Тентек өзені алабының гидрографиялық жағдайы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Тентек өзені алабының физикалық.географиялық жағдайы ... ... ... .
1.1 Алаптың географиялық орны және жер бедері сипаттары ... ... ... ...
1.2 Алаптың климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.1 Атмосфералық циркуляция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.2 Ауа температурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.3 Жауын.шашын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.4 Қар жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Топырақ жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Өсімдік жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5 Гидрография ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Тентек алабының гидрологиялық зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Алаптағы су пайдаланудың жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4 Тентек өзенінің су ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.1 Қалыпты және түрлі қаматмасыздықты ағынды шамаларын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.2 Картаны ГАЖ бағдарламасында құрастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.3 Өзен алабы картасын құрастыру принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жұмыстың зерттеу нысаны ретінде алынған Тентек өзені – Алакөл алабындағы сулылығы жағынан ең ірі өзен. Шаруашылықтағы ролімен қатар, өзен Сасықкөл және оның айналасындағы көлдердің экожүйелік теңдестігін сақтаушы компоненттердің негізгісі.
Бүгінгі күні, Тентек өзенінің атырауы Алакөл ойпатындағы көлдермен қатар әлемдік аса маңызды сулы-батпақты жерлерді сақтауға бағытталған БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) бағдарламасында ескерілген. Тентек өзені атырауындағы ну қамыстар мен тоғайларда қабан, түлкі, қамыс мысығы т.б. саны аз қалған аңдар, үйрек, қаз, қу және т.б. құстардың бірнеше түрлері кездеседі. Осы ерекше бір ландшафттық жүйенің қалыптасуы мен даму жолдары және оны сақтап қалу тікелей өзен ағындысының шамасымен сапасына, режиміне байланысты.
Аталған жұмыстың негізгі мақсаты
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер орындалды:
-Тентек өзені алабының физикалық-географиялық, гидрологиялық тұрғыдан зерттелу деңгейлері қарастырылды;
-айтылған алап өзендерінің жылдық ағындылары жайлы көпжылдық деректер жиналды;
-алаптағы су пайдалану жайлы деректер жиналып, талданды;
-жиналған деректер нәтижесінде карта жасалынды.
1. Ресурсы повехностных вод СССР. Центральный и Южный Казахстан. Бассейн оз. Балхаш. Т. 13, вып.2 – Л.: Гидрометеоиздат, 1970. – С. 643.
2. Гидрологические ежегодникики. Т.5, вып. 5-8. – Л.: Гидрометеоиздат, 1930-1987.
3. Основные гидрологические характеристики. Т. 13, вып.2 – Л.: Гидрометеоиздат.
4. А. В. Попов. Географическое положение и строение поверхности Алакольской впадины. Вопросы географии Казастана. Сб. научн. тр., вып.12 – Алма-Ата:Наука, 1965. – С. 3-25.
5. Т.М. Трифонова. Климатическая характеристика Алакольской впадины. Вопросы географии Казастана. Сб. научн. тр., вып.12 – Алма-Ата:Наука, 1965. – С. 26-38.
6. П.И. Шлеймович. Почвенный покров Алакольской впадины. Вопросы географии Казастана. Сб. научн. тр., вып.12 – Алма-Ата:Наука, 1965. – С. 62-68.
7. О.М. Насонова. Растительность Алакольской впадины. Вопросы географии Казастана. Сб. научн. тр., вып.12 – Алма-Ата:Наука, 1965. – С. 69-78.
8. В.М. Болдырев. Режим рек и временных водотоков Алакольской впадины. Вопросы географии Казастана. Сб. научн. тр., вып.12 – Алма-Ата:Наука, 1965. – С. 52-61.
9. Отчеты о деятельности Балхаш-Алакольского бассейнового водохозяйственного управления за 1996-2001 гг. – Алматы.
10. Отчет о НИР ИГ МОН РК. Изучить динамику изменения ресурсов поверхностных вод с учетом антропогенных и климатических факторов как основы гидроэкологической безопасности Республики Казахстан. Часть 1.- Алматы, 2004.- С.124.
11. П.А. Черкасов. Расчет составляющих водно-ледникового баланса внутриконтинентальной ледниковой ситемы. Алматы, 2004.- С. 334.
12. И.Ф. Горошков. Гидрологические расчеты. - Л: Гидрометеоиздат, 1979. – С. 435.
13. Берлянт А.М. Картография. -М.: Мысль, 2002 г. С. 175-180
14. Салищев К.А. Картография. Учебник для университетов. – М.: Высшая школа, 1982. – С. 191-193
15. Ю.С.Билич, А.С.Васмут. Проектирование и состовление карт. – М.: Недра, 1984. – 364 с.
16. Сладкопевцев С.А. Изучение и картографирование рельефа с использованием аэрокосмических информации. Москва. Недра. 1982.
17. Флоринский И.В. Международный опыт использования цифровых моделей рельефа при автоматизировании анализа данных дистанционного зондирования. //Геодезия и картография . 1995. №12. С.45-51.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ГЕОМОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

ТЕНТЕК ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ГИДРОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

Орындаған:
Теликбаев М.
Картография мамандығының
3 курс студенті

Ғылыми жетекшісі:
Алиасқаров Ғ.
аға оқытушы

Алматы, 2009

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Тентек өзені алабының физикалық-географиялық
жағдайы ... ... ... .
1.1 Алаптың географиялық орны және жер бедері
сипаттары ... ... ... ...
1.2 Алаптың климаттық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
1.2.1Атмосфералық
циркуляция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..
1.2.2Ауа
температурасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.3Жауын-шашын ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
1.2.4Қар
жамылғысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Топырақ
жамылғысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
1.4 Өсімдік
жамылғысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
1.5 Гидрография ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
2 Тентек алабының гидрологиялық
зерттелуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
3 Алаптағы су пайдаланудың
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4 Тентек өзенінің су
ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .
4.1 Қалыпты және түрлі қаматмасыздықты ағынды шамаларын
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
4.2 Картаны ГАЖ бағдарламасында
құрастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
4.3 Өзен алабы картасын құрастыру
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жұмыстың зерттеу нысаны ретінде алынған Тентек өзені – Алакөл алабындағы
сулылығы жағынан ең ірі өзен. Шаруашылықтағы ролімен қатар, өзен Сасықкөл
және оның айналасындағы көлдердің экожүйелік теңдестігін сақтаушы
компоненттердің негізгісі.
Бүгінгі күні, Тентек өзенінің атырауы Алакөл ойпатындағы көлдермен қатар
әлемдік аса маңызды сулы-батпақты жерлерді сақтауға бағытталған БҰҰ
(Біріккен Ұлттар Ұйымы) бағдарламасында ескерілген. Тентек өзені
атырауындағы ну қамыстар мен тоғайларда қабан, түлкі, қамыс мысығы т.б.
саны аз қалған аңдар, үйрек, қаз, қу және т.б. құстардың бірнеше түрлері
кездеседі. Осы ерекше бір ландшафттық жүйенің қалыптасуы мен даму жолдары
және оны сақтап қалу тікелей өзен ағындысының шамасымен сапасына, режиміне
байланысты.
Аталған жұмыстың негізгі мақсаты

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер орындалды:
-Тентек өзені алабының физикалық-географиялық, гидрологиялық тұрғыдан
зерттелу деңгейлері қарастырылды;
-айтылған алап өзендерінің жылдық ағындылары жайлы көпжылдық деректер
жиналды;
-алаптағы су пайдалану жайлы деректер жиналып, талданды;
-жиналған деректер нәтижесінде карта жасалынды.

1 Тентек өзені алабының физикалық-географиялық жағдайы

1.1 Алаптың географиялық орны және жер бедері сипаттары

Зерттеліп отырған өзен Алматы облысының Алакөл ауданы территориясында
орналасқан. Өзен алабы, оңтүстігінде Жоңғар Алатауының сілемдерімен,
батысында Лепсі өзенінің, шығысында Жаманты өзенінің алабымен шектеседі.
Жоңғар Алатауының солтүстік-шығыс бөлігіндегі биік шыңдарда жатқан
мұздықтардан бастау алатын өзеннің алабы таудан шөлге дейінгі аралықтағы
барлық географиялық белдемдерді қамтиды [1,2].
Тентек өзені алабының қазіргі заманғы жер бедері құрылысында келесі жер
бедері түрлерін бөліп қарастыруға болады:
- эрозиялық-денудациялық таулар – Жоңғар Алатауы жоталары;
- Жоңғар Алатауының аллювиалды-пролювиалды тауалды жазықтары;
- аллювиал жазықтар;
- ұсақ шоқылар және аласа таулар;
- құмдар.
Алаптағы эрозиялық-денудациялық таулар – Жоңғар Алатауының жоталары –
негізінен палеозойдың тығыз тау жыныстарынан құралған. Жоңғар Алатауы мұнда
алаптың оңтүстігінде, тауаралық ойпаттармен бөлінген, ендік бойымен созылып
жатқан жоталар жүйесінен тұрады.
Тауаралық ойпаттардың ішінде ең ірісі Колпаков ойпаты солтүстігінде
Шыбынды-Бұламбай-Қайқан тауларына, оңтүстігінде – биіктаулы Күнгей
жоталарына тіреліп жатыр. Ойпат шығыстан батысқа, Алакөл ойпатынан Шынжылы
өзеніне дейін 200 км-ге созылып жатыр. Ойпат түбінің ені 5-тен 15 км-ге
дейін өзгереді.
Ойпат бірнеше өзен жүйелерінің аңғарларымен тілімденген. Батыс
бөлігінінен бастау алатын Шынжылы өзенінің салалары кең аңғарлы, бірақ жер
бедеріне аса терең енбеген. Ойпаттың орталық бөлігінен өтетін Тентек
өзенінің салалары аңғарларының тереңдгі кей жерлерде 200 м-ге дейін жетеді.
Шығысында ойпат Жаманты өзенінің алабы аумағына кіреді.
Колпаков ойпатының абсолют биіктігі, Жаманты және Тентек өзендерінің
аралық суайрығынан (1200 м) батысқа қарай төмендеп (1000 м) Жоңғар
Алатауының солтүстік сілемдеріне ұласады.
Жоңғар Алатауының солтүстік-шығыс жоталарының тауалды жазығының батыс
бөлігі (45-тен 55 км-ге дейін) Тентек өзені алабына кіреді. Жазықтың ені
Тентек өзенінің шығарынды конусы тұсында 25 км-ге дейін жетеді. Бұл
жазықтар Шынжылы, Тентек, Жаманты және т.б. ағынсулардың континентал
атыраулары әсерінен қалыптасқан. Өзендердің еңістіктері бұл
аумақтарда 6° -қа дейін жетеді. Жер бедері таяз сайлармен және қазіргі
заманғы ағынсулар аңғарларымен тілімделген.
Аллювиал жазықтар Тентек өзенінің төменгі ағысындағы сол жақ жағалауды
алып жатыр. Алаптың батысында жатқан Тасқарақұм, Сарықұм құм массвтерінен
Тентек өзені аңғарына дейін созылатын аллювиал жазықтардың ені 10 км-ден 40
км-ге дейін өзгереді.
Жазықтың жер беті саз, саздақ, құмдардан, кей бөліктерінде тасшақпал-
малтатастардан құралған. Жер бедері тегіс, жайпақ төбелі. Кей жерлерде
мезгілдік ағынсулардың таяз әрі тар аңғарлары кездеседі.
Тентек өзенінің төменгі ағысындағы оң жақ жағалауы көлдік аллювиал
жазықтарға кіреді. Жер беті құрылымы негізінен көлдік және өзендік
ұсақтүйіршікті шаңдақтардан және сазды құмдардан тұрады. Әрбір жердегі
жеке төбешіктер мен ойыстар болмаса, жалпы жер бедері бір қалыпты тегіс.
Жазықтың әжептеуір бөлігі батпақтанған [1,2,3,4].
Ұсақ шоқылар және аласа таулар негізінен алаптың батыс суайрығын құрайды.
Арғанаты-Арқарлы таулары Лепсі және Тентек өзендері арасындағы ағынсыз
ауданда орналасқан. Жоңғар жарылымы бойында көтерілген Сайқан таулары,
Бала Сайқан, Үлкен Сайқан, Ірге Сайқан болып үшке бөлінеді. Олар Арқарлы
тауларымен Жоңғар Алатауының ортасында орналасқан.
Тентектің ірі саласы Шынжылы өзені алабының сол жақ суайрығы сол
таулармен өтеді. Үлкен Сайқанда 884 м-ге дейін көтерілетін аз тілімделген
жайпақ төбелі эрозиялық-денудациялық жер бедері, Бала Сайқанда 618 м-ге
дейін, ал ірге Сайқанда 689 м-ге дейін төмендеп, батысында айналасындағы
жазықтардың төрттік бос шөгінділерінің астына қарай төмендеп кетеді.
Құмдар Арқарлы таулары мен Сасықкөлдің арасында солтүстік-батыстан
оңтүстік-шығысқа қарай қатарынан созылып жатыр. Бұлар Қарақұм, Тасқарақұм
және Сарықұм құм массивтері. Олардың абсолют биіктіктері батыс бөліктерінде
айналасындағы ортадан 20-м-ге дейін, орталық бөліктерінде 50-м-ге дейін
биік. Құм массивтері орта және ұсақ түйіршікті құмдардан тұрады, ал кей
жерлерде оған малтатастар араласқан.
Құмдардағы өсімдік жамылғысы мал жайылымы ретінде жүйесіз
пайдаланғандықтан кей жерлерде жойылып кеткен. Соған қарамай бұл құмдар
малға қыстау ретінде бағасы зор [4].

1.2 Алаптың климаттық жағдайы

Қарастырылып отырған аудан Евразия материгінің терең ішінде
орналасқандықтан, климаты жалпы күрт өзгермелі әрі құрғақ.
Ауданда күннің ұзақтығы шамамен жылына 2600-ден 2800 сағатқа дейін
өзгереді. Күннің максимум ұзақтығы маусым, кейде шілде айларында байқалады.

Жаз айларындағы күн жарығының ұзақтығы бар мүмкіндіктің 70-тен 85
пайызға дейінгі шамасын құрайды. Таулардың әсерінен, бұл шама жазыққа
қарағанда таулы аудандарда кемірек.
Жаз кезінде бұлттар сирек, негізінен күндер ашық келеді. Ал қыс
мезгілінде, керісінше ашық күндер аз кездеседі.

1.2.1 Атмосфералық циркуляция

Атмосфера циркуляциясы бұл аймақта қыс мезгілінде негізінен Орталық
Қазақстан арқылы шығыстан батысқа қарай бағытталған сібір максимумының
әрекетімен, жазда – ортаазиялық депрессияның және азор максимумының
әрекетімен анықталады. Яғни, мұнда қыста да жазда да солтүстік-шығыс
желдері басым.
Бірақ, бұл ауданда орналасқан тау жүйелері осы айтылған жалпы
циркуляциялық режимге біршама өзгерістер енгізеді. Жылдың суық мезгілінде
бұл аймақ сібір максимумынң қалыптасуына байланысты, антициклондық өріс
аймағына кіреді. Бұл жағдай, қыс мезгілінде ауа массаларының суып, ауа
температурасының қатты төмендеуіне соқтырады. Қыс мезгіліндегі
қысқамерзімдік жылымықтар Орта Азия территориясынан келетін жылы ауа
массаларымен байланысты.
Көктемде циркуляция күшейіп, Сібір максимумы сілемдерінің бұзылып
шегінуіне алып келеді. Күн жылуымен оңтүстіктен жылы ауа массалары
солтүстік ендіктерге тереңдеп ене бастайды.
Көктемде, топырақпен қоса ауада ылғалы мол болғандықтан, температурасы 0-
ден төмен суық ауа массаларының өзі мұнда жауын-шашын қалыптастырады.
Жазғы мезгілде орта Азиядан тропиктік ауа массалары еніп жергілікті
радиациялық режимге әсер етеді. Осыған байланысты бұл мезгілде бұлтсыз,
жауын-шашынсыз ашық күндер орнап, желдердің әрекеті де әлсірейді.
Күзгі циркуляциялық процестер, жалпы, көктемгіге ұқсас. Бұл мезгілде
атмосфералық шептердің өтуі жиіленіп, арктикалық ауа массалары көптеп ене
бастайды, күн жылуы да азая түседі.
Жоңғар Алатауы жоталары жүйелері жалпы атмосфералық циркуляцияға қатты
әсер етеді. Тау массивтері, мұнда жергілікті ерекше циркуляциялық
жағдайларды ( тау-аңғарлық цируляция, тау асулары желдері, фен желдері және
т.б.) қалыптастырады.

1.2.2 Ауа температурасы.

Зерттеліп отырған ауданның жазық бөліктерде климат күрт өзгермелі: қары
аз ұзақ қыстарда ауа температурасы „минус” 500 С шамасына дейін төмендесе,
жазғы құрғақ кезең температурасы „плюс” 400 С шамасына дейін көтеріледі.
Тауалды және таулы аудандардың температуралық режимі айналадағы
жазықтардан өзгеше. Тауалды аумақтарында қысқы мезгілдің температуралық
режимі, таудан келетін суық әрі ауыр ауа массаларының гравитациялық
ағынына байланысты қалыптасатын орографиялық инверсиялармен сипатталады.
Тау жоталарының биіктігі және орналасу ерекшеліктері, тілмділігі,
аңғарларының тереңдігі мен кеңдігі және т.б. факторлар мұнда саналуан
климаттардың қалыптасуына себеп болады.
Көлдердің температуралық режимге әсері негізінен жылдың жылы мезгілінде
бриздық әрекеттермен шектеледі.
Тентек өзені алабының орналасуына байланысты ауа температурасы алап
бойымен қатты өзгереді. Төменде, кесте 1-де зерттеліп отырған алапта
(Үшарал, Осиновка) және жақын орналасқан (Лепсинск) метеорологиялық
бекеттерде бақыланған ауа температурасының көпжылдық орташа шамалары
келтірілген [1,5].

Кесте 1 – Көпжылдық орташа айлық және жылдық ауа температурасы, 0С [1,5].

станция I II
ашылуы жабылуы
Тентек Төңкеріс а. 1915 істейді
Орта Тентек Успеновка а. 25.VI.1953 17.II. 1965
Тентек Герасимовка а. 30.VII.1955 1.I.1990
Көкиірімсай Көкиірім а. 1.XI. 1960 1.VIII.1963
Тентек Шынжылы өзені құйылысынан23.II.1961 31.VIII.1964
3 км төменде 1.I. 1968 1.I.1972
Шынжылы Николаевка а. 23.VI.1962 1.I.1996
Чистый (Ақбұлақ) Осиновка а. 25.VII.1964 1.I.1967
Мутный (Лайбұлақ)Осиновка а. 27.VII.1964 1.I.1967

Алакөл алабын игеру және шаруашылықтың, оның ішінде, бірінші болып, балық
өнеркәсібінің сұраныстары өтеу, сонымен бірге, „Ресурсы поверхностных вод”
анықтамасын дайындау мақсатында 1960-1964 жж. Алматы ГМО-ның (
Гидрометеорологиялық обсерватория) Алакөл экспедициясы кешенді
гидрологиялық зерттеулер жүргізді. Бірінші рет алап өзендерінің
гидрологиялық режимі жан-жақты зерттеліп, көптеген шаруашылық шаралардың
іске асуына ғылыми-практикалық дәйектелген негіз болды. Осы зерттеулер,
алапта жүргізілген көптеген шаруашылық шараларының негізі болғаны анық.
Зерттеулердің нәтижелері „Ресурсы повехностных вод” анықтамалық
монографиясында толық берілген.
Айтылған, бекеттердің көбі тек экспедициялық деңгейде болғанымен,
алаптың гидрологиялық тұрғыдан зерттелуіне қосқан үлесі бағасыз. Алаптағы
гидрологиялық бекеттер жүйелері сурет 1-де көрсетілген [10].
Ескерте кетсек, кестеде келтірілген бақылау бекеттерінің барлығы
Қазгидромет РМК-ның иелігінде болды.

(- жұмыс істеп тұрған гидрологиялық бекеттер
(- жабылған гидрологиялық бекеттер

Сурет 1 – Тентек өзені алабының гидрографиялық сұлбасы
30-шы жылдары Алакөл ойпаты алабында суармалы егіншіліктің дамуына
байланысты Қазақ ССР-нің мелиорация және су шаруашылығы Министрлігі
көптеген бақылау бекеттерін ашқан. Бірақ, Тентек алабында олардың бақылау
бекеттері, тек сутарту каналдарында болды.
Алакөл алабындағы ең суы мол, әрі ойпат көлдерінің қалыптылығында үлкен
үлесі бар Тентек өзенінің жылдық ағынды режимі түпкілікті зерттелген деп
айта алмаймыз. Жоғарыда келтірілген еңбектерде негізінен 70-ші жылдарға
дейінгі мәліметтер пайдаланылғанын ескере кеткеніміз жөн, бірақ соған
қарамай берілген бағалаулардың маңызы өте үлкен, әрі бұл аймақта кейінгі
жылдары гидрологиялық бақылау жүйелерінің күйі қатты өзгеріске ұшыраған
жоқ.
Жалпы, бұл аймақ өзендерінің ағындысы және олардың көпжылдық өзгерімдері,
жылдық үлестірімі жайлы жалпыланған анықтамалық дәрежедегі деректер
„Ресурсы поверхностных вод” монографиясында келтірілген. Сонымен қатар,
Тентек өзенінің ағынды режиміне байланысты В.М. Болдыревтың еңбектерін
атап өтуге болады.

3. Алаптағы су пайдаланудың жағдайы

Жоғарыда айтып өткеіміздей 30-шы жылдардан бастап, Алакөл алабында кең
дамыған суармалы егіншіліктің Тентек өзенінің алабына да қатысты. Алғашқы
сутару каналдары 1937 жылы іске қосылды. Олар, Тентек өзенінің Үшарал
қаласы тұсынан -9 км оңтүстік-шығыстағы Алакөлбойы каналы және -12 км
оңтүстік-шығыстағы Есерген (жаңа арық) каналдары (кесте 4).

Кесте 4 – Тентек өзені алабындағы су тарту каналдары [10,11].

Сутарту каналдары Су тартылған өзен Құйылысына дейінгі қашықтық, км
Іске қосылған жыл Бақыланған жылдар Жаңа (Есерген) р.Тентек
(оң) 67,0 1937 1942,
1945-1952,
1954-70 Алакөлбойы р.Тентек (оң) 64,0 1920 -
Николаевка р.Шынжылы (оң) 74,0 - - Андреевская А
р.Шынжылы (оң) 71,0 - - Андреевская Б р.Шынжылы (оң)
70,0 - - Андреевская В р.Шынжылы (оң) 68,0 - -
Андреевская Е р.Шынжылы (оң) 66,0 - - Кызылжар
р.Шынжылы (оң) 56,0 - - Мат р.Шынжылы (оң) 17,0 - -
Уоқас р.Шынжылы (сол) 15,0 - -
1975 жылы Тентек өзенінің таудан шығар тұсында сутарту имараты салынған.
Ол имарат арқылы оң және сол жағалық ірі каналдарға су бөлінеді. Аталған
сутарту имараттары мен каналдарының техникалық жағдайы бүгінгі күні өте
нашар, каналдардың кейбір учаскелерінде су пайдаланушыға жетпей өзенге
қайта құйылып жатады, әрі каналдармен тасымалдау кезінде шығындалатын су
мөлшері де жоғары, 90-жылдарда 24 пайыздан 2003 жылы 38 ден 41 пайызға
дейін жеткен. Тиімділік коэффициенті 0,4-тен 0,5-ке дейінгі аралықта. Тағы
бір ескеретін жай, 1996 жылдан бастап өзеннен сутарту мөлшері төмендей
бастаған. Тентек өзенінің шаруашылықта да маңызы үлкен. Молсулы, сапасы
жоғары, әрі көпжылдық және жылдық ағынды өзгерімі салыстырмалы түрде төмен
Тентек өзені шаруашылықта пайдалануға аса қолайлы. Атап айтсақ, Тентек
өзені алабында жалпы саны 24 сутарту каналдары бар (кесте 4).
1993 жылдан 2003 жылдарға дейінгі аралықта өзендерден алынған сулардың
орасан бөлігі (99,3 %) ауылшаруашылығының үлесінде болса, 0,4 пайызға жуығы
комуналдық шаруашылықтың, 0,3 пайызы өнеркәсітің үлесінде [10].
Олардың 13-і –Тентек өзенінің Төңкеріс селосы тұсынан атырауына дейінгі
аралықта болса, 11-і Шынжылы өзенінің Николаевка селосы тұсынан Тентекке
құяр тұсына дейінгі аралықта орналасқан.

4.КАРТАНЫ ГАЖ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚҰРАСТЫРУ
(ARCGIS программасында)

ГАЖ-жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер
теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан
жерінде пайда болды. ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік-
уақыттағы ақпараттар ағыны табылады. ГАЖ-дың зерттеу әдісі ретінде
кеңістік-уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады.
ГАЖ дегеніміз – табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді,
олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы
тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде
компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым.
Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты орнын алуда. Оны
географиялық зерттеулерді информатизациялаудың мақсаты мен міндеттерінен
көруге болады. ГАЖ-дың маңызды міндеттерінің бірі-географиялық
ақпараттардың синтезі мен талдауының көптеген варианттарының орындалуына
көмектесетін алгоритмдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның өзен алаптары
Алакөлдің көпжылдық су деңгейі режимі
Балқаш көлі алабының құрылымы
Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Балқашта балық шаруашылығы ғыл
Геологиялық карталарды құруда компьютерлік технологияларды қолдану
Ертіс атауының этимологиясы
Балқаш аңызы және атауы
Шарын өзенінің су ресурстарын бағалау
Торғай өзені алабы
Пәндер