Қамауға алу – бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Бітіру жұмысының тақырыбы: « Қамауға алу - бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде» тақырыбына жазылған бітіру жұмысы.

Жұмыс көлемі:

Пайдаланылған нормативтік-құқықтық актілер саны:

Осы бітіру жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының ҚІЖК және заңгерлер мен ғвлымдардың ғылыми еңбектерін және оқу құралдарын қолдандым.

Зерттеу обьектісі: бұлтартпау шарасының түсінігі, мәні және маңызы, соның ішіндегі қамауға алудың маңызы мен қолдану негіздері.

Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Жоспар

Кіріспе . . . 4

І тарау. Қылмыстық процестегі бұлтартпау шаралары

1. 1. Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні және маңызы . . .

1. 2. Бұлтартпау шараларының қолдану негіздері . . .

ІІ тарау. Қылмыстық істер жүргізу барысында қамауға алу, бұлтартпау шараларының ерекшеліктері

2. 1. Қамауға алу бұлтартпау шарасы: мәні және оны қолданудың процессуалдық тәртібі . . .

2. 2. Қамау бұлтартпау шарасын өзгертудің және жоюдың процессуалдық тәртібі . . .

2. 3. Бұлтартпау шарасын кейбір субьектілерге қолданар кезде ескерілетін мән-жайлар және оған прокурордың жүргізетін қадағалауы . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған нормативтік-құқықтық актілер . . .

Арнайы әдебиеттер . . .

Бұлтартпау шарасын қолданудың теориялық және практикалық мәселелері.

Қазақстан Республикасы Конститутциясы¹ адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен заңды мүдделерінің қорғалуы заңның үстемдігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ғана мүмкін. Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік механизмде биліктердің бөлінуі мен өзара іс-қимылын толық көлемінде істей алатын және осының ішінде сот билігінің де ерекше рөлі арқылы іске асырылады. Айтылған негіздерге байланысты тәуелсіз сот билігінің қалыптасуы мен дамуының өзектілігі өсуде. Әсіресе, сот билігін жүргізуші судьялардың дербестігін, олардың өз құзыреті шеңберінде шешім қабылдағанда ешбір ықпал кедергісіз, тәуелсіз болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы орасан зор. Осы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақтан халқына Үндеуіне былай деп көрсеткен болатын « . . . тәуелсіз гүлденуші және саяси тұрақты Қазақстанды құру қажеттілігі, оған тән ұлттық, әлеуметтік әдеттілікті, бүкіл халықтың экономикалық жайлы жағдайын қарастырумен байланыстың. ²

Қылмыс және қылмыстылықпен пәрменді күресу мәселелері егемнді, тәуелсіз мемлекетіміздің 1995 жылы 30 тамызда қабылдаған Конститутциясында да, сондай ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарында, басқада заңдарында арнайы көрсетілген.

Құқықтық демократиялық мемлекет құруға бағытталған құқықтық реформа ептеп алға жылжуда. Бұл реформаның нәтижеге жетуі - әділдіктің негізгі қағидалары - сотта әділеттіліктің, заң және сот алдындағы азаматтардың теңдігі, кінәсіздік презумпциясының қаншалықты дәрежеде нығаюына байланысты.

Бұл бітіру жұмысында қозғалған мәселелер бұлтартпау шараларын қолдану үшін негіздер, бұлтартпау шараларының түрлері; бұлтартпау шараларын таңдау кезінде ескерілетін мән жайлар көрсетілген. Бұлтартпау шараларын қолдану тәртібі көрсетілген. Ал енді негізгі қаралған мәселе қамауға алу және үйде қамауда ұстау. ³

Үйде қамауда ұстау сезіктіге, айыпталушыға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға мүмкіндік беретін шарттар болған, бірақ адамды толықтай оқшалау қажет бола қоймайтын немесе жасы, денсаулық жағдайы және басқа да мән-жағдайлар ескеріле отырып, дұрыс емес деп ұйғарылған кезде ҚІЖК-тің 155-бабында көзделген тәртіппен прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша қолданылады.

Прокуратура органдарының қызметіндегі басты бағыттың бірі болып есептелетін қылмыспен күресудің табыстылығы - қылмыс туралы арыздар мен хабарламалардың уақытысына, тіркелуге және қамауда ұсталған адамдардың заңға сәйкес отырғандығын қадағалауға байланысты.

¹ ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995 ж., өзгерістер 7 қазан 1998ж.

² Назарбаев Н. А. Қазақстан - 2030 ҚР Президентінің қазақстан халқына үндеуі. Алматы - 1997ж.

Бұлтартпау шарасы - бұл мәжбүрлі түрде әсер етудің тәсілі ретінде айыпкерге, ал қажет болған жағдайда сезіктіге қолданылатын және қылмыстық істі жүзеге асыру мақсатында кедергі келтіретін теріс қылықты болдырмау үшін қолданылатын заңды шара ( істің барлық мән-жайларын анықтау, заңды дұрыс қолдану, қылмсытық теріс қылық жасағандарды жазалау және заң бұзушылық жасамағанды жазалауға жол бермеу ) .

Ал, З. Ф. Коврига былай түсінік береді, бұлтартпау шарасы айыпкердің немесе сезіктінің әрекет бостандығын, процессуалдық міндеткерліктерін орындау мүмкіндігін мәжбүр ету арқылы шектеу, - дейді.

М. А. Коволев былай түсінік береді, бұлтартпау шарасы мәжбүрлі түрде және қылмыстық процесстің кез-келген стадиясында анықтама жүргізуші мен тергеушінің, прокурордың, соттың қолданылатын процессуалдық әрекеті.

Әдебиеттерде бұлтартпау шарасының түсінігіне бірнеше анықтама берген. Біздің көзқарасымыз ең толық анықтамасы тұжырымдалып берілген. М. С. Строговичтікі:» Бұлтартпау шарасы дегеніміз - заңмен белгіленген айыпкердің (сезіктінің) бостандығын шектейтін және оның мына мақсаттарын орындауға мүмкіндік бермеу:

  • Анықтама мен тергеуден, соттан бой тасалап қалмау; Іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасуына; Қылмыс жасауын жалғастыра беруіне. »

Ал, ҚІЖК не келетін болсақ, айыпкер (сотталушы) бостандықта жүрсе, тергеуден, соттан бой тасалап қалады немесе қылмыстық іс бойынша ақақатты анықтауға кедергі жасайды немесе қылмыс істеумен шұғылдана береді деп шамалауға жеткілікті дәлелдер бар болса, сондай ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін, анықтама жүргізуші адамның, тергеушінің, прокурордың, соттың айыпкер жөнінде мынадай бұлтартпау шарасының бірін қолдануға құқығы бар:

  • Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру; Жеке кепілдік беру; әскери қызметшіні әскери бөлім командованиясының бақылауына беру; Кепіл болу; үйде қамауда ұстау; Қамауда ұстау;

Бұлтартпау шарасын қолдану азаматтардың интенсивті бостандықтарын шектеуімен байланысты, ал нақтысы, ол жеке бостандығына құқығын, жүріп тұруына, тұрғылықты жерін ауыстыруға құқылы. Бұлтартпау шарасы заң негізіне сай дұрыс мақсатта, бұрмалаусыз, құқықтық процедураны сақтай отырып жүзеге асырылуы керек.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы заң талаптарын орындамаған немесе оның орындалмауына ескерту негізінде тұлғаларға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының қолдану мүмкіндігін қарастырады. Бұл шаралар заңда әртүрлі нысанда және сипатта көрініс тапқан. Мәжбүрлеу шаралары құқыққа қайшы әрекет жасаған тұлғалармен күресуге, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, сол сияқты қылмыстық процесске қатысушылардың және басқа да суъектілердің қылмыстық сот өндіріснің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Олар азаматтық-құқықтық және қылмыстық процессуалдық сипатта болады. Қылмыстық процесске қатысушылардың жүріс-тұрысына әсер ету мақсатында қолданылатын қылмыстық процессуалдық мәзбүрлеу шаралары деп айтамыз. ¹

Қылмыстық процесстің мәжбүрлеу шарасының басқа мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан айырмашылығы: оның ылмыстық іс өндірісінде қолданылып, процессуалдық сиатқа ие болы; уәкілетті органдармен өздерінің құзыреттері шеғінде қолданылуы; іске қатысушыларға қолданылуы; заңда көрсетілген негіздер мен тәртіпте, олардың заңдылығына, негізділігіне кепіл бере отырып қолданылуы, өзінің ерекше мазмұны мен сипатын ие болуында. Қылмыстық процесте мәжбүрлеу шараларын қолдану азаматтардың жеке, мүліктік және басқа да субъективтік құқықтарын шектесумен ұштасады. ²

Мысал ретінде жеке бостандығын шектеу, тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығын, пошта, телеграф жөнелтуін сақтау құқығын, мүлігіне тиым салып және т. б. шектеу.

Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары өз сипаты бойынша бірдей емес, олардың қолданылуы әртүрлі мақсатты көздейді. Мысалы: Ч. М. Гуткин бұлтартпау шаралаын қолданудың келесі мақсаттарын атап көрсетеді: 1. Айыпталушы, ( сезіктітінің) тергеуден, соттан бой тасалауына кедергі жасау ( ұстау, бұлтартпау шаралары) ; 2. қылмыстың алдын-алу (бұлтартпау шаралары) ; 3. Дәлелдеме жинаумен, зерттеумен байланысты (тінту, алу, куәландару, айыпталушыны сараптамалық зерттеу үшін медициналық ұйымдарға орналастыру) ; 4. Үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатындағылар (мүлікке тиым салу) ³.

Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының түрлері:

1. сеіктіні ұстау;

2. бұлтартпау шаралары;

3. басқа да мәжбүрлеу шаралары.

¹ Михайлов В. А. Процессуальный порядок применение мер пресечения в уголовном судопроизводстве. М., 1995, с. 17

² Петрухин И. Л. Свобода личности и уголовно-процессуальные принуждение. М., 1985, с. 13-14

³ Гуткин И. М Меры пресечение в советском угловном процессе. М., 1963, с. 3

Қылмыстық ізге түсу органдарымына негіздердің бірі болған жағдайда адамды сезікті ретінде ұстай алады:

1) . ол адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей жасағаннан кйін ұсталса;

2) . қылмысты өз көзімен көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адамды тура көрсетсе, не ол адам ҚР ҚІЖК 133-б. сәйкес тәртіппен ұсталса (133 бапқа сәйкес азаматтардың қылмыс жасаған адамдарды ұстауға құқығы бар, сол сияқты қарсылық көрсетілген

жағдайда ҚР ҚК 33б. сәйкес дене күшін немесе басқа да құралдар қолдана алады) ;

3) . Ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе оның тұратын жерінде қылмыстың іздері табылатын болса¹.

Қылмыстың анық іздері ретінде зттай дәлелдемелерді түсінеміз. Олар: қару немесе басқа атыс құралдары, жалған құжаттар, хаттар, қанның іздері және ұрланған заттар болуы мүмкін ².

4) . Жедел іздестру қызметінің заңға сәйкес алынған матриалдарында ол адамға қатысты жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде;

5) . Адамның қылмыс жасағанына сезіктенуіне негіз беретін өзге де деректер болған кезде, ол адам жасырынуға әрекет жасаған, не оның тұрақты тұратын жері болмаған және жеке басы анықталмаған жағдайда.

Қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шараларының арасында ерекше орынға ие болатын бір түрі ол-бұлтартпау шаралары. Ол мәжбүрлеу институтының бір құрамдас бөлігі бола отырып, қылмыстық процесте сот әділдігі міндеттерін неғұрлым дұрыс өткізу мақсатындағы қолданылатын құралы болып табылады. Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін дұрыс орындау бір шама деңгейде заға сәйкес бұлтартпау шараларын қолдануға байланысты болады. Сонымен бұлтартпау шаралары - айыпталушы ( ерекше жағдайда сезіктінің ) анықтаудан, алдын-ала тергеуден немесе соттан бой тасалап кетпеуге, оның іс бойынша шындықты анықтауға кедергі жасауы немесе қылмыстық әрекеттерін жалғастырады деп ойлауға негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін айыпталушыға қатысты заңға сәйкес қолданылатын, олардың бостандығын шектейтін заңда белгіленген процесуалдық мәжбүрлеу шараларының бір түрі.

Бұлтартпау шаралары басқа процессуалдық мәжбүрлеу шараларынан келесідей белгілері арқылы айырмашылықтары бар. Біріншіден, олардың қолдану мақсаты - айыпталушы іс жүргізуге келтіретін кедергілердің алдын-алу, екіншіден, қолдану негіздері, үшіншіден, жеке сипатқа ие болу, яғни айыпталушы немесе сезіктінің жеке бостандығын шектеу, сол сияқты бұлтартпау шараласын таңдау кезіндегі мән-жайлар³.

¹Гуценк К. Ф. Уголовный процесс. М., 1997, с., 162

² Соловьев А., Гельфанд И. Задержание подозреваемого и применение мер пресечение. Киев 1964, с. 18

³ Гуценко К. Ф. Уголовный процесс. М., 1997 с.,

Ал П. М. Давыдов бұлтартпау шараларын айыпталушының, сезіктінің, сотталушының тергеуден, соттан жалтарып кетпеу үшін, сол сияқты шындықты анықтауға кедергі келтірмеу үшін, алдын-ала тергеу органдары, прокуратура және соттың қолданатын мәжбүрлеу шаралары деп түсінік береді ¹.

Басқа да ерекшеленетін белгілерін М. С. Строгович айтып кеткен «бұлтартпау шарасы - бұл жазалау шарасы емес, жаза тек сотпен кінәлі деп танылған адамға ғана тән, ал бұл тек айыпталушыға ғана қолданылады².

Жоғарыда айтылғандардың негізінде бұлтартпау шараларын жазадан келесідей белгілер арқылы ажыратамыз:

1) . Бұлтартпау шаралары айыптлушыға ( ерекше жағдайда сезіктіге ) қолданылады, ал жаза сот үкімімен еінәлі деп танылған адамдарға қолданылады.

2) . Бұлтартпау шарасы алдын-ала тергеу органы, прокуратура және сотпен қолданылады, ал жазаны тек сот қолданылады.

3) . Жаза үкімімен тағайындалады, ал бұлтартпау шарасы қаулы арқылы тағайындалады³.

Бұлтартпау шараларын қолданған кездегі мәжбүрлеу айыпталушының бас бостандығын щектеуден тұрады дедік. Бас бостандығын шектеу тек қамауға алған кезде ғана емес, сонымен қатар басқа да бұлтартпау шараларын қолданған кезде орын алады: ешқайда кетпеу және өзін-өзі дұрыс ұстау туралы қолхат, жеке кепілдік, үйде қамауда ұстау т. б. Алайда айыпталушының жеке бостандығын шектеу деңгейі, сол сияқты шектеудің жүзеге асу тәілдері әр оқиғада әр түрлі болып келеді.

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес бұлтартпау шаралары ерекше жағдайда сезіктіге қатыстыда қолданылуы мүмкін. ҚІЖК-нің 142-бабына сәйкес « Сезіктіге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану кодексінің 139-бабында көзделген негіздер болған кезде және 141-бабында көзделген мән-жәйларды ескере отырып қолданылуы мүмкін. Бұлтартпау шараларын және оның қыйсысын қолданудың қажеттігі туралы мәселені қолданудың қажеттігі туралы мәселені шешу кезінде ҚІЖК 139бабында аталған мән-жайлармен қатар, тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, жасы, денсаулық жағдайыб түрақты тұратын жерінің бар-жоқтығы, мүліктік жағдайы және басқа да жайлар ескерілуі тиіс. Бұл ретте айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасы қолданған кезден бастап 10 тәуліктен кешіктірілмей, ал егер сезікті адам ұсталып кейін қамауға алынса, ұсталған кезден бастап осындай мерзімде тағылуға тиіс.

¹ П. М . Давыдов Меры пресечения в советском уголовном процессе. Автореферат кандидатской диссертации. Л. 1953, с. 5

² М. С. Строгович Курс советского уголовного процессе. М. , 1958, с. 150

³ Гуценко К. Ф. Уголовный процесс. 1997, с. 166.

Бұлтатпау шараларын қолдану адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбау үшін заң арқылы қолданудың қатаң тәртібі орнатылған.

1) . Заңда көрсетілген негіздер арқылы қолданылады (ҚІЖК-нің 139-бабы) ;

2) . Бұлтартпау шарасын таңдауда белгілі мән-жайлардың ескерілуі ( ҚІЖК-нің 141-бабы) ;

3) . Таңдалған шара заңды және негізді болу үшін алдын-ала тергеу органдаы, прокурор және сот шара қолдану туралы қаулы шығарады ( ҚІЖК 143-бабы) . Мысалы: ешқайда кетпеу және өзін-өзі дұрыс ұстау туралы қолхат, жеке кепілдік беру және т. б.

4) . Қатаңырақ бұлтартпау шараларын қолдану олардың заңды және негізді болу үшін арнайы кепілдік, яғни қамауға алу сияқты түріне прокурордың санкциясының болуы ¹.

Сонымен ҚР ҚІЖК-нің 139-бабаында: «бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері атап көрсетілген»

  1. Айыпталушы анықтаудан, алдын-ала тергеуден немесе соттан жасырынады;
  2. Істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды;
  3. Қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ;
  4. Үкімнің орындалуын қамтасыз ету.

Жоғарыда атап кеткендей бұлтартпау шараларын қолдану тәртібіне келсек, ҚІЖК-нің 143-бабына сәйкес жүргізіледі. Айыпталушыға бір мезгілде екі және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды. Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұлтартпау шараларын қолдану туралы адамға, ол сезікті немесе айыпталатын қылмыс пен бұлтартпау шарасын қолдану үшін негізгі көрсетілуін қамтитын қаулы шығарады. Қаулының көшірмесі шығарылған адамға тапсырылады және бір мезгілде шешімге шағымданудың тәртібі түсіндіріледі.

Ал бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән жайлар туралы айтсақ, заңның 139-бабында көрсетілген мән жайлардан басқа, тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оны жас мөлшері, денсаулық жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүліктік жағдайы, тұрақты тұратын жерінің бар-жоғы және басқа мән-жайлар есекрілуі тиіс.

Бұл мән-жайларды өздерінің ерекшеліктеріне ьайланысты негізгі, басты және басқа да мән жайлар деп бөлеміз. Нгеізгі немесе басты мән жайларға қолдану қажеттілігіне сәйкес:айыпталушының(сезіктінің)

¹Гуценко К. Ф. Уголовный процесс. М., 1997, с. 166.

тергеуден, соттан жалтаруы, іске қатысты шындықты анықтауға кедкргі

келтіруі, қылмыстық әрекетті жалғастыруды және үкімнің орындалуына

кедергі келтіруді жатқызамыз. Басқа да мән жайларға бұлтарпау шарасын таңдауға көмектесетін мән жайларды жатқызамыз. Олар:айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, жас мөлшері және т. б. ¹

Осы мән жайлар тиісті дәледемелермен бекітілгенде бұлтартпау шараларының негізін құрайды. Мысалы: заңда көрсетілген айыпталушының (сезіктінің) тергеуден, соттан жалтару негізіне байланысты жеткілікті дәлелдемелердің болуы қажет. Ол тиісті адамның жұмыс орнынан өз еркімен шығып кетуі немесе тұрақты жерінен кетіп қалуы сияқты фактілер негізболып табылады, ал айыпталушы (сезікті) қылмыстық әрекетін жалғастырыады деген негізге, ол адамның қылмыстық топпен қарым қатынасы болса, бұрын сотталған деген мәліметтер дәлелдеме ретінде болады. Айыпталушының іске қатысты шындықты ашуға кедергі келтіреді деген негізгі куәларды, жәбірленушілерді және сарапшыларды дұрыс емес жауап беруге ықпал жасаса, заттай дәлелдемелерді жоюға немесе өзгертуге әрекет жасаса дәлелдеме болып табылады ².

Осылайша ҚІЖК-нің 139-бабындағы көрсетілген мән жайлар дәлелдеме ретінде тиісті адамның денсаулығының нашарлығы, жасының үлкендігі, тұрақты тұратын жерпі мен жұмысының болуы тергеуден жалтаруы мүмкін деген негіздерден алшақтауға мүмкіндік береді. Бұлтартпау шараларын таңдауда бір маңызды нәрсе ол-шешімді таңдау құқығы, яғни шараны таңдау міндет емес, құқық болып табылуы. Осыған орай тиісті өкілетті тұлға бұлтартпау шарасын қолданбауға немесе қатаң түрін қолдануға құқығы бар.

ҚІЖК-нің 140-бабына сәйкес келесідей бұлтартпау шараларының түрлері көрсетілген:

  1. ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру

-қылмыстық процесті жүргізуші органның сезіктіден, айыпталушыдан анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен кетпеуге, белгіленген мерзімде қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге жазбаша міндеттемесін алуынан тұрады.

  1. жеке кепілдік беру-сенімге ие болған адамдардың олар сезіктінің немесе айыпталушының өзін дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келетініне кепілдік беретіндігі туралы жазбаша міндеттемесінен тұрады. Кепілдік берушілердің саны екеуден кем болмауы тиіс.

¹ Ю. Д. Лившиц Меры пресечения в советском уголовном процессе. М., 1964, с. 18-19

² П. А. Лупинская Уголовно-процессуальное право РФ. М., 1997, с. 212-213

  1. Әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесін бақылауға беру-әскери қызметшілер немесе оқу жиынына шақырылған әскери міндеттілер болып табылатын сезіктілерді, айыпталушыларды байқауы ҚР Қарулы күштері мен Ішкі әскерлерінің жарғыларында көзделгенжәне ол адамдардың тиісті мінез-құлқы мен олардың қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуге тиісті шаралардың қолданылуынан тұрады.
  2. Кәмелетке толмағанды қарауға беру - ата-анасының, қамқоршыларының, қорғаншыларының немесе басқа да сенімге ие адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан арнаулы балалар мекемесі әкімшілігін қарауына беру, аталған адамдардың біреуінің кәмелетке толмағаның тиісті мінез-құлқы мен оның қылмыстық процесті жүргізуші органның ақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуін қабылдайтын жазбаша міндеттеме қабылдауынан тұрады.
  3. Кепіл-кепіл сезіктінің, айыпталушының өзі не асқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитіне сезікті, айыпталушы анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге енгізетін ақшадан тұрады.
  4. Үйде қамауда ұстау-сезіктіге, айыпталушыға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға мүмкіндік беретін шарттар болған, бірақ адамды толыұтай оқшаулау қажет бола қоймайтын немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып дұрыс емес деп ұйғарылған кезде заңның150-бабына сәйкес прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша қолданылады.
  5. Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана заңның 150-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес қолданылатын бұлтартпау шарасының бір түрі.

Көбінесе бұлтартпау шаралары алдын-ала тергеу және басты сот талқылауы сатыларында қолданылады. Айыптау үкімі шығарылған сотталған адамға үкім заңды күшіне енгенше, үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін.

Бұлтартпау шарасын қолдануға жеткілікті себептер және мақсаты болса, яғни бұларға жету қажет болғанда, тергеуші, анықтама органы және соттың бұлтартпау шарасын қолдануы тек құқығы ғана емес, міндеттілігіне де жатуы мүмкін. !

Бірнеше құқықтық шарттарды сақтай отырып бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу
Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттартпау шаралары
Қамауға алуды заң талаптарына сәйкес заңды және негізді болуын қатаң көрсету
Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері мен шарттары
Бұлтартпау шараларының түсiнiгi және жалпы сипаттамасы
Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
Бұлтартпау шаралары
Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi
Қылмыстық процесте кепіл бұлтартпау шарасын қолданудың теориялық және практикалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz