Қайта сақтандыру және оның сақтандыру ісіндегі мәні


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I Сақтандыру және қайта сақтандырудың экономикалық мәні және қажеттілігі

  1. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары . . . 5
  2. Қайта сақтандырудың экономикалық қажеттілігі және негізгі міндеттірі . . . 8
  3. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру әлеуметтік қорғаудың негізгі салалары . . . 13

II Қайта сақтандыру және оның сақтандырудағы мәні. 20

2. 1 Сақтандыру нысаны: жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру

2. 2 Қайта сақтандыру нысандары мен әдістері . . . 24

2. 3 Қайта сақтандыру негізгі атқаратын қызметтері және оның
бухгалтерлік операциялары . . . … 35

III Қазақстан Республикасының Қайта сақтандыруның жүйесі мен дамуы және оның жетілуі . . . 35

Қорытынды . . . 39

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 41

Кіріспе

Менің таңдап алған тақырыбым "Қайта сақтандыру және оның сақтандыру ісіндегі мәні". Бұл тақырып мені өте қызықтырды. Бұл тақырыпты таңдап алған себебім әрбір экономикалық бағыттағы оқу орындарының студенттері нарықтық экономикалық дамуына терең талдау жасай біліуі керек деп ойлаймын. Ал сақтандыру мен қайта сақтандыру жүйесі-осы нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құндылықтарының бірі. Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру ұйымдары жұмыстарының тұрақтылығы мен қызметінің қаржылық бекемдігін қамтамасыз ету үшін қайта сақтандыру жүйесін құру аса қажет. Сақтандыру-сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, материалдық шығындарға ұшыраудан қорғап, экономикалық табысқа жетуге кепілдік береді. Қайта сақтандырудың мақсаты-аса қауіпті қатерлердің зардабын жоя алатын кең ауқымдыкепілдіктердің кеңістігін кеңейту мен нығайту. Бұл интернационалдық экономикалық және де сақтандыру балансымен алғанда теңгермешілік өлшемнің ең соңғысы емес. Міне осыған орай сақтандыру мен қайта сақтандыру техникалық экономикалық және де әлеуметтік прогрестің аса маңызды құралы болып табылады.

Сақтандыру жауапкершілігінің көлемін өсіру процесіндегі сақтандыру ұйымы жүргізетін қызметтің бастапқы кезеңінде де қайта сақтандырудың рөлі ерекше. Сондықтан да ішкі нарықта қайта сақтандыру жүесін құру міндетті, бізде де барған сайын нарықтық экономикадағы өте маңызды, әрі актуальды мәселе бола түсуде. Осыған байланысты сақтандыру операцияларының қаржылық бекемдігін қамтамасыз ететін шалғай шетелдерде бұл тәсілдің рөлі мен мәнін барынша жан-жақты ашып көрсеткіміз келеді.

Қайта сақтандырудың өзінің байырғы дәстүрі болғанымен де, оның мәні ең алдымен Қазақстан экономикасында жүріп өтуі керек болып тұрған индустриализациямен айрықша байланысты. Соңғы онжылдықтар ішінде Еуропа, АҚШ пен Жапония индустриализацияның нәтижесінде үлкен де ірі қатерлер мен қаіптердің кешенді көздерінің аса зор потенциалдары пайда болып. Олар жекеленген сақтандырушының ал кейбір жағдайларда тіпті сақтандыру нарықтың қаржылық мүмкіндігін мейлінше өсірді. Экономиканың ғылым мен техниканың қуаты өркендеу қатерлер мен аса қатерлі қаржылық комбинациалардың күрт өсуімен күрделене түсуіне әкеп соғуда. Сөйтіп бұл жай қазіргі экономикалық өмірдің барлық уклатарын анықтай тұра, сонымен қоса олар әлі де белгісіздік туғызуда. Ал, экономиканы тұрақты түрде жетілдіріп жаңартып әрі күрделіқаржы үші батыл тәуекелге бару ғана әлгі етектен тартқан жұмысты жүргізбей отырған жайларды болдырмайды. Міне бұл сақтандыру мен қайта сақтандырудың қазіргі басты міндеті клиенттердің қаіп-қатер жауапкершілігін қабылдай отырып, сақтандыру ұйымдары өз қызметтерін клиенттердің қатерден аман болуына немесе оны клиенттердің мүдесіне орай азайтуға бұруға тиіс.

Қатерді жабу үшін барлық қажеттілікті жасауға кепілдік беру керектігі жұмыстың өзіне сай келетін, нысандар мен әдістерді талап етеді. Қайта сақтандыру қоғамның стратегиясы жаппай нарықтық қозғалмалы құрлымы мен өнімдеріне болашақтағыжаңа қатысушыларға ыңғайластыруға бағыталуға тиіс.

Өнімге деген сұраным мен осы фактрге байланысты қатерді жабу қажетігінің ықтимал өзгерісі есепке алынады.

Бастаыш сақтандырудың дамуы, қатерлерді ойдағыдай басқару үшін жаңа прогрессивтік тәсілдері ойластыру, ықтимал толық қаржылық кепілдік пен қосымша кепілдік үшін дәстүрлі қайта сақтандыру объектілерін зор көлемде дифференциялау жоғары мамандандырылған қолдау. Қайта сақтандыру қоғамы стратегиясының ең маңызды пункті болуға тиіс. Әсіресе қатерден тасқары емес қызметтердің кең көлемді бағдарламасына қатысқан жерде қайта сақтандырудың жалпы кепілдігін ойластырып жасаған кезде клиентердің жекелеген мүделеріне ерекше көңіл бөледі.

Мен өзімнің осы ғылыми-зерттеу жұмысымда сақтандырудың экономикалық мәні мен қажеттілігіне оның көздері мен негізгі міндеттеріне, сонымен қатар қайта сақтандырудың мәні мен оның атқаратын қызметтерінжәне Қазақстан Ресубликасының қайта сақтандыру жүйесіне толығымен талдау жасап сипаттама беремін.

I Сақтандырудың экономикалық мәні және қажеттілігі.

1. 1 Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары.

Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатнастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп -бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп- қатер сипаты. Сондықтан өндіріс процетерін жалғастыру азаматтарының жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорлардың қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар:бюджеттік және сақтық әдіс.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражатарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілермен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады.

Сақтық қорлар-қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлар жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.

Мүліктік мүделерді қорғауда материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қор нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі : олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол-табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден - бір бөлігі .

Сақтандырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында-сақтық төлемдерді төлеу үшін пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алуы үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағытаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтық рыногінде пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салалары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісім шарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқалы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерлі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүделерді қорғау мүмкін болады.

Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бір қатар факторлармен айқындалады.

Біріншіден мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымның түрлі мүделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке келіп түседі.

Екіншіден, сақтандыру механизнің қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі салаының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Сақтық жүйе республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына халықты әлеуметтік қорғауды артыру үшін қосымша негіз жасауға азаматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.

Сақтандырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұрады:

  1. қоғамдық қорғаудың жүйесі;
  2. әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру;
  3. жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру;

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болы табылады.

Сақтандыру-сақтық ұйым өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатнастар кешені. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік -экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды, ол өтемдік және жиналымдық функциясын атқарады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру-қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүделерін қорғау және оларға материалдық зианды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Ерекше сақтық қатнастар, сақтық қызметтің рыногін дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау "Сақтық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулылары мен Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен ретеліп отырады.

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

Сақтық қатнастардың ақшалай сипаты

Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

Оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

Сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

Ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушығ немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

  1. қатнастардың ықтималдық қатынасы
  2. қатнастардың төтенше(жай емес) сипаты (кез келген ауқымда мемлекеттік, аймақтық деңгейде кәсіпорын немесе оның бөлімшесі жеке адам деңгейінде)

Сақтандыру процессі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру шарты бойынша бір тарп(сақтанушы) сақтық сыйақыларды төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап(сақтандырушы) сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзгеде тұлғаға(пайда алушыға) шартта белгіленген соманың(сақтандыру сомасының) шегінді сақтық өтемін төлеуге міндетті.

1. 2 Қайта сақтандырудың экономикалық қажеттілігі және негізгі міндеттері.

Қайта сақтандыру. Сақтандырудың кезкелген түрінде өздерінің мөлшері мен ерекшелігіне орай қатерлер болады, олар сақтандыру комнаниясыгың жекеменшік есепшотымен қамтамасыз етіле алмайды.

Кейбір сақтандыру нарықтарында мұндай қатерлер сақтандыру компанияларының өздерінің негізгі көлемдерін бөлшектеу арқылы сақтандырылады; бұл былайша түсіндіріледі, яғни компания өзіне қатердің қолынан келетін үлесін алады, ал қалған бөлігін өзге компания сақтандырады. Мұндай тәжірбие бірлесіп сақтандыру деп аталады.

Басқа нарықтарда сақтандыру компаниясы барлық қатерлерді өзі сақтандырады және өзі алған көлем сомасының жартысын басқа сақтандыру мен қайта сақтандыру компанияларына береді (тек өзінің шамасы жететінін ғана ұстап қалады) .

Осылайша бір ғана қатердің немесе бір топ қатердің сомасы біреуін ғана құраған жағдайда және де бір сақтандыру компаниясы үшін мүмкін болатын мөлшерді ақылдан тыс асырып жіберген болса, онда бұған қайта сақтандырудың ықпалымен әсер ету керек.

Мынадай уақытта, яғни сақтанушыны болуға тиісті ауыр зардаптан (шығыннан) қорғауға сақтандырушының функциясы қосып қаралады, ендеше қайта сақтандырушы да сақтандырушының өзінің қорғанысын қамтамасыз етуге ботышты.

Келісуші жақтар жасаған қайта сақтандыруды өзара жүргізу келісімі жартылай ығысушы компания мен қайта сақтандырушы деп аталады, яғни ығысушы компания орын беруге келіседі, ал қайта сақтандырушы келісімде айтылған шарт жағдайында қатердің нақты бір үлесін өзіне қабылдайды.

Бұл жерде біз: "ығысушы компания" және "қайта сақтандырушы" деген екі маңызды терминді пайдаландық.

Ығысушы болып қатерді қабылдап, оның жартысын қайта сақтандырушыға беретін сақтандыру компаниясының өзі болып табылады, және де басқа компаниялар болуы ықтимал, сол секілді ығысушы қатерді қабылдайтын қайта сақтандырушы компанияда болып есептеледі.

Алайды ығысушы компания мен қайта сақтандырушы арасында жасалған қайта сақтандыру контрактісі бойынша сақтандырылушының өзіне ешқандай құқық берілмейтіні атап көрсетілуге тиіс. Осылайшы зиянға тап болған жағдайда сақтандырылушының толық сомаға деген өкпе талабы ығысушы компания мен қайта сақтандырушы арасында бос қалуға мүделі емес.

Міне осылайша, қайта сақтандыру пропорционалды және пропорционалды емес болып бөлінеді екен.

Пропорционалды қайта сақтандырудан шарт жасалады, ол қатысушы жақтардың үлесін немесе ығысушы компания мен қайта сақтандырушының сақтандырылған соманың функция болып есептелген қатысын анықтайды. Бұдан әрі келтірілген шығынға орай бизнесті бөлісу жүргізілді.

Тәжірбие, біліктілік, кәсіпқолық, бұған қоса икемділік пен жаңалықты енгізуге құштарлық болашақтың күрделі талабы жағдайында сақтандыру қызметін ойдағыдай жүргізуге тамаша алғы шарт жасайды.

Мәселен АҚШ-тың бірнеше миллиард доллар сақтандыру сомасына пар-пар аса зор материалдық қазынан бір жерге шоғырландырып отырған автомобиль сақтандыру зауаттарын, ірі тонажды танкерлермен ұшақтарды еске алсақта жеткілікті. мысалы " Боинг-747" авиалайнері ұшыраған апаттан, сол секілді жолаушылардың талап арызынан және де үшінші біреуден келген зиян АҚШ-тың 1, 7 миллиард доллар сомасын сақтандырылады. Бұл сомма сөз жоқ авиакомпанияның барлық сақтандырылуынан түскеннен әлде қайда асып түседі. Бірақ техникалық сақтандыру саласында кездесетін өзге де ірі қатерлер мысалы мұнай айдайтын зауаттар мен өзге де мұнай-химия объектілерінің құрылыстары АҚШ-тың миллиард сомадан астам доларына сақтандырылады. Бұрғылау платформалары, басқа да теңіз қодйрғылары 5-моллиард сом, ал мұндай объектілердің кешендері АҚШ-тың 10-14 миллиард долларына сақтандырылады.

Потенциалды, сондай-ақ нақты зиян бірнеше жүздеген миллион долларды құрайды. Мұндай сомаларды ең соңғы шектеуге болиайды, мәселен бұл орайда саны ылғи да өсіп отырған жер серіктерін сақтандыруды еске алсақта жеткілікті.

Тіпті бізде әлі де тарала қоймаған жауапкершілікті сақтандырудың өзінде қатерді жабудың сомасының 60-70 миллион маркіге жетіп отырғаны сирек емес. Осыған байланысты тұтынудағы өнімдердің немесе фармацевтік затардың да қимыл-қозғалысы үшін жауапкершілігін сақтандыруды еске салғымыз келеді. ГФР дәрі-дәрмек жөніндегі заңның ережесіне сай, әрі дәрі бойынша сақтандырумен қамту 200 миллион маркіні құрайды. Бір қарағанда мұндай сомма белгілі бір қаржылық шектеудін асып кетпейтін сияқты, бірақ осы заңның басқа ережелеріне сәйкес егер активті зат бірнеше дәрі түрінде пайдаланса (мұндай жиі кездемеді) онда сан миллиард маркамен есептелетін жауапкершілік пайда болуы ықтимал.

Осы жерде апатты сұрапылдардың нәтижесімен байланысты қатерлер жөнінде ескерткен орынды болар еді, мәселен соңғы жылдарда Еуропада болып өткен жер сілкіністері мен боранды аласапырандарды алайық. Кездейсоқ апаттардың қауіп-қатеріне қшырауы ықтимал аудандардағы халықтың тығыздығының өсуі мен олардағы индустризацялау процестері зардаптың жоғары болу мүмкіндігін туғызып отыр. Мюнхенде соғып өткен бұршақ аралас боран 3 миллард маркі зиянға ұшыраған. Және бір мысал ретінде Еуропа аумағының кең көлемінде соғып өткен қысқы дауылдық зардабын айтар едік. Мәселен "Дария" дүлей дауылы зор зиянға соқтырып, ол бойынша төлем 6 миллард маркіге жеткен.

Сондықтан, бұрын айтқванымыздай, мұндай көлемдегі қатер ман зардап тіпті ірі сақтандырушылардың мүмкіндіктерінің өзін біраз артырады, кейде тіпті жекеленген сақтандыру қатерлердің. Мынан баса айтайық, дамыған елдердің сақтандырушыларына әлгіге мысалы, жазатайым апаттан сақтандыру саласында қамтамасыз етуді беруге тек мынандай жағдайларда қол жеткізіледі: сақтандырушы қатерді қабылдаған сәтте процесс басталады, оның барысында қатер қайта сақтандырушыға беріледі, ал жауапкершіліктің салмағы бәрінің ийғына бірдеі түседі. Бұл жерде жоғарыда сөз болған " Боинг-747" авиалайнерімен болған оқиғаны айтар едік.

Сақтандыру оқиғасы басталысымен келтірілген шығынды төлеу әлемдегі үш жүздей сақтандырушылардың қатысуымен жүргізіледі деуге толық болады.

Міне осы тұрғыдан қарағанда қайта сақтандырудың негізгі функциясы анық байқала түседі, сірә біздің мемелекетімізде де мұндай институт үшін жалпылық тән болар.

Ең бірінші әрі ең маңыздысы -қатерді шектеу басқаша айтқанда, қайта сақтандыру жеке сақтандырушының сақтандыру қатерін азайтады. Сақтандырушы өзі алып жүруге міндетті қатердің жартысын қатерді қайта сақтандырушыға беру арқылы ол қатерді өзінің қаржылық мүмкіндігін есептей отырып алып жүруіне дайын мөлшерге дейін қысқартады.

Алайда сақтандырушылардың қолындағы қоржындар бір біріне ұқсамайды, біреуінікі-үлкен оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарын өрттен сақтау жөніндегі әр түрлі қауіп қатер дәрежесі ескеріліп жасалған сақтандыру шарттры бар ал екіншісі бреуінкі кішкентай оның ішінде тұрғын үйлерді өрттен қорғау жөніндегі сақтандыру шарттары салынған. Кәсіпқой қайта сақтандырушы, дәлірек айтқанда көбінесе және де бірыңғай қайта сақтандырумен айналысушы сан алуан сақтандырушылардың сұранымдарын толық ескере отырып оларға қорғаныс бере алады. Қайта сақтандырушыға қатердің тек қана сақтандырушының қоржынына көлемі жағынан сыймайтын үлесі беріледі. Ал сақтандырушы өзі алып жүруге тиіс қатер бөлігінде сақтандыру сомасын теңестірілу өткізіледі. Осылайша сан түрлі сипаттағы қатерлер бойынша сақтандыру максимумдары бір-біріне тепе-тең жағдайға келтіріледі, ал кездейсоқ байқалған шығынның ауытқушылығы шыдамдылық шегіне дейн қысқартылады.

Сақтандырушыға қайта сақтандыру қандай қорғаныс бере алады ?

Ең бірінші кезекте кездейсоқ қаіп-қатерден қорғайды, дәлірек айтқанда күтпеген жағдайдға орай өзінің нақты деңгейіне сай емес есептелген зиянан күтпеген ауытқудан сақтайды. Қайта сақтандырушының негізгі міндетінің өзге де сақтандырушыны міне осындай ауытқушылықтың салдарынан қорғауда болса керек.

Барлық сақтандырушылардың қайта сақтандырушылармен іскер байланыстарын қараған кезде қайта сақтандырудың халық шаруашылығы үшін маңызы аңғарыла түсуде. Ішінара айтқанда жазатаым оқиғаның басталуы нәтижесінде ірі шығындар пайда болуы мүмкін салаларда мысалы, құрылыс саласында, өнеркәсіп объектілерінде өртің болуынан, құрылыс монтаж қатерлер туады, міне осыдан келіп тек қана жекеленген сақтандырушының емес, тіпті бүтіндей сақтандыру нарығында қайта сақтандыруға деген сұраным пайда болады. Басқа салаларда, мысалы автокөлік сақтандыруында, тұрғын үйлер сақтандыруында, үй мүлкін сақтандыруында қайта сақтандыруға деген сұраным ылғида біршама төмен. өнеркәсіп кәсіпорындарын өрттен сақтандыру саласындағы сақтандыру оқиғасы басталған сәтте төленуге тиісті сома (кейбір жағдайларда бұл жөнінде айтық да) ұлттық сақтандыру нарығының қаржылық мүмкіндігінен асып тұседі. Халық шаруашылығындағы қайта сақтандыруға деген сұраным да айқындала түсті, мұны еліміздің айтарлықтай емес валюта сатып алып жатқан жағдайлардан байқаймыз, сірә жабдықтарды айырбастауға жататын сақтандыру оқиғалары басталған кезде ол сөз жоқ қайтадан валютаға сатып алынуы ықтимал.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекел: түсінігі,функциясы, көздері
Қаржылық сақтандыру ұйымының дамуы
ҚР-ғы сақтандыру саласы
Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыру және олардың банкроттығы және Қазақстанда сақтандыру ісінің тиімділігіне олардың әсері
Қазақстан Республикасының өмірді сақтандыру компаниялары
Кәсіпкерлік түрлері "Салыстырмалы талдау"
Тәуекелдерді басқару
Сақтандыру, оның мәні,ролі және маңызы
Қазақстан Республикасында сақтандыру ісінің теориялық негіздері
Банктік тәуекелдер түрлері және оларды басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz