Биржаларда сатып алу – сату шарттары



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.5 беттер

Ұйымдастырылған нарық туралы ұғым

II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5.12 беттер

Биржалық келісімдер және оны жасасу тәртіптері

а) Биржалық келісімдердің мақсаты мен мазмұны

ә) Келісімдердің түрлері мен ерекшеліктері

б) Тауар, қор және валюта биржаларындағы келісімдер жасасудың түрлері, ерекшеліктері және тәртібі

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.13 беттер

Халықаралық рыноктардың талаптарына сай қағидаттық жаңа тұрғыдан шаралар жүргізу
Биржалық сауда – ұйымдастырылған нарықтың бір түрі, яғни нормативті актілерде жазылып, қалыптасқан ережелер негізінде жүргізілетін нарық.
Ұйымдасқан нарықтың әр түрлі формаларда немесе ұйымдасқан нарықтың әртүрлі формаларының пайда болуы, жеке өндіріске сұраныстың дамуына байланысты және тауар мен қызмет көрсетуді тұтынушылардың, өндірісшілердің өзара байланысындағы ара қатынасқа тәуелді.
Нарық түсінігі – жеке меншіктің капиталға айналу негізіндегі өндірістік қатынастар барысындағы сан алуан процестерден тұрады. Алайда, биржалық іс-әрекетте нарық түсінігі – тек сатып алу – сату процесіне байланысты қатынастардан тұрады. Бұл жағдайда ұйымдасқан нарық – кез-келген актив, қызмет, бағалы қағаздар тағы басқаларды сатып алу – сатуға байланысты ұйымдасқан белгілі бір қатынастар жүйесі.
Нарықтағы негізгі саудаға түсетін тауар, қызмет түріне байланысты әр ұжым өзінің мамандық саласын белгілейді. Кез-келген ұйымдасқан нарықтың өзіне тән белгілері болады:
– активтерді есептеу және қою, сауда жасаудың бекітілген ережелері;
– сұраныс пен ұсыныстың уақыт кеңістігіндегі көрінісі;
– мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың нарық жұмысына бақылауы.
Ұйымдасқан нарық – басқаша айтқанда – тәртіпке келтірілген рынок. Алайда оның айналысатын тауар, қызмет көрсету ісіне байланысты сатып алу – сату, жалпы сауда жасау ережелері өзгеріп отырады. Сауда жасау ережелері ұзақ жылғы тәжірибеге сүйеніп жасалады. Сондықтан да осы ережелерді жасап, бекітіп және нарыққа қатысушыларға жеткізіліп, оның орындалуын бақылап отыратын арнайы ұйым болуы керек.
1. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан». «Ана тілі» газеті № 10 наурыздың 8-і, 2007 жыл.

2. Биржевое дело. Авторы: В. А. Галаганова, А. И. Басова. Москва 2000 год.

3. Экономика: учебник для юристов. Автор: Д. В. Валовой 2-изд.
Москва 2002 год.

4. Биржа и ценные бумаги: словарь. Авторы: Л. Ш. Лозовский, Б. А. Райзберг. Москва «Экономика» 2001 год.

5. Финансы предприятий (учебное пособие). Авторы: Е. И. Бородина, Ю. С. Голикова, Н. В. Колчина, З. М. Смирнова. Москва «Банки и биржи», «Юнити» 1995 год.

6. Финансовые рынки: Программный курс. Санкт-Петербург «Экономическая школа» 1994 год.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және ғылым министрлігі

К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С

ТАҚЫРЫБЫ: Биржаларда сатып алу – сату
шарттары

ОРЫНДАҒАН:
Тексерген:

Жоспар

I. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.. 3-5 беттер

Ұйымдастырылған нарық туралы ұғым

II. Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-12
беттер

Биржалық келісімдер және оны жасасу тәртіптері

а) Биржалық келісімдердің мақсаты мен мазмұны

ә) Келісімдердің түрлері мен ерекшеліктері

б) Тауар, қор және валюта биржаларындағы келісімдер жасасудың түрлері,
ерекшеліктері және тәртібі

III. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-13 беттер

Халықаралық рыноктардың талаптарына сай қағидаттық жаңа тұрғыдан шаралар
жүргізу

Кіріспе

Ұйымдастырылған нарық туралы ұғым

Биржалық сауда – ұйымдастырылған нарықтың бір түрі, яғни нормативті
актілерде жазылып, қалыптасқан ережелер негізінде жүргізілетін нарық.
Ұйымдасқан нарықтың әр түрлі формаларда немесе ұйымдасқан нарықтың
әртүрлі формаларының пайда болуы, жеке өндіріске сұраныстың дамуына
байланысты және тауар мен қызмет көрсетуді тұтынушылардың, өндірісшілердің
өзара байланысындағы ара қатынасқа тәуелді.
Нарық түсінігі – жеке меншіктің капиталға айналу негізіндегі
өндірістік қатынастар барысындағы сан алуан процестерден тұрады. Алайда,
биржалық іс-әрекетте нарық түсінігі – тек сатып алу – сату процесіне
байланысты қатынастардан тұрады. Бұл жағдайда ұйымдасқан нарық – кез-келген
актив, қызмет, бағалы қағаздар тағы басқаларды сатып алу – сатуға
байланысты ұйымдасқан белгілі бір қатынастар жүйесі.
Нарықтағы негізгі саудаға түсетін тауар, қызмет түріне байланысты әр
ұжым өзінің мамандық саласын белгілейді. Кез-келген ұйымдасқан нарықтың
өзіне тән белгілері болады:
– активтерді есептеу және қою, сауда жасаудың бекітілген ережелері;
– сұраныс пен ұсыныстың уақыт кеңістігіндегі көрінісі;
– мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың нарық жұмысына бақылауы.
Ұйымдасқан нарық – басқаша айтқанда – тәртіпке келтірілген рынок.
Алайда оның айналысатын тауар, қызмет көрсету ісіне байланысты сатып алу –
сату, жалпы сауда жасау ережелері өзгеріп отырады. Сауда жасау ережелері
ұзақ жылғы тәжірибеге сүйеніп жасалады. Сондықтан да осы ережелерді жасап,
бекітіп және нарыққа қатысушыларға жеткізіліп, оның орындалуын бақылап
отыратын арнайы ұйым болуы керек.
Ұйымдасқан нарық болуы үшін, белгілі бір мөлшерде оның қатысушылары
болуы қажет. Сауданы жүргізу ережелерін жасап, керекті ұйымды құрып алып,
сатушылар мен сатып алушылардың жеткілікті болмауы жаңа ашылған немесе
бұрыннан келе жатқан нарық орны үшін барлық істі жоққа шығарады.
Нарыққа байланысты мемлекет әрқашан белгілі бір саясат ұстанады. Бұл
нарық қызметінен тек фискалды жағы – салық алу немесе нарықты дамыту үшін
қолдау көрсету болуы мүмкін. Дегенмен, бұл ұйымдаспаған, стихиялы нарықтың
жол алмауына бөгет болып, дұрыс сауда жасау мәдениетінің қалыптасуына ықпал
етеді.
Ұйымдастырылған нарықты төмендегідей классификациялауға болады:
– сауда жүргізу активінің түріне байланысты;
– ұйымдасу деңгейіне;
– пайда болу бағытына;
– сауда жасау формаларына.
Саудаға түсіру активінің түріне байланысты ұйымдастырылған нарық
төмендегідей бөлінеді:
– ұйымдасқан тауар рыногы;
– бағалы қағаздар рыногы;
– банк несиелерінің рыногы;
– валюталық рыноктер.
Ұйымдастыру деңгейіне байланысты рыноктарды шартты түрде былай
классификациялауға болады:
– шамалы ұйымдастырылған – сауда жүргізу процестерінде сауда жасау
ережелері толық сақталмайды;
– ұйымдастырылған – сауда жүргізу процестерінде сауда жасау ережелері
негізінен сақталады;
– жоғары ұйымдастырылған – сауда жүргізу процестеріне сауда жасау
ережелері толық бақылау жасайды.
Ұйымдастырылған нарық пайда болу түріне байланысты мынадай болып
бөлінеді:
– өз-өздігінен ұйымдастырылған – яғни сауда процесіне қатысушылардың
өздері ұйымдастырған;
– орталықтандырылған – яғни мемлекет ұсынысымен ұйымдастырылған рынок.
Сауда жасау түрлеріне байланысты:
– ұйымдастырылған көтерме сауда рыногы;
– ұйымдастырылған бөлшек сауда;
– биржалық рыноктар.
Тарихи-ғылыми деректерге сүйенсек, ұйымдастырылған және ұйымдаспаған
нарық түрлеріне бөліну өткен ғасырдың 30-шы жылдарына дейін маңызды орын
алып келген.
Ал, қазіргі заманда барлық дамыған елдерде нарық міндетті түрде толық
ұйымдастырылған, бақылауға алынып, басқарылады. Алайда, бұл
ұйымдастырылмаған, бақылаусыз нарықтың жоқтығына дәлел емес. Нарық
шаруашылығы таусылғанша, ұйымдастырылмаған рыноктарда бола береді.
Нарықтық процестің салмағын әрине тек ұйымдастырылмаған рынок қана
көрсете алады.

Негізгі бөлім

Биржалық келісімдер және оны жасасу тәртіптері

Биржалық шарт – биржалық тауарға байланысты құқықтар мен міндеттерді
табыстау туралы өзара келісім, ол саудаға қатысушылардың биржалық сауда
барысында іске асады, биржалық шартта белгіленген тәртіппен тіркеледі және
көрініс табады.
Биржада шарт жасасқан кезде, оның төрт жақтарын ескеру қажет:
1) құрылымдық (ұйымдастырылған) – шарт жасасу үшін қажетті іс-қимылдар
тәртібін және осыған байланысты пайдалынылатын құжаттарды көрсетеді;
2) экономикалық – шарт жасасқан кезде, оның тиімділігін және тәуекелін
ескере отырып шарттың жасасу мақсатын көрсетеді;
3) құқықтық – шарт бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін және
олардың меншіктік жауаптылығын белгілейді;
4) этикалық – келісімдер қоғамдық көзқарастың көрінісін береді. Осы
көзқарастан белгілі нормалардың, келісім жасасқан кездегі тәртіп
ережелерінің сақталуы және болуы қажет. Этикалық жақ мәміле жасасудың
биржалық тауарларға сенім дәрежесін және оған жеке салымшының өзінің
жинақ ақшасын салуға ықыласын көрсетеді.
Жоғарыда айтылған келісімнің аспектілері өзінің көрінісін оның
мазмұнында табады, яғни, келісім жасасып отырған тараптардың өзара
келісімі бойынша шешілетін сұрақ шеңберін қамтиды. Бағалы қағаздар
келісімдері негізінде келісім мазмұнын мысал ретінде қарастырайық.
Келесілер осының ішінде міндетті болып табылады:
– келісім объектісі, яғни, сатып алынатын және сатылатын бағалы
қағаздар;
– келісім мөлшері – сатып алынатын және сатылатын бағалы қағаздардың
мөлшері;
– келісім жасасудың бағасы;
– келісімнің орындалу мерзімі, яғни, сатушы ұсынуға, ал, сатып алушы
құнды қағаздарды қабылдауға міндеттенеді;
– келісім бойынша есеп айырысу мерзімі, яғни, сатып алушы құнды қағаздар
үшін төлеуге міндеттенеді.
Әр келісім жасасу өзінің өмірлік циклын қамтитын принципті сызба
нұсқасына ие (1.1 суреті).

Келісімдердің түрлері мен ерекшеліктері

Келісім жасасудың тәсіліне қарай, құнды қағаздарға байланысты шарт
жасасуды бекітілген және бекітілмеген деп бөледі. Бекітілген мәмілелер,
мәміле талаптарының толықтыруын келісуді немесе өлшемінің (параметр)
тексеруін қажет етпейді, яғни, осындай келісімдерге өмірлік цикл қосады:
– қорытынды;
– клиринг және есеп айырысулар;
– келісім орындалуы.
Бекітілген келісімдерге жазбаша нысанда, компьютерлі (электронды)
желілері арқылы және талаптары өзара келісіліп жасалған шарттарды
жатқызады. Бекітілмеген мәмілелерге, ауызша нысанда немесе телефон
желілері арқылы жасалған, талаптардың және олар үшін есеп айырысулардың
толықтыруын келісуді қажет ететіндерді жатқызады.
Келісімнің өмір циклының бірінші кезеңін қарастырғанда, айта кету
керек, биржалық тауар келісімдері тікелей сатушы мен сатып алушы
арасында, яғни, тікелей немесе делдал арқылы жасалады. Сол уақытта шарт
жасасудың әртүрлі тәсілі болады.
Егер келісім жасасу делдалдың қатысуынсыз болса, онда өзара қарым-
қатынас тікелей сатушы мен сатып алушы арасында орнайды (1.2 суреті).
Мұндай келісімдер делдалдар арасында шарт жасасқан кезде нарықтық
берекесіздікте (көше рыногі), ұйымдастырылған нарықта және де биржадан
тыс компьютерлік (электрондық) саудада орын алады.
Делдалдардың қатысуымен өтетін мәміле жасасулар күрделі тәсімге ие.
Негізінде делдал ретінде брокер шыға алады, оның міндеттерін банк немесе
ірі компания атқарады. Ол сатушыға да, сатып алушыға да көмек көрсете
алады (1.3 суреті).

Бірақ келісімнің орындалуын сатушы мен сатып алушы ғана қамтамасыз
етеді, брокер тек қана сатып алушыға сатушыны табады және керісінше
сатушыға сатып алушыны іздейді. Бұндай шарт жасасулар биржадан тысқары
рынокқа тән.
Биржа нарығында екі брокердің болуы керек екендігі заңдылық, олардың
біреуі сатушының мүдделерін білдірсе, ал екіншісі – сатып алушының
мүдделерін білдіреді (1.4 суреті).

Сатушы мен сатып алушы арасында осындай байланыстың тәсімі биржадан
тысқары рыногінде де болуы мүмкін. Биржа және биржадан тысқары
нарықтарында сатушы мен сатып алушы делдал арқылы байланыста болу мүмкін,
бірақ бұл жерде олар бір-бірімен тікелей байланыста бола алмайды (1.5
суреті).

Бірақ биржаға ең тән нәрсе, ол брокерлар және дилерлер арасындағы
байланыс тәсімі, яғни қос делдалдық жүйе (1.6 суреті).

Егер шарт жасасулар делдал арқылы істелсе, онда тапсырыскер (клиент)
(сатушы немесе сатып алушы) делдалмен тапсырма шартына немесе комиссия
шартына отырысу керек.
Тапсырыскердің мәртебесіне қарай келісімдерді бөлу қажет көтермеге,
олар тапсырма бойынша және институционалды инвесторларға арналып іске
асады және бөлшек саудаға, олар жеке тұлғаларға, яғни жеке инвесторларға
жасалады. Көтерме келісімдер жасасқанда институционалды инвесторларға
жүктелетін шектеулерді ескеру қажет. Мысалы, бюджеттен тыс қорларда тек
қана мемлекеттік құнды қағаздармен мәміле жасасуға болады, инвестициялық
қорлар бағалы қағаздарды сатып алу үшін бір эмитентінің 5 % - нен артық
өзінің жарғылық капиталын және т.б. жібере алмайды.
Келісім жасасудың ұйымдастырылуына қарай олар биржалық және биржадан
тысқары болып бөлінеді. Бұнда биржалық және биржадан тысқары шарттар бола
алады дереу орындалатын және мерзімдік.

Тауар, қор және валюта биржаларындағы келісімдер жасасудың түрлері,
ерекшеліктері және тәртібі

Жалпы белгілері бар келісімдер өзінің ерекшеліктеріне ие.
Валюта биржасындағы келісімдер кассалық (немесе спот мәмілелері)
және мерзімдік (форвард мәмілелері) (1.7 суреті).

Спот мәмілесі, оның жасасу мерзімі орындалу мерзімімен дәлме-дәл
келіп және де бұндай мәміле жасасқанда валюта сол уақытта қойылу керек
екендігімен сипатталады (көбінесе шарт жасасқан кейін екі жұмыс
күндерінен кешікпей). Бұл келісімнің қызықтығы, сатып алушы оған керекті
валютаны алады, ал сатушы – ақшаны – отандық валютаны талап етілген
мерзімде, бұндай шарттарда тәуекел ең төмен деңгейде.
Мерзімді валюталық шарт жасасудың мәні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар биржасы және оның нарықтық экономикадағы орны
Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестерімен келісімдік қатынастары
Тапсырыс шарттары
Тауар биржалары: мәні және даму жолдары
Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы мәселелер
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері
Бағалы қағаз
Кәсіпкерлік қызмет –экономикалық категория
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Екінші деңгеңгейлі банктердің бағалы қағаз операциясының есебі
Пәндер