Инфляцияның мәнi, түрлері және пайда болу себептерi



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 бөлiм. Инфляцияның мәнi, түрлері және пайда болу себептерi ... ... ..5
1.1. Инфляцияның мәнi және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Инфляцияның пайда болу себептерi және оның балама
қайнар көздерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Инфляцияның түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

2 бөлiм. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк.экономикалық
жағдайына инфляцияның әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1. Инфляцияның алдын алу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Инфляцияны реттеудегі Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3. Нарық жағдайындағы Қазақстанның инфляциялық процестің
қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Қазақстанның нарықтық даму жолына өту барысында, Республика бұрыңғы КСРО-ның жасырып келген көптеген экономикалық проблемаларымен кездеседi. Осы кезде мемелекет алдыңда тұрған ең басты мәселелердiң бiрi бұл тұрақты ақша жүйесiн құру болды, өйткенi оптимальды ақша массасының айналымы мен қаржы-несие институттарының жұмысынсыз экономиканы дамыту мүмкiн емес едi. Ақша жүйесiнiң тұрақтылығы ең алдымен инфляция деңгейiне және мемлекеттiң жүргiзiп отырған ақша-несие саясатына байланысты. Инфляция экономикалық құбылыс ретiнде барлық мемлекеттерде байқалады және оған мемлекет тарапынан үздiксiз қадағалау мен реттеу жүргiзiп отыру қажет.
Инфляция дүние жүзiндегi көптеген елдердiң экономикалық және әлеуметтiк өмiрiндегi ең бiр өткiр проблемаларының бiрi. Бұл проблема бұрыңғы КСРО құрамындағы мемлекеттердiң барлығын қамтып өттi.
Инфляция тауар бағаларының өсуiнен көрiнгенмен, ол тек ақшаға ғана тән « ғажайыпң құбылыс емес. Ол күрделi әлеуметтiк-экономикалық құбылыс, оны тудырушы шаруашылықтың түрлi салаларындағы ұдайы өндiрiс сәйкестiлiгiнiң бұзылуы.
Жоғарыдағы айтылғандарды ескерiп, инфляция дейтiн экономикалық құбылысты зерттеу өте актуальды болып табылады.
Менiң осы тақырыпты таңдап алуымның басты себебi- инфляцияның экономикалық құбылыс ретiнде экономиканың барлық салаларына (өндiрiске, қаржы-несие жүйесiне, әлеуметтiк-экономикалық салаға және тағы басқаға) әсер етуi.
Осы курстық жұмыстың негiзгi мақсаты- инфляцияны қазiргi экономикалық жүйенiң айрылмас құбылысы ретiнде терең зерттеу. Курстық жұмыста мен мынандай негiзгi мәселелерге көңiл бөлем:
1) инфляцияның мәнiн ашу, оның түрлерiн анықтау және пайда болу себептерiн танып бiлу.
2) инфляциның әлеуметтiк-экономикалық зардаптары мен антиинфляциялық күрестiң қазiргi кездегi әдiстерiн зерттеу.
3) Қазақстандағы инфляциялық процестiң дамуы мен оған қарсы мемлекеттiң жүргiзiп отырған саясаты туралы сөз болады.
1. Б. Көшенова "Ақша, несие, банктер, валюталық қатынастар", Алматы 2000 ж.
2. Я. Әубәкіров "Экономикалық теория негіздері", Алматы 1998ж.
3. Ғ.С. Сейітқасымов "Ақша, несие, банктер", Алматы 2001 ж.
4. М.С. Саниев "Ақша, несие, банктер ", Алматы 2001 ж.
5. К.Р. Макконнелл "Экономикс", Таллинн 1993 ж.
6. С.Б. Мақыш "Ақша айналымы және несие", Алматы 2008ж.
7. В. Крымова «Экономическая теория». Алматы 2007
8. Экономикалық саясат. Алматы 2006
9. Ә. Алдаберген «Қыркүйек инфляция қарқын алған ай болдың мақала, Егеменді Қазақстан газеті, 2008 жыл, 19 қазан
10. А.И. Мулюкова «Қазіргі Қазақстандағы инфляциялық процестердің көздерің мақала, Ұлттық банк. Экономикалық шолу, 2008 жыл №1
11. Г. Айманбетова «Инфляциялық таргеттеу: өтпелі кезеңнің проблемалары және жүзеге асыру перспективаларың мақала, Егеменді Қазақстан газеті, 2008 жыл, 19 мамыр.
12. «Панорама» 18 ақпан 2009 ж. № 6 (623) 2 бет
13. «Панорама» 11 наурыз 2009 ж. № 9, 2 бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 бөлiм. Инфляцияның мәнi, түрлері және пайда болу себептерi ... ... ..5
1. Инфляцияның мәнi және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Инфляцияның пайда болу себептерi және оның балама
қайнар
көздерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .8
3. Инфляцияның
түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...13

2 бөлiм. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
жағдайына инфляцияның
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 16
2.1. Инфляцияның алдын алу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Инфляцияны реттеудегі Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3. Нарық жағдайындағы Қазақстанның инфляциялық процестің
қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

Кiрiспе

Қазақстанның нарықтық даму жолына өту барысында, Республика бұрыңғы
КСРО-ның жасырып келген көптеген экономикалық проблемаларымен кездеседi.
Осы кезде мемелекет алдыңда тұрған ең басты мәселелердiң бiрi бұл тұрақты
ақша жүйесiн құру болды, өйткенi оптимальды ақша массасының айналымы мен
қаржы-несие институттарының жұмысынсыз экономиканы дамыту мүмкiн емес едi.
Ақша жүйесiнiң тұрақтылығы ең алдымен инфляция деңгейiне және мемлекеттiң
жүргiзiп отырған ақша-несие саясатына байланысты. Инфляция экономикалық
құбылыс ретiнде барлық мемлекеттерде байқалады және оған мемлекет тарапынан
үздiксiз қадағалау мен реттеу жүргiзiп отыру қажет.
Инфляция дүние жүзiндегi көптеген елдердiң экономикалық және әлеуметтiк
өмiрiндегi ең бiр өткiр проблемаларының бiрi. Бұл проблема бұрыңғы КСРО
құрамындағы мемлекеттердiң барлығын қамтып өттi.
Инфляция тауар бағаларының өсуiнен көрiнгенмен, ол тек ақшаға ғана тән
ғажайыпң құбылыс емес. Ол күрделi әлеуметтiк-экономикалық құбылыс, оны
тудырушы шаруашылықтың түрлi салаларындағы ұдайы өндiрiс сәйкестiлiгiнiң
бұзылуы.
Жоғарыдағы айтылғандарды ескерiп, инфляция дейтiн экономикалық
құбылысты зерттеу өте актуальды болып табылады.
Менiң осы тақырыпты таңдап алуымның басты себебi- инфляцияның
экономикалық құбылыс ретiнде экономиканың барлық салаларына (өндiрiске,
қаржы-несие жүйесiне, әлеуметтiк-экономикалық салаға және тағы басқаға)
әсер етуi.
Осы курстық жұмыстың негiзгi мақсаты- инфляцияны қазiргi экономикалық
жүйенiң айрылмас құбылысы ретiнде терең зерттеу. Курстық жұмыста мен
мынандай негiзгi мәселелерге көңiл бөлем:
1) инфляцияның мәнiн ашу, оның түрлерiн анықтау және пайда болу
себептерiн танып бiлу.
2) инфляциның әлеуметтiк-экономикалық зардаптары мен антиинфляциялық
күрестiң қазiргi кездегi әдiстерiн зерттеу.
3) Қазақстандағы инфляциялық процестiң дамуы мен оған қарсы мемлекеттiң
жүргiзiп отырған саясаты туралы сөз болады.

1 бөлiм. Инфляцияның мәнi, түрлері және пайда болу себептерi

1. Инфляцияның мәнi және мазмұны

Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция ұзақ уақыт өмiр сүруде. Оның
пайда болуы ақшаның шығуымен, қызметiмен байланысты.
Инфляция терминiнiң сөзi латынның-inflatio-iсiну, қампаю дегендi
бiлдiредi. Тұңғыш рет Солтүстiк Америкада 1861-1865 жыдардағы азамат соғысы
кезiнде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейiп кету процесiн
бiлдiрген.
Қағаз ақша деп- толық құнды ақшаның орнына айналым және төлем құралы
қызметтерiн атқарып, мемлекет өз шығындарын жабу үшiн шығарылатын және
ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте алтынға айырбасталмайтын ақша белгiсi
(немесе құнбелгiсi алтынның өкiлi).
ХIХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсiнiгi ХХ ғасырда дүниежүзiлiк
соғыстан кейiн жиi қолданылса, кеңес өкiметiнiң экономикалық әдебиеттерiнде
20-шы жылдың орта кезiнде көрiндi.
Инфляцияның жалпы, әдеттегi анықтамасы-айналымдағы ақша массасының
қажеттiлiктен тыс артып кетуi. Бұл ақша өлшемiнiң құнсыздануына, тауар
бағаларының соғұрлым өсуiне әкеледi.
Бiрақта инфляцияның мазмұнын әр автор әр түрлi жазып жүр. Мысалы,
“Ақша, несие, банктер” деген, 1998 жылы Масквадан шыққан көлемдi оқулықта
(орыс тiлiнде), “инфляция бағаның жоғарлағанын, тауардың жетiспеушiлiгiнен
және тауар мен көрсетiлген қызметтiң сапасыздығынан шыққан ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алу мүмкiншiлiгiнiң төмендеуi болып көрiнедi”
делiнген.
Бұл анықтаманың басты кемшiлiгi, айналымдағы ақша белгiлерiнiң аса
көбейiп кетуiнiң инфляцияға тигiзетiн әсерi көрiнбейдi.
1999 жылы Алматыда шыққан “Толық экономикалық орысша-қазақша сөздiкте”
инфляция былай сипатталады: “Ақшалай табыстың тауарлар мен көрсетiлетiн
қызметтерден асып түсуi, нарықта қаржы активтерiнiң көбеюi салдарынан
тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер бағасының өсуi.” Мұндай анықтамадан
байқайтынымыз, ең басты мәселе табыстың өсуiнде сияқты. Соның салдарынан
айналымда ақша көбейiп кетедi деген ой туады. Бiрақ, бұл да терiс түсiнiк.
Мәселе табыста емес. Ол өскен жоқ, ал тауар мен қызмет жетпегендiктен,
олардың сапалары төмен болғандықтан, ұсыным азайып, сұраным көбейгеннен
кейiн, айналымда ақша көбейген сияқты болып көрiнедi.
Осының бәрiн еске алып, инфляция дегендi былай анықтаған жөн деп
санайды:
“Айналым арналарының артық ақша белгiлерiмен аса толып кетуiнiң, тауар
мен қызметтердiң жетiспеушiлiгiнiң және олардың сапасыздығының салдарынан,
ақшаның құнсыздануы, тауар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бағасының өсуi,
сөйтiп халықтың нақты табысының төмендетiлуi.”
Инфляция тек қағаз ақшаға ғана тән және ол экономиканың кез келген
үлгiсiнде де орын алады. Көбiнесе, инфляция айналымдағы ақшаның көбеюiмен
бейнеленедi. Бiрақ кейде, инфляциялық ахуал, айналымдағы ақшаның саны
бiрқалыпта қалған күнде де туады. Мысалы, егер елде тауар өнiмiнiң көлемi
азайып кетсе, онымен тiкелей байланысты тауар айналымының да көлемi азаяды.
Олай болса, оларға жұмыс жасайтын ақшаның да саны азаяды. Сөйтiп, дәл осы
кезде айналымда жүрген ақшаның кейбiр бөлiгi артық болып шығуы мүмкiн. Тап
осындай жағдай ақша айналымы жедетiлсе де туады. Ақша айналымын жетелдету,
басқа жағдайлары бiрдей болғанда, айналымға қосымша ақша шығарғанмен
бiрдей.
Алайда инфляцияны айналым процесiн құнсызданған қағаз ақшамен толтыра
беру деп түсiну жеткiлiксiз. Инфляция тауар бағаларының өсуiнен
көрiнгенiмен, ол тек ақшаға ғана тән “ғажайып” құбылыс емес. Ол- күрделi
әлеуметтiк-экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлi
саласындағы ұдайы өндiрiс сәйкестiлiгiнiң бұзылуы. Инфляция дүниежүзiндегi
көптеген елдердiң экономикалық өмiрiндегi ең бiр өткiр проблемалардың бiрi.
Әсiресе, инфляция қауырт жағдайларда байқалады (мысалға: соғыс,
төңкерiс жағдайларында). Осындай кездерде мемлекет өз шығындарын жабу
мақсатында қағаз ақшаларды шығаруды қолданған. Бiрiншi дүниежүзiлiк
соғыстан кейiнгi, әсiресе, Германияда инфляция жоғарғы қарқынға жеттi. 1923
жылдың күзiнде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион рейхсмаркаға жетiп,
ол ақша өлшемi триллион есе құнсызданды.[1]
Инфляцияның қазiргi кездерде өзiне тән бiршама ерекшелiктерi бар:
✓ егер инфляция қарқыны бұрын бiр жердiң аумағынан шықпаса, қазiр де
бүкiл ел аумағын қамтиды.
✓ егер инфляция бұрын бiр мезгiлде ғана жүрсе, қазiр инфляция көп уақытқа
созылған құбылыс.
✓ егер инфляция бұрын тек ақшаның әсерiнен туындаса, қазiр де көптеген
ақшасыз және тағы да басқа факторларға байланысты.

2. Инфляцияның пайда болу себептерi және оның балама қайнар көздерi.
Инфляцияға төменде көрсетер пайда болар себептерiмен қоса, осы елдегi
саяси жағдай да әсер етедi. Бұл әсiресе қазiргi заманға тән құбылыс.
Ақшаның саяси жағдайдағы өз курсын төмендетуiн саяси атмосфераның
қалыптасқан валюта нарығында да анықталады.
Инфляцияға әсер ететiн бiрiншi топтағы ақшалай факторлар- ақшаға
сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесiнде ақша айналысы заңы
талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс
ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюi; халық
шаруашылығындағы несие ақшалардың көптiгi; ұлттық валютаның курсын
бiрқалыпты ұстау үшiн үкiметтiң қолданатын тәсiлдерi; ұлттық валютаның
қозғалысын шектеу және тағы да басқа факторлар жатады.
Екiншi топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсiретiн ақшалы емес
факторлар жатады. Олар: қоғамдық ұдайы өндiрiс құрылымының үйлеспеушiлiгi;
шаруашылық механизмiнiң шығындылығы; салық саясаты; баға саясаты;
мемлекеттiң экономикалық саясаты; сыртқы экономикалық iс-шаралары және сол
сияқты факторлар жатады.
Шын мәнiнде екi топтағы факторлар бiр- бiрiмен тығыз байланысып,
тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтiң бағасын өсiрiп, инфляцияға соқтырады.

Инфляцияның өмiрдегi көрiнiсi- тауар бағаларының күрт өсуi. Осы
көрiнiстi американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт “ақшаның тауарды
қууы” деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебi- айналымдағы ақша массасы
мен сатылуға тиiс тауарлар массасы теңдiгiнiң бұзылуы.

Бұндай диспропорция, бiрiншiден, өндiрiстiң кенет қысқаруынан,
екiншiден, айналымдағы тауар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз
шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Алайда, айналымдағы ақша массасының тұрақты болған кей жағдайларда да
инфляция болуы мүмкiн. Мысалға, 40-70 жылдарда АҚШ-та айналымдағы ақша
массасы бiр қалыпты болса да, айналымдағы тауарлар мен көрсетiлетiн
қызметтердiң көлемi азайып, инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша
айналымының шапшаңдығын арттырудан туындаған инфляция едi. Бұны былай
түсiндiрейiк: айналыста төлем құралы ретiнде немесе айналым құралы
ретiндегi қолма-қол емес ақшалардың үлесiнiң артуы едi. Яғни қолма-қол емес
ақшалар қолма-қол ақшаларды үнемдеп алдымен олардың айналым жылдамдығын
арттырса, екiншiден ақша массасының артуын көрсетедi. Бiр мысал ретiнде 80-
шi жылдары АҚШ-тағы инфляцияның тудырушы бiр факторы ретiнде банкоматтар
ақша жылдамдығын арттырып, нәтижесiнде сұранысты өсiрiп, ал бұл фактор өз
кезегiнде тауар дефицитiн тудырып, инфляцияға түрткi болады.
Қорытындыласақ, ақша айналымының шапшаңдығының артуы өзiнiң экономикалық
тиiмдiлiгi жөнiнен, басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша
массасын шығарғанмен тең.
Мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiнiң инфляцияға байланысына
келсек, ол мынандай. Егер, тауар өндiрушiлер, басқа елдерден шикi затты
немесе өндiрiстiк жабдықтарды жоғары бағамен сатып алса, өндiрiстiң шығыны
көбейедi, тауардың өзiндiк құны өседi. Мұндай жағдайда тауар өндiрушiлер
пайданың көлемiн азайтпау үшiн өнiмнiң бағасын өсiруге тырысады. Сөйтiп
баға өседi. Инфляция күшейе түседi.
Елдiң iшкi саяси жағдайының тұрақсыздығы да инфляциялық ахуал туғызады.
Өйткенi, кез келген митингiлер, ереуiлдер, басқа да бас көтерулер, осыдан
шығатын барлық зардаптарымен өнiмнiң көлемiн азайтады.
Ел iшiнде, ұлттық ақшамен қатар басқа елдiң ақшасының қолдануы да
инфляцияның қозғаушы күшi болып табылады. Басқа елдiң ақшасы (мысалы
доллар) еркiн айырбасталатын болған соң, ұлттық ақшаны айналымнан
ығыстырып, оны құнсыздандырады.
Инфляция кезiнде капитал өндiрiс аясынан айналысқа құйылады, себебi
айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсiредi. Бiрақ, ол инфляцияның
әсерiн күшейтедi; несиенi өндiрiске салынатын инвестицияны және тауарлар
ұсынысын қысқартады. Сөйтiп, инфляция факторлары екi жақты- тауарларды
шығаруға және сатуға, ақша массасын және айналым жылдамдығын өзгертуге әсер
етедi.
Инфляция - өндiрiс процесiнiң бұзылуы, шаруашылық салаларының бiр-
бiрiмен үйлесiмсiз дамуы және мемлекеттiң эмиссиялық саясаты мен
коммерциялық банктердiң iскерлiгiнiң икемсiздiгi салдарынан туындайтын
күрделi, әрi көп факторлы құбылыс.
Сонымен, инфляцияның пайда болуын қорытындыласақ мынадай
тұжырымдамаларға келемiз:
1. мемлекет кiрiсi мен шығысының бұзылуы, балансының бұзылуы.
2. әскери шығындардың өсуi немесе инвестицияның милитаризациялануы.
3. нарықтың өзiндiк ерекшелiктерi. Бұл олигаполиялық немесе монополиялық
нарықтағы монополистердiң нарықтық заттарды, нарықтық бағалардың
қалыптастыруынан пайда болатын инфляция.
4. бұл автаркиялық рынокта пайда болатын құбылыс. Елдегi рынокқа импорттық
тауарлардың көптеп енбеуi, тауар тапшылығы туындаса, онда да инфляция
туындаудың бiр себебi.
5. инфляцияның пайда болуының тағы бiр себебi - инфляциялық күту. Егер де
белгiлi бiр инфляциялық жағдай- бағаның өсуi iшкi рынокта күтiлсе, онда
барша халық тауар сатып алуды көбейтедi де, нәтижесiнде өзiндiк
инфляцияға үлес қосады. Мысалға: Бұрыңғы КСРО тарағаннан кейiндерi, 1992
жылдың қаңтар-сәуiр айларының кезiнде инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында
өндiрушiлер өздерiн жабдықтаушылардың бағаны көтеру қаупiнен сақтанып,
алдын-ала өз өнiмдерiнiң бағасын жоғарылатты. Нәтижесiнде Ресей
экономикасындағы басқа да ТМД елдерiндегi бағалар бұрыңғы төлем қабiлетi
бар сұраныс деiгейiнен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып
түстi.[2]

Сұраныс инфляциясы негiзiнен ақшалы факторларға байланысты туындайды,
яғни айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесiнде төлем қабiлетi бар
сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегi бiр қалыпты баға жағдайында
өндiрiстiң оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтiп жиынтық
сұраныс экономикалық өндiрiстiң мүмкiндiктерiн жоғарылатып, бағаның
көтерiлуiне соқтырады.
Ақша массасының “көтерiлуi” себептерiнiң ең негiзгiзi-әскери
шығындардың өсуi, яғни шығарылған әскери-техника күнбе-күнгi өмiрде
қолданылуға жарамайтындықтан оның ақшалы эквивалентi бюджеттiң тапшылығын
тудырады. Тапшылықты жою үшiн айналымға қосымша ақша массасы шығарылады
немесе ақша нарығына мемлекеттiк займдар орналастырады. Бюджет тапшылығын
жоюдың бiрiншi жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша
массасын шығарудың алғашқы сатысында өндiрiстiң дамуының, жұмыссыздықтың
азаюының және бағаның төмендеуi сияқты жағымды көрiнiстер байқалып, ал
қорытындысында тепе-теңдiк орнайды. Сондықтан аз мөлшерлi инфляция пайдалы
деген қорытынды шығады. Себебi, ондай инфляция артық өндiру дағдысынан және
жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады. Одан әрi бүкiл экономикада бос
жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа өнiмдi қосымша шығара алмаған
жағдайда баға өседi. Осыдан кейiн өндiрiстiң құлдырауына, оның
тиiмдiлiгiнiң төмендеуiне және инфляцияның қарқындауына себебшi факторлар
әсер ете бастайды.
Сөйтiп, сұраныс инфляциясы кезiнде шектеулi ұсыныспен салыстырғанда
айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарылатады және ақшаны
құнсыздандырады.
Шығындар инфляциясы өнiмге баға белгiлеуде әсер ететiн ақшасыз
факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың
өсуi.
Тауар бағасының өсуi халықтың табысын төмендетiп, жалақыны қайта
индекстеу қажеттiгiн талап етедi. Жалақының өсуi өз кезегiнде өнiмдi өндiру
шығындарының өсуiне, пайданың төмендеуiне, қолданылып жүрген баға бойынша
шығаратын өнiм көлемiнiң қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу
мақсатында өндiрушiлер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесiнде
инфляциялық серiппе (спираль) пайда болады, бағаның көтерiлуi жалақының
өсуiн талап етсе, жалақының өсуi бағаны көтередi. Бұл жалақы мен бағаның
"инфляциялық серiппе" теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнiмнiң әрбiр өлшемiнiң шығыны көтерiлiп, соған
байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын
элементтердiң бiрi ғана. Сонымен қатар, тауар өндiрiсi шикiзат, энергия
көздерiн алу, транспорт қызметiн төлеу шығындары көтерiлуiне байланысты да
қымбаттайды. Шикiзат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың
қымбаттауы, яғни материялдық шығындардың өсуi- бүкiл әлемде болатын заңды
процесс. Оған қарсы тұратын фактор - өнiмнiң әрбiр өлшемiнiң шығындарын
төмендететiн жаңа техналогияны пайдалану. Бұл бүгiңгi ең маңызды алдыға
қойып отырған мәселе. Адамзат қоғамы дәл осы үшiн күресуi тиiс.
Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бiр-бiрiмен тығыз байланыста
және бiрiне-бiрi себепшi, оларды дәл ара-жiгiн ажырату мүмкiн емес. Оны
мынадай жүйелiктен байқауға болады:

1.3. Инфляцияның түрлерi.

Дүниежүзiлiк тәжiрiбиеде инфляцияны мына шартты түрлерге бөледi:
➢ экономиканы қамтитын аумағына байланысты-жергiлiктi және әлемдiк
инфляция.
➢ жүру қарқынына байланысты- бiркелкi (баға үнемi төмен қарқынмен
өседi), үздiксiз және сатылы (бiр қалыпты емес) инфляция.
➢ даму қарқынына байланысты - жылжымалы инфляция (ползучая) - онда
бағаның өсу қарқыны жылына орташа есеппен 5-10 проценттен аспайды;
қарқынды инфляция (галопирующая) – онда бағаның өсуi орта есеппен 10-
проценттен 50-ге дейiн жетедi. Кейде бұл инфляцияның жоғарғы көлемiн
көптеген ғылыми әдебиеттер 100 процентке жеткiзедi; ұшқыр инфляция
(гиперинфляция) – онда бағаның өсуi жылына 100 проценттен асады;
Халықаралық Валюта Қоры баға айына 50 процентке өссе, оны ұшқыр
инфляцияның iшiндегi аса ұшқыр инфляция (супергиперинфляция) деп
атайды. Егер инфляцияның өсуi жұмыссыздықтың өсуiмен және өндiрiстiң
құлдырауымен ұштасса, ондай құбылысты "стагфляция" деп атайды.
➢ инфляцияның тауар бағаларының өсуiнен көрiнуiне байланысты
инфляцияны ашық және басылыңқы деп бөледi.
Жылжымалы инфляция. Өнеркәсiбi дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән,
яғни жылдан-жылға ауысатын бiрқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс
экономистерiнiң жобалауынша инфляцияның бұл түрi өндiрiс пен жалпы ұлттық
өнiмнiң өсуiн ынталандыруы мүмкiн. Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды және
ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететiн факторлар, оның
түрлерi және инфляция нәтижесiнде пайда болатын әлеуметтiк-экономикалық
шаралары да әр елдiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерiне байланысты
болады.

Стагфляция.
Көпшiлiк мемлекеттердiң экономикасында кейде мынадай жағдай
қалыптасады: бағаның жалпы деңгейiнiң өсуi өндiрiс көлемiнiң қысқаруымен
бiр мезгiлде болады. Экономиканың мұндай жағдайын стагфляция деп атайды.
Стагфляцияның барынша айқын себебi жиынтық ұсынымның азаюы, яғни өндiрiс
шығындарының инфляциясы. Бiрсыпыра ғалым-экономистер стагфляцияның себебiн
нарықтың құрылымдық жетiлмегендiгiмен, ең алдымен бәсекенiң тиiстi
деңгейiнiң болмауымен түсiндiредi. Шындығында жоғары бәсеке жағдайында бiр
тауарлардың қымбаттауы басқа тауарлардың арзандауына әкелiп соғады. Жалпы
бұл тұрақты макроэкономикалық баға деңгейiн қамтамасыз етедi. Ал егер
бәсеке жеткiлiктi дәрежеде болмаса, онда бағаның, оның төмендеуiне деген
“қаттылығын” көремiз, яғни бiр тауарларға бағаның өсуi басқа тауарларға
бағаның төмендеуiне әкелiп соқтырмайды. Нәтижесiнде тауарларға және өндiрiс
факторларына қойылған бағалардың жалпы деңгейi ұдайы көтерiле бастайды.
Стагфляция монополиялардың нарықтағы үстемдiгiне байланысты болады
деген көзқарас бар. Әрине, монополиялар белгiлi бiр дәрежеде өндiрiс
көлемiн азайтып, бағаны көтеру арқылы жоғары пайдаға қол жеткiзедi.
Дегенмен монополия жоғары баға деңгейiнiң себебi бола тұра, бiрақ бағаның
өсуiнiң себебi бола алмайды.
Көптеген зерттеушiлер стагфляцияның пайда болу себебiн инфляциялық
күтумен байланыстырады. Сұраным инфляциясы жағдайында өндiрiс факторларының
қожайындары өздерiнiң табыстарының инфляцияға байланысты азаюының мүмкiн
екенiн ескере отырып, өздерiнiң қызметтерiнiң құнын көтере бастайды. Бұл
өндiрiс шығындарының өсуiне және жиынтық ұсынымның азаюына себеп болады.
Нәтижесiнде стагфляцияға тән бiр мезгiлде бағаның өсуi және өндiрiс
көлемiнiң төмендеуi орын алады.
Шет елдер нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдiк формаларына
байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы деп бөледi.
Еркiн баға белгiлеу экономикасына тән ашық инфляция бағанық тауарлар
мен қызметтерге созылмалы артуы түрiнде көрiнедi. Ашық инфляция кейбiр
тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын төмендеуiмен немесе оның өсуiнiң
баяулауымен сыйыса бередi. Ал ол ашық инфляцияның нарық механизмiн едәуiр
бұрмалағанымен әйтсе де оны толық бүлдiре алмайтынын көрсетедi.
Жасырын инфляция деп аталтын басылыңқы инфляция реттелмелi бағалар
қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнiмнiң сапасының
нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада, бартерлiк
айырбастың дамуында көрiнедi. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем
қабiлетi бар құрал және тауарлар мен қызметтердi бөлу өлшемi қызметiн
атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе-теңдiк
бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесiнде пайда болады.
Бұндай жағдай ұзақ уақыттан берi бiздiң экономикамызға тән болып отыр.
Басылыңқы инфляция өнiм сапасының төмендеуiмен, ақшаның амалсыз
жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлiк келiсiмнiң дамуымен көрiнедi.
Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе-теңдiгi
бағасынан төмендеуiн қолдау әсерiнен туады, онда ақшалар жалпы төлем құралы
және тауарларды бөлу өлшемi ретiнде қызметiн атқарудан қалады. Егер бiздiң
осы уақытқа дейiнгi экономиканы алсақ, онда ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы
инфляция жағдайында болды. Және болашақ экономика үшiн бұл қауiптi емес,
одан әлi де болса құтылуға болады.

2 бөлiм. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық жағдайына
инфляцияның әсері

2.1. Инфляцияның алдын алу жолдары

Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға
қарсы саясат жүргiзедi. Мемлекеттiң инфляцияға қарсы саясатын экономиканы
тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие
экспансиясын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы
экономикалық шараларды iске асыру арқылы жүргiзедi. Ал аса төтенше жағдайда
ақша реформасы жасалады. Тарихта ақша реформасын жүргiзудiң екi формасы
бар:
➢ бiрiншi, жаңа ақша жүйесiн құру-ол алғашқыда металл ақша жүйесiн
құрғанда, сонымен қатар мемлекеттiк құрылым өзгергенде, яғни
отаршылық (колониялық) жүйе құлап, оның орнына отаршылдықтан арылған
саяси тәуелсiз мемлекеттер пайда болғанда және 90-жылдардың басында
КСРО-ның орнына ТМД елдерi құрылғанда бұл елдердiң даму
ерекшелiктерiне байланысты өзiне тән жаңа ақша жүйесi пайда болды.
➢ екiншi, ақша жүйесiнiң кейбiр элементтерiн өзгерту, яғни жаңа ақша
өлшемiн енгiзу, баға масштабын, ақша түрлерiн және тағы сол сияқты
өзгерту.
Соғыс және революциядан кейiнгi жылдары көптеген мемлекеттер ақша
айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына келтiрудiң ең бiр қажеттi
жолы ретiнде мына әдiстердi қолданады: нуллификация, реставрация
(ревальвация), девальвация және деноминация.
Нуллификация - ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны
енгiзу әдiсi. Мысалы, 20-жылдары Германияда соғыстан кейiнгi ұшқыр
инфляцияның нәтижесiнде рейхсмарка құнсызданып, 1924 жылы енгiзiлген жаңа
маркаға 1:1 трлн. ескi рейхсмаркаға арақатынасымен айырбасталды. Сөйтiп
құнсызданған ескi марка жойылды.
Реставрация - ол ақша өлшемiнiң бұрынғы алтын құрамын қалпына келтiру
әдiсi. Мысалы, Англияда Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi 1925-1928
жылдардағы ақша реформасы кезiнде фунтстерлинктiң алтын құрамы соғысқа
дейiнгi қалпына келтiрiлдi. Ал Екiншi дүнйежүзiлiк соғыстан кейiн
реставрация- ревальвация ретiнде доллармен салыстырғанда ұлттық валютаның
ресми курсын көтеру арқылы жүргiзiлдi. Содан кейiн Халықаралық валюта қоры
ақша өлшемiнiң алтын құрамын тiркеуден өткiздi. Мысалы, ГФР үш ревальвация
(1961, 19696, 1971 жж) өткiздi, яғни марканың курсы осы он жылдың iшiнде үш
рет жоғарылады.
Девальвация - ақша өлшемiнiң алтын құрамын төмендету. Ол Екiншi
дүнйежүзiлiк соғыстан кейiн АҚШ долларына шаққанда ұлттық валютаның ресми
курсын да, оның алтын құрамын да төмендету. Долларды екi рет девальвациялау
нәтижесiнде оның алтын құрамы 1971 жылдың желтоқсанында 7,89 %-ке, ал 1973
жылдың ақпанында 10%-ке төмендетiлдi. 1973 ж. “өзгермелi” валюта курсын
енгiзген соң, девальвация Еуропа валюта жүйесiнде – “реттелетiн валюта
курсы” топтастығында жүргiзiлдi.
Деноминация - ол “нольдердi сызу” әдiсi, яғни баға масштабын
iрiлендiру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап баға масштабы
10 есе iрiлендiрiлдi. 1961 жылы шыққан жаңа 1 рубль ескi 10 рубльге тең
алмастырылды. 1988 жылы Бразилияда енгiзiлген жаңа ақша өлшемi-нокрузадо
бұрынғы құнсызданған 1000 крузадоға эквиваленттi болды. 1998 жылы Ресейде
де рубльге деноминация 1:1000 ескi рубльге арақатынасымен жүргiзiлдi.[3]
Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететiн факторларға жауап ретiнде басты
инфляцияға қарсы саясаттың мынадай әдiстерi жұмыс жасайды:
➢ Дефляциялық саясат
➢ Табыс саясаты
➢ Индексациялау
Дефляциялық саясат – бұл ақша және несие механизмi арқылы ақшаға деген
сұранысты шектеудi, салық механизмiн қолдану арқылы мемлекеттiк шығыстарды
азайту, несие үшiн пайыз мөлшерiн жоғарлату, ақша массасын шектеу әдiстерiн
бiлдiредi.
Дефляциялық саясаттың әрекет етуiндегi басты ерекшелiк, яғни
экономикалық өсудiң бәсеңдеуi және дағдарыстың, құбылыстың болуымен
сипатталады.
Табыс саясаты – бағаға және жалақыға бақылау жасау шараларын бiлдiредi.
Әлеуметтiк мотивтерге байланысты инфляцияға қарсы саясаттың бұл түрi өте
сирек қолданылады.
Индексациялау (толық немесе жартылай) – ақшаның құнсыздану нәтижесiнде
болған шығынның орнын толтыру әдiсiн бiлдiредi.
Инфляция экономикалық “аурудың” ерекше түрi. Ол бiр мезгiлде
материалдық-қаржылық сәикессiздiктiң әрi салдары, әрi себептерi ретiнде
көрiнедi. Оны бүкiл шаруашылық механизмiмен емдемей жеңуге болмайды, яғни,
егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асуын қиындататын
болса, экономиканы сауықтыру нәтижесiз болуы мүмкiн.
Антиинфляциялық саясаттың маңызды элементтерiнiң бiрi-қаржыны сауықтыру
және халық шаруашылығын тұрақтандыру, шығыны көп және рентабелдiлiгi төмен
шаруашылық субъектiлерiн қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын
тауарларға бағаны өсiру арқылы емес, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру
негiзiнде жетуге болады. Сондай-ақ шетелдiк несиелердi пайдалануда маңызды.
Баға саясатын жүргiзудiң екi жолы бар: бiреуi-бағаның өсуiне жол
бермей, бiр деңгейде ұстап отыру (бұрыңғы әкiмшiлiк тарату жүйесiнде
ұсталынған саясат), екiншiсi-бағаны қоя берiп, оның өсуiне кедергi жасамау
(қазiргi нарықтық саясат). Бiрақ, осы екi жолдың екеуi де инфляциялық
ахуалды жоя алмайды. Өйткенi, инфляцияны толығымен жоюға болмайды.
Сондықтан, шама келгенше, инфляциялық ахуалдың бақылаудан шығып кетпеуiн,
оның шексiз өсiп кетпеуiн қадағалау керек.
Баға саясатының инфляция процесiне тигiзетiн әсерiн төмендегi сызбадан
көруге болады:

Батыс елдерiнде инфляцияны жиынтық сұранымның жыл сайынғы өсу
қарқынының өнiм өндiру қарқынынан асып кетпеуiмен түсiндiредi. Оны толық
жұмыспен қамтумен байланыстырады, себебi ол ақша ұсынымын көбейтедi, ал
ақшаның көп болуы экономикалық өсудi шектейдi (басқаша айтқанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Инфляция туралы
Инфляцияның пайда болу себептері және даму факторлары.Инфляцияға қарсы саясат
Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
Инфляцияның мәні, түрлерi
Инфляция деңгейін өлшеу
Инфляцияның мәні және мазмұны
Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктері
Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
Инфляцияның теориялық негіздері
Пәндер