Нарықтық экономика жағдайындағы жұмыссыздық
Кіріспе
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
1.2 Жұмыссыздықтың әлеуметтiк.экономикалық салдары және оны
төмендету жолдары
1.3 Қазақстандағы әлеуметтік саясатты іске асыру формалары
2 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасы
2.2 Жұмыссыздықтың экономикаға тигiзер әсерлерiн бағалау
2.3 Жұмыссыздық деңгейін бағалаудың көрсеткіштері және оның есептеу әдістері
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПРОБЛЕМАСЫН ШЕШУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жұмыссыздық деңгейін бағалаудың тиімді экономикалық тетіктері
3.2 Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату – сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы жұмыссыздық деңгейін бағалаудың әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде жұмыссыздық деңгейін бағалау тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. К.Маркс- өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды бағалауде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің жұмыссыздық деңгейін бағалау мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады..
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейін бағалау мен халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру, облыстың экономкалық және т.б. ерекшеліктеріне байланысты ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді облыстық экономика мен жұмыссыздық деңгейіның байланыстылығын жүйелі түрде зерттеп, тиімді саясат арқылы шешу теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді.

1. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президентінің халықққа жолдауы, 28 ақпан 2012ж
2.А. Байболова, «Халықты жұмыспен қамту», Саясат №4, 2006ж.
3. К.Маркс. Капитал Т1- Маркс К., Энгельс Ф.шығ.жин.,23т.189 б.
4. Курс экономики: Учебник – 3-е изд. доп./ Под ред. Б.А.Райзберга. – М.: Инфра-М, 2001 - 716с.
5.Социология. Лекциялар курсы. Жалпы ред. Басқарған профессор Ә.Х.Тұрғынбаев – Алматы.: «Білім», 2002. –160 б.
6. Курс экономической теории: Учебник/Под ред. Чепурина М.Н., Киров, 1995г., с. 233-248
7. Заславский И. К новой парадигме рынка труда// Вопросы экономики-1999, №2, С.83-91.
8. Курс экономики // Под ред. Б.А. Райзберга.- М.: 1998 , -720 с.
9. Долан Э.Дж. Микроэкономика-СПб, 1995
10. Экономика /Под.ред. Буланова А.С. –М, 1995
11. Маркс К., Энгельс Ф.Соч.2-е изд.- Т. 23.-М.,Политиздат,1976.-907
12. Мамыров Н.К. и др. Формирование рынка труда в малых и средних городах Казахстана: Учебное пособие/ -Алматы: Экономика,2001.-223с.
13. Марцинкевич В.И., Соболева И.В. Экономика человека: Учебное пособие для высш.учеб. заведений.-М.: Аспект Пресс,1996- 286 с.
14. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Коллягин Б.И., Нысанбеков М.Ә. Жалпы экономикалық теория . Алматы- Ақтөбе, 2003 жыл, 365 б.
15.Саткина М.А., Гибриков Г.Г. Основы экономической теории: Учебное пособие для не әкон. спец. вузов.-М.:Экономика,1996- 367 с.
16.Экономика труда и социально-трудовые отношения (под.ред. Г.Г.Мелекьяна, Р.П. Колосовой) -М.1998-623с.
17.Сосновская Л.И. Основы теории рынка труда- СПб, 1993- 124 с
І8.Человеческое развитие в Казахстане. Материалы для учебного пособия-Алматы,2003-247с.
19. Кейнс Дж. М. Общая теория занятости, процента и денег.- М.,"Прогресс" 1978,-494 с.
20. Маслова И.С. Особенности Российского рынка труда/ Человек и труд.М.,1994,№3,С.24-29.
21. Маршалл А. Принципы экономической науки .М.,"Прогресс",
"Универс" 1994,-415 с.
22. Кенжалина Ж.Ш. Оплата труда на промышленных предприятиях. Учебное пособие.-Алматы: Экономика, 2003-166с.
23. Омаров Н.А., Бойко А.В. Формирование рынка труда и его влияние на занятость сельского населения/ Проблемы агрорынка-1999,№4 С.41-45.
24. Экономика. Учебник/ под ред.А.С.Булатова-2-е изд, М.,2000,816с.
25. Антология экономической классики.Т.1,-М:МП"Эконов", 1994,486
26.Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс. Принципы, проблемы и политика
Т. 1, Таллин, 1994,- 399 с.
27.Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Коллягин Б.И., Нысанбеков М.Ә. Жалпы экономикалық теория Алматы- Ақтөбе, 2003 жыл, 365 б.
28.Конвенция MOT №122 Конвенция о политике в области занятости. Рекомендация MOT № 122 Рекомендация о политике в области занятости/Человек и труд, 1995 №10, С.37-46.
29.Кауш И. Стратегия занятости/ Труд в Казахстане.2003,-№5,С.4-6.
30.Самуэльсон П.А.Экономика: Вводный курс: Пер.с англ.-М, 1964.605 с.
31.Дадашев А. Занятость населения и безработица в России: проблемы регулирования / Вопросы экономики, 1997, №1, С.78-82.
32. Методика определения экономической әффективности мероприятий по НОТ / Под.общ.Ред. А.П.Голова –М., Экономика, 1978.-С,.134
33. Назарбаев Н.А. Қазақстан халқына жолдауынан «Қазақстан -2030: » Каз.правдва , 12 желтоқсан 2003 ж.
34. Корицкий А.В. Введение в теорию человеческого капитала: Учебное пособие –Новосибирск: СпБУПК,2001
35. Логинова Н.Н., Семина И.А., Носонов А.М. Занятость населения и формирование рынка труда Республики Мордовия //Структурно–экономические проблемы занятости и безработицы: Международная россиско–германская научно–практическая конференция 22–23 сентября 2004 г. – Самара: Изд–во самар.гос.әкон.академ.,2004. С48–51
36. Кулекеев Ж., Катарбаева А. Трудовые ресурсы республики Казахстан–отдел методологии статистики труда и занятости Нацстатагенства РК./Деловая неделя, 1997
37. Ядгаров Я.С. «История экономических учений» учебник для вузов, 4-е переработ.и доп. – М.:ИНФРА–М 2002,
38. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И., «Жалпы экономикалық теория» –Ақтөбе-2005 ж. 7 тарау
39. Оучи У.Г. Методы организаций и американский подходы. – М.: Экономика, – 1994. с.275
40. Волков А.М. Швеция: социально–экономическая модель. –М.,1991г.
41.Ванин Н. Японский опыт, который стоит изучать и разумно заимствовать./Человек и труд.-1998,№6.С.50-53.
42.Силин А.А. Правовые аспекты сокращения численности или штата работников на предприятиях Запада и России в условиях рыночной экономики(сравнительный анализ)/Труд зарубежом.-1996.№3. С.40-55.

Мазмұны
Кіріспе
1 Нарықтық экономика жағдайында жұмыссыздықДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
1.2 Жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық салдары және оны
төмендету жолдары
1.3 Қазақстандағы әлеуметтік саясатты іске асыру формалары
2 Нарықтық экономика жағдайында жұмыссыздық деңгейін бағалау
2.1 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың
жалпы сипаттамасы
2.2 Жұмыссыздықтың экономикаға тигiзер әсерлерiн бағалау
Жұмыссыздық деңгейін бағалаудың көрсеткіштері және оның
2.3 есептеу әдістері
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПРОБЛЕМАСЫН ШЕШУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жұмыссыздық деңгейін бағалаудың тиімді экономикалық тетіктері
3.2 Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат
– ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала
береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың
мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды
жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс.
Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі
мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі
күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына
айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және
ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату – сатып алу жетілген бәсеке нарығы
жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының
ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде.
Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта
даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты
тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы жұмыссыздық деңгейін бағалаудың
әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету
тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік
қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта
даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып
отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде жұмыссыздық
деңгейін бағалау тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі,
экономикадағы алатын орны зерттелген. К.Маркс- өз еңбегінде еңбек нарығы
туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман
еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды бағалауде мемлекеттің жүргізу саясатының
қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде
теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз
болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін
үйрену еліміздің жұмыссыздық деңгейін бағалау мен халықты жұмыспен қамтудың
үлгісін жасауға негіз болады..
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейін бағалау мен халықты
жұмыспен қамту деңгейін көтеру, облыстың экономкалық және т.б.
ерекшеліктеріне байланысты ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып
отыр. Бұл мәселелерді облыстық экономика мен жұмыссыздық деңгейіның
байланыстылығын жүйелі түрде зерттеп, тиімді саясат арқылы шешу теориялық
және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді.
Еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік және жинақталған тәжірибелік
материалдар өзіндік ғылыми зерттеу жұмысын іске асыруға ықпал етті.
Дипломдық жұмыста облыстың жұмыссыздық деңгейін бағалау және халықты
жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдарын анықтады.
Олар келесідей:
-еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық негіздері
қарастырылып, авторлық анықтамасы нақтыланды;
- еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың қызмет ету тетіктерін және
әлеуметтік – экономикалық мазмұны мен факторлары анықталды;
-еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың ұлттық экономикадағы жалпы
сипаттамасы анықталды;
- Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейін қазіргі жағдайына
талдау жасалып, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлары айқындалды;
-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасын жасауға
ұсыныстар негізделді;
- Экономикалық-математикалық үлгі жасау арқылы жұмыссыздыққа ықпал
ететін факторларға талдау жасалып, анықталды;
1. Нарықтық экономика жағдайында жұмыссыздықДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Еңбек рыногында сауда-саттық объектісі болып арнайы тауар адамның
еңбек күші табылады. Нарықтық қатынастар жағдайыеда бұл тауар сатылуы
мүмкін, бірақ, белгілі бір себептерге байланысты сатып алушы табылмауы да
мүмкін, сондықтан оның иесі, яғни әлеуметтік статусы бойынша жалдамалы
жұмыскер, жұмыс табуы да мүмкін, таппауы да мүмкін, немесе жұмыссыз
болуы мүмкін [7,12].
Жұмыссыздық маңызына тоқталмас бұрын, “жұмыссыз” түсінігін
қарастырамыз.
Халықаралық ұйымдардың анықтамасына сәйкес жұмыссыздар – бұл жұмысы
жоқ, жұмыс істеуге дайын және соңғы төрт апта ішінде жұмыс іздеп
жүргендер, немесе жұмысқа орналасып, бірақ әлі жұмысқа кіріспегендер.
Мысалы, АҚШ-та заң бойынша жұмыссыздар деп: тексеру аптасы ішінде жұмыс
істемегендер, алдыңғы төрт апта ішінде жұмыс табуға тырысқандар (жалдап
алушыға немесе мемлекеттік жұмыспен қамту органдарына барғандар, болмаса
достарына барғандар); тексеру аптасы ішінде жұмыс істей алатындар; 30 күн
ішінде жұмысқа кірісуі қажет уақытша жұмыстан босатылғандар немесе жаңа
жұмысқа жалданғандар.
Жапонияда жұмыссыздар деп тексеру аптасы ішінде бір сағат жұмыс
істемегендер, Ұлыбританияда – тексеру аптасы ішінде жұмысы жоқтар, осы
апта ішінде жұмыс іздегендер немесе денсаулығына байланысты жұмыс іздей
алмайтындар немесе жұмысқа орналасу туралы келіссөз нәтижесін күтіп
отырғандар [11,65].
Қазақстанның жұмыспен қамту туралы заңына сәйкес жұмыссыздар деп
жұмысы, табысы жоқ, жұмыс іздеп жүргендер және жұмыс іздеуге дайын еңбекке
қабілетті жастағы азаматтарды айтады.
Статистикалық жинақтарда жұмыссыздарға тексеру кезінде жұмысы болмаған
(табысы бар жұмыс), жұмыспен қамту орталығы көмегімен немесе өз бетінше
жұмыс іздегендер және ұлттық заңда белгіленген уақыт ішінде жұмыс істеуге
тез арада дайын 16 жасқа толған және одан жоғары жастағы адамдарды
жатқызады. Адамдарды жұмыссыз қатарына жатқызғанда осы айтылған
критерийлердің барлығы сақталу қажет [17,55].
Жұмыссыздық – бұл еңбек етуге мүмкіндігі бар және еңбек еткісі келетін
елдегі халықтың белгілі бір жұмысшы бөлігінде экономикалық себептерге
байланысты жұмысының болмауы. Жұмыссыздықтың теориялық негізі бұл жұмыскер
мен жұмыс беруші арасында адамның негізгі, табиғи құқын жүзеге асыру
себебі бойынша – еңбекке, еңбекке деген қабілетін жүзеге асыру құқын,
сонымен бірге тек өмірін сақтап қалуға және ұдайы өндіруге қажетті емес,
және де еңбекте жеке тұлға ретінде адам құндылығы мен сапасын жұзеге асыру,
оның тіршілік формасы ретінде табиғаттан еңбекке деген қажеттіліктердің бар
екенін сипаттайтын категория ретінде қарастырылады.
Жұмыссыздық біртекті құбылыс емес. Жұмыссыздықтың нақты жағдайларға
байланысты өзін көрсететін көптүрлі формалары бар. Жұмыссыздық жұмыс күші
сұранысының ұсынысқа сәйкессіздігінен шығатын болса да, оны терең ішкі
себептердің салдары деп қарастыру қажет.
Жұмысбастылықтың нарықтық концепциясы еңбек рыногындағы нарықтық
жүйелер шаруашылығының айрылмас атрибуты болып табылады дегенді дәлелдейді.
Демек, жұмыссыздық - әр елдегі нарықтық процесс категориясы, еңбек рыногы
қызмет етуінің және дамуының объективті салдары. Олар, ең бірінші,
капиталдың қорлануымен, өндіріс құрылысының өзгеруімен, өндірістік
күштердің дамуымен байланысты [8,78].
Жұмыссыздық түрлерін қарастырайық. Экономикалық теорияда пайда болу
себептеріне байланысты жұмыссыздықтың келесі түрлері белгіленген:
фрикциондық, құрылымдық, циклдық, маусымдық, ерікті және жасырын
жұмыссыздық.
Фрикциондық жұмыссыздыққа өз еркімен жұмыс іздеп жүрген немесе
жұмыстан шығу себебінен, негізінен өз қабілетін жаңадан қолдану мақсатында
жұмыссыз жүрген адамдар жатады. Оның себебі өз кәсіпорнынан шығып кеткен
немесе өз еркімен кеткен жұмыскерге жаңа жұмыс орнын табу үшін уақыт қажет.
Ол жұмыс оған қызмет жағынан да, ақысы жағынан да ұнауы қажет. Еңбек
рыногында мұндай орындар бола тұрғанмен, оларды бірден таба алмайды.
Кейбір адамдар қиын және жоғары төлемді жұмыс істей алатынын біліп
сондай жұмыс іздейді, басқалары өз жұмыс орнындағы талаптарға сай
еместігіне көзі жетіп, төмен жалақысы бар жұмыс іздеу керек екенінін
ескереді. Еркін нарықтық қоғамда түрлі себептер бойынша өзіне сай келетін
жұмыс іздеп жүрген белгілі бір адамдар саны бар.
Бұдан басқа еңбек рыногында бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздар
бар (жастар, әйелдер, бала баққандар, және т.б). мұндай адамдар
фрикциондық жұмыссыздық деңгейін анықтағанда есепке алынады. Бұл процестер
еңбек ресурстарын қолданудың тиімділігін жоғарылатуға, олардың рационалды
түрде үлестірілуіне әсер етеді.
Экономикалық ғылым фрикциондық жұмыссыздық әдеттегі құбылыс және
қорқыныш туғызбайды деп есептейді. Ол қысқа мерзімді сипат алады, оның
ұзақтылығы еңбек рыногы конъюнктурасы туралы ақпараттың болуына байланысты.
Құрылымдық жұмыссыздық технологиялардағы өзгерістермен, сонымен бірге
жаңа тауар мен қызмет көрсетудің үнемі өзгеріп отыруына (сұранысы жоқ ескі
тауарларды ығыстыратын жаңа тауарлар пайда болады) байланысты. Осыған орай
кәсіпорын өз ресурстарының құрылымын қайта қарастырады және еңбек
ресурстарын да. Жаңа технологияларды енгізу жұмыс күшінің бір бөлігінің
жұмыстан босатылуына, немесе персоналды қайта оқуына әсерін тигізеді.
Құрылымдық жұмыссыздық елге жалпы бос орындар саны басқа мамандығы
бола тұра жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан кем түспесе қорқыныш
туғызбайды. Егер жұмыс орны өте аз болса, онда бұл елде жұмыссыздықтың ең
жағымсыз циклдық формасы пайда болды дегенді білдіреді [11,26].
Технологиялық жұмыссыздық жұмыс күшін өндірістен ғылым мен техниканың
жаңа жетістіктерімен жабдықтауына байланысты ығыстыру салдарынан пайда
болады.
Циклдық жұмыссыздық – бұл өндірістің құлдырауынан пайда болатын
жұмыссыздықтың түрі. Экономиканың толқын тәрізді циклдық дамуы
жұмысбастылықтың азаюына және жұмыссыздықтың өсуіне әкеледі. Циклдық
жұмыссыздыққа қарсы әсер ететін факторлар бар. Олардың ең негізгілері:
экономикалық жандану; бюджеттік, фискальдық, несие-ақша саясаты жолымен
іскерлік белсенділікті ынталандыру; шағын және орта кәсіпкерліктің өсуі;
экономиканың сала және секторлар арасындағы құбылуына әсер ететін жұмыс
күшінің жұмылдырылуын көтеру; жандану және көтерілу фазаларында жаңа жұмыс
орындары пайда болып, жұмыссыздық азаяды.
Тағы кейбір салаларда әртүрлі уақыт мезгілдерінде орындалатын, бірдей
емес өндіріс көлеміне байланысты, (яғни кейбір айларда бұл салаларда жұмыс
күшіне сұраныс көбейеді (жұмыссыздық азаяды), басқаларында – азаяды
(жұмыссыздық көбейеді)), маусымдық жұмыссыздықты айтуға болады. Бұл
салаларға негізінен ауыл шаруашылығы мен құрылыс жатады.
Сондықтан, кейде жұмыссыздар категориясына маусымдық жұмысшыларды да
жатқызады. Олар кейбір қызмет түрлері тек жылдың белгілі бір мезгілінде
орындалғандықтан жұмыссыз қалады [12,85].
Ерікті жұмыссыздық бұл әр қоғамда өзінің психикалық құрылымы немесе
басқа да себептерге байланысты жұмыс істегісі келмейтін адамдар тобының бар
болуымен сипатталады. Сонымен бірге, егер жұмыскер жалақы деңгейіне, жұмыс
жағдайларына немесе басқа да жағдайларға наразылығын білдірсе ол жұмыскер
өз еркімен жұмыстан шығуына байланысты ерікті жұмыссыздық пайда болады.
Отандық экономикаға тән жұмыссыздықтың тағы бір түрін айтуға болады.
Оның мәні экономикалық дағдарыс кезінде, кәсіпорын ресурстарын толық
пайдаланбаған жағдайда, жұмыскерлерді жұмыстан шығармайды, оларды
қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстырады (толық емес жұмыс аптасы
немесе жұмыс күні) немесе мәжбүрлі ақысыз демалысқа жібереді. Ресми түрде
мұндай жұмыскерлерді жұмыссыз деп мойындауға болмайды, бірақ шындығында
олар жұмыссыз болып табылады.
Толық емес жұмыс уақытысында мәжбүрлі түрде жұмыс істейтіндер санының
пайда болуы және мөлшеріне әсер ететін негізгі себептерін айтуға болады:
жалғасын тауып жатқан инфляциялық процестер, өндірістің құлдырауы, сонымен
бірге кәсіпорындардың өзара қарыз болуы.
Әдебиеттерде "мәжбүрлі жұмыссыздық" және "жұмыссыздықтан арылмаушылық"
деген түсініктер кездеседі. Біріншісі жұмыссыздықтың еріксіз мәжбүрлі
сипатын білдіреді, ал екіншісі - бұл жұмыссыздықтың табиғатын, оның қандай
жағдайларда және қандай формаларында шығатынына қарамастан, нарықтық
экономикада пайда болуының және дамуының себептерін ашатын негізгі түсінік.
Жұмыссыздықтан арылмаушылық - бұл негізгі, алғашқы категория, ал
қалған жұмыссыздықпен байланысты категориялар одан туындайды.
"Жұмыссыздықтан арылмаушылық" түсінігі барлық мектеп және бағыттағы
экономистердің еңбектерінде кездеседі. Бір-бірінен айырмашылығы осы
түсініктің мазмұнында. Мысалы, Кейнстің айтуынша, тұтынушылық және
инвестициялық тауарларға сұранымның төлем қабілеттілігі жеткіліксіз
болғандықтан жұмыссыздықтан арыла алмаймыз. Монетаристерде еңбек рыногы
бірқалыпты қызмет істеп тұрған жағдайда жұмыс күшінің табиғи қозғалысы
болып тұратындықтан жұмыссыздық та сөззсіз болады [8,95].
Жұмыссыздықты жан-жақты зерттеу жұмыссыздықтың болуын ғана емес, қоғам
өмірінен жойылмайтын үздіксіз құбылыс ретінде жасайтын объективті
себептерін анықтауды талап етеді. Жұмыссыздық себептерін талдауды көптеген
экономикалық мектептер береді. Олардың негізгілеріне тоқталайық.
Жұмыссыздық түсінігіне ағылшын экономисті Т.Мальтус өзінің "Халық саны
туралы заңның тәжірибесі" (XVIII ғ. соңы) еңбегінде алғашқы түсінік
бергендердің бірі. Мальтус халық санының өсу қарқыны өндірістің өндірістің
өсу қарқынынан асып кету нәтижесінде жұмыссыздық демографиялық себептерден
туындайды деп есептеген.
Марксистік әдебиетте Мальтустың теориясын "өрескел" және жалған деген
тұрақты дәстүр қалыптасты. Сонымен бұл өмір сүруге құқы бар және төмен
табысы және жоғары туу көрсеткіші бар мемлекеттердегі экономикалық саясат
үшін демеу болды. Демек, жұмыссыздықтың туындау себебін экономикалық
шаруашылық жүйеден тыс емес, өзінен іздеу қажет.
К.Маркс "Капиталда" (XIX ғ. екінші жартысы) жұмыссыздықты жете
зерттеді. Ол техникалық прогресспен бірге бір жұмыскерге келетін өндіріс
құралдарының массасы және құны да өседі дегенді айтты. Бұл жағдай Марксты
жұмыссыздық себебі экономиканың дамуы капиталдың қорлану қарқынынан еңбекке
деген сұраныстың салыстырмалы түрде артта қалуына әкеледі дегенге көндірді
[25,56].
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде жұмыссыздықтың себептері таза
экономикалық амалдар негізінде зерттеледі. Сонымен, жұмыссыздық жалпы жұмыс
күші жеткіліксіз қолданылмай қалған макроэкономикалық мәселе ретінде
қарастырылады.
Жұмыссыздық себептері еңбек рыногындағы теңсіздікпен немесе осы
рыноктағы қолайсыз өзгерістермен жиі түсіндіріледі.
30-шы жылдардың ортасында экономист-классиктердің теориясын
алмастырған (А.Смит, А.Маршалл), жұмыссыздық себептерін жалақының жоғары
деңгейімен түсіндіретін белгілі теориялардың бірі Дж.М.Кейнстің теориясы
болды. Кейнстің айтуынша жұмыссыздық жалпы сұранысқа қарсы функция. "Жұмыс
көлемі тиімді сұраныс шамасымен байланысты", - деп жазды Кейнс. Тиімді
сұраныстың жеткіліксіз шамасы инвестициялық процестің әлсізденуіне себеп
болып, солай болғасын, жұмыссыздықтың өсуіне әкелетін жұмысбастылықты
қамтамасыз ету мүмкіндігі болмайды. Бұл жағдайдан шығудың амалын Кейнс ең
бірінші инвестициялық тауарларға, мемлекеттік шығындарды көбейту есебінен,
мемлекет ролінің жоғарылауымен және жалпы сұраныстың қалыптасуынан көрді.
Кейнстің сыншылары, неоклассикалық мектептің өкілдері, жұмыссыздық
себептерін Кейнстің "рецепті" бойынша дамыған елдер жүргізген мемлекеттік
саясаттан көрді. Мысалы, Ф.Хайек жұмыссыздықтың "бұл соңғы жиырма бес жыл
ішінде жүргізілген толық жұмысбастылық саясатының тікелей нәтижесі" деп
есептеді. Хайектің ойынша, бұл бірінші кезеңде жұмыссыздық бірден
көбейгенімен, еңбекті үлестірудің барлық кемшіліктерін табуға, инфляциялық
емес әдістермен жоғары және тұрақты деңгейдегі жұмысбастылықты қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
М.Фридмен бастаған монетаристер "табиғи" жұмыссыздық концепциясын
ұсынып, оған фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықты жатқызды. Бұл
концепция барлық экономистердің, оның ішінде неокейнсианстардың да қолдауын
тапқан. Пікірталас жұмыссыздықтың табиғи деңгейден жоғары өсуі қалай
туындайды - жалпы сұраныстың жеткіліксіздігінен бе әлде еңбек рыногындағы
жұмысбастылықтың "табиғи" механизмінің қалыптасуын бұзатын мемлекеттің
бағалауші саясатынан ба - міне осы туралы.
Сонымен, батыс экономистері жұмыссыздық - бұл шаруашылықтың нарықтық
жүйесінің арылмас атрибуты, одан арылу мүмкін емес, ал өзінің "табиғи"
байқалуында еңбек рыногының қажетті икемділігін қамтамасыз етуі үшін
пайдалы.
Бірақ осы күнге дейін экономикалық ілімдердің біреуі де жұмыссыздық
немесе жұмысбастылық себептерін түсіндіру көзқарасында талассыз пікір
болған емес. Жұмыссыздық себептеріне айтылған көзқарастарды келесідегідей
топтастыруға болады.
Біріншіден, жұмыссыздық себебі халық санының артықтығы, яғни ұлттық
өндіріс деңгейімен салыстырғанда "артықтау". Жұмыссыздықтың бұл факторы
дамушы елдерде қатты білінеді. Екіншіден, жұмыссыздық экономикалық
құрылымның, оның ішінде технологияның (құрылымдық жұмыссыздық) өзгеру
нәтижесі болуы мүмкін. Үшіншіден, жұмыссыздық адамдардың еңбек жағдайы және
жалақысы жақсы өзіне лайықты жұмыс табу ниетіне байланысты, уақытша көбеюі
мүмкін (фрикциондық жұмыссыздық). Төртіншіден, жұмыссыздық деңгейінің тым
жоғары көтерілуі экономикадағы циклдық құлдырау нәтижесінен болады (циклдық
жұмыссыздық). Жұмыссыздықтың бұл түрінің қатерлі болуы тұйық оқшауланған
орта құрумен байланысты: өндірістің құлдырауы - жұмыссыздық - жалпы табыс
деңгейінің төмендеуі - жалпы сұраныстың төмендеуі - өндірістің құлдырауы -
жұмыссыздық және т.с.с. Бесіншіден, кейбір жағдайларда жұмыссыздық
генераторы болып жалақының нарықтық икемсіздігіне және кәсіпкерлердің
жоғары пайдаға жету міндетін -жұмысбастылықты қысқарту жолымен шешуге
мәжбүрлеуге әкелетін жалдамалы жұмыскер мен жұмыс беруші қарым-қатынасына
мемлекет пен кәсіподақтардың белсенді түрде араласуы табылуы мүмкін
[24,59].
Жұмыссыздықтың бұл себептері жұмыссыздық деңгейіне және динамикасына
әсер ететін факторлар ретінде сипат алады. Жұмыссыздықтың негізгі көздері
болып еңбек рыногында қалыптасып отырған нарықтық емес пропорциялар және
жағдайлар табылады, себебі еңбек рыногы тек жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы
арасындағы бар пропорцияларды қамтиды, бірақ олардың қалыптасуына тікелей
қатыспайды. Рынок оларды тек табады да, оны қоғам үшін көрсетеді.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған
сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымына (ЭЫДҰ –ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті
экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі
халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен
жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен
қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік
секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу
қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың
өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде
де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын
азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін
(кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге
қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.
Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын
жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және
осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық
тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының
деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі
бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға
ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін
ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады, сондықтан ол экономикадағы
өзгеріспен тығыз байланысты. Американдық экономист А.Оукеннің есептеуі
бойынша, егер ұлттық ішкі өнім (ҰІӨ) 2,7%-ке өссе, жұмыссыздық деңгейі
өзгермейді; ал ҰІӨ қосымша тағы 2 %-ке өсуі жұмыссыздық деңгейін бір
пайызға азайтады және ,керісінше,ҰІӨ-нің қосымша қысқаруы жұмыссыздық
деңгейін көтереді.
1.2 Жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық салдары және төмендету
шаралары
20 ғасырдың 80-ші жылдардың аяғында басталған және қазіргі уақытқа
дейін жалғасын тауып жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар маңызды
қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл мәселелердің қиындығы мен
көптүрлілігін есепке ала отырып олардың ішінен бір мәселені жұмыссыздықтың
экономикалық және әлеуметтік салдарын анықтау және болдырмау мәселесін
қарастырамыз [15,75].
Жұмыссыздықтың салдары маңызды мәселе ме? Әрине, сөзсіз. Жұмыссыздықтың
әлеуметтік-экономикалық салдары кедейшілік және әлеуметтік тұрақсыздық
мәселелермен қатар өткір глобальды және ұлттық мәселелердің бірі.
Шынында, өтпелі кезеңде көпшілік адамдарды рационалды жұмысбастылық
құрылымды қалыптастыру мақсатында түрткі болудың құралы оларды тиімсіз
өндірістен ығыстыру болып табылады. Осымен қатар өте қатаң шараларды
қолдану кәсіпорындардың көпшілігінің жабылып қалуына және әлеуметтік
дүмпуге әкеліп соғатын жұмыссыздықтың пайда болуына себебін тигізеді.
Сондықтан қатаңдықтың “дұрыс шараларын” сақтау қажет.
Әлбетте, жұмыстан босап қалған жұмыскерлер саны мен төленетін төлем ақы
соммасын түрінде тек жұмыссыздықтың экономикалық эффекті ғана бағаланады
да, ал әлеуметтік салдары бағаланбайды. Бірақ жұмыссыздықтың елдегі
жағдайына теріс әсер ететін деңгейі нақты әлеуметтік жағдайдың
параметрлеріне тәуелді. Қазақстан халқының, жұмыссыздардың төмен
материалдық қамтамасыз етілуіне, сонымен қатар қоғамдағы жоғары әлеуметтік
шиеленістердің салдарынан әлеуметтік күйзеліс туғызатын жұмыссыздық деңгейі
жоғары. Осыған байланысты жұмыссыздықтың әлеуметтік және экономикалық
салдарын жеке-жеке қарастыру қажеттілігі туындайды.
Біздің ойымызша, маңызды деген жұмыссыздықтың экономикалық және
әлеуметтік салдарының жүйеге оң және теріс ықпал тигізетін көзқарасынан
қарастырылатын толық классификациясын ұсынуға болады.
Жұмыссыздықтың теріс әлеуметтік салдары болып қылмыстың көбеюі,
әлеуметтік шиеленістің күшеюі, физикалық және рухани аурулар санының өсуі,
әлеуметтік теңсіздіктің көбеюі, еңбек белсенділігінің төмендеуі табылады.
Оң салдары: жұмыс орнының әлеуметтік құндылығының жоғарылауы, жеке бос
уақыттың көбеюі, жұмыс орнын таңдау бостандығының өсуі, еңбектің әлеуметтік
маңыздылығы мен құндылығының өсуі.
Теріс экономикалық салдарына оқудың құнсыздануы, өндірістің қысқаруы,
жұмыссыздарға көмек шығындары, мамандықты жоғалту, өмір деңгейінің
төмендеуі, ұлттық табыстың өндірілмеуі, салық түсімдерінің азаюы жатады.
Оң экономикалық салдары: экономиканы құрылымдық қайта құру үшін жұмыс
күші резервін құру, еңбекке қабілеттілігін дамыту, ынталандыру ретінде
жұмыскерлер арасындағы бәсекелестік, білім деңгейін жоғарылату және қайта
оқыту үшін жұмысбастылықтағы үзіліс, еңбек қарқынын және өнімділігін өсуді
ынталандыру [19,88].
Жұмыссыздықтың теріс әлеуметтік-экономикалық салдарын жою немесе
жеңілдету үшін мемлекет қажетті шаралар жасауы қажет.
Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін мемлекет қандай қадамдар қолдануы
қажет? Жұмыссыздық көптүрлілігі оны азайту міндетін қиынға соқтырады.
Жұмыссыздықпен күресудің бірыңғай жолы болмағандықтан, әр елде бұл мәселені
шешу үшін түрлі әдістер қолдануға тура келеді.
Жұмыспен қамту саясатының 3 негізгі әдісі қалыптасты: пассивті, орташа
пассивті, белсенді. Пассивті саясат жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу және
оларға мемлекеттік жұмыспен қамту қызметін көрсету мекемелері арқылы жұмыс
орныны таңдауды қамтиды.
Орташа пассивті жұмысбастылық саясаты да жұмыссыздарды материалдық
қолдау, жұмыс орнын таңдау әр түрлі қызмет көретумен күшейтілген. Бұл екі
нұсқа да ағымдағы мемлекеттік шығындар жағынан үнемді. Сонымен қатар
экономикалық дамудың пассивті жағынан күтілуі еңбек рыногы мен жұмыс
күшінің тек жоғары икемділігімен, өздігінше жұмысқа орналасу мүмкіндігі
жоғары позитивті экономикалық басымдылықтармен ақталады. Әйтпесе еңбек
рыногындағы пассивті саясаттың бағалаушілері әлсіз болып жағдайды
нашарлатып жіберуі мүмкін. Ал белсенді саясаттың болмауы жұмысбастылық
қызмет орындары функцияларын біршама төмендетеді.
Өтпелі экономика үшін бәсекелестігі бар өнімді шығаруды ынталандыру,
қоғамның экономикалық өркендеуіне жағдай жасау ортасында халықтың
мүмкіндігінше жоғары жұмысбастылығын және жұмыс күшінің сапасын қамтамасыз
ете алатын белсенді саясат тиімді болып табылады [23,96].
Нарықтық қатынастарға өту жағдайында барлық айтылған міндеттерге тағы
бір міндет қосылады – экономиканың құрылымдық өзгерістеріне байланысты
жұмыс істемейтін тұрғындарды әлеуметтік қорғау [24,78].
Қазақстанда тиімді жұмысбастылық жүргізу механизмінің негізгі тетігі
болып “Халықты жұмыспен қамту туралы ” Заңға сәйкес мемлекеттік
жұмысбастылық қызметі табылады. Ол жергілікті әкімшілік және Қазақстанның
еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау министрлігі нұсқауымен
құрылған және отандық, қала, облыс және республикалық деңгейде жұмыс
істейді және жұмысбастылықты қолдау мемлекеттік қоры есбінен
қаржыландырылады.
Жұмысбастылық қызмет көрсету орны еңбек рыногының бағалаушілері болып
табылады. Ол бұл міндетті рынок жағдайы туралы ақпараттарды жинап, жұмыс
күші тепе-теңсіздік зонасын анықтай отырып орындайды. Жұмысбастылық қызмет
орны мүмкін болатын дисбалансты жөндеу жолдарын жеке тұлғалар мен
органдарға көрсете отырып, жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы арасында кәсіби
және географиялық тепе-теңдікті анықтайды [5].
Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңы
тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелерін реттейтін негізгі заң актісі болды.
Онда мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуының негізгі жағдайлары,
жұмысбастылықты бағалаудың негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасы
азаматтарының еңбек құқығын жүзеге асыру бойынша, материалдық және
әлеуметтік көмек, жұмысын жоғалтқан жағдайда мемлекет тарапынан кепілдеме
беру сияқты маңызды мәселелер қарастырылған.
Мемлекет өзінің жұмыспен қамту саясатын жасағанда және жүзеге
асырғанда әкімшілік және экономикалық шараларға сүйенеді.
Жұмысбастылықты мемлекеттік бағалаудың негізгі әкімшілік әдістеріне
келесілерді жатқызуға болады:
- азаматтарды жұмыссыз деп тану тәртібін белгілеу;
- жұмысбастылық қызмет көрсету орнында азаматтардың жұмысқа орналасу
құқығын жариялау, тегін консультация, кәсіби дайындық, қайта даярлау
және түрлі ақпараттарды алу;
- еңбекті орындауға кепілдік беру, жұмысты өздігінше таңдау құқығын
сақтау, жұмыссыз азаматтарды материалдық және әлеуметтік қолдау.
Халықтың жұмысбастылығына әсер ететін экономикалық әдістерге
жататындар:
- экономиканың жеке салаларын тікелей инвестициялау жолымен жұмыс
орындарын сақтау және дамыту, жұмысбастылықты қамтамасыз ету
мақсатында жеке аймақтар, салалар, кәсіпорындарға салық
жеңілдіктерін белгілеу;
- жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туғызатын жаңа технологияларды
шығаруды ынталандыру;
- жеке өндірісті кеңейтуге бағытталған экспорт пен имортты таможнялық
бағалау есебінен отандық өндірушілерді қолдау;
- жұмысбастылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік шығындар
көлемін ұлғайту;
- шағын бизнес пен тұрғындардың өздігінше жұмысқа орналасуын дамытуды
қолдау;
- мамандарды кәсіби қайта даярлау жүйесін дамыту;
- жұмысбастылықтың икемді формаларын, уақытша жұмысбастылықты қолдау,
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Жұмысбастылықты бағалаудың басты құралы болып тұрғындардың
жұмысбастылығына көмек, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау ретінде
мемлекеттік биліктің әр түрлі деңгейінде қабылданатын кешенді бағдарламалар
табылуы қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2004 жылы
үкімет 2004-2007 жылдарға арналған кедейшілік және жұмыссыздықпен күрес
бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Ол негізінен, отбасының кем
дегенде бір мүшесін жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған, Қазақстанның әр
аймақ тұрғысынан осындай жағымсыз құбылыстардың азаюына байланысты нақты
шараларды қамтыған. Жұмыссыздық деңгейін жұмыспен қамтудың белсенді
саясатын жүргізу көмегімен азайту – бұл бағдарламаның негізгі мақсаттарының
бірі [9,55].
Қазіргі уақытта Қазақстандағы кедейшілікті азайту бойынша 2006-2009
жылдарға концепция жасалған. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және
жұмыссыздықты азайту бұл концепцияда елдегі кедейшілік мәселесін шешу
әдісінің негізі ретінде қарастырылған.
Үкімет басты назарын жұмыссыздарды қайта оқытуға, кәсіпкерлік негізге
оқытуға, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша консультациялар жүргізуге, шетел
жұмыс күшінің келу тәртібін бағалауге аударып отыр. Қазақстандағы шетел
жұмысшыларының ресми түрде 10 мыңға жуығы тіркелген, ал жасырын келгендер
бұдан бірнеше есе артық. Бір жағынан, еңбек министрлігі белсенді түрде
жұмыс күшін шетелге жұмысқа орналастыру тәжірибесін қолданбақ.
Мысалы, министрліктің алдына қойылған міндеттердің ойдағыдай жүзеге
асырылуы Қазақстан Республикасы үкіметімен бірқатар нормативті-құқықтық
актілердің қабылдануына мүмкіндік туғызды.
Қазақстан Республикасы үкіметі шағын бизнестің дамуына жете назар
аударып отыр. Шағын бизнес, бір жағынан, әлеуметтік, технологиялық, ұдайы
өндіріс қатынасында өзгеріс мультипликаторы ретінде, екінші жағынан,
әрқкшан глобальды әлемдік шаруашылық процестерінің әсерін бастан кешіреді.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің басты элементі ретінде
олардың ақшалай табысын индексациялауды жатқызады. Оның мәнісі: инфляция
келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді. Тұрғындардың табысын
индексациялау өзінің экономикалық мазмұны бойынша - тұрғындардың ақшалай
табыс мөлшерін түзететін механизм. Инфляцияның әсерінен болған тұтыну
тауарлары мен қызмет көрсетудің қымбаттауын сол механизм арқылы некен-саяқ
немесе түгел орнын толтырады. Нарықтық экономика жағдайында тұрғындарды
әлеуметтік қорғаудың бірден-бір механизмі ретінде индексация өркениетті
әлемде кеңінен қолданылады. Ол тұрғындардың ақшалай табысы мен сатып алу
қабілеттілігін сүйемелдеуге бағытталған. Индексациялауға тұрғындардың
бюджеттен алатын ақшалай табысы да жатады (жәрдем ақы, зейнет ақы,
стипендия, жалақы және т.б.).
Индексацияны мынадай түрлерге жіктейд:
- ақшалай табыс индексациясы;
- сақталған ақшаны индексациялау және өмір сүру минимумын
индексациялау.
Жалпы алғанда ақшалай табысты индексациялау механизмы төмендегідей
түсіндіріледі. Мемлекеттік статистикалық агенстволар органдары тауар мен
қызмет көрсетуге бағаның өзгеруін бақылап отырады. Осы бақылау тұтыну
бағасы индексін есептеуге мүмкіндік береді. Осылар тұрғындардың жоғалтқан
(бағаның көтерілуі т.б.) нәрсесі көлемінің бағытын айқындайды және
мөлшерінің орнын толтырады.
Индексация ретроспективті немесе күтетіндей болуы ықтимал. Әлеуметтік
қорғаудың басты бағыты кедейленген топтарды сүйемелдеу. Кедейлік
әлеуметтік тәжірибеде өмір сүру минимумы арқылы өлшенеді.
Күн көру деңгейі дегеніміз не және қалай өлшенеді? Өмір сүру минимумы
деп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін қалпына келтіруді
сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтамыз. Қоғам дамуы
жағдайындағы күн көру деңгейі өмір деңгейінің қоғамға қажетті төменгі
шекарасын анықтайды. Ғалым-экономистер күн көру деңгейін екі тәсілмен
анықтауға талпынды. Бірінші тәсіл минималды тұтыну бюджетіне негшізделген.
Ол отбасы табысының балансы мен шығындарынан (отбасы бюджеті) тұрады.
Мұнда адамның негізгі физеологиялық және әлеуметтік мәдени тұтынысы
бірқалыпты қанағаттандыру тілге тиек етілген. Бұл бір адамға немесе бір
жұмыскерге есептегенде ақшалай бағалау әрекеті. Жұмыс күшін ұдайы
өндіруді қамтамасыз ететін тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына кеткен
шығындарды минималды тұтыну бюджеті дейміз. Минималды тұтыну бюджеті
мөлшерінің құны мен құрылымы арнайы басылымдарда үнемі шығып тұрады.
Күн көру деңгейін анықтаудың екінші тәсіліне кедей отбасы өз табысының
13 бөлігін тамақ өнімдеріне жұмсайтыны ескеріледі.
Күн көру деңгейін бюджеттің рационалды тұтыну бюджетінен айырмашылығы
сол барлық ұдайы тұтынуды қанағаттандыруға есептелмеген. Минимумның мақсаты
– қызмет пен еңбекке қабілеттілікті қалыпты ұдайы өндіруді қажетті көлемді
қамтамасыз етуі болмақ.
Әлемдік тәжірибеде тұрғындар табысын индексациялаудың екі негізгі түрі
белгілі: а) автоматты, б) жартылай автоматты, кейде келісімді дейді.
Бірінші түрде, жалақы баға индексінің өсуіне қарай пропорциональды
көбейіп, кеткен шығынды толық қайырады. Жалақының осындай жүйе бойынша
есептелуі оны тиімді ұйымдастыруға кері әсерін тигізеді. Себебі еңбек
ақыны көтеру оның нәтиже сімен ешқандай байланыста емес.
Екінші түрі Еуропалық экономикалық қауымдастық елдерінде кеңінен
қолданылады. Оның мәнісі мынады: жалақының баға өскенін ескере отырып,
өсетіндігі жайы бүкіл екі деңгейіәнде ұсыныс жасалып шешіледі. Мұндай
келісім кәсіподақ, жұмыс беруші және мемлекеттің қатысуы арқылы жасалып,
көп елдерде ғалым-сарапшыларды шақырады. Сосын кәсіпорын өзінің шамасына
қарай өткереді, көбіне ұжымдық келісім жасау арқылы жүзеге асады. Мұндай
тәртіп индексация механизмін нақты жағдайға, қаржы мүмкіндігіне және
еңбек қатынастарына бейімдейді.
Тұтыну бағасы индексін анықтау үшін тұтыну қоржынын белгілеп алу
керек. Ол әдетте ең қажетті тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны – тұтыну
игілігі мен қызметінің жиынтығы және адамға қоғамда белогіленген
минималды тұтыну деңгейінде қамтамасыз етуді айтамыз. Оған жататындар:
тағам-тамақтар, киім, аяқ киім, іш киім, гигиена мен санитария заттары,
тұрғын-жай, коммуналдық қызмет, мәдени ағарту шаралары мен демалысты
ұйымдастыру, тұрмыс қызметі, көлік, байланыс, мектепке дейінгі мекемелерде
балаларды тәрбиелеу және әлеуметтік басқа да қажеттіліктер. Бұларсыз адам
өмірін елестетоу қиын.
Әртүрлі әлеуметтік-демографиялық тұрғындар топтарында игілік пен
қызмет көрсетілуге тұтыныс біркелкі емес, сондықтан тұтыну қоржыны олардың
әрқайсысына бөлек есептеледі – балаларға, жұмыс істегендерге, зейнеткерге,
қала және ауыл тұрғынына.
Қазақстан Республикасында тұтыну қоржыны құрамы және құрылымына тауар
мен қызмет көрсету тізбесі енген. Дамыған елдерде минималды тұтыну бюджетін
кедейліктің шегі ретінде қарап, тізбеге өмір сүруге қажетті тауар мен
қызмет көрсетудің 300-ден астамын тізбесін қосады.
Дамыған елдер тәжірибесінің негізінде айтар болсақ, егер өмір құны жыл
бойы + - 5% болса, онда ол қалыпты құбылыс болғаны. Жыл бойы өмір деңгейі
көрсетілсе – онда ол жақсы көрсеткіш; ал 5% төмендесе, онда ол аса
қауіпті емес. Егер өмір деңгейі 5%-дан аса жоғарыласа (немесе өмір деңгейі
төмендесе), ондай құбылысты нарықтық экономикасы дамыған елдерде қолайсыз
деп есептеледі. Мұндай жағдайда үкімет мына шараларды қолданады: жалақы
мен жәрдем ақыны көбейтеді немесе салықтарды төмендетеді. Біздің еліміздің
үкіметі барлық жұмыскерге минимальды жалақыны көтере бермейді. Себебі оның
көтерумен қарат зейнет ақы, стипендия, көмек ақыны және басқа да
әлеуметтік төлемдерді өсіруге тура келеді. Ол үшін қосымша қаржы қажет,
әсіресе ол бюджеттен болмақ. Бюджеттің мүмкіндігі шектеулі және тауар мен
қызмет жасауды нақты ұлғайтпайынша, еңбек ақыны көтере беру инфляцияның
күшеюіне алып келеді. Қазақстан Республикасы әлеуметтік қорғау және еңбек
Министрлігі мамандарының ойынша, қалыптасып отырған жағдайдан шығудың
бірден бір жолы адрестік әлеуметтік қорғауға көшу (яғни барлық
категориядағы тұрғындарды қорғаудан нақты адамды қорғауға көшу. Олардың
табыстары минималды жалақыны орташа жан басына шаққандағыдан төмен). Басқа
шара ретінде олар орташа табысы қалыпты деңгейден жоғары отбасының үш
жастан асқан балаларынан жәрдем ақы алып тастауды ұсынады. Мысалы, АҚШ-да
жылына табысы 15 мың доллар құрайтындардан, ол ерлер жалақысының 70%-ын
қарата, онда әйелдер ауырғаны үшін, аяғы ауыр болғанында ешқандай
әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдем ақы алмайды. Жоғарыдағы мамандардың
ойынша, азық-түлік тауарларынан қосылған құнға салықты алу. Себебі тауар
мен тағам тұтыну қоржынының таңбаланғандығын қосып, ертеректе
өндірілгендігі бюджеттен екендігі мөрленген.
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік
бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы
– адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан
қисылтаяң ахуалдар көрінісінің алдын алумен тікелей байланысты. Қазіргі
кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс
орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен
жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар
пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды
міндеттерінің бірі – еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау
жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі
дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла
бастаған болатын.
Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту
үшін халықаралық тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын,
қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет.
Жұмыссыздық бойынша қоғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады –
жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе
экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса,
екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады. Рыноктік экономикасы бар
елдерде жұмыссыздық жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара
бағынышсыз екі себепке байланысты:
• Өндірістің рыноктік тәсілі үшін жұмыссыздық болмай қалмайтын
әлеуметтік-экономикалық құбылыс және барлық жалдамалы жұмыскерлер
жұмыссыз қалу қатеріне ұшырайды. Оның бола қалуы нақтылы жұмыскерге
немесе кәсіпорынға байланысты емес. Көптеген жағдайда ол сыртқы
әлемдік-экономикалық факторларға бағынышты.
• Мемлекеттік органдардың өз азаматтарына еңбекке құқығын қамтамасыз
етуге конституциялық міндеті болып саналады.
Еңбек нарқы, жұмыссыздық тек бір саланы ғана қамтитын саясат емес, ол
барлық салаларды , барлық адамдарды қамтитын саясат. Еліміздің әл-аухаты,
экономикалық жағдайы мемлекеттің ұстанған саясатына және жүргізіліп жатқан
реформаларына, саяси-экономикалық басым бағыттарына тікелей байланысты.
Жұмыссыздық деңгейіның қалыптасуы және дамуы азаматтарды қорғау, оларды
әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша экономикалық, құқылық және ұйымдастыру
шаралары жүргізілуі қажет.
Қазақстан жағдайында нарықтың инфрақұрылымы, оның ішінде жұмыссыздық
деңгейіның институттары мен ұйымдары, жеткілікті дамымағандықтан мемлекет
әлі де зор роль атқару керек. Еңбек нарығы толық құнды бәсекелесті болған
сайын қызметкерлер де, кәсіпкерлер де елдің еңбек ресурстарын барынша көп
өнімді пайдалануға ынталанады. Жеке меншікті сектордың даму дәрежесі өскен
сайын, жұмыссыздық деңгейіның инфрақұрылымы кемеліне жеткен сайын мемлекет
әлеуметті қатынастарына өзінің рөлін, кірісу дәрежесін мен формасын
өзгертеді.
Негізінен инфляция елдегі баға деңгейінің өсуімен байланысты, оған
экономикалық энергетикалық жағдайда еңбекшілер жалақыларын көбейтуін талап
етеді. Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғарғы бағаға белгілейді, сөйтіп қысқа
мерзімде шикізат, материалдар, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Инфляцияның
жоғарғы қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру
мүмкіндігінен сақтап, алдын – ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатады.
Экономикалық өсудің қарқыны пайызбен өлшенетін белгілі бір мерзімді
міндетті, нақты жиынтық ұлттық өнімнің өсуі.
Инфляция өсу қарқыны пайызбен өлшенетін белгілі-бір мерзімді баға
деңгейінің өсуі. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай
түсіндіруге болады, өндірістер тоқтайды сол себептен баға өседі,
жұмыссыздар саны көбейеді.

Әлеуметтік топтық қоғам шеңберінде өмір сүру қайсы бір мемлекет
болмасын жат тіршілік болып табылмайды. Себебі қоғамның саяси саласында
мемлекеттің даму аясында тіршілік ете отырып, еңбек қатынасы негізінде
мүмкіндіктерді анықтау және сол арқылы қоғамның даму желісін мемлекеттік
деңгейде шешу баянды істердің бірі болмақ.
Осы орайда егемендік жылдарынан бастау алып, жүргізіліп және атқарылып
жатқан әлеуметтік іс-шаралар аухымы халықтың игілігіне материалдық ахуалды
жақсартудың басты көріністері болып отыр. Әлеуметтік мүмкіндіктері
шектелген тар ауқымды қоғамда күй кешіп отырғандар жағдайы мемлекеттің
қолдауынсыз оңалту шараларынсыз қадамдары өрге басулары екіталай.
Үкімет тарапынан бюджеттен бөлініп жатқан қаржылар желісі – тікелей
осы қоғам ағымынан табиғи немесе болмысынан қарттығы мен жетімділігіне
байланысты қалып қойғандарға жәрдемақылар, әлеуметтік көмектер, әртүрлі
жеңілдіктер, оңылту іс-шаралары, төлемақылар жүргізілуіне негізделеді.
Мемлекет өзінің даму мүмкіндіктеріне орай қабілетті азаматтарды жұмыспен
қамти отырып, әлеуметтік мүмкіндіктері шектелген азаматтарға қарау жасайды.
Бірақ еңбек процесінде еңбек қатынастарының ерекшеліктеріне және
мүмкіндіктеріне орай қабілетті жандарды белгілі бір мөлшерде жұмыстарын
ұйымдастыра отырып, олардың күн көріс мүмкіндіктерін дамыту керек. Күн
санап өсіп келе жатқан мүгедектер саны қоғамға өзінің тәуелділігін жүктей
отырып, мемлекет алдында тек көмек күтетіні әлемдік проблема болып отыр.
Ал, републикада әрбір оныншы адамның проблемасы осыған келіп тірелетіні
белгілі.
Осыған орай мүгедектігі бойынша, асырамаушысынан айырылу жағдайы
бойынша және жасына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақылар туралы
заң жарық көрген болатын. Бұл заң негізінде жәрдемақылар берілу және
төлеу тәртіптері, мүгедектік санаттары, асыраушысынан айырылу жағдайы
бойынша жәрдемақы төлемдерін өтеу, сондай-ақ жәрдемақы төлемдерін
жүргізудегі жалпы ережелер мен құқықтарын қарастыра отырып, Қазақстан
Республикасы азаматтарының осы заңға сәйкес қабылданған республикамыздың
өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген негіздерде және
тәртіппен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқы бар
– деп айтылған. Сондықтан да мемлекет осы тұрпаттағы саяси өмір сүру немесе
күн көріс деңгейінің мүмкіндігі шектелген жандардың тұрмысына қажетті деп
танылған жәрдемақылардың белгіленуі және мекендер бойынша таратылуы
материалдық ахуалды оңалту жолындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралар болып
табылады.
Бұл заң республикада тәуелсіздік жылдарынан бергі әлеуметтік салада
жекелеген тұстардың дамуы көріністерінің бірі ретінде негіз юолды.
Қоғамда жәрдемақы алатын әлеуметтік топ өкілдерінің бірі – мүгедектер.
Сондықтан да мүгедектер мәселесі мен олардың қажеттіліктері мемлекеттік
деңгейде қарастьырылып, шешілуі тиіс. Ел болып, елдік еркіндігін орнатып
тәуелсіздік ұғымын сіңдіруді бастаған тұста 1991 ж. тұңғыш рет
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң қабылдады. Бұл заң негізінде
мүгедектердің әлеуметтік қамсыздануы, қажеттіліктерін ескеру, сондай-ақ
жәрдемақылар тағайындау тарифтері сияқты тұстары ескерілді. Қабылданған
заң бойынша халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйғарымымен (ҚР
Президенті мен ҚР Үкіметінің актілер жинағы, 244 бап) бірқатар мәселелерді
шешу көзделген:
- мемлекеттік зейнетақымен, жәрдемақымен және басқа да әлеуметтік
төлемдермен қамтамасыз ету;
- зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді
ұйымдастыру;
- зейнеткерлерді, мүгедектерді кәмелетке толмаған балалары бар
отбасыларын, халықтың мемлекеттік қолдауға мұқтаж басқа да
топтарын қолдау мақсатымен өкілетті және атқарушы органдарымен,
қоғамдық бірлестіктермен, қайырымдылық қорларымен өзара іс-қимыл
жасау;
- медициналық қызмет көрсету, емдеулер мен демалысорталықтарында
демалту бағдарламаларын іске қосу сияқты өзекті тұстары
мемлекеттік қолдауға ие болып әлеуметтік
Жыл санап өсіп келе жатқан экономиканың даму желісінің мүмкіндігі
бюджет тарапынан жәрдемақылар мен әлеуметтік көмектер, төлемдер,
жеңілдіктер және төлемақылар өтеуге негізделіп отыр. Мемлекет хақындағы
мұндай істерді халық игілігінде жүзеге асыру қоғам ағымынан әртүрлі
себептерге байланысты қаклып қойған азаматтар үшін оңалту жолындағы іс-
қимылдар болып табылады. Экономикалық даму мейлінше тұрақталып, қоғам
ағымының жалпы желісі күшейген сайын әлеуметтік ахуал назардан тыс
қалмайды, қайсы бір мемлекет болмасын, оның даму деңгейі әлеуметтік
салалардың қамтылуымен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен анықталады.
Халқының өткендегісіне ұлық ретінде қарау, оның саяси тәрбиелік мәнін
ұлықты іс ретінде келешек ұрпаққа баяндау абзал тіршілік болып табылады.
Себебі республикада күні бүгінде дүниеге келер жас сәби анасының
денсаулығынан – қартайған қартбуын өкілдеріне дейін мемлекет тарапынан
бөлінетін әлеуметтік жәрдемақылар бар. Әлеуметтік қолдау негізінде халықтың
игілігінен шыққан бұл қомақты іс күні бүгінде дамыған күйде әрбір
санаттағы мүкіс жандар, қарттар, жас сәбилерге әлеуметтік жәрдемақылар
тағайындалып, орындалуда.
Халықтың әл-аухатын көтеру кез-келген мемлекеттің негізгі проблемасы
болып табылады.
Тек осы проблема толық күйде шешілгенде ғана қоғам тұрақтанып, мемлекет
әрі қарай дамуға мүмкіндік алады. Егемендік жылдарынан бері қайта
жаңғырып, саяси мағыналы тұстарымыз халықтың тұрмыс-тіршілігі, ахуалы мен
оңалту жұмыстарын жүргізіп, бірқатар жетістікке жеткен тұстары бар.
Мемлекет тарапынан әлеуметтік сферада осы және өзге де қағидалар
ескеріліп, әрдайым төлемдер мен өтемдер жүргізіп отырса, әлеуметтік басты
буынды мемлекеттер қатарынан әлеуметтік толықтырулар жүргізудегі жетекші
мемлекетке айналары белгілі. Ол үшін мемлекеттік функция ретінде
жәрдемақылар алушылар әлеуетін әрдайым бақылауда ұстаған жөн. Күн көріс
деңгейімен жәрдемақы өтемінің жалпы сомасын шағып, ортақ жүйеге енгізу
керек. Себебі жәрдемақы алушы әлсіз топтар өзінің күнделікті тұрмыстағы
қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан республикасы Үкіметі тұрмысы төмен азаматтарды қолдау
жөнінде жалпы ұлттық қор құру арқылы, оның қызметінің негізгі бағыттарын
яғни тұрмысы төмен азаматтарға материалдық, қаржылық ресурстарды беру,
қызметтер көрсету, әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына жәрдемдесу,
облыстарда халықтың табысы аз топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі
аймақтық қайырымдылық қорларын құруын қарастыруы тиіс және нарықтық
қатынастарға көшу жағдайы және соған сәйкес Республикада экономиканың
тұрақталып қалуына байланысты жетім балаларды, қарттарды, сонымен қатар
тұрмыс жағдайы нашар азаматтарды әлеуметтік, құқықтық және материалдық
жағынан қамқорлыққа алу мәселесі қоғам үшін маңызды сипат алып, оларды
үкімет тарапынан дер кезінде шешу табанды түрде міндеттейді.
Республика бойынша қаланың әрбір тұрғындары мен облыс жұртшылығына
бөлінген қаражат жәрдемақы мен әлеметтік көмектер ретінде жұмсалып, халық
игілігіне жарауды көздейді. Мемлекет тарапынан экономикалық, әлеуметтік
және саяси қолдауға ие болған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz