Қаржылық жоспарлау мен болжау



КІРІСПЕ 2
1. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ (БОЛЖАУДЫҢ) МАЗМҰНЫ, МІНДЕТТЕРІ, ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 3
2. ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ. 10
3. ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР. 16
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21
Қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды белігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртүтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс осуінің жоғарғы қарқы-нын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың езіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгсйлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың профсссивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдсрдің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мсн болжау процесіндс қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет псн практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптсген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро- және микродеңгейлерде қаржы рссурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс) . Қаржылық жоспарлаудың комегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштср, озара үйлесілгсн міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ тандалынған мақсатқа жетуге көмектссетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау — бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) өзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгілсиген мақсатгарға жетуге бағытталган процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады.Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жске мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге бслгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қаржылық жоспарлау мен болжау.Реферат.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен
әдістері 3
2. Қаржы жоспарларының жүйесі. 10
3. Қаржылық көрсеткіштер. 16
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21

1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен
әдістері

Қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі,
саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-
экономикалық жоспарлаудың құрамды белігі. Олар экономиканың үйлесімді және
тепе-теңдік дамуына жетуге, біртүтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық
буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс осуінің жоғарғы қарқы-
нын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық
жоспарлаудың езіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-
заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді
ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен
шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді
ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің
барлық деңгсйлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала
үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті)
анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін
жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың профсссивті нысандарын қолдануды
қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп
дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдсрдің нәтижелілігі сияқты, қаржылық
жоспарлау мсн болжау процесіндс қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар
экономикалық әдебиет псн практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық
болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптсген нұсқаларды бағалауды жүзеге
асыруы тиіс (тиісінше макро- және микродеңгейлерде қаржы рссурстарының
қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс) . Қаржылық жоспарлаудың
комегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштср,
озара үйлесілгсн міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ
тандалынған мақсатқа жетуге көмектссетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау — бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) өзірлеу,
қаралған мерзімде оларды орындау, белгілсиген мақсатгарға жетуге
бағытталган процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты
құралдарының бірі болып табылады.Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды
және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен
мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен
жске мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына
дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір
мерзімге бслгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің
буындары мен байланыстары анықталады.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен
айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орыңдауға қажетті ақшаның көлемі
мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің
резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар
арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық
құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге
жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылга көшіріледі.
Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне кобейтіледі. Бұл
әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт
жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың
санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс
бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен
үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде
экономикалық жәнс әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту
нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш
бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына
сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды
өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау)
жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу
процесіндегі байланыстың үстемдік жәнс айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн
заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок
болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас
нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтсрі
болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды
жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңғайландырудың
күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру
және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса
маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлскеттік билік пен басқарудың
органдары, мекемелері жәнс олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау
шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші
көптеген факторлардың скі ұштылығына байланысты кебінесс болжау рстінде
жүргізіледі.
Қаржылық болжау — мемлексттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала
көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу).
Болжамдар орташа мсрзімді (5-10 жыл) жәнс ұзақ мерзімді (10 жылдан астам)
болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын
болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының
тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты — болжанған кезеңдсгі қаржы
ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың
кездерін жәнс пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің
органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі
нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге
мүмкіндік берсді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары
көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді
жасау; корреляциялық-регрессиялық талдау; тікелей сараптамалық бағалау
өдісі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен біргс индикативтік,
яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық
-үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъсктілеріне
экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік
жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың
стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның
процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны
жасау барысында батыс Еуропа жөне Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге
алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау
негізінде мемлексттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі ксзсндегі басты ерскшслігі
зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты
сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары
көзделінеді, орі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді.
2001-2005 арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты — экономикада
бәсекелестікті арттыру-
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық
жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты — болжанған дамуды
қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың
бағытын анықтау. Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана
міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін
кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға
экономикалық тетіктсрді — реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттсрді,
салық мөлшерлсмслсрі мен жеңіддіктсрін, жсделдетілген амортизацияны және
басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар
жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің қайта
қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары.
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді
рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың
қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту
бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен,
шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды кысқарту резервтері есебінен
қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда бар
материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын
тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау
шығындарын қысқартуды және т.б. есксре отырып, сондай-ақ ақшаға деген
қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау,
бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің
процесіне ықпал жасаудың бслсснді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға
негізделеді:
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі.
Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) -
орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы
барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық
жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында
қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік
береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен
биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды
орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың
резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биліктің жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында
орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне
тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың
қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып
келеді. Сонымсн бір мезгілде жалпы мсмлекеттік қаржыларды жүйелі түрде
нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс белігінің тұрақтылығын,қоғамдық
өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшсйтуде, тиімділікті арттыруда
оның рөлін арттыру қажет;
бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік
жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп
білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық
жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері
дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке
элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық
жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің
тығыз өзара байланысын білдірсді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының
көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын
кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлексттік
бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының
қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;
жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық жәнс жылдық
(ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған
перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық
жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумсн қол жетеді. Қаржыны
жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың
арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың
нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік
береді; бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, өсіресе мемлекет қаржысын
белуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме
әдісі — жоспарлау, бағдарламалау және бюджст жасау:
жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және
баяндауды кіріктіреді;
бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пайдаланылатын құралдардың
қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;
бюджет жасау — жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша
жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік
топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын
белу процесі.
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге
асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
1. Экстраполяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық
көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады.
Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе
төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі.
Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:
мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды;
материалдық жәнс ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді,
өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай
анықталады.
2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштср
белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
3. Математикалык, үлгілеу әдісі: процсстің үлгісін құру жөне оны қаржы
саласына көшіру.
4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздсрімсн үйлесушілігін,
қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және
қаржылық көрсеткіштердің және қаржылық көрссткіштсрдің өзара үйлесуін
қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың,
бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының
арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты
дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді
жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.
5. Сараптык, бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің
параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды
қажет стеді.
Объективті талаптарға жауап берстін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру
оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажст етеді. Отандық
экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр
түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі
ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезендері үшін бірдсй болады.
Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іскс асырудың
механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың
даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгерсді.
Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдык, қағидаттар қалыптасты:
ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік-мақсатты. Ведомстволық және
салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң,
әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық жәнс предметтік-мақсатты
қағидаттар кеңінен қолданылатын болады. Аумақтык, қаржылық, жоспарлау
әкімшілік-аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік
береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып
қоюға көмектеседі; объсктивті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы
жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды
орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін. Қаржылық жоспарлаудағы
предметтік-мақсатты қағидат бслгілі бір экономикалық, әлеуметтік,
экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы
ресурстарын нақтылы калыптастыруға және пайдалануға бағытталған.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезвңде
есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына
экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік
мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық
жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін
анықтауға, ішкі шаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік жөне экономикалық даму жоспарлары мсн
бағдарламаларының көрсеткіштсрі негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы
түрлерініц есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары
үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы
тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен
қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді
пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке
түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

2. Қаржы жоспарларының жүйесі.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы
мемлекетгің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және
пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың
ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын
бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды.
Экономикалық әдебиеттсрде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және
бастапқы қаржы жоспарлары.
Жиынтық қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының
қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу
процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық, жоспарлар болып табылады, бірақ
бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің,
ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар
қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде
ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы
жоспарлары сң алдымен өзінің мазмұнымсн, ресурстардың объектісімен жәнс
сферасымсн, жоспарлау әдістсрімсн жәнс арналымымен ерекшелснеді.
Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлексттік, салалық,
аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады:
мемлсксттің жиынтык қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, рсспубликалық
бюджет, бюджеттен тыс қорлар.
Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезсңге арналған
дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны
жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің бслсснді қатысуымсн экономика
және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-
қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында
мсмлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы
өндіріс пен қоғамдык қажеттерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоспарлау мен болжаудың түсінігі
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары
Қаржылық жоспарлау және болжау
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың объектісі
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кездегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті
Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау жүйесін қарастыру
Қаржылық жоспарлаудың объектісі
Қаржылық жоспарлаудың мәні
Есіл ЖШС-нің қаржылық-экономикалық жағдайын талдау. Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау мен болжау бойынша ұсыныстар
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны міндеттері, қағидаттары мен әдістер
Пәндер