Қазақстандағы демографиялық проблемалар және олардан арылудың негізгі жолдары


ЖОСПАР
Кіріспе . . .
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН АРЫЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ
1 Еліміздегі демографиялық проблемалар . . .
2 Халқымыздың репродуктивтік мінез-құлқының өзгеруі және
оның әлеуметтік-психологиялық себептері . . .
Қорытынды. . . .
Сілтемелер . . .
КІРІСПЕ
Кез келген мемлекеттің ең негізгі байлығы - оның халқы. Демографиялық жағдай әрбір мемлекеттің экномикасына, ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздігіне тікелей әсер етері сөзсіз. Қазақстан Респуьликасы Президенттің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясының кезек күттірмейтін негізгі міндеттерінің бірі - еліміздегі кең өріс ала бастаған демографиялық проблеманы шешу болып табылады. Өйткені, әсер көлемі бойынша Қазақстан бірінші ондыққа (9-орын) кіруіне қарамастан, халық саны бойынша тым артта қалып отыр (60-орын) . Дегенмен, мәселе алықтың орналасу тығыздығына ғана емес. Бұл проблема жер көлеміш шағын, экономикасы дамыған Европа мемлекеттеріне де өріс алуда.
1960-жылдардан бастап 1980-жылдардың соңына дейін тұрақты түрде және де жоғары ырғақпен өсу жолында болған Қазақстанның демографиялық жағдайы 1990-жылдары тоқтап қана қойған жоқ, тіпті үлкен жылдамдықпен кері кете бастады. Бұл процесі 1990-жылдардағы өтпелі кезеңнің негативті жағы деп қарай салу заңды болып көрінуі мүмкін. Халықтың әлеуметтік жағдайы өте төмен деңгейде болып, ол өз кезегінде демографиялық жағдайға кері ықпалын тигізгені рас. Халықтың өлу көрсеткіші артып, туу деңгейі төмендеп кетуіне байланысты табиғи өсім мүлдем болмады.
Қазақстанда туу деңгейінің төмендеуі кезек күттірмейтін мемлекеттік проблема болып табылады. Себебі, еліміз екі өзара қарама-қайшы жағдайға тап болып отыр: біріншіден мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен нарықтық қатынастарды дамыту үшін негізгі қажеттік халық санын еселеп өсіру міндеті мемлекет алдында көлденең тұрған болса, екіншіден дәл осы жағдайда халқымыздың табиғи өсімінің күрт төмендеуі үлкен проблемаға айналып отыр.
Жалпы, 1987 жыл Қазақстан үшін демографияда туу шыңы болып қалды: сол жылы 417 мың адам өмірге келген, немесе 1000 адамға 25, 7 адам сәйкес келді. Ал, 1997- жылы, яғни 10 жылдан соң туу деңгейі 1000 адамға шаққанда 14, 7 дейін төмендеп кетті. Бұл республика бойынша алғандағы орта есеп, ал кейбір аймақтардағы көрсеткіштер одан да төмен: Алматы қаласында 10, 6, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 11, 3 және 11, 4 деңгейінде болған. Оның үстіне сол кездегі халық арасындағы өлім-жітімнің көбейіп кетуі байқалып отыр. Егер 1987 жылы үлкендер саны 1000 адамға шаққанда 7, 6 болса, 1997 жылы 10, 1 дейін жоғарылап кетті. Осындай жағдайлардың нәтижесінде, яғни, туу деңгейінің төмендеуі төмендеуі мен өлім-жітімнің артуының арқасында 1987-1997 жылдары халықтың табиғи өсімі 4 есеге дейін төмендегені рас .
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН АРЫЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ
1 Еліміздегі демографиялық проблемалар
Адам дамуы - Қазақстан үшін стратегиялық міндетке айналғанына біраз уақыт өтті. Ал, адам даму индексі (АДИ) елдің демографиялық көрсеткішіне тікелей бағынады. Жалпы, Қазақстанда адам да - мұның сер пінінде екі кезең байқалған. Бірінші кезең (1990-1995 жж. ) адам дамуына қатысты барлық көрсеткіштердің, соның ішінде демографиялық көрсеткіштердің күрт нашарлауымен сипатталады, соның себебінен Қазақстан әлемдегі адам даму индексі (АДИ) бойынша 54-ші орыннан 93-ші орынға ығысты. Екінші кезеңде (1996-2000жж. ) адам дамуының көрсеткіштері баяу қалпына келе бастап, Қазақстан 80-ші орынға көтерілді. Бірақ бұл, ТМД өзге елдердегі сияқты 1990 жылғымен салыстырғанда әлі де анағұр лым нашар. Демографиялық фактор - туылған кездегі болжамды өмір сүру ұзақтығы - республикадағы АДИ нашарлауына бірінші кезеңде негізгі рөл атқарса, ал екінші кезеңде АДИ өсуінің жеткіліксіз салмақтылықтағы факторы болып табылады. Бұл орайда Қазақстандағы осы көрсеткіштің деңгейі (2005 жылғы адам дамуы туралы Баяндама бойынша 63, 4 жас) жоғары АДИ елдерімен (78 жас), сондай-ақ өтпелі экономикадағы көпшілік елдермен (68, 2 жас) салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бұған қоса, Қазақстанда БӨҰ (болжалды өмір сүру ұзақтығы) көрсеткіші бойынша елеулі гендерлік теңсіздіктің байқалатынына назар аудару керек, ол 2005 жылы 11, 5 жасты құрады [11] .
«Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және ырыс-берекесі» деп аталатын стратегия басымдылығының аясында мемлекеттік органдардың қызметі республика халқының тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталуы. Бұл денсаулық сақтау саласының уақтылы және сапалы қызмет көрсетулерімен, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды іске асырумен, таза суға қол жетімділікпен және елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсартумен, халық табыстарының өсуімен, жеткіліктілігімен және оларды уақтылы төлеумен, білім беру қызметтерінің сапасын арттырумен, халықтың жұмыспен қамтылуын және атаулы әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеумен қамтамасыз етіледі.
Осы басымдылық аясында Қазақстанның мыңжылдық Деклорациямындағы аса амбициялы төрт міндетті шешуді қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өту керек, мыңжылдық Деклорациясы БҰҰ 2000 жылы Нью-Йоркте өткен Бас Ассамблеясында қабылданды:
1) 1990 жылдан 2015 жылға дейінгі кезең аралығында 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітімді үштен екіге азайту;
2) 1990-2015 жылдар арасында аналар өлімінің коэффициентік төрттен үшке азайту;
3) 2015 жылға қарай АҚТБ/ЖҚТБ таралуын тоқтату және ауруды азайту үрдісіне кірісу;
4) 2015 жылға қарай туберкулез және басқа да негізгі аурулардың таралуын тоқтату және ауруды азайту үрдісіне кірісу.
Ел халқы үшін оның тұрғындарының тұрмыс сапасы басты міндет болуы тиіс, ол негізгі үш құрауышпен анықталады: өмір сүру ұзақтығығ, әл-ауқаттың деңгейі және қоршаған ортаның жай-күйі.
Бірінші құрауыш - болжауды өмір сүру ұзақтығы - өте төмен деңгейде, орта есеппен дамыған елдердегі деңгейден 15 жасқа төмен, егер Қазақстан халқының БӨҰ 13 жасқа көп болса, онда Қазақстан АДИ рейтингі бойынша 79-шы емес, 43-ші орында болып, яғни еліміз АДИ рейтингі бойынша ең озық 50 елдің қатарына кіретін еді.
Жалпы, 1998-2005 жылдарда 60 жасқа дейін өмір сүрмеген халықтың үлес салмағына назар салсақ елеулі өзгерістерді көру қиын болып отыр. Мысалы, 1998 жылы олардың үлесі 33% құраған болса, 2005 жылы небары 2, 3%-ға төмендеп, 30, 7% құраған. Бұл көрсеткіштерді дамыған мемлекеттегі көрсеткіштермен салыстыруға мүлде келмейді. Мысалы, жапондар зейнеткерлікке 70 жаста шықса, ал Голландияда 80 жас орта деп есептелінеді. Егер, Қазақстан территориясын облыстар бойынша жеке-жеке салыстырып көретін босақ, онда ОҚО осы көрсеткіш бойынша бірінші орында: 26, 9%, одан кейінгі орындарды Жамбыл облысы: 27, 9%, Қызылорда облысы: 28, 1%, және Атырау облыстары: 28, 5% иемденіп келеді. Ал, дәл осы көрсеткіш бойынша, яғни, 60 жасқа дейін өмір сүрмеген халық үлесі бойынша республикамызды артқа тартып отырған аймақтарда Шығыс Қазақстан облысы: 33, 1%, Ақмола облысы: 35, 7%, Қарағанды облысы: 32, 3%, Солтүстік Қазақстан облысы: 33% жатады [12] .
Еліміздегі халықтың өлу себептеріне тоқтала кететін болсақ, ең негізгі себеп бұл - қан айналымы жүйесінің аурулары екендігін, өкінішке орай, мойындауымызға тура келеді. Мысалы, 2005 жылы жалпы 157 мың адам қайтыс болған болса, оның 81 мыңның (50%-дан астамымыз) өліміне қан айналымы жүйесінің аурулары себеп болған. Екінші орынды алып отырған өлім себебіне - жазатайым оқиғалар мен уланулар, және жарақаттану оқиғалары жататыны белгілі. Осы себептердің салдарынан әрбір 7-ші азамат (өлгендер арасындағы) көз жұматын көрінеді. Тағы бір өкінішті жағдай - бұл елімізде кісі өлтіруден және өзін-өзі өлтіруден болатын өлім саны сезілетін дәрежеде деуге әбден болады. Салыстырмалы түрде алсақ, 2005 жылы жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан болатын әрбір үшінші өлімге кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтіруден болатын бір өлім тұспа-тұс келіп отырған. Оның үстіне кісі өлтіруге қарағанда өзін-өзі өлтіру оқиғалары жиірек кездеседі.
Мысалы, 2005 жылы кісі өлтіруден болатын әр бір он төрт өлімге өзін-өзі өлтіру салдарынан болатын жиырма бес өлім сәйкес келіп отырған.
Бір жасқа дейінге сәбилер өлімі де үлкен көрсеткішке ие болып отыр. Дүниеге келген 1000 сәбидің 16-сы бір жыл ішінде өмір сүруін тоқтататыны статистикалық мәліметтерден баршамызға аян.
Бүгінгі таңдағы халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіші оң бағытта болғанымен, елдің демографиялық болашағы үшін қанатсыз болып тұр. Жалпы, қазірде туу көрсеткіші 1000 адамға шаққан да 18-ден асыңқырап отыр, ал өлім көрсеткіші 10, 4-ке жететіндіктен елдің табиғи өсімі жуық шамамен 1000 адамға шаққанда 8-ден кішкене асыңқырап отыр. Оның өзі, ауыл халқының қала халқына қарағанда белсенділік танытуынан келіп шыққан сан: ауыл халқының табиғи өсімі 9, 1 болса, қала тұрғындарының табиғи өсімі 7, 3-тен аспайды. Мұның себебі - туу коффициентінің төменгі деңгейде қылуы. 2005 жылғы статистикалық мәліметке қарағанда республикамызда репродуктивтік жастағы әрбір әйелге 2, 22 бала сәйкес келген. Дегенмен, әйелдер үшін репродуктивтік жас - 16-49 жастың аралығы болып табылатынын ескерсек, онда олардың жас ерекшеліктеріне байланысты туу көрсеткіштерінің өзгеріп отырғандығы байқалады. Ең жоғары көрсеткіш 20-24 жас аралығындағы әйелдер тиесілі: 2005 жылғы мәлімет бойынша осы жастағы әрбір мың әйелдің 140-ы дүниеге перзент әкелген. Одан кейінгі орында 25-29 жастағы әйелдер орналасқан. Яғни, көріп отырғанымыздай әйелдердің жасы ұлғайған сайын туу көрсеткіші төмендеп отырады.
Жалпы, айтып өткеніміздей елімізде репродкутивтік жастағы әрбір әйелге 2, 22 баладан сәйкес келіп отыр, бьұл, әрине, орта есеп, сондықтан да көп балалы отбасылардың үлесін жеке қарауға болады: статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2005 жылы 76400 әйел үш және одан да көп балалы бар аналар атанған. Немесе, сол жылы дүниеге келген балалардың 27, 4% өз отбасыларындағы үшінші не одан да кейінгі сәби болған екен. Өкінішке орай, дүниеге келген сәбилердің барлығы да заңды әкелеріне ие емес. Мысалы, 2005 жылы 280 мыңға жуық сәби дүниеге келген болса, оның 70 мыңға жуығын тіркелген некеде тұрмаған әйелдер өмірге келтірген, яғни әрбір төртінші сәби әкесіз туылады деген сөз. Бұл, әрине, көңіл қуантатын жағдай емес. Тағы бір ерекшелігі мұнда, яғни тіркелген некеде тұрмаған әйелдердің өмріге сәби әкелуіне ауыл әйелдеріне қарағанда қала әйелдері жылдамырақ көрінеді, мысалы жоғарыда аталған 70 мыңға жуық сәбидің 44 мыңы қала халқысан тиесілі болса, қалған 26 мыңы ауыл халқының үлесіне енеді.
Не болғанда да, қазіргі Қазақстанда демографиялық табиғи өсім байқалады. Бірақ бұл - Қазақстанның барлық аймақтары демографиялық табиғи өсімге бірдей үлес қосып отыр деген сөз емес. Республика бойфнша халықтың табиғи өсімінің көрсеткіштері бізге белгілі, яғни соңғы мәліметтер бойынша, 1000 адамға шаққанда туғандар саны: 18, 42, өлгендер: 10, 37, ал табиғи өсім: 8, 05. Енді республикамыздағы жеке аймақтардың демографиялық жағдайын осы көрсеткіштермен салыстырып көрейік. Туу көрсеткішінен Оңтүстік Қазақстан облысы 26, 5 есебімен бірінші орында келеді, яғни республикалық көрсеткішпен салыстырғанда 8-ге артық. Оның үстіне, тек қана туу көрсеткішінен емес, сонымен қатар өлім коэффициенті бойынша да ең аз мөлшермен, атап айтқанда 1000 адамға 6, 8 өліммен ең алдыңғы орынды иемденіп отыр. Ал, үшінші көрсеткіш, яғни табиғи өсім бойынша да алдыңғы орында ОҚО екендігі айтпасақ та түсінікті болды: 19, 7. Республикалық көрсеткіштен 11, 65-ке артық. Ал, осы үш көрсеткіш бойынша да кісі орынды иемденіп отырған аймақ - Маңғыстау облысы, мұнда туу коэффициенті 1000 адамға шаққан да 26, 3-ке тең болса, өлім коэффициенті 7, 4. Ал, жалпы табиғи өсім көрсеткіші 18, 9 шамасын да. Дегенмен, салыстырмалы түрде алған да, демографиялық жоғары көрсеткіштер осы аталған екі облысты ғана байқалмайды, сонымен қатар тағы төрт облыста демографиялық өсім сезілетін дәрежеде байқалып отыр десек, артық айтқандық болмас. Олар мыналар: Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Атырау облысы және Алматы облысы. Бұл аймақтардағы көрсеткіштер сәйкесінше төмендегідей: Жамбыл облысы 20, 7; 8, 6; 12, 1. Қызылорда облысы 22, 7; 7, 2; 15, 5., Атырау облысы: 21, 8; 8, 5; 13, 3., Алматы облысы: 17, 5; 9, 2; 8, 3.
Жоғарыда аталған алты облыспен салыстырған да жалпы республикалық демографиялық көрсеткішіміздің төмен деңгейде болуына халық санының табиғи өсімі мүлдем байқалмайтын, байқалса да өте аз, баяу жылдамдыөпен жүріп жатқан басқа облыытарымыз себеп болып отыр. Атап айтатын болсақ, Шығыс Қазақстан облысы, Қараған ды облысы, Павлодар облысы, Қостанай облысы, Ақмола облысы табиғи өсімі өте аз, тіпті байқалмайтын аймақтар болып саналады. Ал, Петропавл, яғни Солтүстік Қазақстан облысында демографиялық табиғи өсім мүлдем кері бағытта жылжып, азаю үстінде. Өйткені, онда, мысалы, туу коэффициенті 13, 3 есебімен басымдылық көрсетіп отыр. Жалпы осы аталған аймақтардағы демографиялық фактілерге қарап бірнеше себептер келтіруге болады. Дегенмен, бір қызығы, сол аймақтардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы демографиялық ықпал етпей отырғандығы. Бұған көптеген фактілер дәлел бола алады, мысалы, аймақтар бөлігіндегі халықтың 2006 жылғы наурыздағы ақшалай табыстарына көз жүгіртетін болсақ, жан басына шаққандағы ең төменгі ақшалай орташа табыс Оңтүстік Қазақстан облысына тиісті екен: 8848 теңге, республикалық көрсеткіштің 51, 4%-ы немесе екі есе аз деген сөз. Сол сияқты, Жамбыл облысында да жан басына шаққандағы ақшалай орташа табыс республикалық орташа табыстың небары 54, 1%-ын құрап, 9304 теңгеден аспайды. Алайда, әлеуметтік жағдайы төмен болуына қарамастай бұл екі облыс та демографиялық табиғи өсім жағынан салыстырмалы түрде үлкен нәтижеге ие.
1980 жылы қыркүйек айын да халқымыздың саны қарқынды өсудің нәтижесінде бірінші рет 15 млн. -ға жетті, ал 1989 жылы өткен санақ бойынша ол көрсеткіш 16 млн. -нан да асып жығылған. Тәуелсіздік алған жылдар ел демографиясы үшін кері әсерін тигізіп, 1980 жылы қол жеткізген 15 млн. -нан да азайып кетуінің куәсі болды. Содан, 2004 жылы 28 Мамыр күні екінші рет 15 млн. -ды бағындыруға қол жеткіздік. Сол күні республиканың барлық бұрышында 760 перзент дүниеге келген екен.
Жалпы, Қазақстан Республикасы Канада, Автсралия, Бразилия, Ангола, Монголия секі лді ауықымды территориясы бар, бірақ аз халық өмір сүретін мемлекеттер қатарына жатады. Алайда, ол мемлекеттерден айырмашылығы Қазсқстан өзінің табиғи байлығын игеру үшін болашақта халқының сан жағынан өсуін қажет етеді. Республикамыздың демография және миграция
Некедегі әйелдердің жас ерекшеліктері
бойынша бала тууға деген көзқарасы, %
салаларын да қызмет жасайтын эксперттердің пайымдауынша, ел тұрғындарының саны 2010 жылы 17, 5 млн. -ға, ал 2015 жылы 20 млн. -ға жететін көрінеді. Бірақ та елімізге белгілі, танымал демограф-ғалым М. Б. Тәтімов бұл пікірмен келіспейді, оның сөзіне сенсек, Қазақстан халқы 2015 жылы 20 млн. -ға одан да кешірек қол жеткізетін көрінеміз.
Қазақстан халқының ендігі бір тарихи ерекшелегі - оның өте сирек қоныстануы. Мысалы, ХІХ ғасырдың соңын да әрбір шаршы км-ге 1, 6 адамнан сәйкес келген болса, ХХ ғасырдың 40-жылдары әрбір шаршы км-ге сәйкес келетін адам саны 2, 2-ден аса қоймаған. Ал, қазірде елімізде адамның орналасу тығыздығы небары 5, 53-ті көрсетіп отыр. Көрші елдермен салыстыратын болсақ, олардың барлығынан аз: әрбір шаршы км-ге Ресейде - 8, 4 адам, Қырғызстанда - 25 адам, Өзбексатан да - 57 адам, ал Қытайда - 134 адам сәйкес келеді. Басқа дамыған мемлекеттерде де халықтың орналасуы өте тығыз. Мысалы, Ұлыбританияда - 247 адам, ал Азия мемлекеттері: Жапонияда - 336 адам, Пәкістанда - 173 адам, Индонезияда - 112 адам, турцияда - 88 адам әр бір шаршы км-ге сәйкес келеді. Біздің елімізде ең аз тығыздық мына облыстарға тиесілі: Маңғыстау облысы - 2, 18 адам, Ақтөбе облысы - 2, 26 адам, Қызылорда облысы - 2, 71 адам, Қараған ды облысы - 3, 11 адам, Атырау облысы - 3, 91 адам. Республиканың басқа аумақтарын да да халықтың орналасу тығыздығы әр келкі: Оңтүстік Қазақстан облысын да әрбір шаршы км-ге 18, 7 адамнан сәйкес келсе, Алматы облысынды бұл көрсеткіш жартысына да жетпейді - 7, 1 адам. Басқа аймақтарда бұл көрсеткіш одан да төмен: Жамбыл облысында - 6, 9 адам, Павлодар облысында - 5, 96 адам, Ақмола облысында - 5, 11 адам, Шығыс Қазақстан облысын да - 5, 09 адам, Қостанай облысында - 4, 01 адам.
Урбанизация процесіне байланысты бүгінгі таңда халықтың негізгі бөлігі қала тұрғындарын құрайды: 8615 мың адам, немесе бүкіл ел халқының 57, 1% -ы Қалған %-ы ауыл тұрғын дары болып табылады. Дегенмен, бұл фактілердің 1989 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда айырмашылығы шамалы мөлшерде ғана: 1989 жылы қала халқы - 56, 7%-ды құраған болса, ауыл тұрғындары қалған 43, 3%-ды құраған. Жеке аймақтар бойынша қарайтын болсақ, он да ауыл-қала тұрғындарының саны бойынша кейбір ерекшеліктер байқалады: Мысалы, Қараған ды облысы урбанизация процесі жөнінен бірінші орында, мұнда халықтың 84%-ы қала тұрғындары, ал қалған 16%-ы ғана ауылды жерлерде қоныстанған. Сол сияқты Маңғыстау облысында да бүкіл тұрғындардың 76%-ы қалалы жерлерді мекен дейді, ал Павлодар облысында 65, 5% халық қала тұрғындары екен. Сондай-ақ, қала жағынан басым болып келген аймақтар да жоқ емес. Мысалы, Алматы қаласын қоспағанда Алматы облысындағы бүкіл елдің 70, 2% ауылда тұрады, сол сияқты Солтүстік Қазақстан облысында 65, 8% халық ауылды мекен еткен. Оңтүстік Қазақстан облысын да бүкіл халқының 60%-ы алтын бесік ауылда қоныстанған. Сол сияқты Батыс Қазақстан облысында - 56, 7%, Жам был облысында - 55% және Ақмола облысында (Астана қаласын қоспағанда) - 53% халық ауыл тұрғындары болып табылады [12, б. 18-22] .
Жалпы, республика бойынша Сотүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан олыстарында халық санының азаюы, негізінен, ауыл тұрғындарына байланысты болып отыр. Мысалы, Қарағанды облысында 1999 жылдан бері ауыл тұрғын дарының саны 15%-ға төмендеген. Шығыс Қазақстан облысында ауыл халы 7%-ға азайса, Солтүстіктегі төрт облыста ауыл халқы 11, 1%-ға кеміп кеткен. Оған қарсы бағыттағы өзгерістер оңтүстік өңір мен Атырау облысында байқалады: әсіресе, Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл тұрғындары соңғы 8 жылда 9%-ға өскен, ал Қызылорла облысының ауыл халқы 5, 6%-ға артқан көрінеді. Атырау облысы 8%-ға осы көрсеткіш бойынша жоғарылаған. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Алматы және Жамбыл облыстарында ауыл халқының өсуі басталып кеткен. Бұл фактілерден осы аталған аймақтар да урбанизация процесі жүрмей жатыр деген пікірге баруға асықпаған жөн. Өйткені, мұнда ауыл халқы негізінен иммигранттар есебінен, яғни оралман қазақтардың арқасында артып отыр.
Ауыл халқының жартысына жуығы (49, 9%) немесе 3, 2 млн. бүгінде оңтүстік аймақта өмір сүреді. Оның ішінде 1350 мың (21%) адам - Оңтүстік Қазақстан облысын да, 1115 мың (17%) - Алматы облысында өмір сүруде.
2 Халқымыздың репродуктивтік мінез-құлқының өзгеруі және оның әлеуметтік-психологиялық себептері
Қазіргі қоғамда халықтың туу деңгейі және оның өзгерісі бірнеше факторларға, атап айтқанда саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, биологиялық және басқа факторларға тығыз байланысты. Отбасындағы бала саны, бір қарағанда, сол отбасының материалдық жағдайына тәуелді болып көрінуі мүмкін. Бірақ олай емес, қазіргі таңда отбасындағы балалар саны қоғамдағы белгілі бір мәдени құндылықтарға, қоғамдық пікірге қарай анықталатын болды [13] .
Проблеманы әлеуметтік-демографиялық аспектіде алып қарайтын болсақ, онда кейбір мемлекеттерде бұл мәселе бүкіл халық санының шамадан тыс артуына кеп тірелсе, ендігі бір мемлекеттерде, дәлірек айтақнда экономика жағынан едәуір дамыған алдыңғы қатарлы кейбір елдерде халықтың туу деңгейінің күрт төмендеп, бүкіл халықтың сан жағынан бір деңгейден аспауы, тіпті депопуляцияның орнығу қаупіне кеп тіреліп отыр.
Тұтастай алғанда, туу деңгейінің төмендеуі барлық мемлекеттерде жалпы бір мінезге ие болып отырғаны белгілі. Атап айтқанда индустриялизация және урбанизация процесі, аграрлық, топтық-отбасылық шаруашылық түрден индустриялды, индивидуалды түрге көшу процестері барлық мемлекеттерде туу көрсеткіштерінің төмендеуіне алып кеп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz