Қылмыскерді ұстау


Жоспар

КІРІСПЕ . . . 3

І-тарау. ҚЫЛМЫСКЕРДІ ҰСТАУДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН МАҢЫЗЫ . . . 6

1. 1. Қылмыстық процесте қылмыскер деген ұғымның ұғымы . . . 6

1. 2. Қылмыскерді ұстау - мәжбүрлеу шарасы ретінде . . . 9

1. 3. Қылмыскерді ұстау - тергеу әрекеті ретінде . . . 20

1. 4 Қылмыскерді ұстау барысында адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылуы және кепілдіктері . . . 24

ІІ-тарау. ҚЫЛМЫСКЕРДІ ҰСТАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРЫ . . . 44

2. 1. Қылмыскерді ұстаудың негіздері . . . 44

2. 2. Қылмыскерді ұстаудың мотивтері . . . 51

2. 3. Қылмыскерді ұстаудың құқықтық шарттары . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 66

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының нарық экономикасына өтуімен біздің қоғам күрделі мәселелерге тап болды. Соңғы кездердің әлеуметтік-саяси, экономикалық өзгерістері заңдардың түп негізінен өзгертуін кажет етті. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан процестер демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің бекітілуі жөніндегі конституциялық ережелердің қамтамасыз етілуіне бағытталған. Ал, мұндай мемлекеттің негізгі құндылықтары болып адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары табылатындығы белтілі.

Қазақстан Республикасынын Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстан 2030" атты халықка жолдауында: "Бізге заңдарымыздың жарты кештігіне және тұрлаусыздығына көңіл бөлу қажет. Үйдің ірге тасын қалау жеткіліксіз - оның қабаттары, қабырғалары мен шатыры болуы қажет" - деп көрсетеді. 1

Басымды міндеттердің ішінде мемлекет Президентімен келесілерді белгілеп көрсетеді:

- Сот билігі мен құқық қорғау органдарының реформасының
белсенді түрде жалғасуы;

- Заңның абсолютті билігін бекіту және заңды құрметтейтін
азаматтарды қылмыстылықтан қорғау2.

Қазақстан Республикасының Конституциясы өзінде адамның ажыратылмайтын құқықтарын, тұлғаның қауіпсіздігі мен құқықтық тұрғыдан қорғаушылығын алып жүреді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына 2007 жылы 21 мамырда қабылдаған толықтырулар мен өзгерістер негізінде № 254 Заңы бойынша 16-баптың 2- тармағына сәйкес заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. Осы заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес Конституцияда көзделген соттың тұтқындауға санкция беруі тиісті заңнамалық актілер қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Қылмыскер мәселесі қылмыстық сот өндірісінің тез және толық ашу, кінәлілерді әшкерелеу және заңды дұрыс қолдану сияқты міндеттерімен тікелей байланысты. Қылмыскер мәселесінің өзектілігі тұлғаның қылмыстық процестегі құқықтары мен заңи мүдделерін қорғау қажеттілігінен шығады; оны шешу құқық қорғау органдарына процессуалдық мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде ұстау мен қамауды занды және негізді түрде қолдануға мүмкіндік береді.

Осы мәселенің шешілуі қылмыстық процестің әрі қарай жетілуін қамтамасыз етуге, алдын ала тергеу міндеттерін шешуге, тергеу әдістемесінің дамуына мүмкіндік береді.

Терең ғылыми зерттеуді қажет ететін мәселелердің маңыздылығы жөнінде айта отырып, қылмыстық процесте қылмыс жасады деп қылмыскертелген тұлғалардың қатысуымен байланысты сұрақтар көп көңіл аудартады. Бұл назар (интерес) қылмыскердің алдын ала тергеудегі процессуалдық жағдайы мен қылмыскерді іс бойынша өндіріске тарту тәртібі заңмен толық анықталмағандығымен, ал заң әдебиеттерінде бұған байланысты әр түрлі көзқарастардьң болуымен түсіндіріледі.

Қылмыстың жауаптылыққа нақты тұлғаны тарту әр кезде де тұлғаның кейінгі тағдырын анықтайтын, сондай-ақ қылмыстық-процессуалдық қатынастардың дамуын анықтайтын объективтік және субъективтік факторлардың суммасы.

ҚР-да С. Т. Тыныбековтың және Қ. Бековтың жұмысынан басқа қылмыскер мәселесін қарастырған монографиялық зерттеу болған жоқ С. Т. Тыныбеков қылмыскер мен айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету кағидаларын зерттеді. Ал Бековқа болса қылмыскердің алдын ала тергеудегі процессуалдық жағдайын қарастырды. Қылмыскер мәселесі көптеген ғалым-заңгерлердің назарын аудартты. Сұрақтардың кең шеңберін немесе кейбір жекелеген аспектілерін шешумен байланысты қылмыскер мәселесіне Ж. Алексееванын, А. А. Альперттің, А. А. Александровскийдің, Д. Н. Беляковтың, П. Бекешконың, А. Я. Дубинскийдің, Н. А. Козловскийдің, Л. Д. Кудиновтың, А. М. Лариннің, М. М. Михеенконың, М. Строговичтің, В. И. Шпиляевтың, А. А. Чувилевтың және т. б. көптеген ғалымдардың еңбектері арналған. Осы мәселенің теориялық өңделуіне бағаланбас үлесін танымалы қазақстандык ғалымдар: Н. А. Абдиканов, А. Н. Ақпанов, 3. О. Ашитов, А. А. Әлдекеев, Қ. А. Бегалиев, Л. Ш. Берсугурова, Т. К. Биятов, А. Я. Гинзбург, Б. X. Төлеубекова т. б. қосты.

1997 жылы 13 желтоқсанда ҚР-ның ҚІЖК-нің қабылдануымен қылмыскердің кылмыстық процестегі мәселесі шешілгенімен, қылмыскердің пайда болу негіздерін бекіту мәселесі шешілусіз қалды. Тәжірибеде әлі күнге дейін қылмыскер туралы мәселені бірыңғай түсінушіліктің әлі де жарық екендігін айта кеткен жөн. Тергеушінің, анықтаушының пікірі бойынша қылмыстық жауаптылыққа әлі мұндай шешім қабылданғанға дейін тартылған азамат ол әлі ұсталмағанымсн және әлі бұлтартпау шарасы қолданылмағанымсн, одан жауап қылмыскер ретінде алынады. Мұндай тәжірибе заңсыз, өйткені ол заң бойынша қылмыскер болып табылмайтын тұлғаны қылмыскер жағдайына қояды.

Зерттеу пәнінің аспектілері болып келесілер көрініс табады: алдын ала тергеуде қылмыскердің процессуалдық жағдайын қамтамасыз етудің нақты тәжірибесі; қылмыскер ретінде ұстауды жүзеге асыру; қылмыскердің процессуалдық жағдайының құқықтық реттелу жағдайы және бұл мәселенің заң әдебиеттерінде көрініс табуы. Бітіру жұмысының зерттеу объектісі кұқықтық нормалардың жүйесі, сондай-ақ уақытша ұсталған тұлғаларды ұстау үшін тергеу органдарының, прокурордын, изолятор қызметкерлерінің, кезекші бөлімдердің қылмыскердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша және оларға жүктелген міндеттерді орындау бойынша кызметтері.

Диплом жұмысын дайындау процесінде ҚР Конституциясы, ҚР ҚІЖК- сі, ҚР Президентінің жарлықтары, "Қылмыс жасалуына қылмыскерлер және айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы " ҚР Заңы, 15 қыркүйек 1999 жылғы "ҚР-ның жедел іздестіру қызметі туралы" ҚР Заңы, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы полициясының, Кіріс министрлігінің нормативтік қүкықтык актілері, ҚР Прокуратурасының бұйрықтары мен нұсқаулары және т. б. нормативтік құқықтық актілері қолданған.

  1. - тарау. ҚЫЛМЫСКЕРДІ ҰСТАУДЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ «ҚЫЛМЫСКЕР» ДЕГЕН ҰҒЫМНЫҢ ҰҒЫМЫ

Өзімізге мәлім, зерттеу негізінде бірқатар авторлар "қылмыскер" түсінігін қолданады. Осыған сәйкес ғалым-процессуалистер қылмыскерң ұғымын ашуға тырысқан еді. Л. В. Франк бұл мәселені ең алғаш "Кеңес қылмыс процесіндегі қылмыскерді ұстау және камау" деген қызықты әрі тиімді еңбегінде атап, қылмыскерке анықтама береді.

Л. В. Франктың пікірінше, "қылмыскер - ол тергеушінің шынайы фактілерге, тәрбиелік-ғылыми ережелермен ой-тұжырымдарға, сондай-ақ қандай да бір деңгейдегі болжаммен осы тұлғаны қылмыс жасады деп әшкерелеуге болатын тексерілмеген деректерге негізделген істің белгілі жағдайы мен белгілі бір тұлғаның арасындағы өзара катынас, байланыс және сәйкестігі туралы ойы (суждение) " 3

Біздің ойымызша, бүл анықтаманың аргументтелгенінс қарамастан, бірқатар кемшіліктер де бар. Л. В. Франк қылмыскер накты тұлғаның кінәлігі жөніндегі болжаумен ұксастырады. Біз Л. В. Франктың ой - тұжырымы даулы деп есептейміз, өйткені қылмыскер пен қылмыс субъектісі жөніндегі жекелеген болжамдар әр түрлі ұғым болып табылады. Біздің ойымызша, жорамалдардың қандай да бір процессуалдық салдары болмайды, себебі ол криминалистикалық категория ретінде орын алады. Қылмыскер, біздің ойымызша, тек қылмыстық - процессуалдық тұрғыда, қылмыстық процесте қылмыскер фигурасының пайда болу негізінде қарастырылуы керек.

Қылмыстық процессуалдық әдебиетте авторлар «қылмыскер» деген түсінікті көптеген мағынада саралайды.

Л. И. Корнеева қылмыскерді 3 аспектіден қарастырады:

Біріншіден , тергеушінің зерттеп отырған фактіге оның субъективтік қатынасын анықтайтын оның ақыл - есінің психологиялық сипаттамасы;

Екіншіден , тергеу мен болжамдар келтіруге негізделіп пайдаланатын криминалистикалық ұғым ретінде;

Үшіншіден , пайда болған қылмыскерпен қатар заң белгілі бір құқықтық салдардың пайда болуымен байланысты процессуалдық категория". 4

А. М. Ларин қылмыскер деген түсінікті екі мағынада түсіну керек деп есептейді:

  1. криминалистикалық;
  2. қылмыстық процессуалдық

Оның тұжырымы бойынша "арнайы криминалистикалық мағынадағы қылмыскер - ол қылмыс субъектісі ретіндегі болжамның нәтижесі". 5

Көптеген авторлар криминалистикалық және қылмыстық процессуалдық қылмыскерң арасынан ерекшелейтін шекті жүргізуге болады деп есептейді. Пищак Я. 6, Васильев А. Н. 7, Ларин А. М., Арцашевский Г. В., Образцов В. А. 8 "Криминалистикалық қылмыскер-процессуалдық ұғымы жөніндегі, қылмыстық процессуалдық кодексте оның негіздері көзделген болжамның тұжырымы деп есептейді. Жоғарыда аталған ғалымдардың анықтамаларын біз тавтологиялық деп есептейміз. Өйткені, болжамның өзі өзінің сыртқы көрінісінде тұжырым ретінде көрініс табады және оны басқадай етіп елестету мүмкін емес.

Жалпы болжамдар (версиялар) бір деректерге негізделуі мүмкін, ал кез келген болжам әр кезде де жалғыз емес, қарастырылып отырған мүмкін түсіндірмелердің біреуі болғандықтан, тергеушіден бар бір фактілі деректер квалификациясы бойынша әр түрлі қылмыстардың жасалуы туралы болжамдарға жалпы негіз ретінде қызмет етеді.

Козловский Н. А. қылмыскер тек бір мағынада, яғни қылмыстық процессуалдық мағынада ғана түсінген дұрыс деп есептейді. Біз оның көзқарасымен толығымен келісеміз, аспектіде қарастыру керек деп есептейміз.

Тәжірибеден мәлім, қылмыстық істі тергеудің бастапқы кезеңінде тергеушіге қылмыс субъектісі жөнінде өте аз ақпарат мәлім болады. Қылмыс жасаған тұлға жөнінде барлық дәлелдемелер жиналғанға дейін тергеушіде орын алған нақтылық жөнінде сенім қалыптаспайынша, кез келген баска білім мүмкін болады. Бұл мәселенің маңыздылығы заң актілерінде де, теорияда да атап өтілген. М. С. Строгович: "Қылмыскер жөніндегі азаматты қылмыскер ретінде шақырту мен жауап алу мүмкін болатын шарттар мен жағдайлар туралы сұрақ ол тек теория мен терминологиялық мәселе ғана емес, ол азаматтық тұлға мүдделерімен жанасатын үлкен тәжірибелік маңызы бар мәселе" деп жазған9.

Біз қылмыстық - процессуалдық қызмет сапасына қылмыскер тұлғаларды тартудың негізімен, тәртібімен байланысты мәселелер (сұрақтар) мәнді, азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін жанап өтетін, қылмыстық процестің міндеттерінің дұрыс шешілуіне тікелей әсер ететін және жалпы қылмыстылыққа қарсы күреске бағытталған деп есептейміз.

Козловский Н. А. қылмыскер ұғымы мен оны қылмыстық процессуалдық қызметке тартудың негіздері мәселесіне процессуалдық әдебиеттерде қарама- қайшы позициялары да бар деп есептейді. Оған сәйкес тұлғаларды қылмыстық процессуалдық қызметке тартудың негізін қылмыскер ретінде тарту деп қарастыру керек деп ойлайды. Козловский Н. А., 10 Ермаков Г., Кобликов А. қылмыскер деп соларға қатысты алдын ала тергеу жүргізілетін тұлғаларды білу керек дейді11. Боровский Э. тұлға қылмыскер деп есептеле алады, егер оған қатысты ұстау немесе бұлтартпау шарасы қолданғаннан кейін ғана емес, сонымен қатар тінту, корреспонденцияға қамау салу және т. б. с. с. шаралар қолданған кезден бастап деп есептейді. 12 Кузнецова Э. Ф. тұлғаны қылмыскер ретінде тану үшін келесілер қажет деп есептейді:

а) нақты осы тұлға қылмысты жасады деуге негіз беретін
деректердің болуы;

б) мүндай тұлға қылмыскер жағдайына түсетін процессуалдық актіні шығару.

Мұндай актілердің қатарына Чувилев А. А., Линагор И. А. келесілерді жатқызады: ұстау хаттамасы, бұлтартпау шарасы туралы қаулы, қылмыскер ретінде жауап алу хаттамасы, қылмыскердің қызметіне байланысты сараптама тағайындау туралы қаулымен танысу туралы хаттама, тінту, куәландыру немесе мүлікке тыйым салу өндірісі туралы қаулы, тану үшін көрсету хаттамасы. 13

Тәжірибедегі қызметкерлердің осындай позициясымен келісетіндігін айта кеткен жөн. Сұрау салу көрсеткендей, сұралған 110, қаржы полициясы, әскери полиция органдарының, әділет органдарының қызметкерлерінің 92%-ті тұлғаны қылмыскер деп танудың негіздерін кеңейту кажеттілігін білдірген. ҚР ҚІЖК-де қылмыскердің пайда болуын тек нақты адамға қатысты қылмыстық іс қозғаумен, не міндетті ұстауды қолдану, не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдануымен ғана байланыстырмау керек. Бұл көзқарасты Михайленко А. Р., 14 Осташенко В. Г., 15 Берсугурова Л. Ж . . . 16 Тыныбеков С. Т., 17 Қоғамов М. Ч., 18 Төлеубекова Б. Х. 19 Леви А. А. 20 ұстанады.

  1. ҚЫЛМЫСКЕРДІ ҰСТАУ - МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАСЫ РЕТІНДЕ

Қылмыскерді ұстау - дәстүрлі түрде қылмыс жасағаны үшін қылмыскер келтірілген тұлғаға қысқа уакытқа қамауда ұстауды білдіретін қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы ретінде сипатталады. 21

Заң әдебиеттерінде қылмыскерді ұстаудың ұғымыне қатысты өзге де көзқарастар кездеседі, яғни бүл бас бостандығынан айыру түріндегі қысқа мерзімді процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде де, дәлелдемелерді жинауға бағытталган тергеу әрекеті ретінде де қарастырылады. 22

Қылмыскерді ұстау превентивтік сипаттағы процессуалдық шараларға жатады. Осы шаралардың қатарына қылмыскерді ұстаудың қылмыстық іс жүргізу шарасына баска әкімшілік ұстау, қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеу шарасы ретінде қамауда ұстау, үкімді орындау процесіндегі ұстау шаралары жатады. 23

Қылмыскерді ұстаудың процессуалдық белгісі оның материалдық құрамына қатысты қызметтік ролін білдіреді. Бұл шара қылмыс жасау фактісі бойынша тек өндіріспен байланысты ғана пайдалану үшін ғана арналған.

Қылмыскерді ұстаудың провентивтік сипаттамасы оның қылмыс фактісімен байланысты істі өз өндірісіне алғантұлғаның қалыпты іс жүргізуін қамтамасыз ету үшін шара болып табылатынын білдіреді. Осы белгі бойынша аталған шара қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жазалау шарасынан ажыратылады. Бұл белгі қылмыскерді ұстау мақсатының негізінде болады.

Қылмыскерді ұстаудың мақсаты - заңда тікелей көзделмеген. Заңда қылмыс жасаған айыпталушыны және қылмыскерді ұстау ҚР ҚІЖК- де көздлген мақсаттарда жүзеге асырылады. ҚР ҚІЖК -де бұл мақсатттар туралы тікелей ештеңе айтылмаған. Бұл ұстау мақсаты қылмыс жасауға қылмыскер келтірілген тұлғаларды қысқа мерзімге ұстау тәртібі туралы ережеде көзделген болатын (13. 07. 1976 жылғы СССР-дің Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Бұйрығымен бекітілген Ереже. ) Осы Ереженің 1 бабына сәйкес ұстау ұсталған. Адамның қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін және оған қамаудан ұстау мақсатында қолданылады. Бұл ереже заңды түрде әрекет етпейді. Алайда онда қамтылған норма заңды тәртіпте өзгермеген және доктрина түрінде әрекет етуін жалғастыруда. Оқу және ғылыми әдебиеттерде, ол қандай да бір өзгерістерсіз қолданылады. 24 Мысалы, кейбір авторлар қазіргі кезде Ереже нормалары әрекет етпесе де, өзге мақсаттарда ұстауды жүргізу аталған қылмыстық іс жүргізу институтының ұғымыне қайшы келетіндігін негізді ескереді. 25

Қылмыскерді ұстау мақсатының доктриналды анықтамасын бере отырып, кейбір авторлардың оны кеңейте отырып, толықтыруына талпынғандығын ескеру керек. Мәселен, А. К. Трусов ұстау мақсатына қылмыс жасауға қылмыскер келтірілген тұлғалардың жеке басын анықтауды да қосады26, В. С. Чистякова - қылмыскерге қылмыстық әрекетті жасауға тергеу мен соттан жасырынуға, ақиқатты орнатуға кедергі келтіруді қосады. 27

Мұндай көзқарастар біздің ойымызша, нақты емес деп ойлаймыз. Қылмыскердің жеке басын анықтау қылмыскердің қылмыс жасауға қатыстылығын анықтаудың бір бөлігі болып табылады және ұстаудың бөлек мақсатын құрамайды. Ал қылмыскердің қылмыстық әрекетті жасауына, тергеу мен соттан жасырынуына, ақиқатты орнатуға кедергі жасауына қатысты оны ұстаудың міндеті ретінде сипатталуға, ал осындай ниеттер жөнінде мәліметтер дәстүрлі түрде ұстаудың себебіне жатады.

Құқық қорғау тәжірибесінде доктриналдық көзқараспен бірге қылмыскерді ұстаудың тұрмыстық көзқарастарын да кездестіруге болады. Ол қылмыскерді айғақ бруге мәжбүрлеу, қылмыс жасауды мойындау, қызметтестіктен бас тартуына жазалау мақсаты үшін ұстау туралы тұржырымдарды қамтиды. Мұндай көзқарастар құқық қорғау органдарының бөлек қызметкерлерінің теоретикалық дайындықтарының шектеулігінен туындайды, заң шарттарының жүзеге асырылуының технологиялық қиындықтарымен, қылмыспен күрес бойынша қызметтің көптеген ұйымдастырушылық және психологиялдық мәселелерімен шартталған.

Ұстаудың мақсаты туралы мұндай көзқарастардың әртектігі ерекше аргументациялауды қажет етпейді. Олардың практикадағы зияндылығы да көззге көрінеді. Әдетте, олар заңды бұзуда, теріс пайдаланудан көрініс табады және әртүрлі ауыр зардаптарға әкеп соғады. Оларды, сонымен қатар, назардан тыс қалдыруға да болмайды. Мұнда тек заң бұзушылықпен күресу туралы сөз болып отырған жоқ. Кейде милициялық “тұрмысқа” байсалды қатынас оны күн ілгері орналастыру талпынысы құқық қорғау тәжірибесінле кемшіліктерді көруге мүмкіндік береді және олардың алдын алу мен жою бойынша заңдық және ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкесінше шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. “Алдын-ала тергеу мен анықтауға прокурорлық қадағалау туралы” ҚР Бас Прокурорының Бұйрығында тікелей көзделген: “ұстау мен қамауға алуды қылмыскерден немесе айыпталушыдан қылмыс жасаудағы кінәлілігін мойындауды таныту құралы ретінде пайдалануға жол берілмейді. ”

Мұндай құбылыстардың талдауы айқасушы “тәжірибешілердің” оларды норма мен заң қалыбына енгізудегі жиі кездесетін талпынысын өз уақытында жоюға мүмкіндік береді.

Қылмыстық процестің дұрыс қалпыты барысын қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес ұстаудың барлық мақсаттары ұстауды қолданудың негізінде қосымша факторлар ролін атқара алады деуге де болады. Бұл міндеттер өздігімен ұстауды қолдануды шарттамайды, алайда, басқа міндеттер мен жиынтықта ұстауды қолдану туралы шешіледі. Қолдануға сенімнің құрылуына әсер ете алады. “Бұл шараның ұғымы- қылмыс жасады деп қылмыскерлген тұлғаларды, оларды қамауға алу жолымен қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұрады” деген тұжырымға келген А. С. Сергеев ұстаудың ұғымын қысқаша түсіндіреді. 28 Бұл берілген анықтамалар, біздің ойымызша, ұстау институтының ұғымын жеткілікті толық ашпайды, өйткені мұнда негізсіз ұстаудың ұстаудың бір белгілері көрсетіліп, "оның ұғымын дұрысырақ ашатын басқа белгілсрі ашылмай қалады". 29

ҚР ҚІЖК - нің мәжбүрлеу шарасы ретіндс қылмыскерді ұстаудың мазмұны бас бостандығынан айырудан тұрады. А. А. Чувилев өзінің ұстауға берген анықтамасында ұстаудың ең жоғарғы мерзімі мен оның мақсаттары білдіреді. Олар қылмыс жасады деп қылмыскер келтірілген тұлғаларды қысқа мерзімді30 ұстау 72 сағаттан аспайтын мерзімде тұлғаның қылмысқа қатыстылығын тексеру және оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу жөнінде сұрақты шешу мақсатында бас бостандығынан айырудан тұрады. 31 Қылмыс жасауда қылмыскер келтіру бойынша ұсталғандарға ҚР-ның 1999 жылғы 30 наурызында "Қылмыскерлерді және қылмыс жасаган айыпталушыларды күзетпен ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" ҚР-ның Заңы қолданылады. Осы заң бойынша қылмыскердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ететін, олардың міндеттерін орындауды, сыртқы қамтамасыз ететін, олардың міндеттерін орындауды, сыртқы және ішкі оқшаулауды, қадағалауды, сонымен қатар ҚР ҚІЖК -де көзделген міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін режим көзделген. Ұсталған тұлғалар ұсталғандар үшін арналған камераларда, ал өзге жағдайларда өзге арнайы жабдықталған орындарда ұсталады. Ұсталғандар үшін камералар қылмыскерлер айыпталушылардың уақытша ұстаудың изоляторында жабдықталады. Ұсталғанды қамауда ұстау уақыты жазалау мерзіміне есептеледі. (ҚР ҚІЖК -нің . . . бабы) .

Сол сияқты осы ережеде бекітілген ұстаудың мақсаттарына негізделе отырып, барынша ашық түрде ұстау ұғымын Б. Н. Григорьев былай береді: "Қылмыскерді ұстау дегеніміз - анықтау не тергеу орындарымен кейінге қалдырылмайтын жағдайларда ұсталған тұлганың қылмысқа қатысын анықтау және оны қамауға алу туралы сұрағын шешу мақсатында оны ұсталғандар орнына жеткізу жолымсн тұлғаны бас бостандығынан айырудан тұратын, сондай-ақ процессуалдық санкциямен қамауға алғанға дейін не ұсталған тұлғаны босатқанға дейін бұл шараның қысқа мерзімді бастапқы кезеңі түрінде көрініс табатын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде анықтауға болады. 32 Бас бостандығынан айыру күзетте ұстау түріндегі қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасының мазмұнын құрайды. Қамауға ұстау түріндсгі мәжбүрлеу шарасы таңдалған тұлғаларға арнайы бектілген режим қолданылады. Ол ҚР-ның 1999 жыл 30 наурыздағы "Қылмыскерлерді және қылмыс жасаған айыпталушыларды күзетпен ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" Заңында көзделген және ұғымы бойынша ұқсас болып табылады. Күзетте ұсталатындар ҚР Әділет Министрлігінің қылмыстық атқару жүйесіндегі тергеу изоляторларында ұсталады.

Қылмыскерді ұстаудың кідіртілмейтін сипаты . Қылмыскерді ұстау тек іс кейінге қалдыруды көтермейтін жағдайда қолданылады. Бұл жағдай мынадай екі шарттың үйлесуімен туындайды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс жасаған адамдарды ұстаудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Қылмыс жасаған адамды ұстау негіздері
Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтірудің түрлері
Қылмыс істеген адамды ұстағанда сай емес зиян келтіру және оған қылмыстық жауаптылықтың сипаты
Екінші шарт - орынды кәсіби тәуекелді қолдану арқылы заң қорғайтын мүдделерге зиян келтіру
Аса қажеттіліктің түсінігі
Іс - әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән – жайлар
АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ МЕН НАҚТЫЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
ҚОРҒАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАҢҒА СЫЙЫМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын жоятын мән - жайлардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz