Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

1. ЖОО МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗДАРДЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды үзіліссіз білім беру жүйесіндегі қашықтан оқыту

Қашықтан оқытудың қалыптасуы және даму проблемаларын тарихи - педагогикалық талдау көрсеткішіндей қазіргі уақытта дүние жүзінде қашықтан оқыту жүйесін іске қосудың мол тәжірибесі жинақталған. Тұтастай алғанда, білім берудің дәстүрлі емес формаларына өтудің әлемдік тенденциясы саны жағынан өсе түсуде. Жаңа ақпараттық технологиялар бойынша маман даярлаушы жоғары оқу орындары 1980 жылы 187 болса, 1995 жылы 700-ге жуықтаған.

АҚШ-та ҚО жүйесінде бір миллионға жуық адам оқиды.

Сонымен, 40 инженерлік мектептің консорцуымын ұсынатын ұлттық технологиялық университет 90-шы жылдардың басында қашықтан оқыту көмегі арқылы 1100-ден астам білімгерлерді магистр дәрежесін алуға даярлауды қамтамасыз етеді /135/.

Испаниядағы қашықтан оқыту Ұлттық университеті (UNED) 20 жылдан астам уақытан бері жұмыс істеп келеді. 58 және шет елдердегі 9 оқу орталықтары кіреді. Ол 1988 жылы ересек адамдар үшін сырттай жоғары білім беруді ұйымдастыру мақсатымен құрылған. Ол білім министрлігінің бір бөлімшесі болып табылады.

Франциядағы қашықтан оқытудың Ұлттық орталығы әлемнің 120 еліндегі 35 000 қашықтан оқытуды қамтиды.

ГФР-дағы Хеген қаласындағы жұмыс істейтін ашық университет сырттай білім алуға және біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұл университет дипломмен /54/ бірге ғылым докторы дәрежесінде береді /135/.

70-ші жылдардан бастап Филляндиядағы 10 университетінің жанынан қашықтан оқытудың орталықтары құрылды, сонымен қатар, жазғы университеттер 200-ден астам жоғары оқу орындарында 30 000 білімгерлер бар.

Туркия 1974 жылдан шалғай аудандардың тұрғындары білім алу үшін көмектесу мақсатында Ашық университет жұмыс істей бастады. Тыңдаушылар университеттен оқу материалдарының қажетті пакеттерін алады. Соған қосымша оқу радио- теле бағдарламалары жүргізіліп, кешкі уақытта және демалыс күндері сабақ өткізуге мүмкін болатын жазғы курстар да ұйымдастырылады. Мұндай оқуға 120 000 тыңдаушы тартылған.

Қашықтан оқытудың осыған ұқсас білім беретін мекемесі Австралияда жұмыс істейді, ал Швейцарияда қалыптасу кезеңінде /135/.

Қашықтан оқыту жүйесі әлемнің басқа аймақтарында дамып келеді. Дамушы қашықтан оқытудың мегауниверситеттері мысал ретінде Қытай телеуниверситетін (Қытай), Индира Ганди атындағы, Ұлттық ашық университеті (Үндістан), Пайнам Увор университетін (Иран), Корей Ұлттық ашық университетін (Корея), Оңтүстік Африка Университетін, Супотай Тампариат Ашық Университетін (Тайланд) келтіруге болады [64] .

Жапонияда 80-ші жылдардың басынан «Эфирдегі университет» жұмыс істейде. Бюджеттегі және оқу министрлігінің қатаң бақылауына алынған осы мемлекеттік мекемеде гуманитарлық және жаратылыстану ғылыми мамандықтың бірнеше факультеті бар. Теледидар және радио бойынша белгілі бір сағаттарда тиісті дәрістер беріледі.

Білім алушы әрбір таңдалған пән бойынша аптасына екі рет бір сағаттық дәрісті таңдауы тиіс. Әрбір префектиурада құрылған арнаулы оқу орталықтарында кеңестер беріледі. Тыңдаушылардың негізгі бөлігі бес жыл бойы оқып, емтихандар тапсырған соң бакалавр дипломын алады. Ашық университеттің сынақтық бірліктері басқа университеттердің сынақтық бірліктерімен теңестіруледі /135/.

Қашықтан оқыту тек білім берудің ұлттық жүйелері шеңберінде ғана емес, жоғары білім берудің барлық бағдарламасының ширек бөлігін құрайтын бизнес саласында мамандар даярлауға басыңқы бағдар беретін жекелеген коммерциялық компаниялармен де дамиды. IBM, Ford. Т. б. компаниялармен жеке меншік корпоративті білім беру тармақтары құрылды. Бүгінгі күні көптеген компаниялар өздерінің құрылымдарындағы білім беретін бөлімшелердің мәртебесін қайта құруда.

Кәсіпорындардың басшылығы оқытуға бөлінетін инвестицияларды ғылыми-зерттеу әзірлемелеріндегі инвестицияларымен тең дәрежеде болуын көбірек қарастыруда /65/.

Ресейдегі қашықтан оқытудың даму үрдісі 90-шы жылдардың басында. РФ аумағындағы қашықтан оқытудың білім мекемелері, бөлімшелері және орталықтары 1997 жылдың басында жүзден аса, бұл күндері тез өріс алуда.

Қашықтан оқыту технологиясы М. Ломоносов атындағы ММУ-да оқыту, Мәскеу мемлекеттік авиация институтында (МАИ), Мәскеудің экономика, ақпарат және статистика мемлекеттік университетінде (МЭСИ), Мәскеудің электронды машина жасау мемлекеттік институтында (МИЭМ), Челябі мемлекеттік техникалық университетінде, Самара мемлекеттік авиация университетінде, Томск басқару жүйелері және радиоэлектроника мемлекеттік академиясында, Урал мемлекеттік техникалық университетінде басқа да жоғары оқу орындарында белсенді түрде жүргізілуде.

Ресей рыногында американдық білім беру қызметтерінің алға жылжуына колифорния штатының Сан - Франсиско қаласында орналасқан (АҚШ) штаб пәтері арқылы мамандандырылған американдық консалтингтік ВМІ (Business Menegement International) компанясы үлкен белсенділік танытуда.

Британ білім беру қызметтері біршама жылдан бері Ресейлік білім беру рыногында әріптес ретінде табысты алға жылжуда. Бұл қашықтан оқытудың халықаралық орталығы - Ашық Британ Университеті /82/.

Компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтың қазіргі заманғы деңгейін (мемлекеттік) иемденген және таяу да ғана Ресей - Фин, Ресей - неміс телеакадемиялары Ресейлік білім беру рыногында белсенді түрде ене түсті.

Ресейлік білім академиясында (РБА) қашықтан оқу жүйесінің педагогикалық қамтамасыз етілуі жөнінде үлкен жұмыс жүргізілуде. Сонымен Ресей Білім академиясының жалпы және орта білім беру институты Қашықтан оқыту зертханасы Е. С. Полаттың жетекшілігімен қашықтан оқуға арналған теориялық негіздерін және практикалық курстарын әзірлеуде. А. В. Путорский қашықтан оқытудың міндеттерінің шешімдерін психикалық үрдістері туралы мәселені зерттеуде. РБА - ның университеті оқу үрдісіне қашықтан оқыту технологиясы енгізілуде.

Осылайша, Ресейде дағдарысты әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарамастан, жоғары мектеп секілді корпоративтік бағыттағы қашықтан оқыту жүйесі туындап, қарқынды дами түсуде.

Бүкіл әлемдік қашықтан оқу жүйесіндегі білім орталықтарын мысалға ала отырып, Қазақстанда да бірнеше жоғары оқу орындарында қашықтан оқытуды қолға алынғандығын айта кетуге болады.

Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды үзіліссіз білім беру жүйесінде қашықтан оқыту білім алудың формаларын талдау көрсеткендей, компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген. Оқытудың дәстүрлі, ерекше әдістері, құралдары мен оқыту формалары, пайдаланылатын білім беру үрдісінде білім алу формасы (күндізгі, сырттай - сырттай) болып табылады. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды үзіліссіз білім беру жүйесінде қашықтан оқытудың білім беру үрдісінің негізін телефон, факс, электронды және кәдімгі пошта бойынша күндізгі бөлімде оқитындардың оқытушылары мен келісімді байланысы, сондай-ақ оқытудың арнаулы құралдар жинақтамасының болуы, өзінге қолайлы орында оқи алатын, білімі алушының бағытталған және бақыланатын қарқынды өзбетінше жұмысы құрайды.

Қашықтан оқытудың отандық және шетелдік теориясы мен практикасын таңдау мемлекеттік тілде іс-ақағаздардың қашықтан оқытуға тән сипатты ерекшеліктерін белгілеуге мүмкіндік береді. Олардың ішінде:

1. «Икемділік». Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын қашықтан оқытудан білім алушы өзіне қолайлы орында, өзі қалаған уақытта және қолайлы қарқынмен сабағымен шұғылданады. Пәннің курсын меңгеру үшін, қажетті білім алу үшін қанша оқимын десе де, мүмкіндігі болады.

2. «Модульдылық». Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқу бағдарламаларының негізіне модульдылық принципі алынады. Білім алушының меңгерген бұл пәні (оқу курсы) мазмұны бойынша бір пәндік салаға барабар болады. Мұның өзі, дербес оқу курстары жинақтамасынан жекелей немесе топтық талап тілектерге жауап беретін оқу парын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

3. «Қосарластық». Мемлекеттік ілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту негізгі кәсіби қызметті оқумен қатарластыра жүргізуге мүмкіндік береді, яғни «өндірістен қол үзбестен».

4. «Ұзақтан әрекет ету». Білім алушының тұратын мекен-жайынан білім беретін мекемеге дейін қашықтағы тиімді білім беру үрдісі үшін кедергі болып табылмайды.

5. «Қосарсыз». Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқытуда білім алушымен білім берушінің өзіне қолайлы кесте бойынша жұмыс істеу фактісін білдіреді.

6. «Толық қамту». Ерекшелікті кейде «көпшілікке ортақ» деп те атайды. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқытуда білім алушылардың мөлшері қолайсыздық туғызбайды.

7. «Пайдалық». Бұл ерекшеліктің астарында қашықтан оқытудың экономикалық тиімділігі қамтылған.

8. «Оқытушы». Пәнді оқытудағы оқытушының қызметі мен жаңа рөлі.

9. «Білім алушы». Білім алушыға қойылатын талаптар дәстүрлі түбегейлі айрықша.

10 «ЖАТ» (Жаңа ақпараттық технологиялар) . Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту жүйесінде ақпараттық технологиялардың барлық түрлері пайдаланылады, бірақ, құралдары компьютер, компьютерлік тармақ, мультимедия жүйесі т. б. болып табылатын жаңа ақпараттық технологиялар басымдылық.

11. «Әлеуметтілік». Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқытуда тұратын мекен-жайы материалдың жағдайына қарамастан, білім алудың тең құқықты мүмкіндігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік қарбаластықтылықты бәсеңдетеді.

12. «Интернационалдылық». Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту білім беру қызметтерінің экспорттық және импорттық қолайлы мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Аталған ерекшеліктер үздіксіз білім алудың басқа да факторлары алдында қашық оқытудың басымдылығын ешбір жеңілдік берместен бір мезгілде оқытушы секілді білім алушыға қойылатын талаптарды ұсыну арқылы, сол сәтінде еңбек шығындарының ұлғайтылуын анықтайды.

Ғылыми - педагогикалық қоғамдастықтың қашықтан оқуға қатынасын МЭСИ - де ұйымдастырылған қашықтан оқыту жөнінде конференцияға қатысушылардың арасында ММУ - дің социологиялық сауалнама нәтижесіне сілтеме жасай отырып өзінше ұғынуға болады /128/.

Сарапшылар бес балдық шкала бойынша қашықтан оқытудың келешегін 4, 45 балл деп баға берген.

Білім берудің ақпараттандыру жағдайларында білім алу формаларының эволюциясын талдау, жетілдіру және ассимитотикалық дамыту кезінде білім алу, оның ішінде қазіргі заманғы қашықтан оқытудың формалары қазіргі уақытта мәлім болғандары ғана алға ұстылатындығын кейбір интегральдық синтетикалық формасы ғана мінсіз көрсетіп береді. Бұл форма қазіргі уақытта ХХІ ғасырдың оқыту формасы деп те аталып жүр.

Мемлекеттік тілде іс-қағаздарда жүргізу пәні қашықтан оқыту әдісі (арқылы) жоғарыдағы келтірілген ерекшеліктері арқылы тиімді жүйе екендігі сөзсіз (бұл туралы айтылған) . Қашықтан оқыту жүйесінің тиімділігін дәлел боларлық Ресейдің бұрынғы білім министрлерінің пікірлерін келтіруге болады.

Ресейдің Мемком ЭКОО мәжілісінде «Ресейдегі арақашықтықты білім берудің бір тұтас жүйесін құрудың жәй күйімен алдағы келешегі туралы» мәселе бойынша Г. А. Ягодин: « . . . Егер дүниежүзінде таяудағы 10 жыл ішінде әлеуметтік апат болмайтын жағдайда қашықтан білім беру жер бетіндегі білім саласының басты формасына айналды». Осыған байланысты В. Г. Киналов былай деп жазады: «Қашықтан білім беруді ХХІ ғасырдың білім беру жүйесі деп әлеуметті атаған. Біз оны дүниежүзінде және біздің елімізде өтіп жатқан ғаламдық білім беру формалары магистральді бағдарының бірі ретінде қарастырамыз. ХХІ ғасырдың басында қашықтықта білім берудің ресейлік жүйесін мейлінше құралдандыру мен қарсы алуымыз керек [19] . Н. А. Тихонов қашықтан оқытуды жоғары мектептің әлеуметтік қолдаудың «маңызды бағыт» ретінде анықталған: «Қашықтан оқытудың рөлі мен маңыздылығы сол, жаңа ақпараттық технологиялар құралдарында негізделген сапалы да жұмылдыратын білімді Ресей тұрғындарының кең ауқымды топтары алдына мүмкіндікті ұсынуымен қорытындыланады» /79, 180/.

Осылайша, белгілі сарапшылардың логикалық ой толғаныстары мен пікірлерінің жиынтығы және дәстүрлі оқу үрдісінде мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясын енгізудің эксперименттік практикалық нәтижелері, қазіргі заманғы қашықтан оқытуға тепе-тең, әмбебап, интегральдық формасына ассимитотикалық ұмтылыстың заңды қажеттілігі мен білім алудың қолда бар формасы туралы болжамымызды бастап береді. Үзіліссіз білім беру жүйесінде қашықтан оқыту мол, білім алудың формасына қосылады.

Қорытындылай келе айтарымыз: шынайы жағдайда мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқытуды былайша атап өтуге болады:

  • білім алушы тұрғын мекен-жайын тастап кетпей-ақ, өндірістік қызметті үрдісінде де оқып білім алу мүмкіндігін ұсынады;
  • білім берудің отандық және әлемдік ресурстарына кеңінен қол жеткізеді, қамтамасыз етеді;
  • өз бетінше оқу үшін барлық қажетті құралдарды алу және өзі үшін неғұрлым тиімді оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін ұсыну;
  • жекелей мүмкіндігі мен талап - тілектеріне қарай білім алудың үзіліссіз жалғастыру мүмкіндігін ұсыну;
  • бірегей білімдік бағдарламаларды қалыптастыруға мүмкіндік беру.
  • қоғамның білім әлеуеті және білім алу сапасының деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беру.
  • білім алушылардың әлеуметтік белсенділігі өздігінен білімін жетілдіру деңгейін арттыру;
  • отандық білім беру жүйесінің жинақталған білім, кадр және материалдық әлеуметі көбеюін сақтауға бейімдеу;
  • Қазақстан Республикасы аумағында қазақ тілді шетелдерде біртұтас білім беру кеңістігін сақтау және дамыту.

1. 2 Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясының мазмұны мен құрылымы

Технология ұғымы көп жағдайда материалдық құндылықтардың өндірісі мен байланысты екеніне көз жеткіземіз. өнеркәсіп орнының күрделене түсуі практикалық мақсаттарда ғылыми ақыл-кеңестерді пайдалану талабын алға тартты және бұл міндетті технология өзіне алды. Сол уақыттан бері «технология» - термині адам қызметінің басқа да аяларында кеңінде қолданыла бастады, яғни кең философиялық түсінік беру мағынасынан иемденді [125] . Э. Дебононың бейнелеп айтуы бойынша технология - бұл білімді пайдалану негізінде қандай да бір пайдалы өндіріс үрдісі, ол технологияның негізгі атқарымы - практикаға теорияны енгізу.

Қазіргі заманғы әлеуметтік экономикалық шарттар өткен күн тәжірибесінің түйсігі деңгейінде емес, қазіргі ғылыми-деректер, әлеуметтік кеңістікті технологияландыру және ақпараттандырудың берік - негізінде әлеуметтік зерттеудегі әлеуметтік ақпараттың берілуін қамтамасыз ететін ғылымды қажетсінетін әлеуметтік технологиялар талабы қойылады.

Білім беру үрдістерін талдау көрсеткеніндей, оқыту технологиясы, бірінші кезекте әлеуметтік жүйе болып табылады. Бұл білім беру жүйесіне қосылатын әлеуметтік технологиялардың құрамдас бөлігі [225, 174, 113] .

Т. С. Назарова, Ю. С. Руденко және Э. Н. Коротков т. б. оқыту технологиясы түсінігінің маңызы мен анықтамасы дамуын талдау оқытудың дәстүрлі жүйелерін тән оқыту технологиясының дамуының тенденциясы мен құрылымы, даму кезеңдерін және тарихи аспектілерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Қашықтан оқыту технологиясы ұғымының біздіңше көрінуін тұжырымдамас бұрын, дәстүрлі оқу үрдісіне тән оқыту технологиясы тұжырымының неғұрлым белгілі түсіндірілуін келтіреміз.

«Жоғары білім жүйесіндегі оқыту технологиясы жұмысында осы саладағы жетекші мамандардың бірі - Ф. Янушкевич -» Оқыту технологиясы - бұл күштермен құралдардың оңтайлы жұмсалуы кезінде, неғұрлым қысқа мерзімді мүкіндігінде маман даярлауды қамтамасыз, етуге тиіс оқутыдың қазіргі заманғы әдістері және құралдарын пайдалану барысындағы нұсқаулардың жүйесі екенін анықтап береді.

Венгерлік ғалым - педагог Ласло Салан - «оқыту тиімділігін арттыру мүдделеріндегі мақсаттары мен мазмұнына неғұрлым сәйкес келетін әдісетр, құралдар және материалдарды таңдау, мақсаттарын талдау, жоспарлау, сондай-ақ, оқу-тәрбиеүрдісін ұйымдамтырушы толықтырмалы ұғымы» болатынын анықтағын.

Жоғары әскери мектептің өкілі, зерттеуші Э. Н. Коротков оқыту технологиясының келесідегідей анықтамасын тұжырымдайды: «Оқыту технологиясы - бұл дидактикалық мақсаттарды дәл анықтайтын, толық сабақтастығы негізінде оқытудың барлық үрдісін жобалау мен ұйымдастыру тәсілдері туралы жүйеліде тұтас білім. Оқыту технологиясы - бұл оқу және оқутушылық қызметті бақылау, бағалау және түзету жүйесі, оқыту мақсаттары, мазмұны әдістері, құралдары және формалары арасында өзара байланысты барлық жүйесін жобалап, іске қосатын оқыту үрдісін толық ғылыми ұйымдастыру». [173]

Н. В. Маслова осы ұғымның кеңейтілген дәлелін береді: «- Білім беру, мұғалім, оқушы және әкімшіліктің ғимараты, оқулық, оқу құралдары, бағдарламалар, оқытудың техникалық құралдары, қаржыландырудың мақсаты, білім беру тұжырымдамасы кіретін жүйе ретінде түсіндіреді» [162] .

Ф. А. Фрадкин - «Педагогикалық технологиялар» білім беру мақсаттарының мұғаліммен оқушы қызметін баяндайтын жүйелі, тұжырымды, нормативтік, нысанды шаралары» - деп анықтаған. [255]

Біздің көзқарасымызша «қашықтан оқыту технологиясы» ұғымын тұжырымдау үшін Н. Я. Савельевпен келтірілген оқыту технологиясы ұғымын сындарлы түсіндірудің негізін алуға болады [120] . Оның ойынша: «оқыту технологиясы - бұл алға қойған мақсаттардың неғұрлым тиімді жетуін қамтамасыз етуші оқыту формасы, әдістері және құралдарын ұсынушы, оқу бағдарламаларымен қарастырылатын оқыту мазмұнын іске қосу тәсілі».

Біздің ойымызша, жоғарыда келтірілген оқыту технологиясының барлық анықтамасы өзіне түрлі шаралар мен операциялардағы үрдісті бөлшектеу секілді технологияның маңызды белгісін белгілеп, ескеруді кіргізбеген.

Қандай да қызмет технология аталатын құқықты алу үшін, оның белгілі бір ізгілікте іске қосылушы эдлементтерге саналы түрде жоспарлы бөлшектену мүмкіндігінің болуы операциялар кезеңдерінің мазмұны және құрамы, тәртібі және бірізділігі өз еркімен белгілене алмайды, әр қызмет дамуы мен атқарымының ішкі логикасы бар. Бұған қоса, осы тәртіпті пайдаланумен таралымын көбейтуге болады. Дәл осының өзі, үрдіс таралымына мүмкіндік береді.

Қашықтан оқыту жүйесінің ерекшеліктері, жаңа ақпараттық технология құралдарының модульдігі, көпке арнаулы, кеңінен әлемде қолданылуы барлық айқындылығымен қашықтан оқыту жүйесіндегі білім беру үрдісін технологияландыру мүмкіндігін алдын ала айқындайды.

Оқыту технологиясы ұғымын тұжырымдарды талдау, қашықтан оқыту технологиясы ұғымының мәнісін бізге тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Қашықтан оқыту технологиясының анықтамасын А. С. Скок [273] пен В. С. Дудченко, В. Н. Макаревтер [272] бірлесе жасаған әлеуметтік технологиялардың толық анықталуымен ұқсас құрған орынды. Соларды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқытудың келесідегідей технологиясын аламыз:

1. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқытуда білім беретін мақсаттардың жетістігі бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асырудың белгіленген тәсілі;

2. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқытуда шаралар мен кезеңдерінде оларды үйлестіру және сәйкестендіру арқылы қызметтің ұтымды бөлшектенуінде құрылатын тәсілдің маңызы;

3. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқытуда мұндай бөлшектеу педагогиканың және сонымен байланысты аралас ғылымдардың озық тәжірибесі, ғылыми білімдерін пайдалану негізінде алдын ала сапалы түрде және жоспарлы жүзеге асырылады.

Бұған қосымша, мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы екі формада көрініс табады:

  • Пәнді оқытудағы шаралар мен операцияларды қамтитын бағдарламалар және іс-әрекеттер;
  • Осы бағдарламамен сәйкес құрылатын қызметі.

Аталған ұғымда мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы қашықтан оқыту жүйесіндегі білім беру практикасында іске қосу үшін көрсетілетін ғылыми-негізді нұсқаулар жүйесі ретінде қарастырлады. Бұл кезде біздің ойымызша, мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясының өзегі келесідегідей өзара байланыста болушы элементтері. Оқыту әдістері, құралдары және формалары болуы тиіс.

Қашықтан оқыту технологиясы және қашықтан білім беру технологиялары ұғымдарының сатылығын анықтаймыз. Білімдегі технологияның сатысында Т. С. Назарованың пікірі бойынша: «Білім беретін технологиялар» басқыштың жоғарғы сатысын иемденеді, бұдан әрі педагогикалық технологиялар», ал одан кейін «оқыту технологиялары» орналасады. Білім алудың қашықтан оқыту формалары салаларында біздің бөліп қараған орынды: «білім беретін қашықтық технологиялар» және «қашықтан оқыту технологиялар».

«Білім беретін қашықтық технологиялар» біртұтас федеральдың білім беру кеңістігін дамытудың жалпы стартегиясын бейнелейді. Оның басты атқарымы - болжамдау, оның қызметінің негізгі түрлерінің бірі жобалылығы, өцткені, жоғары білікті кадрларды даярлауға және елдің зияткерлігінің қалыптасуына бағытталған білім және тәрбие беру үрдісін ұйымдастыру формалары, негізгі кезеңдері, тәсілдері, жалпы мақсаттарын жоспарлау және нәтижелерімен байланысты. Білім беретін технологияларды баяндаудың критериялық параметрлері білім беруді дамыту тұжырымдамаларында бейнеленеді.

Өз кезегінде мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологияларына нақтылы оқу нысанынан тысқары оқу-тәрбиелік үрдісінің заңды іске қосылуы да тән болады. Бұған қоса, мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы өзіне ғылым мен практиканың басқа да салаларына бейімдендірілген түрлі технологияларды кіргізе алады (электронды және жаңа ақпараттық технологиялар) .

Осылайша, мемлекеттік тілде іс-қағаздардын қашықтан оқыту технологиясы, білімнің берілген мазмұнын таралымды іске қосу үшін оқытудың әдістері, айрықша құралдары және формаларының жүйесі ретінде анықталуы мүмкін.

Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын қашықтан оқыту технологиясы, білімнің берілген мазмұнын таралымды іске қосу үшін оқытудың әдістері, айрықша құралдары және формаларының жүйесі ретінде анықталуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті
Педагогикадан дәрістер жайында
Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Эффектілі оқыту стратегиялары
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Қашықтан оқыту жүйесі
Шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Қашықтықтан оқыту артықшылықтары
Қашықтықтан оқыту технологиялары
Ақпараттық оқыту ортасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz