Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың құқықтық жағдайы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы мәселе өзектілік пен тәжірибелік маңызға XX ғасырда ие болды. Қазіргі заманғы мемлекеттердің барлығында дерлік шетелдіктердің келуі мен кетуі, құқықтары мен міндеттері туралы нормаларды кездестіруге болады. Бірақ әр түрлі мемлекеттердегі шетелдіктердің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру деңгейі бірдей емес. Бұл нақты елдегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға, оның ішкі және сыртқы саясатының сипатына, ондағы демократияның даму деңгейіне, тарихи және ұлттық дәстүрлерге байланысты.
Дегенмен нақты мемлекеттегі шетелдіктің құқықтық жағдайын анықтау сол мемлекеттің ұлттық құзыретіне жатады. Қазақстанда шетел азаматтарының құқықтық жағдайын реттеуде халықаралық жеке құқық нормалары ескерілген. Осыған сәйкес диплом жұмысының тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың халықаралық жеке құқық саласындағы құқықтық жағдайы» болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Шетелдіктер қазіргі заманғы мемлекеттерде, көбінесе дамыған мемлекеттерде өте көп шоғырлануда. БҰҰ-ның 2003 жылы жүргізген есептеуі бойынша бүкіл әлемде тұратын адамдардың 3%, яғни 175 миллион адамы өздері азаматы болып табылатын мемлекеттен тыс жерде тұруда екен. Ол шетелдіктер басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұруының себептері өздері азамат болып табылатын мемлекеттің экономикалық саяси, әлеуметтік жағдайына байланысты болады.
Шетелдіктер әр мемлекетте әр түрлі мәртебеге ие болады. Ол мысалға тұра мемлекеттің басқару нысанына, саяси бағдарына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты болады. Мысалға алғанда, демократиялық мемлекеттердің көбінде шетелдіктердің құқықтары қорғалуы жағынан өз елдерінің азаматтарымен бірдей болады, ешқайсысы да ерекше мәртебеге ие болып, басымдылық танытпайды. Бірақ сол елдің заңына сәйкес мемлекеттің кейбір ішкі саяси өміріне қатыса алмайды. Ол дегеніміз сайлауға қатыса алмайды, кейбір мемлекеттік қызмет атқара алмайды, әскери қызметке шақыртылмайды деген сияқты қызметтер жүзеге аспайды. Ал қалған жағдайлардың барлығында шетелдіктер тұратын елдің азаматтарымен тең құқылы болады. Ал социалистік, монархиялық және тағы басқа мемлекеттерде шетелдіктерді өз елінің азаматтарына қарағанда құқығы жағынан, бостандығын жүріп тұруына дейін шектейді. Осы жағдайды реттеу үшін көптеген халықаралық конференциялар, жиналыстар шақыртылып, көптеген халықаралық ұйымдар мен органдар құрылды. Өйткені олардың негізгі мақсаты - адам құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы 4-тармағына сәйкес: «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады». Осы ереженің іс жүзінде асырылуын бітіру жұмысының барысында зерделеуге тырыстым.
Тақырыптың зерттелу жағдайы. Шетелдіктердің құқықтық жағдайына көптеген ғылыми еңбектер арналған. Бірақ бұл еңбектер негізінен шетелдік азаматтың халықаралық жария құқықтағы жағдайын бейнелейді. Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайының мәселесі жайлы мәліметтерді негізінен Богуславский М. М., Гаврилов В. В., Звеков В. П., Лунц Л. А., Марышева Н. И., Нысанбекова Л. Б., Садиков О. Н., М. А. Сарсембаев, Фдосеева Г. Ю. және т. б. заңгерлердің халықаралық жеке құқыққа арналған еңбектерінен ала аламыз. Сонымен қатар осы салада Калиева А. М., Лазарев Л. В., Марышева Н. И., Сабитова А. А., Скоробогатов С. В. сияқты құқықтанушылардың сіңірген еңбегі зор.
Жоғарыда аталған ғалымдардың және басқа да заңгер-зерттеушілердің осы саладағы атқарған зор еңбектерінің арқасында шетелдіктердің халықаралық жеке құқық саласындағы құқықтық жағдайының құқықтық негізін қалыптастыруға мүмкіндік туындады. Бірақ қазіргі таңда дәл біздің Республикамыздағы шетелдіктердің азаматтық құқықтық жағдайы мәселесі толық зерттелуін таппаған. Яғни елімізге келіп жатқан көптеген шетелдіктердің азаматтық құқықтық жағдайы мен құқықтық қатынастардың реттелуі әлі де қарастырылуды талап етіледі. Бұл мәселе диплом жұмысының негізгі мақсаттарын белгілейді.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың халықаралық жеке құқық саласандағы құқықтық жағдайына байланысты мәселелерді кешенді зерттеу.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру алға қойылды:
- шетел азаматы түсінігін, мазмұнын және негіздерін талдау;
- Қазақстан Республикасындағы шетелдіктерге қолданылатын құқықтық режимдерді анықтау;
- адам құқықтары аспектісінде шетелдіктердің құқықтық жағдайы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын қарау;
- шетелдіктердің азаматтық құқықтық жағдайын және олардың әрекет және құқық қабілеттілігін анықтау;
- шетелдіктердің құқықтық қатынастардағы, оның ішінде еңбектік және некелік қатынастардағы құқықтар мен міндеттердің көлемін зерделеу.
Зерттеудің объектісі - Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша халықаралық жеке құқықтағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы.
Зерттеудің пәні болып Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық жеке құқық бойынша шетел азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің жалпы теориялық кешені, қарастырылатын тақырыптағы Қазақстан Республикасының негізгі заңы мен негізгі халықаралық құжаттардың негізінде осы саладағы халықаралық құқықтық және ішкі мемлекеттік нормалардың арақатынасы табылады.
Зерттеу әдістері. Диплом жұмысының тақырыбын зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі - жалпы ғылыми материалистика диалектика әдісі мен жеке-ғылыми болып табылатын әдістер: логикалық, салыстырмалы анализ, кешенді талдау әдістері. Материалдық базаны Қазақстанның заңнамасы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Заңдары, Президенттің Жарлықтары, Үкімет Қаулылары т. б., халықаралық конвенциялар, декларациялар, шарттар, екіжақты келісімдер мен келісімшарттар құрайды. Әдістемелік қайнар көздер ретінде қазақстандық, ресейлік және шетелдік ғалым-заңгерлердің ғылыми еңбектері, оның ішінде диссертациялар, оқулықтар, мақалалар және өзге де ғылыми басылымдары қолданылды. Бітіру жұмысын жазу барысында құқықтың әр түрлі салаларындағы танымал заңгерлердің зерттеулері негізге алынды. Олар: Басин Ю. Г., Богуславсий М. М., Гаврилов В. В., Довгерт А. С., Звеков В. П., Калиева А. М., Лунц Л. А., Марышева Н. И., Нысанбекова Л. Б., Сабитова А. А., Садиков О. Н., Сарсембаев М. А., Сулейменов М. К., Төлеуғалиев Ғ. И., Черниченко С. В. және т. б.
Қорғауға шығарылатын ережелер:
- Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша барлық шетелдіктерге ұлттық режимді қолдану тиімсіз болып табылады. Дүниежүзілік тәжірибеде шетелдіктерге негізінен аса қолайлы жағдай режимі қолданылады. Көптеген мемлекеттерде шетелдіктерге аса көп шектеулер қойылған. Мысалы, Францияда кәсіппен айналысу шектеулері, common lawелдеріндеcautio judicatum solviжәне т. б. шектеулер. Осыған орай, Қазақстан Республикасында шетелдіктерге қатысты ұлттық режимді тек қана өзаралық негізінде қолдану керек деп есептеймін.
- 1994 жылғы Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы» Заңы және 1997 жылғы Қазақстан Республикасының «Тікелей инвесторларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңында шетелдік инвесторларға отандық инвесторларға қарағанда айтарлықтай артықшылықтар берілген болатын. 2003 жылғы Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заң отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтық жағдайын теңестірді, алайда еліміздің инвестициялық нарығындағы жағдайды ескере отырып, Заңға отандық инвесторларға артықшылықтар беру немесе шетелдік инвесторлар құқықтарының көлемін азайту туралы норма енгізу қажет.
- 1998 жылғы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 202-бабы тәжірибеде қолданылуы құқыққа немесе жария тәртіпке қайшы келетін салдарға әкеп соғуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы азаматы мен шетелдік азаматтың жасалған некесінеlex loci нормасы қолданылады және Заңның тек 11-бабының ережелері сақталса, заңды болып есептеледі, яғни 9, 10-бабында көрсетілген неке жасы және ерікті келісімі қажет емес. Соған қатысты, шетелдіктердің некелері текlex loci celebrationis-ке сәйкестігіне қарай танылады, яғни аталған ережелерді ескермеумен қатар, жақын туысқандар, әрекетке қабілетсіз тұлғалар, тіпті бір жыныстылар арасындағы некелер танылуға тиіс. Осыған орай, Қазақстан азаматтары қатысушы некелерге 9, 10, 11-баптары, ал шетелдіктер арасындағы некелерге 10, 11-бап ережелерін императивті түрде қолдану тиіс деп ойлаймын.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы жайлы айтатын болсақ, бұл бітіру жұмысында шетел азаматтарының жалпыға белгілі құқықтық жағдай нормалары ғана көрсетілмеген, сонымен қатар олардың құқықтық қатынастарындағы жеке салаларына, атап кетететін болсақ, азаматтық құқықтық жағдайы, еңбек пен некелік қатынастарға қатысты құқықтары мен міндеттері және оларды қолдану кезінде қолданылатын коллизиялық нормалар да ішінара зерттелген. Шетелдік азамат институтының теориялық-құқықтық аспектілері жайлы мәселелердің халықаралық жеке құқық және ұлттық заңнаманы қолдану тәжірибесінде маңызы зор, осы зерттеу шегінде шетелдік азамат институтын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар жасалатын нормативтік тұжырымдардың сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің іс жүзінде біліп пайдалануы үшін де өзекті болып табылады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. «Шетел азаматтарының ҚР-дағы құқықтық жағдайы» атты диплом жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен библиографиядан тұрады.
Кіріспеде аталған тақырыптың өзектілігі, проблеманың зерттелу жағдайы, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеудің объектісі мен пәні, зерттеу әдістемесі, қорғауға шығарылатын ережелер, зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы мен жұмыс құрылымы мәселелерінің қысқаша сипаттамасы көрініс тапқан. Негізгі бөлім өз кезегінде «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтардың халықаралық жеке құқықтағы құқықтық жағдайы» және «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтардың халықаралық жеке құқықтағы құқықтық қатынастардағы жағдайы» атты екі тараудан тұрады. Қорытынды қарастырылған сұрақтар бойынша диплом жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында көз жеткізілген негізгі қорытынды ережелер, туындаған мәселелер мен сол бойынша ұсыныстар туралы сараптамаға арналған.
- Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтардың халықаралық жеке құқықтағы құқықтық жағдайы
1. 1 Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың
құқықтық жағдайының жалпы сипаттамасы
Халықтың көптен көшіп-қонуына алып келген халықаралық экономикалық және мәдени байланыстардың кеңеюімен байланысты шетел азаматтарының азаматтық құқықтық жағдайын реттеудің маңыздылығы өсуде.
ХІХ ғасырға дейін таптық құқықтар мен артықшылықтардың үстемдігі кезінде шетел азаматтары құқықсыз болды, ал кейіннен шектелген құқықтарға ие бола бастады. Халықаралық байланыстардың дамуымен олар көптеген елдерде құқықтық айналымға қатыстырыла бастады. Шетел азаматтары азаматтық құқықтарды қолдану аясында берілген мемлекеттің азаматтарына теңестіріле бастады. Шектеулер болса да, олар жалпы ережеге ескертпе ретінде қабылданды.
Дегенмен сауда қатынастарында көбінесе ең қолайлы жағдай қағидасы жиі қолданылады. Ол бойынша шетел азаматтары сол елдің азаматтарына емес, басқа мемлекет азаматтарына теңестіріледі. Халықаралық шарттарда енгізілген ережелер бойынша шетелдіктерге үшінші мемлекет азаматтарына берілетін режим кепілденеді. Осылайша шетел азаматтары халықаралық шарттарда қарастырылған сыртқы экономикалық байланыс мәселелеріне қатысты өз араларында теңестіріледі. 1
Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы жалпы алғанда халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормалары, халықаралық шарттар, азаматтығы елінің немесе тұрғылықты тұратын жер елінің құқығы, келген елдің құқығы негізінде қалыптасады. Халықаралық жеке құқықта негізінен шетел элементімен күрделенген қатынастар аясындағы құқықтар мен міндеттер туралы сөз болады.
Әкімшіліктік немесе өзгеше бір тараптың екінші тарапқа бағынуынан туындайтын мүліктік қатынастар, оның ішінде салықтық және басқа да қаржылық және әкімшілік қатынастарға азаматтық заңнама қолданылмайды. Халықаралық жария құқықтың сәйкес саласында туындаған шетелдіктердің құқықтық жағдайының мәселелері көп жағдайда қарастырылған тақырып шегінен шығады және халықаралық жеке құқықтың пәні болып табылатын қатынастарымен тығыз байланыста болғандығынан ғана аталып өтіледі. Ал халықаралық азаматтық іс жүргізудегі шетелдіктердің құқықтық жағдайының мәселелері халықаралық жеке құқық саласына жатады.
«Құқықтық жағдай (мәртебе) » ұғымынан «құқықтық режим» ұғымын айыра білу керек. Ол орналасу мемлекетіндегі шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқыққабілеттігін анықтайтын бастаулар мен қағидаларды білдіреді. Халықаралық режимдердің үш түрі бар: ұлттық режим, арнайы режим және аса қолайлы жағдай режимі.
Профессор Сарсембаевтің айтуынша, шетел азаматтарының Қазақстандағы құқықтық мәртебесін анықтайтын негізгі қағидалардың біріншісіне ұлттық режим жатады. Ұлттық режимде шетел азаматтарының құқықтық мәртебесіне сәйкестендіріледі. Бірақ қалай айтқанмен, олардың мәртебелері толығымен тең болмайды. 2
Арнайы режимде шетелдіктер үшін ерекше ережелер көзделген. Арнайы режимнің мәні тек шектеулер қою ғана емес, сонымен қатар ол кейбір жеңілдіктерді көздеуі мүмкін.
Аса қолайлы жағдай режимі шетелдіктерге кез-келген үшінші мемлекеттің азаматтары иеленетін немесе иелене алатын құқықтарды ұсынады.
Жоғарыда аталып өткендей, Қазақстанда ұлттық режим қолданылады. Ол шетел азаматтарына, олардың мемлекеттерінде Қазақстандық азаматтарға ұсынылатын құқықтар көлеміне қаралмай беріледі. Алайда, біздің заңнамаға сәйкес мемлекет реторсияны қолдана алады. Реторсия көбінесе, Қазақстандық азаматтарға қатысты ашық дискриминация жүзеге асырылса, қолданылады. Халықаралық жеке құқықта бастама ретінде теңдік пен кемсітпеушілік қағидалары саналады. Олар шетелдіктердің құқықтық жағдайын анықтайтын негізгі құқықтық режим - ұлттық режимнің мәнін құрайды. Халықаралық жеке құқыққа танымал өзге құқықтық режимдер, оның ішінде аса қолайлы жағдай режимі жалпылама емес, арнайы сипатта болады және белгілі бір қатынас аясында немесе белгілі бір тұлғалар тобына қолданылады. 3
Қазақстан заңнамасы шетел азаматтарының құқықтық жағдайының негізгі қағидаларынан бастау алады:
1) шетел азаматтары Қазақстандық азаматтармен теңдей құқықтар мен бостандықтарды иеленеді және бірдей міндеттерді атқарады, негізгі мұнда ұлттық режим қағидасы болып табылады;
2) шетел азаматтары тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, тіліне, дінге, қатынасына және өзге мән-жайларға қарамай заң алдында тең;
3) Қазақстандық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын арнайы шектейтін мемлекеттердің азаматтарына қатысты жауапты шектеулер қойылу мүмкін;
4) шетел азаматтарының өзінің құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы қоғам мен мемлекет мүдделеріне, Қазақстан Республикасының азаматтары мен өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зардап тигізбеуі тиіс. 4
Шетелдіктің жеке мәртебесі ретінде жеке тұлғаның, азаматтың мәртебесі, олардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы танылады. Жеке мәртебе мен оны құрайтын құқықтар мен міндеттер өзгермелі сипатта болады, яғни уақыт өте келе және көптеген жағдайлардың әсерімен өзгеріп отырады.
Халықаралық азаматтық айналымның қажетті шарты - оның қатысушыларының теңдігі. Осы қағидаларының сақталуы, жеке құқықтық қатынаста оның қатысушыларының кемсітпеушілігін болдырмау халықаралық жеке құқыққа жүгінуді талап ететін мәселе.
Халықаралық жеке құқық нормалары шетелдіктердің мүліктік жеке мүліктік емес, отбасы еңбек және іс жүргізу құқықтарын реттейді.
Шетелдіктің кез келген мемлекеттегі құқықтық жағдайын анықтау үшін негізгі мәнге адам құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқық нормалары мен қағидалары ие. Олар Адам құқықтарының Жалпыға ортақ Декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіде, Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар туралы Пактіде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайын анықтау мәселесі ХХ ғасырдың 90-жылдары туындады. Бұл Қазақстан Республикасы аумағына келіп тұрып жатқан шетелдіктер санының күрт өсуімен сипатталады. Ал олардың санының өсуі Қазақстандық экономиканың шетел инвесторлары үшін ашықтығымен, шетелдіктердің келуі, жүріп-тұруына көптеген әкімшілік шектеулер мен тыйым салулардың жойылуымен, сыртқы сауда қызметінің өзгеруімен, құрылысшылар, өзге де кәсіп жұмысшылар мен мамандардың ұзақ мерзімге келуімен, сонымен қатар туризмнің қарқынды дамуымен түсіндіріледі. 5
Қазақстан Республикасында шетел азаматтары болып Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын және өзінің басқа елдің азаматтығына тиесілі екендігін куәландыратын құжаттары бар тұлғалар саналады. «Шетелдік» және «шетел азаматы» терминдері бұл жұмыста бірдей мағынада қолданылады.
Халықаралық құқықпен қарастырылған, өз елінен кету және оған қайтып келу, Қазақстан Республикасының аумағында кез келген адамның құқықтары мен бостандықтарын тану секілді адам құқықтарын жүзеге асыру мен сақтау қазіргі жағдайда мәнді маңызға ие.
Көптеген елдерде «шетелдіктердің құқығы» деген ұғым бар. Бұл негізінен халықаралық жария құқықтағы шетелдіктерге берілетін ерекше режимді анықтауға бағытталады.
Сонымен қатар, Францияда және француз құқығының әсерімен құқықтық жүйесі қалыптасқан елдерде «шетелдіктердің жағдайы» ( la condition des etrangers ) халықаралық жеке құқық саласына енгізіледі. Бірақ көптеген мемлекеттерде, оның ішінде бұл сала нақты реттелетін елдерде (Австрия, ФРГ және т. б. ) шетелдіктердің құқық әкімшілік құқықтың салашасы ретінде қарастырылады. 6 Сонымен, «шетелдіктердің құқығы» дегеніміз - шетелдіктердің арнайы мәртебесін анықтайтын нормалар кешені, бұл коллизиялық сипаттағы нормалар ғана емес, сонымен қатар сәйкес қатынастарды мәні бойынша реттейтін материалдық-құқықтық нормалар. Әдетте «шетелдіктердің» құқықтық жағдайын кең және тар мағынада анықтайды. Тар мағынада бұл негізінен әкімшілік-құқықтық сипаттағы нормалар; олар шетелдіктердің құқықтық жағдайы мен отандық азаматтардың құқықтық жағдайының айырмашылықтарына қатысты. Кең мағынада бұл - кез келген қатынастағы шетелдіктердің құқықтық мәртебесін анықтайтын барлық нормалардың кешені: айырмашылықтарды көрсететін, отандық азаматтармен бірдей режим танитын және т. б. 7
Біздің қоғамымыздағы түбегелі демократиялық өзгерістер, қазіргі заманғы өркениетке оралу, ондағы азаматтық бейбітшілік, келісім мен қоғамдық тәртіпке жетуді адамдар жиі құқық, құқықтық мемлекет, әділеттілік, адам құқықтарымен байланыстырады.
Барлық елдердің құқықтық жүйесі екі түрден тұрады: жария және жеке. Жария құқыққа конституциялық, қаржылық (салықтар), қылмыстық, әкімшілік, сот сияқты құқық салалары жатады. Аталған салалармен мемлекеттік органдар арасындағы, сонымен қатар мемлекет пен оның азаматтары арасындағы қатынастар реттеледі. Бұл жерде мемлекеттік билік азаматтар бағынатын билік ретінде көрініс табады. Бұл қатынастар «тікелей» қалыптасады.
Азаматтық, еңбек және отбасы қатынастары жеке құқық саласына жатады. Бұнда өздерінің жеке мүдделерін қорғайтын жекеленген тұлғалар әрекет етеді. Жеке тұлғалар арасындағы қатынастар «көлденең» қалыптасады, және әрбір қатысушы өз басымен бұндай қатынасқа түседі. 8
Адамның жеке өмірі әр алуан түрлі. Әр адам бұл салада көптеген рөлдерді ойнайды: ата-ана, бала, жұмысшы мен кәсіпкер, мүліктің иесі, автор мен оқушы т. б. Көрсетілген әлеуметтік рөлдер тізімінен ата-ана, ерлі-зайыптылар мен балалардың қатынасы отбасы құқығымен, ал жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қатынас еңбек құқығымен реттеліп отыратынын көру қиын емес. Жеке тұлғалардың арасындағы өзге қатынастар азаматтық құқықпен реттеледі. Ең алдымен бұл мүліктік қатынастарға қатысты, яғни мүліктің белгілі бір тұлғаға тиесілі болуы немесе мүлікті сату мен айырбастау, және бағасын ақшамен есептеуге болатын өзге де құндылықтарды қамтамасыз етумен байланысты қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастар тек мүліктік мүдделерді қорғау мен реттеумен шектелмейді, сонымен қатар тұлғаның айырылмас құқықтары мен бостандықтарын және өзге де мүліктік емес, материалдық емес құндылықтарды қорғайды. Оларға адамның өмірі мен денсаулығы, тұлғаның ар-намысы, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, жеке және отбасы құпиясы, еркін жүріп тұру, тұрғылықты жерді таңдау т. б. жатады.
Азаматтық-құқықтық қатынастар - қатысушылары азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие, азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін құқықтық қатынастар. Әрбір тұлғаның осындай қатынастардағы азаматтық құқықтық жағдайы оның құқық субъектілігіне байланысты. Бұл әрине Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің азаматтық-құқықтық жағдайын анықтауға да қатысты.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарың азаматтық құқықтық жағдайына қатысты ұлттық режим ережелері қамтамасыз етіледі. Ұлттық режимді шетелдіктерді жергілікті азаматтармен теңестіру ретінде қарастыру танылған. Осы тұжырыммен келіспейтін А. И. Микульщинаның ойынша ұлттық режим бойынша заңнама негізінде шетелдіктерге әлеуметтік экономикалық, процессуалды және басқа да салаларды тең құқықтар беріледі деп қосады. М. М. Аваковтың пайымдауынша, ұлттық режим дегеніміз құқық жағынан өз азаматтарымен құқықтың қай саласында болмасын теңестіру дегенді білдіреді. Осы мәртебе түрінің аты біраз шартты болып табылады, себебі шетелдіктер өз азаматтары секілді құқықтар мен еркіндік көлеміне ешқашан бола алмайды. Ол көлем әрқашан аз болады. Л. Н. Галенская ұлттық режим құқықтық реттеу жекелеген саласында шетелдіктердің жағдайларын шартты түрде сипаттау үшін ұлттық режим деген ұғым шартты түрде қолданылады. 9
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz