Конвенция



I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Конвенцияның түсінігі және міндеттері.
2. Конвенциядығы тараптардың міндеттері.
3. Конвенцияны қамтамасыз етілуі.
4. Төрелік сот.
III. Қорытынд.
IV. Қолданылған әдебиеттер.
Бұл конвенция 1989 жылы 22 наурызда Базельде қабылданған. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасы осы ковенцияға байланысты Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы N 389-II заңы қабылданды. Сонымен қатар 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде де осы мәселелер арнайы баптарда қарастырылған. Қауiптi және басқа да қалдықтардың және оларды трансшекаралық тасымалдаудың адам денсаулығына және қоршаған ортаға келтiретiн зиянының қатерiде ескерілген, қауiптi және басқа да қалдықтарды өндiрудiң және трансшекаралық тасымалдаудың өсуi және олардың күрделi сипаты нәтижесiнде адам денсаулығына және қоршаған ортаға төнген қауiптiң өсуiне және оны болдырмаудың жолдары қарастырылған. Сондай-ақ, адамның денсаулығын және қоршаған ортаны осындай ќұралған қалдықтардың қаупiнен қорғаудың барынша тиiмдiәјдiсi оларды өндiрудiң мөлшерiн және олардың қауiптi әлеуетiн ең төменгi шекке дейiн қысқарту болып табылады. Қауiптi және басқа да қалдықтарды, оларды трансшекаралық тасымалдауды және аулаққа шығаруды қоса алғанда, олардың шығарып тасталған орнына қарамастан, адамның денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаумен сыйымды мемлекеттің қажеттi шаралар қабылдауға тиiс болып табылады. Мемлекеттiң өндiрушiнiң қауiптi және басқа да қалдықтарға қатысты мiндеттемелерiн, шығарып тастау орнына қарамастан, қоршаған ортаға сыйымды әдiспен орындауды қамтамасыз eтуге тиiс. Әрбiр мемлекеттің өз аумағында басқа мемлекеттiң қауiптi және басқа да қалдықтарын трансшекаралық тасуға немесе аулаққа шығаруға тыйым салуға егемендi құқығы бар екенiн толық тануытиіс.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта проблемасы бойынша Конференциясының Декларациясын (Стокгольм 1972), Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта бойынша 1987 жылғы 17 маусымдағы Бағдарламаларды басқарушылар Кеңесiнің (ЮНЕП) қауiптi қалдықтарды экологиялық жағынан ақталған пайдалануға қатысты қабылданған 14/30 шешiмiндегi басшылыққа алатын Каир ережелерi мен принциптерiн, БҰҰ-ның қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi сарапшылар Комитетiнiң (1957 жылы ќұрылған және әр екi жылда жаңартылатын) ұсыныстарын, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жүйесiнiң шеңберiнде қабылданған ұсыныстарды, декларацияларды, құжаттарды және ережелердi, сондай-ақ басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдарда жүргiзілген жұмыстарды және зерттеулер жүргізілген. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының отыз жетiншi сессиясында қабылданған (1982 ж.) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды сақтауға қатысты тәртiп ережелерi ретiнде Дүниежүзілік табиғат хартиясының рухын, принциптерiн, мақсаттары мен мiндеттерi де ескерілген. Мемлекеттердiң адам денсаулығын қорғауға және қоршаған ортаны қорғау мен сақтауға қатысты өздерiнң халықаралық міндеттемелерiн орындау үшiн жауап беретінін және халықаралық құқыққа сәйкес жауапкершілікте болады. Осы Конвенцияның ережелерi немесе оған кез келген хаттама елеулi дәрежеде бұзылған жағдайда халықаралық құқық шарттарының тиiсті ережелерi қолданылады. Адам денсаулығын және қоршаған ортаны қауіпті және басқа да қалдықтарды өндiруден және пайдаланудан туындауы мүмкiн апатты әсерден қатаң бақылаудың көмегiмен шектеудi шешуге құлшыныс бiлдiруі тиіс.
1. «Базель» конвенциясы 1989 жылы 22 наурыз.

2. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылғы 9 қаңтар.
3. Жер және жер қойнауын пайдалану туралы заң 1998 жылы 17 қаңтар

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Конвенцияның түсінігі және міндеттері.
2. Конвенциядығы тараптардың міндеттері.
3. Конвенцияны қамтамасыз етілуі.
4. Төрелік сот.
III. Қорытынд.
IV. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Бұл конвенция 1989 жылы 22 наурызда Базельде қабылданған. Қауіпті
қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды
бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасы осы ковенцияға
байланысты Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды
аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан
Республикасының қосылуы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы N 389-II заңы қабылданды.
Сонымен қатар 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық
кодексінде де осы мәселелер арнайы баптарда қарастырылған. Қауiптi және
басқа да қалдықтардың және оларды трансшекаралық тасымалдаудың адам
денсаулығына және қоршаған ортаға келтiретiн зиянының қатерiде ескерілген,
қауiптi және басқа да қалдықтарды өндiрудiң және трансшекаралық
тасымалдаудың өсуi және олардың күрделi сипаты нәтижесiнде адам
денсаулығына және қоршаған ортаға төнген қауiптiң өсуiне және оны
болдырмаудың жолдары қарастырылған. Сондай-ақ, адамның денсаулығын және
қоршаған ортаны осындай ќұралған қалдықтардың қаупiнен қорғаудың барынша
тиiмдiәјдiсi оларды өндiрудiң мөлшерiн және олардың қауiптi әлеуетiн ең
төменгi шекке дейiн қысқарту болып табылады. Қауiптi және басқа да
қалдықтарды, оларды трансшекаралық тасымалдауды және аулаққа шығаруды қоса
алғанда, олардың шығарып тасталған орнына қарамастан, адамның денсаулығын
және қоршаған ортаны қорғаумен сыйымды мемлекеттің қажеттi шаралар
қабылдауға тиiс болып табылады. Мемлекеттiң өндiрушiнiң қауiптi және басқа
да қалдықтарға қатысты мiндеттемелерiн, шығарып тастау орнына қарамастан,
қоршаған ортаға сыйымды әдiспен орындауды қамтамасыз eтуге тиiс. Әрбiр
мемлекеттің өз аумағында басқа мемлекеттiң қауiптi және басқа да
қалдықтарын трансшекаралық тасуға немесе аулаққа шығаруға тыйым салуға
егемендi құқығы бар екенiн толық тануытиіс.
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта проблемасы бойынша
Конференциясының Декларациясын (Стокгольм 1972), Бiрiккен Ұлттар Ұйымының
қоршаған орта бойынша 1987 жылғы 17 маусымдағы Бағдарламаларды басқарушылар
Кеңесiнің (ЮНЕП) қауiптi қалдықтарды экологиялық жағынан ақталған
пайдалануға қатысты қабылданған 1430 шешiмiндегi басшылыққа алатын Каир
ережелерi мен принциптерiн, БҰҰ-ның қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi
сарапшылар Комитетiнiң (1957 жылы ќұрылған және әр екi жылда жаңартылатын)
ұсыныстарын, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жүйесiнiң шеңберiнде қабылданған
ұсыныстарды, декларацияларды, құжаттарды және ережелердi, сондай-ақ басқа
да халықаралық және аймақтық ұйымдарда жүргiзілген жұмыстарды және
зерттеулер жүргізілген. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының отыз
жетiншi сессиясында қабылданған (1982 ж.) қоршаған ортаны қорғауға және
табиғи ресурстарды сақтауға қатысты тәртiп ережелерi ретiнде Дүниежүзілік
табиғат хартиясының рухын, принциптерiн, мақсаттары мен мiндеттерi де
ескерілген. Мемлекеттердiң адам денсаулығын қорғауға және қоршаған ортаны
қорғау мен сақтауға қатысты өздерiнң халықаралық міндеттемелерiн орындау
үшiн жауап беретінін және халықаралық құқыққа сәйкес жауапкершілікте
болады. Осы Конвенцияның ережелерi немесе оған кез келген хаттама елеулi
дәрежеде бұзылған жағдайда халықаралық құқық шарттарының тиiсті ережелерi
қолданылады. Адам денсаулығын және қоршаған ортаны қауіпті және басқа да
қалдықтарды өндiруден және пайдаланудан туындауы мүмкiн апатты әсерден
қатаң бақылаудың көмегiмен шектеудi шешуге құлшыныс бiлдiруі тиіс.

Негізгі бөлім
1.Конвенцияның түсүнігі және міндеттері

Конвенцияның мақсаттары үшiн трансшекаралық тасымалдау объектісi болып
табылатын мынадай қалдықтар:
      а) I қосымшада көрсетiлген, кез келген санатқа кiретiн қалдықтар,
егер олар III қосымшада аталған қандай да бiр қасиеттердi иеленбесе, және
      b) а) тармағында қамтылмаған қалдықтар, бiрақ Тараптар болып
табылатын экспорт, импорт немесе транзит мемлекеттiң iшкi заңдарына сәйкес 
қауiптi деп  белгiленсе немесе есептелсе, "қауiптi қалдықтар" деп
есептеледi.
      2. II қосымшада көрсетiлген кез келген санатқа кiретiн трансшекаралық
тасымалдауға жататын қалдықтар осы Конвенция мақсаттары үшiн "басқа
қалдықтар" болып есептеледi.
      3. Олардың радиоактивтiк белсендiлiгiне байланысты басқа халықаралық
бақылаудың жүйесiне, оның iшiнде радиоактивтiк материалдарға қатысты арнайы
қолданылатын халықаралық келiсiмдерге енетiн қалдықтар осы Конвенцияның
қолданылу аясынан шығарылады.
      4. Теңiз кемелерiнің қалыпты жұмысының нәтижесiнде пайда болатын,
тасталымы басқа халықаралық құқық құжаттарында қамтылған қалдықтар осы
Конвенцияның қолданылу аясынан шығарылады.
      Осы Конвенция мақсаттары үшiн:
      1. "қалдықтар" - шығарып тасталатын, шығарып тастауға арналған немесе
ұлттық заң ережелерiне сәйкес шығарып тастауға жататын заттарды немесе
нәрселердi бiлдiредi;
      2. "пайдалану" - қауiптi және басқа да қалдықтарды, шығарып тасталған
орынға бақылауды қоса алғанда, жинауды, тасымалдауды және жоюды бiлдiредi;
      3. "трансшекаралық тасымал" - бiр мемлекеттiң ұлттық
юрисдикциясындағы ауданнан қауiптi және басқа да қалдықтарды басқа
мемлекеттің ұлттық заңды юрисдикциясындағы ауданға не аудан арқылы, не
қандай бiр мемлекеттiң ұлттық юрисдикциясында болмайтын аудан немесе аудан
арқылы жасалатын кез келген алып өтудi бiлдiредi, мұндай тасымалдар ең жоқ
дегенде екi мемлекетке қатысты болуы шарт;
      4. "аулаққа шығару" - осы Конвенцияға IV қосымшада белгiленген кез
келген операцияны бiлдiредi;
      5. "санкция берiлген орындар немесе объектілер" - аумағында мұндай
орындар немесе объектiлер орналасқан мемлекеттiң тиiстi органынан рұқсат
немесе лицензия алынуға қатысты қауiптi және басқа да қалдықтарды аулаққа
шығаруға арналған орындарды немесе объектiлердi бiлдiредi;
      6. "құзыреттi орган" - Тараптаp қауiптi және басқа да қалдықтарды
трансшекаралық тасымалдау және оған байланысты кез келген ақпарат туралы
хабар алуы үшiн және осындай хабарды 6-бапқа сәйкес қамтамасыз ету үшiн
орынды деп тапқан географиялық осындай аудандар шегiнде Тарап тағайындаған
мемлекеттік органды бiлдiредi;
      7. "бөлiнген орталық" - 13 және 15-баптарда көзделгендей ақпарат
алуға және ұсынуға жауап беретiн 5-бапта ескерiлген Тараптың заңды тұлғасын
бiлдiредi;
      8. "қауiптi және басқа да қалдықтарды экологиялық негiзделген
пайдалану" - адам денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiптi және басқа да
қалдықтарды пайдалану барысында осындай қалдықтардың мүмкiн болатын
жағымсыз әсерiнен барлық практикалық мүмкiн болатын шараларды қабылдауды
бiлдiредi;
      9. "мемлекеттің ұлттық юрисдикциясындағы аудан" - мемлекет
халықаралық құқыққа сәйкес адам денсаулығын қорғау мен қоршаған ортаның жай-
күйіне әкiмшiлiк және нормативтiк жауапкершiлiкте болатын кез келген
құрғақтағы және теңiздегi ауданды немесе әуе кеңiстiгiн білдiредi;
      10. "экспорт мемлекетi" - қауiптi және басқа да қалдықтарды
трансшекаралық тасымалдау жоспарланған немесе басталған кез келген Тарапты
бiлдiредi;
      11. "импорт мемлекетi" - қандай бip мемлекеттің ұлттық юрисдикциясы
қолданылмайтын қауiптi және басқа да қалдықтарды оларды аулаққа шығару
мақсатымен немесе ауданда аулаққа шығарғанға дейiн тиеу мақсатымен
тасымалдау жоспарланатын Тарапты бiлдiредi;
      12. "транзит мемлекетi" - қауiптi және басқа да қалдықтарды солар
арқылы тасымалдау жоспарланған немесе жүзеге асырылатын экспорт немесе
импорт мемлекетi болып табылмайтын кез келген мемлекетті бiлдiредi;
      13. "мүдделi мемлекеттеp" - олардың Тараптаp болып табылатынына
немесе табылмайтынына қатыссыз, экспорт немесе импорт мемлекеттері немесе
транзит мемлекеттерi болып табылатын Тараптарды бiлдiредi;
      14. "тұлға" - кез келген жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi;
      15. "экспортшы" - экспорт мемлекетiнiң юрисдикциясындағы қауiптi және
басқа да қалдықтардың экспортын ұйымдастыратын кез келген тұлғаны
бiлдiреді;
      16. "импортшы" - қауiптi және басқа да қалдықтардың импортын
ұйымдастыратын импорт мемлекетiнің юрисдикциясындағы кез келген түлғаны
білдiредi;
      17. "тасымалдаушы" - қауiптi және басқа да қалдықтарды тасымалдауды
жүзеге асыратын кез келген тұлғаны бiлдiредi;
      18. "өндiрушi" - ќызметi қауiптi және басқа да қалдытқарды түзеуге
әкеп соқтыратын кез келген тұлғаны, егер бұл тұлға белгiсiз болса, онда бұл
қалдықтарға иелiк етуші және оларға бақылауды жүзеге асыратын кез-келген
тұлғаны бiлдiредi;
      19. "аулаққа шығаруға жауап берушi ғұлға" - ќауіпті және басқа да
қалдықтарды тиеудi және осындай қалдықтарды аулаққа шығаруды жүзеге
асыратын кез келген тұлғаны бiлдiредi;
      20. "саяси және экономикалық интеграция жөнiндегi ұйымдар" -
егемендi мемлекеттерден тұратын, оның мүше-мемлекеттеpi осы Конвенциямен
реттелетiн мәселелерге өкiлеттік берген және өзінің iшкi ресiмдерiне сәйкес
қол қоюға, бекiтуге, қабылдауға, мақұлдауға, ресми растауға немесе оған
ұосылуға тиiстi уәкілеттік берiлген ұйымдарды білдiредi;
      21. "заңсыз айналым" - 9-бапқа сәйкес қауiптi және басқа да
қалдықтарды кез келген трансшекаралық тасымалды білдiредi.
Тараптардың әрқайсысы осы Конвенцияның Тарапына айналғаннан кейiнгi
алты ай iшiнде I және II қосымшаларда көрсетiлгеннен өзге, өзiнiң ұлттық
заңдарына немесе осындай қалдықтарға қолданылатын трансшекаралық тасымалға
қатысты кез келген талаптарға сәйкес қауіпті деп қарастырылатын немесе
белгiленетiн қалдықар туралы Конвенция xaтшылығын хабарландырады. Әрбiр
Тарап 1-тармақты орындау үшiн ұсынылған ақпараттағы кез келген елеулi
өзгерiстер туралы Хатшылықты кейіннен хабарландырып отырады. Хатшылық 1
және 2-тармақтарға сәйкес өздерi алған хабарламаны барлық Tapaптарға дереу
жiбередi. Тараптар 3-тармағға сәйкес өздерiне Хатшылық жiберген
хабарламаның өздерiнiң сарапшыларының назарына жеткізiлуi үшiн жауап
бередi.
Жалпы мiндеттемелер
1. а) Тараптар қауiптi және басқа да қалдықтардың импортына өздерiнің тыйым
салу құқығын жүзеге асыра отырып, аулаққа шығару мақсатында 13-бапқа сәйкес
өздерiнiң шешiмi туралы басқа Тараптарды хабардар етедi;
      b) Тараптар, егер олар бұл туралы жоғарыдағы а) тармақшасына сәйкес
хабар алған болса, осындай қалдықтардың импортына тыйым салған Тараптар
бағытына қауiптi және басқа да қалдықтардың экспортына тыйым салады немесе
рұқсат бермейді;
      с) қауiптi және басқа да қалдықтардың импортына тыйым салмаған импорт
мемлекетiне қатысты Тараптар, егер импорт мемлекетi нақты импорттық
түсiруге жазбаша нысанда келiсiм бермесе, қауiптi және басқа да
қалдықтардың экспортына тыйым салады немесе рұқсат бермейдi.
      2. Әрбiр Тарап:
      а) әлеуметтiк, техникалық және экономикалық аспектілердi ескере
отырып, өздерiнiң шегiнде қауiптi және басқа да қалдықтарды өндiрудi ең
төмен шекке дейiн апаруды қамтамасыз етуге;
      b) қауiптi және басқа да қалдықтарды, оларды аулаққа шығарған орнына
қарамастан экологиялық негiзделген пайдалану үшiн аулаққа шығару жөнiндегi
тиiстi объектiлердің болуын қамтамасыз етуге. Бұл объектілер, мүмкiндiгiне
қарай, оның аумағында болуға тиiс;
      с) қауiптi және басқа да қалдықтарды өзiнiң шектерiнде пайдалануға
қатысушы тұлғаның осындай айналым нәтижесiнде қауіпті және басқа да
қалдықтардың ластануын болдырмау үшiн және егер осындай ластану дегенмен де
бола қалса, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға оның зардаптарын ең төмен
шекке дейiн апаруы үшiн қажетті шаралар қабылдауын қамтамасыз етуге;
      d) қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды
осындай қалдықтарды экологиялық негiзделген және тиiмдi пайдалануға сәйкес
келетiн ең төменгi шекке дейiн апаруды қамтамасыз етіп, адам денсаулығы мен
қоршаған ортаның осындай тасымалдау әкеп соқтыратын терiс зардаптардан
аулақ болуын осындай түрде жүзеге асыруға;
      e) экономикалық және саяси интеграция жөнiндегi ұйымдарға қатысты
Тараптар болып табылатын мемлекеттерге немесе мемлекеттiк топқа, атап
айтқанда өздерiнiң заңдары шегiнде бүкiл импортқа тыйым салса, не егер
оларда бұл қалдықтарды пайдалануға негiз бар деп санаса, Тараптар өздерiнiң
алғашқы кеңесiнде белгiлеп алатын критерийлерге сәйкес экологиялық
негiзделген түрде жүзеге асырылмайтын болса, дамушы елдерге қауіпті және
басқа да қалдықтардың экспортына рұқсат бермеуге;
      f) V А қосымшасына сәйкес, адам денсаулығ мен қоршаған орта үшін
ұсынылатын тасымалдың зардаптарын айқын көрсететiн, қауiптi және басқа
қалдықтарды ұсынылатын трансшекаралық тасымалдауға қатысты мүдделi
мемлекеттерге хабарлама берудi талап етуге;
      g) егер бұл қалдықтарды пайдалану экологиялық негiзделген түрде
жүзеге асырылмайды деп санауға негiз болса, қауiптi және басқа да қалдықтар
импортына жол бермеуге;
      h) басқа Тараптармен және мүдделi ұйымдармен тiкелей немесе Хатшылық
арқылы шаралар қабылдауда, оның iшiнде қауiптi және басқа да қалдықтарды
тасымалдау туралы мұндай қалдықтарды экологиялық негiзделген пайдалануды
жетiлдiру және олардың заңсыз айналымының алдын алу мақсатында хабарлама
таратуда ынтымақтасуға тиiстi шараларды қабылдайды.
      3. Тараптар қауiптi және басқа да қалдықтардың заңсыз айналымын
қылмыстық әрекет деп есептейдi.
      4. Әрбiр Тарап Конвенцияға қайшы тәртiптi болдырмау мақсатындағы және
ол үшiн жазалауды қоса алғанда, осы Конвенцияның ережелерiн орындау және
сақтау үшiн тиiстi құқықтық, әкiмшілiк және басқа да шараларды қолданады.
      5. Тараптар Тараптар болып табылмайтын мемлекетке қауiптi немесе
басқа да қалдықтардың экспортына немесе Тараптар болып табылмайтын
мемлекеттен импортқа рұқсат бермейдi.
      6. Тараптар қауiптi және басқа да қалдықтарды, мұндай қалдықтардың
трансшекаралық тасымалдау объектiсi болып табылатынына немесе болмауына
қарамастан, оѕтңстiк ендiктен 60 градус оңтүстiк аудан шегiнде аулаққа
шығару үшiн экспортқа жол бермеуге уағдаласады.
     7.Сонымен бiрге, әрбiр Тарап:
      а) өзiнiң ұлттық юрисдикциясындағы барлық тұлғаларға, егер бұл
тұлғалар мұндай операцияларды жүргiзуге рұқсат немесе келiсiм алмаған
болса, қауiптi және басқа да қалдықтарды тасымалдауға немесе аулаққа
шықаруқа тыйым салады;
      b) байлап-тану таңбалау және тасымалдау саласындағы жалпыға бiрдей
қабылданған және жалпыға бiрдей танылған халықаралық ережелер мен
нормаларға сәйкес трансшекаралық тасымал объектiсi болып табылатын қауiптi
немесе басқа да қалдықтарды байлап-таңуды, таңбалауды және тасымалдауды
және халықаралық танылған практиканың ескерiлуiн талап eтеді;
      с) трансшекаралық тасымалдау басталатын пункттен аулаққа шығаратын
орынға дейiн қауiптi қалдықтарды тасымалдау туралы құжаттың қауiптi және
басқа да қалдықтармен бiрге жүруiн талап етедi.
      8. Әрбiр Тарап экспортталатын қауiптi және басқа да қалдықтардың
импорт мемлекетiнде немесе басқа мемлекеттерде экологиялық негiзделген
пайдаланылуын талап етедi. Осы Конвенцияға тура келетiн қалдықтарды
экологиялық негiзделген пайдалануға қатысты техникалық сипаттағы
жетекшілікке алатын принциптердi Тараптар өздерiнiң бiрiншi кеңесiнде
белгілейтiн болады.
      9. Тараптар қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдауды шешудi қамтамасыз ету үшiн:
      а) экспорт мемлекетiнiң экологиялық негiзделген және тиімді түрде
мұндай қалдықтарды аулаққа шығару үшiн техникалық мүмкiндiктерi мен қажетті
объектiлерi, қуаттары немесе ыңғайлы жерлерi болмаса; немесе
      b) мұндай қалдықтар импорт мемлекетiне қайта ұсақтау немесе қайта
пайдалану жөнiндегi кәсiпорындар үшiн шикiзат ретiнде қажет болса; немесе
      с) мұндай трансшекаралық тасымал Тараптар белгiленген өзге
критерийлерге, мұндай критерийлер осы Конвенцияның мақсаттарына қайшы
келмейтiн жағдайда жауап беретiн болса, тиiстi шараларды қабылдайды.
      10. Қауiптi және басқа да қалдықтар өндiрiлетiн мемлекеттердiң
мiндеттемелерi осы қалдықтардың экологиялық негізделген түрде пайдаланылып,
қандай бiр жағдайларда да импорт немесе транзит мемлекетiне өтiп кетпеуiн
осы Конвенция шеңберiнде талап ету.
      11. Осы Конвенция ережелерiне және адам денсаулығы мен қоршаған
ортаны қорғауды жақсарту мақсатында халықаралық ќұқықтың нормаларына жауап
беретiн қосымша талаптарды Тараптың белгiлеуiне осы Конвенцияда ешбiр
кедергi келтiрiлмейдi.
      12. Осы Конвенция мемлекеттің халықаралық құқыққа сәйкес белгiленген
өзiнiң аумақтық теңiзiне егемендiгiне, халықаралық құқыққа сәйкес
мемлекеттердiң өздерiнiң экономикалық аймақтары мен өздерiнiң континенттiк
шельфiне ерекше иелiкте болуына eштеңе ешқандай түрде нұқсан келтiрмейдi,
сондай-ақ барлық мемлекеттердің теңiз және әуе кемелерiнiң олар халықаралық
құқықта көзделген және тиiстi халықаралық құжаттарда көрсетiлген түрдегi
навигация құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға кедергi келтiрмейдi.
      13. Тараптар, басқа мемлекеттерге, атап айтқанда, дамушы елдерге
экспортталатын қауiптi және басқа да қалдықтардың көлемiн және ластау
қабiлетiн қысқартудың мүмкiндiктерiне оқтын-оқтын шолу жасап отыруға
мiндетті.

2.Конвенциядағы тараптардың мңндеттері

     Осы Конвенцияны жүзеге асыруға жәрдемдесу үшiн Тараптаp:
      1) бiр немесе бiрнеше құзыреттi органдарды және бiр бөлiнген
орталықты тағайындайды немесе бекiтедi. Бiр құзыреттi орган транзит
мемлекетi жағдайында хабар aлу үшiн тағайындалады;
      2) осы Конвенция олар үшiн күшiне енгеннен кейiнгi үш ай iшiнде
өздерi бөлiп тағайындаған орталыұты құру және өздерiнiң құзыреттi органдары
туралы хатшылықты хабарландырады;
      3) өздері жоғарыдағы 2-тармаққа сәйкес жүргiзген тағайындауларға
қатысты кез келген өзгерiстер туралы шешiм қабылдағаннан кейiнгi бiр ай
iшiнде хатшылықты хабарландырады.
Тараптар арасындағы трансшекаралық тасымал
      1. Экспорт мемлекетi өндiрушiден немесе экспорттаушыдан экспорт
мемлекеттiң құзыреттi органдары арқылы мүдделi мемлекеттердiң құзыреттi
органдарын қауiптi және басқа да қалдықтардың кез келген көзделетiн
трансшекаралық тасымалы туралы жазбаша түрде хабарлайды немесе хабарлауды
талап етедi. Мұндай хабарларда импорт мемлекетi үшiн қолданылатын тiлде VA
қосымшада көзделген өтiнiштер мен хабарлама болуға тиiс. Әрбiр мүдделi
мемлекетке бiр хабарландыру жiберу жеткiлiктi.
      2. Импорт мемлекетi хабарлаушыға белгiлi бiр жағдайда тасымалға
келiсiмi немесе оларсыз, тасымалға рұқсат беруден бас тарту немесе қосымша
хабарлама беруiне сұрау салу бар хабарландыру алғандығы туралы жазбаша
нысанда жауап жолдайды.
      3. Экспорт мемлекетi өндiрушiге немесе экспорттаушыға трансшекаралық
тасымалдауды бастауға мыналарға:
      а) хабарлаушы импорт мемлекетiне жазбаша түрде келiсiм алғанына;
      b) хабарландырушы импорт мемлекетiнен экспорттаушы мен қалдықтарды
аулаққа шығаруға жауапты тұлғаның apacында осы қалдықтарды экологиялық
негiзделген пайдалану сөз болған келiсiм-шарттың бар екендiгiнiң фактiсiн
растау алғанына жазбаша растау алғанға дейiн рұқсат бермейдi.
      4. Тараптар болып табылатын әрбiр транзит мемлекетi хабарлаушыға
хабарды алғанын дереу хабарлайды. Содан кейiн ол хабарлаушыға тасымалдауға
бiрқатар шарттармен немесе онсыз келiсу, тасымалдауға рұқсат беруден бас
тарту немесе қосымша ақпараттар ұсынуға сұрау салу мазмұндалған жазбаша
жауапты 60 күннiң iшiнде жiбере алады. Экспорт мемлекетi транзит
мемлекетiнiң жазбаша келiсiмiн алмайынша, трансшекаралық тасымалдауды
бастауға рұқсат етпейдi. Алайда, егер Тараптар қауіпті немесе басқа
қалдықтарды трансшекаралық транзиттiк тасымалдауға қатысты кез-келген
уақытта толықтай немесе белгiлi бiр жағдайларда жазбаша нысандағы келiсудi
алдын ала талап етпеуге шешiм қабылдаса, не осыған қатысты талабын
өзгертсе, ол 13-бапқа сәйкес өзiнiң шешiмi туралы басқа Тараптарға дереу
хабарлайды. Бұл соңғы жағдайда егер транзит мемлекетi осы хабарлауды
алғаннан кейiн 60 күн iшiнде экспорт мемлекетi жауап алмаса, онда экспорт
мемлекетi транзит мемлекетi арқылы экспортты бастауға рүқсат бере алады.
      5. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау жағдайында, осы қалдықтар
мынадай жағдайда ғана заң негiзiнде қауiптi қалдықтар peтінде айқындалады
немесе қарастырылады:
      а) экспорт мемлекетi, импорттаушыға немесе аулаққа шығаруға жауап
берушi адамға осы баптың 9-тармағымен қолданатын талаптар, және импорт
мемлекетiне тиiсiнше экспорттаушыға және экспорт мемлекеттерiне mutatis
mutangis қолданылады;
      b) Тараптар болып табылатын импорт мемлекетi немесе импорт және
транзит мемлекеттерi, экспорттаушыға және экспорт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы конвенциясына қол қою туралы
Халықаралық теңіз құқығы туралы білімдер жүйесін қалыптастыру
Адам саудасымен күресудің халықаралық құқықтық механизмдері
Халықаралық азаматтық іс жүргізу: түсінігі мен негізгі институттар
Жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілер
Әлемдегі мұхиттардың ластануы және оның салдары
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР
Азаматтардың құқығы (европамен салыстыру)
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РОЛІ
Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы
Пәндер