Мен білетін тарихи қалалар құпиясы



ОТЫРАР ТАРИХЫ
ОТЫРАР ЖӘНЕ ЖІБЕК ЖОЛЫ
ОТЫРАР ОРНЫНЫҢ ҚАЗЫЛУЫ
Отырар — арғы тарихы екі мың жылдан асатын қа-зақ халқының ең кене қалаларының бірі. Кешегі Кеңес Одағының отыз томдың үлкен энциклопедиясында: «Отырар орның отырықшы оғыздар біздің дәуірімізге дейінгі төртінші ғасырда иемденіп, кент, қорғандар сала бастаған»,— деп жазады, «Отырар шығыстағы ортағасырлық керуен жолын иемденіп қана қойған жоқ, көшпелі халықтың отырыңшы кәсіпке ауысуының айқыц куәсі, бұл жерді қазақ халқының ежелгі тегі мекен еткен. Отырар ойпатының қазіргі тарихшылар үшін алтын кембе болатыны да осыдан»,— деп жазады А. Н. Бернштам («Древний Отырар», Известия АН Каз ССР. 1951, вып. 3). Әуел баста Отырар цаласының орнында Фараб, немесе Бәрәб атты үлкен қоныс, кент болған. «Бәрәб» ежелгі түркі сөзі, «сулы қоныс» деген мағнаны білдіреді. Сулы қоныс болатын себебі — шаһар Арыс өзені мен Сырдария өзенінің қосылған тұсына, соның күреңсе- топырақты, кең алқапты, қалың тоғайлы иін қолтығына орын тепкен. «Бәрәб, немесе Фараб ңаласы бұл заманда араб халифатының ең күшті жауларына айналды, қолөнермек айналысқан халық саныньің көбейіп, күрт өсуіне бір жағынан үлкен керуен жолыиың, екінші жағынан батыс пен шығыстың кіндік ортасында, аса шұрайлы, құнарлы жерде жатқандығынан»,— деп жазды академик В. В. Бартольд (В. В. Бартольд, Сочинение, т. I. М., 1963, стр. 236). Отырар ойпатының өзінде ғана қырыңқа жуық қала, қала серіктері, кент, рабат, сағын, қорған, елді мекен, құрылыс орындары ұшырасады, Бұл баға жетпес тарихи құрылыстар кейінгі дәуірдегі су жүйелері мен егіншілік кәсіптен мүлдем жойылып біткен. Жойылмаған үлкен құрылыстар: Оқсыз, Көкмардан, Жауһар, Ақтөбе, Абыз-төбе, Мейрамқала секілділері бұл күнде құм көрпесін жамылып, қарауытқан тебешіктерге айналған. Еуроазия кеңістігінде мекен еткен халықтың тарихы заманда, бейне — көгілдір мұхит үстімен бірде батыстан шығысқа, енді келесі ғасырда шығыстан батысқа дамыпсыз жөңкілген түйе толқын секілді елестейді. Сол толқынның жолында тұрған үлкен қаласы Отырар. Көне кез шежіре қарт секілді, тағдыры соған ұқсайды. Есте жоқ ескі мезгілде түрік қағанатының ержүрек қолбасшысы Күлтегін: «Ертіс өзенін кеше жорттық... Алып кісілер бізге шабуыл жасады»,— деп, тасқа ойып жазып қалдырған. Бірнеше ғасырды араға салып, әйгілі Тоныкөк: «Інжу өзенін кеше, Тінесі ұлының мекені — Мәңгікөк тауынан асырып, Темір қақпаға дейін қудық»,— деп, тасқа тағы қолтаңба қалдырады. Мұндағы Інжу — Сырдарияның кене түрікше аты, Темір қақпа — Самарқан, әрісі ғұн тайпалары, берісі түрік қағанаты, сосынғы оғыз, сақ, қыпшақ ұлыстары — бәрі-бәрі бірімен бірі тамырлас — біздің бұрыңғы ата тегіміз болады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Мен білетін тарихи қалалар құпиясы

Оқытушы: Искакова Б.Н.
Студент: Шин В.Д.
Мамандығы: 050704
Тобы: ВПб-05-06р

Алматы 2005

ОТЫРАР ТАРИХЫ

Отырар — арғы тарихы екі мың жылдан асатын қа-зақ халқының ең кене
қалаларының бірі. Кешегі Кеңес Одағының отыз томдың үлкен
энциклопедиясында: Отырар орның отырықшы оғыздар біздің дәуірімізге
дейінгі төртінші ғасырда иемденіп, кент, қорғандар сала бастаған,— деп
жазады, Отырар шығыстағы ортағасырлық керуен жолын иемденіп қана қойған
жоқ, көшпелі халықтың отырыңшы кәсіпке ауысуының айқыц куәсі, бұл жерді
қазақ халқының ежелгі тегі мекен еткен. Отырар ойпатының қазіргі тарихшылар
үшін алтын кембе болатыны да осыдан,— деп жазады А. Н. Бернштам (Древний
Отырар, Известия АН Каз ССР. 1951, вып. 3). Әуел баста Отырар цаласының
орнында Фараб, немесе Бәрәб атты үлкен қоныс, кент болған. Бәрәб ежелгі
түркі сөзі, сулы қоныс деген мағнаны білдіреді. Сулы қоныс болатын себебі
— шаһар Арыс өзені мен Сырдария өзенінің қосылған тұсына, соның күреңсе-
топырақты, кең алқапты, қалың тоғайлы иін қолтығына орын тепкен. Бәрәб,
немесе Фараб ңаласы бұл заманда араб халифатының ең күшті жауларына
айналды, қолөнермек айналысқан халық саныньің көбейіп, күрт өсуіне бір
жағынан үлкен керуен жолыиың, екінші жағынан батыс пен шығыстың кіндік
ортасында, аса шұрайлы, құнарлы жерде жатқандығынан,— деп жазды академик
В. В. Бартольд (В. В. Бартольд, Сочинение, т. I. М., 1963, стр. 236).
Отырар ойпатының өзінде ғана қырыңқа жуық қала, қала серіктері, кент,
рабат, сағын, қорған, елді мекен, құрылыс орындары ұшырасады, Бұл баға
жетпес тарихи құрылыстар кейінгі дәуірдегі су жүйелері мен егіншілік
кәсіптен мүлдем жойылып біткен. Жойылмаған үлкен құрылыстар: Оқсыз,
Көкмардан, Жауһар, Ақтөбе, Абыз-төбе, Мейрамқала секілділері бұл күнде құм
көрпесін жамылып, қарауытқан тебешіктерге айналған. Еуроазия кеңістігінде
мекен еткен халықтың тарихы заманда, бейне — көгілдір мұхит үстімен бірде
батыстан шығысқа, енді келесі ғасырда шығыстан батысқа дамыпсыз жөңкілген
түйе толқын секілді елестейді. Сол толқынның жолында тұрған үлкен қаласы
Отырар. Көне кез шежіре қарт секілді, тағдыры соған ұқсайды. Есте жоқ ескі
мезгілде түрік қағанатының ержүрек қолбасшысы Күлтегін: Ертіс өзенін кеше
жорттық... Алып кісілер бізге шабуыл жасады,— деп, тасқа ойып жазып
қалдырған. Бірнеше ғасырды араға салып, әйгілі Тоныкөк: Інжу өзенін кеше,
Тінесі ұлының мекені — Мәңгікөк тауынан асырып, Темір қақпаға дейін
қудық,— деп, тасқа тағы қолтаңба қалдырады. Мұндағы Інжу — Сырдарияның
кене түрікше аты, Темір қақпа — Самарқан, әрісі ғұн тайпалары, берісі түрік
қағанаты, сосынғы оғыз, сақ, қыпшақ ұлыстары — бәрі-бәрі бірімен бірі
тамырлас — біздің бұрыңғы ата тегіміз болады.
Тарих бейне оқта-текте жеті ңат жер астынан жалын мен от өзен құсқан
жанартау секілді, сол жанартаудың етегінде жатқан қайсар қала осы Отырар.
Отырарды мекендеген ұлыс пен тайпалар қайтсе де ұрпақ желісін үзіп алмауға
тырысып, бірде қолына кетпен алып, жерге дән ексе, келесіде сауыт киіп,
қылыш ұстап атқа қонды, керуен тартып, алыс пен жақынды кезді. Желдей ескен
тарих керуенінің бас бұйдасын қалай, қайда бұрса да жылдар жылжи, өмір өте
қайта айналып адаспай табар қазығы осы Отырар болған.
Отырар туралы орыс тарихшылары Бартольд, Гуми-лев, Кляшторный, парсы
тарихшысы Рашид ед-Дин, араб тарихшылары Несеви, Жүзжани, Ала аз-дин Ата-
Мәлім мен Мұхаммед Жувайни, Ахмед ал-Катиб, қазақ тарих-шылары Марғұлан,
Ақышұлы, Байпақұлы ізгі ілтипатпен тебірене жазады. Баршасына ортақ ой:
қазақ халқының басына түскен қандай-к;андай ғазауат ңиындықтар мен кезеңді
оқиғаларды ауызға алса да, Отырарғ-а соқпай өту мүмкін емес, Отырар — қазақ
тарихының айнасы, қанды көпірі секілді өз апдына үлкен шежіре.
Оңтүстік Қазақстан облысының түстік батысына сұғына енген темір жол
бойымен жүрсеңіз, .я болмаса баяғы Александр патша тұсында салынған Ташкент
— Түркістан шойын жолындағы поезға отырып, Арыс қаласынан шығып, терістікте
жатқан Түркістан қаласына қарай бет алсаңыз — көзіңізге жусанды, ебелекті
мидай жазық шалынады. Қай тұсқа қарасаңыз да мігірсіз шикіл дала, әрәдік
сол даланың бетін аяусыз шимайла-ған жалғызаяң сүрлеу, қос айыл жолды
көресіз. Жол бейно бұл даланың бетіне түскен әжім сызығы секілді. Оқтай
түзу темір жол бір мезгілде көлденең сұлап жатқан қүм шағылға сүғына енеді.
Сол шағылдың түшпағында Темір станциясы бар. Бұл—Ақсақ Темір қытайға
жорышқа әзірленіп жатқан кезде, ат ойнатып, қол жинап ереуіл құрған шақта,
1405 жылғы маусымда, оқыстан, опасыз біреудің қылышынан мерт болған жер,
Ақсақ Темірдің атымен аталып кеткен киелі тұс. Енді осынау алаптың, қиыр
кеңісте ұзақ жолдан шаршап жетіп, шөгіп қалған аруанаға үқсап жатцан Отырар
орнына дейінгі жазыңтың топырағына көз салыңызшы. Көпсіген күлгін күреңсе
кілең.
Құм деуге келмейді, Аппаң шағыл еспе құм манағы Темір қалашығының
тұсынан үзіліп қалған. Диқан күтіп мәпелейтін мәйегі майлы, ңұнарлы ңоңыр
топьірақ емес. Әрәдік аппақ сор, айтақыр ушырасады. Күлгін түсті көп-сіген
бірдеме. Дақыл ексе — шықпайды, шептің өзі әр жерде бір итсигек пен азған
ши. Жел үп етсе — бұрқ етіп көтерілер күл ме дерсің. Байқап, абайлап
қараса,ң:
Отырар ойпатының топырағы ат тұяғы көп таптаған, қырман ғып түтіп
майдалаған, бірде кез жасы, келесіде кісі қаны молынан сіңген сусыма күлгін
құм әншейін, қолға жұқпас қызыл топырақ.
Бабалар жүріп өткен жолды, кешегі ізді, дүбірлі жорықтарды
елестеткіңіз келсе, Арыс пен Түркістан қаласының арасында, ұзыннан ұзақ
созылған шойын жолдың сол қапталында жатқан жер түгіне назар салыңыз.
Топырағына қараңыз. Поезд үстінде дүрсілдеп келе жатып көз ұшында, қиырда
шөккен түйедей көлденең сұлап жатқаи Отырар қаласынын, қираған орнын
шолыңыз. Ескі күндер жосқынын, бабалар сүлбасын елестетеріңіз кәміл,
топырағынан ескілік иісі аңқиды.
Отырар орнында бұл күндері басы бүтін жалғыз құрылыс — Арыстанбаб
ғимараты. Алғашқы көне дәуірдегі ескерткіш қирап құрыған соң, бұл соның
орнына салынған орта ғасырлық әсем өрнекті ғимарат. Арыс-танбаб — Қожа
Ахмет Иассауидің ұстазы, Баба атада жатқан Ысқақ бабтың тұстасы, әулие
болған адам. Орта ғасырда араб қолбасшылары қазақ қалаларын жаулап алғаны
мәлім, пайғамбар әулетінен шыққан Нүх ибн-Асад Сайрам мен Иасыны 840 жылы
басып алса, Исмаил ибн-Ахмед Тараз қаласын 893 жылы жаулады, Отырар қаласын
841 жылы құлатты, Бартольдтің айтуынша, араб әскері оғыз, қыпшақ
кенттерінде кеп табан тіреп қала алмаған. Өздерімен ілестіріп ала келген
баб, сахаба, имам, сопы, білімпаз адамдар жергілікті халыққа дін жолын
үйретіп, қалаларда мешіт, медіресе салдырумен айналысты, ал әлгі сауыт-
сайманға оранған карулы қол келген ізімен сағымға сіңіп, шөлге шығып, кері
жылжып еліне жөнелді. Отырар жеріне алғаш келген білімпаздың бірі — осы
Арыстанбаб. Арыстанбаб туралы жазылған нақтылай тарихи дерек жоқ. Әйтсе де
1900 жылы Ташкент қаласында шығып тұрғак Түркістан археолог сүюшілер
үйірмесінің мәжіліс хаттамасының 12-ші томында Арыстанбаб әрі ақын, әрі
жұлдызға қарап адамдарын болжайтын сәуегей болған... ол жылына бір мәрте
Меккеге барып, әулие өмбиелерге мінәжат қылған даген деректі оқимыз.
Ғимаратқа енген кісі күмбездеп келтірген әсем қақпасына, гүл қауызындай
етіп еріген қыш қиюына, дыбыс жаңғыртқыш құжыра бөл-... мелерге қызыға
қарайды. Арыстанбабтың сүйегі қойылған михрабтың кеңдігі, күмбезі, қыш өру
ернегі мен өнері Сайрамдағы орта ғасырлық Әбділәзіз баб, Баба атадағы ысқақ
баб ескерткіштеріне ұқсайды. Ойды ор-нықтырып, қиялға қанат бітірер сымбаты
қайран қалдырады. Жөкте құдай — жалғыз, желеп — жебеуші үмбеттерінің табаны
жердеи ажырамаған деген пәлсапаны қышқа, тасқа түсіре білген ұсталардың
орнықты ойы, көкірек кезі осы.
Отырар қаласы — өз тарихында сурапыл соғыстан үш рет қирап, үш мәрте
қайта тірілген іргелі орын. Біздің болжауымыз бойынша араб хаяифы жаяуап
алған кездегі Отырар орталығы қыштан салынған, тасболат тамдар, жәдігерлері
мол, көшелері кең қала болған. Ибн Хаукәл мен ибн Рузбихан жазбаларында
кездесетін Отырардың керуен кіріпшығып жататын бес қақпасы болған, олар:
Дарбаза қақпа, Алтын қақпа, Хансарай қақпа, Құл қақпа, Пышақшы қақпа дейтін
кезеңі осы тұс. Әлде араб әскері мен қыпшақ қолының ұрысынан, әлде басқадай
себептен осынау саңғыраған қыштан салынған Отырар орталығы жермен-жексен
қирап құрыған. Қираған қалдық орнына орта ғасыр ортасында қайтадан үйлер
салынып, адемі көшелер бой түзей бастайды. Мешіт, медіресе, базар, ас
ішетін орын — гүртхана, мәжіліс орындары — расытхана, кітапхана салынып,
дүниеге Әбунәсір әл-Фараби, әл-Жауһари келетін Отырардың алтын ғасыры
деген кезең. Кейінгі жылдары қазбагерлердің күл мен құм астынан қазып,
аршып алған Кене Отырар атты үш археологиялық кітапқа өзек болған ескі
орын осы. 1219 жылғы маңғұл шапқыншылығына алғаш тойтарыс берген, кейінше
ертеніп, қирап, жермен жексен болған, екінші мәрте салынған қала қорғаны
осы еді. Рашид ед-Диннің жылнамасында көп айтылады. Шыңғысханның екі ұлы
Шағатай мей Үкітай алты ай арпалысып әзер алады. Ғимараттарды қиратады,
көшелерге өрт қояды, халқын тонап, қан жоса ғып қырады. Осынау ғазауат
майданынан кейін Отырар бір ғасырға дейін түзеліп кете алмай, хансарайда ит
жортып, әуіздері қаңсып, жер асты су құбырлары бітеліп, бастан кеп
қиыншылықты кешіреді. Он төртінші ғасырда бірте-бірте қалпына келе
бастайды. Ел тұрақтап, бұрынғы тасболат там, қыш үйлердін, орнына қам
кесектен, қамыстан салынған үйлер бой көтереді. Жергілікті халықтың аузында
қалған Алтынтөбе тұсындағы Қамыс қала — осынау Отырар қаласының үшінші
рет қайта тірілуін көзге анық елестетеді. Жібек жолының керуендері сап
түзеп кіріп-шығып жататын барақатты дәурен басталған секілді. Әйтсе де он
төртінші ғасырдың аяғында Ақсақ Темір мен Тоқтамыстың сұрапыл ұрыстары
осынау Отырар даласында өтеді, қала қанды жосқыннан тағы да көп зардап
шегеді. Халық үздіксіз ұрыстан жүрекшайлы зәразап боп, қаланы тастап көшіп
кетуге мәжбүр болады.
Он бесінші ғасырдың басында қаланы Махмұт сұлтан билейді. Сұлтан көп
ұзамай Отырар, Сауран, Түркістан қалаларын Мәуренахрдың ханы Шейбаниге
сыйға тартады, Қазақ ханы Бұрындық Отырарды өзіне қайтарып алуға жанталаса
әрекет жасап, Шейбаниге қарсы екі мәрте сұрапыл жойқын жорық жасайды,
қаланы қазақ билеушілерінің иелігіне алады. Көне қаланың екі мың жылдыц
тарихының үзын-ырғасы осы. Кене заман авторларының сөзіне жүгінсек: Отырар
дәуірлеп түрған заманда қаланы 100 мыңнан астам халық мекендеген, бірнеше
мешіті, медресесі болған. Отырар атын әлемге әйгілеген әл-Фараби заманынан
қалған ең. бай кітапханаболды деседі тарихшылар. К. Ақышұлы, Қ. Байпақұлы
жүргізген қазба жұмыстары осы сөзімізді растап, көп-теген құнды зат,
көненің кезін тапты.

ОТЫРАР ЖӘНЕ ЖІБЕК ЖОЛЫ

Отырар ңаласын ұлы Жібекжолынсыз елестету, зерттеу, әңгімелеу мүмкін
емес. Тарихтан мәлім: осыдан мың жьш бұрын Ұлы Жібек жолының бір тармағы
кене Византия, Эллада елінен шығып, Европа жерін аралап, Киев Русін басып
өтіп, цазақ жеріне жеткен. Осы қазақтың қиырсыз кең сахарасын басып етіп,
Қаратау мен Алатауды жағалап, Балцаш көлін айналып, Қытай еліне асып
жөнеліп жататын. Ұлы Жібек жолының келесі бір тармағы Таяу Шығыс дүниесінде
жатқан араб елдерін түгел аралап, Мысыр асып, Бағдат басып, көне ауған
жерімен жылжып отырып, ол дағы Қытай жеріне жөнеліп жатқан. XX ғасырдың
аяғында мына көне сүрлеу дүние жүзі ғалымдарын қайта елеңдетіп отыр. Батыс
пен Шығысты осынау ұлы шерумен қайта жалғастырып, осы заманның кезбелеріне
ерік беріп, ел мен елдің дәстүріне, тарихына, жақсы салтына, этнографиясына
жаңаша көзбен қайта бір қарамаңшы. Қысқасы, мың жылдан бері ел мен елдің
арасында жойылмай келе жатқан жақсы дәстүрлерді осы жол арңылы қайта
жаңғыртпақпыз.
Орта ғасырда өмір сүрген Отырардан шыққан ғұлама Исмаил әл-Жауһари
езінің ТілдІ түзету кітабында былай деп жазған еді: Жібек жолының үлкен
тармағы ең әуелі Киев Русінен, Бұлғар жерінен өтіп, үстіртті басып, Аралды
айналып, Жент қаласына жететін (Жент қаласын біраз тарихшылар Янкикент,
Оғызкент деп те атайды, Д. Д.). Жентке жеткенше сауда керуені құс қанаты
талған шөлден, түйе табаны күйген құмнан өтеді, арып-ашып әбден әлсірейді.
Көліктерінің жартысы орта жолда қаңқа боп қалады. Әйтсе де керуен көгілдір
Жент қаласына енген кезде, баяғы азаптың бәрі көрген түстей ұмыт болады!.
Әлгінде айттық, Жібек жолы батыс пен шығыс елдерін екі мың жылдай ұзақ
уақыт ішінде үзбей жалғастырып жатты. Осынау ұлы сорап ұлт пен ұлтты, халық
пен халықты бір-біріне таныстыр-ған достық дәнекеріне айналды, Әрине баяғы
заманда ел мен елдің арасында қазіргідей қада қағылған шекара болмаған. Жер
бедері, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаратау басындағы Қатынқамал үңгірі
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі
Шыңғысхан жайлы
ОТЫРАР ЖӘНЕ ЖІБЕК ЖОЛЫ
Қостанай облысының мәдени жерлері
Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметі
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Д.А.Қонаевтың Кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі
Қазақ ұлтының кемеңгері, ұлт мақтанышы Д. А. Қонаев
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
Пәндер