Дәрілік өсімдіктер туралы ақпарат



IКіріспе бөлім
IIНегізгі бөлім
a) Жалпы дәрілік өсімдіктер
б)Буын ауруларына қарсы өсімдіктер
в) Өсімдік жанға. шипа, дертке дауа
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудыңалдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.Республика тереториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті. Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ аеңінен таралған. Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Әр обылыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін.Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар. Аюбұлақ – бйіктігі 0,4-1,2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық асры түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым-тамыз айларында гүлдейді.
1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» (Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)
2. «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж
3. «Ботаника »сисметика растений. Москва «Просвещение »1975 г ( Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)
4.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
5. Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті. 2012 05.06. № 6 басылым.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I Кіріспе бөлім
II Негізгі бөлім
a) Жалпы дәрілік өсімдіктер
б) Буын ауруларына қарсы өсімдіктер
в) Өсімдік жанға- шипа, дертке дауа
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.Республика тереториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті. Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ аеңінен таралған. Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Әр обылыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін.Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар. Аюбұлақ - бйіктігі 0,4-1,2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық асры түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым-тамыз айларында гүлдейді. Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында, көбінесе шабындық, тоғайлы құмды жеррлерде өседіАлтын тамыр- ірі әрі жуан тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900г дейін жетеді. Тамрының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түстес болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктердің жоғары жағында шоғырланып тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.Шашыратқы - биіктігі 1,5 метірге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Тамыры-жуан, ұзындығы 1метрден асады. Гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының арасында 2-3 тен орналасқан. Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді. Қазақстанның Оңтүстік Батысында көптеп тараған. Жалбыз- биіктігі 20-60сантиметрдей, тік өсетін төрт қырлы сабағы бар көпжылдық өсімдік. Тамыры көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері уақ, қызыл жасыл түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ барысында орналасқан. Маусым айында қыркүйекке дейін гүлдейді. Елімізде Украйна, Малдова, Краснадар өлкеінде Қйыр Шығыс, Беларуссия, Прибалтика, Қазақстанда өседі. Жантақ - тікенекті көпжылдық дәрілік шшөп өсімдігі. Сабақтарында кезектесе орналасқан тікенектері бар. Сол тікенектері түбінде кішкене жабырақтары орналасқан. Уақ, қызыл түсті гүлдері болады. Мамыр айында және тамызда гүлдейді. Еліміздің барлық Оңтүстік аудандарында, Орта Азия, Кавказ. Негізінен далада, құрғақшылық аймақта өседі.Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады. Дәрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы. Тасшөп- биіктігі 3-10 сантиметр дәрілік шөп. Сабағы қысқа түктер басқан, жер бетінде жабыса өседі. Жапырақтары қарама - қарсы орналасқан уақ, ұзындығы15мм, ені 7мм, хош иісті. Гүлдері қызғылт түсті, шашыранқы гүл шоғын құрайды. Мамыр қыркүйек айларында гүлдейді.Еліміздің барлық жерінде таралған. Құмды, қарағай, тоғайлы жерлерде өседі. Дәрілікке шөбін пайдаланады. Онда эфир майы , С витамині емдік заттары бар.Бүлдірген - тамырланып жайыла өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ түсті. Жемісі ашық қызыл түсті, әдеммі иісті болады. Мамыр - шілде айларында гүлдейді. Жемістері маусым - шілде айларында піседі. Еліміздің барлық жерлерінде таралған ылғал жеткілікті тоғайлы жерлерде өседі. Дәрілік мақсатта бүлдіргеннің жапырағы жемісі пайдаланады. Бақбақ - биіктігі 5 сантиметр сындырғанда сүт сияқты ақ түсті. Латек сөлі шығатын көпжылдық шөп. Жапырағы ұзынша келеді, гүлі ашық сары түсті. Сәуір-қыркүйек айларында гүлдейді. Еліміздің солтүстігінде Ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық аландарда, тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі.

Негізгі бөлім
Буын ауруларына қолданылатын дәрілік өсімдіктердің бірі-адыраспан.

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) -- түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі - кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 - 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр - шілдеде гүлдейді. Жемісі - көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.

Емдік қасиеті
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол - улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан - улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды.Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.

Адыраспан халық ұғымында...
Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге - кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.Сондай- ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс.Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айырықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек.Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге, емдік шипалығы да бар. Алайда, адыраспан - улы өсімдік. Қаратау сілемдерінде өсетін адыраспанды ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп, тыныстары тарылып, уланады.
Қойбалдырған өсімдігі
Қойбалдырған - көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 80-100 см. Тамыры жуан әрі ұзын, сыртқы қабығы қоңыр түсті, иісі жағымды. Қуыс өзекті, сабағы тік өседі. Жапырағы кезектесіп орналасады. Жапырақшалары сопақтау немесе ұзын дөңгелек тәріздес. Жиегінде ара тістері болады. Жапырақ сабағының түп жағында жалпақ қынапшасы бар. Жапырағында жиі өскен қысқа түтікшелері болады. Күрделі шатырша гүл шоғыры басында өседі. Гүл сабағында жиі өскен қысқа, жұмсақ түтікшелері бар. Кішкене гүлі ақ түсті болады.Сулы аңғарларда, теріскейдегі ылғалды беткейлерде, орман арасында өседі.
Жинау және өңдеу
Қойбалдырған тамырының емдік қасиеті көп. Көктем, күз мезгілдерінде қазып алып, жуып тазалап, кептіріп, турап сақтайды.
Ем болатын аурулары
1.Желқұз қоздырған созылмалы буын қабынуға қой балдырғаннан 9г,тұт ағашы бұтағынан 15г, қарағайдың бұтақ буынынан 9г, тікенді ұшқаттан 30г, шыланнан 10 талын суға қайнатып ішеді.6. бел аурғанда 6г қой балдырған, 15г кеңөзек, 12г қазтамақ гүлді суға қайнатып ішеді.Пайдалану мөлшері: 3-9г
Реген эминиумі - көктемде гүлдейтін өсімдік, ол ерте гүлдеп, жапырақтары аз уақытқа қурап, желмен ұшып кетеді. Халық күшала гүлдеген кезде оның жанына қазық қағып белгілеп қояды да қазан айырларында тамырын қазып алып, оны жауып тізіп көлеңкеде кептіреді. Сөйтіп, емге қолданады.Өкінішке орай, медицина бұл емдік қасиеті өте күшті, сирек кездесетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік өсімдіктердің классификациясы
Аурулар мен зиянкестерге өсімдік иммунитеті
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
Қызылмия өсімдігінің тамыры
Өсімдік зиянкестері
Жөке агашы
“ШҚО 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау” өңірлік экологиялық бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ӨСІМДІКТЕР
Шатыршагүлділер тұқымдасының классификациясы
Пәндер