Қазақстан экономикасындағы өңдеуші кәсіпорындар


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. кәсіпорын экономикасының қызметтін нақтылау және жоспарлау . . . 5
1. 1. Қазақстан экономикасын жаңарту: басымдықтары, міндеттері және кезеңдері . . . 5
1. 2. Өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері
және оған әсер ететін факторлар . . . 11
2. Қазақстан Республикасында өңдеуші кәсіпорындардың қызметін және экономикалық тиімділігін талдау . . . 22
2. 1. Қазақстан Республикасында өңдеуші өнеркәсіптің қазіргі жағдайын экономикалық талдау . . . 22
2. 2. «FoodMaster» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін бағалау . . . 28
3. Қазақстан экономикасының жаңару жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық
тиімділігін арттыру . . . 33
3. 1. Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру тетіктері . . . 33
3. 2. «FoodMaster» ЖШС қызметінің нәтижелілігін жақсарту жолдары . . . 36
Қорытынды . . . 40
Пайдаланылған әдебиеттер көздері . . . 42
КІРІСПЕ
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi, шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге болады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Шикізаттық ресурстар өндірісі мен экспортын белсенді дамыту ұлттық экономиканың дағдарыстан шығуына және экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күннің басты стратегиялық міндеті - экстенсивтіге негізделмеген, жоғары технологиялы өндіріске және ұлттық экономикалық жүйенің жаңа ұйымдық құрылысының бәсекелі артықшылықтарына шығу есебінен экономиканың өсу сапасына көтерілу.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің орта мерзімді кезеңдегі стратегиялық мақсаты орнықты даму қағидаттарының негізінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады [4] .
Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды. Бұл Қазақстанның таяу он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіру, өндіруші сектордың тиімділігі мен макроэкономикалық қайтарымдылығын едәуір арттыру қажет. Сондай-ақ әртараптандыру, инфрақұрылымдық дамыту және жоғары технологиялық одан әрі индустрияландыру негіздерін жасау арқылы Қазақстан экономикасының өсуі мен тұрлаулылығын басқаруға көңіл аудару қажет.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі үшін Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту қажет.
Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:
Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет;
Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек [1] .
Курстық жұмысының мақсаты қазіргі экономикалық даму жағдайына сай экономика салаларын әртараптараптандыру және өңдеуші өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін нақтылау және жоспарлау.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
- экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттырудың теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасында өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттырудың өзекті мәселелерін анықтау;
- Қазақстан Республикасында өңдеуші өнеркәсіптің қазіргі жағдайын экономикалық талдау;
- кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау;
- Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру тетіктерін анықтау;
- кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Бұл тақырыпты Оқаев Қ. О., Мамыров Н. Қ., Дәуренбекова А. Н., Ихданов Ж. О. сынды көптеген отандық және шетел экономистері зерттеген. Бірақ әлі шешімін таппаған мәселелер бар, сондықтан тақырып зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу объектісі ─ «FoodMaster» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Курстық жұмысының теориялық және әдістемелік негізін өнеркәсіптік кәсіпорын экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері бойынша отандық, бірқатар шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, сүт өнімдері саласында қызмет ететін «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер көздері мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырып өзектілігі, зерттелу дәрежесі, жұмыстың мақсаты және теориялық әдістемелік негіздері туралы айтылған.
1. Экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттырудың теориялық негіздері
1. 1. Қазақстан экономикасын жаңарту: басымдықтары, міндеттері және кезеңдері
Өнеркәсіп - шаруашылықтың шешуші саласы. Ол еңбек құралдарын, халық тұтынатын заттарды жасаумен, шикізат, отын, электр энергиясын өндірумен шұғылданады. Ол қоғамымыздың материалдық-техникалық базасын жасауда, өндірістің барлық салаларының индустриялық негізін онан әрі нығайтуда маңызды рөл атқарады. Қазақстан өнеркәсібінің жетекші салалары - түсті және қара металлургия, отын, химия индустриясы, машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп.
Қазақстан экономикасының бір ерекшелігі, ол - жергілікті шикізатпен және отынмен толық қамтамасыз етілген. Бірақ мұнда өңдеуші өнеркәсіптен гөрі, өндіруші өнеркәсіп басым, оның себебі, жер қойнауы шикізатқа өте бай және өндірістің көптеген салаларының дұрыс қызмет атқарылмауында. Ендігі мақсат алдағы уақытта пайдалы қазбалардың жаңа кендерін игеріп қана қоймай оларды өңдеу арасындағы орын алып отырған алшақтықты жою.
Сыртқы және ішкі нарықтардағы өзгерістерге байланысты экономиканың тұрақты түрде өзгеріп отыруы заңды құбылыс. Біртұтас экономикалық жүйені құру, оның құрамдас бөліктерін дұрыс анықтау арқылы экономиканың негізін қалау немесе қайта құру шаралары неғұрлым нақты жүргізілсе, солғұрлым оның дамуы бірқалыпты және тұрақты болмақ. Сондықтан қандай бір ауытқушылық немесе ірі өзгерістер болмасын, іргесі нық экономикалық жүйе күрделі күйреуге ұшырай алмайды.
Әлемдегі тауар, қаржы және валюта нарықтарында жиі кездесетін тұрақсыз жағдай, минералдық шикізаттық ресурстарға деген бағаның құбылмалы болуы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Сондықтан да осындай жағдайларға тап болмас үшін, тек бір ғана шикізатымыздың көмегі жеткіліксіз. Сол себепті сыртқы және ішкі нарықтардағы барлық жағдайларды ескере отырып, ел экономикасын әртараптандару қажет. Әртараптандыру сипаты елдің әлеуметтік - экономикалық ерекшеліктеріне байланысты. Оның дамуына ғылыми - техникалық процесс, жоғары пайда үшін күрес, өз капиталын орналастыруға лайықты нарық іздеу қажеттілігі, бәсекелік күрес сияқты себептер ықпалын тигізеді. Әртараптандыру нәтижесінде өнеркәсіп көпсалалы сипат алады. Өйткені, компанияларға кешенді өндірісті дамыту пайдалы болып табылады. Күрделі қаржының табысы аз саладан барынша пайдалы салаға құйылуы капиталдың дәстүрлі нарығына соқпай-ақ әртараптандыру арқылы жүріп жатады. Әртараптандыру көмегімен экономиканың құрылымы өзгеріп, көпсалалы кешендерге айналады.
Көптеген мемлекеттер экономикасы әртараптандырылған. Соның нәтижесінде, олар әлемдік аренада алдыңғы орындарды иемденген. Кез келген мемлекет үшін экономикасы қаншалықты өте маңызды. Өйткені әртараптандыру экономиканың барлық секторларын жан-жақты жандандыру берілген мемлекеттің жалпы экономикалық-әлеуметтік, адами көрсеткіштер дәрежесін анықтайды.
Елбасының 2007 жылдың ақпанындағы Жолдауында көрсетілгендей: Біз мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір сапасы мен ұстындарын елеулі түрде өзгерттік. Біз ішкі тұрақтылыққа қол жеткіздік, дамудың әлеуметтік базасының сенімділігін қамтамасыз етіп, өңірдегі үздік экономиканы құрдық. Қазақстан өңірде геосаяси тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттерді атқаратын халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде орнықты [1] .
Дегенмен оған жету үшін талай қиындықтарды бастан кешіруге тура келді. Ауқымды реформалар жүргізілді. Егемендіктің алғашқы жылдарында ең қиын жағдайлар экономика саласында болды, ең ауқымды реформалар да осы салада жүргізілді.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы реформалардың алғашқы басталар шағында алдымен экономикаға көңіл бөлу керек екендігін айтты. Егемендік алғаннан кейінгі іс-қимылдың ең басты бағыты, шешуші басымдылығы осы экономика саласы деп атап көрсетті. Бұл дұрыс пікір еді. Өйткені жеке басты ғана емес, әр елді, әр халықты тұрмыс билейді. Ал тұрмыстың негізі экономикада, оның тиімділігі немесе тиімсіздігінде. Сондықтан қоғам алдына қоятын мақсатың, оның орындалуы ел экономикасының мүмкіндігіне байланысты. Саясат та экономиканың шоғырланған келбеті.
Егемендік алардың қарсаңында, Қазақстанда өндірістің өңдеуші салалары өте мардымсыз дамыды. Жер астынан алынған, жер үстіндегі байлық та басқа республикаларда, әсіресе, Ресейде өңделіп жатты. Сол кездері Қазақстан экономикасына керек құрал-жабдықтардың 3/4 бөлігі Одақтың басқа өңірлерінен келетін еді. Біз осындай Одақ экономикасына деген шексіз тәуелділіктің, оның бұйымдарына деген үлкен мұқтаждықтың шеңберінде болдық [15] .
Сонымен, республикааралық экономикалық байланыстар үзілді, басқа жерлерден келетін жабдықтар тоқтады, өз еліңде жасалған бұйымдар да бұрынғыдай басқа республикалардан көлемді сұраныс таппады. Соның салдарынан республикадағы экономикалық кеңістік күрт шектеліп, азайды. Мысалы, 1992-1993 жылдары Қазақстан халық шаруашылығының көптеген салаларында кәсіпорындардың жартысына жуығы, ал жеңіл өнеркәсіп пен кейбір өңдеуші салаларда 60-тан 80% дейіні жартылай жұмыс істеп немесе толық тоқтап тұрды. Елде жұмыссыздық барынша өсіп, экономика дағдарысқа кірді [14] .
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикада орын алған қатты күйзелістің себебі мен сипаты осылар болды. Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жылдағы көлемі 40 пайызға жуық азайды. Осындай құлдыраудың 80% себебі елдің экономикалық байланыстарының үзілуінен болды. Тек бізде ғана емес, басқа республикалардың мамандары да осындай тұжырымға тоқтады.
Кешікпей нарыққа көшудің ауқымды реформалары басталды. Нарық экономикасына көшудің ең басты мәселесі мемлекеттік мүлікті ыдыратып, меншікті жекешелендіру болды. Қай елде болса да бұл өте жауапты науқан, көптеген елдерде осы саладағы реформаларға жылдар емес, ондаған жылдар кеткенін әлем тарихынан білеміз. Үш-төрт кезеңмен жіктелген меншікті жекешелендіру науқаны бізде, Қазақстанда, 8-9 жылдың ішінде орындалды. 1995-1997 жылдар мемлекеттік мүліктің 60%-на жуығы жекешелендірілді, 2001 жылы елдің жекеменшік секторында кәсіпорындардың 74, 4%, елдегі жұмыскерлердің 60%-нан артығы жұмыс істеп, олар республикадағы жалпы өнімнің 83%-ын шығарып отырды. Кейін бұл көрсеткіштер тағы да өсті. Ал қазір Қазақстан экономикасының қай саласын алсақ та олардың негізін қалайтындар жекешеленген кәсіпорындар мен ұжымдар [14] .
Қазақстандағы жедел реформалар негізінде нарық экономикасы қалыптасты, олардың тиісті тетіктері жасалды, институттық орындары мен байланыстары құрылды. Даму үрдісінде тұрақтылық орнай бастады. Әлем экономикасында қалыптасқан өркениетті үлгі негізінде шетелдермен сауда-саттық қатынастары орнап, олар жылдан-жылға кеңейе бастады. Нәтижесінде Еуропа Одағы, басқа елдер Қазақстан нарық экономикасының елі деп танып, мойындады.
Дегенмен, мүлікті жекешелендіру көптеген қайшылықтармен өтті. Мемлекеттік мүлікті қолындағы әкімшілік мүмкіндігін пайдаланып арзан бағамен сатып алушылар аз болған жоқ, осының салдарынан бай мен кедейдің ара-жігі үлкейіп, халықтың наразылығын тудырды.
1997-1998 жылдардағы әлемдегі, әсіресе, Оңтүстік Азия елдеріндегі, Ресей Федерациясындағы қаржы саласындағы күйзелістер Қазақстанға да теріс әсерін тигізді. Дегенмен, 1999 жылы кейбір көріністері белгі беріп, 2000 жылдан бастап Қазақстан экономикасы үзбей тұрақты даму жолына шықты. Содан бері әр жылда республиканың ЖІӨ 10% шамасында өсіп, даму қарқыны жағынан ТМД елдерінің алдына шықты. Нәтижесінде, ЖІӨ-нің екі есе өсуіне жоспарлағанымыздай 10 жылда емес, 8 жылда қол жеткізуімізге мүмкіндігіміз толық бар [15] .
Тұрақты даму жолы экономика саласында бұрынғыдан да ауқымды шаралар белгілеп, оларды іске асыруға жол ашты. Қазақстанның табиғи байлығын, өндіргіш күштерін, шетелдіктермен қатынастардан туған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жаңа экономиканы түбегейлі және жан-жақты жасақтау осы тұрақты даму жолына шығудан басталды.
Соңғы жыл мәліметтері тұрақты даму мысалы бола алады. 2005 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемлекеттің ЖІӨ-дерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 5 есеге жуық - 1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2006 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі болжамды мәннен 2, 1 пайыздық пунктке арта түсіп, 2005 жылғы деңгейге қарағанда 10, 6%-ды құрады. Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2006 жылдың қорытындылары бойынша 5083 АҚШ долларын құрады.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады, өңдеуші өнеркәсіпте - 7, 3%, тау-кен өндіруде - 7%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады. Көлік қызметтері 5%-ға, байланыс қызметтері 20, 4%-ға ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10, 6%-ға ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 20, 1%-ға ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ға, оның ішінде экспорттың көлемі 37, 3%-ға, импорт 36, 4%-ға өсті.
Жұмыссыздардың саны 2, 4%-ға азайды. Жұмыссыздық деңгейі
2005 жылғы 8, 1%-ға қарағанда 7, 8%-ды құрады. Халықтың нақты ақшалай кірістері бағалау бойынша 10%-дан астам өсті.
Қаржы секторы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылды. Алдын ала деректер бойынша экономикаға кредиттердің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82, 7%-ға - 4736 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2006 жылы 88, 4%-ға ұлғайып, 2007 жылғы 1 қаңтарда 3115 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық Банк пен Үкімет қабылдап жатқан шараларға қарамастан,
2006 жылы инфляция деңгейі жеткілікті түрде жоғары деңгейде сақталды - 8, 6%. Инфляция өсімінің түйінді факторларының ішінде банк жүйесінің жоғары өтімділігі, кірістердің және халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет шығыстарының едәуір қарқынды өсуі, инфляция импорты байқалып отыр.
Ұлттық қордың активтері 14 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Алтын-валюта резервтерінің көлемі олардың есебінен 33 млрд. АҚШ долларынан асты [5] .
Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4, 6 есе ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салым көлемі іс жүзінде 36 есе өсті. 2005 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің: мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30 пайызға ұлғайтылды. Қазіргі кезде Қазақстандағы жалақы ТМД елдерінде Ресейден кейін ең жоғарылардың бірі екенін атап өту қажет [17] .
Қолымыз жеткен жетістіктер әрбір қазақстандықты қуантады. Алайда дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Осы кедергілерді жеңу үшін ашық экономиканы дамыту және оны жаңарта отырып жетілдіру қажет. Осы жөніндегі Қазақстанның басым міндеттерінің біріншісі - ел экономикасында қазір орын алып отырған сыңаржақтықтан шығарып, тек қана табиғи ресурстарды игере беру емес, өңдеуші салаларды, жаңа технология, техникамен жарақталған, өнімді өте терең өңдейтін өндіріс салаларын дамыту. Екіншісі - тек қана нарық экономикасы емес, оның әлемнің озық елдеріндегі ең тиімді үлгілерін енгізу, қазіргіден де жаңа, білім мен ғылым, инновациялық технологиялар негізінде жұмыс істейтін экономиканы жасақтау. Яғни жаңа экономика құру. Жаңа экономика дегеніміз білім мен ғылым негізінде дамыған экономика, яғни тек өнім, тауар шығаратын экономика емес, білімге білім қосып, ол ғылыми жаңалыққа айналып, ғылым жаңалығы жаңа технология туғызып, соның негізінде дамитын экономика. Сондықтан да ол бұрынғымен салыстырғанда дамудың ең тиімді жолы. Әлем тәжірибесіне сүйенсек, қазіргі таңда дамыған елдерде жаңа технология, жаңа білім негізінде ұлттық ішкі өнімнің 75-80%-ы жасалынады. АҚШ-та, Жапонияда, Германияда, Канадада, Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде осы сипаттағы жаңа экономика жан-жақты дамып келеді. Осы жолға Азия елдері де түсу қамында.
Мемлекет басшысының соңғы екі Жолдауы осы олқылықтардың орнын толтыруға, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды шығаруға бағытталды. Президент ұлт алдына орасан үлкен мақсат қойып отыр: біз әлемнің бәсекелестікке қабілетті ең мықты деген 50 елінің қатарына кіруіміз керек. Бұл нақты және шынайы мақсат. Қазір біз бәсекелестік қабілет жағынан Ресейден кейін тұрмыз. Әлемнің бәсекелестікке қабілеті алғашқы 50 елінің қатарына қосылу үшін - бәсекелестік қабілет бойынша жоспар қажет. Елбасы Жарлығымен Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында келешекке есептелген бірнеше бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Қабылданған бағдарламалардың бастысы ретінде Қазақстан Республикасының Индустриялық- инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын атап айтуға болады.
Бұл Стратегия Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Тұтас алғанда Стратегияны iске асыру үш кезеңде: бiрiншi - 2003-2005 жж., екiншi - 2006-2010 жж., үшiншi - 2011-2015 жж. жүзеге асырылады.
Бiрiншi кезең (2003-2005 жж. ) басты түрде дайындық сипатындағы iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа заңдар әзiрлеу, инвестициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк институттар құру, мамандарды даярлау, мемлекеттiң қатысуымен iске асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi.
Екiншi кезең (2006-2010 жылдар) Стратегия iс-шараларын экономиканың барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Бұл халықаралық стандарттар бойынша ғылым мен техниканың жетiстiктер негiзiнде қуаттарды құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау жөніндегі мәселелерiн кешендi шешуге мүмкiндiк бередi.
Жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк қаржы институттарының қаржы ресурстары бiрыңғай бағытта жұмыс iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта жаңғырту, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды кеңейту және жаңа өндiрiстер құру проблемаларын кешендi түрде шешедi. Бұл ретте iрi, орта және шағын кәсiпорындарды үйлесiмдi дамыту қамтамасыз етiледi.
Кейбiр кәсiпорындар құру нормаларын ескере отырып, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудың алғашқы нәтижелерiн көредi.
Экономиканы әртараптандыру саласындағы бiрқатар iлгерiлеуге қарамастан экономиканы дамыту негiзiнен мұнай мен газды өндiру және экспорттаудың өсiмi есебiнен қамтамасыз етiледi.
Болжам бойынша 2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ЖIӨ екi еселенуi саласындағы стратегиялық мақсат мұнай мен газды өндiрудi дамыту қарқынының өсуi есебiнен iске асады.
Yшiншi кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң және экспорттаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру жүредi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz