Компьютерлік неологизмдер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. Неологизм түсінігі, мағынасы, аударылуының теориялық аспектілері

1. 1 «Неологизм» термині мен түсінігінің мәні . . .

1. 2 Компьютерлік неологизмдердің мағынасын аудармада анықтау әдістері

1. 3 Неологизмдердің мағынасын сөздіктер көмегімен анықтау жолдары

ІІ. Компьютерлік неологизмдердің қалыптасуы мен оларды талдау

2. 1 Компьютерлік неологизмдерді қалыптастыру әдістері

2. 2 Компьютерлік неологизмдерді гендерлік -лингвистикалық тұрғыдан зерттеудің нәтижелері

2. 3 Компьютерлік неологизмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың өзекті мәселелері

3. КОМПЬЮТЕРЛІК НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АҒЫЛШЫН, ҚАЗАҚ АУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Жаһандану үрдісімен тілдер үнемі даму үстінде. Олардың түрлі құрылымдары, дыбыстық жүйесі, морфемдік құрамы, семантикалық өзгерістері жүруде. Анағұрлым өзгеріс ағымына сөздердің басқа тілдегі сөздерге бағыныңқы немесе семантикалық инновация арқылы мағынасының өзгеруін атар едік. Біздің жұмысымызда компьютерлік технология саласындағы неологизмдер қарастырылады. Бұл сала арқылы қазіргі таңдағы қазақ тілінің ғылыми-техника сферасындағы сөздік қорларын жаңа мәліметтермен толықтыруға негіз болады. Қазіргі қазақ тілінің жете шешілмеген мәселелерінің бірі - термин мәселесі. Мұның күнделікті тәжрибеде көптеген кедергіге душар етіп жүргені белгілі. Сонда да болса, бұл жөнінде осы күнге дейін жұртшылық пікірі ортаға салынған емес. Мемлекеттік терминологиялық комиссияның термин жөніндегі әр мезгілдегі шешімдері түгелдей ғылыми принцпке негізделген деп айтуға болмайды. Термин мәселесіндегі әртүрлі пікірдің, шалағай ұғымның кесірі газет-журнал тәжрибесінде де жиі көрініп жүр. Бұл халықтың сауатты жазуына әсте де пайда бермейтін құбылыс. Жасыратыны жоқ, қазіргі терминдердің көптігінен қай сөз ана тілімізде, қай термин интертерминдерге жататынын білмей дал болудамыз. Әсіресе, баспа ісіне қатысты аталымдардың күйі қуантарлық емес. Мұндай терминдерді баспагерлер, баспахана қызметкерлері мен осы пәнді қолға алып жүрген ұстаздармен, студенттер білмесе, ол аталымдар қарапайым жұртқа таңсық, тіпті беймәлім десе де болғандай.

Қандай да болсын ғылым саласымен тығыз байланысты ұғымдар жүйесі - термин проблемасына тоқталсақ: «Тілдің ілгері басып өсуі үшін оның емлесі мен термин мәселесі дұрыс шешеліме болмайды. Болмайтын себебі сол: өркендеп алға барған тілдің түрлі тарауының бәрі де сол емле, терминологиямен сабақтасады да отырады»[1, 25] - дейді қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушылардың бірі, профессор Қ. Жұбанов. Оның терминге берген анықтамасы: «Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға - ғылым жолы қандай сатыда тұрса, міне осыны теліп отырады; сонымен қатар термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделік тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы мүмкін»[2, 111]

Даму үрдісі бір орында тұрмайды, бұған компьютерлік қолданыс дәләл болып отыр. Компьютер құралы біздің ажырамас өміріміздің бір бөлшегіне айналып отыр. Қайда бара қалсаңыз да компьтерді және оған сәйкес құрал-жаьбдығын кезіктіресіз. Барлық қоғамдық орындарда осыдан он жыл бұрын тіпті магазиндерде қарапайым қолданыстағы отандық немесе сырттан келген кассалық аппараттар тұрды. Ал қазір кез-келген ірі болсын орташа деңгейдегі дүкендерде кассалық аппараттардың барлығы компьтерлік құрал-жабдықпен жүйелендірілген. Мұнан басқа кез-келген заманауи жұмыс орныны компьтерсіз еелстету мүмкін емес.

Компьютерлік техника және компьютерлік технология адам өмірінде жай түрде еніп үлгірді. Ғылыми-техникалық даму қарқыны есептеу процестерінің көмегінсіз мүмкін емес. Кибернитика дамуында есептеу процестерінің автоматтандырылуына деген қажеттілік бірінші импульс болып табылады (компьтерлер және электронды- есептеу машиналары) . Әрі қарай механизмдерді басқарумен машиналарды компьтерлік технологиялар арқылы автоматтандыруға деген ой пайда болды. Осы салада еңбек етіп жүрген компаниялар алғашқы ойлардан жағымды нәтижелерге қол жеткізгеннен соң екінші қадам жасады, ол -адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған компьтерлік технологиялар мен компьтерлер арқылы ойындар, видеофильмдер, музыкалар және т. б жетістіктерді жасап шығарды.

Қанша дегенмен компьтер өндірісінен түсетін қаражат көзі кибернитика құралдарының интенсивті дамуына қабілетті бола алмайды, компьютерлік компаниялар компьтерлік еліктіргіштікке бағытталған даму индустриясына бел шешті. Компьтерлік технология негізінде әртүрлі балаларға, жасөспірімдерге, үлкендерге, жасы жеткен қарт адамдарға арналған еліктіргіштер түрлерін шығарды. Осының барлығын есепке ала отырып, бүгінгі күннің өзінде осы салада мүмкін емес, ең көп таралған қызықтырғыш техникалық құрылғылар пайда болды, ойын автоматтары, компьютерлік ойындар, Интернеттегі қызық дүниелер, видео, музыка, телефондық байланыс құралдары. .

Компьютерлік технология тілге көп санды арнайы сөзді және ойды жеткізудің түрлерін бай сөздікті енгізді. Мысалы, жүйелік карта, микропроцессор, операциялық жүйе, өңдеу, инсталляция, винчестер, пиксели, сұқбаттық терезе, нысан (нысан Delphi3. 0) және т. б. Бұл сөздердің көбісі ағылышн тілінен енгізілген және аз өлшемде отандық сөздерден де бар. Компьтерлік құрылғымен байланысты болып келетін немесе байланысты еместері адамдар арасында кез-келген мамандандырылған тіл жазбаша түрде немесе жазбаша емес түрде арнайы сол мағынада немесе басқа мағынада "арго" (немесе жаргон) деп аталады. Жаргондармен техникалық тіл арасындағы айырмашылықты анықтау біршама қиындықтар туындауы мүмкін. В Барлық сөздер әуел баста жаргон ретінде пайда болып сосын компьтерлік техникалық құралдардың тіліне айналып кеткен. Басқаша айтқанда, көптеген ойды білдіретін жаргондар таза техникалық терминдердің қосындыларынан пайда болған.

Тілдердегі бір тілден екінші тілге аударма жасау өмірдің барлық жақтарында орын алып келе жатыр. Аударма жұмысының тәжірибесінде неологизмді аудару басты назарға алынады, яғни, қоғамдық өмірдің дамуынан және жаңа түсініктермен туындауынан, техника тоқтаусыз дамуынан және ғыылми-техникалық ақпараттың кеңістігінің өсуінен ғылыми-техникалық аударудың мәнділігі арта түсті. Жаһандық компьютерлендіру кезеңінде компьютерлік технологияларды ағылшын тілінен аударудың әдістерімен мен зерттеу әдістернің өзектілігі ешқандай күмән туғызбайды.

Зерттеу жұмысының нысаны : ағылшын тілінен қазақ тіліне компьтерлік неологизмді аудару амалдары мен әдістерінің қалыптасуы болып табылады.

Зерттеу жұмысының пәні: пән ретінде компьтерлік неологизм қолданылды.

Зерттеу жұмысының мақсаты -қазақ тіліндегі компьтерлік неологизмінің қалыптасуын салыстыру, мұнымен қоса, әдебиетке сәйкес аударманың ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тіліндегі компьютерлік сөз қорының интерпретациясына қолданылатын аударманың әдістері қолданылады.

Мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер алға қойылады:

Компьтерлік неологизмге қатысты ақпарттарды материладрымен жинау;

- қазақ тіліндегі компьтерлік неологизмнің қолданылуының әдістерні қарастыру;

- компьтерлік неологизмдердің гендерлік-лингвистикалық нәтижелерін салыстыру;

- компьтерлік неологизмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың әдістерін қарстыру;

Қарастырылып отырған зерттеудің теоретиялық негізі ашық әлемдік Интернет желілерінен және арнайы әдебиеттерден алынған ақпарат қолданылды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Біз зерттеу жүргізген сала бойынша отанымызда көптеген зертетушілер қатары бар. Олардың алдыңғы буынында Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты еңбегі тұрады. Сонымен бірге, С. Әсілжановтің «Қазақ терминологиясы: теория және тәжірибе(оқу құралы) » Астанада 2005 жылы жарыққа шықты. Ғ. Мұсабаевтың «Тағы да термин туралы»атты көлемді мақласы өзінің мазмұынмен ерекше.

Н. Омашев «Ақпарат әлемі», А. Омарова мен Р. Әбдиева, Ж. Ж. Толыбаеваның «Баспа ісі және кітап басу» атты еңбектері жарыққа шығып жалпы қолданылысқа ие болды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде қазақ тіліндегі неологизмнің қолданылу аясындағы аспектілері қарастырылып өзіндік пікір тұрғысынан талданды деуге негіз бар. Компьютерлік технологияның дамуына қатысты пайда болған жаңа сөздер мен терминдердің қазақша баламасын оңтайластырудың жолдарын қарастырып, сараптадық.

Зерттеудің теориялық және тәжірбиелік негіздері. Кейінгі кезде тіл білімінің шектес теориялық ғылымдар тоғысуындағы пайда болған бағыттарына орай, неологизмдерді өзіндік тұрғыдан сипаттау тіл дүниетанымның ажырамас бөлігі мен көрінісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Осы тұрғыдан алғанда, тіл ерекшеліктерінің неологизмдік тұрғыдан талдау тіл мен технология өндірісі (компьютер) арасындағы сабақтастықтың мәнін ашуда ерекше маңызды. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары тіл теориясындағы неологизм түрлері арқылы технологияның белгілерін нақтылай түсуге, мәселелерін айқындауға өз деңгейіне сәйкес үлесін қосады.

Зерттеудің нәтижелері қазақ тіл біліміндегі компьютер құрылығыларын зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Зерттеу барысында талдау жасалған тілдік деректерді қазақ тілінің түсіндірме, ассоциативті сөздіктерін құрастыруға пайдалануға болады. Сонымен қатар мәдениаралық қатынас пәндерінде де қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.

- Тіл мәдениеттің жаршысы деп тұжырымдама түздік;

- Неологизмдік терминдермен этнолингвистикалық қарым-қатынас түзіліп, тілдік қана емес, ұлтаралық мәдени-техникалық байланыс өсі пайда болады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен қорғауға ұсынылуы. Зерттеу жұмысы өзінің жазылу барысында кафедраның ғылыми талқысында болып, курстық жұмыс шеңберлерімен қорғалудан өтті.

Зерттеу жұмысының әдіс - тәсілдері. Зерттеу жұмысында аффиксация, семантикалық және фонологияның әдіс-тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар, пәнаралық классикалық салыстырмалыылық, жүйелілік әдістері де көрініс тапты.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Қарастырылып отырған жұмыста кіріспе, компьютерлік неологизмдерінің пайда болуының әдістерін, қазақ тілі үшін компьтерлік сленг мәнділігі мен қорытынды бөлімінен, сонымен қатар, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І Неологизм түсінігі, мағынасы, аударылуының теориялық аспектілері

1. 1 «Неологизм» термині мен түсінігінің мәні

Неологизм түсінігінің дәлме-дәл анықтамасы мен белгілі бір сөздік бірліктердің неологизмге, қағидаларына қатысты мәселелер қазіргі күнге дейін шешімін таппаған мәселе болып табылады.

«Неологизм» түсінігін анықтаған зерттеулерді саралай отырып екі түрлі көзқарастарды байқауға болады. Бірінші «неологизм» термині тілде жаңадан қалыптасқан тіл қалыптастырушы үлгідегі сөздермен сәйкес келсе, екіншіден бұрын-соңды болмаған, белгісіз түсініктерді, затты, ғылым саласын, мамандықты білдіреді. Мысалы, reactor -ядролық реактор, biocide - биологиялық соғыс және т. с. с.

Сондай-ақ неологизмдердің өздері де тілде белгілі бір мағынаны белгілейтін жаңа синонимдерді қалыптастырады. Бірақ бұл синонимдерге коннотативті бояулар тән, яғни сөздерге жаңадан мән, сипат, маңыздылық беретін семантикалық және стилистикалық сөз бояуларына ықпал етеді. Мысалы, boffin (көбінесе әскери мақсаттарда құпия жұмыспен айналысатын ғалым) сөзі scientist сөзіне жақын синоним болғанымен, басқа семантикалық бояуға ие.

Осы лексикалық инновациялардың пайда болуына, тіл тұрақтылығына, қолдану жиілігіне байланысты біртектілік байқалмайды. Біреулері тілге енсе, екінші біреулері қысқаша уақыт ішінде қолданудан шығып кетуі мүмкін. Көбіне жаңа сөздердің пайда болуы жаңа ассоциациялардың қалыптасуымен байланысты болғанымен осы кезде сөз түсінігі сақталады, өйткені тіл және жалпы лексика қарым-қатынас құралы ретінде өз қызметін атқарады, сөздерге қатысты жаңа түсініктерді бекітіп, қайта өңдейді. Тілдік жүйеде жаңадан пайда болған неологизмдер біраз уақытқа дейін таралмай, тілдің құрылымдық талаптарына жауап беретін сөздер ғана кейіннен бірте-бірте тілдік жүйенің орталығына негізгі сөздік қорға ауысады.

Жаңадан қалыптасқан сөздер тез арада орталыққа еніп, қажетті және белсенді түрде сөздік құрамға кіреді. Негізінен жаңадан қалыптасқан сөздер ғылым, техника, мәдениет, саясат салаларында пайда болса, ал неологизмдер сөйлесу барысында қалыптасады.

Жаңа қалыптасқан сөздер мен неологизмдерді уақытша белгілер объективті анықтай алмағандықтан, субъективті белгілерді қолданудың мәні зор.

Енді ыңғайлылық үшін «неологизм» терминін, лексикалық жаңа қалыптасқан сөздерді де, жеке неологизмдерді де сипаттайтын сөздерді белгілейтін боламыз.

«Баспа» деген сөз - кең мағыналы сөз. Әрине, баспа ісімен, соның ішінде кітап шығарумен айналысу кез келгеннің қолынан келе бермейтін күрделі де қиын іс. Ол үшін баспагердің бойында терең білімділік, өз ісіне шығармашылық тұрғыдан қараушылық сияқты қажеттілігін былай қойғанда эстетикалық талғам, көркемдікті сезінушілік өнер ісіне бейімділік, техникалық іске құмарлық сияқты қасиеттердің болуы шарт.

Демек, кітап шығару ісі еріккеннің ермегі де қалай болса солай қарайтын - жеңіл-желпі жұмыс та емес. Ол саясат ісімен тікелей байланысты тікелей шығармашылық өнер. Кітапты шығару үшін ғажайып ізденіске негізделген талмас еңбек керек. Ал еңбектің жемісті болуы тиімді пайдаланылған амалдарға, әдістерге, тәсілдерге байланысты[6, 55] .

Баспа ісі ауқымы өте кең ғылым саласы болып саналады. Әуелі, оның рухани асыл қазына - кітап болып шығарып, елге кең тарататын қызметін айрықша бағалауға тиістіміз. Бұл функциясы қоғамдық қажетті ақпаратты іздеп тауып, жинастырып, аудитория сұранысына сай мейлінше мезгілінде жеткізуге жегілген журналистика міндетімен қауышып жатқанына ерекше мән берілуі керек.

Баспа ісіне қаттысты негізгі аталымдарға келетін болсақ, олардың дені шет тілдерден келген кірме сөздер. Дегенмен, соңғы кездері бұл саланың терминологиясында да жеткен жетістіктеріміз біршама. Мәселен, түпнұсқа, қолжазба, теру, түптеу сынды баспаға қатысты сөз тіркестері қазақ тілінде өз баламасын нақты тауып жүрген сөздердің қатарында.

Баспахана - баспа ісінің құрамдас бір бөлігі. Басқаша айтқанда, баспаханасыз баспа ісінің нәтижесін көру мүмкін еместігі секілді, баспа өнімінсіз баспахана жұмысын да көзге елестету қиын. Бірінсіз екіншісінің күні қараң егіз сала. Баспалар авторлардан келіп түскен түпнұсқаларды полииграфиялық құралдармен көбейтіп басып шығаруға дайындайды. Қандайда болмасын полиграфиялық дайын өнімдер немесе басылымдардың: кітап, газет, журнал, атлас, карта, буклет, проспекті, жарнамалар, открытка тағы басқалардың барлығы баспа ісіне қатысты аталымдар болып табылады. Оларды авторларға арнайы тапсырмамен жаздырып, салдырып, түсіртіп, жасатып алған мәтіндер мен түрлі суреттердің негізінде жарық көреді.

Оқушы қауымға ұсынылған баспасөздік, баспалық басылымдар қандай сипатты, қандай көлемді, қай түрлі, қандай мәнді болмасын қолжазбалық негізде жарық көреді. Ол сайып келгенде түпнұсқа. Редакциялық дайындықтан өткеннен кейін өндіріске түсетін және полиграфиялық құралдар мен ұдайы өндіріле жататын түпнұсқалардың бәрі баспалық деп аталады. Одан кейінгі кітапшалау, түптеу процестерінің аталымдары да бірнеше жылдан бері қазақ тілінде қолданылып келеді. Мәселен: баспахана, қолжазба, қаріп, түптеу, бүктеу сынды процесстердің аталымдары ана тілімізде.

Бір кемшілігі тіліміздің өзге салаларындағыдай баспа ісінде де жоғарыда көрсетілген аталымдардай таза қазақша баламасын тапқан сөздер саусақпен санарлық. Бар болғанның өзінде пайдаланылу аясы өте тар. Осы ретте айта кету керек, адам өмірінде маңызды рөл атқаратын бұқаралық ақпарат құралдарында терминология мәселесі көтеріліп жүргенмен, баспа ісіне қатысты аталымдардың талданып, талқылануы, оларды оқырман қауымға ұсынуы өте сирек кездеседі. Тіпті жоқтың қасы десе де болғандай.

Атап өтерлік жай, елімізге нарықтық жүйе енді. Сырттан инвесторлар тарту мәселесі де күннен-күнге қарқын алып отыр. Осындай жағдайда, яғни шет мемлекеттермен түрлі бағыттағы байланыс артып отырған уақытта сырттан келіп, тілдік қорымызға қосылып жататын терминдер санының күрт көбеюі заңды нәрсе.

Сонымен баспа ісіне қатысты аталымдарды талдауға кіріспес бұрын, терминологияны зерттеп-талдап жүрген филолог ғалымдарымыздың пікірлерін негізге алайық. Өйткені қазіргі кезде терминологияға қатысты ғалымдар арасында екі ұдай пікірлер қалыптасты. Олардың біразы сырттан келген кірме сөздерге қазақша балама табуды міндет етсе, енді бірі терминдерді сол қалпында қалдыруды сұрайды.

Д. С. Лотте: «Кірме терминдерді дайын күйінде қабылдау, әрине басқа тәсілдермен салыстырғанда жеңіл екені белгілі. Осы жеңілдік орыс тіліндегі ғылыми техникалық терминологияға негізсіз көптеген кірме терминдерді енгізуге әкеліп тіреді»/7/ - деп атап көрсеткен болатын.

Ал, Ғ. Ахметов «Тіл қорымыз азайып, шұбарланып барады» деп аталатын мақаласында халықаралық терминдерді қазақшалауға өз қарсылығын білдіреді. Ол: «Әр тілдің өзінің заңы бар, құр босқа тілдің ығына жығылып, ыңғайына бұрылып, орыстың әр сөзіне балама іздеп, тілді шұбарлаудың қажеті жоқ. орыс тілінің өзінде шет тілі термині қаптап жүрген жоқ па? Халықаралық терминдерден қашпау керек, терминнің мағынасын дәл түсіну үшін де ол өте қажет» деген болатын. [8, 55]

С. Жүнісовтың: «Шет тілден енген сөздер, негізінен орыс тілі арқылы келген сөздер. Оларды орыс сөздігінде қалай қолданса, солай қолданып келдік . . . енді орысша терминдерді келсін-келмесін тікелей, не жобалап аударғанымыздай, халықаралық сөздердің бет-жүзіне қарамай, басқа-көзге төпелеп шетінен қазақшалай бастадық»[9, 14], - деп айтуынан да халықаралық терминдерді аудармай алуды көздеген пікірлерді байқаймыз.

Сондықтан, бүгінгі таңда шет тілі терминдерін қабылдау - қазақ терминологиясының күрделі де қиын мәселелерінің бірі болып отыр. Барлық халықаралық терминдерді сол күйінде қабылдасақ тіл шұбарлығына ұрынамыз, ұлттық ғылымымыздың тілін қазақ тілінде өркендете алмаймыз. Ал халықаралық терминдерді сол күйінде қабылдамай, қазақыландырсақ, өзіміздің дыбыстық ерекшеліктерімізге бейімдесек, тіліміздің тарапымыздан балама тапсақ, онда әлем халықтарына ортақ мұрадан, яғни ғылымнан, ондағы жаңалықтардан қол үзіп, сырттап қалмаймыз ба деген пікірлер айтылуда. Осы мәселе төңірегінде ғалымдар екі ұдайылылық танытып отыр.

Бұл әлі өзіндік шешемін таппаған күрделі мәселе, қалай болғандада осы екі түрлі бағыттағы тұжырымды бір аранаға салу керектігі күн санап арта түсуде. Себебі, тілімізде басқа тіл есебінен еніп отырған жаңа сөздердің, терминдердің легі бұрын-соңды мұндай көп мөлшерде болып көрген емес. Қазір қалай қабылдасақ келешек ұрпақ та сол қалпында шешім шығарып, тиімді ереже қабылдауы терминология ғылымындағы аталмыш мәселелерді шешуге орасан зор үлес қоспақ.

«Бүгін қабылдаған ережеден келешек ұрпақтың опық жемейтініне кім кепіл. Сондықтан ғалымдар алдында шен-шекпенмен, атақ-даңпен есептелінбейтін қасиетті парыз, міндет тұр. Термин қабылдауда ұлтын, тілін сүю деген осы екен деп келсін-келмесін бәр бағытта термин атаулының бәрін дерлік қазақыландыру, не болмаса әлемдік мәдениеттен, ғылымнан шеттеп қаламыз деп шет елдің сөздерін сол күйінде қабылдау сыңаржақтылықты білдірсе керек»[10, 147] .

Терминология жөнінде кереғар пікірлерді салыстыра келе, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ө. Айтбайұлы «Қазақ терминологиясының қазіргі жайы және міндеттері» деген мақаласында қазақ терминологиясының негізгі мәселелеріне жан-жақты тоқтала келе, ұлттық терминді қалыптастыруға қажетті принцптерді атап көрсетеді. Ғалымның пайымдауынша термин жасау төмендегідей принцптерге бағынуы керек.

Бірінші принцп: Термин жасау үшін қазақ тілі сөз байлығын барынша сарқа пайдалану қажеттілігі.

Екінші принцп: Термин жасауда қазақ тілінің сөз байлығы жетпеген кезде туыстас түркі тілдері сөз байлығын сарқа пайдалану принцпі.

Үшінші принцп: Интернационалды терминдерді қабылдау мәселесі болып табылады. Автор осы процесті үш пунктке бөліп қарайды: а) Интертерминдердің мағынасын дәл беретін тілімізден балама табу; ә) Оларды сөзбе-сөз аудару, калькалау; б) Мұның ешқайсысына көнбеген интертерминдердің тұлғасын өзгертіп, қазақ тілінің заңдылығына бағындыра икемдей қабылдау.

Төртінші принцп: Қысқарған терминдер жасау принцпі. Мұнда да негізінен сөз байлығымызды сарқа пайдалана отырып, өзге терминдерді өзіндік етіп алудың жолдары қатты қарастырылып отыруы керек.

Бесінші принцп: Шарттылық принцпі. Термин негізінде белгілі бір қалыпқа түсіп, соны қатып ұстайтын арнайы лексикалық қабатты құрайтын болғандықтан да шарттылық болмай тұрмайды. Бұған саналы түрде барып отыруға тура келеді.

Осы негізгі бес принцпті атап көрсете отыра Ө. Айтбайұлы қосымша және екі принцп ұсынады.

Алтыншы принцп: Терминдерді жазу принцпі.

Жетінші принцп: Термин мәселесі үнемі мемлекет тарапынан қамқорлықта болу принцпі болып табылады[11, 74] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тіліндегі неологизмдердің аудармада берілуі (техникалық лексиканың негізінде)
Сөз жасамдық элементтері түбір сөздер
Қазіргі ағылшын тілі терминологиялық жүйесін толықтырудағы неологизимдердің рөлі
«Неологизм» терминінің түсінігі және мазмұны
Жалпы неологизмдердің ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тіліндегі неологизмдердің пайда болу тәсілдерін зерттеу
Америкалық ағылшын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктерін зерттеу
Неологизмдердің пайда болуы мен қалыптасу жолдары
Жарнамалық ақпарат құралдары
Ғылыми-техникалық әдебиет пен неологизмдер
Неологизмдер және оларды аударудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz