Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлері мен себептері



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
А) Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлері мен себептері;
Б) Бедеуліктің түрлерін анықтау
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер
Біздің Республикамыздың малшаруашылығы осы күнге дейін аналық малдың жыныс мүшелерінің және сүт безі ауруларына байланысты мал өнімдерін алуда қаумақты зиян шегіп келеді. Осыған байланысты малшарушылыгында есептегі аналық малдың гинекологиялық ауруларына байланысты 20-30 пайызы төл бермейді, сүт безінің аурулары салдарынан мал өнімі 15-20 пайызға төмендейді, сондықтан сиырлардың акушерлік - гинекологиялық ауруларының себептерін анықтап,емдеу және алдыналу іс-шара- ларын дұрыс өткізудің маңызы зор. Бедеулік және сүт безінің аурулары малшаруашылығына үлкен экономикалық залал шектіреді, ол төмендегіден тұрады: Мал өнімдерінің төмендеуі,жоспардағы төлдің алынбауы, ауру малды емдеуге, бағып-күтуге кететін қаржы, өнім бермеген малдың ерте есептен шығуы, аталған себептерден келетін шығын мал өнімі жоғары болған сайын, келетін шығында жоғарлайды. Ғылыми әдебиетке сүйенетін болсақ барлық індетті және жұқпалы емес аурулардан келетін зияннан бедеуліктен және сүт безінің ауруларынан келетін экономикалық шығын 2-3 есе жоғары екені туралы айтылады. Сиырмен құнажындардың бедеулігіне және сүт безінің ауруларына әкеп соқтыратын себептердің негізгісі - малды дұрыс бағып-күтпеу, азығының сапасының төмендігі, ұрықтанды- ру кезіндегі жіберілген қателіктер, жыныс мүшелерінің аурулары, туғаннан кейінгі аналық малдың суыққа ұрынуы, ветеринарлық- санитарлық ережелерді сақтамау. Осы тұрғыдан алғанда бедеуліктің және сүт безі ауруларының себептерін дер кезінде анықтап, уақытында аталған себептерді жою, мал шаруашылығын қарқынды дамуына оң септігін тигізеді.
1.Ш.Қ. Қалтаев, Б.Д. Жукин, М.Н.Жоланов, Қ.У.Қойбағаров
Алматы 2011 «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ АКУШЕРЛІК ГИНЕКОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨБЕЮ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ»

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
А) Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлері мен себептері;
Б) Бедеуліктің түрлерін анықтау
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер

I Кіріспе
Біздің Республикамыздың малшаруашылығы осы күнге дейін аналық
малдың жыныс мүшелерінің және сүт безі ауруларына байланысты мал өнімдерін
алуда қаумақты зиян шегіп келеді. Осыған байланысты малшарушылыгында
есептегі аналық малдың гинекологиялық ауруларына байланысты 20-30 пайызы
төл бермейді, сүт безінің аурулары салдарынан мал өнімі 15-20 пайызға
төмендейді, сондықтан сиырлардың акушерлік - гинекологиялық ауруларының
себептерін анықтап,емдеу және алдыналу іс-шара- ларын дұрыс өткізудің
маңызы зор. Бедеулік және сүт безінің аурулары малшаруашылығына үлкен
экономикалық залал шектіреді, ол төмендегіден тұрады: Мал өнімдерінің
төмендеуі,жоспардағы төлдің алынбауы, ауру малды емдеуге, бағып-күтуге
кететін қаржы, өнім бермеген малдың ерте есептен шығуы, аталған себептерден
келетін шығын мал өнімі жоғары болған сайын, келетін шығында жоғарлайды.
Ғылыми әдебиетке сүйенетін болсақ барлық індетті және жұқпалы емес
аурулардан келетін зияннан бедеуліктен және сүт безінің ауруларынан келетін
экономикалық шығын 2-3 есе жоғары екені туралы айтылады. Сиырмен
құнажындардың бедеулігіне және сүт безінің ауруларына әкеп соқтыратын
себептердің негізгісі - малды дұрыс бағып-күтпеу, азығының сапасының
төмендігі, ұрықтанды- ру кезіндегі жіберілген қателіктер, жыныс
мүшелерінің аурулары, туғаннан кейінгі аналық малдың суыққа ұрынуы,
ветеринарлық- санитарлық ережелерді сақтамау. Осы тұрғыдан алғанда
бедеуліктің және сүт безі ауруларының себептерін дер кезінде анықтап,
уақытында аталған себептерді жою, мал шаруашылығын қарқынды дамуына оң
септігін тигізеді. Сиырдың гинекологиялық және сүт безінің аурулары көбнесе
акушерлік-гинекологиялық аурулардың асқынуынан деп есептейміз-буаздық
патологиясы, туу және туғаннан кейінгі кезең аурулары

II Негізгі бөлім
А) Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлері мен себептері
Ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ мал
бедеулігінің алдын алуда ең алдымен бедеулікке әкелетін факторларды және
бедеулік түрлерін анықтап алған дұрыс деп есептейміз. Бүгінгі таңда
теориялық және тәжрибелік тұрғыдан алғанда профессор А.П.Студенцовтың мал
бедеулігі туралы ілімі негізге алынады. Профессор А.П. Студенцов бедеулікке
байланысты төмендегі ұғымдарды ұсынады және ол туралы жақсы мәлімет бере
білген:
1.Төлшендік-малдың үнемі тұқым беру қаблеті.
2.Бедеулік-өсіп-өну қызметінің бұзылуы.
3.Аналық малдың төлшендігі-бір буаздық кезіндегі аналық жатырындағы
дамып,туған төл саны.
Бедеулік - дегеніміз малдың уақытша ұрықтанбай,төл береалмай
қалуы, бағып –күтудің нашарлығынан, жыныс мүшелерінің ауру салдарынан
туындайтын күрделі биологиялық құбылыс. Қысыр қалу - дегеніміз экономикалық
тұрғыдан алғанда келесі есеп беру жыл басындағы аналық мал басына
шаққандағы алынған төл басының саны. Мысалы есептегі 100 бас сиырдың 80
басы тірі өміршең төл берсе, 20 пайызы қысыр қалды деп есептеледі. А.Ю.
Тарасевич бедеуліктің төменгі себептерін анықтаған: 1.Экстрогениталдық -
малдың жасының ұлғайуы, эндокриндік безінің қызметінің бұзылуы, жүйке және
сүт безі қызметінің бұзылуы,инвазиялық және індетті аурулар.
2.Интрогениталды-аналық безінің күлдіреуігі,персистенттік сары
дене,эндометриттер,анофродезия,нимф омания,ұрықтану және зиготаның теліну
кезіндегі жатыр қызметінің бұзылуы. 3.Экзогендік-алиментарлық факторлар-
моционның болмауы,күн сәулесінің жетіспеуінен туындайды.
Н.Ф.Мышкиннің айтуынша бедеуліктің негізгі себебі аналық және
аталық малдың жыныс мүшелерінің аурулары. Ал П.А. Волосков
малшарушылығындағы қолдан ұрықтандыру кезіндегі кемшіліктер деп есептейді.
А.П. Студенцовтың айтуынша бедеулік себептері өткінші,брақ мал организмінде
морфологиялық,қызметтік өзгерістерге әкеліп соқтырады.
Туа біткен бедеулік - бедеуліктің бұл түрі атадан балаға берілетін
тұқым қуалау,эндокриндік бездердің қызметінің бұзылуы, экологиялық
факторлар,туысқандық будандастыру, зат алмасуының бұзылуы, тағы басқа
себептер салдарынан туындайды. Ірі қара малында туа біткен бедеуліктің
төменгі түрлері кездеседі: инфантилизм,фримартинизм, гермофродитизм,туа
біткен жыныс мүшелерінің кемтарлығы. Фримартинизм - құбылысы көбнесе егіз
төл дамығанда біреуі еркек біреуі ұрғашы болғанда кездеседі, өйткені құрсақ
қуысында төлдердің даму кезінде гормондары араласып ұрғашы төлде еркек
төлдің гормоны басым болғандықтан,туғаннан кейін ұрғашы төлдің жыныс
мүшелері аномалияға ұшырап,шүртекейі-клиторы шамадан тыс дамып, бұқа
тәрізді болады.Бұндай таншалар төл-ұрпақ беру қаблетінен
айырлады,сондықтан оларды семіртіп,сойып алған дұрыс болады. Инфантилизм -
жас малдың жыныс мүшелерінің дамымай қалуы және жыныстық қызметінің
байқалмауы,аналық және аталық бездерінің гипоплязиясы. Гермофродитизм-бұл
өзгерістер сирек кездеседі,жыныс бездерінде аналық безінің және аталықтың
ұлпасының бірдей дамуы,кейбір малдын белгілі бір жыныс мүшесі шамадан тыс
дамып кетеді-мал организіміндегі қос жыныстық белгісін көрсетеді және
гормоналды тепе-теңдіктің сақталмай қалады.
Туа біткен бедеуліктің алдын алу. Туа біткен бедеуліктің алдын алу үшін
ветеринарлық-зоотехникалық жұмысты дұрыс ұйымдастырған жөн,сонымен қатар
малдың туысқандық будандастыруын болдырмау қажет. Мал басын көбейтуде
тианақты түрде жас малды таңдағанда олардың тұқымына аса көніл аударға жөн.
Сонымен қатар жыныс мүшелерінің дамуын гинекологиялық зерттеу арқылы
анықтап алған дұрыс, селекция жұмысын дұрыс қою қажет, егер малдың жыныстық
қызметінде кемшіліктер болса асылдандыру жұмысының іс-шараларын жоспарын
кайта қараған дұрысыс дейміз.
Кәріліктен болған бедеулік Сиырларда кәріліктен болған
бедеулік 12-14 жасқа келгенде жыныс аппаратындағы дегенеративтік
өзгерістермен сипатталады. Кәрі сиырлардың аналық жыныс бездері қызмет
еткенмен,жатырының бездерінің қызметтері 6- 7 бұзаулаған сиырда төмендей
бастайды, сонымен эмбрионның дамуына қолайсыз жағдай туындайды, көбнесе
эмбрион өліп қалады. Бұқаларда кәріліктен болатын бедеулік кезінде
шәуетінің сапасы төмендеп кетеді және жыныс рефлекстері байқалмай қалады,
кейде нашар байқаладыда күйлеген ұрғашы малды ұрықтандыра алмай қалуы әбден
мүмкін. Сондықтан жас малды мал басын көбейтуге тек физиологиялық
жетілгеннен пайдаланып, 6-7 бұзаулағанға дейін шаруашылықта пайдаланады.
Алиментарлық бедеулік. Алиментарлық бедеулік азық құрамының
сапасыздығымен қатар ағзаға түсетін кейбір улы заттардың әсерінен және
кейбір минералды заттардың жетіспеуінен болады. Мал өнімділігін белгілі
денгейге дейін көтеру үшін, мал организмін минералды заттармен қажетті
мөлшерде қамтамасыз ету керек. Дегенмен, іс-тәжірибеде бұндай жағдайды
жасау оңай бола бермейді. Осы тұрғыдан алғанда республикамыздың көптеген
шаруашылықтарында сиырлардың бедеулігі 40-70%-ға дейінгі алиментарлы
себебтерге байланысты екені әдебиеттегі мәліметтерден белгілі.
Алиментарлық бедеуліктін патогенезіне тоқталатын болсақ, ең біріншіден ірі
қара малын дұрыс бағып-күтпеу салдарынан гипоталамиялық- гипофизарлық жүйе
қызметі, бүйрек үсті бездердің, қалқанша бездерінің қызметтерінің бұзылуы
байқалып, оның аяғы морфологиялық өзгерістерге әкеліп соқтырады. ФСГ –
фолликул стимулдеуші гормоны мен ЛГ – лютеиндеуші гормондарының түзелуі
бұзылса, жыныс циклы толықсыз өтіп, аналық мал ұрықтанбай, ұрықтанғанның
өзінде зигота жатыр клегей қабатына телінбей қалады. (Паничи, 1972). Малға
берілетін азық мөлшерінің жетіспеушілігі, немесе кейбір заттардың артық
мөлшерде болуы бауырды зақымдандырады, ацидоз процессін көтереді,
эндометриттің дамуына және бауыр ауруына шалдықтырады. Қан құрамында
кетонды денелер көбейіп, аналық организмінде зат алмасуы бұзылады. Қанда
кетонды денелер мөлшері көбейіп, жоғарылайды бұл құбылыс салдарынан
сиырлардың ұрықтануы мүлдем болмауы мүмкін. (И.И.Афанасьев, 1972) Қазіргі
жағдайда сиырлардың алиментарлы бедеулікке ұшырауында негізгі рөл атқарушы
болып, ағзадағы минералды заттардың алмасу жүйесінің бұзылуы болып
саналады, кальций мен фосфор макроэлементтер ішіндегі жетекші мағынасы бар
макроэлементтер. Әсіресе, олардың өзара сәйкестігі басты рөл атқарады.
Фосфорға қарағанда кальцидің жетіспеуі сирек кездесетіні дәлелденген. Сиыр
организмінде фосфордың жетіспеушілігі ұрық безінің жарақаттануына,
фолликулдардың пісіп жетілуінің тоқтауына әкеп соқтырады, сонымен қатар
бұқалар организміндегі түзелетін аталық жыныс клеткалары ның ұрықтандырғыш
қаблеті төмендейді. Сондықтанда минералды заттардың санына емес, олардың
өзара сәйкестігіне баса назар аудару керек. Әр түрлі жемдер қоспасы ағзада
әр түрлі деңгейде ыдырап тарайды және қанға сіңеді. Мысалы: кальций мен
фосфордың ірі жем құрамынан ыдыраған мөлшерінің 50% ғана организмге
пайдаланады, ал концентратты тектес азықтың 90% организмге сіңетіні
әдебиеттен белгілі. Макро- және микроэлементтердің жетіспеушілігі әсіресе,
көбею ағза- сына жалпы жағдайна және көптеген сиырлардың бедеулігіне
эндометрит пен ұрық безінің морфологиялық, биохимиялық өзгеруіне әкеп
соқтырады. Улнер (1967), Филд (1968) мал организмінде зат алмасу кезіндегі
минерал заттарынын ұлпа сұйықтығында және жасуша құрамындағы шоғырлануы
туралы генетикалық факторларды болжам ретінде айтады. Егер әр литр сүтпен
1,25 г кальций және 1,02 фосфор бөлінетінін есептесек, онда жемдеу
кезіндегі минералды заттардың өлшемі, әсіресе, бұзауланған кейінгі бірінші
айда-ақ рацион құрамында көбейткен жөн. Кальций мен фосфордың сәйкестігі
ірі қара мал үшін 1:1 ден 3:1-ге дейін. Бұл сәйкестікті 4:1-ге көтерсек,
онда сиырларда бұзаулағаннан кейінгі кезеңнің ұзаруы, жатыр, ұрық
безінің суыққа ұрынып, ауруға шалдығып, аналық жыныс безінде сары су немесе
іріңді ісіктің пайда болуы жиі байқалады. Кальций мен фосфордың, сиырдың
жағдайына, оның көбею қызметіне әсерін қарастырғанда тек олардың құрамы мен
сәйкестігіне ғана емес, 100 г қортылатын протеинге шаққандағы элементтер
санын есептеу керек. Сиырлардың төлшендігі жем құрамындағы фосфордың 3,5
тен 3,9 гр дейінгі мөлшері қортылатын протеиннің 100 грамына шаққанда
жоғарлайтыны байқалады. Кальцидің қажетті өлшемі 100гр. қортылатын
протеинге шаққанда 7,0 ден 8,0 дейін екені анықталған. Көрсетілген
сәйкестіктің жоғарылуы, немесе төмендеуі сиырлардың өнім беру мүмкіндігіне
кері әсер етеді. Кальцидің көп болуы,фосфордың қанға сіңуінің бұзылуына
әкеп соғады, яғни оның ағзада жетіспеушілігі Коннерманның 1969 жылғы пікірі
бойынша кальциді фосфат түрінде ішек арқылы шығаруымен байланысты делінген.
Ірі қараның жыныс ағзаларының өсіп жетілуіне фосфор мен кальциден басқа
калий мен натриде әсер ететіндігі дәлелденген. Калидің жоғары мөлшерде, ал
натридің жеткіліксіздігі ацидозаға, яғни жыныс жолдарының қабынуына және
шәуеттің қызметінің төмендеуіне әкеп соғады. Сүтті сиырларға бір тәулікте
40-60 гр. калий қажет, немесе 3,0-4,5 г. Кальций керек аталған көрсеткіштер
желін безінде 1 л сүт пайда болу үшін де қажет. Натридің жетіспеушілігіне
байланысты бұзаулардың бойы өспей дамымай қалады, ал сиырлардың ұрықтану
процессі бұзылады. Тәулігіне 20 л сүт беретін сиырларға 30% натрий, 75 гр
тұз керек. Жемде 0,25% натридің болуы толық жеткілікті. Шөп құрамында тұз
деңгейі керекті мөлшерге жайылымды құрамында натрий тұзы бар тыңайтқышпен
таңайтқанда ғана жетеді. Құрғақ жемде натрий мөлшері 0,5 % болса, дұрыс
деп саналады. Микроэлементтер арасында, аналық мал төлшендігіне,
өнімділігіне және олардың ағзаларынының жағдайының жақсы болуына марганец
пен йодтың өте тығыз қажеттілігі бар. Егер марганец жетіспейтін болса,
бұзау, таналардың жыныс ағзаларының дамуы ұзаққа созылады, ұрық безіндегі
фолликулдардың жетілуі бәсеңдейді, ал сиырларда түсік түсу қаупі туады.
Сиыр ағзасымен байланысын ерекше атап өту керек. Жемде марганецтің
мөлшерін көбейту керек, өйткені ереже сақталмаған жағдайда электролиттер
бұзылады және жыныс мүшелері ауруға шалдығып, сиырлардың бедеулігіне әкеп
соғады. Бұзауланғаннан кейінгі кезеңнің қалыпты жағдайда өтуі және жатыр
мен ұрық безі ауруының алдын алу мақсатында бұзауланғаннан кейін 2,0 гр
сульфат марганецін күнделікті сиырдың рационына қосып және буаздығын
анықтағанға дейін аталған рационды пайдаланған жөн. Ал қашқан сиырларға
сульфат марганецінің мөлшерін 0,5 азайтады. Йод ұрғашы малдың барлық
ағзаларының қызметі үшін тікелей қажет, йод қалқан безі қызметін,
гипоталамо- гипофизарлы кешені мен ұрық безі арасындағы байланыстың негізгі
күші болып саналады. Эмбрионның, ұрықтын, аналық малдың қашқан, бұзаулау
кезеңдері кезінде йод өте қажет және пайдалы екені әдебиеттен белгілі.
Йодттың жем құрамында жетіспеушілігінен сиыр жатыры мен ұрық безі
нейрогуморалды өзгеріске ұшырап, сиырдың ұзақ уақытқа дейін бедеулікке
шалдығуы мүмкін. (Е.И.Смирнов, 1960). Йод жетіспейтін аймақтарда- жерді,
жайылымдарды, шабындықтарды йодты тыңайтқышпен тыңайту үшін күнделікті 5 –
8мг мөлшерінде йодты калиді қолдану керек деп айтады. Сиырлардың,
таналардың алиментарлық бедеулігі әсіресе, А, Е, Д және В дәрумендерінің
жетіспеуінен болады. А, Д, Е дәрумендері эпителиге ерекше әсер етеді жәні
қызметін күшейтеді. В дәрумені бауырдың улы затқа қарсы қызметін арттырады.
Ірі сүт өндіру кешендерінде сиырларды концентратты жемдеу тенденциясы үрдіс
алып отыр. Көптеген авторлар жоғары дәрежелі концентратты жемдеу ірі
қараның ұрықтану жүйесіне кері әсерін береді деп есептейді. 1970 жылы И. Н.
Афанасьев сиыр қанындағы кетонды денелерді анықтап, қандағы
концентрациасының жоғарылауынан сиырдың ұрықтануы төмендейтінін
дәлелдеген.Автор қандағы кетонды денелердің жалпы мөлшерінің құрамы мен
ұрықтандырудың бір – бірімен тікелей байланысы бар екенін дәлелдеді. 1972
жылы С. Малетто белоктың төмендеуі де сиырлардың тұқымсыздығына,
өнімділігінің төмендеуіне және жыныс циклының толықсыздығына әкелетінін
дәлелдеген. Әсіресе, бұндай жағдайда ановуляторлы жыныстық циклы әлсіз
жағдайда өтеді. Көптеген авторлар дұрыс азықтанбаған сиырлардың бедеулігі
гонотропты гормондардың, гипофиздің қызметінің бұзылуымен байланысты екені
туралы айтады. Ауыл шаруашылығында көктемгі егісте улы химикаттарды қолдану
жануарлар үшін өте зиян екені белгілі, ішкі ағзаға түскеннен соң, мал
өнімділігіне, өсіп дамуына кері әсер етеді. Т.К. Трифонова (1963) улы
химикаттар 1 гаммаизомер ГХЦГ, севин, дикрезия жануарлардың бедеулігіне,
ұрықтану деңгейінің төмендеуіне ұрықтың, жаңа туған төлдің дамуына бірден –
бір кедергі себеп екендігін дәлелдеді. Бұзау, таналардың жыныс мүшелерінің
дамуы да дұрыс жемдеуге байланысты. Қаншалықты бойы тез өссе, жыныс
мүшелері тез дамиды, ірі қараның нақты бір салмаққа, денеге ие болуы да
тікелей жыныс мүшелерінің (ағза) ерте пісіп жетілуіне әкелетіні белгілі.
Бұзау, таналарды жоғары деңгейде жемдеу кезінде салмақ қосуына байланысты,
олардың жыныс ағзаларының дамуы төмендейді. Жас бұзаулардың тез өсуіне және
оларды асыл тұқымдылық мақсатында қолданудың, айтарлықтай экономикаға
пайдасы бар. Атап айтқанда, бұл кезеңде жануарлардың өнім сапасыздығы
кемиді, сондықтанда асыл тұқымды бұзау, таналарды жемдеу рационының
мөлшері артық салмақ қоспайтындай, 15-18 айлығында тез өсіп, ұрықтанатындай
деңгейде болуы керек. Алиментарлы бедеуліктің алдын алу үшін әрбір
шаруашылықта керекті азық мөлшерін дайындау қажет,сонымен қатар
агрозоотехникалық шаруашылық іс-шараларын ұйымдастыру керек, мал
шаруашылығын жетілдіру жөніндегі бағыт бағдары бар арнайы болашақ жоспарын
және бағдарламасын жасау мамандар міндеті. Жоғарыда аталған іс-шаралармен
қоса әсіресе жем өндіру оның концентратталған жағына көп көңіл бөлу, малды
жемдеу алдында азық құрамын тексеру, қажетті мөлшерін анықтау жұмыстарын
жоспар бойынша жүргізген абзал. Жүргізілген тәжірибелердің дәлелдеуі
бойынша фермаларда сүт өндіру мақсатында, сиырдың көптігі ағзаның
(организм) әлсізденуіне биологиялық белсенді заттарды жоғары дәрежеде
қажетеінуіне әкеп соғады. Жыл мезгіліне қарай, сиырлардың қанын тексеріп,
бақылап отыру мамандардың күнделікті міндетіне айналауы қажет. Бұдан басқа
іс-шаралармен қатар берілетін микроэлементтердің мөлшері, дәрумендер,
еліміздің географиялық аумағы, ауа – райы, жыл мезгілі сиырлардың сүт беру
өнімділігі, яғни жалпы жағдайы қарастырылуы керек. Сүтті сиырларды жемдеу
төмендегі схема бойынша жүргізілуі керек: 1. Барлық кепкен жемнің мөлшерін
есептегенде сиыр салмағынан 3,5 % аспауы қажет. 2. Құнарлылығы жағынан,
сиыр салмағымен салыстырғанда жемді 2 % беру керек. 3. Кетоздың алдын алу
кезінде, сиырларға майылылығы мол жем бермеу керек. Әсіресе, бұзаулағаннан
кейінгі бірінші аптада және бұзаулар алдында жемнің құрамында бірден
өзгеріс болдырмау, сапалы ірі кебек жеммен протейінді минералды заттармен,
дәрумендерге бай жеммен азықтандырған жөн
Климаттық бедеулік . Бедеуліктің бұл түрі ауа райына және
географиялық жағдайларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туғаннан кейінгі аурулар. Аналықтардың бедеулігі. Аталықтардың белсіздігі
Аналықтардың бедеулігі. Аталықтардың белсіздігі. Туғанан кейінгі аурулар
Туғанан кейінгі аурулар туралы ақпарат
Эксплуатациялық бедеулік. Алдын алу және диагностикасы
Эксплуатациялық бедеулік
Туғаннан кейінгі эндометриттің таралуы
Бедеулік
Хромосомаларда гендердің тізбектеле орналасуы
Жатырдың субинволюциясының диагнозы және болжау
Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы
Пәндер