Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының механизмі ... 3

1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның кұрылымы ... ..3
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде бағалы қағаздар
нарығының орын алуын реттейтін жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3. Банктер бағалы қағаздардың эмитенттері ретінде ... ... ... ... ... ... ... .7
4. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары ... ... ... ... ... ... ... ..10
5. Бағалы қағаздар нарығына басқа қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ...11
6. Қор биржасындағы келісімшарт түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз қаржы қорларындағы сатушылар мен алушылар арасындағы келісімдерді реттейтін механизм. Жай ғана келісімдерді реттейтін механизм ғана емес, пайдалы келісімдерді жасауға мүмкіндік беретін келісімдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлік қоғамдар күрылып, оның 4605-і өз бағалы қағаздарыы нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар нарығы қазіргі заманымыздың талаптарыыа сай дамып отыр деп айтуға болмайды.
Экономиканы тек өзінідң қаражаты бар тұлғалар басқара алатындығын ескерер болсақ, онда бағалы қагаздардың экономикалық және тарихи маңыздылығына байаптап ұғынар едік.
Қандай нарық болмасын онда ұсыныс пен сұраныс болатыны белгілі. Қазақстан бағалы қағаздарыныд нарығы осы нарықта сұраныс пен ұсыныс таразысын теңдестіретін нарық болып табылады. Бизнес жэне Үкімст мұнда заемшы ретінде көп көзге түсіп, ал халық көбінесе таза кредитор болып табылады.
Республика тұрғындары өз каржыларын бағалы қағаз сатып алу орнына ортақ қаржыларын депозиттік салымдарға салғанды дұрыс көреді. 2001 жылдың аяғында барлық депозиттік салымдар көлемі 147 млн. теңгеге жеткен, 115 млрд. теңге түрақты валюталарға айналдырылған. Тұтас алғанда 142 млрд. теңге бағалы қағаздар нарығына араласпайды десек қателесе қоймаймыз. Оның басты себептерінің бірі бағалы қағаздарға төленетін дивиденд көлемінің өте төмен дәрежеде болуы және халықтың акционерлік қоғамдарға сенімсіздік танытуынан туындап отыр. Акцияларға төленетін дивидендтер көлемі акция құнының 1,1%-ті кұрайды. Бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 25%-ке дейін жетеді.
Бағалы кағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы ұлғайған сайын вексельдермен жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені «таза» ақшаның жетіспеушілігін әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отыр.
1. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2001ж
2. Мақыш С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2000 ж
3. Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы, 2000 ж.
4. Банктегі бухгалтерлік есеп жэне есеп беру. Н.А. Ғүмар, Р.Ж. Қалығұлова, Алматы, Арыс,2000.
5. Банк хабаршысы. 2000

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .2

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының механизмі ... 3

1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның кұрылымы ... ..3
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде бағалы қағаздар
нарығының орын алуын реттейтін
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
3. Банктер бағалы қағаздардың эмитенттері ретінде
... ... ... ... ... ... ... .7
4. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары
... ... ... ... ... ... ... ..10
5. Бағалы қағаздар нарығына басқа
қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ...11
6. Қор биржасындағы келісімшарт
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...16
Кіріспе

Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз қаржы қорларындағы сатушылар мен
алушылар арасындағы келісімдерді реттейтін механизм. Жай ғана келісімдерді
реттейтін механизм ғана емес, пайдалы келісімдерді жасауға мүмкіндік
беретін келісімдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан
астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлік қоғамдар күрылып,
оның 4605-і өз бағалы қағаздарыы нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар
нарығы қазіргі заманымыздың талаптарыыа сай дамып отыр деп айтуға болмайды.
Экономиканы тек өзінідң қаражаты бар тұлғалар басқара алатындығын
ескерер болсақ, онда бағалы қагаздардың экономикалық және тарихи
маңыздылығына байаптап ұғынар едік.
Қандай нарық болмасын онда ұсыныс пен сұраныс болатыны белгілі.
Қазақстан бағалы қағаздарыныд нарығы осы нарықта сұраныс пен ұсыныс
таразысын теңдестіретін нарық болып табылады. Бизнес жэне Үкімст мұнда
заемшы ретінде көп көзге түсіп, ал халық көбінесе таза кредитор болып
табылады.
Республика тұрғындары өз каржыларын бағалы қағаз сатып алу орнына ортақ
қаржыларын депозиттік салымдарға салғанды дұрыс көреді. 2001 жылдың аяғында
барлық депозиттік салымдар көлемі 147 млн. теңгеге жеткен, 115 млрд. теңге
түрақты валюталарға айналдырылған. Тұтас алғанда 142 млрд. теңге бағалы
қағаздар нарығына араласпайды десек қателесе қоймаймыз. Оның басты
себептерінің бірі бағалы қағаздарға төленетін дивиденд көлемінің өте төмен
дәрежеде болуы және халықтың акционерлік қоғамдарға сенімсіздік танытуынан
туындап отыр. Акцияларға төленетін дивидендтер көлемі акция құнының 1,1%-ті
кұрайды. Бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 25%-ке дейін
жетеді.
Бағалы кағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар
тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда
анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы ұлғайған сайын вексельдермен
жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені таза ақшаның жетіспеушілігін
әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отыр.
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының механизмі

1. Бағалы қагаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа
экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы
қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-
жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік
қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық
қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады.
Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді.
Әсіресе, Англияда ол шапшаң карқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде
жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан
жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да
өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәуелсіз
мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы мүлде өзгеше.
Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан
жағдайда мемлекеттік кәэсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру
арқылы жүргізіледі. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаңа
құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады.
Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі -жекеменшіктендіру чектерін
(купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың бір түрі.
Олар өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншіктің
бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам
ретінде қайта кұрудан басталды. Акционерлік қоғамның иесі -акционерлер,
олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады.
Жекеменшіктендіру чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген
кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген
кәсіпорын ұжымының мүшелері өздері қызмет істеп жүрген кәсіпорнының акциясы
жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру
чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға
айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу аукциондарда жүргізіледі.
Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен
бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын
сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып,
оған басқа акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алады. Инвестициялық
қорлардың акцияларын сатып алушы сол қордың иемденушісінің біреуі болып
есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық
қорлар - жеке ұйым. Мемлекет инвестициялық қорларға салған чектерге
кепілдік бермейді
Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру чегін мұра етіп
қалдыруға, сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге де
болады. Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру және
жекеменшіктендіру чегіне акция сату 1994 - 1995 жылдары өтті. Ол кездерде
көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін
тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз.
Қорыта айтқанда, жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа
түрі - жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның
жаңа ұйымдық-кұқықтық формасы - акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына
және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен
облилацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін
шығаруға да себепші болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру -
бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең.
Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбеғейлі жаңа,
нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және
оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл
өте күрделі және ауқымды мақсат.
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде бағалы қагаздар
нарығыныц орын алуын реттейтін жүйелері.
Кез келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе
жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды
шығару белгілі экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Бағалы
қағаздар нарығын құқықтық ережелерімен қамтамасыз ету мемлекеттік
органдардың бағалы қағаздар айналымы тиімді және мағыналы болуы үшін
белгілі бір жағдай жасайтын заңдар шығару және сол заңдардың мемлекет
мүддесімен халық керегін қанағаттандырып нарық қатынастарға бет алған
қоғамның объективті экономикалық заңдарына сай келді. Қазіргі кезде
Қазақстанның мемлекеттік заңдарына егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар,
Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар бағалы
қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Аталып
өткен бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан
заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар
деп аталады. Экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау
көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігі арттыру механизмінің құру жолдарын
табу керектігін меңзейді. Қазіргі заңдар Республикасы Конституциясына
негізделген. Олар мемлекеттік және жекеменшікті мойындап қорғауға кепіл
болады. Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет басшысы заң күші
бар жарлықтар шығарды. Олар азаматтардың кодекспен бірге бағалы қағаздар
нарығын дамытудың заңды негіздерін құрайды:
2003 жылдың 2003 жылы "Бағалы қағаздар рыногы туралы".
"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" Заңы
3. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының
заңы
10.07.98ж.
4. Басқа заңдар және нормативтік құқықтық актілер.
Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін,
Қаржылық нарық, қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу агентствосы (бұдан әрі
- Агентство) өкілдігін реттейтін Президенттің заңдық күші бар жарлықтары
жатады. Мысалы, валютаны реттеу туралы заң бойынша Агентство валюта
қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің
тәртібін реттейтін орган болып тағайындалады.
Басқа нормативті-құқықтық актілердің ішінде төмендегілерді атап айтуға
болады:
бағалы қағаздар нарығының кейбір мәселелерін реттейтін ережелерді
бекіткен Қазақстан Республикасы қаулылары.
бағалы қағаздар жөніндегі Агентствоның актілері - бағалы қағаздар
нарығын реттейтін ережелер.
басқа орталық атқару органдарының бағалы қағаздар айналымына
байланысты актілері.
Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай қазіргі кезде Қазақстанда
бірсыпыра қор биржалары құрылды, брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып,
олар акциялардың мемлекеттік бумалары және басқа мемлекеттік бағалы
қағаздар түрлерімен мәмілелерге қатысты. Сонымен қатар, Қазақстандағы
акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске
асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге
мамандандыру куәлігін алды. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар туралы шыққан
заңдар жетілген және бағалы қағаздар нарығыыың құқықтық негіздерін
қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайды. Дегенмен, бүгінгі күні
айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикадағы бағалы қағаздар
нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктері анықтауға
мүмкіншілік бар.
Бағалы қағаз нарығының реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы
мақсаты — бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен
құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Бағалы қағаз нарығында қызмет атқаратын
қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға
жүктелген. Республикада ондай органдар болып Қаржылық нарық, қаржылық
ұйымдардың қызметін реттеу агентствосы, Қаржы Министрлігі, Ұлттық банк,
Мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет және жекешелендіру жөніндегі
мемлекеттік комитет саналады.
3. Банктер бағалы қагаздардың эмитенттері ретінде

Бағалы қағаздар рыногындағы банкілік операциялардың түрлері.
Бағалы қағаздар рыногында банктер бағалы қағаздардың эмитенті ретінде,
бағалы қағаздармен операцияларды жүргізгенде делдал ретінде бола алады және
табыс алу мақсатында өз атынан бағалы қағаздармен операцияларды іске
асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 129-бабына сәйкес бағалы
қағаз дегеніміз белгіленген форманы және міндетті реквизиттерді сақтай
отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік
құқықтарды куәландыратын құжат.
Жоғарыда келтірілген анықтамаға сәйкес бағалы қағаз ұғымы бәрінен
бұрын мүліктік құқықты куәландыру тәсілін білдіреді. Дәлірек айтар болсақ,
бағалы қағаздардың іскерлік айналымдағы мақсаты мүліктік құқықтык
қатынастарды растау. Сондай-ақ, бағалы қағаздар тапсыруды және тиісті
құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, мәмілелерді жүзеге асырудың
максимальді деңгейіндегі мүліктік құқықтардың айналымын камтамасыз ететін
құқықтық механизмнің қажеттілігі нәтижесінде пайда болды. Экономикалық
теорияның ережелеріне сәйкес, бұйымдардың шектеусіз мөлшері иелену,
пайдалану және билеу құқықтарының объектісі болып табылатын материалдық
ресурстардың ролін атқарады.
Мұндай объектілерге деген мүліктік құқық мүліктен ажыратылуы және жеке
зат ретінде — бағалы қағаз түрінде болуы мүмкін. Объектілердің әрбір түріне
өз бетінше меншік объектісі бола алатын, сатуға, сатып алуға, кепілге
беруге болатын бағалы қағаздары болады. Мысалы: жерге - ипотекалық куәлік;
жылжымайтын мүлікке — акция, ипотекалық куәлік; өнімге — коносамент,
фъючерстік контракт, товарлық опцион; ақшаға — облигациялар.
Бағалы қағаз - - ақша қаражатына және материалдық товарға мүліктік
құқықты растау ғана емес. Оның құндылығы сол бағалы қағазды иеленушіге
беретін құқықтарымен де түсіндіріледі. Бағалы қағаздың иесі өзінің товарын
немесе ақшасын сол бағалы қағаз ақша немесе товардан артық болған жағдайда
ғана бағалы қағазға ауыстырады.
Экономикалық тұрғыда бағалы қағаз - - өзінің ерекше рыногында — бағалы
қағаздар рыногында айналымда болатын ерекше товар. Алайда оның бұйымдық та,
ақшалай тұтынушылық та құны болмайды, яғни, физикалық товар немесе қызмет
болып табылмайды.
Бағалы қағаздар сату-сатып алудың және мазмұнына мәміле мен басқа да
заңды айғақтардың негізінде құқықтың бір субъектіден екінші субъектіге өтуі
кіретін азаматтық-құқықтық айналымның объектісі болады.
Осылайша, құқықтық және экономикалық ұғымдарды біріктірер
болсақ, төмендегідей анықтама аламыз: яғни, бағалы қағаздар дегеніміз
-мүліктік объектіге қатысты, материалдық та, материалдық
емес те тәсілдермен расталуы мүмкін, сонымен қатар,
азаматтық-құқықтық айналымның жеке-дара объектісі ретінде бола алатын
құкық.
Заңмен бағалы қағаздардың мынадай түрлері бекітілген:

Акциялар.
Облигациялар.
Ипотекалық куәліктер, коносаменттер және бағалы қағаз құзыретіне
ие болатын құжаттардың басқа да түрлері.
Құнды қағаздар.

Басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған, Қазақстан
Республикасы аумағында өкілді орган бекіткен тәртіпте
айналымға
жіберілғен, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары.
Бағалы қағаздардың Қазақстан Республикасының заңдарымен
танылған басқа да түрлері.
Бірақ бағалы қағаздарды осылайша бөлу жалпы сипатқа ие, себебі, біздің
мемлекетімізде корпоративті бағалы қағаздар және мемлекеттік бағалы
қағаздар бар. Сонымен қатар, заң бағалы қағаздардың қор құндылықтары
ретінде қаралатындарын ғана қалдыра отырып, төлем құжаттарын (чек, вексель,
банкілік сертификаттар және т.б.) бағалы қағаздардан бөліп қарастырады.
Корпоративті бағалы қагаздар — мемлекеттік емес заңды тұлғалар
шығаратын қағаздар. Іс жүзінде бағалы қағаздардың кейбір түрлері
корпоративті де, мемлекеттік те болады (Мысалы: облигациялар).
Бағалы қағаздардың жеке түрлерін талдап шығайық. Қазақстан
Республикасының заңдары бойынша акция дегеніміз — иесіне акционерлік
қоғамның табысының бір бөлігін дивиденд түрінде алуға, акционерлік қоғамның
істерін басқаруға қатысуға және акционерлік қоғам жойылған жағдайда оның
мүліктерінің бір бөлігін алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Осы
бағалы қағазға тән белгісі — оны тек акционерлік қоғам ғана шығарады және
Жарғылық қорға қатысады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 2-
мамырда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Варранттар мен конвертацияланатын бағалы қағаздары бар акционерлер осы бағалы қағаздарды қарапайым акцияларға айырбастауына құқылы
Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі
Екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздар нарығын құрастырудағы және дамытудағы ролі
Қор биржасы және биржадан тыс нарықтың ұйымдастырушылары
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму тарихы
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Қазақстандағы қор нарығы: даму перспективасы және экономикалық құқықтарының аспектілері
Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар
Пәндер