Кәсіпорын пайдасы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

:
:
:
:
:
:
: Кіріспе
: 3
:
:
:
: 1.
: Пайда экономикалық категория ретінде
:
: 1. 1.
: Кәсіпорын пайдасының экономикалық мәні
: 5
: 1. 2.
:

Пайданың кәсіпорын қызметіндегі

ролі және функциялары

: 7
: 1. 3.
:

Кәсіпорын пайдасының қалыптасуы

және орналастырылуы

: 9
:
:
:
: 2.
: Кәсіпорын пайдасын талдау және жоспарлау
:
: 2. 1.
: Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау
: 12
: 2. 2.
: Кәсіпорынның пайдалығының көрсеткіштері
: 15
: 2. 3.
: Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістемесі
: 19
:
:
:
: 3.
: Кәсіпорын пайдалығын арттырудың негізгі мәселелері
:
: 3. 1.
: Кәсіпорындардың пайдасын арттыру жолдары
: 24
: 3. 2.
: Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын пайдасына әсері
: 27
:
:
:
: Қорытынды
: 29
:
:
:
: Қолданылған әдебиеттер тізімі
: 31

Кіріспе

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.

Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен пайда алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.

Пайда кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Пайда таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, пайда кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.

Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің пайдалық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар пайданың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын пайда есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында пайданың кәсіпорын қызмтіндегі ролі мен оны арттырудық жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:

  • кәсіпорын пайдасының экономикалық негіздерін қарастыру;
  • кәсіпорын пайдасының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
  • кәсіпорындардағы пайданың артуын түрлі факторлардың және қаржылық тәуекелдердің әсерін анықтау.

Зерттеу объектісі ретінде кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.

Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорынның пайдасының жалпы ұғымына және оның кәсіпорын қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ пайданың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады.

Екінші тарау барысында кәсіпорындардың пайдалық деңгейін талдаудың әдістемесі және рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері зерттеуге алынады. Сонымен қатар, кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістемесі де қарастырылады.

Үшінші тарауда қазіргі таңдағы кәсіпорындардың пайдалығын арттырудың негізгі жолдары мен пайданың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады.

Курстық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.

1. Пайда экономикалық категория ретінде

1. 1. Кәсіпорын пайдасының экономикалық мәні

Пайданың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша пайда дегеніміз - бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, пайда - бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде пайда ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі пайдатарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.

Біз білетіндей, кәсіпорын пайдатары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:

  • негізгі қызметтен алынған пайда;
  • өзге де пайдатар.

Негізні қызметтен алынған пайда өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат кірістерін қамтиды.

Өзге пайдатарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған пайда жатады.

Бухгалтерлік есеп теорияшылары пайда ұғымымен байланысты келесідей мәселелерді атап көрсетеді.

  1. Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек кәсіпорын әлі пайда алған жоқ. Бұл мәселе кәсіпорынның өндіріс барысына салынған, алайда әлі бітпеген капитал айналымының экономикалық мәні мен меншіктік құқықтың сәйкес келмеуінен туындайды.
  2. Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, алайда кәсіпорынның балансында пайда көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық борыш құрамында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда кәсіпорынның өзінің алған пайдасын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ.
  3. Кәсіпорын өзінің пайда сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша пайда бар, алайда кассада немесе есеп-шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда кәсіпорын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді.
  4. Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы - бухгалтерлік есепте пайда көрсетілген кәсіпорын банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған пайданы өтімсіз активке салумен сипатталады. Нәтижесінде кәсіпорынның өтімділігі жойылады да, банкроттық жағдайға ұшырайды.
  5. Кәсіпорынның мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, пайда жоқ. Құндылықты қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда кәсіпорынның пайдасы емес, қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де кездеседі.
  6. Кәсіпорын нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды есептік пайданы көрсетеді. Мысалға, кәсіпорын қандай да бір өндірістік активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін ғана толық өтеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында кәсіпорын зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер ішінде ай сайын пайда көрсетіледі.
  7. Кәсіпорынның біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің құнының жиынтығының арасында айырмашылықтар болады. Бұл көрсеткіштердің айырмасы «гудвилл» немесе «фирманың құны» деген ұғыммен белгілі. Әдетте бұл көрсеткіш оң нәтижені көрсетеді, яғни кәсіпорынды бөлшектеп сатқан жағдайда оны толық сатқандағы жағдаймен салыстырғанда көп қаражат өндіріп алуға болады.

Пайдапен байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: «бухгалтерлік есепте көрсетілген пайда қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін көрсетпейді. Бұл, өз кезегінде, бухгалтерлік және экономикалық пайда деген түсініктерді бөліп қарастыру керек деген тұжырымға алып келді. Біріншісі - тауарлар мен қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі - капиталдың «жұмыс істеуінің» нәтижесі деп қарастырылады.

Пайданың осындай екі түрлі тұжырымдамасы батыс елдерінде кеңінен даму алды. Батыстық негіздерге сүйенсек, пайда концепциясы үш түрлі мақсат үшін маңызды:

  1. салықтарды есептеу үшін;
  2. кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін;
  3. тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін.

Пайданың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жеткізу үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз болып табылады.

Пайданың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып, «пайда» ұғымына келесідей анықтама беруге болады. Пайда деп тауарды өткізу, қызметтер көрсету және жұмыстар атқару нәтижесінде қалыптасқан қосылған құнды айтады. Өзге мүліктерді сату, өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар және басқа да қаражат кірістері кәсіпорынның пайдасын арттырады.

Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит бойынша әдістемелік нұсқаулығында «пайда» ұғымы келесідей түрде анықталады. «Пайда дегеніміз - қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді».

Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабы былай дейді:»Пайдатар - бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы болып табылады».

Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті пайда алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, пайда алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда пайданың кәсіпорын қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.

1. 2. Пайданың кәсіпорын қызметіндегі

ролі және функциялары

Нарықтық жағдайларды пайданың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей, жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген болатын. Пайда табу кез-келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен пайда кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек пайда қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Пайда табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдары бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.

Нарықтық экономикада кәсіпорын пайдасының ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде ретінде пайда бірқатар маңызды функцияларды атқарады.

Біріншіден, пайда кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның пайданылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір пайда қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпорын иелерінің, қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Пайда мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның өзіне байланысты болса, кейбіреулері кәсіпорынның қолынан келмейтін шаралар болып табылады.

Екіншіден, пайда ынталандырушы функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, пайда нарықтық шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Пайда «кәсіпорындардың басты мақсаты» деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы пайданың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де) байланысты.

Пайда - меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын пайда мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

Нарықтық экономикада пайда - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.

Тағы да айта кететін жағдай - пайда кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады. Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын пайда жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.

Үшіншіден, пайда мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Пайда мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады.

Сонымен, кәсіпорынның пайдасы - оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық экономика ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:

  • акционерлік меншікті арттыру;
  • пайданы арттыру;
  • басқарушылық сыйақыларды арттыру;
  • әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.

Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің ең бірінші кезектегі мақсаты - кәсіпорын акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжымға негізделген. Яғни кәсіпорындар өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Кәсіпорынның басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.

Кәсіпорын мақсаттарын бұлайша саралау батыстық экономика үшін әбден ақылға қонымды. Пайданы арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді міндет болып табылады, ал акционерлік меншікті арттыру - ұзақ мерзімді мақсат болып табылады. Себебі кәсіпорын иелері бүгінгі пайдақа да, келешектегі пайдақа да мүдделі.

1. 3. Кәсіпорын пайдасының қалыптасуы

және орналастырылуы

Кәсіпорын пайдасының қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі, пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады.

Кәсіпорынның жалпы пайдасы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған пайдатарының жиынтығынан қалыптасады. 1. 1-суретте кәсіпорынның жалпы пайдасының қалыптасу үлгісі берілген.

Жалпы пайданың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған пайдатары кіреді. Бірінші кезекте жалпы пайда өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған пайданы қамтиды. Бұл пайда жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге, өткзуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.

Екіншіден, жалпы пайданың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан алынған пайда, яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы өндірістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың) пайдатары кіреді.

Үшіншіден, жалпы пайданың құрамына негізгі қорларды және өзге де мүліктерді сатудан түскен пайда кіреді.

Сондай-ақ, жалпы пайда өткізілімнен тыс алынған пайдатар мен шығындарды, яғни тауарды немесе қандай-да бір активті сатудан тыс операциялардың нәтижесін, қамтиды.

Кәсіпорынның қарамағында қалатын жалпы пайдасы әрі қарай үлестіру объектісі ретінде қарастырылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге, ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы - салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі. Содан кейін қалатын пайданы үлестірудің бағытын анықтау кәсіпорынның құзіретіне жатады.

Пайданы үлестірудің негізгі принциптері келесілер:

  • кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған пайдасы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді;
  • мемлекет қазынасына түсетін пайданың бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтардың құрамы, мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде белгіленеді;
  • салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын пайда мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек;
  • шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін қорларға, ал қалған бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді.

Кәсіпорын қарамағында қалатын пайда (таза пайда) екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады.

Тұтыну қорларына бағытында қолданылатын пайда кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның капиталын ұлғайтуға орналастырылған пайда өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлуетті (потенциалды) пайдалығын арттырудың алғы шарты болып табылады.

Сондай-ақ, пайда тек өндіріс процессіне орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге, басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан еңбекке деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.

Жинақталу қорларына бағытталатын пайда алуан түрлі қосымша қорларды қалыптастыруға жұмсалады: әлеуметтік сақтандыру қоры, резервтік қорлар, экологиялық қор және тағы да басқа қорлар. Бұл кәсіпорындардың келешекте болуы ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға, қоғам өміріне өндіріс барысынан келетін зияндарды өтеуге, сондай-ақ, қолайлы жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен қосымша күтпеген пайдатарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін тигізеді.

2. Кәсіпорын пайдасын талдау және жоспарлау

2. 1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау

. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты пайда алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішке аудару керек.

Пайданың бірінші абсолютті көрсеткіші - өнімді (қызметтерді, жұмыстарды) өткізуден алған пайда. Ол қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т. с. с. салықтар мен міндетті төлемдерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құнын, сату және баға шегерімдерін алып тасталып көрсетіледі.

Пайда құрылымында ең үлкен үлесті өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін пайда алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және басқа да факторлармен анықталады.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен пайда жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін пайда көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлық-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

2. 1-кестеде өнімді өткізуден түскен пайданы алу жоспанының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.

2. 1-кесте

Өнімді өткізуден түскен пайда жоспарының

негізделуін бағалау

мың теңге

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Есептік бағасы: Есептік бағасы
№: 1
Көрсеткіштер: Өткізілмей қалған дайын өнімнің нақты қалдығы
Есептік бағасы: 8 360
№: 2
Көрсеткіштер: Тауарлы өнім шығару
Есептік бағасы: 29 000
№: 3
Көрсеткіштер: Өткізілген өнімнің жыл соңындағы қалдығы
Есептік бағасы: 15 940
№: 4
Көрсеткіштер: Өнімді өткізуден алынуы мүмкін пайда (1 + 2 - 3)
Есептік бағасы: 21 420
№: 5
Көрсеткіштер: Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын пайда
Есептік бағасы: 20 850
№: 6
Көрсеткіштер: Ауытқуы (4 - 5)
Есептік бағасы: 570

Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін пайда көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін пайда 20850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің өзіндік құнын төмендету
Меншікті капиталдың есебі туралы ақпарат
Пайда және өндіріс рентабельділігі
Жарғылық капитал кәсіпорын жарғысымен анықталған бастапқы капитал
Кәсіпорынның табысы және өндіріс рентабельділігін талдау
КӘСІПОРЫН ТАБЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ
Процент нормасы қарыз капиталына алынған жалдық табыс саласының, қарызға берген капитал саласына қатынасы
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, рентабельділікті арттыру әдістері, пайда
Меншік капиталының аудиті туралы
Кәсіпорын пайдасын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz