Қазақ тіліндегі түбірге сіңіскен көне жұрнақтар


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТҮБІРГЕ СІҢІСКЕН КӨНЕ ЖҰРНАҚТАР

Орындаған: А. Т. Барибаева

5 курс студенті

Ғылыми жетекші: Б. С. Сағындықұлы

ф. ғ. д., профессор

Норма бақылаушы: Ә. Ж. Әміров

ф. ғ. к., доцент

Қорғауға жіберілді:

«»2007 ж.

кафедра меңгерушісі: Б. Қ. Момынова

ф. ғ. д., профессор

Алматы, 2007

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Қазақ тіліндегі түбірге сіңіскен көне жұрнақтар.

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың көлемі: 43

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 30

Тірек сөздер: Аффикстер, өлі түбір, тірі түбір, ескі жазбалар жеке мен ескерткіштер тілі, көне түркі жазуы, өнімді және өнімсіз жұрнақтар.

Зерттеу нысаны: Ескеркіштер тіліндегі ерекшеліктерге сүйене отырып, этимологиялық талдауларды басшылыққа алып, түбірге сіңіскен көне жұрнақтарды анықтау.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Қазақ тіліндегі өлі және тірі түбірлерге жалғанатын өнімді жұрнақтарды анықтау.

Жалпы түркілік жұрнақтардың даму тарихын нақты мысалдар арқылы ажыратып, көрсету.

Жұмыстың мазмұны: Кіріспеде жалпы түбірге сіңіскен жұрнақтардың даму тарихына тоқтала келе, жұмыстың өзектілігі, нысаны, мақсаты мен міндеттері, әдіс-тәсілдері жайлы мәлімет беріледі.

Негізгі бөлім екі тарауда қамтиды. Мұнда жалпы түбірге сіңіскен жұрнақтардың зерттелу тарихы мен грамматикалық сипаты жөнінде айтылады.

Қорытынды да жұмыс барысы жүйеленіп, негізгі бөлімде айтылған ой сараланып, түйінделеді.

Жұмыста қолданылған дерек көздер: Ғылыми еңбектер, этимологиялық және түркологиялық сөздік.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ТҮБІРГЕ СІҢІСКЕН ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

1. 1 Түркологияда зерттелуі . . . 8

1. 2 Қазақ тіл білімінде зерттелуі . . . 14

2 ТҮБІРГЕ СІҢІСКЕН ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

2. 1 Өлі және тірі түбірлерге жалғанатын көне жұрнақтар . . . 18

2. 2 Өлі түбірлерге сіңіскен жұрнақтар . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 42

КІРІСПЕ

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі: Қазақ халқы қалыптасқанға дейінгі кезеңдерде де, одан бергі кезеңдерде де қазақ тілі үнемі даму, өзгеру жолында болды. Дәп қазіргі өмір сүріп отырған қалпына келуі үшін қаншама заманды басына өткерді. Яғни тіліміздегі элементтердің, категориялардың, құбылыстардың өзгеріске түсуі заңды да. Осы тұрғыдан келгенде көне мен жаңаның арасындағы сабақтастықты көне ескерткіштер материалдар тіліне зерттеу жүргізбей тұрып анықтай алмаймыз. Тілде бір-бірімен қатынаспайтын, байланысқа түспейтін бөлшек жоқ. Қысқасын айтқанда, сөздердің, қосымшалардың тарихы дегеніміз бүкіл тілдің тарихы болып шыға келеді.

Түркологияда қазіргі тілдегі қосымшалар жеке мен шылаулардың арғы түбі - дербес сөздер (түбірлер) дейтін пікір көптен айтылып келе жатыр. Бұл пікір бойынша түркі тілдерінде грамматикалық мән бар. Буынды түбірлердің анықтауыш - анықталушы қатынастағы тіркесі арқылы берілген. Кейін, тілдің даму барысында, анықталушы позициядағы түбірдің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге түсуінің нәтижесінде шылаулар, солардан барып қосымшалар барып қалыптасады. Алайда қазіргі тіл құрамындағы қосымшалардың барлығы дерлік о баста дербес сөз болған дейтін көзқарастың көп ретте фактілерге сай келмейтіні соңғы кезде жиі айтылып жүр. Белгілі алтаист Г. Рамстедт алтай тілдеріндегі қосымшаларды екі топқа: суффикстерге, яғни, о бастан-ақ тек қана қосымша болып келе жатқандарға, аффикстерге, яғни, дербес сөздің нәтижесінде қалыптасқан қосымшаларға бөледі.

Көзқарастар кереғарлығының өзі қазіргі таңда тіл білімінде қосымшалардың бір өзіне қатысты шешуін күтіп тұрған мәселелер аз емес екендігі көрсетеді. Осы мәселенің бір ұшығы тіліміздегі түбірге сіңіскен жұрнақтарға келіп тіреледі. Тіліміздегі осы көне жұрнақтардың сіңіскен түбірлерінің өзінің даму тарихы қандай? Ол қандай даму сатыларын бастан өткеріп, қай дәуірде қандай мағына берді? Осы мәселелер де бүгінгі түркологияда әлі де талдауды қажет ететін, зерттеуге сұранып тұрған тақырып болып табылады.

Бітіру жұмысының нысаны: Қазақ тіліндегі түбірге сіңіскен көне жұрнақтарды анықтауы үшін ескеркіштер тіліндегі ерекшеліктерге сүйене отырып, этимологиялық талдауларды басшылыққа алып, түбірге сіңіскен көне жұрнақтарды анықтау.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: қазақ тіліндегі жұрнақтарды өнімді (тірі) жұрнақтар және өнімсіз (өлі) жұрнақтар деп бөлгенде, ең алдымен, олардың атқаратын функционалдық қызметтері еске алынады. Сол жұрнақтарды өзара топтастырып, морфологиялық құрамы мен фономорфермалық құрылысы жағынан алып қарастырғанда, олар бірнеше қалыпты түрде ұйымдасып қалыптасқан (модельге түскен) түрлерге бөлінеді де, ол түрлер, яғни топтар (модельдер) өзіне беретін мағыналары жағынан болсын, атқаратын қызметтер тұрғысынан болсын бір-бірінен ажырап бөлектеніп тұрады. Ол бөлектенудің басты себебі әр сөз таптарының өзіндік табиғи болмысына байланысты. Әдетте есім сөз тудыратын жұрнақтар, етістік тудыратын жұрнақтар деп атайтынымыз да осы бір мәселеге тәуелді. Есім тудыратын жұрнақтардың өзі зат есім жасайтын, сын есім жасайтын және сан есім жасайтын жұрнақтар болып бөлінгенде, олар өздеріне тән қалыпты бір түрі мен тұлғасы, құрамы мен құрылысы, яғни модельдері болады. Олар әр сөз табының өзіндік ерекшеліктеріне қарай мағына тудырып, қызмет жасайды.

Зат есім жасайтын жұрнақтардың қалыпты, модельдік құрамы әр алуан. Олар беретін мағынасына қарай ғана емес, морфологиялық құрамына қарай да өзара бөлектеніп тұрады.

Беретін мағынасына қарай аффикстер, ең алдымен, есім сөздеріне жалғанатын жұрнақтар және етістік сөздеріне жалғанатын жұрнақтар болып бөлінеді. Синкретикалық түбірлерге, яғни есім сөздеріне де етістік сөздеріне де бірдей жалғанатын жұрнақгар - өз алдына: Осы үш топка бөлініп отырған жұрнақгардың әрқайсысына тән бірнеше қалыптасып кеткен түрлері(модельдері) болады. Мысалы, есімдерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтардың мынадай модельдері бар (А. Ысқақовтың схемасы бойынша) /6, 165/:

- дақ// -дек // -тақ// -тек // -лақ// -лек : кұмдай,, саздақ, тайлақ, т. б.

- кеш: түйекеш, арбакеш.

- қор: жемқор, бәлеқор // пәлеқор.

- паз: өнерпаз, білімпаз, жеңімпаз.

- кес: даукес, зиянкес.

- қой: сәнқой.

- хана: малхана, жатақхана, асхана.

- стан: Қазақстан, Өзбекстан.

- кент: Жаркент, Шымкент, Ташкент,

- т: бүйрат, айт.

- ат: қырат, сызат, суат.

- айт // -ейт: қүмайт, шөлейт.

- іт; шилеуіт.

- қал: шатқал.

Ал енді етістіктерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтардың фономорфемалық кұрамы баскщна болып келеді:

- мақ// - мек // -бақ// -бек // -пақ// -пек: ілмек, піспек, аймақ, шақпақ,
сырмақ, кұймақ, жұмбақ;

-- мыс // -міс // -мыш //-міш: тарамыс, қылмыс, болмыс, жазмыш, тұрмыс;

- мал // -мел: ашымал, саумал, түнемел, сүйемел, орамал, тасымал, жорамал;

- ман // -мен // -бан // -бен; аларман, берермен, көрермен, атарман,
шабарман, сабарман, өлермен, түрарман, жыларман;

- уыл // -уіл // у -ыл // іл: бөгеуіл, қарауыл, шабуыл, тосқауыл, сырғауыл, ереуіл;

  • қын // -кін // -ғын // -гін: қуғын, қашқын, тасқын, тұрғын, көшкін, қырғын, тұтқын, шапқын, жойқын, ұшқын;
  • асы // -есі: аласы, бересі, көресі, шығасы;
  • ашақ// -ешек: алашақ, көрешек, туашақ;

- пақыл // -мекіл: атпақыл, үйірмекіл, қаржымақыл, шертпекіл, қақпақыл ;

- уыр // -уір: шымшыуыр, сүңгуір;
- а // -е: жара, жыра, күйе;

  • қа // -ке; жаңқа, тұтқа.

Соңғы аталған төтр түрлі жұрнақты автор "тіпті өнімсіз формалар" деп атайды да, оларды "тізімге енгізілмеді" деп көрсетеді /6, 165/.

Омоним аффикстер: -т // -ыт// -іт; етістіктерге жалғанып, өзгелік етіс және есім сөздерден етістік жасайды. Етістіктерден зат есім тудырады: бөгет, шабыт, сарқыт, іркіт, суыт; есімнен есім жасайды: қырат, уыт, жеміт.

-р // -ыр // -ір// -ар // -ер: етістіктерге жалғанып, өзгелік етіс жасайды. Есімдерге жалғанып етістік тудырады. Етістіктерге жалғанып, етістік тудырар зат есім, сын есім тудырады: бүкір, тықыр, жұмыр, обыр, шұқыр, көмір, түйір, шоғыр, қайнар, қара, жанар.

-н // -ын // ін: етістікке жалғанып, өздік етіс жасайды, есімдерден етістік тудырады, етістіктерден әрі зат есім, әрі етістік формаларын жасайды: боран, келін, жуын, құйын, жиын (зат есімдер) .

- шақ // -шек: зат есімнен зат есім жасайды, етістіктен зат есім тудырады;
өздік етіс формаларынан сын есім жасайды: емшек, бөлшек, ерішек, мақтаншақ,
ашуланшақ.

-сын // -сін: есімдерден туынды етістік жасайды, етістіктерден зат есімдер тудырады; борасын, бұрқасын, бөгесін, ықтасын, бүктесін.

Осы омоаффикстердің қатарына, біздің ойымызша, - ат // -ет жұрнағын да жатқызуға болатын сияқты, өйткені казақ тілінде А Ыскақов көрсеткен есім түбірден жасалған сызат (сыз, сызу, сызған, сызба, сызып кеткен) сөзі де бар: сызат жара, сызат ізі бар (бір нәрсенің сыза жыртып түсірген жарасы туралы айтылады) . Ғалым келтірш отырған жұрнақгардьщ біразы, ягаи күрделі әртүрлі қосымшалар да болуы мүмкін. Мысалы, шапқын, ұшқын, тұрғын, көшкін, қырғын, шалғын сөздерінің шапқын, үшқыш, тұрғыш, көшкіш, қырғыш, шалғыш деген түрлері бар.

Көне туыңды түбір шап-қы, ұш-қы, тұр-ғы, көш-кі, қыр-ғы, шал-ғы (шалғы деген шөп шабатын қүралдың аты да бар) дегеы сөздерге бірде - н форматы, енді бірде- ш форматы жалғанып тұр.

ашақ// -ешек жұрнағы екі элементтен құралған: көр-е-шек, ал-а-шақ.

Атпақыл, шертпекіл сөздері ат-па-қыл, шерт-пе-кіл болып бөлінсе, керек, автор оларды -пақыл // -пекіл деп келтіріпті.

Шымшыуыр, сүңгуір сөздерін шым-шы-уыр ? сүң-гі-уір деп бөлгеннен гөрі шымшы-у-ыр, сүңгі-у-ір деп талдаған қолайлырақ болар деп ойлаймыз.

-шақ // -шек аффиксі туралы. Кдзақ тілінде түйішпек сөзінің халық тілінде
түйінше деген түрі де бар, жарықшақ сөзінің жарықща варианты тағы бар.
Осыған орай зат есімдерге жалғанып, кішірейту мағынасын беретін формаларды -ша // -ше және -қ // -к деп екі жікке бөліп қараған жөн сияқты.
Қазақ тіліндегі синтетикалық (морфологиялық) сөз жасам әдісінің типтері
мен түрлерін анықтап алу, жаңа сөз жасайтын және жаңа сөз жасап тұрған
морфемдердің өзара шекараларьш белгілеп, олардың фономорфологиялық өзгеру мүмкіншіліктерін реттеп, зерттеу қажеттілігі жалпы сөзтаным саласыңдағы басты принциптердің бірі болып саналады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақ тіліндегі өлі және тірі түбірлерге жалғанатын өнімді жұрнақтарды анықтау. Жалпы тілдік жұрнақтардың даму тарихын этимологиялық негіздерін көрсете отырып, нақты мысалдар арқылы ажырату.

Жұмыстың зерттеу әдістері: Қазіргі қазақ тілі мен көне түркі ескерткіштері тіліндегі қосымшалардың өнімді, өнімсіздігін және түбірлердің өлі және тірі болып ажыратылуын анықтауда салыстыру және талдау әдістері пайдаланылды.

  1. ТҮБІРГЕ СІҢІСКЕН ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІТүркологияда зерттелуі

Қазіргі түркі халықтары тілінің тарихын, олардың қалыптасу процесінің заңдылықтарын ашып-білуде көне дәуір ескерткіштері материалдарының тигізер пайдасы орасан болмақ. Ол мұралардың тілін ұқыпты түрде салыстыра зерттеу, әдеби тілдердің қалыптасу тарихын және олардың арасындағы ұқсастығы мен айырмашылығын айыра білуге көмектеседі. Түркі халықтарының тарихи және тарихи-салыстырмалы грамматикасын жасауға мол материалдар береді.

«Көне түркі ескерткіштерін, соның ішінде орта ғасыр жазбаларын оқып-үйрену, тілін талдап, әрқилы салаға салып зерттеу және еңбектер жазу - қазақ тіл білімінің күн тәртібінде тұрған тұлғалы тақырыптардың бірі» /3, 5/.

Жұмысымыздағы негізгі тақырыпқа көшпес бұрын алдымен тоқтала кететін бір мәселе - қазіргі түркі тілдеріндегі сөз тудыру, яғни жұрнақ туралы зерттеулердің жай-жапсары. Өйткені бұл көне сөз жасау жолдарының сырын, сипатын толық ашу үшін керек.

Қазіргі түркі тілдеріндегі сөз тудыру тәсілдерінің зерттелу тарихын көрсететін әдебиеттердің көрсеткішін мынадай салаларға бөліп қарауға болады:

  1. Жеке түркі тілдеріне арналған грамматикалар;
  2. Бір немесе бірнеше жұрнақтар жайында жазылған мақалалар;
  3. Диссертациялық жұмыстар;
  4. Монографиялық зерттеулер.

Жеке түркі тілдеріне арналып жазылған грамматикаларды екі мерзімге бөліп қараймыз:

А) 1917 жылға дейінгі аралық;

Ә) 1917 жылдан кейінгі кезең.

Бұлар қазіргі түркі тілдеріндегі сөз тудыратын жұрнақ туралы зерттеулердің жай-жапсарын, тарихын, білу үшін орхон-енисей ескерткіштеріндегі сөз жасау жолдарының сырын, сипатын толық ашу үшін қажет /5, 28/. Мұндай еңбектердің ішінде тарихи салыстыру әдісін кеңінен пайдалана отырып, жұрнақтар туралы жалпы түркі тілдеріне жанасты теориялық та, практикалық та құнды мәселелер көтерген монографиялық зерттеулер, әрине, жоқ емес.

ХІХ ғасырдың басында түркі тілдеріне арналған грамматикалар шыға бастады. Солардың бірі 1801 жылы шыққан И. Гигановтың грамматикасы (Грамматика татарского языка) . Сібір татарларының тіл заңдылығын негізге алып жазылған бұл еңбекте мардымсыз түрде болса да түркі тілдеріне тән кейбір сөз тудыратын: -даш, -лық, -лы, -чил, -ан, -чық, -ач, -ш, -ма, -ым, -н, -ған, -ғыр, -у, -ыч, -қан, -ша, -ла, -лаш, -лан, -сын, -ар, т. б. жұрнақтар жайы сөз болады.

1839 жылы шыққан Мырза-Александр Казем-Бектің грамматикасында (Общая грамматика турецко-татарского языка) сөз тудыратын жұрнақтар жөнінде айтылған кейбір пікірі ( -шы, -ші, сатушы, етікші) түркі тілдері үшін әлі де ескірген жоқ.

Туынды сөздер және олардың жұрнақтары туралы ( -лу, -чы, -ғы, -лық, -аш, -чақ, -шы, -уу, -ағ, -ығ, -ақ, -ық, -т, -ман, -қын, -ынты, -лы, -алан, -ау, т. б. ) недәуір құнді пікір айтылған еңбек 1869 жылы Қазан қаласында шықты. Еңбектің атауы «Грамматика алтайского языка». Сондай-ақ М. Терентьев (Грамматика турецкого, киргизского и узбекского языков. 1873), В. В. Катаринский (Грамматика киргизского языка. 1897), С. В. Ястремский (Грамматика якутского языка. 1900) өздерінің еңбектерінде сөз тудыру тәсіліне, аффикстер түрлеріне айрықша көңіл бөліп отырады.

Сол сияқты В. В. Радлов та түркі тілдеріндегі сөз тудыру жолдарын, қосымшалардың даму, өзгеру жолдарын арнайы зерттеп, бірнеше мақала жазады (Введение к установлению морфологии тюркских языков. - «Записки Академии наук». ҮІІ серия. т. ҮІІ, №7. Спб., 1905; Древнетюркские надписи Монголии. Спб., 1895; Якутский язык в его отношении к тюркским языкам. Спб., 1908; Древнетюркские стадии. - «Известия Академии наук». Серия ҮІІ, 1909-1910) . Бұл мақалаларында ол түбір сөздерге жалғанатын қосымшаларды сөз тудыратын, сөз түрлендіретін және өлі мен тірі деп бөліп қарастырып, әрқайсысына жеке-жеке талдау жасайды. Ғалым В. В. Радлов сөз тудыру, түрлендіру жолдарын морфологияға тән деп есептейді.

Ал П. М. Мелиоранский қазақ тілінің грамматикасын жазып, бұл еңбегінде әр сөз табына байланысты сөз тудыратын жұрнақтарға шолу жасауға тырысады (Краткая грамматика казах-киргизского языка, часть І. Спб., 1894; часть ІІІ, 1897) .

Түркі тілдерін, оның ішінде сөз тудыру амалдарын, қосымшалар табиғатын зертеуде недәуір еңбек еткен ғалымдардың қатарына О. Н. Бетлингк пен Н. Ф. Катановты да жатқызуға болады. О. Н. Бетлингк өзінің монографиясының үшінші бөлімін сөз тудыратын жұрнақтар мен сөз түрлендіретін қосымшаларға арнайды. Бұл еңбектің ерекшелігі якут тіліндегі морфологиялық құрылыстарды басқа түркі тілдерінде бар құбылыстармен салыстыра отырып зерттеген. Сөйтіп ол сөз тудыратын жүзге тарта қосымшаны атап көрсетеді (О языке якутов. 1851) .

Н. Ф. Катанов та өзінің монографиялық еңбегінің үшінші бөлімін түркі тілдерінде сөздердің жасалу жолдарына арнайды. Сөз тудыратын жұрнақтарға тереңірек тоқталып, оларды сөз таптарына қарай жан-жақты саралап көрсетеді (Опыт исследования урянхайского языка с указанием главнейших родственных отношений его к другим языкам тюркского корня. Казань, 1903) . Сонымен қатар кейбір түркі тілдеріне арналған грамматикалар мен жекелеген зерттеу жұмыстары да басылып шықты. Мысалы, Архангельский Г. В. Грамматика казахского языка. Ташкент, 1927; Гордлевский А. В. Грамматика турецкого языка. Москва, 1928; Богородицкий Г. А. Введение в татарское языкознание в связи с другими языками. Казань, 1934.

Сондай-ақ 1930-1940 жылдардың арасында А. К. Боровков (Учебник уйгурского языка. Ленинград, 1935), В. М. Насилов (Грамматика уйгурского языка. Москва, 1940), Н. К. Дмитриев (Грамматика кумыкского языка. Москва-Ленинград, 1940) ұйғыр, құмық тілдеріне арналған грамматикаларын жазды. А. К. Боровков аталған оқулығынан өзге де зерттеулерінде сөз тудыру мәселелеріне кеңірек тоқтайды. Түрік тілдерінің сөз тудыру тәсілдерін айта келіп, түбірге сіңіскен және жалғанған аффикстер туралы тұжырымдарын айтып, түркі тілдерінде флексиялық сөз тудыру жолдарының барын айтады.

Ал Н. К. Дмитриев өзінің грамматикаларында, басқа да зерттеулерінде (Грамматика башкирского языка. Москва-Ленинград, 1948; Турецкий язык. Москва, 1960; Строй тюркских языков. Москва, 1962) түркі тілдерінің сөз тудыру тәсілдеріне көбірек көңіл бөледі.

Т. Гарипов «Башкирское именное словообразование» (Уфа, 1959) кітабында Н. К. Дмитриевтің «Грамматика башкирского языка» атты еңбегін башқұрт тілінде алғаш жазылған ғылыми грамматика автордың отыз жылдық ғылыми еңбектерінің қорытындысы деп санайтынын айтып кетеді.

А. Н. Кононов өзінің еңбектерінде (Грамматика узбекского языка. Ташкент, 1948; Грамматика современнго турецкого литературного языка. Москва-Ленинград, 1956; Грамматика современного узбекского литературного языка. Москва-Ленинград, 1960) сөз тудыру мәселесіне ерекше мән беріп, оның жұрнақтарына жеке-жеке талдау жасап, сөз табының ең көлемді тарауы ретінде зерттейді. Ол өзбек, түрік тілдеріндегі сөз тудыратын жұрнақтардың этимологиясына, қолдану ерекшеліктеріне, өнімді, өнімсіздігіне сол тілдердегі тілдік материалдарды кеңінен пайдалана отырып, жан-жақты түсінік береді. Сонымен қатар, жеке жұрнақтар жайында ғылыми мақалалар да жазған. Автор бір тілдегі жұрнақтың фонетикалық, мағыналық ерекшеліктерін зерттеу арқылы сол жұрнақтың жалпы түркі тілдеріне ортақ қасиеттерін ашады.

Н. А. Баскаков өзінің түркі тілдеріне арналған грамматикаларында (Каракалпакский язык. Москва, 1952; Ногайский язык и его диалекты. Москва-Ленинград, 1940; Алтайский язык. Москва, 1953; Тюркские языки. Москва, 1960) сөз таптарына терең мінездеме бере отырып, сөз тудыру проблемасына арнайы тоқталады. Сөз тудыратын жұрнақтар да лексикалық және грамматикалық жұрнақтар деп екі топқа бөледі. Сөйтіп жаңадан сөз тудыратын жұрнақтармен қатар есімше, көсемшелер жасайтын қосымшаларды өз алдына жеке сөз етеді.

Қазіргі түркі тілдеріне арналып жазылған грамматикаларда сөз тудыратын жұрнақтардың мағыналық қасиеттері мен атқаратын қызметтері жан-жақты талданады. Мысалы, Н. П. Дыренкованың «Грамматика ойротского языка» (Москва-Ленинград, 1940), «Грамматика хакасского языка» (Абакан, 1948) еңбектерінде және Л. Н. Харитоновтың «Современный якутский язык» (Якутск, 1947) еңбегінде сол уақыт үшін өте құнды пікірлер айтылады. Сонымен бірге, әлі күнге дейін өз құндылықтарын жоймаған мына еңбектерді де атап кеткен жөн: Малов С. Е. Уйгурский язык. Москва-Ленинград, 1954; Батманов И. А. Современный киргизский язык. Фрунзе, 1953; Севортян Э. В. Фонетика турецкого языка. Москва, 1955; Решетов В. В. Основы фонетики, морфологии и синтаксиса узбекского языка. Ташкент, 1961; Искаков Ф. Г., Пальмбек А. А. Грамматика тувинского языка. Москва, 1961; Щербак А. М. Грамматика староузбекского языка. Москва-Ленинград, 1962; Покровская Л. А. Грамматика гагаузского языка. Москва, 1964; Мусаев К. Грамматика караимского языка. Москва, 1964.

Бұл еңбектердің қай-қайсысында да сөз құрамына терең талдау жасалынды. Қандай сөз болса да, оның өзіне тән құрамы, түр-тұрпаты, белгілі бір тұлғасы болады. Тұлғасыз сөз болуы мүмкін емес. Сөздің түр-тұрпаты оның лексика-грамматикалық сипаттарымен тікелей байланысты. Лексика мен грамматикалық сипат барлық сөздерде біркелкі болып келе бермейді. Сондықтан сөздердің лексика және грамматикалық сипатына орай олардың ішкі морфологиялық құрамы мен тұлғалық құрылым жүйесі де әртүрлі болып отырады. Бұл ішкі әртүрлілік өз тарапынан сөздердің сырт тұлғасының, сыртқы түр-тұрпатының әр алуан болып келуіне саяды /5, 28/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосымшалардың түбірге кірігу заңдылығының зерттелу жайы
Қазақ тіліндегі фузия құбылысы
Грамматикалық формалардың лексикалануы
Септік жалғауымен көнеленген үстеулердің тарихи даму жолы
Аударматану
Сөз және оның морфологиялық құрылымы
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
Тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің негіздері
Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз
Жұрнақтардың шығу тектері мен даму тарихының сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz