Бердібек Соқпақбаев прозасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Аладаназарова Қарлығаш
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті», 4-курс
Алматы, 2012
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев прозасы
Орындаған
4 курс студенті . . . Қ. З. Алданазарова
Ғылыми жетекшісі:
аға оқытушы . . . Э. Сейсенбиева
Норма бақылаушы
ф. ғ. к., доцент м. а . . . А. Көшекова
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
Ф. ғ. д., проф. м. а . . . С. Б. Ержанова
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4-8 бет
І . Б. Соқпақбаев шығармаларындағы
балалар психологиясы . . . 9-32 бет
ІІ тарау. Қаламгердің өзіндік қолтаңбасы . . . 33-56 бет
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57-59 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60-61 бет
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жазушылык шеберлік мәселесі - әдебиеттану ғылымында қай уықытта да өте маңызды, теориялық мәні мол мәселе екені белгілі.
Ұлттық балалар әдебиетінің атасы деп А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Б. Майлин, С. Сейфуллин, Ж. Жабаев, І. Жансүгіров, С. Бегалин т. б. ақын-жазушыларды атасақ, одан кейінгі кезеңде жарыққа шыққан М. Әуезовтың «Бала Шоқан» әңгімесінің ізін ала қазақ әдебиетіндегі балалар тақырыбына жазылған шығармалар да, тақырыбы мен мазмұны жағынан ерекше мәнге ие бола бастады. Жетпісінші жылдардың басында қазақ әдебиетінде Ж. Дәуренбеков, Ж. Аяшев, Р. Қунақова, С. Бердіқұлов, С. Ерубаев, С. Елубай, Ә. Тарази, Б. Соқпақбаев, М. Қабанбаев, М. Гумеров сынды ақын-жазушылардың балалар тақырыбына жазылған шығармалары дүниеге келді.
Тамаша шығармалары арқылы балалардың көңілінен шығып, сол арқылы бірнеше буын өкілдерінен тұратын кішкене оқырмандардың құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Біздің қазақ балалар әдебиетінде осындай құрметке ие болғандардың ішіндегі шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі - Бердібек Соқпақбаев.
Шеберлік шексіз, оның ұшы-қиырын табу қиын. Суреткер күрделі де, маңызды мәселені көрнекті жазушы Б. Соқпақбаев шығармашылығы негізінде зерттеудің маңызы зор.
Диплом жұмысының өзектілігі. Б. Соқпақбаев - ұлттық әдебиетімізге соғыстан кейінгі жылдары келіп қосылған, өзіндік келбеті мен дара болмысы бар талантты жазушыларымыздың бірі. Бұл уақыт қазақ прозасының ерекше жемісті, өнімді тұстарының бірі болғандығы белгілі. Нақ осы кезеңде қазақ көркемсөзінің биігіне көтерілген Ә. Нүрпейісов, Т. Ахтанов, С. Шаймерденов, Б. Соқпақбаев, Н. Ғабдуллин т. б. бір топ қарымды қаламгерлер ұлттық прозаға жаңа тақырыптар мен идеялар, мінездер ғана алып келген жоқ, сонымен катар онын поэтикалык өрісін кеңейтті.
1945-1956 жылдары ұлттық әдебиетіміздің қоры балалар мен жас өспірімдерге арналған шығармалармен едәуір толықты. Бұл салада жазушылар С. Бегалин, Қ. Әбдіқадыров, С. Омаров, Б. Соқпақбаев, С. Бақбергенов, С. Сарғасқаев, М. Гумеров, С. Баязитов, Н. Сералин, Н. Ғабуллин т. б. жемісті еңбек өтті.
Балалар әдебиетінің негізін қалауда көп еңбек сіңірген жазушы Б. Соқпақбаев шығармалары 1950-жылдардың орта шеңінде жарық көре бастады. Сол кезден бері балалардың әр буыны оның шығармаларын зор ықыласпен оқып келеді. Жазушы әңгімелерінде балалардың күнделікті тұрмысын, жүріс-тұрысын көбірек сөз етеді, сол арқылы олардың іс-әрекет, мінез-құлықтарын суреттейді.
Қаламгер Б. Соқпақбаев әдебиетке әуел баста ақын ретінде келді. Жазушының тұңғыш өлеңдер жинағы 1950 жылы "Бұлақ" деген атпен жарық көрді. Жинақтағы «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» өлең-тақпақтарда орнымен ойнақы қозғалған тақырып, ой, өнегелік сөз бала ұғымына қона кетеді. Тілінің жеңілдігі мен әуезділігі аса ықшам болып келуі балаларды кызықтырады. Кезінде балғын оқырмандардың ықыласына бөленген бұл жинақ қазақ балалар әдебиетінде өз орнымен ерекшеленеді. Бұл жинақ туралы халық жазушысы М. Әлімбаев: «Сол тұстағы балалар ақьндары қолынан шыққан өлеңдерінің ең үздігі де, көрнектісі де, мәдениеттісі де Б. Соқпақбаев жырлары екенін сол кітапша күдіксіз дәлелдеп берді» деп бағалайды.
Шығармашылық жолын өлең жазудан бастағанмен қаламгердің суреткерлік қарымы прозада танылды. Б. Соқпақбаев шеберлік мектебі саналатын әңгіме жанрында да едәуір еңбектенді. Әңгіме жанрының белсенді жауынгер жанр екендігі қашаннан аян. Ол өзінің нысанасына үнемі көкейтесті мәселені алады. Қазақ әдебиетінде бұл жанр әсіресе, елуінші жылдардың екінші жартысынан бастап жедел дамыды. Б. Соқпақбаевтың «Бақыт жолы» /1953/ деп аталатын тұңғыш әңгімелер жинағы дәл осы кезеңде жарық көрді.
Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы Бердібек Соқпақбаев әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б. Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Жазушының әңгімелері туралы А. Нұрқатов, С. Қирабаев және тағы басқа да көптеген ғалымдар құнды пікірлер айтады. Мәселен, ғалым А. Нұрқатов жазушы шығармаларына мынадай пікірін білдіреді: «Бұрын балаларға арнап көптеген қызғылықты да тартымды шығармалар жазған Б. Соқпақбаев көркем әңгіме тудыруға да ысылып қалғандығын, кемелдену жолында келе жатқандығын танытады. Соңғы кезде ол тақырып кеңдігіне ұмтылып жүр. Оның «Бекен», «Ортақ қуаныш», «Нағашы» сияқты әңгімелері нәрлі идеясымен де, көркемдік құнарлығымен де назар аудартады. Жазушы құйтырқы, шытырман оқиғалар іздеп жатпайды, карапайым оқиғалардан да көңіл аударарлық, ой саларлық мағына бере біледі. Б. Соқпақбаев өзіндік үнімен, суреткерлік қолтаңбасымен, соны ізденісімен әдебиетімізде өз орнын иеленген каламгер. Жазушы каламынан түрлі жанрда тамаша шығармалар туып, олар өз кезегінде қазақ әдебиетінің дамуына өз үлесін қосты» [1, 85 б. ] . Қаламгердің рухани мұрасының көркемдік деңгейі, жазушылық шеберлігі туралы біраз еңбектерде байыпты толғамдар айтылған. Р. Бердібаевтың, С. Қирабаевтың, Т. Кәкішевтің, Х. Сүйіншіәлиевтің, Ә. Дербісалиннің, Қ. Ергөбековтің, Б. Сарбалаевтың және тағы басқалардың мақалаларын атап өткен орынды. Сондай-ақ, Ш. Ахметовтың «Қзақ совет балалар әдебиеті», С. Кирабаевтың «Өрлеу жолында», Р. Нұрғалидің «Сырлы сөз» атты монографиялық, оқулық еңбектерінде жалпы әдебиеттануымыздың профессионалдык деңгейі мен даму жолына қатысты әңгіме болғанда Б. Соқпақбаевтың үлесі де айтылып отырады. Ал, біздің диплом жұмысымызда Б. Соқпақбаев шығармаларындағы балалар психологиясының бейнеленуі сөз болады.
Сонымен бірге мұнда жазушының өзіндік бір тың авторлық тұрғы ұстанғаны, басқалар жүріп өткен жолды тағы да қайта шиырлағысы келмегендігі сезіледі» [1, 85 б. ] деп жазды. Б. Соқпақбаев шығармаларындағы балалар психологиясының қыр-сырын бала іс-әрекеті арқылы танытуы жазушылық шеберлігінің қарымдылығын танытады. Бала психологиясын жан-жақты пайымдап, терең сезіну, сол арқылы образдың жан сырын ашу - Б. Соқпақбаев талантының, қабілет-қарымының ерекше бір көрінісі деуге болады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Әңгіме - өмір құбылыстарының жекелеген көріністерін жасайтын шағын жанр болғандықтан, оның оқиғасы жинақы, тартымды болуы талап етіледі. Б. Соқпақбаевтьң бұл әңгімелерінде шұбалаңқы оқиға, жадағай үгіт жоқтың қасы, идеясы айқын, тілі де тартымды, сюжеті де қызықты. Жазушы болмашы, шағын жайларды суреттей отырып, оқушыға келелі ой айта алады және оны жас баланың ұғымына жеңіл, түсінікті етіп жеткізеді. Әңгімелерінде, очерктерінде өміріміздің шынайы көріністері бар аталмыш жинақ Б. Соқпақбаевтың балалар психологиясын терең меңгерген дарынды жазушы болғандығын танытады. Көркем шығармадағы психологиялық талдау проблемасы - әдебиеттер мен көркем сөз иелері үшін тылсым сыры, жұмбағы мен шиеленісті көрнеуі көп мәселелердің бірі. Психологиялық иірімдерді аттап өтіп, кейіпкердің жан-дүниесіне қатысты жағдайды қаперге де алмастан, толыққанды көркем бейне жасау мүмкін емес. Өйткені, қандай да бір көркем шығарманың болатын персоналдары кәдімгі өмірдегідей адам бойына тән тіршілік атрибуттары арқылы өмір сүруі шарт. Ол да өмірдегідей ойланып толғанады, тебіренеді, ашуланады, қуанады, күйзеледі, және ол өмір шындығына сыйымды болуы шарт. Егер кейіпкер психологиясына қатысты тұстарды жазушы өмірде жоқ қайдағы бір жағдаяттарды орынсыз шығармасына пайдаланса, онда көркемдік шартқа нұқсан келері анық.
Көркем әдебиетте образ жасаудың негізгі шарттарының бірі - адам психологиясын көркемдік деңгейде көрсете білу керек екендігі белгілі. Психологиялық тартыстың және психологияның қатысынсыз адам бейнесі жасалмайды. Ұлы жазушы М. Әуезовтің: « . . . Орыс жазушыларынан анық сүйетінім: Толстой, Достоевский. Адам жанын соларша қойма ақтарғандай ақтармаған соң, жазушылықтың мәні де жоқ. Прозаға психология араласпаса, өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ-тақ жолы» [2. 12б. ] деген пікірі бар. Бұл көркемдік шарт - балалар әдебиетіндегі образ сомдау мәселесіне тікелей қатысты екендігі сөзсіз. Жас адам қалыптасып келе жатқан тұлға. Оның өмірді тану ұғымын кеңейту, тәжірибесін молайту барысындағы психологиялық даму үрдісін осы бастан кешіретіні қисынды жағдай. Бұл жөнінде зерттеуші ғалым Т. Рахымжанов: «Проза туындысындағы психологиялық талдау - адам - қаһарманның жан иірімдерін, дене қимылдарын күйініші мен сүйінішін, қысқасы, жұмыр басты пендеге тән қасиеттерді ашып көрсететін көркемдеуші құралдар болып табылады» [3. 121 б. ] деп ой түйген . Б. Соқпақбаев шығармаларын талдау барысында жазушының жас жеткіншектердің психологиялық қабілетін терең меңгергендігіне көз жеткіземіз.
Көрнекті орыс жазушысы Чехов қысқа жазудың, көлемі шағын әңгімелер жазудың қиындығын сөз ете келіп, көлемі шағын әңгімелер арқылы ұмытылмастай адам бейнесін жасау үшін жазушыға үлкен шеберліктің қажеттігін айтқан. Б. Соқпақбаевтың аталған жанр үлгісіндегі шығармаларына зер салғанда жазушы шеберлігі өзінше оқшауланатынын байқаймыз.
Сонымен қатар, Б. Соқпақбаев - талантты драматургтердің бірі. Оның пьесалары бойынша қойылған «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер кайтып келмейді», т. б. пьесалары кезінде республиканың бірқатар театрларының репертуарына енді. Тұтастай айтсақ, Б. Соқпақбаев каламынан қазақ әдебиетіне аз мұра калған жоқ. Әсіресе, каламгердің суреткерлік колтаңбасын айқындаған, жазушылық талабы мен талғамын танытқан озық туындылары - оның "Жекпе-жек", "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат", "Қайдасың, Гауһар?" повестері мен «Өлгендер кайтып келмейді» романы. Осылардың ішінен жазушының атын ерекше жайған шоқтығы биік шығармасы - "Менің атым Қожа" повесі болды. Шығарма орыс, француз, украин, литван, латыш, молдован т. б. тілдерге аударылған.
Жазушы шығармаларының кұндылығы ондағы көркем образдар галереясының сапасымен айқындалатыны аз айтылып жүрген жоқ. Б. Соқпақбаевтың повестері мен аталмыш романдары арқылы әдебиетімізге келген сотқарлау, қушыкештеу, бірақ, жаны таза Қожа, табанды Мұрат, өтірікші, жылпос, фантазер Сұлтан, сүйкімді Жанар, Садық, Аяжан, Нұрдәулет секілді қарасирақ балалар, Тоқмолда директор, Байғұлақ, Майқанова, Еркін, Нұрәлі сияқты қызықты кейіпкерлердің ұлттық әдеби бейне мен мінезді дамытуға сіңірген әсер-ықпалын жүйелі зерттеу көп мәселенің басын ашатыны сөзсіз.
Әдебиет тарихынан белгілі дара дарын иесінің есімі талант таңбасындай тұлғалы қаһармандарымен катар аталады. Мәселен, А. Фадеев творчествосын еске түсірсек, алдымен Левинсон мен жас гвардияшыларды ауызға аламыз. М. Шолохов шығармаларынан Кошевой, Давыдов, Мелехов, АТвардовский поэзиясынан Теркин тұлғаларын тағы басқаларын атап айтуға болады. Сол сиякты Н. Островскийдің Павел Корчагиніндей Б. Соқпақбаевтың Еркіні мен Қожасы каламгер творчествосының алтын діңгегіндей. Шығарма оқырманына танылғалы бері қазақ балаларының бірнеше буыны Қожамен бірге тыныстап, Қожа болмысынан өзін іздеп, өз тағдырынан Қожа мінез-қылығын байқап өсіп келе жатқан ұрпақтың мол екені куә. Еркіндер мен Қожалар қайталанбас образымен, жарқын жүзімен ғана есте қалмайды, уақыт дауылын, еліміздің басынан кешкен бел-белесті көз алдымызға елестетеді.
Б. Соқпақбаевты талант табиғаты жағынан өмір тәжірибесін өз шығармашылығында молынан пайдаланатын жазушылар санатынан деп айтуымызға болады. Оның басты себебі жазушы бастан кешірген мол өмірлік тәжірибе. Қаламгердің балалық шағы Кеңес өкіметінің алғашқы қиын жылдары, ашаршыльқ, жаппай коллективтендіру науқанында өтті. Жасөспірім шағы сталиндік зұлматқа тап болса, бұғанасы қатпай жатып, соғыс басталды. Б. Соқпақбаевтың жазушылық шеберлігінің көрінісі де - осы өмірдің өзімен біте қайнасуында жатса керек. Қаламгер кейіпкерлерінің көбінің характерлері айқын, эстетикалық талғаммен сұрыпталған типтік бейне дәрежесінен көрінуінің басты себебі де осында. Сондықтан да оньң туындылары өміршең. Жазушы шығармаларының уақыт өткен сайын жаңа қырымен, жаңа сырымен ашыла, кұлпыра тусуінің сыры да осында.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Б. Соқпақбаев шығармаларының жалпы әдеби процестегі алатын орнын, қаламгердің идеялық-эстетикалық ізденістерін салмақтай отырып, оның суреткерлік шеберлігін айқындау. Сондай-ақ оның қазақ әдебиетінің дамуындағы үлесін салмақтау. Жас жеткіншектердің психологиялық ой-өрісін қимыл іс-әрекет арқылы бейнелеудегі жазушылық шеберлігін сараптау. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттер қойылады:
-Жазушының прозалық шығармаларына бүгінгі күн тұрғасынан талдау жасай отырып, оның әдеби процестегі маңызын көрсету;
- Бала психологиясын бейнелеудегі жазушылық шеберлікті айқындау;
- Кейіпкер тұлғасын даралаудағы мінез бен жағдай мәселесіне назар аудару;
- Шығармадағы монолог, диалог, пейзаж, т. б. көркемдік тәсілдердің қолданылу ерекшеліктерін айқындау;
- Өмірлік шындықты көркемдік шындыққа айналдырудағы жазушы шеберлігін сраптау.
Жүмыстың құрылымы кіріспе, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І . Б. Соқпақбаев шығармаларындағы балалар психологиясы
Соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінің арнасы тың толқынмен кеңейе түсті. Ә. Нұрпейісов, Т. Ахтанов, С. Шаймерденов, Б. Соқпақбаев, З. Кабдолов, Н. Ғабдуллин, Ж. Молдағалиев тәрізді көрнекі ақын- жазушыларымыз әдебиетке дәл осы кезеңде келді. Балалық, жастық шақтары ұлы отан соғысының сұрапыл уақытына тап келген осы буын өкілдері жөнінде белгілі зерттеуші С. Әшімбаев: «Бұғаналары бекіп, кабырғалары катпастан қыруар қиыншылықты бастан кешіріп, каршадайынан кағылездікке үйренген бұл ұрпақтың бойындағы сезімталдық пен сергектікті, азаматтық пен аяушылық, кайсарлық пен кайраттылықты сол сұрапыл уақыттың рухы калыптастырған-ау деген де ойға қаласьң. Бұл ұрпақтың айтары да аз болмаса керек еді"[4, 46 б. ] дейді.
Жас қаламгерлер алдыңғы аға толқын М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мустафиндердің жазушылық шеберліктерінен үйрене отырып, әдебиетімізге жаңа шығармалар легін әкелді.
Бұл кездің осы 6ір шынайы шындығын үлкен жазушыларымыз да куана кұптады. «Соғыстан кейінгі әдебиетіміз дами түсті. Оның кадрларының қатары жыл санап көбейе берді, шығармаларының сапасы арта берді» деп жазды академик-жазушы С. Мұқанов [5, 12 б. ] .
Дәл осы жылдары қазақ прозасының басқа жанрлардың алдына суырылып шьғып, жетекші салаға айналғанын көруге болады. Бұл кезеңде, яғни социалистік державаның тас-талқан болатыны былайғы жұрт түгіл, жазушылардың да үш ұйықтаса түсіне кірмеген "ғажап" заманда әлеуметтік орта калай өмір сүріп, әрекет етсе, көркем проза да дәл солай өмір сүрді. Осы тұста қаламгерлердің қандай көкейкесті тақырыптарды, өмірдің нендей өзекті құбылыстарын бейнелеуді негізгі нысаналары етті дегенде, жеңіспен аяқталған соғыс кезіндегі өмір шындьғын қилы-қилы қырынан керсетіп, тереңірек таныту мәселесіне, соғыстан кейінгі еңбек майданындағы адамдар мен мамандар әрекетінің әр алуан жақтарын шынайы суреттеуге көңіл бөлді деуге болады. Сөйтіп, аталып отырған кезең туралы жинақы, жүйелі мағлұмат беретін, соны көңілге тиянақты түрде ұялататын дәйекті дәлелдері бар шығармалар туғандығы анық. Бұлардьң қатарында Бердібек Соқпақбаевтың өлмес туындылары да бар еді. Б. Соқпақбаев «Бақыт жолы» атты жинағындағы әңгімелердің бірі «Серуенге шыққанда» деп аталады. Автор Нұржан деген баланың жарамсыз қылығын суреттеп, кейін содан баланың опық жегенін суреттейді. Бала қыста құрбыларымен бірге шаңғы тебуге шығып, қайтарда жолшыбай кездескен шалдың оппа қарға түсіп, кеткен шанасын шығаруға көмектеспейді. Содан жолда жалғыз өзі адасып кетеді. Балалардың бойында ізгілік қасиеттерін тәрбиелеу керектігі қаламгердің «Парторг», «Сылық», «Қоғам жұмысы», «Ұят күшті» т. б. әңгімелерінде елес береді.
Бердібек Соқпақбаев әңгімелері мен повестерінде балалардың бір қатар есте қаларлықтай характерін жасаған жазушы. Балалар күні бүгінге дейін сүйіп оқитын «Менің атым Қожа» повесінде ол өзінің бала психологиясының білгір екенін көрсете білді. Жазушы сомдаған кез-келген кейіпкер өзіне тән ерекшелігімен оқушы жадында сақталып қалады.
Бердібек Соқпақбаев - қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен психологиялық бейнелеудің де өзгеше бір жолын тапқан талантты жазушыларымыздың бірі. Жасынан өмір талқысын көп көрген адамның өмірбаяндық деректері оның шығармаларына арқау болды. Ол сол көргендері мен сезінген дүниесін 30-жылдардағы ауылдың ауыр тұрмысы, Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі ауыр кезеңнің шындығына сәйкес жаңартып, ой елегінен өткізіп, типтік орта шындығына лайық типтік бейнелер арқылы аша білді. Бүгінде кез келген қазақтың қара баласына Соқпақбаевтың кім екенін түсіндіріп жату артық болар, оның «Менің атым Қожасы» әрбір үйде Абаймен, Мұхтармен бірге ұлттық қазына ретінде сақталуда десек қателпеспіз. Өйткені, Соқпақбаевтың есімі көзі тірісінде-ақ әрбір бала жүрегінен мықтап орын алған болатын.
Бердібек Соқпақбаев - Кеңес үкіметінің «қылышынан қаны тамып тұрған» кездің өзінде тек өз жүрек қалауымен оқырмандарына жалғандықтан қашып шынайы шындықты жеткізе білген жазушыларымыздың бірегейі.
1950-60 жылдардағы қазақ балалар прозасы сталиндік қатыгез дәуірді де, одан кейінгі жылымықты да, хрущевтік солақай саясатты да бастан кешірген еді. Кеңес халқымен бірге қазақ халқы да жеке басқа табынудың зардабын көрді, компартияның жетекшілігімен пайдасы мен зияны әлі толық зерттелмеген ірілі-ұсақты жобаларға да қатысты. Әрине, мұның бәрі елдің мәдени өмірінде де көрініс тапты.
Балалардың көркем шығарманы түсініп, түйсінуі, эстетикалық ләззат алуы олардың жас ерекшелігіне байланысты. Өміртанытушылық, тәрбиелік мәні де олардың дүниетанымының өресіне тәуелді.
Балалар өмірін шынайы сүйіспеншілікпен бейнелейтін хикаялары мен әңгімелерін жас та, қарт та, қазақ та, басқа да құмарта, қызыға оқиды десек еш артық айтқандық емес. Бердібек Соқпақбаев кейіпкерлерін қолдан жасамаған. Оның кейіпкерлері - өзі. Жазушы шығармаларын бірінші жақтан жазады. Яғни, шығарманы бас кейіпкер әңгімелеп отырады. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион» және тағы басқа шығармалары жазушының тұтас өмірін көрсетпегенмен бөлшек-бөлшек тұстарын қызықтыра өмірге әкелген болса, ал мына «Өлгендер қайтып келмейді» романы жазушы жаратылысын тұтас тұлға етіп береді. Шығарманың ел ойынан шығатын шынайы жүзі тек қана шындық жазудан тұрса ол сол шығарманың шырайлылығын берсе керек. Осы тұрғыдан алғанда Бердібек ағамыз жоғарғы ойдың ортасынан ойып тұрып өз орнын алып және сол қасиетімен халық есінде, қала берді әр ұрпақ есінде мәңгі қалған адам.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz