. Сакулина, Б. П. Юсов, еңбектерінде қарастырылған халқымыздың ұлттық мәдени мұралары, қол өнері, сәндік өнертүрлерінің маңызы туралы Республика ғалымдары Б. Қазыханов, А. Қасымова, Ә. Тәжімұратов ғылыми еңбектерінде нақты көрсетілген.

Кейінгі кездері бейнелеу өнері пәні құралдары арқылы эстетикалық тәрбиеге тәрбиелеу С. Аманжолов, Ш. Әлібеков, Б. Әлмуханбетов, Б. Байжігітов, Ж. Балкенов М. Жанаев еңбектерінде орын алып жүр. Көптеген еңбектерде эстетикалық тәрбиенің мәні мен мазмұны қамтылып, оның тәрбиелеу жолдары әдіс-тәсілдері нақты көрсетілмейді. Сондықтан біз эстетикалық тәрбие беру мәселелерін жан-жақты қарастыруымыз қажет.

Сонымен бастауыш мектепте оқыту барысында кезек күттірмейтін мәселенің бірі; көркем эстетикалық тәрбие, яғни оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру; екіншіден, әр баланың ойлау қабілетін дамыта отырып, қиял - сезімін шарықтату болып табылады [6] .

Балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызды бөлігі көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі мәселелер туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі айқын ойлап, терең сезіне білуі тиіс. Оқушы эстетикалық жағынан дамып, жетілуі үшін тәрбиені өте ерте, баланың жас кезінен бастау керек. Өйткені, балалық сезім - саналы өмірдің негізі. Бұдан саналы өмір негіздерін қалауда қандай да берік сенімді тірек қажет болатыны түсінікті.

Қалай болмасын әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінеді. Ол біздің рухани жағынан жетілмеуімізге ықпал етеді, жеке бастау және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кей жағдайда өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Бастауыш мектеп балаларының талғампаз болуы жазушы, ақын, суретші, композиторлардың еңбектерін, ондағы сұлулықтарды түсінуі олардың рухани азығын молықтырады, адам баласы жасаған мәдени мұралармен таныстырып, соны терең түсінуге тәрбиелейді.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз - бұл-әсемдік, сұлулық, пәктік қасиеттер музыка, сурет, кескіндеме, мүсін және қолөнері өнерлері арқылы оқушылардың көркемдік танымын, сезімін тәрбиелеу.

Бейнелеу өнерінің барлық түрлері графика, живопись, мүсін, сәндік - қолданбалы өнері, сулет өнері, барлығы эстетикалық тәрбие негізі. Көркем өнер туындыларын түсініп сезіну, оның образдық мазмұнын қабылдау, өнер тілін меңгеру барлығы оқушылар эстетикалық талғамын дамытады.
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру бейнелеу өнері сабақтары түрлерінде іске асырылады.
Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі - табиғат. Ол эстетикалық сезімнің, байқампаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Табиғат үйлесімділігінің, әсемдіктің, мәңгілік жаңарудың, әлемдік заңдылықтары әртүрлі болу, түстер, жарық сәулелер, көмегі арқылы балаларды әсемдік талғампаздық, әсерленушілік сезімге тәрбиелейді.
Табиғатқа топ серуен жасаған кезде балалардың оның сұлулығын эстетикалық тұрғыда қабылдауы күшейеді, ерекше рухани серпеліс, сүйсіну сезімі туады, ойы мен қиялы дамиды. Жаратылыстың сұлу заттары бала жанында сұлулық сезімдерін оятады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның бейнелеу өнерінің даму тарихы
Бейнелеу өнерін оқытудың негізі
Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Бейнелеу өнері пәнін оқытудағы интеграциялау мәселелері
Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі
НАТЮРМОРТ, ПЕЙЗАЖ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
Бейнелеу өнері сабағында көне мұраларды оқыту арқылы оқушылардың рухани білімін дамыту
Еңбекке баулу сабақтарында 3-сынып оқушылардың қазақтың зергерлігі өнерін таныстыруда эстетикалық талғандарын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz