М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын оқыту



Кіріспе
1.тарау
Алаш қозғалысы мен идеялары
1.1.Алаш демократиялық зиялыларының бірі, алаш қозғалысының басты қайраткері . Міржақып Дулатұлы.
1.2 М.Дулатовтың ағартушылық қызметі
1.3. «Оян қазақ» өлең жинағы
2.тарау. Міржақып Дулатовтың шығармашылық мұрасы.
2.1 Өлеңдері
2.2 «Бақытсыз Жамал» романын оқытудың ерекшеліктері
3.тарау. М.Дулатов шығармаларындағы халықтық педагогика
3.1 М.Дулатовтың педагогикалық көзқарастары
3.2 Міржақып Дулатовтың «Қирағат» кітабындағы тәлім.тәрбиелік тағылымдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиетінің жан-жақты дамып, барлық жанрларда қарыштап өскен, ұлттың рухани сұранысына жауап берген бай-бағылан дәуірін тудырған ХХ ғасыр қаламгерлері, олардың ғұмыры, тағдыры, шығармалары туралы бүгінге дейін айтылып келген пікір, талдау, зерттеу енді жаңа тұрғыда толығып, соны пайым, жинақтау тұжырыммен қоюлана түспек.
Жасыратыны жоқ, Кеңес өкіметі құлап, Компартия билігі құрығанға дейінгі жетпіс жыл бойы әдебиет, өнер, гуманитарлық ғалымдар марксизм-ленинизмнің аузына қарады. Бейнелі өнер, ишарамен сөйлейтін әдебиет тұп-тура саясат шапанын кие алмайды, бірақ әдебиеттану, сын саласында зорлықпен енгізілген қисындар көп болатын. Сондықтан да ХХ ғасыр әдебиетін жаңаша пайымдау, оның кезең-ке¬зеңіндегі стильдік-жанрлық ізденістеріне, бейне, көркемдік қазынасына баға беру, талантты қаламгерлер шығармаларының эстетикалық байлығын анықтау, бір сөзбен бос топырақтан кенді аршып алу – жеңіл-желпі шаруа емес, бұл – көп қажыр-қайрат жұмсауды талап ететін ұзақ шиыр.
Қазақ халқының ұлттық рухының тамырына балта шабу үшін коммунистер ең алдымен осы қозғалыстың бастау көзінде тұрған Алаш көсемдерін, олардың ізбасар шәкірттерін бір қырып тастады да артынан большевизмді жақтаған, Кеңес өкіметін мадақтаған коммунист зиялылардың өзін де сыпырып әкетіп, көзін жойды. Аман-есен қалған оқығандарды үнемі үркітіп-қорқытып отырды, анда-санда науқан жариялап, солардың ішінен де біреулерді жұлып алып, түрмеге тығумен болды.
Кеңес өкіметі, партиялық органдар қаншалықты қаталдық жасап, қырағылық көрсеттім дегенмен, Алаш идеялары, ұлттық азаттық рухы, тәуелсіздік сарындары, әсіресе әдебиетте, өнерде, ғылымда жойылып кеткен жоқ.
Партия қаулы-қарарларымен ой нысанасын, тақырып жүйесін, бейне бағытын, әдіс-тәсілін белгілеп берген Кеңес дәуірі әдебиетінің алғашқы өкілдерінің бәрі де Алаш ұранды әдебиет шығармаларымен ауызданған, жазу-сызудың әліпбиін солардан үйренген.
Тарихшылар, әдебиетшілер еңбектерінде, оқулықтарда, түрлі құжаттарда, көркем шығармаларда, кинофильмдерде күні кешеге дейін партия, үкімет тарапынан қадағаланып, жоспарлы түрде бағытталып отырған арнаулы саясаттың салдарынан Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда өкіметі туралы тарихи шындық бұрмаланып, қып-қызыл өтірік айтылып келді. Ең бастысы, Алаш қайраткерлері қазақ ұлтының қас дұшпаны болып көрсетіліп, олардың шығармаларына тыйым салынды [1].
Әділіне келгенде, Алаш қозғалысына қатысқан азаматтардың басым көпшілігі ұлт мүддесіне арналған күнделікті аршынды іс, қарымды әрекеттермен айналыса жүріп, қуғын-сүргін азабына қарамастан, әдебиет, публицистика, ғылым, аударма салаларында орасан бай мұра қалдырды.
1. Ахмет Байтұрсынов шығармалары. Жазушы, 1989 ж.
2. Құбығұл Жарықбаев, Серғазы Қалиев. «Қазақ тәлім-тәрбиесі» А..1995
3. Ә.Қоңыратбаев. Әдебиетті оқыту методикасы А...1956
4. Ахмет Байтұрсынов. «Қазақтың бас ақыны» Шығармалары А...1989
5. Қ. Жұмалиев. Қазақ әдебиеті туралы екі томдық зерттеулер.
6. А. Байтұрсынов. Әдебиет танытқыш Шығармалары 1989ж
7. А. Байтұрсынов. Жан сөзімді кім түсінер? А...1994
8. З.Қабдолов. Сөз өнері А...1992ж.
9. С. Қирабаев. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
10. Абай тағлымы.-Алматы: Жазушы,1986
11. «Айқап» - Алматы; қазақ энциклопедиясы, 1995
12. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде. – Алматы, 1969
13. Әбдірахманов Т. Таланттан тағылымы, - Алматы, 1988
14. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы:Қазақ университеті,1992
15. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – Алматы: Кенже пресс, 2000
16. Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті. – Алматы, 1993
17. Әдеби мұра және оны зерттеу. – Алматы: ҚССР ҒА баспасы, 1961
18. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – Алматы: 1964
19. Бес арыс. – Алматы: Жалын, 1992
20. Бисенгали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы.- Алматы: Өлке, 1997
21. Дербісалин Ә. Қазақтың октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті.- Алматы: 1966
22. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1994
23. Еспенбетов А. С.Торайғыров. Алматы: Ғылым, 1992
24. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. – Алматы: санат 1994
25. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиет.- Алматы: Білім. 1993
26. Кенжебаев Б. Журналист Мухаметжан Сералин. – Алматы: 1957
27. «Қазақ» газеті. – Алматы: Қазақ әнциклопедиясы, 1998
28. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6-томдық. 2-том. 2 кітап. – Алматы,1965
29. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. – Алматы: Қазақ университеті, 2002
30. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетінің діни-ағартушылық ағым. – Алматы: Білім,1998
31. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001
32. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995
33. ҚирабаевС. Спандияр Көбеев. – Алматы: 1958
34. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 1-4 кітаптар. – Алматы, Дәуір, 1993-1997
35. Нұрғалиев Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы: 1991
36. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. – Алматы: 1991
37. Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердіұлы. Алматы: Ғылым, 1993
38. Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасуы. – Алматы: Жазушы, 1990
39. Ысқақов Б. Сәбит Дөнентаевтың ақындық жолы. – Алматы: 1966
40. Қазақ поэзиясының антологиясы (XX ғасырдың бас кезі). – Алматы: Ғылым, 1993
41. XX ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия. – Алматы: Білім, 1994
42. Дастандар. – Алматы: 1960
43. Ахметбеков Н. Поэмалары. – Алматы: 1972
44. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989
45. Дөнентаев С. Ұрпағыма айтарым. – Алматы: Жазушы, 1989
46. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991
47. Жомартбаев Т. Қыз көрелік. – алматы: 1986
48. Кердері Әбубәкіров. Қазағым. – Алматы: Жазушы, 1993
49. Көбеев С. Орындалған арман. – Алматы: 1988
50. Көпеев М.Ж. Шығармалары. Екі томдық. – Алматы: Ғылым, 1990-1992
51. Кулеев Б. Айтшы ақ қайың. – Алматы: 1969
52. Қалтайұлы М. Шығармалары. – Семей: 1998
53. Қараш Ғ. Заманда. – Алматы: Ғылым, 1994
54. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – Алматы. Жазушы, 1988
55. Молда Мұса. Өткен күндер. – Алматы: 1987
56. Наушабайұлы Н. Алаш. – Қостанай: ЖШС «Баспа үйі», 1997
57. Нарманбет. Шығармалары. – Алматы: 1961
58. Өтетілеуов Б. Шығармалары. * Алматы: 1961
59. Сералин М. Топжарған. – Алматы: 1985
60. Тәңірбергенов Ә. Ұмытпаңыздар мені. – Алматы: 1971
61. Торайғыров С. Шығармалары. Екі томдық. – Алматы: 1993
62. Шәкәрім. Иманым. – Алматы: Арыс, 2000
63. Шөреков Ы. Исатай-Махамбет. – Алматы: 1978
64. Ізтілеуов Т. Назым. – Алматы: 1972

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
———————————Педагогикалық пәндер кафедрасының
Менгерушісі, х.ғ.к.——————Әлібекова Р.А.

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын оқыту

050102-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша

Орындаған
Л.Байымбетова

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., проф., Р.Зайкенова

Алматы, 2010

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиетінің жан-жақты дамып,
барлық жанрларда қарыштап өскен, ұлттың рухани сұранысына жауап берген бай-
бағылан дәуірін тудырған ХХ ғасыр қаламгерлері, олардың ғұмыры, тағдыры,
шығармалары туралы бүгінге дейін айтылып келген пікір, талдау, зерттеу енді
жаңа тұрғыда толығып, соны пайым, жинақтау тұжырыммен қоюлана түспек.
 Жасыратыны жоқ, Кеңес өкіметі құлап, Компартия билігі құрығанға
дейінгі жетпіс жыл бойы әдебиет, өнер, гуманитарлық ғалымдар марксизм-
ленинизмнің аузына қарады. Бейнелі өнер, ишарамен сөйлейтін әдебиет тұп-
тура саясат шапанын кие алмайды, бірақ әдебиеттану, сын саласында зорлықпен
енгізілген қисындар көп болатын. Сондықтан да ХХ ғасыр әдебиетін жаңаша
пайымдау, оның кезең-кезеңіндегі стильдік-жанрлық ізденістеріне, бейне,
көркемдік қазынасына баға беру, талантты қаламгерлер шығармаларының
эстетикалық байлығын анықтау, бір сөзбен бос топырақтан кенді аршып алу –
жеңіл-желпі шаруа емес, бұл – көп қажыр-қайрат жұмсауды талап ететін ұзақ
шиыр.
 Қазақ халқының ұлттық рухының тамырына балта шабу үшін коммунистер ең
алдымен осы қозғалыстың бастау көзінде тұрған Алаш көсемдерін, олардың
ізбасар шәкірттерін бір қырып тастады да артынан большевизмді жақтаған,
Кеңес өкіметін мадақтаған коммунист зиялылардың өзін де сыпырып әкетіп,
көзін жойды. Аман-есен қалған оқығандарды үнемі үркітіп-қорқытып отырды,
анда-санда науқан жариялап, солардың ішінен де біреулерді жұлып алып,
түрмеге тығумен болды.
 Кеңес өкіметі, партиялық органдар қаншалықты қаталдық жасап,
қырағылық көрсеттім дегенмен, Алаш идеялары, ұлттық азаттық рухы,
тәуелсіздік сарындары, әсіресе әдебиетте, өнерде, ғылымда жойылып кеткен
жоқ.
Партия қаулы-қарарларымен ой нысанасын, тақырып жүйесін, бейне
бағытын, әдіс-тәсілін белгілеп берген Кеңес дәуірі әдебиетінің алғашқы
өкілдерінің бәрі де Алаш ұранды әдебиет шығармаларымен ауызданған, жазу-
сызудың әліпбиін солардан үйренген.
 Тарихшылар, әдебиетшілер еңбектерінде, оқулықтарда, түрлі құжаттарда,
көркем шығармаларда, кинофильмдерде күні кешеге дейін партия, үкімет
тарапынан қадағаланып, жоспарлы түрде бағытталып отырған арнаулы саясаттың
салдарынан Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда өкіметі туралы тарихи
шындық бұрмаланып, қып-қызыл өтірік айтылып келді. Ең бастысы, Алаш
қайраткерлері қазақ ұлтының қас дұшпаны болып көрсетіліп, олардың
шығармаларына тыйым салынды [1].
 Әділіне келгенде, Алаш қозғалысына қатысқан азаматтардың басым
көпшілігі ұлт мүддесіне арналған күнделікті аршынды іс, қарымды
әрекеттермен айналыса жүріп, қуғын-сүргін азабына қарамастан, әдебиет,
публицистика, ғылым, аударма салаларында орасан бай мұра қалдырды.
 Кейін қолдарынан билік кетіп, халыққа қызмет етудің бір-ақ жолы – оқу-
ағарту саласы ғана қалған аз уақыттық тыныс шақта ұлт тілінде ғылымның
барлық жүйесі бойынша оқулықтар жазуға кірісті. Алаш ұранды әдебиетті
жасаған қаламгерлердің жеке басына, шығармаларына тән ортақ, сапалы
белгілер олардың тағдырын, мұрасын біртұтас құбылыс ретінде қарауға
мүмкіндік береді.
 Қоғамдық белсенді әрекетке, негізінен ХХ ғасыр басында шыққан бұл
толқын 1905 жылғы алғашқы орыс революциясы, 1917 жылғы ақпан, қазан
революциялары, өкімет басына большевиктердің келіп, Кеңес өкіметінің орнауы
секілді аспан жарылып, жер сілкінгендей ғаламат жарылыстар тұсында қайрат
көрсетті. Осы ұлы ағыстардың баршасы олардың жеке өміріне, қоғамдық,
шығармашылық тағдырына ықпал жасап, терең із тастады.
 Табиғатынан дарынды жаратылған бұл буын өкілдері қазақы тал бесікте
тербетіліп, исламның иманды бұлағынан нәр алып, мұсылманша хат танып, одан
кейін жәдитше, орысша оқып, орта, жоғары дәрежелі білім алған: Орынбор,
Омбы, Семей, Алматы, Ташкент, Уфа, Қазан, Мәскеу, Петербор секілді шаһарлар
тәрбиесін көрген, өз заманының көзі ашық зиялылары. Бұлар мұғалімдік,
инженерлік, заңгерлік, экономистік, дәрігерлік секілді сан алуан мамандық
иелері. Түркі, славянды былай қойғанда, араб-парсы, ағылшын, неміс, француз
секілді жеті жұрттың тілін меңгерген. Күрес жолына шыққан кезде бұл
ерлердің бес қаруы сай еді. Сол замандағы кез келген озық елдің
зиялыларынан асып түспесе, кем соқпайтын, әр түрлі ғылым негіздерін
меңгерген, сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалар еді. Алаш қозғалысына қатысып,
Алаш партиясын құрысып, Алашорда өкіметін жасаған қайраткерлер ішінен қазақ
әдебиетінің алтын діңгек, сом тұлғалары шықты. Отаршылдықпен шайқас, артта
қалушылыққа қарсылық, надандықты мансұқтау, азат, тәуелсіз демократиялық,
дербес мемлекет құруды биік нысана ету, белгілі бір тап мүддесі емес, жалпы
ұлт мақсаты үшін күресу, өркениетті нысана тұту – бұл ағымда болған ұлылы-
кішілі азаматтардың баршасының дүниетанымына ортақ, етене қасиет сапалар
болатын. Омбының басқа оқу орындарында оқып жатқан қазақ шәкірттері де осы
төңіректе екен.
Зерттеу нысаны. Сонау аласапыран заманда өмір сүрген, бар өмірлері
өксікпен өткен жалынды күрескерлердің қызметін анықтауға бағытталған қазақ
зерттеушілерінің танымдық тұжырымдары негізінде зерделенген қазақ
әдебиетіндегі тұлғалардың басты қағидалары мен ұстанымдары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – халыққа аты
мәшһүр, ұлтқа: “Оян!” деп ұран тастаған, халқына қамамымен еңбек еткен ұлы
Міржақып өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеу. Ол үшін төмендегідей
міндеттерді шешу көзделді.
- Ақынның өмір жолын жан-жақты зерттеу;
- Ақын еңбектерін жан-жақты саралау, жеке-жеке тоқталып, негізгі
кезеңдері мен бағыттарына сипаттама беру;
- Ардагер ақынның ауыл балаларына сабақ берген, жалпы ағартушылық
жолын сарлай талдау;
- Ақынның педагогикалық, философиялық көзқарастарын түсіндіру.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Қазақы дәстүрлерді берік ұстану,
шариғат шарттарына адалдық, әлемдік ақсүйектік әдептерді жете меңгеру,
достық, қарызға беріктік ең бастысы, ұлт мүддесі үшін бәрін құрбан ету
сияқты асыл қасиеттерді Алаш қайраткерлерінің баршасының бойынан табуға
болады. Қазақ елінің пайдасына қызмет етер деген үмітпен Әлихан – Кадет
партиясына, Ахмет пен Мұхтар коммунистік партияға мүше болды. Бұл үміт
үзілген соң, үшеуі де ол партиялар қатарынан өз еріктерімен шығып кеткен.
Олар мансапқа сатылу, билік алдында құлшылық ету, дүниеге, байлыққа ұмтылу
дегенді мүлде білмеген. Біреудің ала жібін аттау жоқ.  Халыққа аты мәшһүр,
ұлтқа: “Оян!” деп ұран тастаған ұлы Міржақыптың ағартушылық, адамгершілік
ілімін дамытар маңызды арналар қатарында зерделеуге болады.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында жұмыста
жинақтау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, дедуктивті-индуктивті тұрғыдан
жіктеу, талдау, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.
Зерттеудің құрылымы. Диплом жұмысы үш тараудан, кіріспе мен қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1-тарау
Алаш қозғалысы мен идеялары

Қазақстанға Сталин жендеті Голощекин келгенше Алаш қозғалысы, Алашорда
өкіметі және оның серкелері туралы әредік обьективті пікірлер де айтылып
отырды. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-шығармашылық
қызметі туралы М.Дулатов очеркі мен М.Әуезов мақаласын, Мағжан Жұмабаевтың
ұлы ақындық сырын ашқан Ж.Аймауытов эссесінің салмағы мен құны, ғылыми және
танымдық мәні бүгінде бір мысқал төмендеген жоқ [1].
 Арнайы партиялық тапсырмамен құрастырылған Шафиро, Мартыненко
жинақтарында қасақана жасалған бұрмалаулар, жабылған өтірік жалалар
жыртылып айырылады. Соған қарамастан, бұл кітаптардағы бірталай тарихи
деректер мен құжаттар Алаштануға нақты қызмет ете алады.
 Жиырмасыншы жылдардың аяғында басталған репрессия алпыс жылдай Алаш
қайраткерлерінің атын атасаң – аузыңды қарыды, жазсаң – қолыңды шапты. Орыс
отаршылары, коммунистік идеология қанша қылышынан қан тамғанмен, қазақ
санасынан Алаш идеясын сөндіре алған жоқ. Алаш ұранды әдебиетті оқып біліп
өскен тұтас буын бар еді. Олар көптеген шығармаларды жатқа айтатын. Жазушы
Тахауи Ахтанов Мағжанның “Батыр Баянын” композитор Ахмет Жұбановтан
естіген. Сөз саптауға келгенде Жүсіпбек Аймауытовты ұстаз тұтатынын Ғабит
Мүсірепов жасырмай айтатын болған. Большевизмнің ұраншысы Сәбит Мұқановтың
өзі қызды-қыздымен Мағжанның ғашықтық жырларын қалай жатқа айтып кеткенін
байқамай қалатын. Әдеби сарындастық Мағжан – Ілияс – Қасым – Әбділда –
Мұқағали болып жалғасты. Дала циклын, өлім туралы жырларды, өмір – өзен
мотивін еске түсіріңіз.
Қолда бар, кітапханада тұрған Алаш қайраткерлері шығармалары түгелге
жуық жиналып, өртелгенімен, арнаулы қорларда олар бәрібір сақталды.
Жандарын шүберекке түйіп, үкімет қаһарынан қорықпай кейбір адамдар үрейлі
кітаптарды үйлерінде ұстады. Бұл қатарда өзіміз араласқан, білген жазушы
Сапарғали Бегалин – Мағжан, Жүсіпбек, профессор Бейсенбай Кенжебаев –
Ахмет, Міржақып еңбектерін алпысыншы жылдарда аспирант кезімізде оқып
білуімізге мүмкіндік берді. Мұндай байланыс әртүрлі арнада өрбіді. Мысалы
Мекемтас Мырзахметов болса Бауыржан Момышұлы, ал Әди Шәріпов Төкен
Әбдірахманов қоймасында жатқан Алаш жазушылары шығармаларын оқыған.
Университетке бізбен бірге түскен ақын Құрманбай Толыбаев Қытайдан жасырын
алып келген М.Дулатовтың “Оян, қазақ!” жинағын студент кезімізде
таныстырды.
 Ерекше қызық тағы бір деректі айта кетейік. Алматыда Жазушылар одағы
ғимараты жанындағы саябақта егде тартса да, сұлу өңі таймаған жұпыны киімді
бір әйел дұрыстап сөйлесе білсеңіз, сұраған нәрсеңізді жан-жағына бір қарап
қойып, қолыңызға ұстатар еді. Ол машинкаға басылып, түптелген Мағжанның бір
томдығы, ол – әйел ақынның жары Зухра шешей болатын.[3]
 Қазақ мемлекеттік университетінде 1966 жылы бір жиналыс өтті.
Ұйымдастырған профессор Бейсенбай Кенжебаев пен профессор Хайролла
Махмудов. Сөйлегендер профессор Темірғали Нұртазин, доцент Александр
Жовтис, жазушы Тахауи Ахтанов. Әңгіме Мағжан, оның поэзиясы, кітабын
бастыру туралы болды.
 Қауіпсіздік комитеті қызметкерлері жиналысқа келген адамдардың бәрін
тізімдепті. Сөйленген сөздердің бәрі магнитофонға жазылыпты. Кейін білдік,
сол жиын туралы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бюросы арнайы
мәселе қараған. Татар Хайролла Махмудов, еврей Александр Жовтис партияда
жоқ екен, ал коммунист қазақ Бейсенбай Кенжебаевқа партиялық қатаң сөгіс
берілген.
 Мағжан өлеңдерін орыс тіліне аударып, енді басқалы жатқан “Простор”
журналының бас редакторы, жазушы Иван Шухов, осы әрекетті қолдаған мәдениет
министрі Ілияс Омаров қызметтерінен босатылды.
 “Жастық шақты бойлап” деген естелік кітабында башқұрт жазушысы Сәйфи
Құдаш Мағжан Жұмабаевты ұлы ақын деп мадақтады. Сол кітап КСРО Мемлекеттік
сыйлығына ұсынылғанда біздің ағайындар башқұрт “ұлтшылын” әшкерелеп, арыз
түсірді. Сыйлық берілмей қалды.
Тағы да сол Сәйфи Құдаш Мағжанның өмірі мен шығармашылығы туралы, оны
ақтау керектігін дәлелдеп Қонаевқа 100 беттік хат-зерттеу жіберді. Бірақ
одан ештеңе өнген жоқ.
 Алаш қозғалысы, Алашорда өкіметі, Алаш қайраткерлері туралы
шетелдерде қазақ Мұстафа Шоқай, башқұрт Зәки Уәлиди Тоған, өзбек Баймырза
Хайт, орыс, неміс, ағылшын, жапон ғалымдары еңбектері басылды. Анықтама,
энциклопедияларда мәлімет берілді. Ең үлкен ерлікті Қытайдағы Такламакан
шөлінен өтіп, Гималай тауларынан асып, Кашмир арқылы Түркияға жеткен көштің
басшысы Қалибек хәкім Рахымбекұлының перзенті Хасен Оралтай жасады. Ол 1973
жылы Түркияда “Алаш – Орта Азия түркі қазақтарының ұлттық ұраны” атты кітап
шығарды. Автор өз қолы жеткен құжаттар, деректер, суреттер, мәтіндер арқылы
Алашорда, Алаш қайраткерлері туралы қысқаша анықтамалық, миниэнциклопедия
дерлік еңбек тудырған. Кейін бұл саладағы қызметтерін Хасен Оралтай
“Азаттық” радиосында жалғастырды. “Елім-айлап өткен өмір” және “Елім-айлап
өткен өмірден кейін” кітаптарында толық тиянақтады.
 Мәскеуде шыққан түркологтар туралы анықтамалық кітапқа Ахмет
Байтұрсыновтың өмірбаяндық деректерін бергені үшін (оның өзі М.Дулатовтың
1923 жылғы мақаласынан көшіріп алынған) академик А.Кононов үстінен қазақтар
арыз айтты. Ол аз болғандай В.Колбин алдында 1987 жылы сөйлеген бір тарихшы
профессор: “Біз өз ұлтшылдықтарымызбен өзіміз-ақ күресе алатын деңгейге
әлдеқашан жеткенбіз”, деп шіренгенін “Торжество ленинской национальной
политики в Казахстане” деген кітапшадан оқи аласыздар.
 Алаш қайраткерлерінің түпқазық идеясы – қазақ мемлекеті. Ол үшін ата-
баба қанын төгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңдаған жылдар бойы ешқайда
көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау,
жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу,
өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы
қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген
демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте
ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу жоқ; шикізат емес,
ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші
шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер,
университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді – мемлекетті
қорғау керек [7].
 Қазақы дәстүрлерді берік ұстану, шариғат шарттарына адалдық, әлемдік
ақсүйектік әдептерді жете меңгеру, достық, қарызға беріктік ең бастысы, ұлт
мүддесі үшін бәрін құрбан ету сияқты асыл қасиеттерді Алаш қайраткерлерінің
баршасының бойынан табуға болады. Қазақ елінің пайдасына қызмет етер деген
үмітпен Әлихан – Кадет партиясына, Ахмет пен Мұхтар коммунистік партияға
мүше болды. Бұл үміт үзілген соң, үшеуі де ол партиялар қатарынан өз
еріктерімен шығып кеткен. Олар мансапқа сатылу, билік алдында құлшылық ету,
дүниеге, байлыққа ұмтылу дегенді мүлде білмеген. Біреудің ала жібін аттау
жоқ. Ашаршылыққа ұшыраған қазақтарға жиналған жылу малды есепсіз шашты,
ағайындарына берді деген жаламен жауапқа тартылып Қызылордада көп алдына
шыққан Жүсіпбек Аймауытов сүттен ақ, судан таза екенін оп-оңай дәлелдеп
берген.
 Халыққа аты мәшһүр, ұлтқа: “Оян!” деп ұран тастаған ұлы Міржақып
еліне қаламымен еңбек етемін деп, Думаның депутаттығынан бас тартқан ғой.
Жөн-жосығын ешкім білмейтін, қарақан басы болмаса әлеуметке жасаған
тырнақтай еңбегі жоқ, сайлау десе атын борбайлап шаба жөнелетін қазіргі
далбаңбайлар осыдан үлгі алса етті.
 Тарих қадірін білген ағалар: Әлихан, Ахмет, Міржақып, Халел,
Мұхамеджан – алдымен Абылайды, Шоқанды, Абайды, Махамбетті, Кенесарыны
таныды. Бір-бірінің орнын ерекше ұқты. Әлиханды серке деп мойындады.
Сұлтанмахмұт, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтар сөзі бір жерден
шықты. Мұндай рухани табысу, бағалау, емірене сүю Ахмет – Міржақып, Ахмет –
Мұхтар, Мағжан – Жүсіпбек, Әлихан – Ахмет араларындағы бауырластық
сыйластық құрметтен көрініп тұр. Олар басқа ұлт өкілдерімен де мұраттастық
негізде құшақ жайыса білген – Щербина – Ә.Бөкейханов, Потанин –
А.Байтұрсынов, Брюсов – М.Жұмабаев.
 Алаш қайраткерлерін ақтау үшін құрылған арнаулы комиссия 1988 жылы
орасан зор құжаттарды, деректерді, сот хаттамаларын, айыптау актілерін,
көркем шығармаларды, зерттеу еңбектерін, газет-журнал материалдарын, түрлі
арыз-шағымдарды, әртүрлі қорытындыларды түгел қарап, зердеден өткізіп,
ақырында ұлтымыздың алып тұлғаларын өзіне қайтарды. Бұл іске белгілі
ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты.
 Сол шешімнен кейін тез арада газет-журналдар, баспалар алпыс жылдан
астам темір құлыптың аржағында жатқан асыл дүниелерді жариялай бастады.
Зерттеушілерге мүмкіндік туды. Кітаптар шықты. Диссертациялар жазылды. Алаш
арыстарының еңбектері орта мектептерде, жоғары оқу орындарында оқытылатын
болды. Алаш зерттеуші ғалымдардың үлкен шоғыры қалыптасты десек, заңгерлер
С.Зиманов, М.Құл-Мұхаммед, Ө.Озғанбаев, С.Өзбекұлы, философтар Ж.Әбділдин,
Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, тарихшылар М.Қозыбаев, К.Нұрпейісов, М.Қойгелдиев,
т.б. баспагерлер Ғ.Әнес, Д.Әшімханов, Е.Тілешов, Т.Шаңбай еңбектері толық
дәлел бола алады. Бұған Алматыда, Астанада, Семейде ашылған, жұмыс істеп
жатқан Алаштану орталықтарын қосыңыз. Арнаулы журнал шыға бастады. Семейде
“Алаш” энциклопедиясы дайындалып жатыр[5].
 Алаш қозғалысының әлеуметтік істердегі салған арнасы азат Қазақстан
мұраттарымен сабақтас болса, рухани, шығармашылық мұраттары көркем
шығармашылығымызбен кіндіктес.
 Қазақ әдебиетінің жан-жақты дамып, барлық жанрларда қарыштап өскен,
ұлттың рухани сұранысына жауап берген бай-бағылан дәуірін тудырған ХХ ғасыр
қаламгерлері, олардың ғұмыры, тағдыры, шығармалары туралы бүгінге дейін
айтылып келген пікір, талдау, зерттеу енді жаңа тұрғыда толығып, соны
пайым, жинақтау тұжырыммен қоюлана түспек.
 Жасыратыны жоқ, Кеңес өкіметі құлап, Компартия билігі құрығанға
дейінгі жетпіс жыл бойы әдебиет, өнер, гуманитарлық ғалымдар марксизм-
ленинизмнің аузына қарады. Бейнелі өнер, ишарамен сөйлейтін әдебиет тұп-
тура саясат шапанын кие алмайды, бірақ әдебиеттану, сын саласында зорлықпен
енгізілген қисындар көп болатын. Сондықтан да ХХ ғасыр әдебиетін жаңаша
пайымдау, оның кезең-кезеңіндегі стильдік-жанрлық ізденістеріне, бейне,
көркемдік қазынасына баға беру, талантты қаламгерлер шығармаларының
эстетикалық байлығын анықтау, бір сөзбен бос топырақтан кенді аршып алу –
жеңіл-желпі шаруа емес, бұл – көп қажыр-қайрат жұмсауды талап ететін ұзақ
шиыр.
 Қазақ халқының ұлттық рухының тамырына балта шабу үшін коммунистер ең
алдымен осы қозғалыстың бастау көзінде тұрған Алаш көсемдерін, олардың
ізбасар шәкірттерін бір қырып тастады да артынан большевизмді жақтаған,
Кеңес өкіметін мадақтаған коммунист зиялылардың өзін де сыпырып әкетіп,
көзін жойды. Аман-есен қалған оқығандарды үнемі үркітіп-қорқытып отырды,
анда-санда науқан жариялап, солардың ішінен де біреулерді жұлып алып,
түрмеге тығумен болды.
 Кеңес өкіметі, партиялық органдар қаншалықты қаталдық жасап,
қырағылық көрсеттім дегенмен, Алаш идеялары, ұлттық азаттық рухы,
тәуелсіздік сарындары, әсіресе әдебиетте, өнерде, ғылымда жойылып кеткен
жоқ.
Партия қаулы-қарарларымен ой нысанасын, тақырып жүйесін, бейне
бағытын, әдіс-тәсілін белгілеп берген Кеңес дәуірі әдебиетінің алғашқы
өкілдерінің бәрі де Алаш ұранды әдебиет шығармаларымен ауызданған, жазу-
сызудың әліпбиін солардан үйренген.
 Тарихшылар, әдебиетшілер еңбектерінде, оқулықтарда, түрлі құжаттарда,
көркем шығармаларда, кинофильмдерде күні кешеге дейін партия, үкімет
тарапынан қадағаланып, жоспарлы түрде бағытталып отырған арнаулы саясаттың
салдарынан Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда өкіметі туралы тарихи
шындық бұрмаланып, қып-қызыл өтірік айтылып келді. Ең бастысы, Алаш
қайраткерлері қазақ ұлтының қас дұшпаны болып көрсетіліп, олардың
шығармаларына тыйым салынды.
 Әділіне келгенде, Алаш қозғалысына қатысқан азаматтардың басым
көпшілігі ұлт мүддесіне арналған күнделікті аршынды іс, қарымды
әрекеттермен айналыса жүріп, қуғын-сүргін азабына қарамастан, әдебиет,
публицистика, ғылым, аударма салаларында орасан бай мұра қалдырды.
 Кейін қолдарынан билік кетіп, халыққа қызмет етудің бір-ақ жолы – оқу-
ағарту саласы ғана қалған аз уақыттық тыныс шақта ұлт тілінде ғылымның
барлық жүйесі бойынша оқулықтар жазуға кірісті. Алаш ұранды әдебиетті
жасаған қаламгерлердің жеке басына, шығармаларына тән ортақ, сапалы
белгілер олардың тағдырын, мұрасын біртұтас құбылыс ретінде қарауға
мүмкіндік береді.
 Қоғамдық белсенді әрекетке, негізінен ХХ ғасыр басында шыққан бұл
толқын 1905 жылғы алғашқы орыс революциясы, 1917 жылғы ақпан, қазан
революциялары, өкімет басына большевиктердің келіп, Кеңес өкіметінің орнауы
секілді аспан жарылып, жер сілкінгендей ғаламат жарылыстар тұсында қайрат
көрсетті. Осы ұлы ағыстардың баршасы олардың жеке өміріне, қоғамдық,
шығармашылық тағдырына ықпал жасап, терең із тастады [12].
 Табиғатынан дарынды жаратылған бұл буын өкілдері қазақы тал бесікте
тербетіліп, исламның иманды бұлағынан нәр алып, мұсылманша хат танып, одан
кейін жәдитше, орысша оқып, орта, жоғары дәрежелі білім алған: Орынбор,
Омбы, Семей, Алматы, Ташкент, Уфа, Қазан, Мәскеу, Петербор секілді шаһарлар
тәрбиесін көрген, өз заманының көзі ашық зиялылары. Бұлар мұғалімдік,
инженерлік, заңгерлік, экономистік, дәрігерлік секілді сан алуан мамандық
иелері. Түркі, славянды былай қойғанда, араб-парсы, ағылшын, неміс, француз
секілді жеті жұрттың тілін меңгерген. Күрес жолына шыққан кезде бұл
ерлердің бес қаруы сай еді. Сол замандағы кез келген озық елдің
зиялыларынан асып түспесе, кем соқпайтын, әр түрлі ғылым негіздерін
меңгерген, сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалар еді. Алаш қозғалысына қатысып,
Алаш партиясын құрысып, Алашорда өкіметін жасаған қайраткерлер ішінен қазақ
әдебиетінің алтын діңгек, сом тұлғалары шықты. Отаршылдықпен шайқас, артта
қалушылыққа қарсылық, надандықты мансұқтау, азат, тәуелсіз демократиялық,
дербес мемлекет құруды биік нысана ету, белгілі бір тап мүддесі емес, жалпы
ұлт мақсаты үшін күресу, өркениетті нысана тұту – бұл ағымда болған ұлылы-
кішілі азаматтардың баршасының дүниетанымына ортақ, етене қасиет сапалар
болатын. Омбының басқа оқу орындарында оқып жатқан қазақ шәкірттері де осы
төңіректе екен. Бұл жерде қазақ шәкірттері мешіттің бас имамы Шәймерден
Әлжановпен кездеседі. Амандық-саулық сұрасып болғасын, имам жастардың
бірігуі турасында сөз қозғаған. Ол қазақтың арасында шәкірттердің
қатысуымен ойын-сауық кештерін ұйымдастырудың қажеттігін де айтқан. Имамның
сөзі жиналған шәкірттерге біршама ой салғанға ұқсайды.
Қазақ шәкірттерінің топтасуына ұйытқы болып жүрген Шәймерден
Әлжановтың өмір жолына көз салсақ, Омбыны мекендеген біраз қазақтың өмір
тауқыметін аңғарғандай боламыз. 1907 жылы Омбыдағы социал-демократтардың
бас көтеруі кезінде В.Куйбышевтың қасында болған Шәймерденге тұтқындалу
қаупі төнгенде, ол қисынын тауып Түркияға асады. Ол Стамбулдың атақты
медресесінде діни білім алған. Ресейдегі саяси қуғын-сүргін бәсеңдеп,
қайтадан ереуілдер мен бас көтерулер жандана бастағанда Омбыға қайтып
оралған соң, ол мешіттің бас имамы болып тағайындалады. Сонымен қатар
Шәймерден Әлжанов Омбыдағы фельдшерлік училищеде оқитын еді. Сәкен өзінің
естелігінде Омбыдағы жастардың белгілі Бірлік деген ұйымын ашатын
мұрындықшының бірі, жігіттің арыстаны – Шәймерден еді, – деп оның бұл
жастар ұйымына бастамашы болғандығын айтқан.
Семинарияның қазақ шәкірттерінің рұқсатсыз жиі бас қосатынын мына
мұрағат дерегі дәлелдей түседі. Омбы мұғалімдер семинариясының
педагогикалық кеңесінің 1914 жылғы 27 қазандағы шешімі бойынша Сейфуллин
Сәдуақастың қазақтардың мейрамы күні сағат 10-11-ге дейін сұранып кетіп
кешіккендігі және үш рет демалыста жәй келгендігі үшін кешкі сағат 6-дан
кейін интернаттан кетуіне 2-ші тоқсан бойы тыйым салынады және қараша мен
желтоқсан айындағы стипендиясын Шанин дүкеніндегі бережағына жұмсау жөнінде
ұйғарылды, – деп қаулы қабылдаған.
Омбыдағы қазақ жастарының топтасуы уақыт талабы болғанын мына деректен
айқын көреміз: Алаштың саналы азаматтары қасіретте еді. Қарағым, қазағым
оян деп қақсап, арыстаным алаш тұр деп зарлап, ұлтын оятуға кірісті. Жүрегі
жаралы, көзі жасты еді. Алаш деп зарлаған сол азаматтардың бірі Омбы
жастары болды. Қазақты қалың тұманнан құтқаратын өнер, білім деп ой
келтіргендіктен, елге бұл өнер, білімді тарату үшін ұлт қамын ойлаған жас
болып бірігу керек деп тапты. Осы ізгі ойменен Омбыда оқып жүрген үркердей
қазақ жастары 1914 жылы 18 сәуірде Бірлік деп ат қойып қауым ашты.
Қауымның мақсаты кең еді, тілегі зор еді. Ұйқыда жатқан алашын оятпақ
еді. Жұртты жегідей жеп бара жатқан алалықты тоқтату еді. Мал орнына
сатылып бара жатқан апа, қарындастарымызды күңдіктен құтқару еді. Алдағы
күнде жарық шығар жұлдыздарымыз, кейінгі жастарды оқуға тарту еді.
Әдебиетті өсіріп, кең асыл тілімізді көркейту еді. Бұл тілекті іске асыру
үшін қазақ жастарының ойын, ұстаған жолын бір ізге салу. Әр жерде осындай
жастар қауымдарын ашпақ еді.
Бірлік қауымы жалпы Ресей үстінде қалың қара бұлттың тегіс қаптап,
жауыздық назағайы жарқылдап ойнап тұрған кезде туды. Кең құлаш салып, еркін
демалу үшін ерік болмады. Екі кісі бас қосып кеңесуге шама жоқ еді. Зор
қаладан жиналуға жер таппай, қырға, орманға кетуші едік. Сол қалың орманның
ішінде жаңа сырымызды, мұңымызды, зарымызды сөйлесе алушы едік. Қолымызда
пұл да жоқ еді. Оқуда жүрген өңшең шәкірт қалтамыздағы барымызды тиындап
жиюшы едік. Бұл күйде жүргенде істің аса көркейіп кетпейтіні белгілі. Бірақ
біздің ниет қарлығаштай болса да қазаққа қызмет ету еді.
Міне, бұл құжат Бірлік ұйымының төңірегіне біріккен қазақ жастарының
мақсаттары ұлт мүддесіне қызмет ету екендігін көрсетеді. Осыған сәйкес
қазақ жастары өздерінің алдына қараңғылықтағы қазақ халқының рухани жағынан
жетілуін, қазақ әйелдерінің теңдігін, ұлтының азаттығын ойлаған. Мұның өзі
қазақ жастарының қоғамдық ой-санасының өскендігін, азаматтық ұстанымдарының
қалыптаса бастағандығын білдіреді.
Бұл айтылған тұжырымдарымызды сол оқиғалардың куәгері Смағұл Сәдуақасұлының
Жастарға жаңа жол атты еңбегіндегі деректер толықтыра түседі: Ең алғашқы
жастар ұйымы Омбы қаласында 1914 жылы ашылды. Ол ұйымның аты Бірлік еді.
Бірліктің мақсаты оның программасында тұтынған жолында айтылған. Қазақ
халқын мәдени һәм әдеби жағынан ілгері қатардағы жұрттарға қосу, ұлтшылдық
сезімін туғызу һәм ұлттықты сақтау.
Халық әдебиетін жинау, ол әдебиетті кітапша һәм үлкен кітаптар етіп
бастыру. Театр кітаптарын шығару, газет-журналдар шығару. Бастауыш, орта
дәрежелі мектептерге кітаптар жазу, школға түсемін деген шәкірттерге
даярлайтын курстар ашу, мұқтаж шәкірттерге жәрдем көрсету, спектакль,
концерт һәм басқа ойындар жасап, қазақтың ішінде театр туғызу.
Ұйымның саяси һәм шаруашылық туралы ұстаған жолы: кедейлерді, жіңішкелерді
байлардың, күштілердің зорлығынан құтқару, әйелге теңдік әперу[21].
Бірлік ұйымының 1914-1917 жылдардағы қызметіне байланысты
мәліметтерді ғалым Тұрсынбек Кәкішұлы өзінің Мағжан және Сәкен атты
еңбегінде кеңінен келтірген. Ол бұл еңбегін сол кездегі Омбы семинариясының
шәкірті, 1937 жылғы зұлматты зобалаңды басынан кешірген Таутан
Арыстанбековтің естеліктеріне сүйене отырып, Бірлік ұйымына топтасқан
қазақ жастарының қоғамдық қызметтерін баяндаған. Бұл деректер бойынша
Омбыдағы 100-ге тарта қазақ шәкіртінің басын қосып ұйымдастырушылар
Ш.Әлжанов пен Сәкен екен. Ұйым басшылығына да осы екеуі сайланыпты. Әлжанов
– төраға, Сәкен – орынбасар. Бірлік ұйымы алғаш құрылуында тек қана
әдеби ұйым деп құлақтандырылған көрінеді.
Көп ұзамай Бірліктің ішінен жік шығып, оңшылдар және солшылдар болып
бөлінеді. Оңшылдар тобын Мағжан Жұмабаев (семинарист), Сейітовтер, ал
солшылдар тобын Ш.Әлжанов пен Сәкен бастаған.
Бұл екі топтың туу тарихы мынадай: Орынбордағы ұлтшылдар (Қазақ
газетіндегі) атынан М.Дулатов Мағжанға тіреп Бірлікке хат жазады. Хатында
Бірлік жастарын ұлтшылдық жолға үгіттейді. Осы мәселені Мағжан
Бірліктің жиналысына салып, Дулатовтың үндеуін қабыл алуға шақырады.
Бұған Әлжанов пен Сәкен қарсы шығады, саяси жолдарын айтады. Айтыс үлкен
болады, ақырында Сәкеннің ұсынысы бойынша бұл мәселе уақытша ашық түрде
қалдырылады. Бұл ұсынысты кіргізгендегі Сәкеннің мақсаты кейіннен
шәкірттерді үгіттеп, көпшілікті өз жағына аударып алу екен.
1916-1917 оқу жылына келген шәкірттердің алдында Бірліктің
жетекшісін сайлау мәселесі тұрған еді. Мұның себептерінің бірі ұйымның
ішіндегі басшыларының арасындағы бұрыннан келе жатқан пікірталастары болса,
екіншіден Сәкен мен Шәймерденнің оқуларын тәмамдап, ұйым ісіне
араласпаулары болды. Оның үстіне 25 маусым жарлығына байланысы қазақ
қауымының ішіндегі жағдай шиеленісіп тұрғандықтан, шәкірттердің ұйымына
белгілі міндет–парыз артатындай болып көрінгені тағы бар. Осындай жағдайда
тездетіп жиналыс шақырып, төраға сайлап алу қажеттігі өзінен-өзі туындады.
Осы тұста бұрынғы әңгіменің шет жағасын білетіндер оңшылдар мен
солшылдардың екі орталығында бейтараптау жүрген Мұхтар Саматовты
төрағалыққа сайлаған. Сөйтіп, бұл деректер қазақ жастарының Бірлік
ұйымының басқару құрылымы бар нақты ұйым екендігін білдіреді. Бұл арада сол
кездегі оқиғалардың куәгерлерінің өз естеліктерінде Бірлік ұйымының
астыртын қызмет атқарғандығы жөніндегі пікірлерін ұмытпағанымыз жөн.
Бірлік ұйымының бағдарламасында көрсетілген мәселелер біртіндеп
нақты өмірде жүзеге аса бастаған. Осыған сәйкес ұйым мүшелері орыс
географиялық қоғамының ұйымдастыруымен жасақталған экспедицияға жазылып,
шәкірттер жазғы демалыс кезінде халық ауыз әдебиетінің үлгілері мен тарихи
жәдігерлерді жинастыруға қатысқан.
Сонымен қатар Омбыдағы қазақ шәкірттері қазақ көпшілік жиналған
жерлерде әдебиет кештерін ұйымдастырған. Сондай әдебиет кештерінің бірі
1915 жылы 15 сәуірде шәкірттердің күшімен өткізілген. Қазақ газетіндегі
Омбыдағы әдебиет кеші жөнінде жарияланған мақалада: 15-ші апрельде Омбыда
әдебиет кеші жасалды: орысша, қазақша һәм ноғайша үш бөлім болды. Алаңда
қазақ үйі тігілді. Үй алдында Орымбай һәм Тоғжан ақын болып, оқушы
жастардан Мұхтар Саматоғлы һәм Чапай Айманоғлы қолына домбыра алып айтысты.
Мұнан кейін осы екі жігіт мынау әндерге салды: Қара көз, Майда қоңыр
һәм Көзімніңқарасы...Ноғайша бір перделік Ерім қайтты деген комедия
ойналды. Ноғай қыздары өлең айтып, өз ретінше көркем шығарды. Тамашаға
жиылған халық көп болды – деп шәкірттердің бірі Бекмұхамед Серкебайоғлы
баяндап берген. Мұндай әдебиет кештері қазақ жастары үшін біріншіден,
халықтың арасында мәдени-ағартушылық жұмыстарын жүргізудің бір тәсілі
болса, екіншіден, ұйымның қажеті мен оқудағы қазақ шәкірттеріне көмекке
қаржы жинастырудың көзі болатын.
Мәселен, Бірлік ұйымының атқарған қызметі және ұстанған бағыт-
бағдары жөнінде Қазақ газетінде көлемді мақала жарияланған. Бұл мақалада
басқарма жігіттері Бірлік қауымы қолайсыз күндерде туып, қара түндерде
өмірін өткізсе де алдындағы адалдық, әділдік, ұлтшылдық жолынан таймады.
Ізгі ниет, қасиетті тілегінен қайтпады, шамасынша ұлтына қызмет ету жолында
болды.Ұлт әдебиетінің дәуірлеріне азда болса еңбек болсын деп Өткен
күндер атты өлең кітабын бастырып таратты. Халықтың көзі ашылуына жәрдем
болсын деп, шығып тұрған қазақша газеттерді һәм басқа басылған кітаптарды
ел арасына кең таратуға ыждаһат етті. Талапты жастардың қаламы ұшталуға һәм
ұлт әдебиетінің ілгерілеуіне себеп болсын деп, 1916 жылдан бері Балапан
атты әдеби журнал бастырып тұр. Оқуға ынталы, қолы қысқа ұлт балаларына
әртүрлі жәрдемдер көрсетті,-деп баяндаған.
Сонымен, Бірлік ұйымының құрылуы отарлық тәуелділікте болып келген
қазақ халқының мәдени-ағартушылық, саяси-құқықтық еркіндіктерін
түсіндіретін ұйымдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалған
ұмтылыс болды.
 Осы идеялар қазақ әдебиетінде бұрыннан бар үлгілермен қоса жанрлық
формалар арқылы жүзеге асырылып, роман, драма, публицистиканың соны түрлері
туды. Әлем әдебиетінің классикалық шығармалары аударылды. Сөйтіп, әсіресе
Абай сабақтарын нысана тұтқан, бұрынғы озық дәстүрлерді жалғастырған жаңа
сапалы Алаш ұранды әдебиет тарихымыздағы ерекше кезең болып табылады.
 Кеңес өкіметі мен Компартия тап тартысы, саясат, шаруашылық саласында
ғана емес, ғылым, білім, идеологияның да тізгінін қатал тартып ұстап
отырды. Дәлірек айтқанда, марксизм-ленинизм ілімін темір заңға айналдырды,
бұра тартқандардың басын шапты, тілін кесті. Орасан зор мақсатты іске асыру
үшін арнаулы ұйымдар құрылды (Пролетар жазушылардың ассоциациясы, Жазушылар
одағы). Партия, қауіпсіздік комитеттерінде өнер қызметін бақылап, бағыттап,
тексеріп, жазалап отыратын арнаулы бөлімдер болды. Бұлар жазушы, әнші-
күйші, суретші, композитор, сәулетшілердің жазған-сызған, істеген-жасағанын
ғана емес, жүрген-тұрғаны, ішкен-жегені, ымдаған-сөйлегеніне дейін түгел
аңдып, жіпке тізіп, біліп отырды. Тап тартысы, орыс үстемдігі, коммунистік
мұратқа көлеңке түсіретін сәл нәрсенің өзі қырқылып, өшіріліп, жойылды. Бұл
үшін жоғарыдан қаулы-қарарлар түсірілді, оларды талқылайтын, жан беріп, жан
алатын жиналыстар өтті, “күнәһарларға” тас боран жасалды. Кеңестік
идеология санасына әбден сіңген, соған ұйыған, Алланы ұмытқан,
мұсылмандықтан безген, обал-сауапты, рахым-қайырды білмейтін қаныпезерлер
әулеті қалыптасып, олар ел тарихын мансұқтап, отаршылар алдында бас шұлғып,
ұлттық игіліктерден безіп шығып, санаткерлер төбесіне әзірейіл қамшысын
үйірді.
 Уақыт өтті. Заман өзгерді. Кешегі бай, кедей, завод, фабрика, колхоз,
совхоз, 8 март, 23 февраль, 1 май, Халықтар достығы, Октябрь революциясы,
Ленин, коммунист, азамат соғысы, колхоздастыру, индустрияландыру, Отан
соғысы, шаруашылықты қалпына келтіру, тың шабуылы, космосты игеру секілді
тақырып қуалап, саяси тапсырыспен өнер заңдарын мансұқ етіп, соцреализм
талаптарына жауап ретінде жазылған дәмсіз, нәрсіз, өтірік шығармалар
бүгінде жер жастанды.
 Алаш тарихын 1917 жылдан бастау шындыққа келмейді деп білеміз.
Тұтастай алғанда қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының нақты әрекеттері,
әдебиеті мен музыкасындағы сарын-мотивтер, данагөйлерінің ой тағылымындағы
сан ғасырлық рухани қуат 1905 жылы жанартаудай атылды. Бұл әйгілі Қарқаралы
құзырхатында (петициясында) көрініс берді. Қазақ елі орыс патшалығына
қарағаннан кейінгі әлеуметтік – саяси жағдайға толық баға берілген. Жер-
суға, экономикаға, мемлекеттік құрылысқа, мәдениетке, дінге, мектепке
қатысты талаптар нақты айтылған. Осы көкейкесті ойлар 1913 жылдан шыға
бастаған “Қазақ” газетінің негізгі арнасын құрады, 1917 жылы құрылған Алаш
партиясы бағдарламасының жұмыс жүйесіне айналды.
 Алаш қайраткерлері шоқ жұлдыз іспетті Қазақ елінің барлық өлкелерінде
туған аса дарынды, жан-жақты таланттар. Олар партиялық ұйымдастыру
істерінде, құрылтайлар өткізуде, бағдарлама жасауда, көркем әдебиетте,
публицистикада, ғылымда, педагогикада, дипломатияда қатар, тең еңбек ете
білді. Партияға мүше болған, ұлт үшін жандарын қиған мыңдаған қатардағы
қаракөз тағы бар.
 Алаш мүшелерін түгелдей қырып тастағанмен, олардың идеялары қазақ
халқының санасында, жаужүрек перзенттерінің іс әрекетінде жалғасып жатты.
Бұл ретте Алаштың бас шығармасын тудырған Мұхтар Әуезов, коммунист бола
жүріп Алаш идеяларын іске асырған Смағұл Садуақасов, Ілияс Омаров, Бауыржан
Момышұлы, Ілияс Есенберлин, Ермұхан Бекмаханов, Бейсенбай Кенжебаев,
Жұмабек Тәшенов, Өзбекәлі Жәнібеков ерліктері ұмытылмақ емес[25].
Алашорда тарихы Орта Азия жылнамасында революцияға дейінгі және
революциядан кейінгі жылдарындағы қазақ ұлтының нығаюының қайта құру
кезеңіндегі басты орындарының бірін алады. Мұсылман елдерін зерттеуші
көрнекті ғалымдардың бірі Уилл Мейердің пікірінше, Алашорда
антиимпералистік қозғалыстың көшбасшысы болып, өткен ғасырдың басындағы
кішібұхарлықтармен, Қоқан Республикасымен, көтерілісші басмашылармен,
Кавказ, Қырым, Якутия, Бурятияның ұлттық-демократиялық партияларымен бірге
үлкен қоғамдық толқулардың қозғаушы күші болды. Оған ХІХ-ХХ ғасырларды
қалыптасқан қазақ этногенезінің ұлт түзуші сипаттарға ие бола бастаған
жағдай әсерін тигізді. Аталған кезең империяның шет жақтарына туыстық
белгілер бойынша топтасқан этноәлеуметтік топтардың бірігуі нәтижесінде
туындаған жаңа сезімінің ықпалы және жылдар бойы қалыптасқан ұлттық зиялы
қауымның интеллектуалды неізінің қалыптасуымен сипатталады. Империяның
нақты айқындалған “еуропалық” және “батыстық” бөліктері арасындағы орталық
жолды ұстанған жалпы қазақтық зиялы қауым феодалдық құрылыстың қатаң
тәртібі мен руаралық қақтығыстарға нүкте қоятын жүздердің бірігуі мен
нығаюына алып келетін өзіндік жолдарды іздеуге кіріседі.
Оның негізін далалық аристократияның өкілдері, байлар және бұқара халықтың
алуан түрлі өкілдері: мұғалімдер, аудармашылар, кішігірім қызметкерлер,
шаруалар құрды. Ондаған жылдар бойы қазақтар жастарды екі мәселені шешу
міндетімен Ресейдің жоғарғы оқу орындарына жіберу тәжірибесі қалыптасты:
жаңа ұрпақтың ресейдің нақты өміріне бейімделуі және өзіндік ұлттық
ерекшеліктерін сақтап қалу. Біреулері Санкт-Петербургке, Мәскеуге
жіберілсе, оқу екіншілері татар және башқұрт тілінде жүргізілген Қазан және
Уфаның оқу орындарына жіберілді. Енді бірқатар қазақ жастары Түркия мен
Египеттің мұсылман оқу орындарынан білім алды. Аталған екі дайындық білім
жүйелері қоғамдық-саяси ойдың екі бағытының қалыптасуына ықпал етті:
өзіндік мәдени дәстүрлері мен рухани құндылықтарымен ерекшеленетін батыстық
және шығыстық. 1910 жылы Ә. Бөкейханов былай деп жазған болатын: “Олардың
бірі қазақтардың басқа да мұсылмандармен діни негізде бірігуінің идеалы
болып келетін ұлтық-діни деп аталады. Екіншісі, кең мағынада, қырғыз
даласына мақсатты түрде батыс мәдениетін ендіретін батыстық бағыт.
Біріншісі, бәлкім үлгі ретінде татар партияларын негізге алса, екіншісі
оппозициялық орыстарды, дәлірек айтсақ, халық еркі париясын негізге алады.”

ХХ ғасыр өзінің реформаторлық қозғалысында үш компонентті біріктірді:
теологиялық, мәдени, саяси. Егер де басқа да мұсылмандық провинцияларда
“жаңа жолдың”, джадидизмнің өкілдерін іскер адамдар тобы құраса, Далалық
аймақтарда реформация еуропалық джадистер тәрізді айта да білетін және іс
қимыл жасайтын аристократиялық зиялы қауымның өкілдерінің өмірінің мақсаты
болды, мұнымен қоса олар өз халқының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін
ескеріп отырды. “Қырғыз (қазақ) халқы ... Ресейден бөлінгісі келмейді, біз
батысшылармыз”. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатов
өздерінің іс-әрекетін халықтың саяси санасын жетілдіруге қиыншылықтар
әкелген қазақ халқының далалық аймақта шашырыңқы орналасу жағдайында
белсенді түрде жүргізді.
Әлеуметтік белсенділікті қозғау құралдарының бірі ретінде баспа сөзі
алынды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ тілінде ағартушылық
“Түркістан уәлләятының газеті”, “Дала Уәлләятының газеті” басылымдары шыға
бастады. 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін “Серке”, “Қазақ газеті”,
“Қазақстан, ”Қазақ” және біртұтас қазақ қоғамының құрылуына себеп болған
тағы басқа баспалар пайда болды”. Бұл жағдайға (1905 жыл 26 шілде) ең
алғашқы қазақ кәсіби саясаткерлерінің елдің тағдыры жөніндегі ойлары
жарияланған Қоянды жәрмеңкесіндегі петиция бағдарламалық хабарлама
алғышарт болды. Қазақ зиялы қоғамының ұлттық мәселені түсіну деңгейлерін
сол кездегі қазақ ағартушыларының шығармаларында және XIX-XX ғғ. мерзімді
баспалардан көруге болады. Редактордың бөлімдері мен талдау бөлімшелерін
қолдана отырып, олардың авторлары белсенді үгіттеу жұмыстарын жүргізді.
Осылайша М. Дулатов Зар-Заман өкілдерінің дәстүрін жалғастыра отырып,
өзінің өлеңдер цикліндегі Оян қазақ өлеңінде былай делінген:

Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,
Кеттік қой отқа күйіп, өрттен қашпай.
Әр халық алға кетіп жатса-дағы,
Біздің жұрт шегінеді алға баспай.

Ахмет Байтұрсынов Қазақ газетінде (1913 ж.) Қазақ ұлтының өмір
сүруінің өзі қиын мәселеге айналуда деп жазды. Елдің отарланған мәртебесі
Тарихи-мәдени және этникалық мұраның негізінде біріккен отарланған
халықтардың бірігуінен көрінген әлеуметтік, рухани-мәдени саласының
ұйымдастырылуы сапалы жаңа деңгейге өтуін талап етті. Жергілікті немесе
географиялық тұтастығы байланыс құралдарының және олардың қауіпсіздігінің
ұлғаюына қарай, жергілікті тұрғындардың белсенді көші-қон қозғалысы мен
урбанизация үрдісінің тез өсуімен тезірек жойыла бастады. Зиялы қауымдар
арасындағы жергілікті ұқсастықтар одан әлдеқайда ірі географиялық
ұқсастықтарға, әсіресе Солтүстік Кавказ және Орталық Азияда орын бере
бастады. [27]
ХІХ ғ. аяғында Орталық Азияда Түркістан атты ірі географиялық
тұтастық өзінің алғашқы қалыптасу сатысында тұрды. Әрине бұл процесс ауыл
тұрғындары емес, қалалық зиялы қауым арасында дамыды. Оның пайда болуы,
орыс отаршылдығы жағдайында Түркістан тұрғындарының ұлттық және саяси
бірлікті бірден бір ұлтты сақтау құралы ретінде түсінуіне байланысты болды.
Революцияға дейінгі Түркістанның барлық саяси өкілдері: Абдурраиф
Фитрат, Махмуд Ходжа Бехбуди, Мұстафа Шоқай, сонымен қатар большевистік
партияға қосылып кеткен Файзулла Ходжаев немесе Тұрар. Рысқұлов өздерін
түркістандықтармыз деп атаған. Біртұтас Тұран республикасын құру қағидасы
Татарстан, Башқұртстан, Чуваш Республикасының, Солтүстік Кавказдың
мұсылмандық аудандары, Әзірбайжан, Дағыстан елдерін қамтитын бүкіл
мұсылмандық-түркі әлемін біріктіру болды. Түркістан республикасының 75%
түркі және шамамен 80% мұсылман болуы тиіс болды. Алайда империяның құзырлы
органдарының саяси пайымдау көзқарастары тұрғысынан бұл үрдіс жүзеге
асырылмай қалды.
Билік басына большевиктердің келуіне байланысты шашыраңқы неміс
мемлекеттерін біріктірген Пруссия үлгісі тәріздес жобаның аймақта жүзеге
асуын болдырмады. Большевиктердің жеңісі және олардың лениндік бағдарламасы
Ресей империясын мүмкіндігінше ұзақ сақтауға және оңтүстік шығыс аймақтың
отарлық мәртебесінің сақталуына себін тигізді.
Бұл жағдайда этнос тарихы белгілі бір территория мен халықтың үстіне нақты
бақылау жүргізуге мүмкіндігі бар өз халқының әлеуметтік және саяси құқы
үшін күреске шыққан топтың пайда болуымен анықталды. Осындай топ ретінде
Алашорданы өз мақсаттарын жүзеге асыруда құрал деп көретін батыстанған
қазақ зиялы қауымы шықты. Жергілікті басқарушы топтың жоқтығынан бұл
үрдісті басқаруға деген ұмтылыс өткен ғасырларда зайырлы ағартушылардың,
қазақ ағартушыларының, мұсылмандық өкілдері мен реформатор-пантүркілер
арасында қызу пікірталас тудырды.
Алайда Қазақстан: этникалық, тіл және билік монографиясының авторы Бавна
Дэвидің пікірінше, мал шаруашылығы жаңа өзгерістерге тойтарыс беретін
мүмкіндіктері жоқ деген жалпы пікір қалыптасты. 1916 ж. көтерілістен кейін
патша билігінен көңілдері қалған Алаш басшылары саяси және билік құрылымына
радикалды өзгерістер қажеттілігін және бұл малшылардың және Далалық
аймақтардағы жер шаруашылығымен айналысатын шаруалардың жағдайын
жеңілдетеді деген шешімге келеді.
Кеңес тарихының алғашқы кезеңінде Алаш идеясы әлемдік революцияны
жариялаған және халықтардың өзін-өзі анықтау оған жететін бірден бір жол
деп қарастырған коммунистік жүйенің шеңберінде дамыды. Екінші жағынан
большевиктер коммунизмді исламмен татуластыруға тырысқан және коммунизмге
пайдалы Шығысқа революциялық идеяларды алып келген ұлттық-коммунистерді
партияның қатарына тарту үшін пайдаланды. Листовкалардың бірінде былай деп
жазылған: Сіздердің әрқайсыларыңызға кешірім жөнінде тұжырым белгілі болуы
тиіс. Қырғыз халқы бұған өз жауабын беруі тиіс. Әр ру ұсынысты қарастырып
оған өзінің нақты шешімін және Кеңес билігіне өз адал даусын беруі тиіс.
Еркін бейбіт демократия және нарықтық қатынастар негізіндегі тәуелсіз қазақ
мемлекетін құру бейнесінің орны орыс пролетариатының диктатурасының қазақ
халқы мүдделерін қорғау саясатына баламасыз тұрғыда өзгертілді.
Мәскеу тарапынан аймақтағы өзінің отаршылдық табиғатын формальді түрде
жою, алайда бұл басқаруға өзгеріс енгізуге тиым сала, Орталық Азияның жеке
саяси құрылымын құруға тырысқан әрекеті болды.
Билік басындағыларға осы ұлтшылдардан тұратын адамдар аса қажет болды және
оларға деген теріс көзқарастарына қарамастан өз жақтарына тартты. 1926 ж.
Голощекин білім жүйесіне, оқу әдебиетіне, баспасөзге бақылау жүргізбекші
болды, алайда оны Алашорда зиялы қауымынсыз жүзеге асыра алмады, себебі
олардың орнын басар ешкім болмады. Қазақ зиялы қауымы большевиктік
идеологияны жергілікті жерлерге бейімдеуге тырысты: Алғашқы пролетариат
диктатурасының дінге қарсы сипатына қарамастан, жергілікті социалистер орыс
жұмысшы табымен қосылу мүмкіндігі, коммунизм шын мәнінде исламмен бірлесе
алатындығын түсіндірді. ...А. Байтурсынов, өз халқы жөнінде: қазақтар өзге
халықтарға қарағанда коммунизмді бірінші болып қабылдайды, себебі олардың
өмір-салты коммунизмге толық сәйкес келеді деді.
Олар ұлттық коммунизмді идеологиялық тәуелсіздік прецедентін құра
отырып, жаңа динамикалық идеологияда коммунизм мен ұлтшылдықтың синтезі деп
түсінді. Олар ортодоксальді марксизмнің жорамалдарының басым көпшілігін
таптық күресті, пролетариат диктатурасын, пролетариаттық интернационализмді
шын мәнінде елемейді.Кеңестік тәртіптің алғашқы 10 жылдығында мұсылман
ұлттық-коммунистер барлық мұсылман мемлекеттерде, ұзақ мерзімді ықпал
еткен, пантюркістік теорияларына сәйкес үгіттеу жұмыстарын жүргізді. Алайда
уақыт өте келе партияның өмір сүруінің өзі қиын мәселеге айналды. Ұлттық
мәселе бойынша (1921ж.) РКПб-ның X съезінің тезисі ұлы державалық
шовинизмге және жергілікті ұлтшылдыққа қарсы күреске шақырды. Осының
негізінде орыстар мен қазақтар арасында, тіпті қазақтар арасында да өз
жауын шовинист немесе ұлтшыл деп айып тапқан күрес басталып кетеді. Осындай
ұрандар әсерінен Алаш партиясы ыдырады. ...Орыс коммунистері енді Алаш
партиясымен байланысты болған адамдармен бұдан әрі қарай жұмыс жүргізуге
мүмкін емес екендігін тұжырымдай бастады. ...Осы кезеңнен бастап кеңес
билігі қарамағындағы Алашорданың жариялы қоғамдық қызметі заңсыз деп
хабарланды.
Тікелей саяси іс-қимыл құқықтарынан айрылған Алашорданың басшылары
бейтараптық ұстанымда қалуды таңдады. Олар марксистік доктринаның жаңа
кеңестік Ресейдің қол астында пайда болған ұлтық идея негіздерінің
жойылуына жол бермейтініне сеніп, белсенді ұйымдастырушылық және
ағартушылық жұмысқа кірісіп кетеді. Алашордашылар аймақтағы жаңа кеңес
әкімшілігінің алғашқы жергілікті ұйымдарын құра отырып, жаппай большевиктік
партия қатарына өтті. Дегенмен, олар өздерінің шығу тегіне байланысты
Рейседегі аса жоғары лауазымды мұсылман-коммунист Султан-Галиевтың үгіт-
насихаттары бойынша мұсылмандық ұлтшылдық, ислам мәдениетіне және
автономияға ұмтылыстары аркылы қайшылыққа келіп отырды. Қалай дегенмен де,
Кеңестік Шығыс халықтарының ұлттық коммунизм феномені жаһандық
коммунизмнің енуінің ұлы күші болып табылған, орыс ұлтшылдығымен
сипатталған пролетарлық интернационализммен қисыны келмеді.1923 жылы
Орталық Азияның кеңестік аймағына мықты темір қақпаның қойылуымен кеңес
мұсылмандарын қалған мұсылман әлемінен бөліп алды: кеңес мұсылмандары мен
олардың шетелдегі бауырларының арасындағы байланыс үзілді. Сауд Аравиясының
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КЕҢ КӨЛЕМДІ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Проблемалық оқытудың ерекшеліктері жайлы
М. ДУЛАТОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ
Проблемалық және қарқынды күшейте оқыту технологияларының ерекшеліктері
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің, интеллигенцияның қалыптасуы
М. Дулатовтың өмірі
Айқап журналы мен Қазақ газеті
«Қазақ» газетінің шығу тарихы мен зерттелуі
Пәндер