Шетел тілі сабағында инновациялық педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері



Кіріспе
Орта мектепте ағылшын тілінде лексиканы таңдау әдістемесі

І.Негізгі бөлім Сөйлеудің лексикалық аспектісін оқыту
1.1..Лексиканы оқытудың маңызы неде
1.2. Өнімді және рецептивті лексиканың таңдалуы
1.3.Лексикалық материалдармен жұмыс жасаудағы негізгі кезеңдер
1.4. Семантизациялау (сөздің мәнін ашу
1.5 Лексикалық дағдыларды дамытуға арналған жаттығулар

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жаңа заман лингвистикасы әрқайсысы өзіндік белгілер жиынтығымен сипатталатын кезеңдерден тұратын иерархиялық құрылым ретінде қарастырады. Бізді қызықтыратын лексикалық кезеңінде келесі бірліктер қызмет атқарады: сөздер, фразеологизмдер және басқа да тұрақты сөз тіркестері, клише, этикеттік және сөйлеу формулалары.
Тілді оның қолданылу шарттарынан абстракцияланған формальды жүйе тұрғысынан зерттеу аумағынан, тілді қарым-қатынас құралы және коммуникативті ықпал етуші ретінде қарастыруға көшу айтарлықтай өнімді және жалпы шетел тілін және жекелей лексикаға үйретуде берері мол.
Зерттеу мақсаты сөздің лексикаық аспектісімен жұмыс істеу барысындағы методикалық әдістердің белгілі бір құрылымынан тұрады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:
 Берілген мәселе бойынша лингвистикалқ және психолингвистикалық жұмыстарды зерттеу және сыни анализ беру;
 Сөздің лексикасын меңгерудегі қиындықтарды анализдеу;
 Оқушы игере алатын коммуникативті тапсырмалар және проблемалық жағдаяттарды қолдану арқылы ойлау қабілетін ояту.
Зерттеудің өзектілігі біріншіден, шет тілдік қарым-қатынасқа оқытуда лексикалық жолды қолданудың қажеттілігімен анықталса, екіншіден лексикамен жүмыс істеу кезіндегі методикалық әдістердің құрылымымен анықталады.
Зерттеу объектісі – шетел тілін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні – шетел тілін коммуникативті тапсырмалар арқылы лексикалық оқыту.
1. Е.К. Соловова «Методика обучения иностранному языку».Базовый курс
2. Н.И.Гальскова «Методика обучения иностранному языку».
3. Я.М.Колкер, Е.С.Устикова «Методика обучения иностранному языку в
начальном этапе».
4. Н.Д.Гальскова « Современная методика обучения иностранному языку» Москва, 2000.
5. А.К.Бабинская, Т.П.Леонтьева, И.М.Андреасян, А.Ф.Будько « Практический курс преподавания иностранных языков» Минск ,2003.
6. А.А.Аренова. Уровневый подход к обучению иностранного языка. Вестник КазУМОиМЯ, 2007.
7. Н.В.Миролюбов «Методика обучения иностранному языку в средней школе»Москва,1982
8. Бухбиндер В.А., Штраус В.А. «Основы методики обучения иностранного языка» Киев. 1986.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

Шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Шетел тілі сабағында инновациялық педагогикалық технологияларды
пайдаланудың теориялық негіздері.

Орындаған: Айғараева Г.
050119-
Шет тілі: екі шет тілі

мамандығының 3 курс ,
309 топ
студенті

Тексерген: ф.ғ.к.,доцент
м.а.

Нұрланбекова Е.Қ.

Алматы 2008
ЖОСПАР:

Кіріспе
Орта мектепте ағылшын тілінде лексиканы таңдау әдістемесі

І.Негізгі бөлім Сөйлеудің лексикалық аспектісін оқыту
1.1..Лексиканы оқытудың маңызы неде
1.2. Өнімді және рецептивті лексиканың таңдалуы
1.3.Лексикалық материалдармен жұмыс жасаудағы негізгі кезеңдер
1.4. Семантизациялау (сөздің мәнін ашу
1.5 Лексикалық дағдыларды дамытуға арналған жаттығулар

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Жаңа заман лингвистикасы әрқайсысы өзіндік белгілер жиынтығымен
сипатталатын кезеңдерден тұратын иерархиялық құрылым ретінде қарастырады.
Бізді қызықтыратын лексикалық кезеңінде келесі бірліктер қызмет атқарады:
сөздер, фразеологизмдер және басқа да тұрақты сөз тіркестері, клише,
этикеттік және сөйлеу формулалары.
Тілді оның қолданылу шарттарынан абстракцияланған формальды жүйе
тұрғысынан зерттеу аумағынан, тілді қарым-қатынас құралы және
коммуникативті ықпал етуші ретінде қарастыруға көшу айтарлықтай өнімді
және жалпы шетел тілін және жекелей лексикаға үйретуде берері мол.
Зерттеу мақсаты сөздің лексикаық аспектісімен жұмыс істеу
барысындағы методикалық әдістердің белгілі бір құрылымынан тұрады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:
➢ Берілген мәселе бойынша лингвистикалқ және психолингвистикалық
жұмыстарды зерттеу және сыни анализ беру;
➢ Сөздің лексикасын меңгерудегі қиындықтарды анализдеу;
➢ Оқушы игере алатын коммуникативті тапсырмалар және проблемалық
жағдаяттарды қолдану арқылы ойлау қабілетін ояту.
Зерттеудің өзектілігі біріншіден, шет тілдік қарым-қатынасқа
оқытуда лексикалық жолды қолданудың қажеттілігімен анықталса, екіншіден
лексикамен жүмыс істеу кезіндегі методикалық әдістердің құрылымымен
анықталады.
Зерттеу объектісі – шетел тілін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні – шетел тілін коммуникативті тапсырмалар арқылы
лексикалық оқыту.

І. Негізгі бөлім
Сөйлеудің лексикалық аспектісін оқыту
Осыдан формальдық және функционалдық қасиеттер бір құбылыстың әртүрлі
аспектілері болып табылатыны айқындалады. Коммуникация үрдісінде форма
функциясыз бола алмайды және керісінше, әрбір функцияның өзіндік тілдік
мәнге ие. Келесі фактіні есептеуіміз қажет, функция мен форма арасында
сөзсіз ұқсастық жоқ. Көптеген тілдерге жалпы коммуникативті категориялар әр
түрлі тілдерде өзіндік спецификалық мәндерге ие. Осыдан шығатыны:
формальдық және функционалдық аспектілердің қатынасы мәселесі лексикалық
бірліктің функционалдық ерекшеліктеріне, сондай-ақ тіл жүйесін лексикалық
деңгейде көңіл аударылуын талап етеді. Себебі жүйелі білімсіз тілді қарым-
қатынас құралы ретінде меңгеру мүмкін емес.
Орта мектепте оқу курсы барысында оқушылар ауызша және жазбаша қарым-
қатынастың түрлі жағдаяттарында қолдана білулері керек, яғни сөйлеудегі
және жазудағы мәтіннен туындайтын лексикалық бейнелеу тәжірибесін меңгеру
және лексикалық бірліктерді естігенде және оқуда түсінуге үйрену.
a) Өнімді дағдылар:
• коммуникативті пиғылға сәйкес сөздредісөз тіркестерін
дұрыс таңдау;
• синтагмаларда және сөйлемдерде сөздерді дұрыс үйлестіру,
• лексико-мағыналық және лексико-тематикалық байланыстарды
(ассоциация) игеру;
• жаңа сөздерді бұрын игерілген сөздермен үйлестіру;
• керек сөздерді синонимдік және антонимдік оппозицияларда
таңдау;
• балама (эквивалентті)өзгетулерді орындау;
• сөйлемдерді қысқарту және тарату механизмін меңгеру;
ә) Рецептивті дағдылар (тыңдау, есту):
• сөздің естукөру бейнесін семантикамен байланыстыру;
• үйренген сөздерді сөйлеудеграфикада тану және түсіну;
• контекст арқылы сөздің мәнін ашу;
• сөздердің мағынасын дыбыстық және графикалық белгілеріне
сүйене отырып түсіну (аффиксацияға, конверсияланған
лексикалық бірліктерге, кіріккен сөзднрге);
• айтылуы және жазылуы бойынша ұқсас сөздерді түрлендіру
(дифференциялау);
• конткст арқылы сөздің мәнін ашу;
• ұстаным жасау үшін және жаңа немесе бұрын игерілген
лексикалық материалдармен белгілі бір қызметті орындау
үшін болжау және қабылдау бағдарын кеңінен қолдану.
б) Лесикадағы мәдени-әлеуметтік білім мен дағдылар:
• күнделікті тұрмыстағы заттар мен объектілерді білдіретін
лексиканы және оқылатын тілдің мемлекетіндегі ақша бірлігін,
салмақ және ұзындық өлшемдерін білу;
• Эквивалентсіз лексиканы түсіну және оны текстерде қолдана
білу (оның ішінде анықтамаларды қолдану);
• Сөйлеу және этикет нормаларын білу (үлкендердің кішілерге
қарым-қатынас жасау ерекшеліктері, оқушылардың мұғалімдерге,
серіктестің әр жастағыларға және әлеуметтік топтарға
қатынасы ) және оқылып жатқан тілдің мемлекетінде
қабылданған қарым-қатынас нормаларына сәйкес сөйлеу мәнерін
құра білу;
в) Лексикадағы лингвистикалық білім:
• Лексикалық бірліктердің сөз жасам ережелерін және
үйлесімділігін білу;
• Сөйлемдердегі және мәтіндердегі тізімдік пен қызметтік
сөздерді байланстыру тәсілі ретінде білу;
• Дара сөздердің этимологиясын білу;
• әр түрлі тілдерде мағыналары түрлі білдірілетін
ұғымдарды білу;

1.1.Лексиканы оқытудың маңызы неде?
Бұл сұрақ Г.К.Рогованың көзқарасы тұрғысынан қойылған және
онда оқытуды құрайтын үш компонент көрсетілген: лингвистикалық,
методологиялық және психологиялық.Біз оқытудың бірлігі лексиканы сөз
еткенде, міндетті түрде жеке сөздерді айтпаймыз. Лексикологиялық
бірлік деп сөздер де, тұрақты тіркестер де және идиомалар да
ұғынылады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іс-әрекет
контекстімен шарттастырылған олардың орындауы қажет сөйлеу тапсырмалар
жиынтығы оқытудың белгілі кезеңінде лексиканы оқытудың лингвистикалық
компонентінің құрамын құрайды. Лексиканы оқытудың методологиялық
компонентін қажетті түсіндірмелер, ескертулер және баспа сөздіктерін
қолдану ережелері, жеке сөздіктерді жасау үлгілері және жаңа лексикасы
бар, өтілген лексиканы қайта ұйымдастыру және жүйелеу әдістері бар
карточкалар құрайды.Бұл студенттің лексикамен сыртқы жағдайлардан
тәуелсіз өз бетімен жұмыс істеуіне қажетті білім мен біліктер.Бұл
мәселе өте маңызды сұрақ болғандықтан, оған ерекше көңіл бөлу.
Лексиканы оқытудың психологиялық
компонентінің құрамы лексикалық дағдылар мен біліктілік мәселесімен
байланысты. Профессор Р.Н. Миньяр-Белоручев үлгісімен лексикалық
дағдының негізіне мынадай анықтама береміз:
➢ Белгілі сөйлеу тапсырмаларына байланысты ұзақ уақыттық
естен сөз эталонын тез арада шақыра алу;
➢ Оны сөз айналымына қосу.
Сөздер біздің есімізде оқшауланған күйде болмай, лексикалық
бірлік деңгейінде екі құрылымдық қатынастың типтерін қозғайтын, яғни
парадигматикалық және синтагматикалық күрделі лексико-семантикалық
қатынастар жүйесіне енгізілен. Сиктагматикаық байланыстар – бұл
сөздерді сөз тіркестеріне және сөйлемдерге қосатын бірізді орамды
синтагма деңгейі.Синтагматикалық байланыстар (ассоциация) төменгі
сынып оқушыларына тән. Олар стакан сөзін сүт сөзімен, жақсы
сөзін ұл сөзімен байланыстырады.
9 -10 жастан бастап категориалдық ойлау басым бола бастайды,
сонымен қатар парадигматикалық байланыстар да жақсы сөзі жаман, ал
стакан сөзі кружка сөзімен байланыстырыла бастайды.
Парадигматикалық байланыстар грамматикалық, фонетикалық және
басқа парадигмалардың әр түрлі деңгейлерімен тікелей байланысты.
Сөздердің парадигматикалық және вертикалық байланыстарына
лексико-грамматикалық парадигмалардың формальды деңгейлеріне ғана
енбейді ( яғни сөздердің түрлі формаларының деңгейінде ) , сонымен
қатар синонимдер, антонимдер, контекстке жақын басқа да қздер енетін
семантикалық тізімдер және микрожүйелер,
Лексикалық біліктілігін қалыптастыруға сқздердің мықты
парадигматикалық байланысын орнату әбден қажет, себебі
психофизиологиялық зерттеулер дәлелдегедей, дәл осы байланыстар есте
сақтау беріктілігін қамтамасыз етеді, ал бұл ұзақ уақыттық естен
сөздің тез арада шақырылуын білдіреді. Бұнсыз синтагматикалық
байланыстар деңгейінде сөздерді байланыстыру біліктілігі пайдасыз
болып шығуы мүмкін. Өйткені байланыстыратын ештеңе болмайды.
Оның үстіне сөздердің арасындағы синтагмтикалық және
парадигматикалық байланыстыруға және орнықтыруға бірдей көңіл
өтілетіндіктен, шетел тілін оқыту тәжірибесінде, оқу құралдарында
соңғылары шын мәнісіде дискриминацияға ұшырайды.
Тіл бірлігі ретіндегі сөздердегі түрлі деңгейлердің қиылысуы
лексиканы әр қырынан: формасынан, функциясынан және мағынасы жағынан
қарастыруға мүмкіндік береді. Форма деп сөздің фонетикалық және
орфографиялық жағы, оның құрылымдық және грамматикалық ерекшеліктері
түсініледі.
Лексиканың функционалдық ерекшеліктерін оқуда біраз қиындықтар
кездеседі. Бұл қиындықтар көп жағдайда ана тілімен сәйкес келмейтін
сөздердің мағыналарының мөлшерінің есте сақталынуымен, сөздердің
көпмағыналылығымен, бір сөздің басқалармен сәйкес келу
ерекшеліктерімен, сондай-ақ сөздерді белгілі қарым-қатынас
жағдаяттарында қолданумен байланысты.
Екі тілдің жаын лексикалық эквиваленттерінің ұқсастық
қасиеттерінде заң бойынша айтарлықтай сәйкес келмеушілік байқалады.
Барлық тілдерге жалпы қиындық мынада: бәріне бірдй мағына
семантикалық құрылымы әр түрлі лексикалық әдістермен білдіріледі.
Мысалы сұйық сорпа – немісше dünne suppe; ағылш. thin soup ( тура
мағынасы жіңішке сорпа).
Осыған қоса әрбір оқылатын тілге өзіндік қиындықтар тән. Мысалы
француз тілінің лексикасына тән ерекшелік аффиксацияың әлсіз дамуы, ал
бұл орыс және неміс тілдерінде керісінше, жақсы дамыған: "ходить,
приходить, уходить, входить" сөздеріне "aner, renin, partin, entren"
сөздері сәйкес келеді.
Сөзжасам бойынша сөздерді топтастыру неміс тілінің лексикасын
бекітуде өте пайдалы. Ағылшын тілінің ерекшелігі көпмағылылық пен
омонимия. Семантикалық жақын сөздердің зат есімдері ағылшын тілінен
шықса, сын есімдері латын және француз тілдерінен шығуы сияқты
құбылыстар қиындықтар туғызады. Мысалы, сердце -heart, сердечный-
cardial; зуб-tooth, зубной-dental; человек-man, человечный-human.
Сөздердің семантикалық жағын айтар болсақ, жағдайды
күрделедіретін құбылыстар бұл – бір тілдегі лексикалық бірліктерге
басқа тілдегі бірнеше бірліктердің сәйкес келуі. Мысалы қабылдау-
emfangen, fassen, einnehmen (неміс тілінде) немесе негізгі мағынасы
бойынша сәйкес келетін, бірақ мағына түрі және қолданылуы бойынша
ажыратылатын синонимдер туралы сөз болғанда (to speak-to talk; to
think- to mean).
Оқушыларға арналған сөздік минимумдарында негізінен
стилистикалық шексіз синонимдер берілген, яғни кез келген сөйлеу
стилінде қолданылатын және мағына түрі бойынша ажыратылатын сөздер.
Ерекше қиындықты мағынасы компоненттерінің мағынасынан тәуелсіз
фразеологизмдер әр типті тұрақты сөз тіркестері туғызады. Олар
қайталанбайтын өзгешелігімен ерекшеленіп, басқа тілге мағынасы жақын
фразеологиялық айналыммен берілуі мүмкін. Мағынасы жақын
фразеологизмдер саны көп емес, ал семантикалық жақын эквивалентте
құрамы мен мағынасы бойынша оларды құрайтын компоенттерінен тіпті
сирек ажыратылады. Мысалы, бетпе-бет: face-to-face ағыл. , unter vier
Angen нем., tête-á- tête франц.
Лексикалық оқытуда тиімділікті көтеру үшін сөздік құралдарды
таңдауда, оны бекітілуін презентациялауда дифференциалды қатынас
қажет. Мұндай қатынас лексиканы меңгеруде қиындықтардың өсуін алдын
ала қарастыратын методологиялық типологияның негізінде жүзеге асады.
Шетелдік және отандық әдебиет нәтижелері лексикологиялық
қиындықтарды орнатудың түрлі жолдарын көрсетеді. Г.Палмер естуге қиын
дифференцияланатын және нашар есте қалатын сөздерді игеру
күрделілігіне және затты, іс-әрекетті және сапаны білдіретін жеңіл
меңгерілетін сөздерге көңіл аударады.
Ч.Фриз лексиканың типологиялық ерекшеліктерін көрсеткенде оның
сөйлемдегі қызметі мен ұйқастығын негізге алды. Осы критерийлер
тұрғысынан ол сөздің төрт типін бөліп көрсетті:

а) қызметтік сөздер;
ә) сөз-алмастырушылар;
б) болымсыздықтың барын не жоқтығын білдіретін сөздер;
в) заттарды, іс-әрекетті және сапаны білдіретін сөздер.

Р.Ладо ұсынған типология аса қызығушылықты тудырады. Ол тілдер
арасындағы кедергілерді (интерференция) ескере отырып сөздердің
типтерін бөлген. Формасы және мағынасы жағынан ана тіліндегі сөздерге
ұқсас сөздер жеңіл сөздере жатады. Қолдану нормасын мағынасы бойынша
ұқсас, бірақ формасы бойынша басқа сөздер жасайды.Сөздердің төрт типі:

o Төменгі, ортаңғы және жоғарғы буындарға Екі тілде де
құрылымы бойынша бір біріне қайшы келмейтін сөздер мен сөз
тіркестері;

o Формасы мен құрылымы бойынша тек қана оқылатын тілге тән
болуы, ана тілінің интерференциясын шектейтін тілдік
бірліктер;

o Ана тілімен салыстырғанда мағыналарының мөлшері әлдеқайда
көп сөздер;

o Мағына мөлшері ана тіліндегі бір көп мағыналық сөзбен орын
басатын синоним сөздердің тобы немесе ұяшығы;

Берілген типологияда қиындықтың бір тобына айтарлықтай меңгеру
қиындығы бойынша түрлі және әртекті лексикалық материалдар енізілгені
мәселеге өзектілік береді.
Басқа авторлар өнімді лексиканы таңдау негізіне бір емес екі
критерийді негізге алады: 1)интерференцияларды есепке ала отырып ана
тіліндегі және шетел тіліндегі сөздердің мағыналары мен формаларының
қатынасы және 2) оқылатын тілдегі сөздің сипаты.

Осы критерийлердің негізінде сөздердің сегіз типі бөлінеді:

1. Екі тілдегі мағыналары сәйкес итернационалды және басқа тілден енген
сөздер;

2. Туынды және күрделі сөздер, сонымен қатар құрамы оқушыларға таныс
сөздер;

3. Мағына көлемі ана тіліндегі сөздердің семантикалық көлеміне қайшы
келмейтін сөздер;

4. Оқылатын тілге мазмұны жағынан тән сөздер;

5. Ана тіліне түбірі жалпы, ал мазмұны бойынша басқа сөздер;

6. Оқушыларға жеке компоненттері таныс болса да, идиоматикалық және ана
тіліндегі семантикалық жақын сөздерге мағынасы бойынша ұқсас емес сөз
тіркестері және күрделі сөздер;

7. Лексикалық бірліктердің мағынасының көлемі ана тіліндегі сөздерге
сәйкес келеді. Бұл типология лексикаға сөздердің сапа тұрғысынан
айтарлықтай толық және жан жақты дифференциациясын береді. Алайда бұл
типологияның өзіндік кемшіліктері де бар. Олар бірінші және үшінші
критерий бойыша сөздерді бөлуде нақтылықтың болмауы (сәйкес келуші
мағынаның көлемі және қайшылықсыз мағынаның көлемі бір критерий
ретінде қаралуы керек еді). Екінші топқа басқа топтардың барлық
сөздері кіруі мүмкін, себебі бөлу критерийлері типологияның басқа
шарттарымен жоққа шығарылмайды.

Лексиканың сөздедің сапалық және сандық қасиеттерін есепке алынатын
қатынастары мен типологиялары анағұрлым көп үміт арттырады.
Типологияға сапалық жағынан қарастырудың дұрыстығын төмендегілер
дәйектейді:
➢ Сапалы сипаттық негізде сөздердің типтерін орату жеңілдігі.
➢ Оны тілдік құралардың барлық түрлеріне қолдану ерекшелігі.
➢ Берілген тип бойынша жұмыс істеу әдісін алдын ала анықтайтын
қиындықтың шығу көзін шектеудегі нақтылық.
➢ Оқудың барлық кезеңінде сапалы дифференциацияны қолданудың зор
мүмкіншілігі.

Егер де бұл жағдайда сандық қатынасты сапалық қатынаспен салыстыратын
болсақ, онда біріншісі мынадай артықшылықтарға ие боады:
1. Сапалық қатынаста есепке алуға болмайтын субъективизмсіз,
орныққан сөздер типі бойынша тілдік құралдарды объективті
бөлуге мүмкіндік береді.

2. Оқу процесәнде оқылатын материалының көлеміне ғылыми
негізделген бақылауға сілтеме жасалынады, ал қиындықтарды
сапалық өлшеу негізінен интуитивті жолмен іске асырылады.

Лексиканың өңделген типологиясы және оның ұйымдастырылуына
дифференциалды қатынас оқу үрдісінің жүзеге асуына ықпал етеді, алайда
барлық жүргізілген зерттеулерде ең алдымен жалы тіл жүйесі және ана тілі
мен шетел тілінің қатынасы зертеліп, ал лексикалық бірліктердің
функционалдық қасиеттері не мүлдем көрсетілмйді не көрсетілген
типологияның аймағында жүреді. Н.И.Гредасованың, С.А.Ламзинаның,
Н.М.Гришелеваның диссертацияларында ықпал етуші сөздің белгілері және оның
қарым-қатынастың әр түрлі жағдаяттарында жүзеге асырушы лексикалық
құралдары зерттелген.

1.2.Өнімді және рецептивті лексиканың таңдалуы
Лексиканың таңдалуы маңызды екі мәселенің шешілуімен байланысты:

а) таңдаудың бірліктері мен принциптерінің анықталуы;
ә) таңдаудың көзін және болу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте - месі
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
Түсіну дағдысын дамытуда мультимедиалық құралдарды пайдаланудың маңызы
Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары
«Электронды оқулық ағылшын тілін оқытудағы инновациялық құрал ретінде»
Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама
Пәндер