Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелеу


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

I Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелеудің экономикалық мәні . . . 4

1. 1 Қазіргі заманда шағын және орта бизнестің жағдайы . . . 4

1. 2 Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің шағын және орта бизнесті несиелеуі . . . 7

1. 3 Шағын және орта бизнесті несиелеудегі шетел тәжірибесі . . . 9

II. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу

тәжірибесіне талдау . . . 13

2. 1 Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу механизмі13

2. 2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуының жолдары . . . 27

Қорытынды . . . 30

Қолданылған әдебиеттер . . . 32

Кіріспе

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселесі бірнеше жыл бұрынғыдай көкейкесті болып отыр. Осы проблемалармен бірнеше мемлекеттік құрылымдар айналысатындығына және бірнеше заңдар мен Бағдарламалар қабылданғандығына қарамастан бар және жаңа құрылатын базар субъектілері алдында көптеген мәселелер пайда болуда. Олардың шешімі мемлекеттік өкімет пен бизнестің барлық құрылымдарының жан-жақты өзара іс-әрекеттеріне байланысты. Осыларды ескере отырып, шағын және орта бизнесті еркін дамыту үшін саяси, құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың мемлекеттік саясатының мақсаты болып табылады. Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын банк ісі пәнінен « Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы » деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің өтпелі экономикалық негіздегі нарықтық қатынастарға өту барысында ұлттық экономиканың тиімді дамып, әлемдегі жоғары дамыған елдер қатарына қосылуы үшін макроэкономикалық реттеулердің негізгі құралдарының бірі болып табылатын бюджет жүйесінің маңыздылығы, ал мемлекеттік бюджет мемлекеттегі экономиканың дамуымен және бизнес түрлерінің дамуымен тікелей байланысты. Кәсіпкерлікті дамыту мемлекет тарапынан тұрақты қолдау болмайынша, бизнес инфрақұрылымдарын дамыту үшін жағдай жасалмайынша мүмкін емес, яғни: проблемаларды шешу - несиелерді арзандату, салық төлемдері, қаржылық және технологиялық қолдау көрсету, мемлекеттік органдардың қоғамдық бірлестіктермен және кәсіпкерлер ұйымдастырушыларымен өзара әрекет етуі.

Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме :

  • Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелеудің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну;
  • Қазіргі нарықтық экономикадағы шағын және орта бизнестің жағдайын қарастыру;
  • Екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеуіне талдау жүргізу;
  • Шағын және орта бизнесті несиелеудегі шетел тәжірибесін қарастыру;
  • Әлеуметтік саланы дамытудағы бизнес түрлерінің маңыздылығы мен дамыту қызметтеріне тоқталу;

Шағын және орта бизнестің табысты дамуы көбінесе кәсіпкерлердің ұзақ мерзімдік сияқты қысқа мерзімдік сипаттағы қаржылық ресурстарымен қамтамасыз етілуіне байланысты. Бұл мәселеге мемлекет тарапынан шаралар қолданылмайынша қаржы саласындағы қызметті жолға қою мүмкін емес. Осыған байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры сияқты құрылым қызметтері арқылы шағын және орта кәсіпорындардың қаржы ресурстарына қол жеткізуін жеңілдететін механизмді жетілдіру мемлекеттің бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

I Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелеудің экономикалық мәні

1. 1 Қазіргі замандағы шағын бизнестің жағдайы

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясының шеңберінде 2005 жылы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы әзірленіп, қабылданды.

Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің оң әсерін тигізуде.

Алдын ала деректер бойынша облыста тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 142, 2 мың бірлікті құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың саны 127, 7 мың бірлікті құрап 266, 1 мың адам жұмыспен қамтылған. Заңды тұлға ретінде тіркелген кәсіпорындардың саны 16, 6 бірлікке жетіп, оның 13, 0 мың бірлігі жұмыс істеуде. Онда 72, 1 мың адам қызмет атқарады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдарының саны 11, 3 пайызға артқан. Облыс бойынша шағын бизнес саласында 338, 2 адам жұмыспен қамтылған немесе облыстағы экономикалық белсенді халықтың 31, 1 пайызын құрайды.

2007 жылы шағын кәсіпкерлік құрылымдары 130, 9 млрд. теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндіріп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6, 5 пайызға артқан.

Облыста заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 1 қаңтарына 1228 кәсіпорын құрылып, 3547 жаңа жұмыс орны ашылды.

Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаудың қозғаушы құралдарының бірі кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай көмек көрсету болып табылады. Облыста кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде - екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлар мен, микрокредиттік ұйымдар арқылы жүргізілуде.

Жыл басынан шағын кәсіпкерлік құрылымдарына жалпы -74107, 9млн. теңге, оның ішінде екінші дәрежелі банктерден - 66818, 0 млн. теңге, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы -475, 8 млн. теңге, “Несие беру Қазақстандық қоры” - 4601, 5 млн. теңге және “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры” қоғамдық қорымен - 117, 4 млн теңге, ауылшаруашылық несие серіктестіктері мен несиелік серіктестіктері-2096, 0 млн. теңге. Барлық қаржылық институттардан шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарына бөлінген несие қаражаттардың көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 45, 3 пайызға өскен.

Қазақстан Республикасы Үкіметіне «Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 100 мектеп пен аурухананың құрылысын жүргізу» жобасын жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарына бірқатар ұсыныстар енгізілді олар: құрылысқа және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарды кеңейтуге қатысты жобаларды шұғыл түрде несиелендіру мәселесі бойынша «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, отандық құрылыс индустриясының өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірісі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету туралы және тағы басқа.

Индустрия және сауда министрлігіне бәсекелестікті қорғау және дамыту саласының жұмысын ілгерілету мақсатында жаңа компаниялардың нарыққа шығу барысындағы кедергілерді азайту туралы ұсыныстар берілді.

Кәсіпкерлік қызметті жүргізуде қолайлы жағдай жасау мақсатында Индустрия және сауда министрлігіне әкімшілік тосқауылдарды төмендету бойынша бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдарының кәсіпкерлікке байланысты нақты қызмет саласындағы өкілеттіктеріне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс берілді.

Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қолайлы жағдай жасау үшін әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлік инфрақұрылымдарды дамыту және кәсіпкерлердің кредит қаржаттарына қол жеткізуін жеңілдету мәселелері бойынша облыс әкімдігіне жоғарғы деңгейде шешу мақсатында ұсыныс жасалынды.

Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларына сәйкес әкімшілік тосқауыларды жою жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін кәсіпкерлерге арналған жолсілтемесі әзірленді. Онда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын және олардың қызметіне жоспарлы және өзге де тексерулерді іске асыратын ұйымдардың тізбесі, облыстағы қаржы институттары мен кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің тізімі берілді.

Семинарда «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының негізгі функциясы жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлікпен еркін айналысуын қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының ерекшеліктері бойынша түсініктеме жұмысы жүргізілді.

Кәсіпкерлік қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерімен бірлесе кәсіпкерлерді ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жұмысы жүргізілуде.

Кәсіпкерлік субъектілерінің ҚР және шетелде өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына ықпал ету және кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасында және шетелде өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына ықпал ету мақсатында Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің ұсынысы бойынша „Al-Fattouh For Alum. Accessories” компаниясымен отандық тауарөндірушілердің қатынасын қалыптастыру бойынша облыстың бірқатар кәсіпорындары туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жолданды. Осы бағытта Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасымен 2007 жылға арналған іс-шаралар жоспарында кәсіпкерлік субъектілерді көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатыстыру шаралары көрсетіліп, қазіргі таңда бірлесе жұмыс жүргізілуде.

Иран Ислам Республикасының елшілігінің ұсынысымен Оңтүстік Қазақстан облысы және Харасан губерниясының арасында сауда-экономикалық қарым қатынасты дамыту мақсатында ауыл шаруашылығына арналған машина құрал жабдықтарын, және түрлі құрылыс конструкцияларын жасайтын компаниялар туралы ақпаратпен облыс кәсіпкерлері хабардар етілді.

Кәсіпкерлік мәселелері, оның ішінде әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін насихаттау жөнінде семинарлар, конференциялар, көрмелер, конкурстар, “дөңгелек үстелдер”, өткізуді қамтамасыз ету мақсатында мынадай жұмыстар жүргізілді:

Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясының Оңтүстік Қазақстан филиалы “Ренхессен” (Германия) шеберлер палатасымен “Қолөнер кәсібі шеберлігін Орталық Азияда дамыту” жобасы бойынша бірлесе шаштаразы, аспазшы кәсібіне үйрету мен мамандылықты арттыру нәтижесінде рынокта отандық тауарөндірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында Шымкент, Арыс, Түркістан қалаларында семинар-тренингтер өткізілді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры”- фермерлер мен кәсіпкерлерге, олардың бизнесін дамытуға бағытталған кредит- 117, 4 млн. теңгенің 33 пайызы, “KazMicroFinans” ЖШС МКҰ (Қазақстандық несие беру Қоры) - 4601, 5 млн. теңге кредиттік қаражаттың 3184, 2 млн. теңгесімен немесе 69, 2 пайызы кәсіпкер әйелдер қаражаттандырылды. Бөлінген кредиттік қаражаттар ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету салаларын дамытуға бағытталған.

“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы 306 әйел кәсіпкерлерге және 398 кәсіпкер жастарға бизнес мәселелері бойынша кеңес берді.

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің инвестициялық қызметіне қаржы-несиелік қолдау көрсету мыналардың есебінен қамтамасыз етіледі:

  • осы кәсіпкерлік түрлерінің субъектілерінің мемлекеттік инвестициялық бағдарламасына қатысуы;
  • бюджеттік емес көздерді жұмылдыру саласындағы кіші жән орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету жөніндегі қорлар мен басқа да арнайы институттар қызметін шапшаңдату;
  • шағын және орта бизнеспен жұмыс істейтін коммерциялық банктер мен басқа да қаржы институттары үшін жеңілдіктер жүйесін дамыту;
  • жоғары нәтижелі жобаларды іске асыру үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тікелей қаржылай көмек көрсету;
  • қаржы-несиелік қолдау көрсету инфрақұрылымының ары қарай дамуы төмендегі жағдайларды болжайды:
  • мемлекеттік және муниципалды қорлар жүйесі арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы-несиелік қолдау көрсету формаларын кеңейту;
  • өзара сақтандыру, несие кооперативтерінің (өзара несие беру қоғамдары) жүйесін дамыту;
  • дау тудыратын мәселелерді шешу, инвесторлардың келіссөздер жүргізуін ұйымдастыру, бизнес-жоспар дайындау, инвестицияны қаржыландыру көздерін іздеу саласында көмек көрсететін кәсіпкерлердің бірлестігі мен қорларының қызметін жеделдету.

2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерінiң бастамаларын қолдау жөнiндегі жеделдетілген шаралар бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету көрсетілген мақсаттарға көзделіп жыл сайын бекітілетін республикалық бюджет қаражаты шегiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбайтын көздер есебiнен жүзеге асырылатын болады.

Осы жеделдетiлген шараларды iске асыру үшiн 2005 жылы республикалық бюджеттен 11181, 12 млн. теңге, 2006 жылы - 10215, 12 млн. теңге, 2007 жылы - 1, 0 млн. теңге бөлiнедi.

Бұл ретте мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыру мөлшерi белгiленген тәртiппен тиiстi жылдың бюджетiн қалыптастыру және нақтылау кезiнде жыл сайын нақтыланатын болады.

1. 2 Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеуі

шағын және орта бизнестi несиелеу тек қана қаржылық құралдардың шектеулiлiгiнен ғана емес, сонымен қатар екінші деңгейдегi коммерциялық банктердiң бұл секторды толығымен несиелеу өкiлеттiлiгiмен және оның тәуекелдiлiгi де әсер ететiндiгiн атап өту керек.

Бiрiншiден ол құрамы бойынша бiрыңғай емес. Өйткенi Қазақстанда коммерциялық банктер саны 39 болса, соның iшiнде олардың жарғы капиталы кем дегенде 2 млд. тенге болуы керек. Салыстырмалы Республиканың қаржылық орталығы Алматы қаласында iрi банктердiң 70% орналасқан, ал кiшiгiрiм банктер әртүрлi облыс орталықтарында шоғырланған.

Екiншiден, iрi банктер мен кiшiгiрiм банктердiң мүмкiндiктерi мен ұсынатын қызмет түрлерi адекватты емес. Қысқа мерзiмдi несиелеу түрiмен негiзiнде iрi банктердiң айналысуы шамалы, ал орта және кiшiгiрiм банктер үлесi де аз болып отыр.

Үшiншiден, орташа банктер шағын бизнеске несие ұсынудың орнына, iс жүзiнде олардың қаржыларға қол жеткiзуге мүмкiндiктерi тiптен жоқ. Ол қаржылар түрiнде банкаралық несиелер, қарыздар, банкаралық қаржы нарығында орналасқан қаражаттарды айтуға болады. Осы ретте кiшiгiрiм банктердiң шектеулi меншiктi капиталы табысты клиенттер тартуға, депозиттiк базасын кеңейтуге, активтiк операцияларды толығымен жүргiзiп, осыдан түскен пайда арқылы капитализациялануға кедергi етуде. Банктердiң шағын және орта бизнеске берiлген қысқа мерзiмдi несиелерiнiң көлемi бұл бизнестi делдалдық және сауда-саттық қызметтерiмен айналысуына әкелiп соқтырды. Ал елдегi iрi банктердің көпшiлiгi iрi қалаларда орналасқандығынан және несиелiк ресурстар жолының бiрдей емес мөлшерде бөлiнуi ауыл шаруашылығы секторын айналып өтуге мұқтаж етедi. Мемлекетiмiз бен II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнестi несиелеу-қаржыландыру схемасын, субнесиелеу ретiнде Еуропалық Даму және қайта құру Банкi /ЕДҚБ-ЕБРР/ мен Азиялық Даму банкiнiң /АДБ/ ресурстарымен несие беру коммерциялық банктерге жүктелген.

Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Қазiргi кездегi банктiк жүйе - бұл алуан түрлi және дәстүрлi емес жаңа банктiк қызметтердi клиенттерге көрсету. Соның iшiнде банктердiң дәстүрлi қызметтерiнiң бiрi - несиелiк операцияларды iске асыру. Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің бірі - несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта бизнесті қаржыландыруға асықпайды. Республикамызда шағын кәсіпкерлікті тиімді қаржыландыру үшін қажетті ресурстарға деген үлкен тапшылық орын алып тұр. Мұндай қаржы бойынша шешімін таппай тұрған мәселелерге:

  1. несие алудың шектеулігі;
  2. коммерциялық банктердің кепілдік міндеттемені жоғары деңгейде ұстауы;
  3. берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесінің жоғары болуы және қысқа мерзімділігі;
  4. шағын кәсіпкерлікке микро несие берудің заңдылық негізінің жоқтығы;
  5. банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеу саясатының анықсыздығы.

Қазір ұлттық компаниялар мен мегахолдингтердің бейіндік емес қызметтерін анықтау үдерісі жүріп жатыр, бұл осы қызмет түрлерін шағын және орта бизнестің бәсекелестік ортасына айналдыру үшін іске асырылуда. Бүгінгі таңда бағдарламаны жүзеге асыру тәртібі түбегейлі айқын болмағанымен, тиісті қадағалау мен бақылау жасалса, аталған бағдарламаның нәтижелерінің бірі шағын және орта бизнестің еліміздің ішкі жалпы өніміндегі үлесінің ұлғаюы болуы тиіс. Сондықтан қазіргі кезде бұл біз үшін басымырақ сегмент болып табылады. ТӘБ-тің шағын және орта бизнеске арналған несие қоржыны 2005 жылдың аяғында 660 миллионға жуық долларды құрады, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе дерлік ұлғайды. ТӘБ-тің шағын және орта бизнеске арналған несие қоржынының өсу қарқыны рыноктың өсу қарқынынан алда болғандықтан оның рыноктағы үлесі 10 пайызға дейін өсті. Алайда, банктің стратегиялық мақсаты - шағын және орта бизнес рыногының 30 пайызын иелену. ЕҚДБ-мен бірлесіп несиелік бағдарламаны жүзеге асыру банктің өнімдер қатарын қалыптастыруына, үдерістер мен стандарттарды қалыпты жолға қоюына, шағын бизнесті несиелеу технологияларын үйренуіне мүмкіндік берді. Нәтижелі жұмыс қорытындысында 2005 жылдың аяғында ЕҚДБ өз бағдарламалары аясындағы несиелеу жөніндегі өкілеттіктерді ТӘБ-ке берді. ЕҚДБ-дан басқа ТӘБ шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу саласында KfW, Азия Даму Банкі және Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық жасауда. Сонымен бірге 2006 жылдың соңына дейін банк «кросс-сатулар» жобасын енгізуді аяқтайды, жоба клиенттердің барлық қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру ыңғайында, банктік қызметтер мен ТӘБ-тің еншілес компанияларының қызметтерін қоса алғандағы кешендік қызмет көрсетуді іске асыру есебінен, клиенттердің банкке деген түзу ниетін арттыруды көздейді.

Кестеде көріп отырғанымыздай, 2001 жылы банктердің берген несие сомасы 1млн. теңге болса, 2005жылы несие сомасы 3 млн. теңгеден асты. Яғни банктердің кәсіпкерлікті қаржыландыруға үлесі жылдан жылға артқанын байқаймыз.

1. 3 Шағын және орта бизнесті несиелеудегі шетел тәжірибесі

Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсiпкерлiктiң дамуына үлкен мән берiледi.

БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша шағын кәсiпорындардың саны барлық кәсiпорындардың жалпы санынан 95 %-ға артық. Әлемдiк экономикада мұндай кәсiпорындардың үлесiне жұмыспен қамтылғандардың 60 % астамы келедi, ал олардың ЖIӨ-дегі үлесi 50 %-ға жетедi.

Рыноктiк қатынастардың қалыптасуы кезiнде әсiресе шағын кәсiпкерлiк мемлекеттiк қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдiк тәжiрибе куә. Бұл ретте, тiреледi бизнестi бәсекеден қорғауға немесе ол үшiн ерекше "жұмсақ" жағдайлар құруға емес технологиялық жетілдірудiң генерациясы фирмаiшiлiк процестi үнемi ынталандыратын және фирманың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшiн оқытатын жағдайларды қамтамасыз етушi шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың нысаны мен мақсаты шешушi мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада iлгерiлiк жасаған көптеген елдердiң тәжiрибесi көрсетедi.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау шаралары:

жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну, консультация және оқыту) қол жетiмдiлiктi жеңiлдетуге;

рынок капиталына (салық жеңiлдiктерi, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттiк субсидиялар, рыноктiк және жеңiлдiктi кредиттi ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түрiндегi жеңiлдiкпен кредит беру) қол жетiмдiлiктi жеңiлдету;

кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетiн кластерлiк-желiлiк ұстанымды енгiзу арқылы шағын компаниялар мәселесi бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған.

Кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасы iске асырылған елдер - бұл Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Корея, Дания, Ұлыбритания, Франция, Мексика, Чили, Бразилия. Бiрқатар дамыған және дамушы елдерде кластерлiк-желiлiк ұстанымға негiзделген шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасын iске асыруды мысалға келтiремiз.

1. Италия. Бiрiншi рет кластерлiк-желiлiк ұстаным Италияда 70 жылдар қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлiк-желiлiк ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның дамуы бастау алатын "үшiншi Италия"1 деген атқа ие болған Италияның тәжiрибесi қызық. 70 жылдардың соңында "бiрiншi" және "екiншi" Италия экономикалық дағдарысты басынан өткiздi, елдiң солтүстiк-шығыс және орталық бөлiгi экономикалық өсудiң жоғары түрiн көрсеттi. Негiзiнен шағын және орта кәсiпорындар әрекет ететiн (тоқыма және былғары өндiрiсi, аяқ киiм, керамика және жиһаз өндiрiсi) бiрқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi тек ғана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қоймай, экспорт рыногына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның iрi кәсiпорындары құлдырауды басынан өткiзiп жатты, "үшiншi Италияның" шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiстiк процеске инновацияларды енгiзуге қабiлеттi болып шықты.

1 "Бiрiншi Италия" - Италияның дәстүрлi бай солтүстiк-батыс бөлiгi, "екiншi Италия" - елдiң кедей оңтүстік бөлiгi.

2. АҚШ. ЖҰӨ-нiң 50 %-нан астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы күшiнiң 2/3 астамы шағын кәсiпкерлiкке тартылған. AҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ел экономикасын оңалтуда шешушi рөл атқарды. Бұл үшiн АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретiн құрылым - АҚШ шағын бизнес әкiмшiлiгi (1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсiпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету - қызметтiң мәнi.

3. Жапония. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесi барлық компаниялар санының 99, 6 %-ын, ЖIӨ-нiң 55 %-ын және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ын құрайды. Шағын кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн шағын және орта кәсiпкерлiкке қатысты мемлекеттік саясатты iске асыратын мамандандырылған органдар желiсi құрылды.

Жапонияда шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдаудың негiзгi шаралары:

ШОБ-ты жаңғырту үшiн кредиттер мен жеңiлдiктi кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қол жетiмділiктi жеңiлдету (20 жылға 1, 05 %-дық ставкамен) ;

бизнес-инкубаторлар құру, салық салу, және менеджмент, персоналды басқару және рыноктағы ахуал туралы ақпарат, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсыну мәселелерi бойынша қысқа мерзiмдi негізде мамандарды ұсынумен инвестициялық жобаларды бағалау арқылы бизнесті қолдау жүйесiн құру;

техникалық көмек, қаржылық және заңнамалық қолдау арқылы жаңа және венчурлық бизнес құруды ынталандыру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында II-шi деңгейдегi коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеу тәжiрибесi
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіру
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу проблемаларын талдау
Банк клиенттерінің несие төлеу қабілеттілігі
Екінші деңгейлі банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің жүзеге асырылуы
Шағын және орта бизнестің дамуындағы алатын ролі
Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіру жолдары
Шағын және орта бизнесті дамыту
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz