Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы
1.1 Қытай қазақтарының қоныстану жай.күйі
1.2 Қытай қазақтарының саяси.құқықтық жағдайы
2. Қытайдағы қазақ диаспорасының салт.дәстүрлері мен мәдениеті
2.1 Қытайдағы қазақ диаспорасының оқу.ағартуы мен баспасөзі
2.2 Қытайдағы қазақ диаспорасының көркемөнері
2.3 Қытайдағы қазақ диаспорасының әдет.ғұрыптары
3. Қытайдағы қазақ диаспорасының шаруашылық өмірі мен тұрмыс.тіршілігі
3.1 Қытайдағы қазақ диаспорасының шаруашылығы мен бүгінгі нарықтық бизнесі
3.2 Қытайдағы қазақ диаспорасының үй.жайы және тұрмыстық бұйымдары
III Қорытынды
IV Сілтемелер
V Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Тарихта "батыс өңір", бүгіндері Шыңжаң ұйғыр автономиялы районы аталып отырған осы байтақ мекеннің территориялық жер аумағы бір миллион 600 мың шаршы километр. Жалпы Қытай жер аумағының алтыдан бір бөлігін ұстайды.
Тұрғылықтық шекарасының ұзындығы 5600 километр болып, Моңғолия Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пакстан, Үндістан секілді 8 мемлекетпен шекараласады. Шыңжаңда қазір 2 аймақ дәрежелі қала, 7 аймақ, 5 автономиялы облыс, 20 аудан дәрежелі қала, 62 аудан, 6 автономиялы аудан, әскери орынды түйін етіп өндіріс және құрылыспен айналысатын 14 дивизия (185 полк) бар. 2000 жылы Қытайдың өз ішінде жүргізілген санаққа негізделгенде (14 дивизия, 185 полктағы 2 миллион 453 мың 600 адам мұның сыртында ) Шыңжаңдағы 47 ұлттың жалпы жан саны 19 миллион 250 мың адам болған. Оған дивизияны қоссақ, онда жалпы халық саны 21 миллион 703 мың 600 адам болды. Мұның 10 миллион 969 мың адамын қытайдан басқа ұлттар ұстайды екен. Шыңжаңдағы қазақтар негізінен Іле қазақ автономиялы облысына шоғырлы қоныстанған. Мұнда шамамен 4 миллион 83000300 халық тұрады (1). Одан сырт Санжы хұйзу (дүңген) автономиялы облысы, Құмыл аймағы, Боратала моңғол автономиялы облысы, Үрімжі қаласы аумағына отырықтанған.
Соның ішінде қазіргі қазақтар мекенденген Іле, Алтай, Тарбағатай, Баркөл өңірінің ежелден қазақтардың мекені екендігі туралы тарихи жазылымдар көп кездеседі.
Қытай жазбаларының дерегіне негізделгенде Алтай тауы өңірі заманымыздан бұрынғы 3-6 ғасырлар шамасында сақтардың мекені болған (2). Ал ежелгі грек авторларының деректемелерінде сақтардың, ішіндегі армиясын тайпасы исседондардың солтүстік және шығыс солтүстік жағында, Алтайдың батысындағы сілеміне дейінгі жерлерде тұрғандығы айтылады.

1,"ШҰАР Атласы", Шынжаң ғылым-техника баспасы, 2006ж.
2, 4, "Алтай аймағының жалпы жағдайы", Шынжаң халық
баспасы, 1989 ж.
3, 19, Н.Мыңжани., "Қазақтың қысқаша тарихы", Шынжаң халық баспасы, 1987ж.
5, "Қазақ батырлары" газеті, тамыз, 2004 ж., №8
6, 8, 12, 22, 41, 46, 49 Су Бихай., "Қазақ мәдениетінің тарихы", Шынжаң халық баспасы, 2005ж.
7, И.Байғали., "Шәуешек тарихынан деректер", "Шыңжаң қоғамдық ғылымы" журналы, 1993 ж, 2-сан, Мақала
9, "Іле тарихи материалдары" 1995 ж, Құлжа.
10, "Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер", Ұлттар баспасы, 1998 ж.
11, "Қазақ Совет энциклопедиясы", 4-том, Алматы, 1974ж.
13, Ясын Құмарұлы., "Алыстағы атамұра", Ұлттар баспасы, 2003 ж.
14, "Мемлекеттік кеңестің ҚХР территориялык, автономия заңын атқару туралы бірқанша белгілемесіне түсінік", Ұлттар баспасы, 2006ж.
15, Ж.Жүнісұлы, Н.Мамырбекұлы., "Қазақ оқу-ағартуының қысқаша тарихы" , Ұлттар баспасы, 2005ж.
16, 18, Қ.Жанәбілұлы., "Алтай ағартуының арғы-бергісі жайлы", "Алтай қаласының тарихи материалдары", 1996ж, №1, Мақала.
17, 21, 23, 31, 32, 42,48, Ж.Мырзаханұлы., "Қазақ халқы және оның салт-санасы", Шыңжаң халық баспасы, 1992 ж.
20, Қ.Монжібаев., "Қазақ оқу-ағарту тарихынан қысқаша деректер", 1978ж.
24, "Іле айдыны" журналы, 1996 ж, 6-сан, 73 бет.
25, " Қазақ Совет энциклопедиясы", 12-том, Алматы, 1978ж.
26, І.Жақанов., "Шыңжаңнан ескен сырлы әуез", "Жұлдыз", 1993 ж, 9-сан
27, "Қазақ Совет Энциклопедиясы", 2-том, Алматы, 1973ж.
28, "Қазақ Совет Энциклопедиясы", 1-том, 635 бет, 1973ж.
29, А.Қанапияұлы., "Қазақ халқының тұрмыстық ғадет-салттары", "Мұра" журналы, 1996 ж, 3-сан.
30, Н.Қинаятұлы., "Қазақтың дәстүрлі малшаруашылығы мен мал шипагерлігі, Шыңжаң ғылым-техника баспасы, 2003 ж.
33, "Жоңғарды тыныштандырудың жалпы жобасы", 2-бөлім, 52-том, Үрімжі, 1995ж.
34, 36, Н.Мұхаметханұлы., "Қазақ тарихынан зерттеулер", Шыңжаң жастар-өрендер баспасы, 1989 ж.
37, 38, урхан Шаһиди., "Шыңжанда өткен елу жыл", Ұлттар баспасы, 1985ж.
39, 40, "Қазақ мәдениетінің айдыны", Шыңжаң жастар-өрендер баспасы, 2006ж.
44, 45, Б.Қуаныш, М.Раздан., "Алтай жағрапиясы". Оқулық. 1993 ж. Алтай.
50, Б.Жұмабай., "Халқымыздың дастархан мәдениеті", "Алтай аясы" журналы. 2002ж, 2-сан.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Су Бихай. "Қазақ мәдениетінің тарихы", Шынжаң халық баспасы, Үрімжі, 2005ж.
2. Н. Мыңжани. "Қазақтың қысқаша тарихы", Шынжаң халық баспасы, Үрімжі, 1987ж.
3. "Қазақ ССР тарихы", 1-том, Ғылым, Алматы, 1980ж
4. "Қазақ ССР тарихы", 2-том, Ғылым, Алматы, 1982 ж
5. "Қазақ ССР тарихы", 3-том, Ғылым, Алматы, 1983 ж.
6. Ш. Уәлиханов. "Таңдамалы шығармалар", "Жазушы" баспасы, Алматы, 1985ж.
7. Дукен Мәсімханұлы, «Қытай қазақтары әдебиетінің қалыптасу барысы», ҚазМУ хабаршысы, Шығыстану сериясы, №7, 58-59 бет, 1999ж.
8. "Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер", Ұлттар баспасы, Пекин, 1998 ж
9. "Шыңжаңның жергілікті тарихы", Шыңжаң Университеті баспасы, Үрімжі, 1992 ж.
10. Нәбижан Мұхаметханұлы, «Қытай жылнамаларындағы Қазақстан және қазақ тарихына қатысты деректер(б.з.б.3ғ–б.з.20ғ)», ҚазМу хабаршысы, Тарих сериясы, №4(19) 18-24 бет, 2000ж
11. Н. Қинаятұлы. "Қазақтың дәстүрлі малшаруашылығы мен мал шипагерлігі", Шыңжаң ғылым техника баспасы, Үрімжі, 2003 ж.
12. Әбілқайыр Қанат, «Қытай қазақтарды 33 пайызға азайтып көрсетеді», Қазақстан Zaman, 11 мамыр, 2007ж.
13. Ж. Жүнісұлы. " Іленің тарихи шежіресі", Іле халық баспасы, Күйтүн, 2007ж
14. Сұлтан Бейсен, «Қытайдағы қазақ телеарналары», Айқынапта Didar TV, 28маусым, 2007ж.
15. Қойшыбаев. Қ., «Қытайдағы қазақ зиялылары», Астана хабары, 29 сәуір, 2006ж.
16. Бұрхан Шаһиди. "Шыңжанда өткен елу жыл", Ұлттар баспасы, Пекин, 1985 ж.
17. Исахан. М., «Қытайдағы қазақ қоғамының қалыптасу тарихы», Қазақстан Zaman, 13 шілде, 2007ж
18. . "Қазақ шежірелері", 1-том, Іле халық баспасы, Күйтүн, 1993 ж.
19. Оразқызы Т., «Қытайда қазаққа қатысты мұра мол», Нұр.Астана, 17 қаңтар, 2007ж
20. Ж. Жүнісұлы., Н. Мамырбекұлы. "Қазақ оқу-ағартуының қысқаша тарихы" , Ұлттар баспасы, Пекин, 2005ж.
21. Зейнолла Сәнік, «Дала жібек жолы», Жалын, №8, 67-71 бет, 2004ж.
22. К. Мақайұлы. "Қытай қазақтарының көркемөнері туралы тарихи дерек", "Іле айдыны" журналы, №5, 2005ж.
23. Кәрім. Т., «Арғы беттегі қазақтар көш керуендерін ата қонысқа бұрғысы келеді», Жетісу, 6 қаңтар, 2007ж.
24. Оспанова.Р. «Зайсан аймағындағы саяси жағдай(19 ғ. 60жж.)», Қазақ тарихы, №3,18-20 бет, 2003.
25. Қ. Сейітханұлы., Ж.Шөрбекұлы. "Ұлт қамы — ұлағатты іс". Шыңжаң халык баспасы, Үрімжі, 2006ж.
26. Нәбижан Мұхаметханұлы, «XX ғасырдағы Қытайдың тарихи үрдісіндегі қазақтардың әлеуметтік дамуы», оқу құралы, Қазақ университеті баспасы, Алматы, 2006ж
27. "Қазақ мәдениетінің айдыны" Шыңжаң жастар-өрендер баспасы, Үрімжі, 2006 ж.
28. " Қазақ Совет энциклопедиясы", 2-том, Алматы, 1973ж
29. "Қазақ Совет энциклопедиясы", 4-том, Алматы, 1974ж.
30. " Қазақ Совет энциклопедиясы", 12-том, Алматы, 1978ж.
31. Еркімбай Асхат, «Қадірін біліп, қасиетін әспеттесе... Қазақ тілі Қазақстаннан тыс жерде қалай дамуда?», Түркістан, 3 сәуір, 2008ж.
32. М. Қалиасқарұлы. "Қазақтың жылқы шаруашылығы шежіресі", Іле халық баспасы, Күйтүн, 1994ж.
33. Нығмет Мыңжани. "Қазақтың қысқаша тарихы", Шыңжаң халық баспасы, Үрімжі, 1986ж.
34. Оразанбай Егеубаев, «Қытайдағы қазақ мәдениеті ұлт руханиятына үлкен үлес қосуда», Егемен Қазақстан, 16 қыркүйек, 2005ж
35. Жақып Мырзаханұлы. "Қазақ халқы және оның салт-санасы", Шыңжаң халық баспасы, Үрімжі, 1992ж.
36. Қоңырбай. Ө. «Көне дәуір күмбірі: Қытай тарихындағы қазаққа қатысты деректер», Жалын, №5, 67-76 бет, 2005ж.
37. Қоңырбай. Ө. «Көне дәуір күмбірі: Қытай тарихындағы қазаққа қатысты деректер», Жалын, № 6, 8-27 бет, 2005ж.
38. Қоңырбай. Ө. «Көне дәуір күмбірі: Қытай тарихындағы қазаққа қатысты деректер», Жалын, №8, 34-40 бет, 2005ж.
39. Асқар Татанайұлы. "Тарихи дерек, келелі кеңес(2)", Шыңжаң халық баспасы, Үрімжі, 1996ж.
40. Оразанбай Егеубаев, «Қытайдағы қазақ мәдениеті», Әдебиет айдыны, 8 қыркүйек, 2005ж.
41. Зардыхан Қинаятұлы. "Жылаған жылдар шежіресі", Алматы, 1995ж.
42. Дукен Мәсімханұлы, «Қытайдағы қазақтар», Егемен Қазақстан, 30маусым, 2004ж.
43. "Шыңжаңның үш аймақ төңкерісіндегі ірі істер", Шыңжаң халық баспасы, Үрімжі, 1995ж.
44. Дукен Мәсімханұлы, «Қытай елінің оқу-ағартуы», Ана тілі, 22 тамыз, 10 бет, 2002ж
45. Жаң Жыжұң. "Үрімжі кеңесінен Шыңжаң бейбіт жолмен азат болғанға дейін", Үрімжі, 1991ж.
46. "Моңғолдың құпия шежіресі", Ұлттар баспасы, Пекин, 2004ж.
47. Болат Құрманғажыұлы, «Қытайдағы қазақ публицистикасы», Ақиқат, № 9, 85-87 бет, 2004ж.
48. З. Сауданов. "Шыңжаң үщ аймақ төңкерісі жайында есте қалғандар", Үрімжі, 1990ж.
49. Білісбек Әбдіразақ, «Қытайда қазақша шығатын газет-журналдарға шолу», ҚазМУ хабаршысы, Журналистика сериясы, № 6, 22-24 бет, 1999ж.
50. "Алтай аймағының жалпы жағдайы", Шыңжаң халық баспасы, Үрімжі, 1989 ж.
51. Нәбижан Мұхамедханұлы. "Қазақ тарихынан зерттеулер", Шыңжаң жастар-өрендер баспасы, Үрімжі, 1989 ж.
52. Зейнолла Сәнік, «Ежелгі Қытай жазбаларындағы түркі(қазақ) ақындары», Жалын, №1, 27-30 бет, 2004ж.
53. Ясын Құмарұлы. "Алыстағы атамұра", Ұлттар баспасы, Пекин, 2003 ж.
54. Іңкәр Болатқызы, «Қытайда қазақ баспасөзі біздегіден көп», Қазақ елі, 9 маусым, 2004ж.
55. "Алқап", Альманах, № 19, Ұлттар баспасы, Пекин, 1998 ж.
56. Бақытбек Бәмішұлы, «Қазақ диаспорасының өзекті мәселелері», Қазақ тілі мен әдебиеті, №2, 12-17 бет, 2006ж.
57. "Іле тарихи материалдары", № 3, Құлжа, 1995 ж.
58. "Іле тарихи материалдары", № 11, Құлжа, 1995 ж.
59. Дәулетхан. Ә., «Омарғазы Айтанұлы», Абай, №4, 58-60 бет, 2005ж.
60. "Шалғын" журналы, № 2, 1984 ж.
61. І. Жақанов. "Шыңжаңнан ескен сырлы әуез", "Жүлдыз" журналы, 1993ж, №3
62. Мұхтар Мағауин. "Қазақ тарихының әліппесі", Алматы, 1995 ж.
63. "Тауқымет пен тағзым", Рииц Азия, Алматы, 2007ж.
64. "Шыңжаңның қысқаша тарихы", 2-том, Шыңжаң халық баспасы, Үрімжі, 1983ж.
65. Мәмбет Қойгелдиев. "Алаш қозғалысы", Алматы, 1995ж.

жОСПАР
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы
1.1 Қытай қазақтарының қоныстану жай-күйі
1.2 Қытай қазақтарының саяси-құқықтық жағдайы
2. Қытайдағы қазақ диаспорасының салт-дәстүрлері мен мәдениеті
2.1 Қытайдағы қазақ диаспорасының оқу-ағартуы мен баспасөзі
2.2 Қытайдағы қазақ диаспорасының көркемөнері
2.3 Қытайдағы қазақ диаспорасының әдет-ғұрыптары
3. Қытайдағы қазақ диаспорасының шаруашылық өмірі мен тұрмыс-
тіршілігі
3.1 Қытайдағы қазақ диаспорасының шаруашылығы мен бүгінгі нарықтық
бизнесі
3.2 Қытайдағы қазақ диаспорасының үй-жайы және тұрмыстық бұйымдары
III Қорытынды
IV Сілтемелер
V Пайдаланған әдебиеттер тізімі
II Негізгі бөлім
1. Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы
1.1 Қытайдағы қазақ диаспорасының қоныстану жай-күйі
Тарихта "батыс өңір", бүгіндері Шыңжаң ұйғыр автономиялы районы аталып
отырған осы байтақ мекеннің территориялық жер аумағы бір миллион 600 мың
шаршы километр. Жалпы Қытай жер аумағының алтыдан бір бөлігін ұстайды.
Тұрғылықтық шекарасының ұзындығы 5600 километр болып, Моңғолия Ресей,
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пакстан, Үндістан секілді 8
мемлекетпен шекараласады. Шыңжаңда қазір 2 аймақ дәрежелі қала, 7 аймақ, 5
автономиялы облыс, 20 аудан дәрежелі қала, 62 аудан, 6 автономиялы аудан,
әскери орынды түйін етіп өндіріс және құрылыспен айналысатын 14 дивизия
(185 полк) бар. 2000 жылы Қытайдың өз ішінде жүргізілген санаққа
негізделгенде (14 дивизия, 185 полктағы 2 миллион 453 мың 600 адам мұның
сыртында ) Шыңжаңдағы 47 ұлттың жалпы жан саны 19 миллион 250 мың адам
болған. Оған дивизияны қоссақ, онда жалпы халық саны 21 миллион 703 мың 600
адам болды. Мұның 10 миллион 969 мың адамын қытайдан басқа ұлттар ұстайды
екен. Шыңжаңдағы қазақтар негізінен Іле қазақ автономиялы облысына шоғырлы
қоныстанған. Мұнда шамамен 4 миллион 83000300 халық тұрады (1). Одан сырт
Санжы хұйзу (дүңген) автономиялы облысы, Құмыл аймағы, Боратала моңғол
автономиялы облысы, Үрімжі қаласы аумағына отырықтанған.
Соның ішінде қазіргі қазақтар мекенденген Іле, Алтай, Тарбағатай, Баркөл
өңірінің ежелден қазақтардың мекені екендігі туралы тарихи жазылымдар көп
кездеседі.
Қытай жазбаларының дерегіне негізделгенде Алтай тауы өңірі заманымыздан
бұрынғы 3-6 ғасырлар шамасында сақтардың мекені болған (2). Ал ежелгі грек
авторларының деректемелерінде сақтардың, ішіндегі армиясын тайпасы
исседондардың солтүстік және шығыс солтүстік жағында, Алтайдың батысындағы
сілеміне дейінгі жерлерде тұрғандығы айтылады.(3)
Қазақ тарихын зерттеуші Қытай ғалымы Су Бихай Алтай өңіріндегі ежелгі
молаларға талдау жасай келіп, ол өңірде жасаған халықтар және олардың өзге
өңірлермен болған байланысы туралы мынадай деректер айтады: "Қарасу
дәуірінен кейін Алтайдағы ұлыстардың мәдениетінің дамуы көптеген жақтардан
татар ұлыстарының ахуалына ұқсап кетті. Шарын өзенінің басындағы маним
(майем) сахарасынан Бұқтырма өзенінің аяғындағы Солонеч — Берк маңынан
Черновая қыстағы маңынан алынған қазбалардың нәтижелері бұл араларда
Алтайдың біршама соңғы дәуірдегі әйгілі тас обаларынан (қорымдарынан) сырт,
тас пен балшықтан жиналған обалар да болғанын сипаттады".
Заманымыздан бұрынғы V- III ғасырлар аралығында Алтай өңірінде жарыққа
шыққан жаңа тұрпатты қару-жарақтар Енисей бойындағылардан бұрын пайда
болды, оны қорыту өнері де біршама тез жақсарып, батыстағы скифтер мен иран
— сакалардың қару жарақ жасау әдістеріне ұқсап кетеді. Әсіресе манимның
(майемнің) бастапқы дәуірі мен соңғы дәуіріне негізгі иелері керей, найман
тайпалары болған(4). Тарих ғылымының докторы, профессор М.Оразбай Керей
мемлекеті атты еңбегінде былай дейді: "Керейлер деп аталған қазақ ұлтын
құраған рулар бірлестігі, өте ертеден ірі рулар бірлестігі ретінде
қаралады. Олар жөнінде жазылған тарихи жазба дерек өте көп... тарихи
деректердің көбі, осы керей елінің тарихи мекенін, дәлірек айтқанда,
олардың территориясын Байкалдың батысынан бастап, Алтай тауларының шығыс
сілеміне дейінгі аумақта деп белгілеп көрсеткен" (5). Енді бір айта
кетерлігі Шыңғысхан заманында аталған қазақ тайпалары ешқайда босып
кетпеген немесе құрып жоғалмаған. Қайта өзге тайпалардың қазақтануына
белгілі дәрежеде ықпал еткен.
Шыңғысханның жаулауына байланысты Алтай өңірі оның үшінші ұлы Өгедейдің
еншісіне тиіп, кейіннен ойрат тайпаларының иелігіне өткен. Ойраттар дөрбед,
жоңғар, торғауыт, хошуд секілді тайпаларды өз ішіне алған. Тек 1770
жылдардан бастап қазақтар атамекені болған Алтайға қайтадан орала бастаған.
Жоңғарлардың жойылуын орай деп білген Чиң патшалығы 1755 жылдардан бастап
жоңғарлардан босап қалған Алтай-Тарбағатай өңірлеріне ресми қарауылдар
тұрғыза бастаған. "1761 жылы Чиң патшалығы Қобдаға ақылшы уәзірін қойып,
Алтай тауының шығысы мен батысын және Моңғол үстіртінің батыс бөлегін, осы
күнгі Алтай аймағының көп бөлегін қамтыған кең алқапты басқарды. 1902-1904
жылдан бастап тікелей басқаратын әкімшілік жүйе тіктеп, Қобда мен Алтай
бөліп басқарылатын болды. Сөйтіп, Алтай аймағының негізі қалана бастады.
1906 жылға келгенде Алтай аймағы құрылды. Шың Сысай дәуірінде (Шың Сысай
1933-1944 жылдар аралығында Шыңжаңда билік жүргізді), яғни 1933 жылы Алтай
әкімшілік мекемесіне өзгертіліп, әкімшілік бастығы тағайындалды. 1945 жылы
Алтай гоминдаңшыл қара қытайлардан азат етілді. 1949 жылдан кейін қызыл
коммунистердің басқаруына өтті.
Алтай аймағы Қытай елінің батыс солтүстігіне орналасқан. Моңғолия,
Ресей, Қазақстан елдерімен шекараласады. "Алтай тауы" көне түрік және
моңғол тілдерінде "Алтын тау" дегенді білдіреді. Сондықтан алтын байлығы
біршама мол. Ертіс өзенін өзек еткен үлкенді-кішілі 56 өзені, Үліңгір,
Қанас, Таңбалы секілді көлдері бар.
Алтай аймағына қарасты алты аудан, бір қала бар. Олар: Алтай қаласы,
Шіңгіл, Көктоғай, Бурылтоғай, Буыршын, Каба, Жеменей аудандары. Мұнан сырт
Алтай аймағына жататын молаларда өлікке атты қоса көму басым орынға өтті.
Бұл Минусинскідегі татар қабірлерінен аз ұшырайды. Бұған карағанда сол
заманда Алтай өңірінде соғыстың толассыз туылып тұрғанын, оның стратегиялық
орнының Енисей алқабынан әлдеқайда маңызды болғаны аңғарылады.
Алтай аймағының жалпы жер аумағы 117 мың 700 шаршы километр. 2003 жылғы
дерек бойынша аймаққа қарасты тұрғындардың жан саны 612 мың 600 адам. Бұл
1949 жылғы қазақтар 89 пайызын ұстайтын 56 мың 211 адамнан 11 есе көп
болғанымен, қазіргі қазақтардың саны жалпы санының 45 пайызын құрайды
дегенді білдіреді.
Тарбағатай таулары Алтаймен қанаттас жатқандықтан тарихтағы орны жағынан
да көп ұқсастықтарға ие. Бұл өңірді де бір мезет сақтар, батыс түріктер,
ғұндар ілгерінді-кейінді мекендеген. Тарбағатай тауының батыс солтүстік
сілеміндегі Шілікті жазығынан табылған сақ тайпасының ежелгі зираты соның
бір айғағы.
Ескілікті қытай деректері мен жартас суреттерінен "Қобықсарыдан
Тарбағатай, Барлық тауына дейінгі жасыл жазира, дарқан дала ежелгі көшпенді
малшылар кажырлы еңбегі, мол парасаты арқылы малдың асыл түқымын көптеп
жетілдіргенін көруге болады. Еміл өзенінің түстігі мен терістігіндегі
Тарбағатай, Барлық, Жайыр, Орқашар тауларынан таңбалы тастар кезікті.
Шағантоғай ауданы Барлық тауының Бардақұл деген жеріндегі жүздеген жартас
суреттерінен сиыр, жылқы, бұғы, тауешкі, түйе, ит, аңшы, тағы осы
секілділерді кәруге болады"(6). Ендеше көшпенді мал шаруашылығы тұрмысын
негіз еткен ата-бабаларымыздың ізі Тарбағатай төсінен де ап-айқын көрінеді.
1977 жылы Тайваньда басылып шыққан Цыхай (сөз теңізі) деген кітаптың 802
бетінде наймандар туралы айта келіп: "...Осы аталған ру тарихтағы аса
гүлденіп, дәурендеген кезде, қазіргі Шыңжаңға қарайтын Тарбағатай өңірінде
Жасақты хан деген атпен мәлім болған көсемдерінің бастауында сол жерде
хандық қүрған. Ал кейін келе солардың жалғасы ретінде Таян хандық құрды"
дейді.
Атамекені Тарбағатайдан Сыр бойына дейін босқан найман, керей тайпалары
1760-1770 жылдарға келгенде байырғы жұртына қайтадан бауыр басты. Әрі
осыдан бұрын жасап келген ойрат тайпасының торғауыт руымен канаттас,
көршілес отырды. Қытайдың батыс Хан дәуіріне келгенде ғұндар Алтай даласына
дейін қанат жайған. Ғұн тәңірқұтының билік иелері— Әжік, Хагат, Тезек,
Хоханше, Қағиян секілді тәңірқұттар Алтай даласын бірінен соң бірі билеп
тұрған. Ал осыдан кейінгі кезеңдерде бір мезет батыс түріктер, қарлұқтар
дәурендеген. Шыңғысханның қанды жорығына дейін Алтай тауының Жоңғарлар
тыныштанғаннан кейін 1766 жылы Чиң патшалығының Үржарға жіберген билік
жүргізуші ақылшы уәзірі Агуи ежелден қазақ тайпаларының, орталық өңірінің
төрі болып келген қазіргі Шәуешек қаласы тұрған жерге жамбыл соқтырып,
бұтхана салдырады. Кейін келе бұл қытай жамбылы немесе ескі жамбыл
аталды(7).
1758 жылдардан басталған қазақ-қытай саудасының дамуы үшін Үрімжіден
қалса негізгі орталықтың бірі Шәуешек қаласы болды. Бұл туралы Қытай
жазбаларында былай делінеді: "Үрімжіден гөрі қазақ өңіріне Тарбағатай жақын
еді. Чиянлұңның 23 жылы ( 1758 жылы ) Тарбағатайға әскер тұрғызылғаннан
кейін, қазақгар өздеріне жақын Тарбағатайда сауда жасасуды талап етті.
Тарихи деректерде "Тарбағатайда әскер тұрғызылғаннан кейін казақтардың
Үрімжіге келіп сауда істегісі келмейтін болды" деп жазылған. Сөйтіп, Чиң
үкіметі Чиянлұңның 24 жылы ( 1759 жылы ) Тарбағатайды да үкімет саудасы
жүргізілетін орын етіп белгіледі"(8).
Тарбағатайдың Майлы-Жайыр өңірімен колтықтасып жатқан Қарамайлы мұнай
алабы ҚХР бойынша мұнай мен газдың ең бай қамбасының бірі. Сондықтан да
мемлекет оны Тарбағатай әкімшілігіне қаратпай өз қарауына алып, орталығын
Қарамайлы қаласы етіп кұрған. Қалада 300 мың адам тұрады. Майтау мұнай-
химия серіктестігі, Қарамайлы мұнай-химия бөлімше серіктестігі секілді ірі
өңдіріс орындары Қарамайлы-Майтау өңірін шикізат ететін 200 түрден астам
өнім өндіреді. Қарамайлы өңірінен мұнай-газ байлығынан қалса асфальт,
асфальт құм, көмір, тұз, гипс, әртүрлі хрусталдар шығады. Даласында
ақбөкен, құлан, қоян, түлкі секілді аңдары бар. Тарбағатай сөзінің "суырлы"
деген моңғол сөзінен келіп шыққанына сенсек, Тарбағатай-Алтай өңірінен ауып
бара жатқан моңғолдардың:
Тарбығасы (суыры) сиырдай,
Тас бастауы кымыздай.
Саранасы жүректей,
Сарымсағы білектей,
Қайран жерім қалдың ба!? — деп жылағаны еске түседі.
Тарбағатай аймағына Шәуешек және Шиху қаласы, Сауан, Толы, Шағантоғай,
Дөрбілжін аудандары мен Қобықсары моңғол автономиялы ауданы қарайды. 2003
жылдың соңындағы Қытай санағы бойынша бүкіл аймақтағы тұрғындар саны 953
мың 400 адам болған.
Тарихи жазбаларда Іле өңірі ежелдің ежелінен ұлы жүз-үйсін тайпасының
жері деген деректер көп айтылады.
"Ұлы жүздер заманымыздан бұрынғы III ғасырда Дунхуаң меп Чилан тауы
аралығын қоныстанған, бұлар өз кездерінде ғұндардың батыс жағындағы ірі ел
еді. Ғұндардың үртіс-ұдай жасаған шабуылынан үріккен ұлы жүз тайпалары
өздерінің бұрынғы мекенін тастап, Іле өзенінің алқабына қоныс аударады.
Бұдан бұрын Іле өзені алқабы сақ тайпаларының мекені еді, қоныс аударып
келген ұлы жүздер сақ тайпаларына шабуыл жасап, олардың ханын қуалап
жіберіп, елі мен жерін басып алды. Бұл жөнінде "Хан патшалығы тарихында"
былай деп жазылды: " Ғұндардан жеңіліп батысқа ауған ұлы жүздер сақтардың
ханына шабуыл жасады, сақгардың ханы оңтүстікке кашып кетті. Ұлы жүздер
олардын жерін иемденіп алды". Ұлы жүздер батысқа қарай ауғанда, олардың
көше алмай қалған бір бөлегі Наншан тауына шегініп, ол жердегі тайпалармен
араласып кетті де "кіші жүздер " деп аталды. Ұлы жүздердің Іле өзені
алабына ауып келуі заманымыздан бұрынғы 174-160 жылдар аралығында болған
оқиға деп ұйғарылады. Бірақ қай жылы көшіп келгені жөнінде нақтылы дерек
жоқ.
Бұрын ұлы жүздер Чилан тауы мен Дунхуаң аралығында тұрған кезде, үйсін
ұлысы да осы өңірде олармен қанаттас жасаған еді. Ұлы жүздер Іле өңіріне
қоныс аударған соң, үйсін ұлысы ғұндардың көмегіне сүйеніп күшейе бастады,
ғұндар оларды әскери күш ретінде пайдаланып, соғыс жорықтарына жұмсап
отырды. Ақырында үйсіндер ғұндардың көмегімен ұлы жүздерге шабуыл жасап,
оларды батыска қарай ығыстырып жіберді де, Іле өзені алқабы мен Ыстықкөл
алабыңдағы құнарлы қонысқа келіп орнықты. Ұлы жүздердің көшіп кете
алмағандары осы өңірде қалып, үйсіндерге қосылды. Тегінде үйсіндер шағын ел
еді, Іле өзені алабына ауысқаннан кейін тез дамып "12 мың түтін, 630 мың
адам, 188 мың 800 әскері бар" ірі елге айналды. Осы өңірде отырып қалған
сақ тайпалары мен ұлы жүз тайпаларының тоғысуы үйсіндерді осындай ірі елге
айналдырды.
Ал "Хан дәуіріндегі үйсіндер туралы бірқанша мәселелер" деген еңбекте:
"Ғұндардың Аспан тәңір құты кезінде (б.з.б. 171-161 ж.ж.) үйсіндер
ғұндардың көмегінде ел-жұртымен батыс жаққа қарай көшіп, ұлы жүздерге
шабуыл жасайды. Ұлы жүз тайпалары еріксіз түрде оңтүстікке ауа көшеді.
Сөйтіп, Балқаш көлінің оңтүстігі мен шығысында кең байтақ өңірді үйсіндер
иемденіп алды" деп жазған.
Тарихи деректер бойынша қарағанда ұлы жүз тайпасының басым бөлігі үйсін
тайпасына сіңіп кеткен. Сөйтіп, олар негізінен бүгінгі Жетісу және Іле
өңірін мекендеген.
Демек, Іле өңірінің қала іргесінің қалану тарихы да тым ұзақта деген
сөз. Шоқан Уәлиханов жазбаларында да Ыстықкөлдің шығыс өңірінде ежелгі қала
жұртының табылғанын айтады.
Іле өңірінен табылған жартас суреттерінен үйсін секілді ежелгі
тайпалардың наным-сенімі мен тұрмыс-тіршілік жағдайын көруге болады. Оның
бастылары, Іле аймағының Қорғас ауданындағы Тақырсай, Нылқы ауданының
Қызылнұр елді мекеніне қарасты Дөң, Текес ауданының шығыс жағындағы 16
километр қашықтықтағы Таңбалы шоқтас секілді ата-бабаларымыздың ежелгі
қонысындағы жартас суреттері. Одан басқа да көптеген тарихи-мәдени
ескерткіштер бар. Ежелгі қала жұрттарынан Шат, Күнгүт, Алмалы, Қайнұқ
секілді калалардың орны және Сақ, Үйсін зираттары, түрік заманынан қалған
тас мүсіндер, Уайыс хан мазары, Тоғылық Темір хан мазары сияқтылар бар.
Қытай тарихи деректері бойынша қарағанда Іле шекаралық маңызды аймақ
ретінде қаралып келген. Жаң Чиянның батыс өңірге жасаған сапарынан кейін
ұлы жүз - үйсіндермен тығыз байланыстар жасай бастаған Қытай хандықтары оны
уысынан шығарғысы келмеді. Әсіресе, Чиң патшалығы дәуіріне келгенде
Шыңжандағы үстемдігін нығайта түсу үшін Ілені және басқа да өңірлерді
басқаратын арнайы генералдар тағайындады. Іле генералы тұтас Шыңжанды
басқаратын әскери әкімшілікке тікелей араласты.
Жоңғарлар тынышталған 1760 жылдардап кейін бұл өңірге қытай билеушілері
ресми түрде үстемдік ете бастады. Чнянлуңның 25 жылы (1760 жылы) Чиң
үкіметі Іледе тың ашуға ат және егіс көлігі қажет болғандықтан, Чиң үкіметі
Ілепі де үкімет саудасы жүргізілетін орын етіп белгіледі. Іле төңірегіне
қазақтар келе бастағандықтан сауда жасау қолайлылығы одан ары арта түсті.
1762 жылы Чиянлуң патша арнайы жарлық түсіріп, Ілені Шыңжаңның орталығы
санауды қадағалады. Сол жылдардан бастап қазіргі Құлжа қаласы тұрған жерде
камалдар салына бастады. XVIII ғасырдың соңғы жарымынан бастап бір мезет
атамекеннен ауып кеткен казақтар өздерінің байырғы жұртына қайтадан оралды.
1888 жылы Іле-Тарбағатай аймағы құрылса, 1917 жылға келгенде Іле айырым
аймақ болып құрылды(9).
Қазір бұрынғы Іле аймағын кұрамына алған Іле Қазақ автономиялы облысының
орталығы Құлжа қаласы. Оған Алтай, Тарбағатай аймақгары караумен бірге
Құлжа қаласы, Күйтүн қаласы, Күнес, Текес, Моңғұлкүре, Құлжа, Тоғызтарау,
Нылқы, ІІІапшал аудандары қарайды. 2003 жылы алынған санақ бойынша бүкіл
облыстың жан саны 4 миллион 300 адам болған.
Баркөл Қытай жылнамаларында "Барыс сазы", "Барыс көлі деп аталады. Бұл
көне түріктер заманынан қалған сөз болып, кейіннен Баркөл атанған(10).
Соңғы Хан патшалығының дерегінде: "Тәңір таудың батыс аңғарына ірге тепкен
Пули (Баркөл) бектігінде 800-ден астам түтін, 2 мыңнан астам адам, 700
шерік бар. Оңдағылар кілең киіз үйде күнелтіп, шөп қуалап, су жағалап
жүретін төрт түлігі сай жандар екен..." делінген. Баркөл ауданының батыс
оңтүстігіндегі шамамен алты километр қашықтықтағы Ланжоууанзы деген жерден
табылған жартас суреттеріндегі төрт арбаның суретіне жасалғап зерттеулер
нәтижесі оны сақ заманына телиді.
Тарихи деректер бойынша бұл өңірде ғұндар, түріктер, үйсіндер, моңғолдар
және қазақты құраған басқа да ру-тайпалардың алма-кезек жасағандығы мәлім.
Жыл санауымыздан бұрынғы 74-86 жылдары шамасында Баркөл ғұндардың оң
қанатының саяси орталығы болған. 576 жылы қанатын кеңге жайған түрік
қағанаты Баркөлге дейін ірге тепкен. 744 жылы бір мезет ұйғырлар дәурендеп,
Ұйғыр хандығын құрып, Барыскөлді өзіне қаратқан. Шыңғысхан заманына
келгенде Барыскөл "Баркөл" деп өзгертілді. Ұйғыр хандығы тұрған өңір
Бесбалық деп өзгертілгенде Баркөл соған қарасты ел болды. 1438 жылы
Ойраттардың иелігіне өтсе, XVII ғасырдың басында Жоңғарларға тәуелді бодды.
Чиң патшалығы жоңғарларды аластаған тұста Баркөл мен Қобданы өзіне
маңызды әскери шеп ретінде пайдаланған. Әрі 1731 жылы қазіргі Баркөл
қаласының іргетасы қаланған. 1882 жылы "Жинши (Баркөл) — Дихуа (Үрімжі)
аймағы " деп өзгертілген. Осы жылдардан бастап қазақтар өздерінің атамекені
болған Баркөлге орала бастады(11).
Баркөл қазақтарының бір бөлімі кейіннен Гансуге және Чиңхай жеріне қоныс
аударды. Алды қандыбалақ жылдардың аласапыраны тұсында шетелге дейін босып
кетті.
1954 жылы Жинши ауданы "Баркөл ауданы" болып өзгертілді. Сол жылы 30
қыркүйекте Баркөл қазақ автономиялы ауданы құрылып, ол Құмыл аймағына
қарасты болды. Бүгін де Құмыл аймағының "Баркөл қазақ автономиялы ауданы "
деп аталады. Баркөл қазақ автономиялы ауданына 4 қалашық, 8 ауыл қарайды.
Ауданның жалпы жер көлемі 36 мың 947 шаршы километр, тұрғындары 100 мыңнан
астам.
2. Қытайдағы қазақ диаспорасының саяси-құқықтық жағдайы
Бүгінгі Қытай қазақтары мекендеп отырған байтақ дала ежелден-ақ қазақ
ұлтын құраған ру-тайпалардың ата қонысы. Мұны Қытай жазбаларының қай-
қайсысы да терістемейді. "Тарихи жазбалар" мен "Ханнамада" жазылған үйсін,
қаңлы, алан қазақтың белбасар ата-бабасы есептеледі. Сонымен бірге байырғы
қазақ даласындағы сақ, иүзі (ұлы жүз), сондай-ақ "кейіннен қазақ даласына
көшіп келген ғұн, сиянпи, жожан (авар), түркі, теле (тірек), кеден, моңғол
секілді тайпалар да арт-артынан қазақтармен тоғысып, қазақтарға сіңісіп
кетті" (12). Аталған тайпалардың арғы тарихына көз жіберсек олар бүгінгі
қазақтар отырықтанған жалпақ даланы ғана мекендеп қалмай, одан сыртқы
жерлерге де кеңінен қоныстанған.
Қытай тарихын зерттеуші қазақ ғалымдарының пайымынша қытайлармен
қоныстас, көршілес отырған түркі тілдес тайпалардың мәдениет іздерінен
қарағанда олар осыдан 3000-7000 жыл ілгері бүгінгі Қытайдың орталық өңірі
мен орта жазық төңірегінде жасағаны мәлім. "Мәдениеттік деректерде қазақты
құраған ескі тайпалардың қазіргі Қытай жерінің Лияуниң, Ішкі Моңғол, Хуаңхы
бойы, Чиланшан баурайы, Хши каридоры сияқты жерлеріне дейін мекендегені
көрсетіліп отыр"(13). Тарихи дәйектемелер алға қойған бұл тұжырымдар
қазбалар мен жартас суреттері арқылы өз дәлелдерін көрсетіп отырады.
Бүгінгі Қытайдағы қазақтар қоныстанған Шыңжаң өңірін айтар болсақ, ол
қытай жазбаларында тарихқа "Батыс өңір" деген атпен қалған. Қытай
хандықтары мен ғұндардың арасында болған ұзақ жылдарға созылған талас
-тартыс пен қантөгіс нәтижесінде қытайлар ырықты орынға шығып, ғұндар
біртіндеп батыс өңірге қарай шегінеді, әрі бүгінгі Дуңхуаң және Іле өңірін
мекендеген үйсін тайпаларымен де белгілі қарым-қатынаста болады.
Қытай патшасы Хан Уди жыл санауымыздан бұрынғы 158 жылы Жаң Чиянды батыс
өңірмен байланыс жасауға аттандырады. Әрі көп өтпей құдандалық байланыс
орнатады. Бұл ғұндарға аса жағып кетпейді де олар Хан елінің батыс өңірге
жасаған қадамын барынша тежеу ойында болады. Сол себепті де ғұндар мен хан
армиясы арасында және ғұндар мен үйсіндер арасында көптеген қанды жорықтар
жасалады.
Демек, біздің заманымыздан бұрынғы 176-177 жылдардан бастау алатын жазба
деректер қазақты құраған ру-тайпалардың сол дәуірлерде-ақ бүкіл Қытай
өңірінде, жүйеден Шыңжанда жасағандығын айғақтап отыр.
Қытайдағы қазақтар ШҰАР-дың Іле қазақ автономиялы облысында (Іле, Алтай,
Тарбағатай үш аймақты өз ішіне алады), Мори қазақ автономиялы ауданында,
Баркөл қазақ автономиялы ауданында тұрады. Бір бөлімі Үрімжі, Шыхызы,
Қарамайлы қалаларында және Санжы хуйзу (дүңген) автономиялы облысына
қарасты Шонжы, Жемсары, Фукаң, Мишуан, Санжы, Құтыби, Манас аудандарында
тұрады. Бұдан басқа, Шыңжаңмен шекаралас Чиңхай өлкесінің Хайши моңғол-
тибет автономиялы облысында (көбі Шыңжаңға қайтып келді), Гансу өлкесінің
Ақсай қазақ автономиялы ауданында тұрады.
Қытай Халық Республикасының ұлттық территориялық автономия заңы ҚХР 6-
кезекті мемлекеттік Халық Құрылтайының 2-мәжілісінде 1984 жылы 31 мамырда
мақұлданған. 9-кезекті мемлекеттік Халық Құрылтайы тұрақты комитетінің 20-
мәжілісінің 2001 жылғы 21 ақпандағы "Жұңхуа Халық Республикасының ұлттық
территориялық автономия заңына өзгеріс енгізу туралы қаулысына сай"
өзгерістерге ұшырады.
Автономия заңында автономия алған ұлтқа қаратылған төмендегідей
жеңілдіктер бар:
9-тармақта ұлттардың тең құқықты, ынтымақты, бір-біріне қайырымды
социялистік қатынасын жоғары дәрежелі мемлекет органдары да, ұлттық
автономиялы жерлердің автономия органдары да қорғайды және дамытады.
Әрқандай ұлтты кемсітуге және езуге тиым салынады, ұлттық ынтымақты
бүлдіретін және ұлттарды бөлшектейтін әрекеттерге тиым салынады.
10-тармақта ұлттық автономиялы жерлердің автономиялы органдары өз
жерлеріндегі ұлттарда өз ұлтының тіл-жазуын қолдану және дамыту бостандығы,
өз салт-сана, әдет-ғұрыптарын сақтау немесе өзгерту бостандығы болуына
кепілдік етеді.
11-тармақта ұлттық автономиялы жерлердің автономия органдары әр ұлт
азаматтарының діни сенім бостандығына кепілдік етеді.
Мемлекет органдарының, қоғамдық ұйымдардың және жерлердің қай-қайсысының
да азаматтарды дінге сенуге немесе дінге сенбеуге мәжбүрлеуіне, дінге
сенген немесе дінге сенбеген азаматтарды кемсітуге болмайды.
17-тармақта автономиялы районның Төрағасы, автономиялы облыстың Бастығы,
автономиялы ауданның Әкімі территориялық автономия алған ұлттардың
азаматтарынан болады. Автономиялы райондық, автономиялы облыстық,
автономиялы аудандық Халық Үкіметтерінің құрамындағы басқа адамдар
территориялық автономиялы алған ұлтпен басқа да аз ұлт адамдарынан
үйлесімді қойылуы керек.
Ұлттық автономиялы жерлердің Халық Үкіметтері, автономиялы районның
Төрағасы, автономиялы облыстың Бастығы, автономиялы ауданның Әкімі жауапты
болу түзімін жүргізеді. Автономиялы районның Төрағасы, автономиялы облыстың
Бастығы, автономиялы ауданның Әкімі жеке-жеке сол дәрежелі Халық
Үкіметтерінің қызметін басқарады.
21-тармақта ұлттық автономиялы жерлердің автономия органдары міндет
атқарған кезде өз ұлттық автономия жерінің автономия ережесіндегі
белгілемелер бойынша сол жерде жалпылық қолданатын бір немесе бірнеше түрлі
тіл-жазуды қолданады; Өз қызметінде жалпылық қолданатын бірнеше түрлі тіл-
жазуды қатар қолданатындар территориялық автономия алған ұлттардың тіл-
жазуын негіз етсе болады.
22-тармақта ұлттық автономия жерлердің автономия органдары социялистік
құрылыстың қажетіне қарай, түрлі шаралар қолдана отырып, сол жердегі
ұлттардан әр дәрежелі кадрлерді, ғылыми-техника, шаруашылық басқару, т.б.
жақтардағы мамандар мен техник жұмысшыларды көптен жетілдіріп, олардың
рөлін толық сәулелендіреді; сондай-ақ аз ұлт әйелдері арасынан әр дәрежелі
кадр және әр түрлі кәсіптік-техникалық мамандар жетілдіруге назар аударады.
Ұлттық автономиялы жерлердің автономия органдары қызметкер қабылдаған
кезде, территориялық автономия алған ұлттан және басқа да аз ұлттардан
қызметкер алуды лайықты ескеру керек.
Ұлттық автономиялы жерлердің автономия органдары түрлі кәсіп адамдарын
ерекше шаралар қолдана отырып, қамқорлық жасау, шабыттандыру арқылы
автономиялы жерлердің түрлі құрылыс жұмыстарына тартады.
23-тармақта ұлттық автономиялы жерлердің кәсіпорындары, іс орындары
мемлекеттің белгілемелері бойынша адам алғанда, алдымен аз ұлттан алады,
сондай-ақ оларды ауыл-қыстақтар мен малшаруашылық райондарындағы аз ұлт
тұрғындарынан алуына болады"(14)-делінген.
Автономия саясатында "автономия құқын алған жерлерде сол ұлттың тіл,
жазуы қолданылады. Сол ұлттың өкілі негізгі басшылық орында болады"
делінген. Бірақ, Қытай реформасының терендеуіне байланысты автономия
саясаты өз дәрежесінде атқарылмай отыр. Керісінше "барлығын бір ғана ұлттың
атымен байланыстыратын" үрдіс күн сайын ұлғайып келеді.
Мектеп басқарудағы "қостілділік", малшаруашылығындағы "отырықты отырып
мал бағу" секілді замана ауқымы қазақтардың Алтай мен Атырау арасында
айылын жимай көшіп-қонып жүретін далалық мінезі мен дарқан кеңдігін
келмеске кетіргендей.

2. Қытайдағы қазақ диаспорасының оқу-ағартуы мен баспасөзі
Үйсін туралы жазылған Қытай деректерінде де олардың аудармашылар
тәрбиелегені сөз болады. Қытайдың "Сүйнама" қаңлы тарауында: "Қаңлылардың
жазуы көлденеңнен жазылады. Олардың өзі жазған кітаптары бар" деген дерек
айтылады. 630 жылы Орта Азияны саяхаттаған Қытайдың будда ғұламасы Шуан
Заң: "Түрік елінің жазуы 25 дыбысқа негізделіп жасалған. Оның жазба
нұсқалары солдан оңға қарай көлденең оқылады. Олар бір-біріне жазба
кітаптар қалдырып отырады. Сөйтіп әдеби білім үздіксіз жалғасып өрісі
кеңейе береді"(15)деп жазған.
Қазақ халқын кұраған керей, найман, уақ сияқгы ұлыстық мемлекеттердің
көне түркі жазуын қолдануы оқу-ағарту жұмыстары болмайынша жүзеге аспақ
емес. Бартолд пен Әлкей Марғұланның зерттеуінше, "бітік" — ғұн дәуірінен
келе жатқан ескі сөз. Шыңғысхан дәуірінен бұрын қазақ даласындағы
қыпшақтар, каңлылар, оғыздар, қарлұқтар, керейлер, наймандар, шектілер,
қияттар, үңгіттер, яғмалар (бура наймандары) — өздерінің атақты
бітікшілері, абыздары, бақсылары болған елдер. VIII ғасырда Шу каласын
мекендеген қарлұқтардың елге білім тарататын ұстаз бітікшісін Әли Шашақ деп
атаған.
Қазақтардың ислам дінін қабылдауымен оқу-ағарту істері де біртіндеп дами
түсті. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950), Жамал Қарши (1230-1315), Мұхаммед
Хайдар Дулати (1499-1551), Қыдырғали Жалайыр (1530-1605) араб әліппесі
арқылы атын шығарған ғұламалар еді.
1848 жылдың күзінде Қазан, Бұхар қалаларына барып діни оқу оқып Алтайға
оралған Сәбит дамолда (Абақ керейдің ителі руынан, 1823 жылы Қазақстанның
Қалба тауында туылған) Сауырдағы Қасымхан гұң, Алтайдағы Жұртбай би,
Қабадағы Оспан төрелердің ұсынысы бойынша Сауыр, Қыран, Ертіс өңірлерінде,
жоғарыдағы би-төрелердің ауылында бала оқытқан. Оның 40 жылдық өмірі ауыл
оқуына арналған.
Шыңжаң қазақгары мекендеген өңірдегі ең алғашқы медресе 1865 жылы
Алтайдың Қыран өзені бойындағы "Сары мешіттен" ашылған медресе болды. 1829
жылы Алтайға келген Мұхаммет Мұғимын ислам дінін Алтай қазақтары ішінде
онан да тиянақты әрі көлемді жалпыластыруды көзде ұстап, 1865 жылы жазда
Қыран өзенінің бойындағы Балбағайдан қызыл қарағайдан қиып мешіт салдырып,
жанынан медресе ашып, Алтайдағы он екі керей ішіндегі аты бар, ауқаты бар
адамдардың балаларынан әр жылы отызға жуық бала оқытқан. Алтай қазақтары
бұл мешітті, медресені "Сары мешіт-медресесі", "Атаң ауылының медресесі"
деп атап келді. Алтай қазақтары ішінде ислам дінін кең көлемді таратуға
және діни ағартуды жолға қоюға Мұхаммет Мұғимынның және осы "Сары мешіт
медресесінің" рөлін айрықша атауға болады.
Осыдан кейінгі медресе Алтайдың Көктоғай ауданының Сарытерек деген
жеріндегі 1870 жылы салынған керейдің молқы руынан шыққан Жота қажының
мешіті мен медресесі болды. Осы медреседе Мырзабақа деген ғұлама имам
болған.
Жоғарыдағы мешіт-медреселердің ықпалымен 1880 жылы күзде Жүртбай би
өзінің қыстаулығы — Қыран өзені бойындағы Бітеуіргеден мешіт салып, оны
"Ақмешіт" деп атады. Әрі мешіт жанынан медресе ашып бала оқытқан.
1890 жылы Зуқа қажы Көктоғай ауданы Дүре ауылының Бітеу деген жерінен
медресе ашқан. 1896 жылы Бапы би Ертіс пен Қыранның құйғанынан "Бапы
мешітін" салдырып медресе ашқан. 1898 жылы Өміртай гұң Буыршында бір мешіт
саддырып, медресе ашып татар Абдолла деген молданы ұсыныс етіп, бала
оқыттырған. 1901 жылы Сарсүмбеден "Дөңбазар медресесі", "Ақшорын медресесі"
қатарлы медреселер ашылып бала оқыған. Осы сияқты мешіт-медреселердің
ашылуы Алтай қазақтары ішінде айырықша ықпал көрсетті. Осыдан бастап
Алтайдын, барлық аудандарында ілгерінді-кейінді 50 неше мешіт салынған әрі
осы мешіттердін, жарымынан астамында медреселер ашылып бала оқыған"(16).
Осымен қатар Іленің Текес ауданында Тоғжан медресесі, Тарбағатайдың
Шағантоғайында Иса қажы медресесі болды.
"Іле өңірінде жасаған ақын Шілбі Көмекұлы (1860 — 1936) бала кезінде
Жансейіт медресесінде оқыды да, "Ағлам ахұн" деген діни шен алады. Ел
ішінде абыройлы ақын болып жетілген Шілбі 1919 жылы Құлжа ауданының Нар
деген қыстағында мешіт-медресе салғызады. 1921 жылы Күнесбай, Жиенбай деген
зәңгілердің қолдауымен Күнес ауданының Түрген, Тасқорған деген жерлеріне
мешіт-медресе саддырады"(17).
1917 жылғы Қазан төңкерісі тұсында Қытай жеріне Казақстан, Қырғызстан,
Өзбекстан Республикаларынан қашып өткен көптеген зиялылар Алтай, Тарбағатай
секілді аймақтарға барып, жергілікті оқу-ағартудың дамуына орасан зор ықпал
жасады.
"Осы ғасырдың басында және Қазан төңкерісінің қарсаңында Орта Азиядан
Шәкер (түрік), Нұрғабдолла (өзбек), Сейітқазы (қазақ), Нұридден (ұйғыр)
қатарлы бір бөлім зиялылар ондағы төрт бидің беделділерінің бірі болған
Мәми бейсінің ауылына келіп қоныстанды. Осындай зиялылардың ықпал
көрсетуімен әрі сол кезде Қазақстанның Зайсан қаласында ашылған "Тарақия"
мектебінің шабыттандыруымен Мәми бейсі Бітеуіргедегі мешіт-медресені
"Абақия" мектебі деп өзгерткен. Бұл — Алтайда тұңғыш рет медреседен
мектепке айналған әрі жаңаша оқыту әдісін жолға қойған бірден-бір ғылыми
оқыту орны болды. "Абақия" деген сөз әсілі Алтайдағы абақ керей елінің
мектебі — абақтың білім ұясы, яғни "абақұя" деген сөз төркінін бейнелейді.
Сөйтіп, 1905 жылы "абақия" мектебі құрылуымен бірге Ұсыли-жәдит "төте
оқыту" әдісімен бала оқытып, өткендегі түсініксіз оқыту әдісін күшінен
қалдырды.
Сонымен бірге осы мектепте діни сабақтарға қосып есеп, ана тіл, тарих,
география қатарлы сабақтар өтіле бастады. 1907 жылы осы мектепке
Қазақстанның Ақмола облысының Көкшетау уезінде туылып, Тройцк "расолпа"
гимназиясын бітірген Сейітқазы Нұртаев деген зиялы жас келіп мұғалім болды.
Әрі жаңаша оқыту әдісі бойынша сабақ кестесін жасап, емтихан алу түзімін
орнатып, ғылыми сабақтардың салыстырмасын біртіндеп діни сабақ
салыстырмасынан жоғарлатқан. Демек, Алтайда жаңаша оқыту әдісін тұңғыш рет
жолға қойған мектеп — "абақия", оны жалпыластырушы және кемелдендіруші —
Сейітқазы Нұртаев болды.
1920 жылдан кейін "абақия" мектебінде Ахмет Байтұрсынов емлесі бойынша
жасалған әліппе қолданыла бастады. 1926 жылы Қанапия бейсі бұл мектепке
Дихуадан (Үрімжіден) Нұридден Қабдұлқаллақи (татар), Бадыридден (ұйғыр),
Әдембек (қазақ) қатарлы бірнеше оқымысты адамдарды ұсыныс етіп, "абақия"
мектебінің тәлім-тәрбие, оқыту істерінде тың жаңалықтар барлыққа келген.
Осы кездегі мектеп меңгерушісі Сейітқазы Нұртаев еді. Ол жоғарыдағы
қабілетті адамдарды ойдағыдай істетумен бірге, оқулықты Қазандағы ағайынды
Каримовтар баспасынан алдырып, жүйелі ғылыми оқытуды жолға койған.
"Шәуешекте татар зиялылары XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алғашқы
жылдарында-ақ мектептер ашып, онда ұйғыр, қазақ балалары оқыған еді.
Казақша оқитын арнаулы мектептерден 1911 жылы Байбалық мектебі, 1917 жылы
Жайырда Мұхаммед Шафих мектебі ашылды. 1921 жылы Шәуешекте "Күландамия
мектебі" делінген арнаулы қыздар оқитын мектеп ашылған.
Іленің бұрынғы Сүйдің ауданында Әбдіқадыр әпенді деген адам 1908 жылы
мектеп ашады. Құтыби ауданының Шатху деген жерінде Зубай деген кісі 1920
жылы қазақ мектебін ашқан. Мори, Фукаң, Жемсары аудандарында мектеп ашу
1934-1935 жылдары басталып, мәдениет, оқу-ағарту бірте-бірте дамыды.
1917 жылдары Іле генералы тұратын Күреде "Күре шуетаңы" деген мектеп
ашылған еді. Таңжарық Жолдыұлы (1903-1947), 1922 жылы осы шуетаңнан үш
жылдай оқып, қытай тілі мен жазуын біршама меңгереді. Қоғам қайраткерлері
Нүсіпхан Көнбайұлы (1895-1986), Әбу Құдышұлы (1901-1940), Дәулеткелді
Қосболатұлы (1898-1942), Толымбек, Нұрмұхамет, Әбдірасұл Смағұлұлы (1901-
1945), Ысқақ сияқты адамдар осы мектепте оқыған. Қазақ, моңғол халықтарының
талабы бойынша, 1922 жылы моңғол — қазақ мектебі ашылады(18). Алтай
аймағында Шәріпхан Көгедаевтің басшылығында оқу-ағарту ісі барынша кең
көлемде етек алды. 1933 жылы Сарсүмбе қаласында мұғалімдерді тәрбиелейтін
қысқа мерзімдік арнайы курс ашылды.
Іле аймағында жаңаша мектептер ауылдарға шейін ашыла бастаған. Мысалы,
Құлжа ауданының Жырғалаң деген жерінде Жабықбай мектебі, Тоғызтараудың
Мұқыр-Жырғалаң деген жерінде Дарубай мектебі, Күнесте Сатыбалды мектебі,
т.б. болды.
1935 жылдан кейін бұл мектептердің кейбіреулері орталау мектепке
айналды. Сол кезде Сүйдін ауданының Сарбұлақ деген жерінде Тергеусіз
бастатқан ел ақсақалдарының сүйеуімен "Көпірлі" мектебі ашылды.
1935 жылы қазақ халқының көмегімен Құлжада ерлер орта мектебі салынып,
1936 жылы оқу бастады. Күнесте "Талды" мектебі салынды. Сол кезде Іле
аймағындағы қазақ бастауыш мектебі 38-ге, оқушы саны 3 мыңға, Алтай
аймағындағы мектеп 26-ға, оқушы саны 2 мыңға, Тарбағатайдың Шиху мен
Сауаннан басқа аудандарындағы мектеп 15-ке, оқушы саны 1200-ге жеткен еді.
Бұл мектептердің көбі халық басқаруында (қазақ-қырғыз оку-ағарту үйымы
қарауында) болған(19).
Қабимолла Манжыбаев Қытай қазақгарының оку-ағартуы жайында былай деп
жазады: "Шың Сысай дәуірінде ауылдық мектепті бітіргендер оқитын орталау
мектептен Іле аймағында үшеуі, Тарбағатайда үшеуі, Алтайдьщ Сарсүмбе
қалашығында бір орталау мектеп және мұғалімдер жетістіретін арнаулы бір
мектеп құрылды"(20).
"1935 жылы Шыңжаңның тұңғыш жоғары мектебі "Шынжаң институты" ашылған
еді. Саяси қайраткер, аудармашы және әдебиетші Дубек Шалғынбаев осы оқу
орнынан жетілген казақ зиялыларының бірі еді.
1934-1937 жылдары Шыңжаңның Кеңес Одағының Орта Азия мемлекеттік
университетіне жіберілген оқушылар катарында қазақ жастарынан Іледен Әсейін
Жақсылықұлы, Құсайын Сиябаев, Демесін; Алтайдан Зарып, Мақат, Айтікен;
Шәуешектен Нұрмәди; Үрімжіден Ешен, т.б. болды.
1935 жылы Құлжа ауданының Турасу жайлауында оқытушылар даярлайтын курс
ашылды.
1936-1938 жылдары Шәуешектен педагогика институты ашылды.
1938 жылы Үрімжіде оқытушы даярлайтын өлкелік педагогика институты
ашылды.
Үш аймақ үкіметі тұсында, яғни 1944 жылы 19 қарашада Құлжа қаласында оқу-
ағарту меңгермесі құрылып, Қабип Бернашов бастық, Сәйпиден Әзези бастықтың
орынбасары болды.
Шыңжанда үш аймақ төңкерісі жеңіске жеткеннен кейін, 1946 жылы Құлжа
қаласында ашылған Ахметжан атындағы білім жұрты қазақтар жиі қоныстанған
өңірдегі негізгі білім ордасы болды. Үш аймақтың барлық ауданында оқу-
ағарту ісі қарыштап дамығандықган бастауыш мекгептер 1944 жылғы 79-дан
көбейіп, 1949 жылы 489-ға, аймақтардағы орта мектептер 13-ке, аудандағы
орта мектептер 17-ге жеткен"(21).
1958 жылғы ұлтшыл-оңшылдарға карсы күрес, 1962 жылғы "Іле-Тарбағатай
оқиғасы", 1966-жылдан басталған тап талдау және "Мәдениет төңкерісі" қазақ
оқу-ағартуын барынша тұралатты.
1978 жылдан кейін бүкіл Қытай елі секілді қазақ ұлтының да оқу-ағарту
ісі жаңа жағдайға бет бұрды. Бастауыш дәрежелі оқытуға жатақты
мектеп(интернат) оқытуы мен сауатсыздарды жою оқытуы қоса жүрілді.
Орта мектептер таза қазақ мектебі, қытай-қазақ мектебі, көп ұлтты аралас
мектепті қамтыды.
1991 жылға келгенде Іле қазақ облысындағы 131 қазақ орта мектебіндегі
оқушы саны 47 мың 947-ге жетті.
Мұғалімдерді, дәрігерлерді және ауыл шаруашылык, мамандарын жетістіру
мақсатындағы әртүрлі орта білім беретін училищелер мен колледждер жаппай
ашылып, Іле, Алтай, Тарбағатай, Буратал секілді жерлерде арнайы оқушылар
тәрбиеледі.
Іле педагогика институты, Іле оқу-ағарту институты, телевизиялық
университет, жұмыстан сыртқы университет т.б. жоғары білім алуға арналған
оқыту түйіндерінде қазақ жастары көптеп тәрбиеленді. Мұнан сырт қытай және
ұйғыр тілдерінде оқытуға бағытталған орталық ұлттар институты, Шыңжаң
университеті, Шыңжаң педагогика университеті, Шыңжаң өнеркәсіп
университеті, Шыңжаң көркемөнер институты секілді жоғары оку орындарынан
білім алу орайына ие болып отырды.
1880-1890 жылдар ішінде Жүсіпбек Шайхысламұлы, Ақыт Үлімжіұлы бастаған
алғашқы бір топ ақындар Қазан баспасынан кітаптар шығара бастаған еді.
Сөйтіп, "1900 жылдан 1917 жылға дейін Қазанда, Омбыда, Орынборда,
Петербургта, Ташкентте, Троицкіде, Семейде, Оралда және басқа қалаларда
қазақ тіліндегі жүзге тарта түрлі кітаптар шықты"(22).
Шың Сысай билік басына келгеннен кейін, алға қойған алты саясаты
бойынша, Кеңес Одағымен достасып мәдениет және оқу-ағарту істері жағында
белгілі даму пайда болды. Өлке орталығы Үрімжі қаласында және де Іле,
Алтай, Тарбағатай аймақтарында құрылған "Қазақ-қырғыз мәдени, ағарту
ұйымының" ықпалымен қазақ баспасөзі мен оқу-ағартуы жаңа қадамдар жасады.
"1934 жылы маусымда Іледе құрылған қазақ-қырғыз мәдени-ағарту ұйымының
бастығы Махсұт Сасанов бастамашылығында 1935 жылы қазақ тілінде "Төңкеріс
таңы" атты газет шықты. Бұл газетті осы қазақ-қырғыз ұйымының ойын-сауық,
мәдениет істеріне жауапты ақын Таңжарық Жолдыұлы басқарды. Осы газетті
қазіргі "Іле газетінің" алғашқы негізі, Іледегі қазақ баспасөзінің төркіні
деуге болады.
Алтай өңірінде кезінде Алтай өңірінің әкімі және әскери қозғалыс
генералы болып тұрған ағартушы Шәріпқан Жеңісқанұлы Көгедаев баспасөз
жұмысын дамытуға ерекше күш салған кісі. 1934 жылы ол Кеңес Одағынан баспа
машинасын алдырып, 1935 жылы қазіргі "Алтай газетінің" тұңғыш саны "Шыңжаң
Алтай газетін" шығарады. Бұл газет сол жылдың соңында "Жаңа Алтай газеті"
деген атпен шығып тұрды. Бұған қоса 1948 жылы "Таң Шолпаны" атты журнал
шықгы.
Тарбағатай өңірінде баспасөз жұмысы Іле мен Алтай өңіріне қарағанда
ертерек басталған. Бірақ ол алғашында нағыз қазақ тіліндегі басылым
болмады. Өйткені, қазақ, ұйғыр, татар, тағы басқа ұлттар аралас қоныстанған
Тарбағатайға кеңес одағынан (1925 жылы) әкелінген тас баспа аспаптары Қазан
баспасыныкі әрі ұйғыр, татар тіліне жақын әріп болатын. Осы тілмен шыққан
"Біздің үн" атты газетте Нұртаза Шалғынбаев сияқты қазақ зиялыларының
мақалалары да басылып тұрған. 1934 жылдан бастап бұл газетге Тарбағатайдың
ортақ тілінде казақ оқымыстыларының мақаларлары басыла бастады. 1935 жылы
қорғасын әріппен "Жаңа Шыңжаң " атты маусымдық журнал шықты да, онда
Нұртаза Шалғынбаевтың "Көрген-білгендерім" атгы мақаласы басылды.
Үрімжіде "Шыңжаң газетінің" қазақ тіліндегісі 1935 жылдан шыға бастады
да, қазақ баспасөзі дамуына негіз болды.
Құлжада, Үрімжіде газет-журналдар шығудың сыртында кітап та шығатын
болды. 1948 жылы Құлжада Таңжарық Жолдыұлының "Алғашқы жинағы", Үрімжіде
Ниғымет Мыңжанидың "Тұрмыс тілшісі" атты повесі жарияланды"(23).
Сол жылы Үрімжідегі Шыңжаң газеті баспа зауытында "Абайдың таңдамалы
шығармалары" басылып шықты. Осымен қатар Алтайда Әсет Найманбайұлының
"Сәлиқа — Сәмен" дастаны, Тарбағатайда Нұртаза Шалғынбаевтың "Көрген-
білгендерім" очеркі, Дубек Шалғынбаевтың "Кедей оқушының тағдыры"
әңгімелері кітап болып шыға бастады. Қытайда жүргізілген саяси күрестерге
байланысты баспасөз қызметі бір мезет тоқырауға ұшырап, 1980 жылдардан
кейін ғана қайта жанданды.
Арнайы баспа орындарынан "Ұлттар баспасы" , "Шыңжаң халық баспасы",
"Шыңжаң жастар-өрендер баспасы", "Денсаулық баспасы", "Ғылым-техника
баспасы", "Шыңжаң оку-ағарту баспасы", "Іле халық баспасы" сияқтылар бар.
Бұл баспалар үкіметтік тапсырыстар және жеке қаржы табу жолдарымен әр түрлі
кітаптар шығарып отырады.
Ал Қытай қазақтары бойынша қазақ тілінде шығатын журналдарды мынадай бес
топқа бөлуге болады:
Бірінші: мемлекет дәрежелі саяси журналдар: "Іздену", "Ұлттар ынтымағы",
"Ұлттар " журналдары.
Екінші: ШҮАР-дың орталығынан шығатын журналдар: " Шыңжаң қоғамдық
ғылымы", " Шыңжаң қоғамдық ғылым мінбесі", "Шыңжаң жоғары оқу орындары
ғылыми журналы' "Шыңжаң авангардтары", "Шыңжаң оқу-ағартуы", "Ғылым
бұлағы", "Шыңжаң суретті журналы", "Тіл және аударма", "Көкжиек", "Шұғыла",
"Мұра", "Оқырман өресі", "Шыңжаң малшаруашылығы", "Алға", "Жайылым
шаруашылығы", "Шаруашылық машиналары" секілді 17журнал.
Үшінші: облыс дәрежелі журналдар: "Іле айдыны", "Іле жастары", " Іле
әйелдері", "Мектеп дене тәрбиесі", "Қазақ балалары ғылыми суретті журналы".
Төртінші: аймақ дәрежелі журналдар: "Алтай аясы", "Тарбағатай", "Ғылым
және өнер", " Дәрігерлік білім", "Жастүлек" журналдары.
Бесінші: тек қана Қытайдың ішкі қызмет орындары мен университеттерінде
ғана таратылатын журналдар: "Іле педагогикалық институт ғылыми журналы",
"Іле оку-ағарту институтының ғылыми журналы", "Іздену және ашу", " Үйрену
және ғылым", "Іле ағартуы", "Іле медицинасы", "Іле прокротурасы", "Боғда",
"Кұмыл алқабы", "Тарлан" журналдары.
Аталған журналдар 1996-1997 жылдары ресми түрде жарық көріп тұрған.
Кейінгі жылдары ішінара өзгерістер болғанымен жалпы Қытай қазақтарында 40
түрлі журнал шығатындығын кесіп айтуға болады(24).
Қазақ тілінде шығатын газеттерден "Шыңжаң газеті", "Іле газеті", "Алтай
газеті", "Тарбағатай газеті", " Шыңжаң ғылым – техника газеті", "Іле ғылым
–техника информация газеті" бар.
Баспасөзге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарынан Қытай қазақтарында
екі телевизия арнасы мен бір радио (Шыңжаң халық радио станциясы) тек қана
қазақ тілінде жұмыс жүргізеді. Шыңжаң халық радио станциясы 1955 жылдан,
Шыңжаң телевизиясы 1985 жылдан қазақ тіліндегі бағдарламалар тарата
бастаған.

Қытай қазақтарының әдебиеті биікпен бой таласқан алып бәйтерек сынды
тұтас қазақ әдебиетінің бір бұтағы. "Шыңжаң өңірін мекендеген қазақтардың
әдебиеті ХҮШ ғасырдың I жартысынан белгілі, арғы тарихы қазақ халқының ауыз
әдебиетімен сабақтас"(25).
Абай шығармаларының Қытайдағы қазақтарға жетуіне келсек, қазіргі бар
дерек бойынша Абайдың 1909 жылы шыққан кітабы 1915 жылы Асқар Татанайұлының
қолына жеткенін білеміз. Одан кейінгі деректер 1920 жылдар Таңжарық
Жолдыұлының (1903-1947 жж.) Қазақстан жерінде болып қайтуы, 1916 жылы Әсет
Найманбайұлының (1867-1923 жж.), Жүсіпбекқожа Шайхысламұлының (1857-1937
жж.) Қытай жеріне өтуі, Зият Шәкәрімнің Қытайға қашып өтуі екі ел
арасындағы әдеби-мәдени байланыстарға мұрындық болғанын көрсетеді.
Әлі зерттеліп болмаған тарихи әңгімелердің көп екенін ескерсек, Әсет
Найманбайұлына байланысты да шешуі толық емес жұмбақ хикаялар көп. Соның
бірі 1918 жылы мамырда Әсет Найманбайұлының Қытайдың Шәуешек қаласында
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937), Міржақып Дулатұлы (1885-1935) сияқты ұлт
зиялыларымен бірге болғандығы. Әсет бұл бас қосуда "Алашқа" атты атақты
өлең-толғауын шығарады. Ал, осы сапар барысында Ахмет, Міржақып туралы
бізге жеткен әңгіме мардымды емес. Демек, алаштың атақты тұлғаларының да
Қытайдағы қазақтар арасында болғандығы расталып отыр.
Қуғын-сүргін салдарынан Қытай жеріне қашып өткен ендігі бір топ Шәкәрім
қажы ауылының адамдары еді. 1931 жылы 2 қазан күні Шәкәрім қажы жазықсыз
атылған соң, Зият Шәкәрімұлы, Бердеш Әзімбайұлы Тәкежанов, Мәнәкеш
Әзімбайұлы, Қожақапан, Төлеуқазы қатарлылар әуелі Тарбағатайға, онан соң
Алтайға қашып барады. Осыдан аз уақыт бұрын ілгерінді-кейінді болып Алтайға
жан сауғалап барған Сейітқазы Нұртаев, Шабдан Әбдікерім, Кәрім Дүйсебай,
Сәлім Жаназар, Мырзахмет, Құсайын қатарлы асылдың қиықтары бар еді. Олардың
алды болыс болған, Стамбул, Мәскеу калаларында университет оқыған, арты
асыл текті тұқьмнан тараған көп тідді, аса білімді жандар болатын. Демек,
жоғарыдағы көп есімдерді атауымыз олардың екі ел арасындағы өркениеттің,
әдебиеттің алмасуына жасаған игі ықпалын ізетпен еске алу еді.
Абай өлендерімен жарыса жеткен Мағжан Жұмабаев (1893-1938), Міржақып
Дулат, Бейімбет Майлин (1894-1938), Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім
Құдайбердіұлы (1858-1931), Жүсіпбек Аймауытов (1889-1930), Ілияс Жансүгіров
(1894-1938), Сәкен Сейфуллин (1894-1938), Сұлтанмахмұт Торайғыров есімдері
осыдан бастап шетел қазағьна да кеңінен танымал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz