Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы бөлімшелерінің құқықтық жағдайы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ АКАДЕМИЯСЫ
Әкімшілік-құқықтық саясат кафедрасы
ӘҚС кафедрасының бастығы, з. ғ. к. полиция полковнигі К. Ы. Аймашев
қорғауға
(жіберілді, жіберілмейді)
«» 2010 ж.
Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы
«Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы бөлімшелерінің құқықтық жағдайы» тақырыбына
050303 «Құқыққорғау қызметі» бакалавриат мамандығы бойынша
Орындаған: Абубакиров Даулет Бахитовичтың
әкімшілік құқықтық мамандық,
2006 жылы қабылдаған 409 оқу тобы
Ғылыми жетекші: Әкімшілік-құқықтық саясат кафедрасының бастығы,
з. ғ. к., полиция полковнигі
Аймашев Кеңес Ылайықұлы
АЛМАТЫ 2010
Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. ҚР Ішкі істер органдарының арнайы бөлімшелерінің құқықтық
жағдайы . . . 5
2. ҚР Ішкі Істер органдарының арнайы бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру . . . 14
3. ҚР Ішкі Істер органдарының арнайы бөлімшелерінің қызметін жетілдіру жолдары . . . 31
4. Ланкестіктің ұғымы және шығу тарихы . . . 34
Қорытынды . . . 67
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 70
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі жаппай тәртіпсіздіктердің, топ болып құқық бұзушылықтардың жолын кесу үшін және төтенше жағдайлар туындаған кезде, террористік немесе экстремистік актілер туынду қаупі туғанда қоғамдық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін құрылған жедел қимылдайтын арнайы жасақтардың құқықтық жағдайын талқылаудан тұрады.
Бүгінгі таңда біздің қоғамызда ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған қылмыстар саны әлі күнге дейін артып отырғандықтан ІІМ арнайы бөлімдерінің қызметінің маңызы күннен-күнге артуда.
Ішкі істер органдарының арнайы бөлімшелерінің құқықтық жағдайы бұл диплом жұмысының тақырыбын ашуда арқау болады.
Қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуына және қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етілуіне бақылау жасайтын полицияның арнайы қызметтері бар. Олар арнайы нысандағы үлгіде киім киіп, қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау міндетімен айналысатын арнайы бөлімшелерінің қызметі болып табылады. Әсіресе соңғы кездері қоғамдық орындарда құқық бүзушылықтар орын алып, олар бойынша тез арада шешім қабылдау, олардың алдын алу мен тыюда патрульдік-полицияның алатын орны ерекше.
Зерттеу жұмысының мақсаты - ІІО-ның арнайы бөлімдер қызметінің ерекшеліктерін талқылау. арнайы бөлімдердің құқықтық жағдайын талдау арқылы олардың құқықтық жағдайларының ерекшеліктеріне тоқталу.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
- ішкі істер орагандарының арнайы бөлімдерінің құқықтық мәртебесін талдау;
- ішкі істер орагандарының арнайы бөлімдерінің қызметінің ерекшеліктерін ашу;
- ішкі істер орагандарының арнайы бөлімдерінің құқықтық мәртебесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының заты және объектісі. Зерттеудің объектісі ішкі істер органдарының арнайы бөлімшелерінің қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қаматамасыз етудегі құқықтық жағдайын талдау.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі үш сұрақтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ҚР Ішкі істер органдарының арнайы бөлімшелерінің құқықтық
жағдайы
Заңға сәйкес әрбір органның құқықтары мен міндеттері болаты белгілі, біздің қарастырып отырған жедел қыймылдайтын арнайы отрядтардыңда өздеріне тән арнай құқықтары мен міндеттері бар. Сондықтан біз жедел қыймылдайтын арнайы отрядтардың құқықтық жағдайын саралап өтеміз.
Жылдам қимылдайтын арнайы отряд Қазақстан Республикасының заңдарына және оған жүктелген міндеттерге сәйкес, мынадай:
- ірі қоғамдық саяси, спорттық, мәдени көпшілік жэне де басқа бұқаралық іс шараларды өткізген кезде патрульдік қызметті атқару, оның ішінде ІІО саптық бөлімшелерімен және ҚР ІІМ ішкі әскерлерімен қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті камтамасыз ету мақсатында өзара іс қимыл жасау;
- лаңкестікке қарсы немесе басқа да қарулы қылмыскерлерді ұстау, қылмыстық топтардың, қарақшылық құрамалардың, лаңкестік топтардың мүшелерін ұстау, кепілдікке алынғандарды босату, ғимараттарға, үй жайларға, құрылыстарға, көлік құралдарына шабуылды тойтару немесе оларды заңсыз басып алынғанда босату бойынша арнайы операцияларға қатысу;
- топталып қоғамдық тэртіп бұзушылыктың, жаппай кесу және алдын алу;
- жедел жағдайлары қиын аудандарда, табиғи апаттар, катастрофалар, эпидемия, эпизоотия зардаптарын жою кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше немесе әскери жағдайлар режимін қолдау функцияларын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Ішкі әскерлер комитеті, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттерінің, облыстардағы ішкі істер департаменттерінің - Ішкі істер басқармаларының бастықтары спорттык, мәдени және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылатын қалалық, аудандык ішкі істер органдары басшылығының, ішкі әскерлердің әскери құрамалары, жедел мақсаттағы бөлімдері мен арнайы моторландырылған бөлімдері қолбасшылығының, патрульдік полицияның, ішкі істер органдарының басқа да қызметтері мен бөлімшелері жеке құрамы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N619 бұйрығымен бекітілген Спорттық, мәдени және өзге де бұкаралық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұскаулықты оқып-үйреніп ұйымдастырады. Көрермендердің қатысуымен өтетін Спорттық, мәдени және өзге де бұқаралық іс-шаралар қоғамдық тәртіп пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін міндетті түрде ішкі істер органдарының және Мемлекеттік өртке қарсы қызметін тарта отырып өткізіледі.
Жоспар бойынша бұқаралық іс-шаралар өткізетін ұйымдар, Спорттық, мәдени және өзгеде ғимараттардың әкімшілігі және ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің органдары оларды өткізу кезінде өз кұзыреті шегінде қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігі үшін кажетті жағдайларды қамтамасыз етуге жауап береді. Бұқаралық іс-шаралар Спорттық, мәдени және өзге де ғимараттарда және ішкі істер органдары мен ТЖА-ның Мемлекеттік өртке қарсы қызметі тартыла отырып, мемелкеттік комиссиялар мен төреші алқалары ресми түрде пайдалануға қабылдаған жерлерде оларды өткізуге қатысушы барлық ұйымдардың ғимараттарды инженерлік жүйелерді спорттық-технологиялық жабдықтар керек-жарақты пайдаланудың қолданыстағы нормалары мен ережелерін, сондай ақ нұскаулықтарға сәйкес баска да нормативтік актілерді сақтаған жағдайда ғана өткізіледі.
Ішкі істер органдарының өзге де мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен өзара іс-қимылы
Ішкі істер органдары:
1) өзге құқық қорғау органдарымен, соның ішінде анықтама мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдармен;
2) қоғамдық тәртіпті қорғау мен коғамдық кауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, қоғамдық тәртіпті сақтауда, қоғамдық қауіпсіздікті камтамасыз етуде, қылмыс пен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуда, анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеуде ішкі істер органдарына жәрдем жасауға міндетті.
Авариялардың, өрттің, апатты жағдайлардың зардаптарын жою кезінде және басқа да төтенше жағдайларда қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Жаппай тәртіпсіздіктерді, соның ішінде түзеу мекемелеріндегі жаппай тәртіпсіздіктерді тыюға, әскери қарауылдардың күзетуінен кашқан сотталғандарды іздестіруді жүзеге асыруға қатысады.
Арлан бөлімшесінің негізгі функциялары:
- Бөлімшенің алдына қойылған міндеттері іске асыруға тікелей қатысу;
- кәсіби шеберлікті ұдайы жетілдіру және әскери дайындықты ұстаптұру;
- қарулы қылмыстық топтар мен қауымдастықтарды жою жөніндегіарнайы операцияларды әзірлеу және өткізу;
- қылмыстық ортаның «серкелері мен «беделділерін», бопсалаушылар, қару сатушылар және есірткі сатушылар топтарынұстауды қамтамасыз ету;
5. бөлімшеге қабылдау үшін үміткерлерді іріктеу, тексеру, зерделеу
жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;6. бөлімшенің оқу материалдық және техникалык базасын дамыту
және жетілдіру;
7. бөлімше жеке құрамының әскери кызметтік, жедел дене шынықтыру және арнайы даярлық бойынша оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
8. қол жеткізілген үкіметаралық келісімдерге сәйкес Бөлімшенің басшы және жедел құрамын шетелдердің осындай бөлімшелерінің оқу жаттығу базаларына тағылымдамаға және оқуға жіберу болып табылады.
Бөлімше оған жүктелген міндеттерді орындау үшін ҚР заңнамасына сәйкес және өз құзыреті шегінде:
- қару мен арнайы кұралдарды ұстауға және колдануға;
- ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда барлық тұрғын үйлерге, өндірістік және басқа да үй жайларға кедергісіз енуге, сондай ақ азаматтарды құтқаруға бағытталған өзге де шаралар қабылдауға, кәсіпорындар мен ұйымдардың аумағына және үй жайларынакіруге (шетел мемлекеттері үкіметтері мен дипломатиялық иммунитеті бар халықаралык ұйымдардың үй жайларын қоспағанда) ;
- арнайы жедел іс шараларды өткізу кезеңінде шектеуге, құжаттарды тексеруді жүзеге асыруға, жекетінту және көлік қүралдарына тінту жүргізуге;
- арнайы жедел іс шараларды өткізу кезеңінде кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың байланыс құралдарының барлықтүрлерін, көлік құралдарын пайдалануға;
- жасырын жедел құжаттарды және автокөлік нөмірлерін ұстауға, сондай ақ арнайы жедел ісшаралар өткізу кезінде ҚР өзге де министрліктері менведомстволарының киім кешек нысанын пайдалануға құкылы.
Бөлімшенің қызметкерлері арнайы операцияларды өткізу кезінде, олардың барлық іс әрекеттері заңнамаға сәйкес жүзеге асырылған болса, қаруды, арнайы құралдар мен әдістерді қолдану арқылы келтірілген зиян жауапқа тартылмайды'. 1
Атыс қаруы, арнайы құралдар және күш қоғамдық қауіпті
әрекеттерге тыйым салу, құқық бұзушылық пен нақты ахуал ескеріле отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және ішкі істер органдарына жеткізу мақсатында қолданылады. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы ҚР Заңына сәйкес Ішкі істер органдарының қызметкерлері күш пен арнайы құралдарды, соның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін, қол кісендерін, резина таяқты, көзден жас ағызатын заттарды, назарды басқа жаққа аудартатын жарық-дыбыс құрылғыларын, үй-жайларды ашуға, көлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылгыларды, суатқыштарды, қызмет жануарларын, бронды машиналар мен тізбесін Үкімет белгілейтін басқа да арнайы және көлік қүралдарын:
I ) азаматтарға, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен коғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметтік немесе қоғамдык борышын атқарып жүрген басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
2) кепілге алынған адамдарды босату, жаппай тәртіпсіздіктер мен және қоғамдык тәртіпті топтасып бүзуды тыю үшін;
3) азаматтарға, үйымдарға және мемлекеттік органдарға тиесілі үйлерге, ұй-жайларға, ғимараттарға, көлік құралдарына, жер учаскелеріне жасалган шабуылды тойтару үшін, сол сияқты басып алудан босату үшін;
4) егер құқық бұзушылар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне,
қоғамдык тәртіпті қорғау, қоғамдык қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде өздеріне жүктелген міндеттерді атқарып жүрген басқа да адамдарга бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, оларды ұстау, ішкі істер органдарына жеткізу үшін, ұсталған, әкімшілік қамауға алынған адамдарды не олардың қашып кетуі немесе айналадағыларға не өзіне зиян келтіруі мүмкін деп санауға толық негіздер болса, айдап апару және күзету үшін, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің өздеріне заңмен жүктелген міндеттерін орындауына қасақана кедергі келтіретін адамдарға қатысты қолдануға құқығы бар.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша
іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдау
Әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауда сезікті адамды анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде толтыру мүмкін болмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру, істің уақытылы және дұрыс қаралуын және іс бойынша қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының уәкілетті лауазымды адамы өз құзыреті шегінде жеке адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ететін мынадай шаралар қабылдауға:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткізуге;
2) жеке адамды әкімшілік түрде ұстауға;
3) күштеп алып келуге;
4) жеке тексеру және көлік құралын, шағын көлемді кемені және заттарды тексеріп шығуға;
5) құжаттар мен заттарды алып қоюға;
6) көлік құралын немесе шағын көлемді кемені жүргізуден шеттеуге және оның алкогольден, есірткіден, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мас болуын куәландыруға;
7) көлік құралын немесе шағын көлемді кемені ұстауға құқылы;
8) жүргізуші куәлігін алып қою;
9) тірі адамдарды, оның өзімен бірге болған заттарын, құжаттарды, табылған іздерді, материалдық бағалы заттарды және болған жерді тексеруге құқылы.
Құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру міндетті болып, оны сол жерде толтыру мүмкін болмаса, хаттаманы толтыру мақсатында жеке адамды жеткізу, яғни мәжбүрлеп алып жүру жеке адам Кодекстің 619-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда жүргізіледі.
Әкімшілік ұстауды, яғни жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, оның құқыққа қарсы әрекеттерінің шолып кесу мақсатында белгілі бір уақыт ішінде арнайы орында мәжбүрлеп ұстау арқылы іс-әрекет жасау және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыруды ішкі істер органдары (полиция) Кодекстің 620-бабындағы 1 тармақта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде жүргізеді.
Әкімшілік ұстау туралы хаттама толтырылады және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған адамның өтініші бойынша оның болатын жері туралы түпнұсқалары, жұмыс немесе оқу орнындағы әкімшілік, сондай-ақ қорғаушысы хабардар етіледі. Кәмелетке толмаған адамның ұсталуы туралы оның ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға міндетті түрде хабарландырылады. Әкімшілік ұстау үш сағаттан көп созылмайды, ал төтенше жағдайда тәртіп бұзғандарды ішкі істер органдарының қызметкерлері (полиция) коменданттық сағат аяқталғанға дейін, ал құжаттары жоқ адамдарды - олардың кім екендігі анықталғанға дейін, бірақ қырық сегіз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.
Әкімшілік ұстау қолданылған адамдар санитарлық талаптарға жауап беретін және оларды өз еркімен тастап кету мүмкіндігін болдырмайтын арнайы бөлінген үй-жайларда ұсталады.
Өзіне қатысты әкімшілік жазалау шараларының бірі ретінде әкімшілік тұтқындауға әкеліп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін, бірақ қырық сегіз сағаттан аспайтын уақытқа әкімшілік ұстауға тартылуы мүмкін.
Әкімшілік ұстаудың мерзімі жеке адам ішкі істер органына жеткізілген сәттен, ал мас болса - оны медициналық қызметкер айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледі.
Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру қажет болған жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдарын не оның тікелей объектілерін табу мақсатында жүргізіледі.
Жеке адамда өзін қоршағандардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін қару немесе өзге де заттар бар екендігіне негіздер болған ерекше жағдайларда жеке басын тексеру, заттарын тексеру ол туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарлау арқылы куәгерлерсіз жүргізілуі мүмкін.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде және тергеу изоляторлары (ТИ) тексеруден жасырын кез келген тәсілмен өткізу кезінде анықталған тыйым салынған заттар алып қойылады. Қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін емес алып қойылған заттар қайтарылу себептері түсіндіріле отырып, алып қойылған адамға қайтарылады. Алкогольдік ішімдіктерді, есеңгірететін әрекеті бар дәрі-дәрмектер мен басқа заттарды, ақшаны, азық-түлікті аталған мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған бұйымдар мен басқа да заттарды тексеруден жасырын өткізу немесе кез келген тәсілмен беру әрекеттері анықталған жағдайда жеке тексеру, заттарды тексеріп шығу (оларды жүргізу кезінде) хаттамасы, сондай-ақ әрқайсысы екі данада жазылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады. Хаттаманың екеуі де әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу толтырылады. Жедел-басшы құрам адамдары УҰИ жағдайларында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға уәкілетті лауазымды адамдар болып табылады. Көрсетілген адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін бастапқы материалдар жинауды дереу жүзеге асырады.
Көрсетілген лауазымды адамдар үш сағат ішінде құқық бұзушыны және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жиналған материалдармен бірге аумақтық ішкі істер органына жеткізеді, сол жерде оларды көрсетілген құжаттармен қоса рапорт бойынша ішкі істер органының кезекшісіне материалдарды одан әрі қарау және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шешім қабылдау үшін тапсырады.
Жеке адамды тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру туралы хаттама жасалады. Жеке адамды тексеру туралы хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға, оның заңды өкіліне тапсырылады.
Іс қаралғаннан кейін шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар мен заттар олардың иесіне қайтарылады немесе тәркіленеді, немесе сақталады немесе белгіленген тәртіппен жойылады. Алып қойылған заттар мен құжаттар туралы хаттама жасалады, оның көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға тапсырылады.
Кодекстің 627-2-бабында көзделген тәртіппен қажеттілік туындаған жағдайда тексеру, әдетте, дереу жүргізіледі.
Оның мас екендігіне жеткілікті негіздер болатын көлік құралын жүргізуші адам көлік құралын жүргізуден шеттетілуі және мас екендігін куәландырылуы тиіс.
Көлік құралын жүргізуден шеттетуді, мас екендігін куәландыруды және медициналық куәландыруға жіберуді жол полициясының лауазымды адамдары жүргізеді.
Оның мас екендігіне жеткілікті негіздер болатын жүргізушіні көлік құралын жүргізуден шеттетуге жол полициясының лауазымды адамдарымен қатар полицияның учаскелік инспекторлары, сонымен қатар, ішкі істер органдарының басқа да қызметкерлері құқылы, олар бұл жағдайда тәртіп бұзушылық фактісін құжат арқылы бекітіп, жүргізушіні және көлік құралын таяу жердегі ішкі істер органына жеткізу жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Әйелелдерге, мүгедектік белгілері анық адамдарға, жас балаларға қарсы, олар айналадағылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен реттерді қоспағанда, арнайы құралдар мен тәсілдерді қолдануға тыйым салынады.
Ішкі істер органдары қызметкерлері атыс қаруын мына жағдайда қолданады:
1) азаматтарды қылмыстық қол сұғудағы корғау, сол сияқты кепілдерді босату үшін;
2) ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олардың отбасы
мүшелеріне, қоғамдык тәртіпті қорғауга, коғамдық кауіпсіздікті камтамасыз ету және қылмысқа карсы күрес жөніндегі қызметтік немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;3) азаматтардың тұрғын жайларына, ішкі істер органдары күзететін
объектілерге, мемлекеттік ұйымдардың үй-жайларына жасалган шабуылды тойтару, қызметтік немесе әскери нарядқа жасалған шабуылды тойтару үшін;4) қарсылық көрсеткен немесе қылмыс үстінде көзге түскен, қамаудан қашқан адамдарды (әкімшілік қамауға алынғандардан басқа) ұстау, қарулы адамдарды ұстау үшін;
5) егер жүргізуші ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаса және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірсе көлік құралдарына ақау келтіру жолымен тоқтату үшін;
6) хайуанаттар шабуылынан қорғану үшін;
7) дабыл белгісін беру немесе көмек шақыру үшін қолдануға қүқығы бар.
Әйелдерге және кәмелетке толмағандарга қарсы, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепілге адам алған, көлік кұралдарын, соның ішінде әуе кемесін басып алған не топтасып шабуыл жасаған реттерді қоспағанда. кару қолдануға тыйым салынады.
Қару колданылған барлық жағдайларда ішкі істер органдарының
қызметкері айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшін қажетті шараларды қолдануға, қару қолданғаны жөнінде тікелей бастығына баяндауға міндетті. Кісі қазасына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеліп соққан қару және арнайы құралдар қолданудың әрбір оқиғасы жөнінде прокурорға дереу хабарланады.
Құкық бұзушыларды үйдің кіреберісінде (баспалдақ алаңқайында) ұстау:
1) тұрғын үйдің кіреберісінде қаруланған құқық бұзушылардың болуы туралы мәліметтер алғанда арнайы бөлімшелердің қызметкерлері кіреберіске жасырын, қабырға бойымен жақындауы кажет;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz