Қазақстан Республикасында спорт дамуы


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Қазақстан Республикасында спорт дамуы
  2. Қазақстанда бокс дамуы
  3. Олимпиада чемпиондары- бокс: Ермахан Ибраев, Бахтияр Артаев тағы басқа алтын медальдарына жеткен чемпиондар

Қорытынды

Қазақстан Республикасында спорт дамуы

Денешынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында келесі мәселелерді шешу қарастырылады:

нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

халықаралық талаптарға жауап беретін спорт инфрақұрылымын дамыту;

білікті мамандармен қамтамасыз ету;

спорт ғылымын дамыту;

денешынықтыру және спорт құралдары арқылы халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру;

спорт резерві, халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру.

мен спортты дамыту қызметінің басты бағыты саланың нормативтік-құқықтық базасын дамыту болып табылады.

Заңды жетілдіру үшін мемлекеттік органдарда ««Денешынықтыру және спорт» ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы жасалды.

Елдегі материалдық-техникалық базаны дамыту екі бағытта жүзеге асуы тиіс - бұқаралық спорт мен жоғары дәрежелі спорт үшін.

Бүгінгі күні ауылды жерлерде спортты дамыту проблемасы өзекті болып отыр, әсіресе материалдық-техникалық базаның болмауы. 4069 спорт залдарының ауылдық жерлерде 3639-ы жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және тек пән сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады.

Республиканың әрбір аудан орталығында және қалаларда типтік денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің, сонымен қатар елдегі әртүрлі аймақтарында халықаралық стандарттарға жауап беретін және елдің құрама командасының сұранысын қанағаттандыратын ететін заманауи спорт ғимараттарының құрылысын қамтамасыз ету мақсаты тұр.

Бұл мәселені шешу үшін ҚР ТСМ болашақтағы жобалау мен салуға пайдалануға қажетті типтік денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ең үздік эскизді жобасына шығармашылық байқау жариялады.

Саланың дамуына әсер ететін басты факторлардың бірі білікті мамандар болып табылады. Осыған орай, ҚР Туризм және спорт министрлігі келесі қадамдарды қабылдап отыр:

Олимпиада, Азия ойындарында жоғары спорт нәтижесін көрсетуге қабілетті жаттықтырушылар мен спортшылармен келісім-шарт жасалды;

жекелеген спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командамен жұмыс істеуге шетелдік жаттықтырушылар мен мамандар шақырылды;

Олимпиада ойындарында спортшылардың көрсеткен сәтті нәтижесін материалды түрде ынталандыру арттыойын көрсетуіувеличено материальное стимулирование за успешное выступление спортсменов на Олимпийских играх;

спорт түрлері бойынша ұлттық құрама жаттықтырушы-оқытушылары мен республикалық спорт ұйымдарының басшыларының жалақылары көбейтілді.

Денешынықтыру және спорт саласы мамандарына арналған біліктілігін арттыру орталықтары;

жоғары деңгейлі спорт проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институты;

бокс, күрес, велоспорт және ауыр атлетика бойынша 4 мамандандырылған олимпиадалық дайындау орталықтарын ашу мәселесі қарастырылуда.

Министрліктің бұқаралық спортын көтеру мақсатында денешнықтыру және спорттың жүйелі жаттығуларына халықты жаппай жұмылдыруды қамтамасыз ететін, ведомстволық ерікті қоғамдар құру көзделіп отыр. Ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселесіне айрықша назар аударылатын болады.

Орта жалпы білім беретін мектептердегі мектеп жасындағы балаларды денешынықтыруға тәрбиелеуді жетілдіру үшін орта арнайы және жоғары оқу орындарында денешынықтыруға аптасына үш, төрт сағат бөлінеді.

Министрлік, Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының ҰОК, Азияның Олимпиадалық Кеңесінің шешімімен 2011 жылы Алматы қаласында 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізу туралы шешім қабылданды. Азиа - 2011 өткізу Қазақстанның тек имиджіне әсер ететін емес, елдегі қысқы спорт түрлерінің инфрақұрылымын құруға әсер етуші саяси шешім болып табылады.

Халықаралық Олимпиада комитеті мен Азиялық Олимпиада Кеңесінің талаптарына сәйкес, Алматы қаласында спорттың 12 түрі бойынша сайыс өткізу үшін төмендегідей спорт ғимараттарын тұрғызу қажеттігі туындайды:

15-20 мың көрермендік орынға арналған бірегей Мұз сарайы;

8 мың орындық қуаттылығы К-120 және К-90 трамплин;

5 мың орындық биатлон стадионы;

8 мың орындық шаңғы стадионы;

24 мың орындық «Кумбель» таушаңғы базасы;

Олимпиадалық ауыл;

Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы мен «Медеу» биіктаулы мұз айдынын қайта жөндеу.

Ең маңызды мақсаттың бірі қазақстандық атлеттердің Пекиндегі Олимпиада ойындарында сәтті ойын көрсетуі болып табылады. ҚР ТСМ иен ҚХР Мемлекеттік Бас Спорт Басқармасы спорт саласындағы Әріптестік бағдарламасына қол қойды. Аталмыш құжат 2008 жылғы Пекинде өтетін Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында спорт мекемелері арасындағы тікелей байланыс құруға жағдай жасау мен дамыту бойынша екі жақтың мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Соның ішінде, спорт түрлері бойынша құрама команда спортшыларының тестілеу және акклиматизациялық жарыстарға қатысуы, қазақстандық спортшыларды Қытайдың табиғи-климаттық жағдайына үйрету бойынша спорт шараларын өткізу, сонымен қатар спорт ғылымы мен спорттық медицина саласындағы әріпестік бойынша байланыс орнату.

Халық денсаулығын қорғау, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғау сау генофонд, халықтың демократиялық өсуіне әсер ететін, ел экономикасын көтеру мен қорғаудағы басыңқы мақсат болып табылады.

Италияның Милан қаласында өткен бокстан әлем чемпионатының нәтижесi елге мәлiм. Жалғыз қола медальге шүкiрлiк еткен қазақстандық жанкүйер бүгiнде бұл сәтсiздiктiң себебiн сан-саққа жүгiртуде. «Бiткен iске сыншы көп» дермiз, «бұл - спорт, спортта жеңiс те, жеңiлiс те қатар жүредi» деп те айтармыз. Алайда, ешкiм де жеңiлiс үшiн даярланып, қыруар қаржы жұмсамайтынын ескергенiмiз жөн.

Сегiз жыл сайынғы сәтсiздiк

Елiмiздiң былғары қолғап шеберлерi үшiн бұл соңғы сегiз жылдағы ең сәтсiз чемпионат болды. Үлкен үмiт артқан боксшыларымыз, тiптi жартылай финалға шыққан боксшылар саны бойынша алғашқы ондыққа да кiре алмады. Ал, чемпионат қорытындысы бойынша Ресей, Куба, Өзбекстан өкiлдерiнен ғана емес, бокста беймәлiмдеу Пуэрто-Рико елiнен көш кейiн қалдық. Миланда 3 алтын, 4 күмiс, 2 қола медальдi жеңiп алған Ресей командасы бiрiншi орынға көтерiлсе, ринг иесi Италия (2 алтын) командасы екiншi, Куба мен Өзбекстан (1-1-2) үшiншi орынға ие болды. Қазақстан құрамасы Үндiстан, Белорусь, Оңтүстiк Корея, Грузия, Венгрия, Ирландия, Мексика, Венесуэла сынды мемлекеттермен бiрге 14-22 орындарды бөлiстi. Аталған мемлекеттердiң барлығының еншiсiнде жалғыз қола медаль.

Аппенин түбегiне аттанған 11 боксшының төртеуi - Әдiлет Қапезов (48 кг), Ғани Жайлауов (60 кг), Азамат Белгiбаев (75 кг), Данияр Үстембаев (81 кг) бiрiншi кездесуде-ақ жеңiлдi. Ал, Ержан Мүсәпiров (57 кг), Василий Левит (91 кг), Иван Дычко (+91 кг), Олжас Сәттiбаев (51 кг) екiншi кездесуден соң көрермендер қатарына қосылды. Ширек финалға шыққан үш боксшымыздың екеуi жүлдеге жете алмады. Қанат Әбутәлiпов (54 кг) кубалық Янкел Леон Аларконнан 0:2 есебiмен ұтылса, Рустам Сыбаев (64 кг) венгриялық Дюле Категе есе жiбердi, есеп - 9:14. Әлем чемпионатының екi дүркiн жеңiмпазы Серiк Сапиев Милан рингiнде бес кездесу өткiздi. Бiрiншi кездесуде габондық Хьюге Миенко екiншi ранудта-ақ жеңiлгенiн мойындады. Әзiрбайжан елiнiң боксшысы Эмиль Махарамов та Серiкке қарсылық көрсете алмай, төрешiлер бәсекенi мерзiмiнен бұрын аяқтады. Қарқыны қатты қазақ боксшысын украиндық Тарас Шелестюк тоқтатуға тырысты. Алайда, Серiк оған мүмкiндiк бермедi. Ширек финалда қырғыз боксшысы Асаболла Баймұрадовқа бiрiншi раундта бесiншi бұрышты iздеткен С. Сәпиевтiң ақтық айқасқа шығатынына сенiм мол болатын. Өйткенi, жартылай финалдағы қарсыласы ресейлiк Андрей Земковой аса танымал боксшы емес едi. Дегенмен, дәл осы А. Земковой әлем чемпионатында С. Сәпиевпен болатын кездесуге айлар бойы тыңғылықты дайындалып келiптi. Оның жаттықтырушысы Ф. Гелюс бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында: «Осыдан жыл бұрын, ал ол кезде Андрей өз салмағында Ресей құрамасының бiрiншi нөмiрi емес едi, екi елдiң бiрлескен жаттығулары өткiзiлдi. Сонда Сәпиевтiң жаттықтырушысы Андрейден Серiкпен рингте бiрге жаттығуын сұранды. Бiз ол кезде мұндай сәттi армандамаған да едiк. Сол жолы бес рет спаррингтiк жаттығу өткiздiк. Сәпиев - әлемдегi ең мықты боксшылардың бiрi және бiз барлық жаттығу жиындарында дәл сонымен кездесуге дайындалдық», деп ағынан жарылыпты. Ресейлiк боксшының Серiктi әбден «зерттегенi» көрiнiп тұрды. Бұл да бiздiң жаттықтырушыларымыз бен боксшыларымызға сабақ болар нәрсе. Сөйтiп, ресейлiк жас перiден шеберлiгiн асыра алмаған С. Сәпиев қола медальдi қанағат тұтты.

Көпшiлiк куә болған жәйттердi қайталап отырғанымыздың себебi де жоқ емес. Жанкүйер қауым жоғарыда аталған есiмдердi есте сақтағаны жөн. Өйткенi, Миланға барғандардың Қанат пен Серiктен басқасы мұндай деңгейдегi жарыстарда тәжiрибесi жоқ өрiмдей жастар. Яғни, ертеңiнен мол үмiт күттiретiндер. Бiрақ, әлем чемпионаты тәжiрибе жинақтайтын, жастарды шыңдайтын сайыс емес, нәтиже көрсететiн жарыс екенi аян. Ал, тәжiрибе жинақтау үшiн халықаралық деңгейдегi жарыстар, турнирлер бар. Бүгiнгi таңда сәтсiздiктiң себебiн чемпионатқа тым жастардың баруымен түсiндiретiндер табылады. Сондай-ақ, төрешiлердiң әдiлетсiздiгi де сәтсiздiктiң бiр себебi ретiнде айтылуда. Бұл орайда Ғани Жайлауов пен Василий Левиттiң жеңiлуiне төрешiлердiң «көмектескенi» көзге көрiнiп тұрды. Төрешiлер тарапынан кездесетiн әдiлетсiздiк бiр бұл емес. Сондықтан, боксшылар олардың бүйрегi қарсыласына бұрмайтындай айқын басымдық танытуы тиiс едi. Жас боксшылардың бұл сында барын салғаны анық. Дегенмен, жанкүйерлердiң есiнде болса, осыдан төрт жыл бұрын Миньянгте алтын медальдi жеңiп алған С. Сәпиев пен Е. Жаңабергенов те жас болатын. Ал, Қытайдан қола әкелген Бiржан Жақыпов пен Мират Сәрсембаев үшiн де сол жарыс ең алғашқы жауапты сын едi. Демек, биылғы сынға түскен жастардың шеберлiгi әлем чемпионатына түсетiндей деңгейде болмағаны ғой. Бейжiңдегi олимпиадалық ойындардан соң түрлi себептермен Олимпиаданың екi чемпионы - Бақыт Сәрсекбаев пен Бахтияр Артаев, 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегерi Мират Сәрсембаев ұлттық құрама сапынан шықты. Бейжiң Олимпиадасының қола жүлдегерi Еркебұлан Шыналиев ұзақ демалыстан бабына келе алмады. Яғни, бiр қарағанда Миланға барған команда құрамынан мықты жоқ секiлдi көрiнген. Алайда, мамандар мықтыларды таңдауда ұлттық құраманың бас бапкерi Д. Буданбековтiң бiрқатар қателiктерге жол бергенiн айтуда. Мысалы, бұл жолы 48 келi салмақта ел намысын астаналық Әдiлет Қапезов қорғады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы спорт және дзюдо күресі
Спорттық-сауықтыру туризмі
Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары
Дене шынықтыру және спорт туралы
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
ДЗЮДО КҮРЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы
Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz