Жапон дипломатиялық қызметі



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3


II. Негізгі бөлім
1. Жапон дипломатиялық қызметінің тарихы, дәстүрі ... ... ... ... .7
1.1 Жапон дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .7
1.2 Жапондықтардыңкеліссөздер жүргізу стилі ... ... ... ... ... ... ... ...8

2. Жапон дипломатиялық қызметінің негізгі бағыттары ... ... ... ...11
2.1 Мәдени насихаттаусаясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2ЖапонияжәнеБҰҰ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

3.Премьер.министр дипломатиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3.1Жапон дипломаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3.2 Дипломатиялық қызметтегі басты тұлғалар ... ... ... ... ... ... ... ... 21

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
XXI ғасыр қарсаңында жапон дипломатиясының негізгі бағыты қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында болды.Жапонияның халықаралық саяси және әскери жүйесіне байланысты қауіпсіздік мәселесін зерттей отырып ,- бұл ядролық стратегия немесе ядролық қарудың таралуы бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне әсер ететіндігіне мән беріп кетуіміз керек.
Жапон ядролық қаруы болғандықтан, қаруды сыртқа шығарумен айналыспағандықтан, оған дипломатиялық мақсатқа жету үшін әсерлі құралы жоқ деген сияқты мемлекетке қарайды. Бұл шынымен де солай ма? Ядролық бомбалау басынан өткерген Жапония әлемдік қоғамдастыққа ядролық қарудың адамдар биосферасына зор қауіп әкелетінін түсіндіре отырып, ұлттық, азаматтық, мемлекеттік деңгейде мұндай жағдайға жету қиын болып отыр.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әлемдік жүйесінің негізі аймақтық құрылымдар мен келісімдер, НАТО, құрамына Австралия, Жаңа Зеландия және АҚШ кіретін АНЗЮС, сонымен қатар бұрынғы кеңес блогына бұрынғы елдері Ташкент келісімі, тіпті, әскери одақ емес Америка мемлекетерінің ұйымы және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ассоциясы сол аймақтарда дағдарысты бірігіп шешу міселесін мойнына алады.
Алайда, Шығыс Азия шекарасында мұндай функционалдық жүйе аз, жоқтың қасы. Сонда Жапония аймақтық қақтығыстарды шешу және алдын алу үшін не істеу керек? Яғни ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы жапон-американ функцияларын дамыту және нығайту қажет. Осы тұста, Жапония мен АҚШ еңбек бөлінісін анықтау мен теңіз жолдарын қорғау шаралары толық жетілдіру қажет. Алыс келешекте, аймақ елдері арасында қарым-қатынасты нығайту мен аймақтық қақтығыстарды шешуге ат салысу қажет. Сондықтан да, АСЕАН шеңберінде талқыланатын қауіпсіздік сферасында аймақтық серіктестік мәселесі, интенцификациялап отыр.
Жапонияның Азияда аса қарағылықпен біріккен серіктестік жүйесінің құрылуы мәселелердің шешілулеріне еш үміті жоқтығында. Әрине, АСЕАН-дағы жалғасып келе жатқан диалог, аймақтық мәселелердің шешілуіне зор маңызы бар, және Жапония бұл диалогтың масштабының кеңеюі мен тереңдеуін қолға алуы қажет.
Көптеген елдердің саяси, қоғамдық, ғылыми топтарында Жапонияға деген қызығушылық артып келе жатыр.Қызығушылық ретінде жапон экономикасы, жапон халқының көне дәстүрі, оның өзіндік мәднниеті болып отыр.
Соғыстан кейінгі эконоимкалық артта қалушылықты жеңген Жапония капиталистік әлемнің екінші державасына айналды. Егер 1960-жылы Жапонияның әлемдік жалпы ұлттық өнімінде үлесі барлығы 3 % болса, 1986жылы 10% болды.
1. Панов А.Н. Японская дипломатическая служба – М.,Меж.отн., 1988-
2. Мокщанцев Р.Н. Психология переговоров – М.,2002- 352с.-С.254
3. Овчинников В.В. Ветка сакуры: Рассказ о том, что за люди японцы – М.:Молод.гвардия,1975- 297с.-С.185
4. Латышев И.В. Япония, японцы, японоведы – М.,2001-831с.-С.495
5. Акио Ватанабэ Правительство и политика современной Японии – М.,1988- 285с.- С.98
6. Панов
7. Макаров А.А. Политическая власть в японии: Механизм и функционирование на современном этапе – М.,1988- 197с.- С.102
8. Преображенский К.Г. Неизвестная Япония – М.,1993-285с.- С.154
9. Саркисов К.О. Япония и ООН – М.,1975- 256с.- С.95
10. Панов
11. Макаров А.А. Политическая власть в Японии: Механизм и функционирование на современном этапе – М.,2002- 197с.-С.150

1. Кутаков Л.Н. Внешняя политика и дипломатия Японии - М.,1964
2. Панов А.Н. Японская дипломатическая служба – М.: Меж.отн.,1988
3. Зорин В.А. Основы дипломатической службы – М.,1977
4. Петров Д.В. Япония в мировой политике – М.,1976
5. Саркисов Н.О. Япония и ООН – М.,1975
6. Мокщанцев Р.Н. Психология переговоров – М.,1976
7. Латышев И.В. Япония, японцы, японоведы – М.,2001
8. Акио Ватанабэ Правительство и политика в современной Японии – М.,1983
9. Макаров А.А. Политическая власть в Японии: Механизм функционирование на современном этапе – М.,1988
10. Овчинников В.В. Ветка сакуры: Рассказ о том, что за люди японцы – М.:Молодая гвардия,1975
11. Дунаев В.И. Японцы в Японии – М.,1977
12. Преображенский К.Г. – М.,1993
13. Берндт, Юрин Лики Японии – М.,1988
14. Бунин В.Н. Бунин С.В. Япония на изломе веков – М.,2001

Деректер

1.Япония 1995-1996 г.г.: ежегодник / инст.Востоковедения,/под.ред. Саркисов К.О. – М.,1996
2. Япония 1996-1997г.г.:ежегодник/инст.Вост-ния,/под.ред. Саркисов К.О. – М.,1997
3. Япония: Сборник статей и материалов – Л.,1934
4. Дипломатическая и консульская служба сб. док-тов / под.ред. Шеребетова С.Г. – А.,2004

Мазмұны

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

II. Негізгі бөлім
1. Жапон дипломатиялық қызметінің тарихы,
дәстүрі ... ... ... ... .7
1.1 Жапон дипломатиялық қызметінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .7
1.2 Жапондықтардыңкеліссөздер жүргізу
стилі ... ... ... ... ... ... ... .. .8

2. Жапон дипломатиялық қызметінің негізгі
бағыттары ... ... ... ...11
2.1 Мәдени
насихаттаусаясаты ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 12
2.2ЖапонияжәнеБҰҰ ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...14

3.Премьер-министр дипломатиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3.1Жапон
дипломаты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 19
3.2 Дипломатиялық қызметтегі басты
тұлғалар ... ... ... ... ... ... ... ... .21

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...23

Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

XXI ғасыр қарсаңында жапон дипломатиясының негізгі бағыты қауіпсіздікті
қамтамасыз ету саласында болды.Жапонияның халықаралық саяси және әскери
жүйесіне байланысты қауіпсіздік мәселесін зерттей отырып ,- бұл ядролық
стратегия немесе ядролық қарудың таралуы бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне әсер
ететіндігіне мән беріп кетуіміз керек.
Жапон ядролық қаруы болғандықтан, қаруды сыртқа шығарумен
айналыспағандықтан, оған дипломатиялық мақсатқа жету үшін әсерлі құралы жоқ
деген сияқты мемлекетке қарайды. Бұл шынымен де солай ма? Ядролық бомбалау
басынан өткерген Жапония әлемдік қоғамдастыққа ядролық қарудың адамдар
биосферасына зор қауіп әкелетінін түсіндіре отырып, ұлттық, азаматтық,
мемлекеттік деңгейде мұндай жағдайға жету қиын болып отыр.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әлемдік жүйесінің негізі аймақтық
құрылымдар мен келісімдер, НАТО, құрамына Австралия, Жаңа Зеландия және АҚШ
кіретін АНЗЮС, сонымен қатар бұрынғы кеңес блогына бұрынғы елдері Ташкент
келісімі, тіпті, әскери одақ емес Америка мемлекетерінің ұйымы және
Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ассоциясы сол аймақтарда дағдарысты бірігіп
шешу міселесін мойнына алады.
Алайда, Шығыс Азия шекарасында мұндай функционалдық жүйе аз, жоқтың
қасы. Сонда Жапония аймақтық қақтығыстарды шешу және алдын алу үшін не
істеу керек? Яғни ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы жапон-американ
функцияларын дамыту және нығайту қажет. Осы тұста, Жапония мен АҚШ еңбек
бөлінісін анықтау мен теңіз жолдарын қорғау шаралары толық жетілдіру қажет.
Алыс келешекте, аймақ елдері арасында қарым-қатынасты нығайту мен аймақтық
қақтығыстарды шешуге ат салысу қажет. Сондықтан да, АСЕАН шеңберінде
талқыланатын қауіпсіздік сферасында аймақтық серіктестік мәселесі,
интенцификациялап отыр.
Жапонияның Азияда аса қарағылықпен біріккен серіктестік жүйесінің
құрылуы мәселелердің шешілулеріне еш үміті жоқтығында. Әрине, АСЕАН-дағы
жалғасып келе жатқан диалог, аймақтық мәселелердің шешілуіне зор маңызы
бар, және Жапония бұл диалогтың масштабының кеңеюі мен тереңдеуін қолға
алуы қажет.
Көптеген елдердің саяси, қоғамдық, ғылыми топтарында Жапонияға деген
қызығушылық артып келе жатыр.Қызығушылық ретінде жапон экономикасы, жапон
халқының көне дәстүрі, оның өзіндік мәднниеті болып отыр.
Соғыстан кейінгі эконоимкалық артта қалушылықты жеңген Жапония
капиталистік әлемнің екінші державасына айналды. Егер 1960-жылы Жапонияның
әлемдік жалпы ұлттық өнімінде үлесі барлығы 3 % болса, 1986жылы 10% болды.
Жапонияның халықаралық саудаэкономикалық және ғылымитехникалық алмасуда
қатысуда маңызы зор. Алайда әлемдік саясат сферасында бұлай деп айта
алмайсыз. Жапон сыртқы саясаты бұрынғысынша пассивті, тығыз мемлекеттер
арасында, әсіресе АҚШпен еікжақты қарымқатынаспен ғана шектеліп
отыр.Токионың Вашингтонға біржақты бағыт алуы жапон дипломатиялық
қызметінің мүмкіншіліктерін шектейді.Сондықтан да Күншығыс елінің
дипломаттары назардан тыс болып отыр.
Жапонияның халықаралық сауда-экономикалық ғылыми-техникалық алмасуға
қатысуында маңызы зор. Алайда әлемдік саясат барысында бұлай деп айта
алмаймыз. Жапония сыртқы саясаты бұрынғысыеша пассивті, тығыз мемлекеттер
арасында (әсіресе АҚШ-пен) екіжақты қарым-қатынаспен шектеліп отыр.
Токионың Вашингтонға біржақты бағыт алуы жапон дипломатиялық қызметінің
мүмкіншіліктерін шектейді. Сондықтан да Күншығыс елінің дипломаттары
назардан тыс болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты жапон дипломатиялық қызметін толық ашып
көрсету. Осы мақсатқа жету үшін алдыма бірнеше міндеттер қойдым:

1. Жапон дипломатиясының пайда болу тарихын ашып көрсету, дипломатиялық
қызметте ерекшеліктерін анықтау.
2. Жапондықтардың келіссөздер жүргізу стилін көрсетіп, ұлттық
психологиясын анықтау
3. Жапонияның халықаралық ұйымдардағы жүргізетін дипломатиясы,
яғни БҰҰ-дағы ұстанымдарын ашып көрсету.
4. Жапон дипломатиялық қызметіндегі премьер-министрдің ролі, сыртқы және
ішкі саясатқа әсерін көрсету.
Курстық жұмысты жазу барысында, көптеген әдебиеттер мен деректерді
пайдаландым. Соның ішінде айтып өтер болсақ, А.Н. Пановтың Японская
дипломатическая служба атты кітабында Жапонияның дипломатиялық қызметі
туралы толық жазылған, яғни сыртқы істер министрлігінің құрылымы,
бөлімшелердің функциялары нақты жазылған. В.В. Овчинниковтың Ветка сакуры:
Рассказ о том, что за люди японцы атты еңбегінде жапондықтардың ұлттық
психологиялық ерекшеліктерін ашып көрсеткен, ал Р.И. Мокщанцевтің
Психология переговоров атты кітабында жапондықтардың келіссөздер жүргізу
стилінің ерекшеліктері туралы баяндалған. Ал Н.О. Саркисовтың Япония и
ООН атты еңбегінде Жапонияның халықаралық ұйымдағы, яғни БҰҰ-дағы
қызметін, БҰҰ-дағы Жапонияның ұстанымдары, басқа мүше-мемлекеттермен қарым-
қатынасы туралы жазылған. А.А .Макаровтың Политическая власть в Японии:
Механизм и функционирование на современном этапе атты еңбекте Жапонияның
саяси билігінің қызметі туралы жазылған.
Курстық жұмысты жазу барысында зерттемелік әдісті қолдандым. Курстық
жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, сілтемелер және әдебиеттер
тізімінен құралған.

1.Жапон дипломатиялық қызметінің тарихы, дәстүрі

Жапон дипломатиялық қызметі салыстырмалы түрде әлі жас.100 жылдан
астам тарихы бар Күншығыс елінің дипломаты сыртқысаяси қатынастарды
орнатуда,күрделі келіссөздерді жүргізуде бай дәстүрімен ерекшелене
алмайды.Елдің аралдық жағдайы,тек европалық елдерден емес,азиаттық елдерден
алыс орналасуы Жапонияның басқа елдермен қатынасын анықтаған болатын.
Жапон дипломатиялық қызметі жапон тарихында белгілі Мэйдзи
революциясынансоң құрыла бастаған болатын.1868 ж. дейін жапон императоры
ешқандай билікті қолданбады.Барлығымен жоғарғы әскербасылар-сегундар
басқарған болатын.1867 ж.Жапонияда сегунат пен император арасында азаматтық
соғыс басталды.Сегунат әскерлері жеңіліс тапқан болатын.Билік абсолютті
түрде,өзінің билік ету жылдарын Мэйдзи деп атаған император Муцихитоға
көшті.Монархтар реставрациясынан кейінгі жағдайдың әсерінен пайда болған
буржуазиялық революциясынан соң Жапония ірі капиталистік мемлекеттер
қатарына қосылды.
Жаңа билік ету органдарының құрылуынан бастады.1868 ж. мемлекеттік
кеңес құрылды, оның басшысы ретінде он жоғарғы кеңесші(гидзе) және жиырма
кіші кеңесші(санье) құрамына енетін председатель болды.
1868 ж.басында өкіметтің қайта құрылу негізінде М.Ямасина басшылығымен он
бір жоғарғы және кіші кеңесшілерден құралған сыртқы істер департаменті
құрылды.Алғашқы сыртқы істер министрі болған Н.Сава. Алғашында департамент
Цикудзи районындағы кішкене сарайда орналасқан боолатын.Алайда 1871
ж.қаланың орталық районындағы Касумигасэкиге
Көшкен болатын.Жапонияның сыртқысаяси қызметінің кеңеюіне байланысты сыртқы
істер министрлігінде құрылымдық рефорлар жүргізіле бастады.министрліктің
жарғысына сәйкес1893 ж. алғаш рет департаменттер мен бөлімшелер құрылған
болатын,алты департамнетті кеңесшілер(дзе),ал бөлімшелерді хатшылар (року)
басқарды,сонымен қатар үшінші рангті аудармашылар,канцелярия қызметкерлері
болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында министрлік құрылым
тұрақталып,келесідей болып құрылды:министр және оның орынбасары,министр
хатшылығы,(құрамына протоколдық, құжаттама, қаржылық,байланыс бөлімшелері
енді) сонымен қатар төрт департамент:саяси,соғыс кезіндегі
экономика,келіссөздік,зерттеулік.
Саяси департаменттің бірінші бөлімшесі сыртқысаяси әрекетті
жоспарлаумен айналысты, ал екіншісі Жапонияның Азия елдерімен қарым-
қатынасын реттеумен үшіншісі КСРО-мен,төртіншісі Европа және Америка
елдерімен, бесіншісі Ұлыбританиямен, соңғысы АҚШ-пен қарым-қатынастарын
реттейді.Соғыс кезіндегі экономика департаменті және келіссөздік
депертамент екі бөлімшеден құралды.зерттеулік департаменттің бірінші
бөлімшесі дипломатия тарихын зерттеумен,құжаттарды қайта өңдеумен айналысса
екіншісі,ақпарат жинастырумен соның ішінде КСРО және басқа азиаттық елдерде
барлау арқылы ақпарат жинау.
Жапонияның алғашқы шетел миссиялары 1870-1874 ж.ж. АҚШ-
та,Ұлыбританияда Францияда,Ресейде,Австрияда,Қытайда ашылды.1914 ж.қарай
ірі елдердегі ,АҚШ-тағы,Ресейдегі, Франциядағы, Ұлыбританиядағы,Италиядағы
жапон миссиялары елшілікке айналды.Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында
Петербургтағы жапон елшілігінде он сегіз дипломат қызмет атқарды.Тоғыз
елдегі-Бельгиядағы,Бразилиядағы,Чил идегі, Қытайдағы, Испаниядағы,
Мексикадағы, Нидерландыдағы, Швециядағы, Германиядағы-дипломатиялық
өкілдіктер миссия деңгейінде қала берді,сонымен қатар Жапонияның он жеті
ген.консулдығы және жиырма тоғыз консулдығы болды. Брінші дүниежүзілік
соғыс қарсаңында Петрбургтағы жапон елшілігінде 18 дипломат жұмыс істеді.
Жапон консулдықтары Москвада, Владивостокта, Николаевскіде, Одессада жұмыс
істей бастады. Сыртқы істер министрлігінің алғашқы жылдарында Жапонияда
дипломатиялық постттарды саяси тұлғалар алды. Алайда дипломатиялық кадрді
дайындау жүйесі қалыптасқаннан кейін, жағдай өзгерді: негізінен елші немесе
өкіл болып дипломатиялық тәжірибесі бар тұлғалар сайланды. ХІХ ғасырдың
аяғына қарай министрліктің және шет мекемелердің құрамы дипломатиялық
қызметке арнайы емтихан тапсырған шінеуніктер ден құралды.Соғысқа дейінгі
кезеңде белгілі жапон дипломаттары өз карьерасын конкурстық емтиханнан
бастаған болатын.(1)
Жапонияның атақты кәсіпкер дипломаты- Кикудзиро Исии (1866-1945 ж.ж.)
тиесілі емтихан тапсырып 1890 жылы министрлікке қабылданған болатын, Өзінің
дипломатиялық жетістіктері үшін виконта дворяндық атағы берілген болатын.
Жапония белсенді сыртқы саяси қызметке Мэйдзи реставрациясынан кейін
өзіне тиімсіз жағдайда кіріскен болатын. Ел әлсіз серіктес позициясында
болып, дипломатиялық қатынаста еш тәжірибесі болмаған еді.Сондықтан да
алғашқы дипломатиялық мәселелер Жапония үлесіне шешілмеген болатын.
1868 жылы Тосы кланының самурайлары Сакайда 14 французды өлтірген
еді.Франция талабы бойынша жапон үкіметі жұбанышты сумма төлеген болатын.
Қылмыста кінәлі самурайларға француз елшісінің алдында қарындарын жару,
яғни харакири жасау керек болды. Елші өз-өзін өлтіру сценасын көтере алмай,
он бірінші самурай харакири жасап болғаи кезде,қалған тоғыз самурайға
жекелеген аралға жер аударуды ұсынды.
Тағы бір туындаған мәселе, 1868 жылы қаңтарда император үкіметі шетел
елшіліктеріне Жапониядағы болып жатқан азаматтық соғысқа кіріспеуін сурауы
туралы хат жіберді. Алайда АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Голландия, Италия
және Пруссия елдері нейтралитет ұстайтындығын жариялағанымен, батыс
державалалары қарсы тұрған мемлекеттерге ашық көмектесіп отырды
Ресей Жапонияда болған оқиғаларға байланысты тұрақты нейтралитет
сақтаған мемлекет болды.Жапон істеріне араласпау саясаты 1855 жылы
Симодадағы алғашқы шекара, сауда және дипломатиялық қатынас туралы орыс-
жапон келісім негізінде болды. Араласпау және нейтралитет принципін қатаң
ұстанған Ресей шетел державаларының жапондықтарға қарсы әрекеттеріне
қатыспады.
Жас жапон дипломатиясы шетел мемлекеттерімен тең құқықсыз келісімдерді
қайта қарауға бағытталды. 1871 жылы қарашада бұл мақсатпен алғаш рет
талаптанды. АҚШқа және европалық мемлекеттерге императорды билік басына
әкелген төңкеріс жетекшілерінің бірі, юстиция министрі Т.Ивакура
басшылығымен елшілік бағытталды.Император елшілікті Жапонияның бейбіт
бағытталғанын және олармен дипломатиялық,и достық қатынастарын дамытуға
дайындығын ескертіп, тең құқықсыз келісімдерді қайта қаралуын тапсырды.

1.1 Жапондықтардың келіссөздер жүргізу стилі

Жапонияның ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері мен тәрбие жүйесі
олардың келіссөздер жүргізу үрдісіне әсер етеді.Мысалға,егер жапондық
белгілі бір уақытта,белгілі бір жерде келіссөз жүргізуге уәде берген
болса,оның белгіленген уақыттан екі минут бұрын келетіндігіне еш күмән
болмайды.Жапондықтардың келіссөздер жүргізу тәжірибесі және іскери
қатынасы нақтылық пен жауапкершілікпен негізделген.
Жапондықтар келіссөздер жүргізуге өте байсалды қарайды және
келіссөздер барысында ұстанымдық алауыздықтың болуынан алшақ болуға
тырысады.
Жапондықтар серіктестерінің көнушілігіне,жол берушілігіне позитивті
жауап береді.Екінші жақтың ондай әрекеті жапондықтар тарапынан өздеріне
көрсетілген сый-құрмет деп қабылдацды.
Жапондықтармен келіссөздер жүргізу барысында жоқ деген сөзді
ацтуға қашқақтайды.өздерінің келіспеушіліктерін олар жәй ғана жымиюмен
білдіреді.Тіпті екінші стақан шайдан бас тартқан сәтте,егер батыстың адамы
жоқ,рахмет ішпеймін десе,жапондықтар маған онсыз да жақсы деп жауап
қайтарады.(2)
Жапондықтар келіссөздер жүргізуші серіктесін ерекше назармен
тыңдайды.Европалықтар жапондықтардың бұл әдетін өз көзқарастарымен
келіскен екен деп ойлайды. Ал, негізінде ерекше назар
аудару,жапондықтардың хай (ия) деген сөзі келіскендікті білдірмейді.Бұл
жәй тек Сіздің айтқаныңыз тыңдалды дегенді білдіреді.Осындайдан
жапондықтар туралы негативті ой қалыптасу мүмкін,алайда ол олай
емес,негізінде жапондықтар Жапонияда қалыптасқан сыпайылық нормасын
сақтацды.
Айтып өткендей,ресми келіссөздер барысында қарама қайшылықтың
болуынан қашқақтайды.Келіссөздер серіктестерімен болған гармонияның
бұзылуынан сақтануға тырысады.Олар өз серіктестерімен жеке таныстықта
негізделген адамдық қатынастарды орнатуға тырысады.
Жапондықтар келңссөздердің іскери әлемде тең жағдайда жүргізілуне көп
көңіл бөледі.Сондықтан да бірінші кездесуден келіссөздерге қатысушы
өкілдер деңгейлерінің сәйкес келетіндігін я келмейтігін анықтайды. Бір
баспалдаққа болсын деңгейлердің сәйкес келмеуі жапондықтар үшін этикетті
бұзушы,ісерлік әлемде беделі төмен сұраушы рөліндегі мемлекет ретінде
қабылданады.(3)
Келіссөздерде,кездесуде уақыт нақтылығын сақтау қажет.Жапондықтар
үшін қандай себеппен болмасын туындаған кешігулер ауыр
соғады.Ал,келіссөздерге қатысты айтсақ,олар барлығынан да нақты-
уақыттан,кездесудің басталуы мен аяқталуынан, уәдесін және мойнына
жүктелген міндеттерді орындаудан-бұл жапондықтардың келіссөздер жүргізу
стилінің ерекшеліктері.
Ресми отырыстарда жапон тарапы көбіне мағынасыз,немесе мағынасы
төмен темаларды талқылауға тырысады.Жапондықтар келіссөзді ешқашан да күн
тәртібіндегі маңызды мәселеден бастамайды,оған ақырындап жақындайды.Бұл
жапондықтардың дәстүрлі келіссөздерді жүргізу кезіндегі сәйкес атмосфера
құруы,оларға керек өзара түсіністік орнатуы.Егер барлық өзексіз мәселелер
шешілген болса, олар басты мәселе шешіледі деп ойлайды.
Келіссөздердегі талқыланатын мәселені олар кулуарада, бейресми,ашық
талқылауға тырысады.Нақ осындай жағдай оларға тиімді,ол келешек
келіссөздердің негізін қалауға жағдай жасайды.Олардың көбі
ресторан,барларда талқылап,келіссөздер үстелінде оған қол қояды.
Жапондықтарда ерекше шешім қабылдау жүйесі қалыптасқан,яғни мәселенің
талқылануы,қаралуы,келісім барлығының ортақ шешімі бойынша қабылданады.Бұл
жапондықтардың шешім қабылдау қиыншылығының жоғарғы деңгейі.Халықаралық
тәжірибеге сүйенсек жапон тарабының шешімі әрқашан да іске асырарлық және
тиімді болады.Жапонияда келіссөздер қатысушылары арасында,тіпті өз
делегациялары арасында консенсусқа көп көңіл бөледі.Сондықтан да ол
құқықтарын өз делегация мүшелері арасында көзқарастарын анықтау мақсатында
үзілісте талқылайды.
Жапондық тарап өз серіктестерімен жеке қатынастардың дамуына көп көңіл
бөледі.Сондықтан да адамдық мәселелерді талқылағанда салқынқандылық
танытпау қажет,олай сіз жапондықтардың эмоционалдық жағдайына қауіп
тудыруыныңыз мүмкін.Мейірімді көзқарас танытқан жөн,бірнеше жапон сөздерін
біліп,оларды келіссөздерде орынды пайдалансаңыз оларда сізге деген жақсы
көзқарас қалыптасады.
Жапондықтар өздерінің асқан сыпайылығымен байқам серіктесін арбап
алады.Жапондықтар көбіне көпжақты келіссөздерге қатыспауға тырысады.
Келіссөздер бастамасында олар әдетте жеке визиткаларымен
алмасады.Жапондыққа визитканы ұсынған кезде,визитканы алған кезде екі
қолмен алған жөн.(4)

1.2 Жапон дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері

Қазіргі жапон дипломатялық қызметінің құрылымы мен функциясы
тұрақты.Жапон сыртқы істер министрлігін (гаймусе) министр (гаймудайдзин)
басқарады. Келесі министрліктегі маңызды тұлға сыртқы істер министрдің
бірінші орынбасары (гаймудзимудзикан).Одан кейін үлкенділік тәртібімен
министрдің екінші орынбасары (гаймусингикан),миниср хатшылығының басшысы
(камботе), департамент директоры (кекуте), басқарма басшылары, бөлімше
басшылары (кате). Қазіргі кезде министрліктің құрамында он департамент бар-
бес аймақтық және бес функционалдық.Алғашқы бестіктің құрамына
Азия,Солтүстік Америка,орталық және оңтүстік Америка,Европа және
Океания,Таяу Шығыс және Африка департаменттері кіреді.Функционалдықтың
құрамына экономикалық ынтымақтастық,келіссөздік,Б.Ұ.Ұ.деп артаменті,ақпарат
және сараптау департаменті жатады. Азия департаменті алты бөлімшеден
құралған, ал орталық және оңтүстік Америка департаменті екі бөлімшеден
құралған. Министрлікте барлығы алпыс үш бөлімше, соның ішінде жиырмасы
территориялдық, және екі басшылық бар – мәдени айырбас, консулдық және
көші-қон.
Аймақтық департаменттер екіжақты қарым-қатынастың барлық мәселер
спектрін қарастырады.Функционалдық департаменттің ішінде ерекшше орын
алатын келіссөздік бөлім.Бұл бөлімнің директоры мен меңгерушілері құқықтық
мәселелерді қорғайтын екіжақты және көпжақты келіссөздерге қатысып,
сонымен қатар басқа бөлімшелердің басшыларына ғана емес,сыртқы істер
министріне,тіпті премьер-министрге қорытынды ұсынып,кеңес береді.Ешқандай
да келісім екіжақты,көпжақты,саяси және экономикалық сипаттағы болсын
келісім-шарт келіссөздік бөлімшеденің рұқсатынсыз іске аспайды.
Сыртқы саяси жағдайдың сараптамасы, сонымен қатар сыртқы саяси
жорамалдың жасалуы ақпарат және сараптау департаментінің функциясы болып
табылады. Департамент “Жаһандық сипаттағы’’ ақпараттарды жинау мен
сараптау жұмыстары мақсатымен зерттеу бөлімшесінің негізінде 1985 жылы
құрылған болатын.
Экономикалық департамент халықаралық экономикалық жағдай мен
халықаралық сауда жағдайын зерттей отырып, капиталистік елдермен,дамушы
елдермен сауда экономикалық қатынасында мемлекеттің ұстанатын бағытын
ұсынады. Мысалға, халықаралық экономикалық бөлімшесі Жапонияның өзінің
мұнай ресурсы болмағандықтан, мұнайдың халықаралық нарықтағы жағдайын аса
қадағалайды, сонымен қатар ОПЕК қызметін және соңан кірмейтін мұнай
өндіруші мемлекеттер қызметін қадағалайды.(5)
Экономикалық ынтымақтастық департаменті Жапонияның шет мемлекеттермен
экономикалық ғылыми-техникалық ынтымақтастық, дамушы елдерге қайтарымсыз
көмек мақсатында мемлекеттің льготтік көмек ұсыну функцияларына ие.
Департемент келісім-шарттың дайындалуы мен экономикалық және ғылыми-
техникалық ынтымақтастық жөнінде келісімдерді дайындаумен айналысады.
Министрліктің барлық қызметі бөлімшелерге байланысты. Бөлімше құрылымды
түрде үш сектордан құралған – жалпы мәселе, екі жақты қарым-қатынас және
әкімшілік сектор. Жалпы мәселелер секторында екі беделді дипломат, бес
маманданған дипломат бір техникалық қызметкер қызмет атқарады. Екі жақты
қарым-қатынас секторында төрт маманданған дипломат жұмыс атқарады. Сектор
нақты мәселелерді қарастырады, мысалы, балық аулау саласында, екі жақты
келісім-шарттың орындалуын қадағалайды. Әкімшілік секторында екі адам
жұмыс жасайды-маманданған дипломат пен техникалық қызметкер.Екіжақты
қарым-қатынас секторы мен әкімшілік секторын маманданған дипломат
басқарады.
Жапон сыртқы істер министрлігі үш категория бойынша кызметкерлерді
қабылдайды- жоғары маманданған дипломаттар,немесе (глобалистер),
маманданған дипломаттар, әкімшілік-техникалық қызметкерлер. Жоғарғы
маманданған дипломат болғысы келетіндер дипломатиялық қызметке қабылдану
үшін жоғарғы классификациялы емтихан тапсыруы қажет,ал маманданған
дипломат қатарына енгісі келетіндер Сыртқы істер министрлігіне
қызметкерлерді қабылдау қатарына немтиханын тапсыру қажет, ал әкімшілік-
техникалық қызметкерлер енгісі келетіндер мемлекеттік қызмметке қабылдану
үшін үшінші классификациялы емтихан тапсыруы қажет.
Әрбір мемлекеттің дипломатиялық қызметі шетөкілдіктің көптармақты
жүйеінсіз іске аса алмайды.Осындай жүйе Жапонияда да бар.Егер де Жапония
1958 жылы 77 елмен дипломатиялық қатынас орнатса,ал қазіргі кезде 161
мемлекетпен қатынас орнатқан,және де елшілер әрбір мемлекетке
тағайындалған.Жапонияның 102 мемлекеттің астанасында елшілігі бар.Сонымен
58 ген.консулдық,2 консулдық,халықаралық ұйым тұсында 5 өкілдігі бар.
Ресми және жартылай ресми түрде Жапонияның елшіліктерін жапон
дипломатиялық қызметінде қандай да бір категорияларға немесе класстарға
жіктемейді.(6)
Жапонияның басқа елмен қатынасы дәстүрлі түрде үш топ факторымен
анықталады.Біріншіден мемлекеттің жалпы қуаты бағаланады,кейіннен әлемдік
саясаттағы ықпалы бағаланады,кейіннен Жапонияның саяси, экономикалық,
мәдени саладағы екіжақты қатынастың даму деңгейі қарастырылады.Сонымен
әскери аспект ескеріледі,яғни Жапонияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі
есептелінеді.

2.Жапон дипломатиялық қызметінің негізгі бағыттары

Сыртқы істер министірлігі жөнінде заңшығарушылығына сәйкес
сыртқы істер ведомствосының негізгі функциясы келесідей анықталады:
1.сыртқы саясатты жоспарлау мен іске асыру
2.дипломатиялық және консулдық қызметкерлерді шетелге жіберу
3.келісімдер мен халықаралық келісім шарттарға қол қою
4.халықаралық ұйымдар мен конференциялар жұмысына қатысу
5.шетел мемлекеттерін зерттеу
6.ішкі және сыртқы саяси жағдай мәселелері бойынша ақпарат ұсыну
7.шетел мемлекеттерімен мәдени алмасуларды жүзеге асыру
8.шетелдегі жапондықтарды қорғау

Атақты жапон дипломаты,сыртқы істер министрлігінің алғашқы
орынбасары Т.Симода дипломатиялық қызметте бастысы нақты ақпарат жинап,оны
сыртқы істер министрлігінде сараптап,және соның негізінде сәйкес саясат
анықтау керек деп айтқан болатын.
Нақты және дәлелденбенген ақпаратсыз күткен нәтиже әкелетіндей шешім
қабылдау мүмкін емес.Жапон сыртқы істер министрлігінде ақпарат жинастыруға
көп көңіл бөлінеді.Орталық аппаратта,әсіресе шет мекемелерде қызметкерлерді
әртүрлі мәліметтерді жинастыру мен іздестіруге бағыттайды.Министрлікте
бұқаралық ақпарат құралдарынан бұрын маңызды мәліметтерді жинастырып
үлгерген дипломат аса жоғары бағаланады.
Ақпараттың негізгі ағымы оперативті және почталық ақпарат түрінде
жапон елшілігі мен консульстволарынан түседі.Шетелдегі жапон дипломаттары
ақпаратты жинастыру кезінде ашық тәсілдерді қолданады,яғни мемлекеттік
басылымдарды, газета мен журналдарды, статистикалық материалдарды нақты
зерттеумен айналысады.
С.Окитаның жапон дипломатының шетелде ақпарат жинастыру кезінде
мынандай кеңестерге сүйену керектігін айтып өтеді:ақпаратты бір ғана қайнар
көзінен алмай, елдің саяси билік құрылымы ортасында тұрған адамдармен-
үкіметтік мекеменің қызметкерлерімен, парламент депутаттарымен,
әскерилермен, журналисттермен қатынастар орнату керек.
СІМ әртүрлі ақпараттарды сыртқы істер министрлері, министрлер
орынбасарлары, департамент басшылары деңгейінде көптеген елдердің сыртқы
саяси ведомстволары кең ауқымды халықаралық тематика бойынша өткізетін
екіжақты консультациялар кезінде алуға тырысады.Осының негізінде АҚШ,
Франция, Ұлыбритания, ФРГ, ҚХР,КСРО және т.б. елдер өкілдеріменбайланыстар
орнатылады. 1985 жылы жапон-француз, жапон-батысгерман қарусыздандыру
мәселесіне байланысты консультациясында жапондықтар американдық
стратегиялық қорғаныс инициативасына байланысты мәліметтеріне қызығушылығын
білдірді.
Жалпы жапон сыртқы істер министрлігі қысқа мерзімді жорамалдар
жасайды. Сараптамалық жұмысымен, құрамы пенсияға кеткен дипломаттар, өз
карьерасында жоғары лауазымға ие болған дипломаттар құрайтын министрлік
тұсындағы кеңесшілер атқарады.Әдетте оларға нақты мәселеге байланысты
ұсыныстар жасау тапсырылынады. Министрлікте жағдайды терең зерттеу
мақсатында сараптау қабілеттілігіне ие, жоғары рангті қызметшіні 1-2 жылға
орталық аппараттан елшілікке тәжірибеге жіберілінеді.Халықаралық жағдайды
кең ауқымда сараптау мен жорамалдаумен министрлік тұсындағы ғылыми- зерттеу
институтттар айналысады. Институт құрамында 1984 жылдың шілдесінен бастап
Кеңес Одағын зерттеу Орталығы жұмыс істей бастады, оны КСРО-дағы бұрынғы
жапон елшісі К.Ниидзэки басқарған болатын.
Ірі сараптамашы беделіне ие, сыртқы істер министрлігінің қызметкері
Х.Окадзаки Жапония СІМ-і шет мемлекеттерге қатысты, Жапония үкіметінің
маңызды саяси шешімді өңдеуге керекті стратегиялық және әскери сипаттағы
ақпараттарды жинастыру, өңдеу және сараптау жүйесінде артта қалып отыр
дегенді айтады. Оның айтуы бойынша толық емес сараптамалық жұмыс пен
жеткіліксіз ақпарат жинау қате шешімге әкеліп соқтырады.
Соның мысалы ретінде, жапон сыртқы істер министрлігінің бір қателігі
болған, 80-шы жылдардағы Пекиндегі жапон елшілігінен Токиоға Қытайдағы
прожапондық бағыттың жайылуы туралы дәледенбеген ақпарат жіберілуін
ескеруге болады. Нәтижесінде 1985 жылы 15 тамызда соғыс құрбандары
тізіміне, Халықаралық трибунада сотталған жапон әскери қылмыскерлері де
енетін Ясукуни храмына премьер-министр Я.Накасонэнің ресми сапары кезіндегі
өытайлықтар тарапынан наразылықтың туу жапондықтарды таң қалдырды. Қытайға
қарсы агрессивті соғыстың инициаторларына табынуы Қытайдың саяси және
қоғамдық топтары арасында наразылық туып, жапондықтарға қарсы
демонстрациялар шыға бастады.Жапон-қытай қатынастарында Ясукуни ісіне
байланысты салқындылық бірнеше айларға созылды.
Күрделі халықаралық мәселеге ұстанымды анықтауға қиыншылық жағдай
туындағанда, шешім қабылдау үрдісіне көптеген адамдар тартылады.Бәрінен
бұрын министрдің бірінші орынбасары басшылығымен арнайы топ немесе комитет
құрылады. Оның құрамына кіретіндер: министр орынбасары, бір немесе екі
департамаен директоры, әдетте келіссөздік департаменттен, бір немесе екі
департамент директорының орынбасарлары, келіссөздік департаменттің
өкілі,бірнеше бөлімше басшылыры мен олардың орынбасарлары.(7)

2.1 Мәдени насихаттау саясаты

Жапон саясатын насихаттау, шет мемлекеттермен жапон мәдениетімен
таныстыру Сыртқы Істер Министрлігінің қызметіне кіреді.Соғысқа дейінгі
жылдары сыртқысаяси насихатпен министрліктің зерттеу департаментінің үшінші
бөлімшесі айналысқан болатын.Жапония Сыртқы істер министлігінің қаржылық
көмегі арқасында Әлемдік мәдениетпен таныстыру қоғамдастығы және
Халықаралық студенттер қоғамдастығы шет мемлекеттерде жапон мәдениетін
насихаттаумен,жапон тілін үйретумен айналысады.
1984 жылы құрылған Сыртқы Істер Министрінің орынбасары тұсында
насихаттау және мәдени қызмет қоғамдастығының бейресми органы ретінде
Жапония бұрынғысынша шет мемлекеттерде ірі саяси держава ретінде
танылып,тек экономикалық жетістігімен бағаланады деп өз баяндамасында
жариялаған болатын.Сонымен қатар,бұл елдердің көбінде жапондықтарға қарсы
бағыттанушылық анықталған еді,Жапонияның ірі әскери державаға айналатынан
қорқып, Токионы Азияны толық түсінбейді деп санаған болатын
Алайда Жапония басшылығы бұндай сынды әділетті деп
санамайды.Жапонияның кейбір әрекеттерін халықаралық аренада негативті әсер
алса,олардың ойынша,оларды, яғни жапондықтар саясатының мотивтерін толық
түсінбеуінде деп түсіндіреді.
Сыртқы Істер Министрлігі С.Абэ инициативасы бойынша 1985 жылы Сыртқы
Істер Министрлігінде қайта құрылулар жүргізілді,нәтижесінде,ақпарат пен
мәдениет департаменті екі департаментке бөлініп,Жапонияның Халықаралық
мәдениет байланыстары мәселесімен айналысатын, шетелде жапон саясаты мен
мәдениетін насихаттайтын мәдениет департаменті құрылды.
Министрлік хатшылығы тұсында, ақпарат және мәдениет мәселесі бойынша
министрліктің органдарында насихаттау функциялары жүктелген бөлімшелер
бағынатын, директор тағы тағайындалды.Директорға министрліктің баспасөз бен
байланысындағы өкілі қызметі жүктелген болатын,ол аптасына бір рет щетел
корреспонденттерімен кездесіп маңызды жапон сыртқы саяси акциялары туралы
хабарлап,мәнін түсіндіріп,сұрақтарына жауап береді.Шетелдегі ақпараттық
насихаттау жұмыс министрлік арқылы 1957 жылдан бері жапон елшілігіндегі
ақпараттық орталық және мәдени орталықта атқарылады.
Жапония туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру лозунгісімен Сыртқы Істер
Министрлігі өз инициативасы бойынша және кейбір жартылай үкіметтік және
жеке ұйымдармен серіктестік құра отырып,бірқатар елдерде Жапониямен танысу
ортасын ұйымдастырып,жапон елшіліктерінде ашық есікорнатып,
кинокөріністер,ән кешін өткізіп,жапон мәдениеті туралы лекциялар оқылады.
Негізінде,министрлік шетел жастарымен жумысына көп көңіл бөледі.Соның
инициативасы бойынша жастармен алмасу туралы үкіметаралық келіссөздер
жүргізіледі.Жапонияға каникулда жұмыс істеуге келген жастарға барлық жағдай
жасалынады. Бұндай әрекеттің астарында жастардың Жапонияны ұнатып,өз
елдерінде прожапондық бағытты таратуы жатыр.
1986 жылы жапон дипломатиялық қызметінің басшылары Жапонияда
халықаралық алмасу фондында қызмет атқаратын жапон тілінің халықаралық
орталығын құру шешімін қабылдады,ол шетелде жапон тілін таратуға
бағытталған,сонымен қатар,Сыртқы Істер Министрлігі насихаттау әдебиетін
таратумен айналысады. Токиода кеңесу қарсаңында жапон Сыртқы Істер
Министрлігі ағылшын тілінде бұқаралық тиражбен жапон баспасы аңғарғандай,
Жапонияның халықаралық беделін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы державалардың Қиыр Шығысқа шабуылдары
Кеңестік Ресейдің халықаралық конференцияларға қатысуы
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Америка Құрама Штаттарының Жапония мен Қореяға қатысты саясаты
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының Жапония-мен қарым-қатынастарының даму барысы
Қазақстанмен екіжақты қатынасқа жапондық көзқарас
Қазақстан мен Жапония қатынастарының негізі
Чжоу Эньлайдың революциялық қызметі
Чжоу Эньлай мемлекет қайраткері
Қытайға Жапониядан капитал шығару
Чан Кайши дипломатиясы
Пәндер