Қазақстандағы қола дәуірі жайлы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 . ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІ
1.1. Қола дәуіріне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2 . ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ
2. 1. Қазақстан аумағындағы Андронов мәдениеті тарихының ғылыми зерттеулерден көрініс табуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2. 2. Беғазы.Дәндібай мәдениеті тарихи еңбектерде ... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... 28

Бүгінде Қазақстан өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін басынан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егеменді мемлекетке айналды. Қазақ халқының , Қазақстан Республикасының тарихында жаңа дәуір басталды.
Республика бетбұрыс кезеңінде болып жатқан ғаламат өзгерістер тарих ғылымының алдына көптеген проблемалар қойды. Қазақ халқының төл тарихының қайта жандандырып, бай мәдени мұраларының жете бағалануы басты мәселелердің бірі болып табылды.
ХХ ғасырда Қазақстан тарихы жөнінде көптеген еңбектер жарық көрді. Бірақ тарих саласында негізгі нақты және теориялық қағидалары толығымен мойындала қойған жоқ . Дегенмен де, бұл еңбектер көне дәуірлерді зерттеу үшін және өткенге сыни көзбен қарау кезінде қажет болатын нақты тарихи ақпараттарды берді. Қазіргі таңда Қазақстан тарихының даму кезеңдері жөнінде жаңа материалдарды жинақтап, оларды Кеңес үкіметі тұсында жазылған еңбектермен салыстыра отырып, терең тарихнамалық талдаулар жасап, бірқатар қағидаларды нақтылау жолға қойылып отыр.
Белгілі бір әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихи ұзақ – ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола мен темір және ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Көне дәуір ескерткіштерінің ашылуы, Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясын жаңа қырынан алып көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен.
Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге іргелес жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралары маңызды рөл атқарды.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқы тарихының көне дәуірлеріне айтарлықтай зерттеу жұмыстары жүргізіле қойған жоқ. Болған күннің өзінде ғылыми сапасы төмен, кездейсоқ табылған көне дәуірлердің құрал – саймандары жайлы хабарлар ғана.

1.Кадырбаев М.К.,Курманкулов Ж.К., Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. - Алма-Ата ,1992 . -247 С.
2.Маргулан А.Х.,Акишев К.А.,Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М.Древняя культура Центрального Казахстана. - Алма-Ата: Наука ,1966 . - 432 С .
3.Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. - Алма-Ата: Наука ,1979 . -360 С .
4.Теплоухов С.А. Опыт классификации древних металлургических культур Минусинского края // Материалы по этнографии. - Л ,1926. Т.4. Вып.2 .- 156 С .
5.Рыков П.С.Нуринская экспедиция (1933 г) // Проблемы истории материальной культуры.1933. №9-10 . - 135 С .
6.Грязнов М.П.Погребения бронзовой эпохи в Западном Казахстане // Казахи: Антропологические очерки. - Л ,1927. Вып.2 . - 36 С .
7.Оразбаев А.М.Памятники эпохи бронзы Центрального Казахстана // Труды Ин-та истории, археологии и этнографии АН КазССР. - Алма-Ата ,1959. Т.7. Сер.археол. - 210 С .
8.Максимова А.Г.Эпоха бронзы Восточного Казахстана // Труды Ин-та истории, археологии и этнографии АН КазССР. - Алма-Ата ,1959. Т.7. Сер.археол. - 203 С .
9.Черников С.С.Восточный Казахстан в эпоху бронзы // Материалы и исследования по археологии СССР. - Л ,1960. №88 . -196 С .
10.Оразбаев А.М.Северный Казахстан в эпоху бронзы // Труды Ин-та истории, археологии и этнографии АН КазССР. - Алма-Ата ,1958. Т.5. Сер.археол. - 185 С .
11.Зданович Г.Б.Керамика эпохи бронзы Северо-Казахстанской области // ВАУ. - С ,1973.Вып.12 . - 187 С .
12.Сорокин В.С.Могильник бронзовой эпохи Тасты-Бутак 1 в Западном Казахстане // Материалы и исследования по археологии СССР. - М-Л ,1962. №120 . - 257 С .
13.Агеева Е.И., Максимова А.Г.Отчет Павлодарской археологической экспедиции 1955 г //Труды Ин-та истории, археологии и этнографии АН КазССР.1959 Т.7. Сер.археол. - 165 С .

Жоспар
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 . ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІ
1.1. Қола дәуіріне жалпы сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2 . ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ
2. 1. Қазақстан аумағындағы Андронов мәдениеті тарихының ғылыми
зерттеулерден көрініс табуы

...23
2. 2. Беғазы-Дәндібай мәдениеті тарихи еңбектерде
... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ..26
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... 28
КІРІСПЕ
Бүгінде Қазақстан өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін басынан
кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық
таныған егеменді мемлекетке айналды. Қазақ халқының , Қазақстан
Республикасының тарихында жаңа дәуір басталды.
Республика бетбұрыс кезеңінде болып жатқан ғаламат өзгерістер
тарих ғылымының алдына көптеген проблемалар қойды. Қазақ халқының төл
тарихының қайта жандандырып, бай мәдени мұраларының жете бағалануы басты
мәселелердің бірі болып табылды.
ХХ ғасырда Қазақстан тарихы жөнінде көптеген еңбектер жарық көрді.
Бірақ тарих саласында негізгі нақты және теориялық қағидалары толығымен
мойындала қойған жоқ . Дегенмен де, бұл еңбектер көне дәуірлерді зерттеу
үшін және өткенге сыни көзбен қарау кезінде қажет болатын нақты тарихи
ақпараттарды берді. Қазіргі таңда Қазақстан тарихының даму кезеңдері
жөнінде жаңа материалдарды жинақтап, оларды Кеңес үкіметі тұсында жазылған
еңбектермен салыстыра отырып, терең тарихнамалық талдаулар жасап, бірқатар
қағидаларды нақтылау жолға қойылып отыр.
Белгілі бір әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына байланысты
адамзат тарихи ұзақ – ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда
кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас,
қола мен темір және ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Көне дәуір
ескерткіштерінің ашылуы, Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясын жаңа
қырынан алып көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер
орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың
еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген
немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз
замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды
айтып кеткен.
Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларға
ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-
ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге іргелес жатқан Қазақстан
жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралары маңызды рөл атқарды.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқы тарихының көне дәуірлеріне
айтарлықтай зерттеу жұмыстары жүргізіле қойған жоқ. Болған күннің өзінде
ғылыми сапасы төмен, кездейсоқ табылған көне дәуірлердің құрал –
саймандары жайлы хабарлар ғана.
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІ
1.1. Қола дәуіріне жалпы сипаттама. Неолит дәуірінде – ақ байқала
бастаған шаруашылық өзгерістері б.з.б ІІ мыңжылдықта малшылық – егіншілік
экономикасы мен жоғарғы дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді.
Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды
түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі пысық малшы тайпалар
ұлан – байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс
қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жаб,айы хайуандарды аулау үшін
ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі
пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте – бірте металл өңдеудің дербес
саласына айналды.
Археологиялық материалдар бойынша, андронов тұрпатты ескерткіштер
қалдырған далалық малшы – егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім.
Барлық жергілікті өзгешеліктеріне қарамаста, ұлан – байтақ аумаққа тараған
бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалық ала – құлалықты айқын мәдени
біркелкілік ауыстырғанын көрсетті .
Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты.
Олардың бірі – жаңа дәуірді белгілеген фактор палеометалдардың өндірістік
жолмен игерілуі болды .
Б.з.б. ІІ жыңжылдықтың ортасында қазақстан тайпалары қола бұйымдар
жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі
пропорда мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның
қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстарғанда қоланың бірсыпыра
артықшылықтары бар: оның өзгешелігі - өзі қатты, балқу температурасы төмен,
түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін
қолданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында
полиметалдардың, ең алдымен қалайы – мыс рудаларының барынша молдығы бұл
аумақта металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды.
Қола дәуіріндегі экономиканың басты – басты екі бағыты болып
табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің
өсуіне, қоғамдық еңбек мамандануының күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі
өзгерістерге жеткізді. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді,
рулықұ қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны
көбейді, малдың түр құрамы да көбейді. Қола дәуірі шаруашылық ныманы
ретіндегі мал шаруашылғының үздіксіз дамыған уақыты болды.
Қола дәуірінің алдыңғы кезеңіндегі қоныстарда жиналған сүйек
материалдар бұл уақытта Қазақстан аумағындағы адамның негізгі кәсібіүй
маңында мал өсіру болды деуге мүмкіндік береді. Малдың көбі ірі қара
болды: оны жаю үшіні жайылымдағы шалған пайдаланылды. Қой мен жылқы аз
болды. Кәрі малдар мен әр жылғы төл қысқа ет дайындауға арналды, ал төлдің
бір бөлегі табында қалдырылды.
Ботай қонысынан алынған материалдың көрсеткеніндей, жылқыны
қолға үйрету мен салт мініп жүруге пайдалану энеолит дәуірінде орын алған.
Дамыған қола дәуірінде жылқы неғұрлым кең көлемде: күш көлігі
ретінде және салт мініп жүруге үшін пайдаланылды. Мұны Степняктағы,
Айдаболдағы, Тастыбұлақтағы қоныстардан табылған, сүйектен жасалған жумсақ
ауыздықтардың айшықтары дәлелдейді. Жылқының көлік ретінде пйдалану
даладағы және биік таудағы жайылымдарды игеру мүмкіншілігін молайтты.
Орталық Қазақстанның далаларында жабайы түйе қолға үйретілді. Ақсу-Аюлы-2
кешендерінің бірін қазғанда ботаның сүйегі шықты. Алексеевка қонысында
түйенің кейбір сүйектері табылды.
Ежелгі замандағы малшауашылығы экстенсивті шаруашылық болды.
жайылымдарды игеріп, көлемін кеңейту, төзімді, тебінге жарайтын (қыста қар
астынан аяғымен шөп аршып алуға қабілетті) жылқы қой сияқты мал түрлерін
өсіріп, өндіру малдың көбеюіне жеткізді. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде
Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың негізгі саласына
айналды және көшпелі мал шаруашылығына жақын түрге ие болды 27 .
Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан құбылыс болды. Жаңа еңбек
құралдары, өндіріс құрал – жабдығы ретінде бақташы тайпаларға мал
материалдық игіліктер өндіруде көп артықшылықтар берді. Ет-сүт өнімдерінің
қоры молайды, олардың жаңа түрлері (ірімшік, сүзбе) пайда болды, үй кәсібі
(теріден, жүннен бұйым жасау) ұлғайды.
Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен
егіншілік бірін – бірі толықтырып, өзара байланыста болды. Мәселен, Усть –
Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің
бролғанын көрсетеді. Ол уақыттағы адам кездейсоқ, ұсақ егістен өзендердің
жайылмаларындағы шағын алқаптарға тұрақты егін егуге көшті 28.81-82 .
Алдыңғы қола дәуірінің қоныстарында тастан және бұғы мүйізінен
жасалған теселер табылды. Жер қопсытатын таяқтармен және мүйіз теселермен
салыстырғанда тас кетпендер өнімдірек болды: бұлармен жерді жақсырақ
қопсытуға болатын еді. Тастан астық үгетін құралдар да: астық түйгіштер,
тоқпашалар, түйгіштер, келілер, келсаптар падаланылған болса керек, ал
соңғы қола дәуірінде бітімі әр түрлі қола және мыс орақтар, қола шалғылар
пайдаланылды.
Қазақстанға тараған аудандардың бәріне қола дәуірі мәдениетінің даму
сатыларын сипаттайтын материал шаруашылық тұрпатының өзгергенін көрсетеді:
қола дәуіріндегі тайпалар үй маңында мал өсіруден жайлауда мал бағуға,
одан кейін көшпелі мал шаруашылығына көшті. Нақ осы жағдай материалдық
мәдениеттегі өзгерістерді туғызды, дегенмен бұл өзгерістер барлық жерде
бірдей болған жоқ. Географиялық және басқа секторларға байланысты бір
аудандарда әуелі жабайы хайуандарды қолға үйрету басталды, ал екінші
аудандарда әуелі қарапайым кетпендік егіншілік шығып тарады.
Соңғы онжылдықтарда (1976-1994жж) мыс балқыту өндірісі мен қыш құмыра
жасаудың, кен кәсібінің және металл өңдеудің, сондай – ақ мал шаруашылығы
мен аң аулаудың, егіншілік пен үй кәсібінің ежелгі тарихын толықтырған,
Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде дамыған және соңғы қола кезеңдері
ескерткіштерінің кезеңдерге бөлінуі мен хронологиясын нақтылай түсуге
мүмкіндік берген жаңа деректер мәлім болды.
Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуында мал
шаруашылығымен және егіншілікпен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен
сүйекті ұқсату аса маңызды рөл атқарды.
Жер бетінде кен орнынан сыртқары жерде, әдетте көктемде су ағатын
жырада немесе су жинау үшін арнайы қазылған орда руда тас балғамен және
руда уатқышпен уатылып, кейін жуылатын болған. Су руданы сулап байыту
үшін - оны алғашқы рет кен – тастан айырып алу қажет болды. Әбден уатылған
руда ағаш күрекпен немесе ірі жануардың жауырынымен жиналып алынып, тері
қапқа салынып, қоныстағы қорытатын жерге тасылды. Күрек ретінде
пайдаланылған жануарлар сүйектері Милықұдық, Сорқұдық, Кресто (Орталық
Қазақстан) ежелгі кен орындарынан кездесті; олар әбден мүжіліп, бетін
мыстың жасыл тоты басқан.Руда өндіріліп, уатылған жерлерде металдан,
тастан, сүйектен жасалған көптеген кен құралдары – төрт қырлы қола балға
шоттар, тас құралдардан – ауыр қайлалар, балға шоттар, сыналар, руданы
үгетін келсаптар, келілер, сондай – ақ сүйек , ағаш құралдардан – марал
мүйізінен жасалған балғалар, киік мүйізінен жасалған сыналар, руданы қапқа
салатын жануар жауырындары, ағаш күректер табылды. Руда тікелей қоныста
немесе қонысқа жақын жерде қорытылды. Қорыту үшін көрік тәрізді қорыту
пештері салынды; бұлардың іздері Милықұдықта, Жезқазғанда, Шүлбі өзенінің
Ертіске құяр жерінде, Қанай ауылының маңында табылды. Қанай ауылының
қонысы жанында, сайдың жарында, көмір араласқан көп мыс күлі жиналды.
Руданы балқыту үшін ағаш көмірі, флюс ретінде кварц, жоса пайдаланылды.
Мыс рудасының күлі Атасу , Суықбұлақ қоныстарныда , кесек- кесек рудалар
, шлактар, мыс құймалары Былқылдақ - 1, Бұғылы-1 қорымдарында, Бескөл -1,
Алексеевка, Трушникова, Қанай, Петровка – 2 қоныстарында табылды.
Құйма шеберханаларының қалдықтары Мало – Красноярка, Алексеевское,
Новоникольское – 1, Петровка – 2 қоныстарынан табылды. Бұлардың бітімі әр
түрлі тас және балышық құйма қалыптарда шаруашылық және тұрмысқа қажетті
құралдардың көпшілігі- орақтар мен дүмі шығыңқы балтала, қанжарлар, мен
пышақтар, найзалар мен жебелердің ұштары құйылды. Сәндік заттар көбінесе
соғу,Қақтау, ойып өрнектеу арқылы жасалды. Қазақстан аумағындағы қола
дәуіріндегі руда өндіру ісінің кеңінен жүргізілуі шикізат жөніндегі өз
қажетін қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар металдың бірсыпырасын құйма
күйінде және бұйым түрінде тайпалар арасындағы айырбас үшін пайдалануға да
мүмкіндік береді 28.83 .
Қазақстан аумағында қола дәуір қоныстарының көп екені мәлім, олардың
алпысында қазба жұмыстары жүргізілген. Әдетте қоныстар өзендердің жайпақ
жағасында, кең жайылмада, мүйісте кейде көл маңында орналасты; Бірақ мұнда
да олар ойпаң жерлерде, жылғаларда немесе дала өзендерінің құяр жерінде
жайғасты, өйткені мұндай жерлерде шөп көп, ал топырағы кетпенмен ұқсатуға
ыңғайлы болды. Қоныстырда әдетте 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден құралды;
Тұрғын үйлердің аумағы 100 шаршы метрден 300-400 шаршы метрге дейін жетеді.
Орталық және Батыс Қазақстан аумағында ағаштың болмау себебінен мұнда
тұрғын үйлер салғанда тас көп қолданылған. Қабырғалары ішкі жағынан тас
қаланды, тастан қалап бөлме – бөлме етіп бөлінді. (Атасу, Бұғылы – 1, 2,
Ақбауыр, Тастыбұлақ). Ал жер үстіндегі үйлердің қабырғалары бөненелерден
жасалған тұрпайы қима үйлер болды
Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар
тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды.
Кейде әсіресе, Орал өңірінде бұлардың орнына обалар үйді. Өлген тайпалас
адамдар не өртелді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол – аяғы
бүктеліп, тас тақталардан жасалған жәшікке немесе қазылған төрт бұрышты
шұңқырға салынып жерленді 29.139 .
Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды.Мұның алдындағы уақытта ыдыстардың
түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты
тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі геометриялық
өрнектермен сәнделді.
Сәндік заттардың андроновтық тайпалар мәдениетінің тараған шегінен
аспаған ерекше түрлері алтын жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп
жасалған сырғалар, бас киімге және басқа да киімге тағылатын көзілдірік
тәрізді және табан із тәрізді сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті
тоғалар, шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды.
Өндіріс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшық ыдыстар
түрлерінің әдемілігі мәдениет деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді.
Орталық Қазақстан ежелгі замандағы мал шаруашылығы, кен кәсібі мен
металлургия дамыған ірі аймаққа, андронов мәдениетінің негізгі
орталықтырының біріне айналды. Мал шаруашылығы мен металлургия және
бұлармен бірге бақша егіншілігі арқасында орталық Қазақстанды мекендеуші
ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті жоғары деңгейде
болды.
Қазақтың ұсақ шоқылығының байтақ жерін мекендеген тайпалар тұрған
үйлер мен қора –қопсылардың қалдықтары бар қоныстар, бейіт құрылыстары мен
көне рудниктер, жартастағы суреттер мен құрбан шалу орындары сияқты
көптеген ескерткіштер қалдырды.
Орталық Қазақстандағы андроновтық қорымдардың көпшілігі басқа
аудандардағы ескерткіштермен салыстырғанда құрылымының күрделілігімен,
көрнектілігімен, бейіт құрылыстарын салудың жоғары техникасыменкөзге
түсті.ертедегі шеберлер мөлшері жағынан орасан зор тас қоршаулар мен
лақыттар салды. Тұрғындар діни құрылыстарды салуда да құрылыс ісінен
тәжірбие жинақтап, дәстүрге ие болды.
Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанда қола дәуірінің 50-ге жуық қонысы
мен 150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қоныста
жүргізілді.
Орталық Қазақстандағы андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында
бірінен соң бірі келетін екі кезеңнен өтті: оның алдыңғысы – Нұра кезеңі,
ортаңғысы – Атасу кезеңі. Соңғы қола дәуірінде (б.з.б Х – УІІІ ғасырлар)
андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары, көрнекті Беғазы –
Дәндібай мәдениетін құрады.
Нұра кезеңінің тайпаларына өлікті өртеп жерлеу ғұрпы тән. Өлік
қазылып қойған молаға жақын жерде өртеліп, одан соң күлі молаға қойылған,
ал өртелген жерге тастақталар үйілген.
Өлікті жерлеуде өртеу негізгі ғұрып болғанымен , бірден – бір ғұрып
болған жоқ. Өлікті молаға салу ғұрпы да болды, ол әсіресе Қазақстан
қаласының Атасу кезеңінде ерекше кеңінен тарады.
Нұра кезеңіндегі қорымдардың аумағы онша үлкен емес, әдетте ол аласа
төмпешік болды, оны айнала тігінен орнатылған немесе жалпағынан салынған
тақта тастардан дөңгелектеп немесе тік бұрышты етіп қоршайтын болды. Қабір
қоршаудың ішінен қазылды. Өлік қабырғалары жалпағынан салынған тақта
тастармен шегенделген лақытқа, тас жәшіктер салынып, тік бұрышты етіп
қазылған қабірлерге көмілді. Жерлеу ғұрпы жасалғаннан кейін лақыттар тас
тақталармен жабылды.
Нұра кезеңіндегі тайпалардың мәдениетін қыш ыдыстар ерекше айқын
сипаттайды. Ыдыстардың дені ернеуінің жиегі сыртқа қарай иілі, мойны мен
бүйірі иіліп барып жалғасатын құмыралар болып келеді. Түбі жайпақ, кейде
жайпақ сүйір болады. Бұл ыдыстар вазаға ұқсас. Ыдыстардың көбінің көлемі
мен сыйымдылығы бірдей. Олар үш бұрыштардың , меандрлардың, қатарлас
каннелюрлердің қиюласуы түрінде ернеуінен орта беліне дейін салынады, кейде
ыдыстың түп жағы да сәнделді. Өрнек тарақ тәрізді және тегіс қалыппен
түсірілген. Нұра заманындағы бейіттерде қола бұйымдар біршама аз
табылған28.83-84 .
Қорымдардың дені Бұғылы – І , Ақсу – Аюлы – І қорымдары секілді болып
келеді. Оның бірнеше қоршаудан тұратын біріншісі Шерубай – Нұра өзені
алқабының батыс жағында, Бұғылы тауының етегінде орналасқан. Бұғылы – І
қорымында қазылып ашылған дөңгелек және тік бұрышты қоршауларда тік бұрышты
қабірлер болды; кейде олар жалпағынан салынған тақта тастармен шегенделген.
Бейіттегілердің көпшілігі өлікті өртеу ғұрпы бойынша жерленген. Лақыттарда
мол өрнектелген бір – екі қыш ыдыс табылды. Олардың кейбіреуінің түбі
вазаның түбіндей әсем, бұлармен бірге балшық ұршықбас, дөңгелек қола айна,
қола моншақтар мен тізбектер шыққан. Молалардан және олардың жанынан үй
жануарларының – батаға сойылған малдың сүйектері табылған.
Ақсу – Аюлы- І қорымы өзі аттас өзеннің оң жақтағы биік жағалауына
орналасқан. Қорымның орта шенінде жағаны бойлай қатарласқан сегіз оба тобы
ерекше көзге түседі. Үйілген топырақ астынан жалпағынан салынған тақта
тастардан дөңгелете қаланған қоршаулар шыққан. қоршаулардың ішіндегі
шұңқырларға тік бұрышты цисталар қаланған, олардың бұрышында әдетте адамның
қураған сүйектері мен екі – үш қыш ыдыс жатқан.
Нұра кезеңінің соңына таман өлікті жерлеу ғұрпы оны өртеу ғұрпын
бірте – бірте ығыстыра бастайды. Бұл бірсыпыра ескерткіштерден, мәселен
Орталық Қазақстанның слтүстік – шығыс аудандарындағы ескерткіштерден
көрінеді; бұларды жерлеу ғұрпы аралас: өлік өртеу де, өлікті жерлеу де
кездеседі, оның үстіне өлікті көміп жерлеу басымырақ.Тік бұрышты
шұңқырлардан нұралық тұрпатты қыш ыдыстар табылған. Бітімі жаңа ыдыстар –
Солтүстік және Батыс Қазақстандағы көрші тайпалардың ыдыстарына ұқсас иіні
ойық ыдыстар шыққан. Кейін мұндай үлгідегі ыдыстар Орталық Қазақстанда да
басым болған.
Атасу кезеңіндегі андронов тұрғындарының мәдениеті алдыңғы қола
мәдениетінің жалғасы мен табиғи дамуы. Сонымен бірге бұл – қоғамның, оның
экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы жаңа , неғұрлым жоғары кезең; бұл
кезең қола дәуірінің дамыған ортаңғы кезеңіне жатады.
Шаруашылық жағынан алғанда бұл кезең мал өсірудің бұрынғыдан гөрі
кеңірек таралуымен және кетпенмен өңдейтін егіншілік көлемінің өсуімен
сипатталады. Қорымдар мен қоныстардағы мал сүйектерінің қалдықтары атасу
заманындағы тұрғындардың өсірген мал түлектері туралы түсінік береді. Мұнда
сиыр мен қой – ешкі, жылқы үлкен роль атқарған.
Малдың көбеюі және халықтың өсуі шөлейт жерлерді шаруашылық жағынан
игеруге итермеледі. Тайпалардың бір бөлігі өзен алқаптарын тастап, шөлдер
мен шөлейттердің оазистеріне ауысқан; онда сумен жабдықтаудың бірден – бір
көзі құдықтар болды.
Кен жұмыстарының көлемі өсті, мыс пен қалайы табу, демек өндіру
арта түскен. Мыс пен қоладан еңбек құралдарын, тұрмыстық және сәндік заттар
жасау едәуір ұлғайды.
Мыс пен қола металлургиясының, бақташылық мал шаруашылығының дамуы
шаруашылықтың мамандануына және бірқатар әлеуметтік өзгерістерге жеткізді.
Атасудың андроновтық тайпаларда жерлеу ғұрпы тұрақты сипат алды.
Өлгендер жерленгенде бүктеліп, көбінесе сол қырынан жатқызылды, қолдары
қусырылды, басы батысқа қаратылып, кейде аздап солтүстікке немесе
оңтүстікке бейімдеңкірей жатқызылды. Оның үстіне, Нұра кезеңінің мұрасы
ретінде әлі қолданылып келе жатқан қазулы шұңқырмен және цисталармен
қатар, тік бұрыш бітімді тас жәшіктер тараған; ол жәшіктер шомбал, жалпақ
төрт тақта тастан құралып, қабір шұңқырының төрт жағынан қойылады.
Атасу кезеңінде иіні дөңестеліп иілген ыдыстар сақталды, бірақ мойыны
мен бүйірінің арасы ойық құмыралар, қарапайым құты сияқты ыдыстар, аралық
түрлер басым болған.
Иіні дөңестеліп иілетін көзелер бұрынғы әсем көрнекілігінен
айырылады, олардың биікше, жіңішке түбі жоғалады, өрнектер үш қатарға –
ыдыстың мойнына, бүйірінің жоғарғы бөлігіне және түбіне салынады. Әрбір
қатарда өрнекті орналастыру дәстүрі қалыптасады. Мойнына көбірек салынатын
сурет тік бұрышты немесе тең қабырғалы үш бұрыштардан ұшы жоғары қаратылып
тізілген тізбектер болып келеді. Кейде үш бұрыштардың орнына ромбылар,
сынық сызықтар және басқалар салынған. Өрнектердің екінші қатары үш
бұрышты фестондардан, меандрлардан, қатарлас каннелюрлерден құралады. Бұл
өрнектер қиюласып, кілемнің ою - өрнегіндей болып шығады. Түпкі қатар ұшы
жоғары қаратылған үш бұрыштар немесе белдеулей сызылған қатар сызықтармен
әсемделеді. Иіні дөңестеліп немесе ойықталыпжасалатын ыдыстарда ғана
өрнек көп кездеседі. Қарапайым құты тәрізді ыдыста күрделі меандрлы немесе
фестонды сурет болмайды және онда өрнекті белдеулер салынуы көп
кездеспейді. Ондай ыдыстың ернеуі мен мойны ғана ірі үш бұрпштармен,
қатарлас сызықтармен, кейде шырша өрнекпен сәнделген. Солтүстік және Батыс
Қазақстаннан – Орталық Қазақстандағы ыдыстардың мойнында меандрлы
фигуралардан жасалған өздерінің дәстүрлі айырмашылығы өрнегі болады.
Атасу заманында қола құю өнері жоғары дәрежеде кемеліне жеткен.
Табылған бұйымдардың бәрі соғу, құю, ою және қақтау арқылы жасалған. Көне
замандағы шеберлер қалақ түріндегі қанжарларды, жебелердің қос қанатты,
жалпақша ұштарын, екі ұшы сүйір моншақтарды, дөңгелек және тік бұрышты
айналарды құйған. Соғу, қысып өрнектеумен қақтау төрт қырлы біздерді,
инелерді, білезіктерді, алуан түрлі алқаларды, мүсінді тоғаларды және
басқаларды жасағанда қолданылған.
Ол замандағы қорымдардың көбі Атасу өзенінің алқабындағы қорымдар
тобына ұқсас. Бұлардың ең ірілері – Дарат, Саңғыру, Мыржық, Ақсай, Телжан,
Қосағал және үйтас (Қараөзек) қорымдар.
Мейлінше алуан түрлі бейіт құрылыстары жер бетінен 20 – 50см сыртқы
шығып тұратын көлемді тақта тастармен белгіленген. Оларды қосарлы және екі
қабатты жәшіктерге қойылған көп лақытты әулеттік – патриахаттық үлкен
қабірлердің саны көбейген. Қоршаулардың бәрінде дерлік лақыт жәшіктері екі
– төрт гранит тақтамен жабылған. Негізгі ғұрып - өлікті өртемей жерлеу.
Дегенмен, Атасу заманындағы басқа ескерткіштердегі сияқты, мұнда да өлікті
өртеу кездеседі.
Қорымдардан көптеген қыш ыдыстар, бұранды бұрамалары түйісіп келетін
қола білезіктер, самайға тағылатын алтын жалатылған сырғалар, қола
тізбектер, алқалар және палеометелдан жасалған басқа да бұйымдар, ұнтақтан
қатырылған, меруерттен, тастан жасалған моншақтары бар алқалар, тесіп
ілінетін жыртқыш азулар мен қабыршықтар жиналған.
Орталық Қазақстанда Атасу кезеңінің ескерткіштері көп, олар: Қоңыраи
ауданындағы Былқылдақ, Қарасай, Темірастау, Қарабас қорымдары, Шерубай –
Нұра алқабындағы Басбалдақ, Ақсу – Аюлы – І қорымдары, Бетпақдаланың
солтүстік шетіндегі Елшібек, Беласар қорымдары және басқалар.
Құрбан шалынатын орындар да Орталық Қазақстандағы дамыған қаланың
өзінше бір үлгідегі ескерткіштері болып табылады. Олар әр уақытта жазық
жерде, маңайына қарағанда дөңестеу, қоныстар мен қорымдардан оңашалау жерде
орналасады. Көбінесе бұл құрылыстар сопақ немесе онша дөңгелек емес түрдегі
жалпағынан салынған сегіз – тоғыз шомбал тастан құралған.
Құрбан шалу алаңдарында иабылған заттар құрбан шалудың тек діни
ұғыммен ғана емес, сонымен қатар өндірістік үрдіспен де едәуір байланысты
болғанын көрсетеді. Оларды қазғанда еңбек құралдары – тас кетпендер, қол
диірмендер, астық түйгіштер табылған. Боқсайдағы ғұрып орындарында ағаш
көмірі мен күлдің қалың қабаты, сондай – ақ қалыңдығы 40 сантиметрдей
органикалық қалдықтар табылған.
Нұра өзеніндегі құрбан шалу алаңында кварцты құм қосып, алебастрдан
жасалған екі мүсін табылған; бірі - добал орақ сияқты, екіншісі –
параболалық үш бұрыш тәрізді. Бұлардың екеуі де, тегінде, еңбек құралдарын
бейнелесе керек. Мұнда сонымен қатар ұзыншалау тас келсап, түбі жайпақ
ыдыстар керамикасының фрагменттері болды.
Дамыған қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы
мен тұрмысын қоныстардан табылған археологиялық заттарға қарап топшылауға
әбден болады; мұндай қоныстар әдетте тау қойнауларында немесе даладағы
өзендер мен көлдердің үскірік пен аңызақ соқпайтын жағаларында орналасқан.
Тұрғын үйлер мен қора – қопсылар тобы (10 және одан да көп, кейде 80
–ге дейін жеткен) ортада ашық ішкі алаң қалдырылып айнала салынған; ол алаң
мал қамауға арналған. Кейініректегі үй – жайлар ішкі алаңды айнала салынған
орталық құрылыстар тобынан тысқары орналасқан.
Әдетте, құрылыстың негізі қазылған шұңқыр болды. Оның қабырғалары
көлденең қаланған таспен бекітілді немесе қырынан қойылған тақта тастармен
қапталған.
Қоныстардың қалай орналасқанын, тұрғын үйлердің безендірулуін
Атасуға құятын тау өзені Мыңбасайдың алқабындағы қоныстың қазылған орнына
қарап білуге болады.Атасу қонысы дөңес алаңға орналасқан және ол шет –
шеттерінен тақта тастар көрініп тұрған бірнеше тайыз апандар болып
табылады. Ауданы 15 мың шаршы метрге жететін бұл жерге 35 тұрғын үймен қор
– қопсы орналасқан. Жеке үйлер жіңішке ұзын жолдар арқылы жалғасқан,
әрқайсысында үлкен күлшұңқыр болған, онда күл мен қой – ешкі сүйектері
жиналған.
Қоныс орнын қазғанда бір тұрғын үй, мыс рудасын қорытатын бір
шеберхана, екі күл шұңқыр шыққан. Адам тұратын жартылай жертөле тік
бұрышты, аумағы 13х12 м. Онда екі мәдени қабат олардың ортасындағы өрт ізі
бар қабат сақталыпты. Үйдің солтүстік бұрышымен іргелес кішкене үш жертөле
бар: олар дәліз арқылы жалғасқан. Жаппаның тіркеуші ретінде ағаш бағандар
пайдаланылған; бұлар әрі үйді екі бөлмеге бөлетін қабырға болған:
бөлмелердің біреуінде адамдар тұрған, екіншісінде мал ұсталған. Адам
тұратын бөлменің жер едені тегіс, құмды – балшықпен тапталған және беті
балшықпен сыланған. Қора – жайдың жер едені едәуір төмен, онда шіріген көң
қалдықтарының қабаты сақталған 28.85-86 .
Тұрғын үйдің солтүстік – шығыс бұрышында гранит тақталардан қаланған
ұзындығы 4м, көлденеңі 1 м ошақ табылған, оның арнайы бөлінген үш бөлімшесі
бар. Ошақтың бір тармағы, ең үлкені, үйді жылытқан, екіншісінде тамақ
пісірілген, үшіншісі қорыту пешінің ролін атқарған. Ошақта 5 килограмдай
мыс құймасы, мыс шылагы, тас және қыш ожаулар мен шөміштердің сынықтары,
құю қалыбы болған. Мұнда руда ұсақтайтын тас құралдар, балғалар, келсаптар,
тоқпақшалар, дән үккіштер, керамикалақ бұйымдарды тегістейтін қалақтар, тас
кетпендер табылған.
Атасу қонысының тұрғындары ыдыстың түрлі үлгілерін – тамақ пісіретін
өрнексіз долбарлы керамиканы және тамақ ішетін, геометриялық өрнектермен
сәнделген ыдыстарды жасай білген. Өрнектер көбіне тегіс қалыппен
түсірілген, бірақ тарақ тәрізді қалыппен түсірілген өрнектер де аз емес.
Шаруашылық пен тұрмыстар қола құралдармен қатар сүйектен жасалған тескіш,
біз, теріні өңдеу үшін жылқының жағынан жасалған лөкет пышақ сияқты
құралдарды қолданылған. Ірі малдың жілігінен жасалған шүйке орағыштың
табылуы жүнді ұқсатып, дөрекі мата тоқи білгендікті көрсетеді. Жүгеннің
мүйіз сулықтары жылқының көлік ретінде пайдаланғанын дәлелдейді.
Жамбай – Қарасу, Бұғылы – І, ІІ және басқа қоныстар андронов
мәдениетінің атасулық дәуіріндегі соңғы кезеңге жатады.
Бұғылы тұрғын үйлері мен қора – қопсыларының орналасуы салыну
әдістері, сондай – ақ материалдық мәдениеттің бүкіл бейнесі Атасу
қоныстарындағыға ұқсас. Тұрғын үйлер тік бұрышты, бірақ Атасу
қоныстарындағыдан ерекшелігі олардан көлемі анағұрлым кіші. Үйлер жердің
бетіне салынған, қабырғалары – жалпағынан қаланған тас блоктар; бұлардың
сыртқы жағынан да, ішкі жағынан да тігінен қойылған тақта тастармен
қапталған. Қалаудың ішкі жағынан ағаш жақтау салынған; бөренелерден
құрастырылған күрке тәрізді шатыр осыған тіреледі. Шатырдың биік қыры тік
қазылып орнатылған бірқатар бағандармен тірелген. Бүкіл құрылыс буылған
қамыспен және бұтамен жабылған. Мұндай үйдегі тасблоктардан жасалған аласа
қабырғалары қатты желден, жаңбырдан, қардан пана болған. Тұрғын үйлердің
сыртқы түрі көбіне көшпелі малшылардың жылы киіз үйлеріне ұқсас болған.
Қола дәуірінде Солтүстік және Батыс Қазақстандағы тайпалардың тарихи
тағдырлары бір – бірімен тығыз байланысты дамыған. Б.з.б ІІ мың жылдықта
бұл аумақта анроновтық тайпалар мекендеген олардың шаруашылығының негізі
мал өсірумен кетпенмен өңдейтін егіншілік болды. Сол дәуірдегі
шаруашылықтың талаптарына сай келетін қолайлы жер көлемінің шектеулі болуы
құнарлы шүйгін жерлердегі тұрғын алаңдардың бос тұрмау себептерінің бірі
еді. Бір тайпалардың орнына екінші тайпалар келген; олар дәстүрлі жерлерге
қоныстанған, көбінесе өздерінің тұрғын үйлерін салу үшін бір кезде
біреулерден қалған ескі құрылыстарды пайдаланған. Сөйтіп, Солтүстік және
Батыс Қазақстанның андроновтық қоныс – мекендері көп қабатты ескерткіштерге
айналған.
Қорымдар қоныстарға жақын, айналаның бәрі көрініп тұратын қыратты
жерге салынған. Олардың көбі өзен жағасын бойлай жатқан енсіз өңірге
салынған ондаған құрылыстардан тұрды. Батыс Сібірмен іргелес Солтүстік
Қазақстанның орманды – далалы аудандарында топырақтан үйілген обалар көп
кездеседі. Сондай -ақ тігінен қойылған тақта тастардан дөңгелете немесе тік
бұрышталып қоршалған қоршаулар, тас қаламалар және қоршаған жер обалар көп
тараған. Ақтөбе далаларында және іргелес аудандарда бейіттік құрылыстардың
екі түрі – дөңгелете қоршалған тас қоршаулар мен обалар табылған. Батыс
Сібір ойпатының Есіл өзенінің орта ағысы бойындағы өңірінде жер үстіне
тұрғызылған үйінді бейіттер бар. Қабірлердің орналасуына қарағанда онда
құрылыстардың болғаны күмәнсіз, бірақ олардың ешқандай қалдығы сақталмаған
28.85-86 .
Солтүстік және Батыс Қазақстанда қола ғасырларындағы 150 – ден аса
қоныс пен 200 – ге жуық қорым ашылған. Тұрақты зерттеулер жүргізу арқылы
жалпы саны 300–ге қабір ашылған.
Бұл аймақта алдыңғы қола
дәуірінің ескерткіштері онша көп шықпаған: көбі әбден қираған жеті қоныс
және өлікті өлікті өртеу ғұрпы бойынша жасалған екі көмбе бейіт шыққан.
Неғұрлым көбірек зерттелгені Вишневка – 1 шағын қонысы болды. Онда
сақталған конструкциялар алдыңғы қола дәуіріндегі тұрғын үй туралы түсінік
береді. Бұл – жер бетіне салынған үй, едені құмайт жердің топырағы. Ол тік
бұрыш сияқты созыла орналасқан, аумағы 125 шаршы метр. Үйдің төбесі
ұзынынан салынған бөренелерден қиылған қабырғаларға және үйдің ұзыны
бойындағы бағандарға тірелеген. Бұл аймақтың алдыңғы қола дәуіріндегі
тайпалардың жерлеу ғұрпы туралы мәліметтер Қарға аралы қонысындағы
зерттеулермен шектеулі; оны тігінен қазған кезде екі ыдыс табылған; оның
біреуінен өртенген өліктің қалдықтары шыққан. Бескол селосының жанында
табылған ыдыстар да осы ғұрыппен байланысты болса керек 30.147-153 .
Алдыңғы қола ескерткіштерінің материалдары неолит дәуірімен
салыстырғанда халықтың көбірек отырықшы болғанын көрсетеді. Балық аулау мен
аң аулау бірте – бірте екінші орынға ығысқан. Бұл кез – кешенді малшылық –
егіншілік шаруашылығы қалыптасқан және металл игерілген кез.
Алдыңғы қола ескерткіштеріндегі ыдыстар құты сияқты, түбі жайпақ.
Суреттердің компазициялық құрылымы және өрнек тұрпаттарының ара қатынасы әр
түрлі ыдыстары да әр келкі. Сол заманға жататын ыдыстардың бірінші тобына,
Бескөл – 1,- 5, Вишневка – 2, Пестрое қоныстарынан және көмбе бейітерден
табылған ыдыстарға тоқыма – шұңқырша керамика тән. Оның ең көп тараған
элементтері – үшбұрышты, төртбұрышты сопақша келген алуан түрлі шұңқырша
ойықтар. өрнек ыдыстардың бүйірі мен түбіне салынған. Сурет түсіру үшін
әдетте бір элемент пайдаланылды. Керамиканың басым көпшілігінде дөрекі
матаның ізі бар. Ыдыстардың екінші тобында – Вишневка – 1, Петровка – 1,
Алтын күз, Қарлығы – 1 қоныстарынан шыққан ыдыстарда тарақ тәрізді қалыппен
және таяқшамен түсірілген суреттер басым. Өрнектер тік, көлденің, ирек
сызықтардың, бойлай сызылған бұралаң сызықтардың, шимақталған үшбұрыштардың
қиюласуынан құралған. Ыдыстардың бүйірі ғана өрнекпен қапталған, ал түбінің
сәнделуі сирек кездеседі. Ыдыстардың екі тобының арасындағы бұл айтылған
өзгешеліктер олардың әр заманға жататындығынан туындайды.
Б.з.б. ІІ мың жылдықтың екінші ширегінде өндіруші үлгідегі шаруашылық
біржола орнықты, ал қола ғасырының металлургиясы әбден гүлденген шағына
жетеді. Ортаңғы қола дәуірінде бірінен кейін бірі келетін үш кезең
аңғарылады. Оның бірі – алдыңғы кезең осы мәдениеттің қалыптасуы тарихына
жатады; бұл кезде алдыңғы қоланың жергілікті тұрғындары арасына басқа бір
мәдениеттің – Арал маңы арқылы егіншіліктің нжнлгі орталықтармен байланысты
мәдениеттің белсенді түрде енеді. Бұл заманның ең айқын ескерткіштері
Петровка – 2 және Новоникольское – 1 қоныстарының төменгі белдеулері,
Петровка селосы жанындағы қорым мен ғұрып орны 25.113 . Тобыл өзенінің
аңғарында бір қабатты Жетікөл қонысы зерттелген, Батыс Қазақстанда Қарғалы
өзені бойында, Ақтөбе маңында кейбір заттар табылған.
Соңғы кезең андроновтық – қималық ортақ мәдениеттің белсенді өзара
ықпалымен сипатталады. Батыс Қазақстанның мәдениетіне Еділ бойының қима
мәдениеті, ал Солтүстік Қазақстанның мәдениетіне Орталық және Шығыс
Қазақстанның андронов мәдениеті күшті ықпал жасайды.
Осындай өзара ықпалдың іздері Бурабай, Бүйреккөл, Борлық, Петропавл
қорымдпрында жақсы байқалады. Бір қабатты Бескөл – 4 қонысын қазғанда соңғы
кезеңдегі өзінше бір үлгідегі керамикалық кешендер табылған. Орталық және
Шығыс Қазақстан тайпаларының ықпал - әсерін шалғай батыстан да – Қыркелді
мен Тереклі өзендері бойындағы қорымдардың материалдары бойынша да аңғаруға
болады 25.172-215 .
Петровка – 2, Новоникольское – 1 35.113-127 , Семиозерное
қоныстарындағы алдыңғы алакөлдік тұрғын үйлер әдетте үлкенемес; едендері 15
– 20см ғана қазылып жасалған, сондықтан оларды жер үстіндегі құрылыс деп
атауға болады. Үйлердің бейнесі тік бұрышты ; төбесін ұстап тұрған
тіреуіштердің шұңқырлары жақсы сақталған. Қабырғалары долбарлай қиылған
бөренелерден салынған. Едені өзеннің қиыршығын араластырған балшықпен
сыланған. Тамақ дайындау үшін және үйді жылыту үшін жер ошақ қазылған; олар
әдетте айналасына тастар қаланған кішкене сопақ шұңқырша болып келген.
Үйлер тығыз орналасқан; тұрғын алаңдар қорғаныс құрылыстарымен қоршалған.
Алакөл заманындағы тұрғын үй құрылысы алдыңғы алакөлдік құрылымнан
өзгеше. Бұл – Явленко – 1 34.40-52 , Петровка – 2 және Тастыбұтақ
қоныстарындағы сияқты жартылай жертөле тұрпатындағы бірқатар тұрғын үйлер.
Олар тік бұрышты ұзыншы сипатта болып келеді. Үйлердің аумағы 140 шаршы
метрден 200 шарша метрге дейін барады. Әдетте шығатын жері бұрышта, дәліз
тәрізді. Үйлер екі бөлмеге бөлінеді; оларда 1 – ден 8 – ге дейін ошақ бар.
Қазақстанның орманды – далалы аймағындағы қоныстарда тұрғын үйлер
негізінен қайың бөренелерден салынады. Үйдің негізінен қайың бөренелерден
салынады. Үйдің негізгі салмақ түсетін қаңқасы ордың қабырғасын бойлай
қатарластыра көміп орнатылған тіреуіштер және үйді шамалас үш бөлімге
бөлетін, ұзын қабырғаларға қатарластыра екі қатар етіп орнатылған ортаңғы
тіреуіштер болған. Үйлердің едендерінде 200 – дей тіреуіштің шұңқыр орны
бар екендігі байқалды. Бөрене қаптама, шарбақ, балшықпен сыланған қамыс,
қабырғаларды шым қабаттармен қаптау, күл себу – осының бәрі континенттік
климаттың қатаң жағдайларында үйлерді жылыту үшін істелді. Үйдің төбесі,
сірә, судың ағып кетуі үшін аздап көлбеу салынған жайпақ болған. Батыс
Қазақстан даласында ағаштың болмауы себепті Тастыбұтақ қонысындағы тұрғын
үйлердің кейбір ерекшеліктері бар. Тіреуішті құрылыстар өте аз
пайдаланылды, оның есесіне тас кеңінен қолданылды. Тастан ішкі қабырғалар
қаланды, жерошақтар таспен қоршалды, әртүрлі шаруашылық қажеттеріне тас
қоршамалар жасалды. Тұрғын үйлерде қабырғалары сексеулмен шегенделген
құдықтар болған 25.53-54 .
Тұрғын үйдің немесе оның әрбір бөлігінің неге арналғандығы, үйлердің
орналасуы, ошақтардың, шаруашылық ураларының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz