Халел Досмұхамедов жайлы



1. Алаш азаматы
2. «Алаш» партиясы
3. Халел Досмұхамедов
Қазақ халқы Кеңес үкіметі құрамында болғанда бастарынан талай қиыншылықтарды өткерді. Осы қиыншылықтар мен кертартпалықтан құтылудың алғаш жолын іздегендер қазақтың көзі ашық, көңілі ояу зиялылары болды. Олардың көбі Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан универ-ситеттерінде оқыған қазақ жастарының қаймағы еді. Алашордашылар тарихын зерттеу мәселесіне келсек, Қазан төңкерісіне дейін оны зерттеуді қазақ зиялыларының өздері бастап берген болатын. Оған дәлел Ә.Бөкейханов М.Дулатов, М.Тынышбаев, Е.Омаров және басқаларының жарық көрген еңбектері. Ал «Алаш» сөзінің төркініне келетін болсақ, қазақтар оны ертеден қолданып келді. Қазақтар елге қамқоршы болған қадірменді адамдарын «Алаштың азаматы» атады, қысқасы, бұл сөз ел ауызында жақсы орында жұмсалған. Бірақ та Кеңес үкіметі кезінде осы сөзді айтудан халықты бездіріп жіберді. Олардың осындай тағылығы мен идеологиясының орнауы қазақтың кейбір азаматтарын қарсы қоюға мәжбүр етті. Мәселен, Сәкен Сейфулин 1920 жылы «Қазақ интеллегенциясы» туралы мақаласында «Ұлы төңкерістен кейін Алаш қозғалысы реакцияшыл сипат ала басталы» десе, 1927 жылы жарияланған «Тар жол тайғақ кешу» романында «большевиктер партиясының дұшпандарының бірі-осы Алаштар болды» деген тұжырымын айтты. Бірақ кейін ол өз көзқарасын өзгертті. Мұнан басқа Алаш қозғалысын сынаған партиялық тапсырыспен жазылған еңбектерде шықты. Алаш партиясының құрылуына келсек, Ақпан төңкерісінен кейін 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда қазақтардың тұңғыш құрылтайы өткізіліп, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарын және Бөкей ордасынан өкілдер қатынасып, 14 мәселені қарап, талқылайды. Соның ішінде мемлекетті билеу түрі, қазақ автономиясы, қазақ облыстарындағы жер мәселесі, әске құру, әйел теңдігі және земство туралы т.б. қаралады. Қазақ жері туралы алынған қаулыда «қазақ халқы өзіне еншілі жерге орналасып болғанша, қазақ жері ешкімге берілмесін....» деп, осы жер мәселесінің тиісті дәрежеде қою арқылы жалпыұлттық дәрежеге көтеріп, өзінің тарихи міндетін орындаған болатын. Мұнан басқа құрылтайдың жасаған үлкен бір қызметі – Алаш партиясын құру жөніндегі ұсыныстары. Жалпықазақ құрылтайынан кейін Орынборда Ресей үкіметінің ұйымдастыруымен Бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайы шақырылып, әр облыстан бір-бірден депутаттар барды.
«Жас Алаш» газеті (№71, 2008жыл)
Қазақстан тарихы, Шың баспасы 2006 жыл

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Химия факультеті

Реферат
Тақырыбы: Халел Досмұхамедов

Дайындаған: Бекболсынова.Ф.

БЖ801К

Тексерген: Абсеметова.Ж.

2008 жыл

Жоспар
1. Алаш азаматы
2. Алаш партиясы
3. Халел Досмұхамедов

Пайдаланылған әдебиеттер:
Жас Алаш газеті (№71, 2008жыл)
Қазақстан тарихы, Шың баспасы 2006 жыл

Қазақ халқы Кеңес үкіметі құрамында болғанда бастарынан талай
қиыншылықтарды өткерді. Осы қиыншылықтар мен кертартпалықтан құтылудың
алғаш жолын іздегендер қазақтың көзі ашық, көңілі ояу зиялылары болды.
Олардың көбі Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан универ-ситеттерінде оқыған қазақ
жастарының қаймағы еді. Алашордашылар тарихын зерттеу мәселесіне келсек,
Қазан төңкерісіне дейін оны зерттеуді қазақ зиялыларының өздері бастап
берген болатын. Оған дәлел Ә.Бөкейханов М.Дулатов, М.Тынышбаев, Е.Омаров
және басқаларының жарық көрген еңбектері. Ал Алаш сөзінің төркініне
келетін болсақ, қазақтар оны ертеден қолданып келді. Қазақтар елге қамқоршы
болған қадірменді адамдарын Алаштың азаматы атады, қысқасы, бұл сөз ел
ауызында жақсы орында жұмсалған. Бірақ та Кеңес үкіметі кезінде осы сөзді
айтудан халықты бездіріп жіберді. Олардың осындай тағылығы мен
идеологиясының орнауы қазақтың кейбір азаматтарын қарсы қоюға мәжбүр етті.
Мәселен, Сәкен Сейфулин 1920 жылы Қазақ интеллегенциясы туралы
мақаласында Ұлы төңкерістен кейін Алаш қозғалысы реакцияшыл сипат ала
басталы десе, 1927 жылы жарияланған Тар жол тайғақ кешу романында
большевиктер партиясының дұшпандарының бірі-осы Алаштар болды деген
тұжырымын айтты. Бірақ кейін ол өз көзқарасын өзгертті. Мұнан басқа Алаш
қозғалысын сынаған партиялық тапсырыспен жазылған еңбектерде шықты. Алаш
партиясының құрылуына келсек, Ақпан төңкерісінен кейін 1917 жылы 21-26
шілде аралығында Орынборда қазақтардың тұңғыш құрылтайы өткізіліп, оған
Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарын және
Бөкей ордасынан өкілдер қатынасып, 14 мәселені қарап, талқылайды. Соның
ішінде мемлекетті билеу түрі, қазақ автономиясы, қазақ облыстарындағы жер
мәселесі, әске құру, әйел теңдігі және земство туралы т.б. қаралады. Қазақ
жері туралы алынған қаулыда қазақ халқы өзіне еншілі жерге орналасып
болғанша, қазақ жері ешкімге берілмесін ... деп, осы жер мәселесінің
тиісті дәрежеде қою арқылы жалпыұлттық дәрежеге көтеріп, өзінің тарихи
міндетін орындаған болатын. Мұнан басқа құрылтайдың жасаған үлкен бір
қызметі – Алаш партиясын құру жөніндегі ұсыныстары. Жалпықазақ
құрылтайынан кейін Орынборда Ресей үкіметінің ұйымдастыруымен
Бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайы шақырылып, әр облыстан бір-бірден
депутаттар барды. Осы құрылтайда Қазақ халқын отарлық езгіден құтқаратын
Алаш партиясы болу керек деген қағида алды. 1917 жылы 21 қарашада Қазақ
газетінің 251-санында Алаш партиясының бағдарлмасы жарияланды.
Бағдарламада Алаш зиялылары бірінші кезекке ұлттық-саясы дербестік және
экономикалық-әлеуметтік даму жолына түсу мақсатын қойған. Сондықтан да
бағдарламада қойылған мақсат-мүдделердің жалпыұлттық, жалпыдемократиялық
сипатын негізге ала отырып, оны құрушы ұлт зиялыларын ұлттық демократиялық
интеллегенциясы деп атауы да орынды. Ал қазақ мемлекеттігі туралы мәселе
1917 жылы 5 желтоқсанда Орынборда Жалпықазақ құрылтайында қаралып, онда
Қазақ – Қырғыз автономиясы Алаш деп аталсын деген шешім алады. Сондай-
ақ Алаш облыстарын қазіргі тығырықтан қорғап қалу мақсатында оның аты
Алашорда болсын және Алашорданың уақытша тұратын жері Семей қаласы
болсын деген қаулы алды, жаңа үкімет құрамын бекітіп, оған Бөкейден
Уәлитхан Танашев, Оралдан Халел Досмұхамедов, Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев,
Торғайдан Ахмет Бірімжанов, Семейден Халел Ғаббасов, Жетісудан Салық
Аманжолов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай енді. Алашорданың ұлт кеңесі
құрылып, оның төрағасына үш адам - Ә.Бөкейханов, Б.Құлманов, А. Тұрлыбаев
ұсынылып, көпшілік дауыспен Әлихан Бөкейханов сайланды. Бір айта кетерлік
жайт, алашордашылар большевиктер партиясы ұстанған саясатты қолдамады, ол
әсіресі, Азамат соғысы жылдарында анық көрінді. Олар ақгвардияшылар
қатарында болды. Сонымен қатар алашордашылардың өз арасында бірлік,
түсінушілік болмады Қазақ зиялылары алғашқы кезде әрқайсысы әр жақта ұйым
құрды. Мәселен, олар Омбыда Бірлік, Қызылжарда Талап, Ақтөбеде Жас
тілек, Павлодарда Ғылым, Зайсанда Қазақ жәрдемі деген ұйымдарды
құрған. Міне, осылардың салдарынан алашордашылардың өмірі ұзаққа бармады,
бар болғаны жыл жарымдай өмір сүрді. Ғалымдарымыздың бір ауызға келген
пікірлеріне қарағанда, Алашорда 1918 жылдың ортасынан 1919 жылдың желтоқсан
айына дейін өмір сүрген. Алаш партиясы, Алашорда үкіметін құруда оның
жемісті еңбек етуіне ерекше үлес қосқан оның басшыларының бірі болған –
Халел Досмұхамедұлы.
Х.Досмұхамедов 1883 жылы Атырау облысының, Қызылқоға ауданының Тайсойған
құмындағы Жарыпшыққан өзені бойында дүниеге келген. Алғаш ауыл молдасынан
сауатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халел Досмұхамедұлының дара жолы
Ғалым өмірі мен шығармалары
Алаш қозғалысының қайраткері – Жанша Досмұхамедов
Халел Досмұхамедұлы және Алаш қозғалысы
Қоғам және мемлекет қайраткері энциклопедист - ғалым, профессор Халел Досмұхамедұлының көптеген зерттеу еңбектерінің бірінде
Халел Досмұхамедов ойларымен қандай үндес
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Қазақ жеріне келімсектерді жіберуді тоқтатып, жерді қазақтарға қайтару
Х.Досмұхамедұлының сыншылдық-эстетикалық көзқарасы және әдеби мұрасы
Халел Досмұхамедов
Пәндер