Ісіну, оның түрлері, даму жолдарды


Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. 1 Ісіну, оның түрлері, даму жолдарды
1. 2 Ісінуге қарсы қолданылатын емдік өсімдіктер
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis ) , шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады . Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т. б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады. Республика тереториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті. Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ аеңінен таралған. Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Әр обылыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар. Аюбұлақ - бйіктігі 0, 4-1, 2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық асры түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым-тамыз айларында гүлдейді. Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында, көбінесе шабындық, тоғайлы құмды жеррлерде өседіАлтын тамыр- ірі әрі жуан тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900г дейін жетеді. Тамрының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түстес болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктердің жоғары жағында шоғырланып тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Шашыратқы - биіктігі 1, 5 метірге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Тамыры-жуан, ұзындығы 1метрден асады. Гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының арасында 2-3 тен орналасқан. Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді. Қазақстанның Оңтүстік Батысында көптеп тараған. Жалбыз- биіктігі 20-60сантиметрдей, тік өсетін төрт қырлы сабағы бар көпжылдық өсімдік. Тамыры көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері уақ, қызыл жасыл түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ барысында орналасқан. Маусым айында қыркүйекке дейін гүлдейді. Елімізде Украйна, Малдова, Краснадар өлкеінде Қйыр Шығыс, Беларуссия, Прибалтика, Қазақстанда өседі. Жантақ - тікенекті көпжылдық дәрілік шшөп өсімдігі. Сабақтарында кезектесе орналасқан тікенектері бар. Сол тікенектері түбінде кішкене жабырақтары орналасқан. Уақ, қызыл түсті гүлдері болады. Мамыр айында және тамызда гүлдейді. Еліміздің барлық Оңтүстік аудандарында, Орта Азия, Кавказ. Негізінен далада, құрғақшылық аймақта өседі. Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады. Дәрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы. Тасшөп- биіктігі 3-10 сантиметр дәрілік шөп. Сабағы қысқа түктер басқан, жер бетінде жабыса өседі. Жапырақтары қарама -қарсы орналасқан уақ, ұзындығы15мм, ені 7мм, хош иісті. Гүлдері қызғылт түсті, шашыранқы гүл шоғын құрайды. Мамыр қыркүйек айларында гүлдейді. Еліміздің барлық жерінде таралған. Құмды, қарағай, тоғайлы жерлерде өседі. Дәрілікке шөбін пайдаланады. Онда эфир майы, С витамині емдік заттары бар. Бүлдірген - тамырланып жайыла өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ түсті. Жемісі ашық қызыл түсті, әдеммі иісті болады. Мамыр -шілде айларында гүлдейді. Жемістері маусым - шілде айларында піседі. Еліміздің барлық жерлерінде таралған ылғал жеткілікті тоғайлы жерлерде өседі. Дәрілік мақсатта бүлдіргеннің жапырағы жемісі пайдаланады. Бақбақ - биіктігі 5 сантиметр сындырғанда сүт сияқты ақ түсті. Латек сөлі шығатын көпжылдық шөп. Жапырағы ұзынша келеді, гүлі ашық сары түсті. Сәуір-қыркүйек айларында гүлдейді. Еліміздің солтүстігінде Ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық аландарда, тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі.
Ісіну, оның түрлері, даму жолдарды
Ісіну ( oedema) -қан мен тіндер арасында су алмасуының бүзылуынан тіндерде сұйықтықтың артық жиналуы. Сұйықтықтың дене қуыстарында жиналуын шемен (hydrops) дейді. Іш қуысы сулануын гидроторакс, ми қарыншалары сулануын - гидроцефалус, жүрек қалтасы сулануын гидроперикардиум деп атайды.
Ісіну көптеген аурулар кездерінде болатын біртектес дерттік үрдіс. Қан мен тіндердің арасында су алмасуы микроциркуляциялық арнада қылтамырлардың кемерлері арқылы болады. Ісінудің даму жолдарында капилляр ішінде қан қысымы көтерілуі, онкотикалық қысым азаюы, капиллярлардың өткізгіштігі жоғарылауы, лимфа ағуының және онкотикалық қысымдардың көтерілуі де өзінің үлксін қосады. Ас тұзын артық пайдаланғанда және бүйрек қызметтері бұзылғанда жасуша аралық кеңістіктерде натрий иондары жиналып қалуы мумкін.
Пайда болу себебіне және даму жолдарына қарай жүректік, бүйректің, бауырлар, ашылулық, қабынулық, уыттық, неирогендік, аллергиялық, лимфогендік ж. б. ісінулер ажыратылады.
Жүректік ісіну . Жүректік ісіну жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде веналық тамырларда қан іркіліп қалудан және жүректен шығатын қан көлемі азаюынан болады. Жүректен шығатын қан көлемі азаюы:
1. гипосияға, метоболизмдік ацидозға, капиллярлар кемерлердінің өткізгіштігі жоғарылауына;
2. бұйрек ишемиясына, ренин-ангитензин жүйесі арқылы әлдостеренонның артық түзілуіне, гипернатриемияға, гипоталамуста антидиурездік гормонның түзілуі көбейуне, бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңіріуі артуына әкеледі.
Осы көрсетілгенденр организмде судың ұсталып қалуына, олигоцитемиялық гиперволемияға, сулануға және ісінуге әкеледі (10 кестені қараныз) .
Бауырлық ісіну. Бауыр аурулары кездеріндегі ісіну оның қызметі бұзылудан (қан нәруыздарының түзілуі азаюынан) гипопротеинемиямен, капиллярлар ішінде онкотикалық қысым төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. Бауыр циррозы кезінде қан қақпа және ішек-қарын көктамырларында іркіліп қалудан, капиллярлар ішінде қан қысымы көтерілуден іш дуысында сұйық жиналып іш шемендігі дамуына әкелуі мүмкін.
Ашығулық ісіну гипопротеинемиядан қанда онкотикалық қысым төмендеуімен, капилляр кемерлерінің трофикасы бұзылуынан өткізгіштігі жоғарылаумен байланысты.
Қабынулық және уыттық ісінулер бүліну ошағында микроциркуляцияның бұзылуынан және капиллярлар кемерлерінің өткізгіштігі жогарылауынан болады. Ол қабынулық дәнекерлердің (гистамин, серотонин, брадикинин, простагландиндер ж. б. ) әсерлерінен дамиды.
Нервтік ісіну су алмасуының нервтік реттелуі және тамыр мен тіндердің қоректенуі бүзылыстарынан болады.
Аллергиялық ісінулердің жолдары қабынулық жөне нервтік ісінулердің жолдарымен сәйкес болады. Бұл ісінулер кездерінде микроциркуляцияның бұзылуында және капиллярлар кемерлерінің өткізгіштігі жоғарылауында аллергаяның дәнекерлері (медиаторлары) маңызды орын алады.
Ісінудің организм үшін маңызы. Ісіну біртектес дерттік үрдіс болғандықтан оның бір жағынан бүліндіруші қасиеті болса, екінші жағынан белгілі қорғаныстық маңызы бар.
Ісінулік сұйық айналасындағы тіндерді қысып, онда қан айналымын бұзады, қан мен жасушалар арасында қоректік заттармен және оттегімен алмасуын қиындатады. Осыдан ісінген тіндердің қоректенуі бұзылудың нәтижесінде олардың микробтарға төзімділігі төмендейді, жиі жұқпалы ңабынулар дамуы мүмкін. Ісінген тіндерде жиі дәнекер тіні өсіп кетеді. Сүйық ми қарыншаларында, жүрек қалтасында, плевра қуысында жиналып қалудан тіршілікке маңызды ағзалардын қызметтері бүзылуына әкеледі.
Ісінудің қорғаныстық маңызы :
1. қанда еріген улы заттардын сүйықпен бірге тамырдың сыртына шығуына және жергілікті тіндерде ұсталып тұруына әкеледі;
2. организмнің сұйық орталарында осмостык, қысымның түрақтылығын үстайды;
3. ісінулік сұйық әртүрлі ісік дамытатың химиялық және улы заттарды сүйылтып, олардың ауру туындататын әсерін азайтады;
4. бүліну ошағынан қан мен лимфаның агып кетуін шектеп, өртурлі улы заттардың (бактериялардың, уыттардың ж. б. ) организмге тарап кетуінен сақтандырады;
5. ісінулік сүйықпен бірге әртүрлі бактерияларды жоятын және улы заттарды усыздандыратын арнайы антиденелер мен ферменттер шығарылады. Бұл көрсетілгендер әсіресе қабынулық ісінулер кездерінде өте манызды орын алады.
Ісінуге қарсы қолданылатын емдік өсімдіктер
Ресми атауы: Matricaria Chamomilla
Басқа атауы: Дәрілік түймедақ
Дәрілік түймедақ гүлді себетінде эфир майы (0, 1-0, 8%) табылған, оның құрамына хамазулен, кадинен; флавоноидтер, никотинді және аскорбинді, каприлді, антемисовты, изо шүйгіншөпті, салицил қышқылы, кумариндер, холин, фитостериндер, каротин, ащылар, шырыштар, шайыр, қант, ақуыздық заттар, сонымен қатар спазмолитикалық әрекетті гликозид, тегіз бұлшық етті әлсіреті және ішек ауруларында ауырғанды тоқтату, потогеноды әрекетті гликозид, апигенин, апиин, герниарин, матрицин бар. Өсімдіктің қолданатын бөлігі: гүл.
Өзіндік пайдалы терапевтикалық әсері. Түймедақ ісінуге қарсы, тыныштандыратын, қанды қалпына келтіру, антисептикалық, әлсіз бырыстыру, ауырғанды тоқтатын, седативті, потогонды, өт айдайтын әсер көрсетеді. Түймедақтың эфир майы зарарсыздандырғыш және потогонды әрекетке ие, газдардың пайда болуын төмендетеді, ауырғанды қойдырады, қабыну үрдістерін әлсіздетеді, ішек-қарын жолдары функциясының бұзылуын қалпына келтіреді, орталық жүйке жүйесіне қоздырушы ісер етеді: дем алуды жоғарылатады және тездетеді, жүрек жетімсіздігінің көлемін жоғарылатады, бас миының тамырларын кеңейтеді.
Гликозид асқазан және ішек сөлдерінің шығуын көбейтеді; өт бөлінуін арттырады және тәбетті ашады. Апиин, апигенин және герниарин айтарлықтай спазмолитикалық әсер етеді. Хамазулен көрінетін қабынуға қарсы, ағзаның тітіркенуіне қарсы, орынға анестезиялық әсерге ие, регенеративті үрдістерді арттырады. Хамазулен және оның синтетикалық аналогтары бронхиалды астма, ревматизм, аллергиялық гастриттер және колит, экзем, рентгендік сәулелердің күю және басқа ауруларды өз қолданысын табады. Түймедақты ішек аурулары, гастрит, энтерит, метеоризм, бауыр және өт жолдарының қабынуы барысында, бүйрек, қуық, дисменорея, долдану, жүйке тозуы және түршігу барысында, үш еселік жүйкенің неврологиясы барысында ішке қолданады.
Ғалымдар түймедақтың фармакологиялық және клиникалық оның зерттеуінде бекітілген емдеуші құрал ретінде ерекше құндылығын атап өтеді. Олар оның әсері төзімді және күрделі және созылмалы гастирттер, асқазан жарасы, колит, сонымен қатар жоғары қозушылық, жүйке аурулары және басқаларды емдеу барысында анағұрлым жақсы әсерін ескертеді.
Сүттіген (Tuphorbіa)
Сүттіген (Tuphorbіa)
тұлғалық ерекшелігі: көп жылдық шөп тектес өсімдік, биіктігі 30-80см, тұтас сабағы ақ түсті сүт шырынды болады. Тамыры ұзын, жұмыр келеді, аяғы тік өсіп бас жағы бұтақтайды. Ақ түсті қысқа ұяң түктері болады. Сағақсыз жалаң жапырақтары сопақша немесе қандауырша, кезектесіп өседі, жапырақ ұзындығы 3-6см, ені 6-12мм, тегіс жиекті, стакан пішінді жарты шатырша гүл шоғыры 5 талдан тізіліп, күрделі шатырша гүл шоғырын қалыптастырады. Аталық-аналық гүлінде түгелдей гүлдік болмайды, гүлдік түбіндегі гүл серігі бүйрек тәріздес, тостағанша орамасының ішінде аталық гүлі көп болады. Әр гүл шоғында бірден аталық болады, аталық жіпшесі таяқша пішіндес келеді, гүл шоғырының ортасында бір аталық және бірден аналық болады. Жатыны дөңгелек, аналық мойны 3, қауашақ жемісі үш қырланған домалақтау болады. Қоңыр түсті, беті майда жұмыртқа пішінді тұқымы бар. Сәуір, мамыр айларында гүл ашады. Маусым, шілде айларында жеміс береді.
Өсетін орындары: сортаң жерлер, дымқыл шөптесін орындар, өзіне бойлары және арық жағалауларында өседі.
Дәрілік бөлімі: тамыры дәрі болады.
Мәнерлеу: көктем мен күзде тамырын қазып тазалап турап кептіреді.
Негізгі құрамы: құрамында юпорнин, биологиялық сілті, юпорбия т. б. бар.
Қасиеті: кермек дәмді, суық райлы, улы. Бөгетті таратады, іштегі суды айдап, ісікті қайтарады. Несепті жүргізеді.
Басты ем болатын аурулар: құрсаққа су жиналу, көкірекке су толу, текті жара ісігі, лимфа туберкулезі. Қолданылу мөлшері: 1-3г.
Қолданбалы шипашақтар: Құрсаққа су жиналу, көкірекке су толуға. Шипашақ: сүттіген 3г, мыңбас шырмауық 6г, монтана тұқымы 10г, шылан 5 тал, суға қайнатып, күніне екі уақ ішеді. Лимфа туберкулезіне шипашақ: сүттіген 3г, ара ұясы 6г, шытырлақ 10г, мысық тырнақ 10г, желайдар 10г, суға қайнатып, күніне екі уақ ішеді. Текті жара ісігі мен мәлімсіз улы ісікке. Шипашақ: сүттіген 3г, ара ұясы 6г, жер қонақ 12г, иісті қоғажай 12г, бақбақ 12г, суға қайнатып, күніне екі уақ ішеді.
Жөке ағашы(Липа)
Жөке ағашы (лат. Tília орысша Липа) - жөке тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш. Негізінен қоңыржай және субтропик белдеулерде өсетін 50-дей түрі белгілі. Жөке тұқымдасының Қазақстанның барлық жерінде өсетін бір ғана туысы, оның 1 түрі: өзекті Жөке (T. cordata) бар. Биіктігі 28 м-дей. Бұтақ шоғыры цилиндр пішіндес, қабығы қара қоңыр, жапырағы дөңгелек, жиектері ара тісті иректі. Ақ сарғыш түсті ұсақ гүлі (5 - 7) хош иісті, қос жынысты. Олар бірігіп шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымы, бұтақшасы, тамыры арқылы көбейеді. Маусым - шілде айында гүлдеп, тамыз - қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - жаңғақша. Ол желмен, кейде кеміргіштер және құстар арқылы да таралады. Жөке 150 - 500 жыл жасайды. Жөкенің гүлінен дәрі жасалады және ара бал жинайды, сүрегінен жиїаз, музыкалық аспаптар, ыдыстар, әр түрлі әшекей бұйымдар, тінінен жөке, арқан жіп, тұқымынан май алынады. Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақта Жөкенің Америка Жөкесі, Амур Жөкесі, Кавказ Жөкесі, Манчжур Жөкесі, т. б. түрлері қолдан өсіріледі.
Қолданылуы. Жөке гүлдерін дәрілік мақсатта қолданады және шай ретінде ішеді. Гүлдерін гүлдеу кезінде жинап алу керек, одан кешірек жинайтын болса, гүлдердің емдік қасиеті төмендейді. Гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробтарды жояды, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады. Жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді. Жөке ағашының гүлімен қатар діңінің қабығы, жапырақтары мен дәндері медицинада кеңінен қолданылады. Жөке ағашын құрылыста, жиһаз жасауда, халық шаруашылығы мен медицинада қолданумен қатар, көгалдандыруда да үлкен орын алады. Ерте көктемнен бастап, күздің соңына дейін жайқалып өсіп, жүздеген жылдар бойы бақтың ажарын кіргізіп тұратын көркем ағаш. Бойы биік, алып ағаш болғандықтан, қала көгалдандыруда саябақтарға егеді. Жапырағы мол болғандықтан, ауадағы шаңды жақсы тазартады.
Тобылғы (Spіraea)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz