Темекі және оның алдын алу жолдары


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универститеті

Журналистика факультеті

Консалтингтік жоба

Темекі және оның алдын алу жолдары

Тексерген: Кенжегулова

Орындаған: Абзолданова Г

Алматы, 2007

Жоспар:

  1. Америкадан шыққан улы өсімдік
  2. Көк түтiннiң көлеңкесi.
  3. Әуелгi байлық денсаулық
  4. «Қазақстанды темекі түтінінен азат ету», «“Жас отандықтар” темекіге қарсы» акциялары
  5. «Жастар нашақорлыққа қарсы» акциясы

Шығыс елдерінде көне Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Шын-Машында апиынның дәрі ретінде яки діни ритуалдар кезінде қолданылғаны белгілі. Америкадағы қызылтерілілер де солай істеуші еді. Бірақ, олар апиынды ешқашанда сауда нысанасы ретінде көрмеген-ді. Еуропалықтар XV-XVI ғасырлардан бастап, жаңа құрлықтарды ашқан соң олардың байлықтарын тонай бастаған. Мәселен, голландиялықтар тарапынан құрылған Шығыс Үндістан Серіктігі (Dutch East Indian Company) ХVІ ғасырда Бразилия, Суринам және Куракао елдерінде есірткі заттар өндіріп, мұны әлемдік тиімді саудаға айналдырып үлгереді. Ресми деректер голландиялықтардың 1750 жылында Индонезиядан 100 тонна апиынды Еуропаға экспорттағанын растайды. Дүниежүзінің тең жартысын жаулап алған Британия патшалығы да бұл сауданың дәмін татқан . . .
Әсілі, апиын (опиум) деген гректің сөзі. Бұдан басқа да есірткі атауларына қарайық: кокаин - испанша (Оңтүстік Америкадан шыққан) . Марихуана - испанша (Америкадан шыққан) . Героин - грекше. Экстаз - грекше. Наркотик - грекше. Морфин - латынша. Кодеин - грекше. Тинер - ағылшынша. Сигара және сигарета сөздері Америкадағы мая халқының тілінен испан тіліне енген. Ақылды ұл білім іздер,
Ақылсыз ұл шылым іздер - дегендей, кейбір жасөспірімдер салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылданып, оқуын оқуда, ал басқалары болса ұлттық болмысымызға жат, жағымсыз қылық танытуда… Мәселе - шылым шегуде. Ал мұны жалпы адам баласына лас дүние, денсаулығына зиян келтіретін кесел екенін бәріміз де білеміз…
Сонау Америкадан шыққан осы бір улы өсімдік 14 ғасырда-ақ белгілі болды. Американы алғаш ашқан Христофор Колумб үндістер тұрмысындағы кептірілген табак жапырағын түтіндете шегу ғұрпы
15 ғасырда мұхиттың бер жағына келді…
Әрине, темекіні тек жастар шегеді дегіміз келмек емес. Бұл кеселмен қазірде әр жастағы екінің бірі ауырады. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, жылына бұл кеселден 25 мың адам өмірден озатын көрінеді. Бұған қоса онсыз да мүшкіл демографиялық жағдайымыз тағы бар. Әсіресе қыздар мен әйел адамдардың шылым шегетіні алаңдатады. Ал енді темекінің денсаулығына зиянынан басқа да келтірер кеселін өз алдына. Мәселен, жағымсыз иіс. Әрі қоршаған орта да темекі қалдықтарынан ластнануда.

Тартымды, сүйкімді, көркіне ақылы сай арудың қолына темекі ұстап, тартып тұратынын қоғамдық орындардан жиі көреміз. Егер олардан «Неге мұндай жаман әдетке барасың?»-деп сұрасаңыз, ол міз бақпастан «Өзіме ұнайды» деп жауап қатады.
Бұндай әдет сізге ыңғайсыздық тудырмаса да жақындарың оның денсаулыққа зиян екенін түсіндіруге тырысады. Қолың мен ауыз қуысынан мүңкіп тұрған иісті сезген сүйіктің де бұны ара-тұра жеткізер. Бұл әрине өз қалауыңызға байланысты екенін және оның сіз үшін қауіпті екенін естіген де боларсыз. Негізінен бұл ешқашан жақсылыққа апармайтын әдет.
Шылым шегудi жасөспiрiм бала күндерден бастағандардың өмiрi басқалармен салыстырғанда 10-15 жылға қысқарады. Әлемдiк ғалымдардың зерттеуiнше өкпе рагы ауруының 90 пайызын шылым шегетiндер иеленедi. Бiздiң елде халықтың үштен бiрi темекi тартады. Мәселен, ерлердiң 62 пайызы, әйелдердiң 18 пайызы.

Темекiнiң құрамында никотин қышқылы, көмiр қышқылы, сiрке қышқылы, эфир майы сияқты адам денсаулығына аса зиянды улы заттар бар. Бұлардың iшiндегi ең қауiптiсi - никотин. Темекi түтiнi тыныс жолдары арқылы өкпеге, өкпеден қан тамырлары арқылы адамның бүкiл денесiне жайылады. Қою қышқыл түтiн адам сiлекейiмен жұтынғанда асқазанға барады. Сонан соң таңдайдағы, ерiндегi, тiлдегi сiлекей бездерiн уландырады. Қан тамырлары арқылы миға жеткен у нәзiк нерв клеткаларын әлсiретiп, iстен шығарады. Көк түтiннiң салдарынан адамның бүкiл қан тамырлары жиырылып, одан қан жүру қиындайды. Жүрекке күш көп түсетiндiктен жүрек талмасына алып келедi. Миға баруға тиiс қан мөлшерi азайып, ол өз күшiнде жұмыс iстей алмайды. Барлық ағзаларға оттегi жетiспегендiктен бас ауырып, жүрек сыздап, аяқ-қол қақсайды. Темекi шегетiндер стенокардия, инфаркт, инсульт сияқты қауiптi ауруларға душар болуы мүмкiн.

Зерттеушiлердiң дерегiнде дүние жүзiнде жыл сайын темекi шегу салдарынан 2, 5 миллиондай адам жарық дүниемен қоштасады. Әлем бойынша темекiнiң адам денсаулығына зияны жайлы жазылған 50 мыңнан астам кiтап жарық көрген. Елiмiзде «Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы» заң қабылданған.

Қазiргi бiздiң қоғамда бiр алаңдаушылық тудырып отырған мәселе - шылым шегушiлердiң қатарын қыз-келiншектерiмiздiң толтыруы. Болашақ ана болатын бүгiнгi қыздарымыз көшеде сiздi тоқтатып, оттық сұрағанда, сiзде шақпақ болмай қалса, арулар кәдiмгiдей таңданатын күйге жеттi. Темекiнiң түтiнiне уланған қыздарымыздың көбiсi жоғары оқу орындарының студенттерi. Шылым шегетiн ана дүниеге денi дұрыс сәби тудыра алмайтынын түсiнбейтiн болу керек. Ананың құрсағында жатқанда түтiнге уланған сәби жарымжан, әлжуаз немесе есi ауысқан болып жарық дүниеге келуi әбден мүмкiн. Темекi шегетiн студент-жастар арасында асқазан ауруына шалдыққандар көптеп кездеседi. Жастай шылымға үйренген балалар ұмытшақ келедi. Нерв жүйкесi зақымданған жасөспiрiмдердiң бiрте-бiрте оқу үлгерiмi төмендейдi. Ұрысқақ, ашушаң болады. Қан айналымы нашарлап, басы ауырып, көз жанары нашар көретiнi жайлы деректердi зерттеушiлер алға тартады. Әр нәрсеге бейiм тұратын жасөспiрiмде темекiнi ауыздан, мұрыннан түтiн шығаруды сән көрiп тартады. Сөйтiп жүрiп денесi уланып, одан құтыла алмайтын халге жетедi. Жеткiншектер өздерi пiр тұтатын адамдардың темекi шеккенiн көрiп елiктейдi. Әсiресе, өнер жұлдыздары, даңқты адамдардың шылым шегуi оларға қатты әсер етедi. Соңғы кездерi жастар ерiннiң астына насыбай салатын әдет шығарған. Бұл нашақорлыққа апаратын бiрден-бiр жол болуы мүмкiн.

Дүние жүзі ғалымдарының зерттеуінше, өкперагы ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесіне тиеді екен. Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі шексе, олардың өкпе рагы ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артып, ал бүйрек дертіне бес есе көп шалдығады екен.
Шылым алдымен, қан тамырларына әсерін тигізеді, қан тамырларының жұмысын нашарлатып, оларды жіңішкертіп, қан қысымын көтеріп, жүрек талмасына жетелейді. Елімізде шылым құрамындағы никотиннің әсерінен адамдар жазылмас кеселге тап болуда. Статистикалык деректер шылымның адам денесіне зияндылығынан атпалдай азаматтар жұмысқа жарамсыз болып, мүгедектер армиясын толтырып жатқанын айтады.
Түтінді әр жұтқан сайын адам өмірі қысқара түседі. Ғалымдар пікіріне сүйенсек, шылымды жасынан шеккеннің зияны көп, әсіресе, түтінді соза тартып, ішке түтінді көп жұтқан қауіпті көрінеді. Темекі шегуді тым ерте бастаған адам өз өмірін 10-15 жылға қысқартады. Адамдар өз бастарына қауіп төніп тұрғанын біледі, бірақ біле тұра ойланбайды.
Сіздер мына мәселеге көңіл аударыңыздаршы. Темекі құрамында 4000 мөлшерде химиялық зат барлығы анықталған. Соның ішіндегі ең зияндысы - никотин, шайыр (қарамай), көмір тотығы және ракқа шалдыратын (кансереген) . Егер 100-120 миллиграмм никотинді адамның тамырына жіберсе, адам сол сәтте-ақ о дүниелік болады, ал екі қорап ораулы темекінің құрамында 100-120 мг. никотиннің болатыны екінің біріне белгілі.
Күніне екі қорап темекі шегетін адамдар бар, олар неге уланбайды? - деген сұрақ тууы мүмкін. Іс жүзінде темекі тартқандардың улануы ағзада бірден байқалмайды. Тек бір тал ораулы темекі шеккен адамның денесіне 1, 5-2 мг. мөлшерінде никотин кіреді. Бұдан тыс, бір қорап темекіні бір уақытта емес, күні бойы шеккендіктен никотинді төте қаннан емес, тыныс жолымен қабылдайды, темекі шеккендер дереу уланып өлмейтіні сондықтан.
Тек бір тал ораулы темекі шеккен адам ағзасында никотиннің зардабымен бүйрек үстіндегі бездерден арденамен және норадренамен деп аталатын гармондардың жұмысы бұзылады. Осының кесірінен асқазанның қышқыл сұйықтығы (запран) артады. Үнемі темекі шегетіндер уақыт өткен сайын асқазанында гастрит (асқазан қабыну) және жара пайда болады.
Никотиннің әсерінен денедегі бүкіл тамырлар белгілі мөлшерде жиырылады да, жүрек бұл жұмысты атқару үшін зорланады, адамның қан қысымы артады. Миға баратын қан азаяды. Ми өз күшінде жұмыс істемейді, қандағы холестерол артады, бүйрек үсті бездерінен адренамен атты гармон қабынады да, бүтін денені өртейді. Тамырлар жиырылады, жүрек бұрынғы қызметін ауырсынады, қан қысымы жоғарылайды. қол, аяқ тамырлары тартылып, қол мен аяққа баратын қан азаяды, қол мен аяқтың қызуы қайтады.
Денеге сіңген никотиннің әсерінен дененің барлық ағзаларында тамырдың жиырылуынан қан аз өтеді, бұл дененің, бүтін ағзалардың өз деңгейінде жұмыс істемеуіне әкеп соғады. Ми жөнінде де осындай жағдай. Демек, темекі тартатындардың жүрегі тез соққандықтан жүректің қанға және ауаға қажеттілігі артып, осыған орай, жүрекке келетін, қан мен ауа азаяды. Темекі түтініндегі төрт мыңнан астам зиянды заттың біреуі - көміртегі. Көміртегі - автокөліктердің тетігінен шыққан улы газдардың бірі. Темекінің түтінімен бірге бұл да белгілі бір мөлшерде денеге кіреді.
Қандағы түйіршіктердің дене жасушаларына ауа жеткізетіні бізге белгілі. Бір ортаға әрі ауа, әрі көміртек тотығы бірге кірсе, көміртек тотығы ауадан кемінде 100 есе құштарлықпен қан түйіршіктеріне жабысып, оларды ортадан ығыстырады. Темекі шеккендердің қан түйіршіктерінің 5-8 пайызы көміртек тотығының қысымында қалады да, ауа жеткізе алмайды, керексіз болып шеттеп қалады. Нәтижесінде, темекі шеккендер шекпегендерге қарағанда өте әлсіз болады. Шылым адамның жалпы ағзаларының жұмыс істеуіне, көңіл-күйіне, қабілетіне, түйсігіне, ажарына, ақылына әсер етеді.
Тағы ескерте кететін мәселе, темекі шеккендердің қасында отырғандардың ағзасы темекі түтінінен көп мөлшерде зардап тартады. Мұндай жағдайлар кез келген ортада кездеседі, ол өз денсаулығын бұзумен қоймай, басқаларға да зиянын артады.
Еркектер және әйелдер арасындағы жыныстық тәбетсіздіктің басты себептері - осы никотин. Қаншама өрттер өшірілмей қалған темекі шоғынан басталды, мас болып, шылым шегіп жатып ұйықтап кетіп, өзі де өртеніп, дүниесі де жанып кеткен жағдайларды білеміз. Ат шаптырым тоғайлар, орман алқабындағы өрттер темекінің жасудай шоғынан басталады.
Дүние жүзінде жылына үш миллион адам темекі зардабынан жабысқан аурулардан өледі екен. Әлемде әр 13 секундта бір адам, әр 65 секундта бес адам темекі кесірінен көз жұмады.
Екіқабат кезінде темекі тартқан ана өмірге жарымжан бала алып келде. Бала емізген әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби денесіне өтетінін көп аналар біле бермейді.
Жалпы зерттеудің нәтижесінде, темекіден өкпе рагы, жүрек ауруы, амфизем, тыныс жолдары қабынуы сияқты аурулар пайда болады. Темекінің зияны жөнінде біраз тоқталдық, егер темекі адамдар әдетінен арылса, денсаулығы түзеліп, сауығып, өмірі бір қалыпқа түседі.
Байқап отырсақ, көп мемлекеттер қанша адам шылым тартады, қаншасы тастады, қанша адаммен шылымды тастату жөнінде жұмыстар жүргізілді - уақытында назар аударылып, есебі алынып, зерттеулер жүргізеді.
Ауыл жастары насыбайға үйір бола бастады. Кейінгі кезде мектептерде 12-13 жастағы және одан ересек оқушылар арасында насыбай ату әдетке айналып барады, бұл жаман әдет жоғары сынып оқушыларында, арнаулы орта білім беретін колледждерде, жоғары оқу орындарында кең жайылған. Оқушы балалардың, студенттердің насыбайға үйір болуы, шамасы нашақорлықпен байланысты болуы керек. Насыбайдың адамға зияндылығы жөнінде менде ешқандай тексерілген мәлімет жоқ. Сондықтан нақты мысалдар келтіру өте қиын. Дегенмен балалар арасында насыбай ату күн өткен сайын кең таралып барады.
Базардағы және көшедегі насыбай сататын адамдармен сөйлекскенде, олар: «Орысы бар, қазағы бар жап-жас қыздар келіп, насыбай сатып алады. Кешке қарай насыбай сұрап дамыл бермейді» дейді. Мектептегі жағдайларды да жақсы таныс. . Біздің ойымызша, шылым сияқты насыбай да зиянды әдеттердің бірі деп есептеп, денсаулық мекемелері, білім беретін мекемелер, қүқық қорғау органдары қолға алып, тексерістер жүргізіп, зиянын анықтап, жасөспірімдердің жаман әдеттен арылуына қол ұшын беруі қажет. Бүкіл көпшілік, бұқара, жастарға жаны ашитын қауым бұл мақалаға байланысты өз кеңестерін ортаға салар деген үміттеміз.
Таяу арада Англия мен Уэльс едерінде мейрамханалар мен кафелерде, және тамақ сататын барлық орындарында темекі шегуге тиым салынады деп күтілуде. Адам денсаулығын сақтауды ұран тұтқан белсенділер "бұл шара жеткіліксіз, өйткені ел - жұрт тамақ сатпайтын бар мен клубтарда темекісін одан әрі шеге беретін болады" деп айтады. Британ үкіметінің мына соңғы бастамасы қоғамдық жерлерде темекі шегуге тиым салуға бағытталған ғаламдық үрдіспен үндесіп тұр - ақ. Елдердің біразі қоғамдық жерлерде темекі тартқызбайды. Наурыз айында мейрамханалар мен паб-сыраханаларда темекі тартуға бірінші болып Ирландия тиым салды. Одан үлгі алып, дәл сондай шараны Норвегия мен Мальта және Европаның бірқатар мемлекеті де қолданды. Өткен аптада сондай шараны енгізуді жоспарлап отырғанын Шотландия жариялаған болатын. Испания да қоғамдық жерлерде темекі шегіді шектегісі келетінін айтып отыр.

Шотландия сыраханаларда темекі шегуге тиым салды

Алайда, Англия мен Уэльс секілді, мейрамханалар мен сыраханалардың біразінда темекі шегуге рұқсат бермек. АҚШ пен Канаданың кейбір штаттарында да темекі шегуге тиым салынған. Австралия елдің басым бөлігінде темекі шегуге 2007 - жылы тиым салатынын айтады.

Бірақ халықты темекі зиянынан сақтау шарасы тек батыс елдерінде ғана көрініс тауып отыр деуге болмайды.
Совет Одағы күйрегелі бері Ресейдегі өмір ұзақтығының күрт қысқарғанына бір жағынан темекі себепші болып саналады. Қоғамдық жерлерде темекі шегуді шектейтін заң жобасы қазір Ресей парламентінің қарауында.

Үкімет шаралары қызу пікірталастың арқауына айналған

Дегенмен, транспорт ішінде темекі шегуге болмайды деп айтқан ереженің еленбей жатқанын айту керек.

Иран жабық қоғамдық жерлерде темекі шегуге тиым салған. Бірақ онда да ол тиымды жиі жиі елемей жатады. Танзания қоғамдық көлік, мектеп пен ауруханаларда темекі тартқызбайды.

Ал енді Гималайдағы кішкентай Бутан патшалығы темекі Өнімдерін сатуға тиым салатынын жариялады, демек темекі тартуды заңсыз етіп отыр.

«Қазақстанды темекі түтінінен азат ету»

Қазақстанда темекі шегу проблемалары мынандай дәйектермен шартталған:

Қазақстанда 90-шы жылдардың басынан бастап темекі өнімдерін тұтынушылардың саны бір адамға шаққанда 2, 2 есеге артқан.

2005 жылы Алматы қаласында тек қана екі ай ішінде сөндірілмеген темекі себебінен 20 өрт орын алды. 11 адам қаза тапты.

Қазақстанда темекі шегумен байланысты салдарлардан күніне 70 адам көз жұмады. Айта кететін жәйт, қатарлі ісік ауруларына шалдығушылық және соның нәтижесіндегі өлім-жітім құрылымында бірінші орынға табан тіреген өкпе қатерлі ісігінің 90% себебін темекі шегу құрайды.

Қоғамдық денсаулық сақтауға әрекеттестік Қор жүргізген зерттеулердің алдын ала мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда өкпе қатерлі ісігі бір жағдайының құны сегіз мыңнан аса АҚШ долларын құрайды (диагностикасы +емдеуі+күтімі) . Қазақстанда өкпенің қатерлі ісігі деген өмірінде алғашқы қойылған диагнозбен жылына 3000 науқас анықталады.

Қазақстанның 12 жастан асқан тұрғындарының темекі шегу деңгейі 23% құрайды. Ерлердің 40, 7% және әйелдердің 8, 6% тұрақты темекі шегетіндердің қатарында. Салауатты өмір салты Ұлттық Орталығы жүргізген зерттеулердің салыстырмалы талдауында темекі шегу деңгейінің жалпы тұрақтылығы байқалғанымен де темекі тұтынатындардың саны қыздар мен әйелдер арасында артуда.

Темекі шекпейтін отбасына қарағанда темекі шегетін отбасындағы балалардың тыныс органдарының жедел және созылмалы ауруларына жиі шалдығатыны дәлелденген. Бір адам темекі шегетін үйде 68, 4% бала сырқаттанады, екі адам шексе 83, 8%, ал үш адам шексе іс жүзінде сау бала жоқ.

Әсіресе темекі өндіретін өңірдегі балалардың басқа аймақтардағы өзі қатарлас балалармен салыстырғанда ауру-сырқаушылығы 70% артық. Ата-аналарының темекі шегуі балаларының 1 жасқа дейін шетінеп кетуінің себебі болады: шешесі шексе - 3, 0 есе, әкесі шексе - 4, 1 есе.

Мәжіліс дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясын мақұлдад

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында бүгін депутаттар "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясын ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлданғаны белгілі. "Конвенцияның мақсаты - қазіргі және болашақ ұрпақтарды темекі шегудің зиянды салдарынан, сондай-ақ темекіге қарсы күрес шаралары үшін тиісті шараларды қамтамасыз ету арқылы темекі пайдалану, темекі түтіні әсерінің әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салдарынан қорғауды айқындайды", - делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қырытындысында.

Құжат ережелері темекіні тікелей және жанама жарнамалаудың барлық нысандарына, демеушілікке және оны насихаттау мен контрабандалық жолмен әкелуге тыйым салу жөніндегі іс-шараларды енгізуді реттейді. Сонымен қатар темекі шегушілікті тұрақты азайтуға қол жеткізу үшін денсаулық сақтау құралы ретінде темекі өнімдеріне салық салу саясатын пайдалану тетіктері қарастырылады.

Сондай-ақ бұл құжат темекі өнімдерінің қорабы мен бумасындағы ескертпе жазудың көлемін 50 процентке дейін ұлғайтуды ұсынады. Ал еліміздегі қолданыстағы заңнамасында бұл көлем темекі өнімі қорабының 1 бетінің кемінде 20 процентін иемденуді көздейді.

Конвенцияға Қазақстанның БҰҰ-ның жанындағы тұрақты өкілі 2004-жылдың 21-маусымында Нью-Йоркте қол қойған. Қазақстан конвенцияға қол қойған 129-шы ел болды. Заң жобасы парламент сенатына жіберілді.

“Жас отандықтар” темекіге қарсы

1-2 қараша күндері облыс орталығында “Жас Отан” жастары темекіге қарсы қозғалыс белсенділерінің және “Қазақстанды темекі түтінінен тазарту” ұлттық коалициясының ұйымдастыруымен қаладағы жоғары оқу орындарының студенттер, көптеген жастар қатысқан акциялар болып өтті. Облыс орталығында өткен бұл шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров, ұлттық коалицияның атқарушы директоры Талапқали Ізмұханбетов қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Колледж студенттеріне салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру аспектілері
Баланы жастан немесе баланы бесігінен түзе
Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыру жолдары
Темекі
Шылым шегу
Денсаулық және темекі шегу
Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Шылым мен алкогольдің адам ұрпағына әсері
Алкоголизм, шылым шегу, нашақорлық және адам денсаулығы мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz