Қазақстан мемлекетінің егемендігі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақстан мемлекетінің егемендігі.
2. Егеменді және тәуелсіз Қазақстан үшінші мың жылдықтың басында.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы (Негізгі Заңы).
4. Экономикасы.
5. Қарулы күштері.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлігін (55°26' - 40°56' с.е. және 45°27' — 87°18' ш.б. аралығында) орналаскан. Республика жері батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудің негізінен орталық және оңтүстік ендіктерін, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелі белдеуді қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұзындығы 6467 км), онтүстігінде Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседі, батысында Каспий теңізі (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мын км2. Халқы 14,9 млн. адам (2003 жылғы есеп бойынша). Оның 8,3 млн. немесе 55,7%-ын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Астанасы — Астана қаласы.
Әкімшілігі жағынан 14 облыстан және республикадан маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке біріккен 7719 ауылдық елді мекендер бар. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ұлттық валютасы — теңге, 1993 ж. 15 қарашада енгізілген.
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республика референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократилық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы — Парламент.
Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін, арнайы өскерлерді, тыл, әскери оку орындары мен ғылыми мекемелерді қамтиды. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің басты мақсаты — елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаутершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу. Казақстан Республикасының Қарулы Куштерінің Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстан республикасының егемендігің жариялануы және мемлекеттік тәуелсізлік алуы, бірпартиялық өктемдіктің және социалистік саяси жүйенің ыдырауы демократиялық принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат – мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасайтын саяси партиялар қалыптасты. Жаңадан құрылған бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халқтың әр түрлі әлеуметтік топарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1. Декларация, 1998ж.
2. Жанайдаров О. Менің елім Қазақстан. / О. Жанайдаров // - Алматы: «Балауса баспасы», 2003.
3. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Очерк. – Алматы: «Дәуір» баспасы, 1994.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақстан мемлекетінің егемендігі.
2. Егеменді және тәуелсіз Қазақстан үшінші мың жылдықтың басында.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы (Негізгі Заңы).
4. Экономикасы.
5. Қарулы күштері.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың
орталық бөлігін (55°26' - 40°56' с.е. және 45°27' — 87°18' ш.б. аралығында)
орналаскан. Республика жері батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен
оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудің негізінен орталық және
оңтүстік ендіктерін, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелі белдеуді
қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұзындығы 6467 км),
онтүстігінде Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980
км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседі, батысында
Каспий теңізі (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мын км2. Халқы 14,9
млн. адам (2003 жылғы есеп бойынша). Оның 8,3 млн. немесе 55,7%-ын қазақтар
құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Астанасы —
Астана қаласы.
Әкімшілігі жағынан 14 облыстан және республикадан маңызы бар 2 қаладан
тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық
округке біріккен 7719 ауылдық елді мекендер бар. Мемлекеттік тілі — қазақ
тілі. Ұлттық валютасы — теңге, 1993 ж. 15 қарашада енгізілген.
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республика референдумда
қабылданған Конституция бойынша — өзін демократилық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы —
президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең
жоғарғы өкілді органы — Парламент.
Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын,
Қарулы Күштердің түрлерін, арнайы өскерлерді, тыл, әскери оку орындары мен
ғылыми мекемелерді қамтиды. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің
басты мақсаты — елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын,
азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаутершілік немесе әскери қақтығыстар
туғызудың алдын алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.
Казақстан Республикасының Қарулы Куштерінің Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстан республикасының егемендігің жариялануы және мемлекеттік
тәуелсізлік алуы, бірпартиялық өктемдіктің және социалистік саяси жүйенің
ыдырауы демократиялық принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси
партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялық
жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат – мүдделерін, талап-тілектерін
жүзеге асыру жолында қызмет жасайтын саяси партиялар қалыптасты. Жаңадан
құрылған бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді
демократияландыру, саяси әр алуандық, халқтың әр түрлі әлеуметтік топарының
мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол
жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстан мемлекетінің егемендігі

Қазақстан Республикасы - Евразия деп аталатын құрылылықтар
кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігіңде орналасқан ел. Оның батыс аймақтары
Европа құрылығының жеріңде жатыр. Қазақтар Жайық деп атайтьш Орал өзені -
Европа мен Азияны бөліп тұратын шекара. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы мен
оңтүстігі Азия құрылығында орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағы — 2
миллион 724 мың шаршы километрді құрайды. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл
дүниежүзінде 9-орыңда тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетгі
сыйғызьш жіберуге болады. Елдің климаты мейілінше континенті. Солтүстіктегі
орташа температура қыстыгүні Цельсий бойынша 20-25 градус болса, кей
жылдары бұл 40-45 градусқа дейін төмендейді. Жаздыгүні солтүстіктегі
температура 18, оңтүстіктегі температура 35-40 градус болады.
80-жж. ақырында Кеңес мемлекеті ыдырай бастады. Халық де-путаттары
бірінші съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік,
экономикалық дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында
өкілеттікті бөлісу, жаңа Одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады.
Демократиялық қайта құрылыстардың және ұлттық сананың ояну процестерінің
дамуы, уақиғалардың даму барысы партиялық және мемлекеттік басшылық
тарапынан осыған сай орталық пен одақтас республикалардың қарым-қатынасын
үйлестіретін шаралар қолдануды талап етті.
Жаңа шындық жағдайды есепке ала отырып, Одақты қайта құру идеясы
кеңінен қолдау тапты және ол төменнен - автономиялық және одақтас
республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару,
өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы
табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына, оның ішінде өнеркәсіптің
негізі болып табылатын салалық кәсіпорындарына республиканың меншіктік құқы
дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты
түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңғыртуға
бағытталған қозгалысты Н. Ә. Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі
проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысады. Оңшыл және
солшыл радикализмге қарама-қарсы Н. Ә. Назарбаев табан-ды, демократиялық
реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтардың
теңдігіне негізделген ұлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың
түбегейлі принципі ретінде саяси тұрақтылықты сақтауга баса көңіл бөлу
саясатын жүргізіп келеді.
Бірақ Қазақстанда басталған әміршіл-әкімшілдік жүйені сындыруға
мемлекеттік басқару құрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң
биліп кедергі жасады.
Жекелеген партия ұйымдарының өз жұмыстарын жаңа талаптарға сай қайта
құруға бағытталған талпыныстары елеулі нәтиже бермеді.
1988 ж. бастап жаңа туып келе жатқан оппоненттер тарапынан Қазақстан
Компартиясына сын айтыла бастады, мұның өзі коммунистер партиясының іргесі
шайқала бастаған, бірақ әлі де белгілі дәрежеде сақталып отырған беделіне
қатты соққы болды.
Ресми емес қозғалыстардың дамуы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі заңды
құбылыс еді, оның бастама негізі экономикалық қозғалыс, сондай-ақ
Алматыдағы желтоқсан (1986 ж.) уақиғалаларынан кейін республикада туған
қоғамдық-саяси ақуал болды.
1987 ж. тамызда тұңғыш тәуелсіз ұйым — әлеуметтік-экологиялық
инициатива бірлестігі құрылып, ол өзінің алдына соғысқа қарсы тұру,
экологиялық, адамгершілік және бейбітшілікті қорғау идеяларын, жариялылық,
демократияландыру, әлеуметтік тендік және әділеттік принциптері негізінде
халықтың әлеуметтік белсенділігін көтеруге көмектесу, жұртшылықтың, еңбек
ұжымдары мен азаматтардың бастамаларына моральдық және ұйымдық, құқықтық,
консультациялық, информациялық, эксперттік қолдау көрсету мақсатын қойды.
Кейінірек бүл бірлестіктен басқа саяси ұйымдар, оның ішінде жасыл майдан,
Қазақстанның социал-демократиялық партиясы бөлініп шықты. Ядролық қаруға
қарсы Невада – Семей қозғалысы және Арал, Балхаш, Қазақстан экологиясының
проблемалары жөніндегі қоғамдық комитет республика, мұнан кейін халықаралық
көлемдегі экологиялық ұйымдарға айналды.
Жұмысшы қозғалысы елеулі саяси күшке айналды. Оның қатарында Қарағанды
көмір бассейні шахтерлері ерекше роль атқарды, олардың қимылдары тегеуріні
женінен Кеңес Одағының басқа көмірлі аудандарының ереуілдерімен сай келіп
жатты. Таза экономикалық талаптан басталған олар шапшаң-ақ саяси сипат
алды. Жұмысшылардың облыстық ереуіл комитеті 1989 ж. бастап қызмет істейді,
ол Карағанды облысы еңбекшілерінің одағына ұжымдық мүше ретінде кіреді.
Жаңа Өзендегі уақига (1989 ж.) әлеуметтік-экономикалық саладағы көкейтесті
проблемаларды жалғанның жарығына шығарды, ол инфрақұрылымның мешеулігінен,
өндіргіш күштерді орналастырудағы қателіктердің салдарынан жергілікті халық
жұмыссыз жүргенде вахталық әдісті қолдану практикасының берік орын алуынан
туды.
Әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды.
Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, көп
балалы аналар, жаңұялар одағы, Айша, Ақ отау және басқа іскер әйелдер
ассоциациясы құрылды. Республикадағы күштердің саяси орналасуында жастар
қозғалысы елеулі орын алды. 1991 ж. күзге дейін оның қатарында республика
жастар ұйымдарының комитеті, Қазақстан ЛКЖО және басқа 48 құрылымдар мен
ұйымдар болды.
1990 ж. ортасында Азат қозғалысы және Азат саяси партиясы пайда
болды. Азат өзінің басты мақсатын тәуелсіз мемлекеттер достастығы
шеңберінде Қазақстанның мемлекеттік егемендігі үшін күрес деп белгіледі.
Бұл аталғандардан басқа да саяси партиялар мен қозғалыстар әрекет
етті, республикада 1991 ж. барлығы 120-дан астам дербес бірлестіктер болды.
Қазақстан халқының елеулі дәрежеде саясаттануы жұрт-шылықтың
республикадағы істің жағдайына қанағаттанбай-тындығының, олардың
дағдарыстан шығудың жолын ортақтасып іздеуінің көрінісі еді.
Қазақстанда көп партиялылықтың қалыптасу процесіне талдау жасай келіп,
мұны тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезеңнің бастамасы ғана деп санау
керек. Көп партиялылықтың тарихи дәстүрінің, республика халқының дамыған
саяси мәдениетінің жоқтығы — кең және берік саяси базасы жоқ, саяси
көзқарасының біржақтылығымен көрінетін саяси бірлестіктердің пайда болуына
әкеліп соқтыруда. Бұл бағаны Алаш және Желтоқсан, Қазақстанның
социалистік, социал-демократиялық, коммунистік партияларына беруге болады.
Осыған қарамай дөңгелек стол басында тұжырымдалған ортақ идеяларды
қорғайтын саяси күштердің күш-жігерін біріктіру үшін алғышарттар бар, мұның
өзі партияаралық қарым-қатынасқа цивилизациялық және оң сипат берер еді.
Мысалы, Қазақстан халық конгресі партиясы және Қазақстан халық бірлігі
одағы азаматтық бірлікке және ұлтаралық татулыққа шақырып, бір-біріне жақын
жарғы ұсынады.
Қоғамдық демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару
қызметі маңызды рөль атқарды. Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуірден) жетекші орын алды. 1990-1991 жж.
қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған,
құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген
бостандықтары мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды
қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық жағдайдың
талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру
жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық
егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді
топтастыруға тиіс еді. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтті,
республиканы мекендейтін барлық ұлттар адамдарының талап-тілегіне жауап
беретін болды. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл
дәрежесін берген Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын қабылдауы тарихи уақиға
болды.
Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі
жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға
көмектесетін президенттік басқарудың енгізілуі заңды еді. 1990 ж. 24
сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің Президенті лауазымын
белгіледі, парламент сессиясында жасырын дауыс беру нәтижесінде оған Н. Ә.
Назарбаев сайланды. Президенттің Семей полигонында ядролық сынаққа тиым
салу, Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтарға
әлеуметтік көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда
демократиялық қайта құрылыстар жүргізудің өзіндік бір белесі болды.
Республика Жоғарғы Кеңесінің төралқасы 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыда
болган уақиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнаулы
комиссия құрды.
1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ ҚСР-нің мемлекеттік
егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендік алу Казақстанда жалпы
демократиялық процестердің барысын шапшандатты, мұның өзі елдегі болып
жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 ж. ортасында-ақ Қазақстан
басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды.
Казақстанның бастамасы бойынша Белорусиямен, Украинамен, Ресеймен және
басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды,
орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы
екі жақты келісімдер жасалды. 1990 ж. желтоқсанда төрт республика — Ресей,
Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы
инициатива жасады, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен
жұмыс басталды.
1991 ж. тамыздағы уақиға бұл жұмысты үзіп жіберді, КСРО-ның күйреуін
және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік
алуын шапшандатты. ҚОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи
аренадан кетті.
Міне осындай күрделі жағдайда Қазақ мемлекеттігі шеңберінде
Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде
Қазақ ҚСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп
жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада
қабылдаған Қазақ КСР-ның Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен
басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына)
өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Заңы бойынша берілді.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика
Президентін жалпы халықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз
еркін білдіруі арқасында Н. Ә. Назарбаев Президент болды.
Республикада төмендегідей өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік
қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның
мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды; Президенттің одаққа бағынатын
кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы,
республиканың сыртқы экономикалық қызметінін, дербестігін қамтамасыз ету
туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары
шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алақы 40 жыл өмір
сүргенде тұңғыш рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т. О. Әубәкіров
ұшты.
1991 ж. 10 желтоқсанда тұңғыш бүкіл халық сайлаған Президент қызметіне
кірісті, ал 1991 ж. 16 желтоқсанда қазақтың Кеңестік Социалистік
республикасы Қазақстан Республикасы болып аталды. Жоғарғы Кеңес Қазақстан
Республикасының өз территориясындағы бүкіл өкімет билігі өз қолында, ішкі
және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін демократиялық
мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Республика тарихында жаңа
кезең басталды.
Орта Азия мен Қазақстан республикаларының басшылары Ашғабадта
кездесіп, Беловеж келісіміне, оның құқықтық жақтарына талдау жасады, жаңа
достастықты қалыптастыруға толық құқықтык негізде қатысуға әзірліктерін
білдірді. 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы Кеңес одағының құрамына
кірген тәуелсіз мемлекет басшыларының кеңесінде ТМД-ны құру туралы
келісімнің хат-тамасына қол қойылды.
Қазақстанда егемен мемлекеттік дамуының қарқынды процесі басталды.
Саяси салада күшті президенттік республика құруға, кейінірек
парламенттік билікке реформа жасап, маман жоғарғы Кеңес құруға бағыт
ұсталды. Республиканың жаңа конституциясының жобасы талқыланды. Жергілікті
өзін-өзі басқару заңы негізінде облыстарда, қалаларда және аудандарда
атқарушы өкімет билігіне реформа жасалды. Өтпелі кезеңге әкімдер лауазымы
енгізіліп, оларға жер-жерде экономикалық жағдай, Президент пен Үкімет
шешімдерінің орындалуы үшін толық жауапкершілік жүктелді. Әкімдерді
тағайындау және мерзімінен бұрын алуды жоғарыдан төмен қарай: республика
Президенті мен жоғары тұрған әкімшіліктің әкімдері жүргізеді. Бюджетті
жасап, бекіту, оның орындалуын қадағалау құқы, депутаттармен жұмыс жүргізу,
тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық жасау, региондар дамуының
стратегиялық бағытын белгілеу, әртүрлі қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау
Кеңестердің құзырына берілді.
Көппартиялық жүйе қалыптастырудың бастамасы жасалды. Тәуелсіз
бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс істеуі үшін жағдай жасалды. Қазақстан
Еуропадағы Хауіпсіздік пен ынтымақ кеңесінің (СБСЕ) толық құқылы мүшесі
болып, адам және аз ұлттың құқықтарының сақталуына кепілдік берді. Ұлттың
құқы жеке адамның құқына теңестірілді, сондықтан мемлекет Қазақстанның
барлық азаматтарына бірдей қамқорлық жасайды. Мұның маңызды болатын тағы
бір себебі тек әлеуметтік тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымак ғана
Қазақстанның қарқынды дами беруіне мүмкіндік береді: мұнда барлық 17
миллион халықтың 42 проц. қазақтар, 37 проц. орыстар, 5,2 проц. украиндар,
4,4 проц. немістер.
Қазақстан тәуелсіздік алғанан кейін егемен мемлекет ретінде
халықаралық аренаға шықты. 1992 ж. 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар
Ұйымына кірді, Халықаралық валюта қорының, Халықаралық реконструкция және
даму банкісінің, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясыньщ,
Инвестицияға кепілдік беретін көп-жақты агенттіктің, Инвестициялық
таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра ұйымдарға кірді. Біздің
мемлекетімізді жүзден аса ел таныды, олардың көбімен елшілік және екілеттік
дәрежесінде дипломатиялық қатынас орнатылды. Республиканың сыртқы саяси
бағыты шекаралас мемлекеттермен, оның ішінде ТМД-ні қоса, толық сенім
принциптері негізінде өзара тиімді достық қатынасты сақтау, сондай-ақ
барлық басқа мемлекеттермен әділеттік және халықаралық серіктестік
негізінде кең байланыстарды дамыту болып табылады. Қазақстан
территориясында орналасқан ядролық қарулар келешекте келісімдік процестер
шеңберінде жойылып, республика ядролық қарусыз мемлекет дәрежесін алады.
Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері қайта түлеуде, ұлттық
сана өсіп келеді. Казақ ұлты топтаса бастады; қазақ тілі мемлекеттік тіл
болды; қазақ халқының таңдаулы өкілдерінің есімдері ана дүниеден орала
бастады, тарихи топонимика қалпына келтірілуде; ұлттық мәдениеттің гүлденуі
үшін жағдай жасалды; көші-қон және азаматтық туралы заң қабылданды. 1992 ж.
күзде Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өткізіліп, оған 10 миллион Қазақ
халқының өкілдері жиналды.
Экономикалық дағдарыс жағдайында республикада табиғи байлықтардың аса
мол қоры барлығын негізге алатын, экономикалық кайта құрылыс пен нарықтық
қатынастарға өтудің өзіндік үлгісін жүзеге асыру, региондар мен шаруашылық
қызметі субьектілерінің баламалы меншік түрлерін қалыптастыру қажеттігі,
қорғаныс комплекстерін конверсиялау және ғылыми-техникалық, өндірістік
потенциалды неғұрлым тиімді пайдалану бағыты ұстануда. Республика
экономикасының мемлекеттік емес секторы белсенді дамытылуда. 1992 ж.
ортасында бұның қатарында 35 акционерлік қоғам, 76 салааралық және сыртқы
экономикалық ас-социациялар, 30-дай концерндер мен концерциумдар болды. Рес-
публикада 120 коммерциялық банк, 60 биржа, 40 қамсыздандыру және 20
лизингалық компания, екі ірі аудиторлық орталық болды. 230 орташа өнеркәсіп
орны, 11 мыңдай кооператив, 5,5 мыңнан астам шағын кәсіпорын бар, оларда
халық шаруашылығында істейтіндердін, 15 проц. жұмыс істейді. Ауыл
шаруашылығында сегіз мындай шаруа қожалығы бар. 1806 кәсіпорын мен ұйым
жекешелендірілді, олардың үштен екі бөлігі ұжымдық меншікке, төрттен бір
бөлігі жеке меншікке өтті.
Сыртқы экономиқалық саясатта шетелдік капитал, техника мен технология
кеңінен пайдаланылуда. Республика территориясында сыртқы экономикалық
байланысқа қатысатын 1085 өнеркәсіп кәсіпорны тіркелген, халық
шаруашылығына ТМД елдері көлемінде ең көп шетелдік инвестиция енген.
Экспорттық-импорттық операциялар негізінен республикалық сыртқы
экономикалық құрылымдар арқылы өткізіледі және республикалық экспорт
дамыған капиталистік елдерге бағдарлана бастады. Қазақстан экспортының
құрылымында шикізаттық бағыт басым, ол 1988 ж. 31 елге шығарылса, 1992 ж.
86 елге шығарылатын болып өсті. Аса ірі шетелдік фирмалар және
корпорациялармен, соның ішінде американдық Дау кемекал ағылшындық Бритиш
петролиум және Бритиш газ, француздық Эльф Акитен және басқалармен
келісімдер жасадды.
Қазақстан экономикасына аса ірі капитал тартудын, айқын мысалы 40 жыл
мерзімге Теңгізшевроил бірлескен кәсіпорнын құру туралы меморандумға қол
қойылуы болды. Бірлескен кәсіпорынның қызмет істейтін бүкіл мерзімі бойында
табыстың 80 проц. Қазақстанға, 20 проц. Шевронға тиісті.
Бұрынғы Кеңес экономикасының ыдырауы салдарынан әлеуметтік-
экономикалық ахуалдың шиеленіскен жағдайында нарықтық реформа қиындықпен
жүріп жатыр. Алайда қазақстандықтардың жалпы ұлттық татулықтары болашақтың
жақсы болатынына үміттендіреді, бұл татулық Қазақстан Республикасының жаңа
мемлекеттік жалауында бейнеленген, онда көк жасыл түс бірлік пен ашық
аспанды, бейбітшілік пен игілікті бейнелейді; алтын күн — тыныштық пен
байлықты, дала қыраны — кеңпейілдік пен қырағылықты, асқақ ой-парасатты,
шанырақ-ата мекенді бейнелейді.
1993 жылы 28 қаңтарда республика Жоғары Кеңесі құқықтык мемлекет
құрудың ірге тасы, оның мемлекеттілігінің, тәуелсіздігін қамтамасыз етудің,
экономикалық, мәдени және ғылыми-техниқалық прогресс жолымен алға баса
беруінің кепілі болып табылатын тәуелсіз Қазақстан Конституциясын
қабылдады. Конституция бойьшша Қазақстан Республикасы өзінің барлық
азаматтарына бірдей құқық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тарихи қалыптасу жолдары (кезеңдері)
Мемлекет нысаны ұғымы
Мемлекеттің басқару нысаны және Қазақстан республикасының басқару нысанының өзіндік сипаты
Егемендіктің теориялық сипаттамасы
Қазақстан мемлекетінің конституциялық бақылау институтының қалыптасуы, нығаюы және дамуы
Қазақстан Республикасы біртұтас, зайырлы мемлекет
Мемлекеттердің кұқық мирасқорлығының процесін сипаттайтын құқықтық аспектілерін ғылыми түсінуі
Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституциялары
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер