Көркем прозадағы психологиялық талдау жайлы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

«Көркем прозадағы психологиялық талдау» атты курс жұмысында әдеби кейіпкердің жан диалектикасын, ішкі рухани әлемін, құпиясы мол күрделі табиғатын зерттейтін әдебиеттану ғылымындағы психологизм поэтикасының теориялық мәселелері жан-жақты қарастырылады. Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады [1, 13] . Бұл ойымызды нақтыласақ: "Әдебиеттегі психологизм - кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды" [2, 834] .

Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы қарама-қайшы дүниетанымын, көзқарастарын, іс-әрекеттерін, көңіл-күйлерін тереңдей талдап, жан-жақты бейнелеу психологизмнің көркемдік табиғатын танытады.

Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М. Храпченко Н. Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б. Майтанов М. Әуезов шығармашылығымен байланыстырып, "тұйық психологизм" деген ат береді [3, 86] . Бұл синтетикалық психологизмнің өзгеше бір сергек те сыпайы түрі деуге келеді. Синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар, сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі құбылулар.

Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу - аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық тәсілдің басты көрінісі - ішкі монолог. Адамның сезім-күйін, ой-толғанысын, күйініш-сүйінішін барлық қайшылықтарымен, сонымен қатар асқан шеберлікпен шынайы әрі дәл де нанымды нақышпен бейнелейтін психологиялық романның ерекшелігі жанрлық талап пен автордың кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Психологиялық романның көркемдік әлемін Ф. М. Достоевскийше түсінсек, бар мәселе - автордың оқырманды өз кейіпкерінің ішкі өміріне қалай ендіруінде жатыр. Кейіпкеріне сөз бере отырып, оның сана ағымын, қақтығысқа толы рухани әлемін, жан қозғалысын нәзік детальдармен бейнелей білу - нағыз шеберліктің шыңы [4, 88] .

Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім арасындағы ымыраға келмейтін күрес, мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл - психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі.

Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады:

Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол арнайы түрде талап етілмейді.

Екіншіден, мұнда ең бастысы - жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адам бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады.

Үшіншіден, шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі, жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.

Төртіншіден, психологиялық прозаның көркемдік әлемі өзінің жанрлық талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды [1, 14] .

Асылында, көркем шығармада психологиялық талдау жасалынбаса, "адамның ойына өң беріліп, көңіліне күй түсірілмейді" [5, 36] .

І ТАРАУ: КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1. 1 Психологиялық талдаудың түрлері

Көркем әдебиеттегі психологизм - ғылыми, әдеби мәні мол, күрделі үдеріс. Психологизм - қоғамдық алғышарттар мен жеке адамдар дүниетанымын, олардың іс-әрекетіне жетекші сана-сезімдік қозғаушы күштерді сенімді суреттеудің дара жемісі болып табылады.

"Қаһарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығармашылық феномен - психологизм" [6, 3], - дейді Б. Майтанов.

"Психологизм - көркемдік әлемнің жұлын-жүйесі" [6, 12] болғандықтан, психологияның әдебиет саласындағы тұрақты "елшісі" ғана деп есептеуге толық мүмкіндігіміз бар. Себебі әдебиет психологияның өзінен бұрын енші алып, ерте дамыған. Даму барысында психологизм элементтері ертедегі әдебиеттерде де орын тепкен. Нақтылы психологизмнің көркемдік тәсіл ретінде әдебиетке келуі XVIII ғасырдан басталады. Сол кездегі сентименталист жазушылардың алға қойған мақсаты - адамның жан қозғалысын, нәзік әрі терең сезімталдықты суреттей білу болатын.

XIX ғасырдың басына қарай адамның жан дүниесіне үңілу тіптен тереңдей түсті. Көркем шығармадағы басты нысана адам болғандықтан, оның ішкі, сыртқы болмысы шынайылықпен сомдалуы тиіс еді. Сондықтан да адам жанын жандандырудың басты тәсілі психологизмнің осы тұрғыда алатын орны ерекше, маңыздылығы жағынан алғашқы орында болды.

Қ. Әбдікова әдебиеттегі тұлға мәселесінің психологиялық талдау арқылы жүзеге асатынын айта келіп, Ж. Аймауытов талдау жасайды. Қазақ әдебиетіндегі тұлға мәселесін психологизм тұрғысында айтқан А. Иезуитов: "Біріншіден, психологизм- сөз өнерінің тектік белгісі, ажырамас қасиеті, көркемдік кепілі" [11, 50], -деп баса көрсеткен. Суреткер барлық күш- қайратын, шеберлігін бір ғана мақсатқа-адам жүрегінің сырын, адам жанының шындығын танытуға жұмылдырады. Адам жанына психологиялық талдау жасау жаңағы шеберлік шеңберімен астасып жатады.

"Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" психологиялық талдаудың пайда болуын 3. Фрейд есімімен байланыстырып былай делінген: "Шығармашылық қабілетті жыныстық инстинктерімен төркіндететін әйгілі туындылардың психологиялық астарына басқаша үңілуге шақыратын психоанализ тәсілі өнердің барлық саласына соның ішінде әдебиетгануға ерекше ықпал етті . . .

Психологиялық талдау өнертанудағы соны сипаттағы белес болды, кейіпкер психологиясын талдау тареңдей түсті" [10; 278б] . Көркем әдебиеттің негізгі предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету-суреткердің негізгі міндеттерінің бірі. Мүны танытудың әдіс-тәсілі «сана ағымы» «жан диапектикасы» сияқты психологиялық талдау негізінде Р. Стендапь, Л. Толсгой, Ф. Достоевский шығармаларында қалыптасқаны айтылып жүр.

Психологизмге алғаш баға бергендердің бірі Н. Чернышевский Л. Толстой шығармаларындағы психологизмді реализмнің басты тәсілі, әсіресе адамды танытудың материалистік әдісі деген және «психологиялық талдау-шығармашылық таланттың қуатын көрсететін қасиеттің ең маңыздысы»-екенін атап айтқан [11; 36б] . Кейіпкердің жан қалтарысының, сезім толқындарының әрбір қақтығысын көз алдымызға тізбектей мөлдіретіп әкелу қаламның эпикалық қүлашы мен лирикалық толғанысын керек етеді. Шығарманың өн бойындағы үзілмес желі оқиғалар тізбегін адам жасаса, әрекет-қимыл, тартыс үстінде болса сол қозғалыстарға жан беретін- ақыл-ой, сана-сезім, яғни "жан диалектикасы" болып табылады.

Психологиялық талдаудың негізгі міндеті- кейіпкер жаны қоғаммен, адаммен, табиғатпен қарым-қатынаста қандай эмоционалды-психологиялық өзгеріске ұшырайды, қандай қалыпқа енеді, соны жіті бақылау. Көркемдік-шынайылық болса, оны ұғындыратын, әрі ұғынатын адамдар жалпы үрдістерден өзге жеке сезімдік әуендерді таңдауға бейім. Сол себепті көркем шығармадағы өмір шындығының ең жоғары деңгейі психология заңдылықтарымен сабақтас.

«Психологиялық роман-адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айырықша мән берген» [12; 280б], -деп баға береді А. Ысмақова.

Орыс әдебиетінде XIX ғасырда психологиялық романды Л. Толстой шығармашылығынан бастап тарататынын айттық. Ол адамның сезім күйін, толғанысын, қуаныш-қайғысын барлық қайшылығымен терең ашып бейнелеген. Кейіпкердің ішкі дүниесінің нәзік иірімдерін, құпия сырларын әсерлі суреттеу адам мінезін асқан шыншылдықпен нанымды көрсетуге мүмкіндік береді. Л. Толстой жеке адамдардың "жан диалектикасын" ашу арқылы қоғамдық өмірдің қайшылықтарын адамгершілік пен қатыгездіктің қақтығысынан туған трагедиялық жағдайды әсерлі бейнелейді.

Ал, Ф. Достоевскийдің психологизмді берудегі жаңашылдығы - романдардағы сан алуан кейіпкердің өмір қүбылыстарын сезінуі әрқилы. Кейде тіпті бір-біріне мүлде қайшы дүниетаным көзқарастарын үңіле зерттеп сипаттауынан айқын аңғарылады. Кейіпкердің адам тағдыры, дүние жаратушы жайлы белгілі бір шешімнің, нақтылы түйіннің аясына симайтын, шығармаға көп үнділік -полифониялық қасиет дарытатын қым-қиғаш ой-толғаныстарынан, жеке адамның ой-санасы, ішкі сезімі бүкіл әлеммен, бүгінгі ғана емес, өткен өмір мен де, көлешекпен де жалғасып жатқанын байқаймыз [4; 85б] .

Әдебиетіміздегі тұнғыш психологиялық роман деп зерттеушілер Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романын атап жүр. "Ақбілектің" психологиялық роман табиғатына тән негізгі сипаты шығарманың сюжеттік-композициялық концепциясы кейіпкердің ішкі әлемін талдау мақсатына тәуелділігінде [12; 280б] . Кейіпкердің қиын тағдырын жазушы ішкі монолог, толғаныс т. б. сияқты адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін: ондағы жаңа тіршілік-тынысты сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Суреткердің өзіне тән психологиялық стилі осы романда жан-жақты көрінген. Ол-күнделік ретінде берілген Ақбілек ойлары.

Адамның жан дүниесін бейнелеу- психологизм, әрине бір ғана жанрдың психологиялық романның шеңберімен шектелмейді. Кейбір шығармаларды бөліп, осы жанрлық түрге жатқызудың өзі де "шартты түрде жасалған жіктеу" [12; 280б] деп санаған жөн. Осыған байланысты психологиялық талдаудың элементтерін басқа туындылардан табуға болады ( М. Әуезов, Ә. Нұрпейісов т. б. ) . Ал бүлардағы психологизмның басты орны алмауы психологиялық талдаудың әр түрлі болатынымен төркіндес. Осы жөнінде Н. Чернешевский: "Психологиялық талдау әр түрлі бағытта кездесуі мүмкін: бір ақынға характердің сыртқы белгілері, екіншісіне қоғамдық қарым-қатынас пен өмір тартысының сол характерге жасайтын әсері мәндірек, үшіншіге-сезім мен әрекеттің байланысы, төртіншіге - құмарлықты талдау қымбат, ал граф Толстой үшін ең маңыздысы - психологиялық талдаудың өзі, соның формалары, заңдары, анықтауыштық терминмен айтқанда-адам жанының диалектикасы", -[И; 36б] деп айтады. Ұлы сыншы психологизмнің межесін сол кездің өзінде-ақ жіті пайымдаған. Қазіргі қолданыста жүрген "аналитикалық, синтетикалық" деген терминдерді қолданбағанмен соларға жататын көркемдік әдіс-тәсілдерді атап көрсеткен. Ғылыми сында психологиялық талдаудың анапитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М. Храпченко Н. Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б. Майтанов М. Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "тұйық психологизм" [3; 86б] деген ат береді. Бұл синтетикалық психологизмнің бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді.

Ж. Дәдебаев М. Әуезов шығармашылығына қатысты психологиялық талдаудың эпикалық және лирикалық тәсілі болатынын айтқан [9; 159б] . Қалай десе де екі ғалымның еңбегінде психологиялық талдаудың аты өзгергенмен негіздері бірдей шығып отырады. Бұған дәлел-М. Әуезов шығармашылығына қатысты талдаулары. Бірінші, Ж. Дәдебаев эпикалық тәсілмен психологиялық талдауды мынадай мысалдармен дәлелдеп көрсетеді: "Қунанбайдың қыбыр қақпай бір нүктеге қадалып сөйлеген сөзі, жалпы бет-бедері ешбір қимыл-қозғалыссыз беріледі. Ал, Абаймен алғаш кездескен сәттегі Тоғжан күйі, оның бет пішіні, бірнеше рет қызыл бояумен албырап толқып көрінеді. Жазушы Тоғжанның әшекей сырғасына дейін толқытып баяу дірілмен сілкіндіре суреттейді. Осылайша іс-әрекеттерді, олардың көріну процестерін суреттеген"[9; 159б] . Психологизмнің синтетикалық түріне Б. Майтанов жоғарыда аталған психологиялық процестерді көрсетеді. Сонымен қатар, "Оянған өлкедегі" Ғ. Мүсірепов стилінде синтетикалық психологизмге жатқызады. Мұнда өзімізге мәлім сюжет қоюлығы, қоғамдық-саяси тартыстар шымырлығы, суреттеу құрылымындағы динамизм басым [3; 137б] . Осыдан келіп, синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар, сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі қүбылулар екендігін қорытуға болады.

Синтетикалық тәсіл қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі таңдағы синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп, жазушылық мақсат-мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыл-әрекетті алсақ, екеуі де ауыз әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл әдебиеттегі кейіпкер түр-түлға, ой-санасын, мінез-қүлқын танытуға қызмет етіп келеді. Пейзаж да, деталь, штрих та (бүлар аналитикалық тәсілге де тән) ертеден қалыптасқан дәстүр.

Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық психологизм-негізінен психологиялық роман жанрының тууына, шығармаға психологиялық талдау жасауға негіз болған бірден бір тәсіл. Аналитикалық тәсіл Қ. Әбдікованың көрсетуінше "Ақбілек" романының негізгі желісін қүраған, оның басты көрінісі- ішкі монолог. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналысында соның ойында өтеді. Психологиялық талдаудың аналитикалық түрі арқылы кейіпкер өзін-өзі таниды. Ішкі жан дүниесінің дірілі, сезім қақтығыстары арқылы танылады[7; 73б] .

Г. Пірәлиева: "Эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп отырады" [13. 71б], - деп, ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бір әдісі осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау (өзін-өзі жегідей жеу) екенін айтады. Бұған "Ақбілектегі " Мүқаш бейнесін жатқызуға болады, аналитикалық тұрғыда Ақбілектің де, Мұқаштың да жандүниелерінің сұлбасы жасалған. Ж. Аймауытов аналитикалық психологизмге синтетикалық тәсілді де үстемелеп отырған. Бұл туралы Қ. Әбдікова өз еңбегінде атап көрсетіп: "Аналитикалық тәсіл мен синтездік тәсілдердің ғажап қосындысын жасаған" [7; 45б], - дейді.

Таза аналитикалық тәсілмен жазылған шығармалар баршылық, олардың көркемдік бояуы кемімей, композициялық құрылымына шек келмей жазылған. Мұндай шығармаларды "сана ағымына" құрылған шығармалар деп атап көрсетіп жүрміз. Әдебиетімізде мұндай туындыларға Ә. Кекілбаевтың, 0. Бөкейдің шығармалары жататынын А. Ысмақова, Г. Пірәлиева атап көрсетті. Аталған жазушылар туындыларындағы психологизм мәселелерінің актуальды мәні жоғарыда айтылған жайттармен желілес.

1. 2 Психологиялық талдаудың көркемдік қызметі

Қазіргі қазақ жазушыларына осы заманғы әдебиеттің жағдайына сәйкес уақыт қойып отырған үлкен міндеттің бірі - "адам жанының диалектикасын" ашу. Дәлірек айтқанда, кейіпкердің ішкі рухани әлеміне үңілу, жан сарайына психологиялық талдау жасау саласында терең толғану, тынбай іздену керек болып отыр [9; 142б] . Психологиялық талдаудың бұлайша әдебиеттің күн тәртібінде бірінші мәселеге айналуының басты себебі неде?

Әдеби әдіс мәселелері ең басты дүниетанымдық, көркемдік құбылыс саналса, осы мәселелердің неғұрлым нақты, толымды, шешімі айқын ғылыми келбеті-кейіпкер жан дүниесін бейнелеу мүмкіндіктері мен амал, жолдары, бағыт-бағдары, сол бағдардағы жемісті нәтижелер арқылы танылмақ. Шартты теңеуге барсақ: "көркемдік әдіс-мазмұн, психологиялық талдау-пішін. Пішін мазмұнға қарай, мазмұн пішінге қарай өзгермек. Эстетикалық байлық-іш пен тыстың бірлігі мен өзара ықпал әсерінде, жаңа байланыс түзе алуында". Психологиялық талдаудың тағы бір көркемдік мәні мынада деп ойлаймыз, атап айтқанда "ол-жазушы үшін толыққанды образ, өміршең тұлға жасаудағы бірден бір қолайлы да, оңтайлы тәсіл". Расында, образ, характер жоқ жерде көркем шығарма рухы түгілі оның елесі де жоқ. Осы туралы сөз қозғаған Ә. Қоңыратбаев:" Даралау-характер жасаудың ішкі заңы" [14; 31б], - деген болатын. Даралыққа жету үшін типтендіру қажет.

"Типизм - творчествоның негізгі заңының бірі, онсыз творчество жоқ" [14; 32б] . Сонда біздің психологиялық талдаудың көркемдік қызметіне тоқталғанда айтатынымыз оның кейіпкер характерін даралаудағы басты сипаты. Мысалға: Қазіргі қазақ әдебиетінің классигі Ә. Қоңыратбаевтың шығармаларын алып қарайық. Жазушының қол артқан басты тәсілі-психологиялық талдаудың аналитикалық түрі. Аналитикалық дегеніміз- бір кейіпкердің жан дүниесін бүгі-шегісіне дейін талдау деп жүрміз. Яғни, Ә. Кекілбаев шығармаларының басты сипаты - психологизм.

"Аңыздың ақыры " романындағы кейіпкерлер - ¥лы Әмірші, Бибі ханым, шебер іс-әрекеттерімен емес, Г. Піралиеваның тілімен айтсақ:"Көңіл-күйлеріндегі күйзелістермен, жан әлеміндегі арпалыстармен, ішкі буырқаныстардан сыр берер бет-жүздегі, мінез-құлықтағы сезімдік құбылыстармен көрінеді" [13; 172б] . Әмірші де кезінде Әмір әскерінің көп сардарының бірі ғана болатын. Сол көптің бірін осы данқ пен дақпыртқа, бақытқа жеткізген қанағаттанбаушылық

сезім еді. Жоғарыда біз айтып өткен типтендіру мәселесі- Алмас ханның бойында. Өмірдің қаталдығы мен қатыгездігін, қулығы мен сұмдығын, әккілігін, талғампаздығын бойына жинақтаған тамаша кейіпкердің сұңғылалығына нандырады. Әккі Әмір ел қарамағындағыларды уысында ұстау үшін елді қабағынан тануды қажет құрал етті. Айналысындағы адамдардың іші-сыртын, пендешілік осалдығын, көңіл түкпіріндегі құпия сырларын Әміршінің тап басып зерттейтінін бейнелеуде үлкен суреткерлік алымдылық танытқан.

Жазушылық бұндай позиция туралы Ә. Қоңыратбаев былай деген: "Сонымен бірге оның өзіне адамдық характері болуы керек. Мұны даралау дейміз. Даралау жоқ жерде образ жоқ" [14; 31б] .

Өз сырын өзге түгіл өзінен жасыратын Әміршінің табиғаты-тұнып тұрған құпия, өзінің не күйінішін, не сүйінішін сырт көзге сездірмес тәкәппар. Кейіпкер-тек төңірегіндегілер үшін ғана емес, оқушысына да оңайлықпен сыр ашпайтын тылсым характер. Оның сырт көзге байқала бермейтін ішкі сезім иірімдеріне, жан арпалыстарына, ой-сезім құбылыстарына, санасындағы психологиялық процесгегі, терең тебіреністеріне тек автор көмегімен дендейсіз. Әміршінің ой-монолог, көпті көңіліне ойланса да, неден күдіктенсе де іште сақтайтын сарбаздығы оқиғаны оймен өрбітеді. Суреткерлік бүкіл роман бойына оқиға қумай, адам жандүниесіне терең бойлап, оның психологиясын, рухани әлемін, ішкі иірімдерін драматизммен ашуында жатыр. Біз айтып өткен сипаттамалар "даралаудың бір тәсілі мінездік талдау-психологизм" [9; 173б] . Ендеше, кейіпкер психологиясын шынайы суреттеу шеберлігі суреткердің ерекшелігі ғана емес, оның ерекше талантының айғағы да. Психологтік түйсік немесе суреткерлік сезімталдық-туа біткен таланттың еншісі. "Аңыздың ақырындағы" Әміршінің тынымсыз ойға, небір қиялдарға бөленген ұзақ жол, жол бойындағы оңашалық, жалғыздық болса, еліне келген бетте оны мазалайтын нәрсе-өзегіне құрт түскен қызыл алма. Бұл жерде қызыл алма-Әміршінің тынышын тонаған көркемдік нышанның басты кілті. Иә, қызыл алма-опасыздықтың символы. Осы бір өзөгіне құрт түскен қызыл алма арқылы үй-ішінің, өз шаңырағы астындағы алауыздықты, өзі жоқта орын алған опасыздықты ғана түсініп қойған жоқ Әмірші, сонымен қатар, жалған өмірдің өткіншілігін, жер жүзінің жартысын билеген қаһары да, атағы жер жарған даңқ пен дақпырттың да шын ғашықтың жүрегінен шығып, көңілінен қаланған мұнара меңзеп тұрған адал махабаттың қасында ешқандай да құны жоқ екенін түсінеді, түсінеді де күйінеді. Күйініш оны күйреуге әкеледі. Жазушының шеберлігі сол дараланған образдың нанымдылығын, шынайылығын сақтайды. Бұл ретте психологиялық талдау ерекшелігі творчестволық ерекше категория ғана емес, ол реалистік әдебиеттегі көркемдік тәсілдердің бірі, яғни адам характерін ашып, образын сомдауға мүмкіндік беретін, әдеби тәжірибеде сыналып, өміршендігін көрсеткен стильдік тәсіл. Айталық, бұл үрдістің беделді өкілі деп Ш. Айтматовты атауға болады. Кемеңгер жазушы өз шығармаларындағы даралауды психологизм тәсілімен жүзеге асырады. Барлық прозасында жоғарыда біз айттып өткен даралау типтендіру, көркемдіктің шынайы заңдарына жүгіну, ұсақты дардай ету, реализм мен ғажап поэтика бар . "Алғашқы ұстаз", "Ақ кеме", "Боранды бекет" шығармаларындағы кейіпкерлердің сомдалуы, олардың саналарындағы ағым процестерімен астарлас. Ондағы адамдар схема емес автордың өзін де, оқушыны да үйіріп, тез билеп алады. Демек, шеберліктің кілті-мәселенің айқындығында, қолмен ұстап көргендей барлық жан-жүйесін таныта білуде.

Психологизм- көркем әдебиеттің тұтас болмысынан ажырамас қасиет, біз ол жағдайды байқай бермейміз. Сонымен бірге "психологизм-көркемдік бейнелеу принципі, ойлау типі, жазушы талантының төл белгісі" [6; 318б] . Психологиялық талдау - шығарманың композициялық құрылымына, сюжөттік желісіне кейіпкер сомдау амал-тәсіліне әсерін тигізер бірден бір әдіс. Сондықтан да психологиялық талдау әдебиеттегі өміршеңдігін сақтай бермек.

II ТАРАУ

ХХҒАСЫР КӨРКЕМ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАЛАМГЕРЛІК ШЕБЕРЛІК

2. 1 Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы ішкі монологтың өзіндік ерекшелігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушы прозасындағы тұлғаның психологиялық болмысы
Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы
Проза, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық
Ішкі монолог
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОЭТИКА МӘСЕЛЕСІ
Көркем шығармадағы психологизм
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Ілияс Жансүгіров прозасындағы образдық бейнелердің көркемдігі
Қазіргі қазақ повесть - әңгімелеріндегі лиризм
Психологиялық талдаудың көркемдік қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz