Қазақстан экономикасындағы монополиялар



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.1 Монополия мәні мен түрлері ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Монополистің нарық жағдайындағы әрекеттері ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛАР ... ... 14

2.1 Еліміз экономикасындағы монополиялар және инновациялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2.2 Қазақстандағы монополиялық жағдай (“Қазақтелеком” ААҚ) ... ..16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
КІРІСПЕ

Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.
Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықты қэкономикадағы монополияның орны, табиғаты, оның экономиканың әлеуметтiк және экономикалық салаларына тигiзер оң және терiс әсерлерiн қарастыру.
Сондықтан микроэкономика пәнi бойынша курстық жұмыстың тақырыбын «Монополияның экономикалық табиғаты мен түрлерi. Қазақстандағы монополиялар” деп алдық.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ. Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады.
Бiрақ рыноктық экономикада қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi. Осы аталған монополияның экономикадағы маңыздылықтарын ескере отырып оларды жан-жақты талдау мен анықтау осы курстық жұмысты орындаудағы алдағы мақсаттар мен міндеттер болып табылады.
Осылайша курстық жұмыс барысында монополиялық жағдайды толық қарастырып, оның теориясын және қызмет ету ерекшелiктерiн, қысқа және ұзақ мерзiмдегi монополист әрекеттерiн, монополиялық нарықтың жетiлген бәсеке рыногынан айырмашылығын қарастырмақшымыз. Әрине соңғы бөлiмде Қазақстандағы осы рыноктың жалпы көрiнiсi және телекоммуникация саласындағы табиғи монополия (“Қазақтелеком ААҚ”) мысалында қарастырып өтпекшiмiз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
2. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
3. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
4. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
5. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
6. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
7. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030. Қазақстан халқына жолдауы.
8. Кузеков А.С. Управление локальными монополями в сфере информационный услуги (на примере ОАО “Казактелеком”). Афтореферат. – Караганда. – 2004 г.
9. Экономика и права Казахстана, 2004 / №13.
10. Жайдары Ж.Б. “Этапы достижение конкурентспособности компании (на примере рынка телекоммуникации)”. // Аналитик. – 2004, №3.
11. Мамутов Б.А. “Управление финансово-экономической деятельностью предприятие (на примере ОАО “Казактелеком”). // XXI ғасырдағы “Мемлекет және бизнес” халықаралық ғылыми-практика конференциялары материалдары. – Алматы, 2003. 2 бөлiм.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3

1. МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1. Монополия мәні мен түрлері ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Монополистің нарық жағдайындағы әрекеттері
... ... ... ... ... ... ... ... .9

2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛАР ... ... 14

2.1 Еліміз экономикасындағы монополиялар және инновациялық жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.2 Қазақстандағы монополиялық жағдай (“Қазақтелеком” ААҚ) ... ..16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

КІРІСПЕ

Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек
қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр
рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде
әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар
сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына
байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.
Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн
жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықты қэкономикадағы монополияның орны,
табиғаты, оның экономиканың әлеуметтiк және экономикалық салаларына тигiзер
оң және терiс әсерлерiн қарастыру.
Сондықтан микроэкономика пәнi бойынша курстық жұмыстың тақырыбын
Монополияның экономикалық табиғаты мен түрлерi. Қазақстандағы
монополиялар” деп алдық.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы
көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен
ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда
қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ.
Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете
алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи
монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол
фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал
бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды
туғызады.
Бiрақ рыноктық экономикада қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi
өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi
шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi.
Осы аталған монополияның экономикадағы маңыздылықтарын ескере отырып оларды
жан-жақты талдау мен анықтау осы курстық жұмысты орындаудағы алдағы
мақсаттар мен міндеттер болып табылады.
Осылайша курстық жұмыс барысында монополиялық жағдайды толық
қарастырып, оның теориясын және қызмет ету ерекшелiктерiн, қысқа және ұзақ
мерзiмдегi монополист әрекеттерiн, монополиялық нарықтың жетiлген бәсеке
рыногынан айырмашылығын қарастырмақшымыз. Әрине соңғы бөлiмде Қазақстандағы
осы рыноктың жалпы көрiнiсi және телекоммуникация саласындағы табиғи
монополия (“Қазақтелеком ААҚ”) мысалында қарастырып өтпекшiмiз.

1. МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ

1.1 Монополия мәні мен түрлері

Нарық құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң
бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.
Экономикада рынокты анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн
сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады.
Өйткенi әр рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға
құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.
Рынок құрылымының негiзгi түрiне келесiлер жатады:
1) Жетiлген бәсеке нарығы;
2) Монополия;
3) Монополиялық бәсеке;
4) Олигополия.
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың
өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс.
Жетiлген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және стаып алушылар
саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың
нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен
ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар
мен сатушылар жетiлген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және
өздерiнiң бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнiм өндiрушiлердiң басты мақсаты
пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнiм
көлемiн анықтауға ынталанады.

Сурет-1 – Монополияның ерекшелiктерi

Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi монополия болып табылады.
Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады.
Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның
тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке
ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы
аз болуы да әсерiн тигiзедi. Бұл 1-суретте бейнеленген.
Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы
тауарды ауыстыратын басқа тауралар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық –
монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды
өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде
нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының
бағасын анықтайды.
Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын
бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес фирмаға
қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару
көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол
монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз .
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам
жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың
көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген
елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар
қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық
елдерiнде өндiрушi-монополистер бар 1, 319 бет .
Бұл шектеулер төмендегiдей:
1) Iрi өндiрiстiң басымдылығы;
2) Легальды тосқауылдар ( шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың
жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн
үкiметтен алынған ерекше құқықтар);
3) Бәсекелесудi әдiлетсiз жүргiзу.
Iрi өндiрушiлердiң ұсақ өндiрушiлермен салыстырғанда өте көп
артықшылықтары бар. Монополиялық өндiрсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi
тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығындары ұсақ өндiрiстiң шығындарынан гөрi
төмен болатыны практика жүзiнде дәлелденген.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар
құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң көп тараған түрлерi –
жеке меншiк құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде өте сирек кездесетiн
шикiзат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға
патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса,
онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл
жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор, өйткенi Кеңес үкiметi
кезiнде ойлап тапқан жаңалықтардың көбiнiң мемлекет аралық патентi жоқ
болды, сондықтан да бұларды шет елдiң адамдары тегiн пайаланды.
Бәсекенi әдiлетсiз түрде жүргiзудiң негiзгi түрi – демпинг –
бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату.
Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де
жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату
арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады.
Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын
бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi де бәсекелес
фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының
шығару көлемiн өзгерту арқылы рыноктық қалыптасқан бағаға әсерiн тигiзе
алады, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп атаймыз.
Кейбiр жағдайда әлемдiк тұрғыдан бәсекенiң күшеюi ұлттық экономикада
белгiлi салаға ұлттық монополияны немесе табиғи және жоғары дамыған
монополиялардың қажеттi екенiн дәлелдеп отыр.
Мысалы, АҚШ-тың “Microsoft” компаниясы әлемдегi “Windows” жүйесiнiң
бiрден-бiр монополист компаниясы болып отыр, яғни, осы компанияның
компьютерлiк бағдармалары арқылы АҚШ-тың әлемге аты танылып, жоғары пайда
табуда 11, 224 бет .
Нарықты монополиялаудың негiзгi себептерiне байланысты қысқаша
айтқанда монополияның төмендегiдей түрлерi бар:
1) Жабық монополия, ол бәскелестен заңды шектеулер көмегiмен қорғлған;
2) Табиғи монополия, белгiлi бiр көлемдегi өнiмдi бiр фирмада өндiру, оны
екi немесе одан да көп фирмаларда өндiргеннен арзанға түсетiн өндiрiс
саласы;
3) Ашық монополия, берiлген тауарды өндiретiн тек қана бiр фирма болып
және олардың бәсекелестiктен ешқандай арнайы қорғаныш жоқ болатын
жағдай.
Бiрақ монополиялы рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты
монополияда кедергiлердiң болуы. Бұл көрсеткiштерге кешегi жағдайларды
жатқыссақ болады:
1) Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл
монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн
ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен
авторлық құқықтар жатады.
Бұған бiр мысал ретiнде АҚШ-тың “Microsft” деген компьюерлiк
бағдарламалар өндiретiн компаниясын айтсақ болады. Яғни, ұлттық экономика
мұндай бәсекеқабiлеттi ұлттық табиғи монополияға жағдай жасайды. Сондықтан
мұндай монополияларға мемлекет монополиялық құқық берiп, оны қолдап
отырады.
2) Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың өзiнiң бiр салаға
мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды
тиiмдiлiкте қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда
шығындардың төмен болуы, сапаның жоғарылығы.
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады.
Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi
өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи
монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды. Оны 2-
шi суреттен көре аламыз 6, 173 бет .

Шығындар

АС2

АС1 Орташа жиынтық

шығын (АС)

Q2 Q1 Өнiм көлемi

Сурет-2 – Монополист фирманың ауқымнан үнемдеуi

Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк
болып келедi. Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс қисығы “D”
нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып
тұрғын халықты коммуалды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады.
Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала
тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу
беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополсит болып, халықты
жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол
өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма
болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондықтан мұндай
салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi.
3) Жеке өндiрушiге мемлекет тарапынан ерекше құқық беру. Бұл көп
жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз үшiн маңызды стратегиялық өнiмдер шығару
бұл бiр ғана мемлкеттiк немесе жеке фирмада шығарылады. Егер де шығарылған
өнiм инновациялы болып, осы елде алғаш ретшығарылса, оған мемлкет патент
және авторлық құқық бередi. Бұл шара сол фирманың өз өнiмдерiн шығарып,
оның бәсеке қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi.
Бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi, оның негiзгi түрi – демпинг –
бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату.
Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де
жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату
арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Бұл дегенiмiз рынокты
экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына керi әсерiн тигiзедi, сондықтан мемлекет
тарапынан бәсекенi әдiлетсiз жүргiзу қадағаланады 5, 305 бет .

1.2 Монополистің нарық жағдайындағы әрекеттері

Рынок құрылымында жетiлген бәсеке рыногына қарама-қайшы рынок түрi
бұл монополиялық рынок. Монополия жағдайында тұтынушылардың алдында бiр
ғана iрi өндiрушi тұрады. Демек, мұнда фирма және монополия түсiнiктерi
теңескен. Тұтынушы қаласа да, қаламасада монополистiң өнiмiн пайдалаып,
оның тағайындаған бағасын қабылдауға мiжбүр болады.
Мысалы, жетiлген бәсеке мен монополия нақты түрде шын өмiрде сирек
кездеседi. Олар көбiнесе рынокта араласып, бiрақ бiр жағы басымырақ
болып келедi. Өйткенi жетiлген бәсекеде бiрдей тауар олар мен үшiн әр
түрлi болып көрiнуi мүмкiн. Ондай жалған көрiнiс дүкендердiң орналасқан
жерiне, қызмет көрсету деңгейiне, жарнамаға және тауар орамының
ерекшелiгiне байланысты.
Бiздiң өмiрiмiзде жетiлген бәсеке көбiнесе астық, құнды қағаздар
және жемiс-жидек рыногында көп кездеседi.
Ал монополияның толық қамтитын түрi ол сол өнiмнiң алмастырушысы жоқ,
сол өнiмдi қайта тұтынуға келмейтiн немесе белгiлi фирмаға ерекше
құқықтар беру арқылы көрiнуi мүмкiн. Сондықтан монополия көбiнесе қызмет
көрсету саласында орын алады.
Мысалы, елiмiзде монополиялық көрiнiс халыққа қызмет көрсету
саласында, яғни телекомуникация, электроэнергиясы, жылумен және ауыз суымен
қамту салаларында көрiнiс табуда. Өйткенi мұндай салаларда монополияның
көрiнiс табуы орынды, себебi электр торабын алатын болсақ, егер нарықта
екiншi бәсекелес фирма келу үшiн ол бүкiл сол аумаққа өз алдына электр
тораптарын таратуға алып келедi, ол дегенiмiз артық шығындарды туғызады.
Монополиялы рыноктың қалыптасуының ежелгi тәсiлi бұл - басты
ресурстардың жалғыз өндiрушi фирманың қолында болуы. Ол ресурстарға:
негiзгi немесе ерекше шикiзат көздерi, инновациялық жаңалық, жоғары ғылыми
немесе бiлiм жетiстiктерi, қызмет көрсетудiң ерекше түрi сияқты ресурстар
жатады. Яғни, бұл рыноктың түрiнде монополистер сол ерекше ресурстары
арқылы ел iшiнде немесе әлемдiк рынокта монополис болып табылады. Бұған
қарапайым мысал ретiнде, бiр қала iшiнде бiр ғана су құдығы болып, ал
басқа су құдықтары болмаса, онда осы құдықтың иесi ерекше ресурс көзiне ие
болған монополис болып табылады. Егер шынымен де монополис тауары ең
бiрiншi қажеттi тауарларға жатса, бiздiң мысалымыздағыдай “су” , онда
монополис ол өнiмi максималды баға деңгейiн белгiлей алады 1, 318 бет .
Бiрақ мұндай ерекше ресурстар рынокта болғанымен, бiрақ шын өмiрде
мұндай ресурстық монополиялы рынок өте сирек кездеседi. Олардың әлем
бойынша бiрнеше түрлерiн атап өтуге болады.
Мысалы, бiрiншiден Оңтүстiк Африка республикасында әлемдегi алмаз
өндiрiсiнiң 80-85% өндiрiледi және ол өндiрiс тек қана бiр компанияда, яғни
“De Beers” компаниясы 100% өндiрiс көлемiн иемденген. Әрине мұндай ауқымды
көлеммен монополис компания әлемдiк алмаз және брилиант бағаларына өзгерiс
енгiзе алады. Сондықтан, бұл компания ұлттық экономика деңгейiнде қолдау
тауып, оған мемлекет ерекше құқық беру арқылы өз елiнiң әлемдегi рыногының
орнын сақтауға тырысады. Өйткенi, бұлай ерекше қолдау көрсетудiң басты
мәселесi осы алмазды алмастыратын басқа да асыл тастардың көп болуы. Осы
себептен бұл компанияның әлемдiк рыноктағы жарнамалық бюджетi өте көлемдi.
Ол жарнамалардың мақсаты брилиант пен алмаздың басқа асыл тастардан өзiндiк
қасиеттерiн арттыру, ылғи да бұрынғы сұраныс көлемiн сақтап қалу және
рынокта қосымша билiкке ие болу екендiгi белгiлi.
Екiншiден, Американың “алюминиум компаниясының” нарықта ресурстық
монополиялы рыногының қалыптасуы және әлi күнге дейiн сақталып келе жатуы.
Ол бұл жағдайға өзiнiң алюминий өндiрiсiнде қолданылатын негiзгi шикiзат
бокситтiң қайнар көздерiне жоғары дәрежеде бақылау жасауы арқылы жеттi.
Үшiншiден, көптеген жылдар бойы “Ксерокс” компаниясы әлемде өзiнiң
өнiмдерiне жоғары және ерекше технологиялар енгiзу арқылы монополист болып
келе жатыр, яғни бұл рынокқа басқа фирмалардың кiруге мүмкiншiлiгi
болмауда.
Монополистiң өнiм шығарушы ретiнде бәсекелестiк фирма сияқты өндiрiс
мақсаты – пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу болып табылады. Монополис
тауар бiрлiгiнiң бәрiне бiр баға деңгейiн белгiлейтiн болғандықтан,
тауардың бағасы монополистiң орташа түсiмiн көрсетедi.
Бұдан монополистiң пайдасы өндiрiстiң шектi шығындары шектi түсiмге
тең болғанда ғана ең көп болатынын көремiз.
Ресурс нарығындағы монополист қысқа мерзiмдi жағдайда пайданы
барынша көбейту шарты MR=MC болса, онда келесi жағдай орны алады:
МR = Р (1Е +1) = МС
(1)
Бұдан пайданы мейлiнше көбейт шартын келесi түрде көрсетуге болады:
Р (1Е +1) = МС
(2)
Ал монополиялық қысқа мерзiмдi жағдайда пайдаы барынша көбейту шарты
MR=MC.
МR = Р (1Е +1) = МС (3)
Бұдан пайданы мейлiнше көбейт шартын келесi түрде көрсетуге болады:
Р (1Е +1) = МС
(4)
Жалпы жағдайда сұраныстың икемдiлiк коэфициентi Е 0, демек
монополиялық нарықта тауардың бағасы өндiрiстiң шектi шығынына қарағанда
жоғары болады, яғни Р МС. Пайданы барынша көбейту шартын 4- сурттен көре
аламыз 2, 325 бет .

Баға (Р) MC
Р1
Рm В АТС

Р2 А

MR AR

Q1 Q max Q2 Көлем (Q)

Сурет-4 – Монополистiң пайдасын барынша көбейту

Суреттен көретiнiмiз монополиялық нарық бағасы өндiрiс көлемi (Qm)
мен сұраныс қисығының АR қиылысу нүктесi арқылы анықталады. Яғни
монополиялық баға Pm болып табылады.
Монополиялық бағаны табу формуласы келесiдей болады .
Р = МС 1+1Ер
(5)
Мұндағы, Р - монополиялық баға;
МС – шектi шығындар;
Ер – сұраныстың бағалық икемдiлiгi.
Сондай-ақ монополиялы рыноктағы фирма ылғида экономикалық пайда ала
бермейдi. Себебi, егер де сұраныс қисығы AR мен орташа шығын қисығы AC бiр-
бiн жанау арқылы өтсе, онда фирманың пайдасы нольге тең болады. Егер,
фирманың шығындары сұраныс қисығынан жоғары орналасса, онда фирма
экономикалық зиян шегедi.
Ұзақ мерзiмдi кезеңде монополиялық жағдайдағы тепе-теңдiкке келетiн
болсақ келесi жағдайларды ескеруiмiз керек:
1. Қандай жағдайда жалғыз өндiрушi ұзақ уақыт кезеңiнде өзiнiң
монополиялық билiгiн сақтай алады.
2. Егер салада ұзақ мерзiмдi кезеңде тепе- теңдiк орнаса онда
манополист бiрнеше зауыттар салу арқылы өндiрiс ауқымын көбейтуге қандай
күштер итермелейдi.
Ұзақ мерзiмдi монополиялық тепе-теңдiкке жетудiң негiзгi шарты жеке
өндiрушiнiң оң экономикалық пайда табуға мүмкiндiгi болуы. Экономикалық
пайда алу мүмкiндiгi өндiрiстiң орташа шығындары мен монополиялық
бағааның ара қатынастарында орнайды. Егер тауар бағасы монополист фирманың
ұзақ мерзiмдi орташа шығындарынан жоғары болған жағдайда ғана, өндiрушi
оң пайда алады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыған және дамушы елдердің экономиканы мемлекеттік реттеуі
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы монополиялары
Трансұлттық корпорациялардың халыкаралык
Нарықтық инфрақұрылым пәні, мақсаттары және міндеттері
Салалық монополиялардың қызметін реттеуді жетілдіру
Қазақстанның Америкамен қарым-қатынасы
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу.
Мемлекеттің экономикалық функциясы (қызметі)
Шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайын талдау
Қостанай облысының өнеркәсібінің қазіргі жағдайы
Пәндер