Мемлекет басқару нысаны


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3
МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУ НЫСАНЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5

Мемлекет түсінігі, белгілері және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
Мемлекет нысаны түсінігі, құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

7
МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУ НЫСАНЫ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17

Монархиялық басқару нысаны және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...
17

Республикалық басқару нысаны және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..
36


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУ НЫСАНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
43
Казақстан Республикасы . президентік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
43

Мемлекет механизмінің билікті бөлу қағидасына негізделе құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

47


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 59
Зерттеу жұмысының өзектілігіне тоқталсақ. Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тікелей тірек болатын барша құқықтық негізді қайта құру қажеттігі туды. Осыған орай Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостаңдықтары деп бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы басқару нысанына бірнеше баптар арнаған. Мысалы Конституцияның 2-бабында Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялайды. Сондай-ақ 91-баптың 2-тармағында Конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды делінген. Біздің дипломдық жұмысымыздың әрі қарай зерттеу нысаны да осы мәселе болып табылады.
Мемлекет нысаны мемлекеттің сыртқы тұрпаты мен ішкі мазмұнын сипаттайтын басқару нысаны; мемлекеттің құрылым нысаны және саяси режимнен құралған жиынтық деп анықтасақ, соның ішінде басқару нысаны мемлекеттегі жоғарғы егеменді биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара және халықпен байланысын сипаттайды. Осы аталған мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетеді және дипломдық жұмыстың әрі қарай зерттеу пәніне айналмақ.
Ғылыми зерттеудің дәрежесі. Жалпы таңдап алынған зерттеу тақырыбы төңірегінде шет елдік және қазақстандық заңгерлердің еңбектері баршылық. Соның ішінде дипломдық жұмыста ресейлік заңгер ғалымдардың, мысалы: Венгеров А.Б., Лазерев В.В., Новгородцев П.И., Чичерин Б.Н., Тихомиров Л.А., Солоневич И.Л., Алексеев Н.Н., Ильин И.А., Черняев Н.И., және тағы басқалардың еңбектері пайдаланылды.
Ал қазақстандық заңгер ғалымдардың ішінен С.С. Сартаев, Ғ.С. Сапарғалиев, Т. Ағдарбеков, А.С. Ибраева, Қ.Д. Жоламан, А.К. Мұқтарова, А.Н. Тәукелев, С. Өзбекұлы, Ө. Қопабаев, Д.А. Булгакова, А.Ж. Исатаев, В.А. Малиновский, Э.Б. Мұхамеджанов және тағы да басқалардың зерттеу жұмыстары пайдаланылды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсатын мемлекет басқару нысанының теориялық-құқықтық негіздерін ашу және Қазақстан Республикасының мемлекет басқару нысанының ерекшеліктерін көрсету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шығарылады:
- жалпы мемлекет түсінігі мен мемлекет нысанының түсінігін ашу;
- мемлекет басқару нысанының түсінігі мен түрлерін анықтау;
- президенттік басқару нысанындағы Қазақстанның билікті бөлу қағидасына негізделе құрылуының ерекшеліктерін ашу.
1 Венгерова А.Б. Теория государства и права. Часть 1. – М.,1995. - С. 73.
2 Лазерев В.В. Общая теория права. – М., 1994. – 356 с.
3 Новгородцев П.И. Кант и Гегель: в их учения о государстве. - М. 1901г.
4 Платон. Сочинения в 3-х томах. Т. 3 — М.: Мысль, 1971. — 687 с.
5 Гегель. Философия права. — М.: Мысль, 1990. — 524 с.
6 Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2002. – 320 б.
7 Ибраева А.С., Ибраева Н.С. Теория государства и права: Учеб. Пособие. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 432 с.
8 Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Баспа. – 1998. - 256 б.
9 Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 264 б.
10 Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығының негiздерi. Оқулық. - Алматы, 2003. - 55 б.
11 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме: Заңтану / жалпы. ред. басқ. А.Қ. Құсайынов - Алматы: Мектеп, 2002. – 336 б.
12 Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі - Алматы: Жеті жарғы, 1995. – 208 б.
13 Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. – 336 б.
14 Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Общая часть / Под. ред. проф. Страшуна Б.А. – М., 1996. – Т. 1. – 2. – 358 с.
15 Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. – М., 1997. – 250 с.
16 Государственное право буржуазных и освободительных стран: Учебник. 2-е изд., пераб и доп / Отв. ред. Ильинский И.П. и Энтим Л.М. – М., 1988. – 368 с.
17 Чичерин Б.Н. Курс государственных наук. – М., 1895. – Т.1. - 125 с.
18 Тихомиров Л.А. Монархическая государственность. - ГУЛ: Облиздат, 1998. - 350 с.
19 Солоневич И.Л. Народная монархия. – Минск., 1996. – 325 с.
20 Алексеев Н.Н. Русский народ и государства. – М., 1988. - 255 с.
21 Ильин И.А. Соб. Соч в 10 томах. – М., 1994. – Т.4. - 540 с.
22 Черняев Н.И. Необходимость самодержавия для России, природа и значение монархических начал. Этюды, статьи и заметки. – Харковь, 1907. – 245 с.
23 Шапиро А.ЛД. Об абсолютизме в России // История СССР. – М,: 1968. - №5. – С. 70.
24 Коркунов Н.М. Русское государственное право. – СПб., 1914. – Т. 1. - изд 8. - 385 с.
25 Палиенко Н.И. Основные законы и форма правления в России (Юридическое исследования). – Харковь, 1910. - 365 с.
26 Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 464 б.
27 История госдуарсвта и права: Словарь –справочник / Под ред. М. И. Сизикова. – М.: Юрид., 1997. – 304 с.
28 Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права: Учебник в 2 т. Т.1. – М.: Остожье, 1998. – 512 с.
29 Булгакова Д.А., Исатаев А.Ж. Мемлекет және құқықтық жалпы тарихы (оқу-әдістемелік құрал). – Алматы: Заң әдебиеті, 2004. - 228 б.
30 Решетников Ф.М. Правовые системы стран мира. Справочник. – М.: Юридическая литература, 1993. – 256 с.
31 Совершенствование института Президента в Республике Казахстан// Казахстанская правда. – 1995. - №16. - 11 апреля.
32 Данков Т. О новом конституционном статусе Президента// Казахстанская правда. – 1995. – 8 декабрь.
33 Мухамеджанов Э.Б. К вопросу о президентско-парламентской форме правления в Казахстане// Материалы научно-практической конференции «Развитие институтов демократии в Республике Казахстан в свете конституционной реформы 2007 года». – Алматы, 2008. – 274 с.
34 Ишемкулов Т. Институт президенства в Казахстане//Советы Казахстана, 22 апреля, 1995 года.
35 Қазақстан Республикасының Конституциясы: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы №254-Ш Заңмен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін. - Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 136 б.
36 Нурпейсов Е.К. Политический портрет Казахстана// Бизнес и право. – Алматы, 1993. - № 1. - С. 8-9.
37 Мәмбетказиев Е. Казахстан будет готовить специалистов в лучших университетах США и Европы//Казахстанская правда. – 1994. - №12. - 29 марта.
38 Якубов Н. Институт президентства в Казахстане// Советы Казахстана. – 1995. - 25 апреля.
39 Малиновский В. Новый Казахстан: «от президентской формы правления к президентско-парламентской» //Материалы научно-практической конференции «Новый этап демократизации Казахстана – ускоренное развитие свободного демократического общества». – Алматы, 2007. – 216 с.
40 Лазарев В.В. Липень С.В. Теория государства и права. – М.: Спарк. 2006. – 458 с.
41 Ленин В.И. Очередные задачи советской власти. ППС. Т. 36 - М., - С. 165 – 208.
42 Локк Дж. Избранное. Т.2. - М., 1960. – 36 с.
43 Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық Заңы//Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. - 1995. - № 21. – 124 қ.
44 Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 1995 ж. 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы// Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995. - №24. – 118 қ.
45 Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы //Егемен Қазақстан. – 2000. – 30 желтоқсан.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 82 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге




МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1 МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУ НЫСАНЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . 5

1.1 Мемлекет түсінігі, белгілері және 5
мәні ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
1.2 Мемлекет нысаны түсінігі, 7
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...

2 МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУ НЫСАНЫ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17

2.1 Монархиялық басқару нысаны және оның 17
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2 Республикалық басқару нысаны және оның 36
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУ НЫСАНЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 43
.
3.1 Казақстан Республикасы – президентік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 43
... ... ... ... ... ..

3.2 Мемлекет механизмінің билікті бөлу қағидасына негізделе
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 58
... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 59
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

БАЯНДАМА

Құрметті мемлекеттік емтихан комиссиясының мүшелері мен төраға. Бүгінгі
менімен қорғалатын дипломдық жұмыстың тақырыбы: Мемлекеттің басқару нысаны.
Дипломдық жұмыс әрқайсысы екі бөлімнен тұратын 3 тараудан құралған.
Бірінші тарауында жалпы мемлекет түсінігі мен мемлекет нысанының түсінігі
қарастырылған, екінші тарауда мемлекет басқару нысанының монархиялық және
республикалық түрлері анықталып, зерделенген, Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік басқару нысанының ерекшеліктері атты үшінші тарауда
Қазақстандағы президенттік басқару нысанының ерекшеліктері анықталады.
Кіріспе бөлімде мемлекет үлгілеріндегі, институтарындағы түсініктер
салыстырылған, ал мемлекет түсінігі, белгілері және мәні бірінші тараудың
негізінде жатыр. Осы тарауда мемлекет танушылардың соңғы кездегі осы
мәселелер жағдайындағы ой пікірлері әр-түрлі жағынан көрсетілген.
Тәжірибиелік жақты мемлекет басқару нысандарын баяндайтын екінші тарау,
осы бағытта жинақталған ой-пікірлерді үйлестіру нысанында жазылған. Осы
жерде тарихи тәжірибиеден өткен мемлекет басқарудың формаларына
салыстырмалы сипаттама беру жағын баса айтуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігіне тоқталсақ. Қазақстан тәуелсіздікке ие
болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тікелей
тірек болатын барша құқықтық негізді қайта құру қажеттігі туды. Осыған орай
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында өзін демократиялық,
зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның қымбат
қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостаңдықтары деп
бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы басқару нысанына
бірнеше баптар арнаған. Мысалы Конституцияның 2-бабында Қазақстан
Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп
жариялайды. Сондай-ақ 91-баптың 2-тармағында Конституцияда белгіленген
мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару
нысанын өзгертуге болмайды делінген. Біздің дипломдық жұмысымыздың әрі
қарай зерттеу нысаны да осы мәселе болып табылады.
Мемлекет нысаны мемлекеттің сыртқы тұрпаты мен ішкі мазмұнын
сипаттайтын басқару нысаны; мемлекеттің құрылым нысаны және саяси режимнен
құралған жиынтық деп анықтасақ, соның ішінде басқару нысаны мемлекеттегі
жоғарғы егеменді биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара және
халықпен байланысын сипаттайды. Осы аталған мәселелер тақырыптың
өзектілігін көрсетеді және дипломдық жұмыстың әрі қарай зерттеу пәніне
айналмақ.
Ғылыми зерттеудің дәрежесі. Жалпы таңдап алынған зерттеу тақырыбы
төңірегінде шет елдік және қазақстандық заңгерлердің еңбектері баршылық.
Соның ішінде дипломдық жұмыста ресейлік заңгер ғалымдардың, мысалы:
Венгеров А.Б., Лазерев В.В., Новгородцев П.И., Чичерин Б.Н., Тихомиров
Л.А., Солоневич И.Л., Алексеев Н.Н., Ильин И.А., Черняев Н.И., және тағы
басқалардың еңбектері пайдаланылды.
Ал қазақстандық заңгер ғалымдардың ішінен С.С. Сартаев, Ғ.С.
Сапарғалиев, Т. Ағдарбеков, А.С. Ибраева, Қ.Д. Жоламан, А.К. Мұқтарова,
А.Н. Тәукелев, С. Өзбекұлы, Ө. Қопабаев, Д.А. Булгакова, А.Ж. Исатаев,
В.А. Малиновский, Э.Б. Мұхамеджанов және тағы да басқалардың
зерттеу жұмыстары пайдаланылды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсатын
мемлекет басқару нысанының теориялық-құқықтық негіздерін ашу және Қазақстан
Республикасының мемлекет басқару нысанының ерекшеліктерін көрсету болып
табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шығарылады:
- жалпы мемлекет түсінігі мен мемлекет нысанының түсінігін ашу;
- мемлекет басқару нысанының түсінігі мен түрлерін анықтау;
- президенттік басқару нысанындағы Қазақстанның билікті бөлу қағидасына
негізделе құрылуының ерекшеліктерін ашу.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы. Дипломдық жұмысты жазу барысында
осы тақрыпқа арналған көптеген ресейлік және қазақстандық авторлардың
еңбектері және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері
қолданылды.
Дипломдық жұмыста жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ және арнайы танымдық
әдістер: диалектикалық, жинақтау, тарихи, салыстырмалы, функционалды т.б.
қолданылды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында ізденуші заң ғылымының белгілі
өкілдері С.З. Зимановтың, С.С. Сартаевтың, З.Ж. Кенжалиевтің,
С. Өзбекұлының, Ғ.С. Сапарғалиевтің, А.С. Ибраеваның, Т.А.
Ағдарбековтың, В.А. Малиновскийдің, Э.Б. Мұхамеджановтың т.б. еңбектерінің
теориялық тұжырымдарын басшылыққа алды.
Зерттеу объектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектісіне
мемлекет нысанына байланысты туындайтын қатынастар жатады.
Зерттеу пәні. Зерттеу жұмысының нақты пәнін мемлекет басқару нысанының
теориялық аспектілерін зерделеу құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы төменгі
тұжырымдардан көрінеді:
- мемлекет нысанының түсінігі мен құрылымы жан-жақты теориялық тұрғыда
ашылып көрсетілді;
- мемлекет басқару нысанының түрлері ретінде монархиялық және
республикалық басқару нысандары кеңінен талданды;
- Қазақстан Республикасының басқару нысанына сипаттама берілді.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеу нәтижелерін еліміздің жоғарғы оқу
орындарындағы заңтану мамандығындағы Қазақстан Республикасының мемлекет
және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы, шетелдердің мемлекет
және құқық тарихы, салыстырмалы құқықтану пәндері бойынша дәріс жүргізу
кезінде кеңінен қолдануға т.б. арнайы курстар бағдарламасын дайындауда
пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс реферат, глоссарий, кіріспе, үш
бөлім, алты бөлімшеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1. МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУ НЫСАНЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мемлекет түсінігі, белгілері және мәні
Мемлекет – өзінің билігін елдің бүкіл төңірегіне және халқына
жүргізетін, сол үшін арнайы басқару аппараттын ұстайтын, басшылыққа міндет
етілетін үкімдер шығаратын, егемендікке ие біртұас саяси қоғамдық ұйым.
Мемлекет қоғамдық дамудың өнімі болып табылады. Адамзат қоғамының
белгілі бір даму сатысында пайда болып, мемлекет экомикалық, әлеуметтік,
құқықтық, психологиялық және басқа зандылықтардың салдарынан, қоғамның
негізгі басқару жүесіне айналады. Мемлекет – даму үстіндегі тарихы құбылыс.
Қоғамның дамуымен қатар мемлекете өзгеріске ұшырайды оның мүдделері мен
мақсаттары, басқару құрылымдары мен функциялары өзгереді. Түрлі тарихи
кезендерде ғылыми ой мемлекет ұғымына өзінің анықтамасын беруге талаптанып,
ол үшін негізінен солкезеңдердегі нақты мемлекеттердің ерекшеліктерін
бейнелейтін объективтік факторларды пайдаланды.
Мемлекет – қоғамдық дамудың жемісі. Адамзат қоғамының белгілі бір даму
сатысында пайда болып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, құқықтың,
психологиялық және басқа зандылықтардың салдарынан қоғамның негізгі басқару
жүйесіне айналады. Мемлекеттік – ұйымдасқан қоғам өзінің қалып тасуына
қажетті жаңа (айрықша) мүмкіндіктерде ие болды. Бұл мүмкіндіктер өндірістік
күштерді, әлеуметтік қатынастарды, құқықтық қалыптастыруларды, ғылымды,
халықаралық байланыстарды дамытудан тұрады.
Түрлі тарихи кезеңдерде ғылыми ой мемлекет түсініге өзінің анықтамасын
беруге талаптанды, ол үшін сол кезеңдердегі нақты мемлекеттердің
ерекшеліктердің бейнелейтін, объективтік факторларды пайдаланады. Барлық
өткен, кәзіргі және болашақтағы кезеңдерге сәйкес, мемлекеттің бүкіл мүмкін
белгілері мен қасиеттерін сипатттайтын жалпы түсінікті анықтау мүмкін емес.
Мемлекеттің даму барысының әр кезеңдерінде, түрлі уақыттарда болған
көптеген жағдайлар басқа мемлекеттерге тән емес бірқатар ерекшеліктері мен
спецификалық белгілері туғызады. Сонымен қатар, әлемдік ғылым мен қоғамдық
практика дәлелдегендей, әр мемлекет белгілерге ие. Бұл белгілердің өзара
әсерлері мен жиын ы мемлекет ұғымының келесі анықтамасын беруге мүмкіндік
туғызады.
Мемлекет – өзінің билігін елдің бүкіл төңірегіне және халқына
жүргізетін, сол үшін арнайы басқару аппаратын ұстайтын, баршылықа міндет
етілетін үкімдер шығаратын, егемендікке ие біртұтас саяси қоғамдық ұйым.
Мемлекет саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін.
Бырақ мемлекет – ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның атынан,
қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Мемлекет қоғамның атынан қоғамның
ішінде де, мемлекеттермен қатынастарда да қызмет атқрады. Сондықтан
мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанамалай әсер ететін ерекше
органдары және басқа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар:
1 Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі – ол
басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекет
өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастарып, өз еркімен жүзеге
асырады.
2 Билеуші органдар. Мемлекеттің ерекше билеушу, басқарушы органдары
болады. Мемлекет органдарында тек басқару қызметімен шұғылданатын
чиновниктер (қізметкерлер) болады. Қоғамда жаңа тәртіпті қамтамасыз ету
үшін мемлекет әскер, полиция құрады. Сыртқы жаулардың жансыздарынан сақтану
үшін қарсы барлау ұйымдастырады.
3 Арнаулы материалдық қор. Мемлекет органдарын, оларды істейтін
қізметкерлерді қаражаттандыратын оның арнаулы материалдық қоры болады. Ол
қорды мемлекет жасау алым-салық белгілейді және оны жинайды
4 Аумағы. Мемлекеттің өзінің тұрағы, алмағы болады. Сол аумақта
мемлекет құрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. өз аумағының
тұтастығын мемлекет барлық күш-қуатымен сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет
жасайды. Мемлекеттер арасында қарамақайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыстар
көбінесе осы жер, аумақ мәселесіне байланысты.
5 Құқықтық жуйесі. Мемлекеттің күрлелі белгілерінің бірі – құқықтық
жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды
қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалады.
Оларды жасап қабылдайтын мемлекетін тиісті өкілеттігі бар органдар болады.
Мемлекет мәнін анықтау да оның таптық табиғаты, мемлекеттің үстем
етуші тап билігін орнату құралы ретінде түсіну орын алды [1]. Мемлекет
пәні туралы басқа да сипаттамалар болды . Соның ішінде мемлекет мәнін
анықтауда оның қоғамның саяси, құрылымдық, территориялық ұйым екендігі,
әлеуметтік және таптық мәні, типологиясы, өндіріс әдісі т.б. түсініктер
қолданылды.
Қорыта айтқанда мемлекет мәнін кең және тар мағнада анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекттің әлеуметтік мәнін қоғамның биліктік-саяси ұйымы,
адамдар бірлестігі ретінде айқындауға болады. Тар мағнада мемлекеттің
әлеуметтік мәні жария биліктің мекемелері жүйесі, басқару аппараты түрінде
көрінеді [1, 102 б.].
В.В. Лазерев жетекшілігімен шыққан Құқық және мемлекеттің жалпы
теориясы атты оқулықта [2]. Мемлекет мәні - осы құбылыстағы басты нәрсе,
ол оның мазмұнын, мақсатын, әрекет етуін (билік) және қатынастылығын
анықтайды. Сонымен қатар мелекет мәнін түсінуде таптық тұрғыда қарау аз,
сондықтан мемлекет теориясының басқа түсініктерін пайдалануға (элитарлық,
технократиялық, плюралистік т.б) ұсынады.
Қәзіргі кезде әлеуметтік мектептер мен ағымдарға сипаттама бергенде
мемлекетке дегден екі жақты басты көзқарарс – марксистік және марсистік
емес -қалыптасқан.
Қәзіргі жағдайда мемлекет туралы әлеуметтік тұжырым , әсіресе жаңа
ғылыми және оқу пәні –аяси ғылым пайда болғаннан және қабылданғаннан соң
ғылымда тұтастай үстемдік ала бастсды.
Мемлекетке анықтама берудің заңдылық – экономикалық көзқарасы шет ел
ғылымыныда жиі ұшырасады. Онда заңды түрде ұйымдасуына және бірлескен
орталықтандырылған экономикалық қызметінің қажеттілігіне баса назар
аударылады. Шет ел ғылымында мемлеклеттің басқа да анықтамалары толып
жатыр, олар оның әр қырына баса назар аударады. Соңғы кезде мемлекетке
кибернетикалық тұрғыда сипаттама беру байқалады. Оны жақтаушылар мемлекетті
тікелей және кері байланысты ақпаратқа таңылған жүйе ретінде қарастырады:
ақпараттар” мемлекеттік рецепторға “енгізілуге, солан соң одан беделді
шешімдер “шығаруға” тиіс. Оларды халық әрқалай қабылдайды, ол жөнінде
ақпараттар рецепторға қайта келіп түседі, содан соң үздіксіз жаңа цикл,
т.т. басталады дейді.
Мемлекет туралы айтылғандарды байқасақ – мемлекет белгілі бір ұйым, ол
билік өкілеттігіне ие, оның мамандандырылған агенттіктер мен
ведомствалардан тұратын аппараты болады деген пікірді білдіреді. Қорыта
айтсақ, мемлекет- қоғамдағы бірден бір әмбебапұйым, ол әкімшілік – аумақтық
бөліністерге сәйкес елдің барлық халқын қамтиды.
Мемлекетке қысқа, әрі жан-жақты анықтама беру мүмкін емес, ол - өте
күрделі, көп қырлы құбылыс. Қәзіргі мемлекет – қоғамдағы әмбебап саяси
ұйым, әлеуметтік кереғарлыққа сүйенген және “ортақ істерді” орындау
қажеттігінен туған ұйым. Оның ерекше жария билігі және қоғамды басқаратын
мамандандырылған аппараты болады. Ол ең алдымен экономикалық ,саяси және
идеологиялық жағынан үстем әлеуметтік топтың мүдделеріе білдіреді және
белгілі бір дәрежеде қоғамның әралуан топтары арасында төрелік қызметті
орындайды. Бұл ұйым, ең алдымен, халықты әкімшілік аумақтық бөліністерге
бөлу мен азаматтық институт негізінде құрылады

1.2 Мемлекет нысаны түсінігі, құрылымы
“Мемлекет” – түсінігін анықтағаннан кейін, мемлекет аспектілерінің
бірі – оның нысанын қарастыруға болады. Кез келген тарихи кезеңдегі
мемлекеттің нақты нысанының ерекшелігі ең алдымен, қоғамдық және
мемлекеттік өмірдің жетілу дәрежесімен, мемлекеттің алдына қойған
мүдделерімен және мақсаттарымен анықталады. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекет
нысанының категориясы оның пәніне тікелей байланысты және сонымен
анықталады. Мемлекет формасына халықтың мәдени деңгейі, ұлттық
ерекшеліктері, тұрғылықты жердің табиғи жағдайлары және басқа факторлар
едәуір әсер етеді. Мемлекет формасының спецификасын мемлекет пен оның
органдарының мемлекеттік емес ұйымдармен (партиялар, кәсіптік ұйымдар,
қоғамдық қозғалыстар, шіркеу және басқа ұйымдар) өзара қатынасын анықтайды.
Мемлекет нысаны – басқару нысанында, мемлекеттік құрылым нысанында
бейнеленген мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру.
Түрлі елдердегі мемлекеттік нысандар тек өздеріне тәни белгілермен
ерекшеліктерде ие; олар қоғамдық даму барысында жаңа мағынамен
толықтырылып, өзара байланыс және әсер салдарынан жетіле түседі.
Мемлекет туралы ұғым мемлекеттанудағы ең маңызды мазмұндамалық
сипаттамалардың бірінен саналады. Әдістемелік жағынан алып қарағанда мұның
маңызды екенінде сөз жоқ. И. Канттың өзі де дер кезінде нысан жөнін
мемлекеттліктің тәртіпке келтіретін, оны синтездейтін түпкі бастамалық
негіз ретінде қарастырған [3]. Күні кеше ғана болып өткен болмыс
тіршіліктердегі ғылыми зерттеулер мен саяси құқықтық практика бұл
санаттардың өз дәрежесінде бағаланбағанын айғақтайды. Алайда, мемлекеттік-
құқықтың жаратылыстан туындайтын мемлекет нысанының (сондай-ақ, құқық
нысандарының да) қатаңдығы мен айқындығы саяси бағыт-бағдарларды іске
асырудағы субъективизм мен зорлық-зомбылықтарды елеулі түрде шектей
алатындығы сөзсіз. Кеңестік дәуір кезіндегі көптеген авторлар өз
еңбектерінде мемлекет мазмұнын, әсіресе оның таптық жақтарының маңызын
атап-атап көрсететін. Бұл еңбектердегі мазмұнның өзі
қалыптастырылған, құрылған болып келетініне, нысанның өзі мазмұнның
тіршілік ету тәсілі және білдіру екеніне, сол нысанның тек өзі ғана (басқа
емес) мазмұнға ие екеніне көбінесе көңіл бөліне бермейтін.
Бүкіл прогресшіл, алға қарай басушылықтың барлығын да тарихи
материализм өкілдері өздерінің жеңіл қолдылығымен мазмұнға жатқызып келген
болатын. Алайда, көптеген елдердің тарихы ұлттық күйреуге апарып соқтыратын
өте қатал әлеуметтік-саяси дағдарыстар кездерінде тек қана мемлекеттің
тұрпаты ғана, оның өз ішінен ұйымдасып бірлесуі, онда да, олардағы
күштердің тірі күйінде, аман-сау сақталынып қалғаны ғана, опат болып
құрудан, жойылып кетуден аман алып қалғанын көрсетіп отыр.
Мемлекеттегі орнықты және тұрақты болып келетіннің барлығы ең алдымен
және көбінесе оның нысанына жатады. Мемлекетке үйлестіре сәйкестенген
нысаны ұғымының білінуі көп бейнелі болып келеді. Билік өкілінің
мемлекет қызметкерлерінің бір үлгідегі киім киісінен мемлекеттің ішкі
ұйымдасуына, оның құрылымына дейінгі аралықты қамтиды. Заң салаларының
жария жақтарын жаратпай, оны елемей қоюдан мемлекеттік-құқықтық
немқұрайлылықтың көбінесе бастау алатыны біздің заманымыздың қатты сырқаты.
Сол кездің өзінде-ақ тұтасқан, бөлінбейтін ежелгі әлеуметтік
нормалардан құқықты нақ жария бастаудың өзі бөліп алған болатын, сондықтан
да мемлекет өзінің пайда болуы хақында нақ нысанға байланысты. Мемлекет
нысанын зерттеп зерделеу теорияның өзін әліппеден бастаудың магистралдық
бағытына тең болатын. Көптеген жүз жылдар бойында, антикалық заманнан келе
жатқан үрдіс бойынша мемлекеттік-құқықтық ғылым өз назарының кіндік тұсы
етіп екі мәселені ылғи да есте ұстаған болатын: тарих және осы заман
мемлекет нысанының қандайларын білетін еді, аталған халыққа дәл осы өтіп
жатқан кезеңдегі уақытта мемлекет нысанының белгілі болғандарының қайсысы
ең жақсы ұнасымды болар еді ?
Ежелгі гректердің нысан мәнісінің маңызын атап көрсетуі кездейсоқтық
емес. Мысалы, Платон нысан жөніне айқындаушы, белсенді рөл белгілеген [4].
Мемлекет идеясын, оның нысанын өзінен бөліп алып қарастыруға болмайды. Осы
аталым этимологиясының өзі соны нұсқап көрсетіп тұр (форма, нысан, эйдос,
идея, морфэ).
Аристотельдің [5] өзінде нысан мазмұнынан бұрынырақ заң ғылымдарының
жиынтығында да, космологияда да (трансценденттік парасатты танып білуде)
және антропологияда да (адам жанының жоғары рухани қабілетінің бөлінетіні
мен оның мәңгілік екенін танып білу) приоритет және материямен
пайдаланғандығын байқаймыз.
Қазіргі уақытта нысан деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның
құрылымы ұсынылады. Жұп болып келген басқа да философиялық санаттар
тәрізді мемлекет нысаны да өзінің мазмұнымен тығыз да нық байланыстылығымен
сипатталады. Осы соңғысы мемлекеттік биліктің, оның субъектісінің кімге
тиістілігін анықтауға мүмкіндік берсе, оны кім жүзеге асырады деген сауалға
жауап тапса, онда ол мемлекет нысанын зерделеу барысында ол мемлекеттегі
биліктің қалай ұйымдастырылғандығын, оның өзі қандай органдар арқылы
атқарылатынын, бұл органдардың құрылу тәртібінің қандай болатынын, олардың
өкілеттік мерзімдерінің қаншалықты ұзақтығын, ең соңында мемлекеттік
биліктің жүзеге асырылуы қандай тәсілдермен атқарылатынын және тағы сондай-
сондайларды анықтайды.
Мұнда басы ашық болып отырған мәселе мемлекет нысанының теория жүзінде
ғана емес, оның практикалық саяси мәнісінің бірінші дәрежеге дейін
көтерілуі. Мемлекеттік биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылып
жатқандығынан мемлекеттік басшылықтың нәтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы,
үкіметтің мәртебелік беделі мен қадірінің дәрежесі және оның
тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен күйі
көрініп тұрады. Міне мемлекет нысан мәселесінің аса маңызды саяси
аспектісінің осыларға байланысты болып келетін себебі осы. Мемлекет нысаны,
яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып
қарағанда әртүрлі аспектілер түрінде көрінеді. Біріншіден бұл мемлекет пен
басқарудың жоғарғы органдарды құру және ұйымдастырудың белгіленген рет
тәртібі. Екіншіден – бұл мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі,
орталық, регионалдық және жергілікті билік пен басқарулардың өзара
қатынастарын белгілеудің тәртібі. Үшіншіден - бұл, мемлекеттік (саяси)
билікті жүзеге асырудың әдістері, амал-жолдары. Сонымен мемлекет нысаны
негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті басқару нысанынан,
мемлекеттің құрылымы нысанынан және мемлекеттік, саяси нысанынан
синтезделеді (түзеледі). Осы көрсетілген мемлекет нысаны жөніндегі түсінік
бірден қалыптаспаған. Ұзақ уақыттар бойы бұл түсінік басқару нысаны мен
мемлекеттік құрылыс нысанынан тұрады деп есептелініп жүрді де, кейінірек
оған саяси режим, саяси өзгермелілік (динамика) те қоса қарастырылатын
болды. Ғылыми басылымдардағы дискуссияларда - ғылыми айтас-тартыстар
барысында әртүрлі пікірлер ұсыналып жүрді. Онда мемлекет нысаны жөніндегі
синтетикалық ұғымның кейбір аспектілеріне приоритеттер (басылымдықтар)
беріліп келген болатын. Қалай болғанда да, мемлекеттік билікті ұйымдастыру
жөнінде бүгіндері ең көп тараған концепция (пікір) үш элементі: басқару,
мемлекеттік құрылыс және саяси режимді біріктіре тұтастырып тұрады.
Мемлекеттік нысанға бөлу көзқарасының тәжірибелік мәні бар және де ол
оқу мақсатында кеңінен пайдаланады. Оны ғылыми зертеулерге пайдаланғанда
мемлекет нысанын элементтердің тұтастығына басқаша назар аударылды. Бірақ
іс жүзінде бұл тұтастық та жүйенің ішкі байланысын және оның ортаға
қатысын (әлеуметтік, ұлттық, әлеуметтік-мәдени) қамтитын жүйе тұтстығы
бірлігін емес, оның элементтерін ойланбай қоса салу болып отыр. Мемлекет
түрі сипаттамасы көбіне оның элементтері арқылы беріледі де, ал түрге
анықтама беру жалпы философиялық ұғыммен шектеліп қалып жүр. Мұндай
көзқарасты мінсіз деуге болмайды, тіпті соңғы жылда кейбір конституциялар
(Түркия, Сальвадор) басқару түрі мен мемлекет құрылысын ескерумен шектеліп
қана қоймай, “мемлекет түрі” деген кең ұғымды терминді де енгізді.
Мемлекет нысаны тек элементтерден ғана тұрмайды, дәстүрлі үш элемент
солардың көрініс беретін мемлекет тұрпатының басты жақтарын көрсетеді,
сөйтіп ол өз сапасын аяғына деиін сақтап қалатын болды. Кез келген
мемлекет нысаны оның мазмұнымен анықталады, өйткені нысан дегеніміз
мазмұнды ұйымдастыру болып табылады. Ондай мазмұн мемлекеттік билік екені
белгілі, мемлекеттің бір немесе өзге де түрі мемлекеттік билікті тиімді
жүзеге асырудан барып құралады. Осы мақсатпен мемлекеттік органдар
құрылады, белгілі бір әкімшілік – аумақтық бөлініс қолданылып, мелекеттік
билікті жүзеге асырудың бір немесе өзге де әдістері қолданылады.
Соған қарамастан, мемлекет нысаны, мемлекет билігі секілді мазмұнмен
ғана анықталмайды, ол соңғысының нақты әлеуметтік мазмұнына да тәуелді
болады. Солай десек те, мазмұн мен нысан элементтерінің әрбірінің қатаң
тәуелділігі болмайтындығын атап көрсеткен жөн.
Зерттеушілер мазмұн мен нысанның байланысын зерттегенде көбіне
әлеуметтік мазмұнмен ғана шектеледі. Егер тереңірек талдау жасайтын болсақ,
мемлекет мазмұнының басқа жақтары да бар. Ол мазмұн басқару элитасы және
ұйымдастырушылық міндеттерді шешуге қажетті кадрлар құрамы бар байланыстар
қарым-қатынасын, экологиялық проблемалардан, басқа мемлееттермен
байланыстардан туындайтын қатынастарды да өзіне кіріктіріп отырады. Тіпті
әлеуметтік мазмұнның өзін, бұрын жиі ұшырасатындай, таптар мен әлеуметтік
топтардың қатынастарына ғана апарып тіреуге болмайды. әлеуметтік мазмұнға
ұлттық, этникалық қатынастар да, халқының этникалық құрамы бірдей мемлекет
белгілеген аумақтық-ұжымдық – аймақтық қатынастар да, әйелдер жағдайына
қатысты проблемалар да, т.с.с. кіреді. Бұлар бір немесе өзге де дәрежеде
мемлекет нысанының әр қырына өз ықпалын жүргізеді. Қолда бар қажетті
кадрлар құрамы бұлар жоқ жерде мемлекеттік аппаратты өзгеше құруға
мүмкіндік береді, себебі этностар мен аймақтар аумақ және ұлттық-мәдени
автономия, экология мәселелерімен тығыз байланыста болады, оның өзі өмірде
өзіндік басқару нысан бар ерекше округтарды құруды талап етеді, ондай
округтар Ұлыбританиядағы оған кіретін мектеп немесе медициналақ округтер
секілді АҚШ-тың да, Жапонияның да әкімшілік аумақтық бөліністерінің жалпы
жүйесіне кірмейді. Еркектер мен әйелдердің әлеуметтік қатынастарына
байланысты жағдай мұсылман елдерінде мемлекеттің ерекше нысанын туғызды.
Мысалы, әйелдердің сайлау құқығынан айырылуы, мемлекеттік жоғарғы
қызметтерге отыру мүмкіндігінен айыру.
Көп жағдайда нысанның бір немесе өзге де жақтары мемлекеттің әлеуметтік
мазмұнына немесе оның мазмұнына мүлде тәуелді болмайды, олар басқа
факторлардан – географиялық жағдайлардан, дәстүрлерден, қоғамдық
психологиялардан, кейде билеуші үстемшіл жекне тұлғалардың ниет еткен
әрекетерінен көрінеді.
Қазіргі кезеңде мемлекеттің басқару нысанының теорияда қалыптасқан
өзіндік тұтастай ұғымдар жүйесі бар. Біз бұл жерде жалпы мемлекеттік
басқару нысанының түсінігінің қазіргі кезеңдегі мемлекет теориясындағы
қырын ашып көрсетуді мақсат етіп отырмыз. Ал егер бұл мемлекеттік басқару
нысанының жалпы даму эволюциясына келетін болсақ, оның тарихы өз бастауын
тереңнен тартады. Қоғам дамуының талап тілегіне сәйкес сол кезеңдегі
мемлекеттік басқаруының нысанының қоғамдағы атқарған қызметіне байланысты
және сол кезеңдегі ойшылдардың бағалау ерекшелігіне байланысты, яғни
қоғамдық сананың қабылдауына байланысты әр түрлі мәнге ие болып келген
болатын. Қазіргі кезеңде мемлекеттің басқару нысанының теорияда белгілі бір
орныққан түсініктері айшықтала бастады.
Егер, қазіргі кезеңдегі мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері
тұрғысынан қарайтын болсақ, мемлекет теориясында басқару нысаны мемлекеттік
биліктің жоғарғы органдарының құрылымы, олардың құрылуы тәртібі және
олардың арасындағы биліктің бөлінуі ретінде қарастырылады. Басқару нысаны:
мемлекеттің жоғары органдары және оның құрылымы қандай екенін білуге;
әртүрлі мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастың құрылымын
білуге; мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарымен халықтың арасындағы
қарым-қатынастың қандай екенін анықтауға мүмкіндік береді. Аталған
белгілерге сәйкес мемлекеттің басқару нысандары әртүрлі болып
бөлінеді.Отандық заңгерлердің мемлекет басқару нысанын түсіну мәселесіне
тоқталатын болсақ, қазақстандық белгілі ғалым Т. Ағдарбеков өзінің
еңбегінде мемлекетті басқару нысанына мынандай түсінік береді: “Мемлекеттің
басқару нысандары - мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік
өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуынадағы тәртіпті және
олардың тұрғындарымен қарым - қатынасын сипаттайды” [6, 105 б.]. Тағы бір
отандық еңбектердің бірінде мемлекеттің басқару нысаны былай қабылданады:
“Форма правления – это способ организации верховной государственной власти,
порядок образования ее органов, их взаимодействие между собой и населением,
степень участия населения в их формировании. Әрмен қарай оны былай талдауға
ұмтылады: Форма государственного правления дает возможность уяснить
следующие моменты: порядок создания высших органов государства и порядок их
внутреннего построения: порядок взаимоотношения высших и местных
государственных органов; особенности взаимоотношения между верховной
государственной властью и населением страны; степень участия населения в
работе государственных органов, степень ответственности государственных
органов перед государством” [7, с. 32 -33]. Тағы бір сүбелі еңбектердің
бірінде: “Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және
жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай
принциппен қалыптасады, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген
сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы
маңызды элемент болып саналады”, - деп түсіндіріледі [8, 36 б.]. Еліміздегі
тағы да бір белгілі ғалымдардың еңбектерінде: Мемлекеттің басқару формасы -
деп қоғамда жоғарғы мемлекеттік биліктің ұйымдасуын және оған халықтың
тікелей қатысуын айтады [9, 31 б.]. Кішігірім мына талдаудың өзінен
мемлекеттің басқару нысанына айланысты көзқарастарының деңгейінің әртүрлі
екендігін аңғарамыз. Сонымен қатар, белгілі бір ортақтықтың да бар екенін
көруге болады. Жоғарыдағы түсініктер мемлекеттің басқару нысанының теорияда
өте өзекті және ауқымды мәселе екендігін аңғартады. Мемлекеттің басқару
нысанын дұрыс анықтау арқылы ғана біз оның теориялық базасын сала аламыз
және оның дұрыс жүзеге асуының негіздерін қалаймыз. Сондықтан да бұл
мәселенің теориялық және тәжірибелік маңызы жоғары екендігі сөзсіз.
Әрине, шын мәнінде Президенттің, Парламенттің және Үкіметтің қарым-
қатынасы негізінде анықтау өте негізді болғанмен кейбір мемлекеттерде
Парламенттің қызмет атқармайтындығын кездестіруге болады. Сонымен қатар,
кейбір мемлекеттерде Үкімет болмайды. Сондықтан осындай жағдайларда
мемлекеттің басқару нысанының ішкі мәні де өзгеріп кетуі мүмкін. Ойымызды
қорыта келгенде жалпы мемлекеттік басқару нысанының басты элементі ол билік
тұтқаларының ұйымдасуы және осы билік тұтқаларының өзара қарым-қатынасын
сол билік тұтқаларының халықпен арадағы байланыс деңгейін негізге алуымыз
қажет. Мемлекеттің басқару нысанының дамуы да сан ғасырлық тәжірибенің
сыннан өткен жолының көрінісі болып табылады. Мемлекеттің басқару нысанына
негізінен мынандай белгілер тән: Біріншіден, мемлекеттің басқару нысаны,
жалпы биліктің ұйымдасу негізін көрсетеді;
Екіншіден, биліктің арақатынасын;
Үшіншіден, биліктің жүзеге асуының сипатын айқындайды.
Мемлекеттің басқару нысаны қоғамдық өмірдің талабы тудырған тарихи
дамып отыратын, әрбір қоғамның талабына сай өзгеріп тұратын, биліктің
ұйымдастырылуына байланысты монархиялық, республикалық деген түрге
ажыратылатын жиынтық ұғым болып табылады.
Мемлекеттiк құрылыс нысанын қарауға кiрiсе отырып, ең алдымен оның ең
алдымен мемлекет нысанының тағы бiр компонентi (басқару нысаны және
мемлекеттiк саяси режимнен басқа) болып табылатындығын айта кету керек.
Осы ұғымды пайдаға асырудың мәнiсi, ол мемлекеттiң iшкi құрылымын, ондағы
ұлттық-мемлекеттiк, аумақтық-мемлекеттiк құрылулар мен әкiмшiлiк-аумақтық
бiрлiктiң болуы тұрғысынан ашатындығына болып отыр, орталық мемлекеттiк
билiк пен жаңа ғана аталып өткен мемлекеттiң барлық құрамдас бөлiктерiнiң
билiктерi арасындағы ара қатынасты көрсетедi. Мемлекеттiк құрылыс
нысанынынң маңызы аса зор: оны қарамайынша орталық пен жергiлiктi
органдардың қарым-қатынастар прпоблемасының шешiлуiнiң демократиялық
дәрежесi мен мемлекеттегi орнын объективтi бағалау, аймақтың саясаттың
ықпалдылығы мен тиiмдiлiгiн анықтау, ал көп ұлтты мемлекеттерде- әрбiр
ұлттың жағдайы мен мәртебесiн анықтау, ұлт аралық қарым-қатынасты сипаттау
қиынға соғады [10, 55 б.].
Мемлекеттің құрылыс нысаны - мемлекеттік биліктің әкімшілік-аумақтық
ұйымдастырылуы, мемлекет және оның құрылымдық бөліктерінің, орталық және
жергілікті органдар арақатыстылықтарының сипаттары. Мемлекеттің құрылыс
нысаны көпшілік билігімен ғана тығыз байланыста емес. Одан басқа да маңызды
сипаты-халықтың аумақтық ұйымдасуымен де байланысты.
Өзінің бір қарағанда абстрактілі тәрізді екендігіне қарамастан
мемлекеттің құрылыс нысаны азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына ең
тікелей түрде ықпалын тигізеді. Дер кезінде және дұрыс шешімін тапқан
мемлекеттік құрылым оның өзінің едәуір түрде тұрақты болуын, жемісті қызмет
атқаруын бірталай шамада қамтамасыз етеді. Керісінше, мемлекеттің құрылыс
нысанын таңдау, іздеп табу кезінде жіберілген, олардың сипаттары мен
алдарында тұрған міндеттеріне сай келмейтін жаңылысулар мен қателіктер оның
ыдырау себептерінің бірі болып шығуы мүмкін. Мемлекеттік құрылыс тұрғысынан
қарағанда мемлекеттерді унитарлық (біртұтас мемлекеттік құрылымдар),
федерациялар (құқықтық тұрғыдан қарағанда дербестігі салыстырмалы
мемлекеттер одағы, одақтас республика, кантон, штат, жерлер және т.б.);
конфедерациялар (мемлекеттік-құқықтық бірлестіктер, тәуелсіз мемлекеттер
достастықтары) жєне басқада нысандарға ажыратамыз.
Саяси тәртіп дегеніміз (басқарудың және мемлекеттік құрылыстың жоғарыды
қаралған нысандары сияқты) оның мәндік-мазмұндық жағы көрінетін, мемлекет
құрылымын және оның басқа сыртқы жағын сипаттайтын жиынтық түсінік
ретіндегі мемлекеттік нысанының компоненті болып табылады. Мемлекеттік-
саяси тәртіп деп мемлекеттің пайдаланып жүрген басқару, реттеу және ықпал
ету әдістерінің жиынтығын айтамыз. Соңғысы мемлекеттегі саяси бостандық
дәрежесі туралы, мемлекеттік механизмнің түрлі буындары арасындағы қарым-
қатынастары және бір жағынан олардың арасындағы, екінші жағынан
партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықтың арсындағы өзара қарым-
қатынастың моральдық-психологиялық ахуалы туралы пікір айтуға мүмкіндік
береді. Мемлекеттік билік ету әдәістерін зерттей отырып, жеке тұлғаның
нақты мәртебесі туралы және мемлекеттегі басқа субъектіліердің қарым-
қатынасы, олардың құқықтары мен мүдделерінің кепілдік және қамтамасыз
етушілік деңгейі туралы түсінік алуға болады.
Оқулықтар және монографиялық еңбектерде мемлекеттік-саяси режимді
көбінесе саяси деп атайды. Бұл, біздің ойымызша дәл емес: өйткені соңғысы
мемлекеттік қызмет әдістерінен басқа, саяси партиялар қызметінің, қоғамдық
бірлестіктер мен бұқаралық қозғалыс әдістерін де қамтиды. Егер мұндай
терминологияға сүйенетін болсақ, онда режимнің не екендігін түсіндіру
мемлекеттік проблематика шеңберінен шығып кетейін деп тұр.
Мемлекеттің өз қызметінде қолданатын әдістері әр алуан. Мәжбүрлеу,
жалаң әкімшілік ету, командалық-бұйрықтық әдістерді атауға болады. Оларға
қарама-қарсы иландыру, түсіндіру, ұйымдастыру-тәрбиелеу әдістері бар. Осы
екі әдістің арасында екуінің де сипаты бар аралық әдістер шығады. Мемлекет
өзінің күнделіті тәжірибесінде жоғарыда аталған әдістердің қайсысын
таңдайды, ол оның қоғамдық-саяси мәні мен табиғатына байланысты. Басып-
жаншу, зорлау, қуғын-сүргін және мәжбүрлеу әдістерін басым бағыт алған,
жұрттың бәріне өзінің күші мен қуатын әр жолы көрсетуге құштар, диалог және
келісім тілін мойындамайтын адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын козге
де ілмейтін мемлекеттерді, - жалпы адамға тән құндылықтар басымдылығын
мойындайтын, демократиялық дәстүрлерді сақтайтын, азаматтар мен басқа
субъектілерге мемлекет жарлығын орындау қажеттілігін алдымен айтып
түсіндіруге тырысатын, оларға мемлекттік саясаттың маңызын түсіндіріп, тек
содан кейін ғана оларға қандай да бір мәжбүрлеу шараларын қолдануға жол
беретін мемлекеттермен бір қатарға қоюға болар ма екен. Өзге сөзбен
айтқанда, мелекеттік билік ету әдістері мемлекетті тоталитарлық,
авторитарлық және демократиялық мемлекеттерді қамтитын топтауға мүмкіндік
бере отырып өте маңызды жағынан сипаттайды.
Ғылыми еңбектерде тәртіп ұғымына әрқилы түсініктер берілуде. Неміс
заңгері Е.Левенштейн бұл ұғымды партиялардың санымен, француз
саясаттанушысы К. Бюрдо үкіметтік оппозицияның бар жоқтығымен,
Е. Хамауи (Франция) мемлекет органдарының конституциялық өзара қарым-
қатынастарымен байланыстырса, американ саясаттанушысы Д. Истон тәртіпті
басқару стилі және тәртіп пен реттеулердің жиынтығы, басқа бір американ
ғалымы К. Бекстер басқару (түр) жүйесі, аргентиналақ автор Н. Ботана
билікті шоғырландыру мен бөлісудің қызмет процесі деп біледі. Бұл ұғымды
мемлекеттік апараттың орталықтандырылуы деңгейімен, саяси бостандықтардың
болуымен, сайлау тәжірибесімен, билік пен басқаруға осылардың қатысымен
жүзеге асыратын рольдердің жиынтығымен байланыстыратын көзқарастар да бар.
Қысқасы, саяси тәртіп ұғымы ғылыми әдебиетте ұзақ пікір таласының
негізіне айналып отыр.
Біз тоқталып өткен басқару түрлері мен мемлекет түрлері құрылысы
көбінесе мемлекет түрінің құрылымдық жақтарын сипаттайды. Бірақ бұл әр
түрлі органдар мен мемлекетті құрудың тәсілдерін біріктіру болып
табылмайды. Мемлекет органдары да, аумақтық құрылымдарда бірге жасап, жұмыс
істеп келеді.
Мемлекет түрінің қызмет саласын сипаттау үшін И.Д. Левин алғаш ұыснған
саяси тәртіп термині қолданылып келеді. Бұл ұғымды ол да, оның
ізбасарларыда мемлекеттік билікті – либералдық немесе күштеу билігін
жүзеге асыру әдістерін сипаттауға пайдаланды. Мемлекеттік-құқықтық тәртіп
белгісін мемлекет түрінің ғылыми санатына қосуы алға жылжушылықтың көрнісі.
Ол мемлекет тану ғылымын мемлекет түрінің ұйымдық салаларын талдау шеңберін
кеңейтті, сөйтіп саяси институттардың қызмет әдістеріне, адамның негізгі
құқықтырын жүзеге асыруға, демократияның жай-күйіне, елдің саяси хал-
ахуалына баса назар аударуға итермеледі. Мемлекет түріне сипаттама беру
жаңа іліммен байытылды.
Кейінгі зерттеулер көрсеткендей, “саяси тәртіп” термині мемлекет
түрінің белгісі ретінде оның сипаттамасынан әлдеқайда кең. Саяси тәртіпті
бұл түрдің бір жағына қоса салуға болмайды, ол қандайда бір елде теңдей
ықпал етуші көптеген факторлар ретінде тек мемлекеттік органдардың ғана
емес, саяси мақсат, кейде халықтың әртүрлі топтарының саяси қызметінің,
жаппай бой көтерулерінің нәтижесін көздейтін саяси партиялардың, көпшілік
қозғалысының қызметінен тұрады.
Саяси тәртіп мемлекеттегі демократияның, оның ішкі саясатындағы жалпы
адамзаттық құндылықтарды жүзеге асырудың, “саяси хал-ахуалдың” жайын
сипаттайды. Бұл мемлекеттік тәртіптен әлдеқайда кең ұғым, дегенмен де
соңғысының, әдетте саяси тәртіпте оның шын мәнінің, өзегінің, үстемдігінің
бастыларын құрайтынын да жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан да ”саяси
тәртіп” терминін көптеген мемлекет танушылыр әрқилы пайдаланып отыр.
Ғылымда “мемлекеттік тәртіп” ұғымын басқаша анықтамада айтылатын
жақтары да бар. Олар: мемлекеттік-құқықтық, саяси-құқықтық, мемлекеттік-
саяси тәртіп. Мен осы жұмыс мазмұнында саяси тәртіп - деген анықтаманы
пайдаланып отырмын. Мұнда саяси және мемлекеттік тәртіпті ажырату қиын,
сондықтанда билікті жүзеге асырудың құқықтық әдістеріне баса назар
аударылып отыр және тәртіпті саяси деп атау қажет.
Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері өте көп, әрқилы. Оларды
екі үлкен топқа бөлуге болады: оның бірі – либерализм әдісі, ол дегеніміз
саяси қарсыластарына көну; күштеу әдісі, ол дегеніміз сол билікке
қарсылардың қатарында болған таптар, топтар, тектер, жеке адамдарға қатысты
“басып жаншу”. Алайда мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері топтар мен
адамдардың бұл санатымен шектелмейді. Оның таптарға да, әлеуметтік топтарға
да, топтық құрылымдарға да, қолда бар билікті қолдаушы немесе оған қалыс
қалушы адамдарға да қатысы бар. Халықтың бұл екі бөлігіне ымыраға келу
немесе басып-жаншу туралы жайларды әңгіме арқауына айналдыруға болмайды.
Бұл жағдайда саяси қарсыластармен өзара қарым-қатынас әлдеқайда күрделі де
әрқилы болуы мүмкін. Осыған орай әдістерді топтау да ауқымды. Соның ішінде
қолдау, қалыс қалысушылық, либерализм және күш көрсету әдістеріне кеңінен
тоқталайық.
Мемлекеттік билік қолдау әдісін өзі сүйеніш тұтатын таптар, тектер,
этникалық топтарға, сондай-ақ “достас” таптар мен топтарға, өзінің және
“одақтас” саяси партияларға, бірлестіктерге, қозғалыстарға қатысты
қолданады. Мұндайда билік “өзінің” әлеуметтік топтары менбірлестіктерінің
ролін күшейтуге жәрдемдесетін қоғамдағы экономикалық, саяси, діни
қатынастарды қолдап, құруға көмектеседі, кейде оны құратын да болады.
Қолдаудың нақты әдістері де әртүрлі: экономикалық, саяси, иделогиялық т.б.
Қалыс қалушылық әдісі мемлекеттік билікте жағдайда: әртүрлі әлеуметік
топтар арасында өтіп жатқан сайыс мемлекеттік билік үшін немкетер болғанда
немесе қандайда бір топты қолдауға немесе ішкі саяси немесе сыртқы саяси
себептермен басқасына қарсы шықпай қалуға болмайтын жағдайда қолданылады.
Біріншісі экономикалық және саяси билігі бар таптың әртүрлі фракцияларының
ішкі күресінде орын алады.
Либерализм әдістерді (ымыраға келуді) мемлекет мұндай күштермен қарама-
қарсы келгенде қолданады. Либерализм әдісі достас күштермен қарым қатынаста
да пайдаланылады. Қарсыласушы “өз” табының топтарының тарапынан бірін
ымыраға келтіре отырып, мемлекеттік билік ондай топты артықшылықтарды
пайдалана алатын жағдайға жеткізеді, өзінің оңды нәтижеге жетуге деген
мақсатын арттыра түседі.
Күштеу әдістерін де әрқилы пайдалануға болады. Ең алдымен ол
оппозицияға, әсіресе қарма қайшы күштерге қарсы – тәртіп қарсыластарына
қарсы қолданады. Бұл түрдің шектен тыс түрі: еңбекшілердің жаппай бой
көтеруін ату; оппозициялық кәсіподақтарды талқандау; қару, су атқыштарды,
жас ағызатын газды, т.т. қолданып, бой көрсетулерді қуу; сот ісін жүргізу
және оппозициялық партиялардың басшыларын қамау. Егер мемлекеттік органдар
тарапынан қандайда бір фракция, топ, партия билеуші тапқа, тіпті
мемлекеттік биліктің өзіне залал келтіреді, олар арыдан ойлай алмайды деп
табылса, мемлекеттік билік күштеу әдістерін өздерінің одақтастарына да
қолданады.
Кез келген елдің тәртібінде қолдау, күштеу, ымыраласу және қалыс
қалушылық әдістері әр кезде де бір бірімен араласа, кейде адам нанғысыз
жағдайда қолданада. Әдетте тәртіп өзгермелі, тұрақсыз болады. Сондықтан да
тәртіпке сипаттама жасағанда, оны топтағанда оның негізін, ұйытқысын,
мәнін ашып алу керек. Оның өзгермелі қасиеті қашанда ілесе жүреді.

2. МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУ НЫСАНЫ ТҮРЛЕРІ
2.1 Монархиялық басқару нысаны және оның түрлері
Монархия – грек сөздігінде жеке өкімет деген мағынаны береді. Бірақ
монархия тек жалғыз адамның ғана өкіметі емес, қазіргі жағдайда өсиет
арқылы қалатын өкімет. Бұл өкімет қазіргі жағдайда көп қолданылуда (монарх
– құдай қалаған адам). Жапонияда император 1845 жылға дейін Күнұлы-
Анатерасу болып есептелген. Монархияның тарихында феодалдар монархтың
бұғырды өздеріне және ұрпағына сайлау нәтижесінде көп жағдай күш көрсету,
шақыру арқылы шешіп отырған. Бұған дәлел ретінде монархиялық мемлекеттердің
Конституцияларын айтуға болады. 1946 жылдан қабылдаған Жапония
Конституцияның 1 бабында император мемлекет мәзірі және халық бірлігі
болып оған егемендік үкімет беріледі деп көрсеткен. Ал, 1878 жылда
қабылданған Испания Конституцияның 56 бабында Мемлекеттің бірлігі мен
тұрақтылығын Король деп аталған.
Басқарудың монархиялық – жеке басына берілген билік құру билігі –
басқарудың ежелгі замандардан бері бар формасы. Мұндай форма ерте
замандардағы таптық қоғамдарда пайда болады. Мұнда мемлекеттік билікті
қолбасшылар, дамып кеткен немесе көршілес қауымдардың өкілдері, жасақтардың
жетекшілері, әулеттердің көсемдері, таптық қозғалыстардың ұйымдастырушылары
қолдарына алып кететін.
Біздің жыл санауымызға дейінгі 344 мың жылдықтардың арасында пайда
болған қоғамдардағы барынша қарапайым әлеуметтік тұрғыдан алғанда әлі
жіктері ашыла қоймаған неолитикалық революцияның нәтижесінде пайда болған
қоғамдардың ұйымдарында басқарудың монархиялық формасы пайда болды.
Алғашқы рет егіншілікпен айналысқан мұндай қоғамдарда билікті
ұйымдастыру жоғарыдан төменге қарай барынша қаталдықпен іске асырылды,
барынша тиімді, жұртқа түсінікті болды, ауыл шаруашылығындағы барынша қатаң
тәртіпке, диханның рухани жан-дүниесіне сәйкес келді. Монархия мемлекет
басқарудың шағын жалпы әлеуметтік және әлеуметтік-таптық қызметін-еңбектің
есебін жүргізу, оның нәтижелерін бөлісу, сақтық қорларын жасау, бірлесіп
жасайтын жұмыстардың иррегациялық, діни ғимараттар салу (ұйымдастыру соғыс
жүргізу және шабуылдан қоғану, ақпараттық қызметтер құру, діни мерекелер
өткізу, салықтар, адамдар жинау секілді жұмыстарды тиімді жүргізді. Монарх
аймақтарды немесе жеке қызметтерді басқарушыларды, ал соңғыларын неғұрлым
шағын жұмыстарды басқашыларды тағайындады. Билік құрудың мұндай сатылары
басқарудың тиімді жүйесін құруды жеңілдетті. Мұндай реттерде қауымға
кіретін дихандар, қолөнер иелері, саудагерлер, алғашқы қоғамдардың басқа
мүшелері басқарудың белгілі бір деңгейінде даулы мәселелерін шешіп алатын
немесе оларды неғұрлым жоғары сатыдағы органдардың шешуіне ұсынатын. Әрине,
ұйымдарға қанағаттанбағанда ғана осындай жүргізу пайда болады.
Ал монархтың өзі, басқарудың өзі бір қалыпты жағдайында мемлекеттік
билік құруды ұйымдастыру және іске асыру мәселелерімен айналысты. Ол өзінің
кеңесшілерімен ақылдасатын. Басқарудың бастапқы сатыларында олардың
апасында көріпкел болжам айтушылар, пайғамбарлар, діни қызметкерлср көп
болды. Монарх өзінің министрімен де, басқа чиновниктермен де ақылдасатын.
Басқарудың монархиялық формалары бірте-бірте, әр түрлі қоғамдарда және
әр түрлі замандарда билік құрудың сан алуан түрлерін туғызды. Ал
монархтардың өздері мемлекеттердің тарихына король, перғауын тақсыр, князь,
шах, әмір, радж, император, сұлтан, патша, тәңірі деген атақтар арқылы
кірді.
Басқару формасы ретінде монарх адамға басы ашық заңдық белгілер тән
келеді. Монарх мемлекеттің басын қосушы, олардың мемлекетке біріктірушісі
деп саналады. Сондықтан, Францияның монарх-корольдерінің: Мемлекет деген –
мен, – деуі тегіннен тегін емес. Әрине, бұл мемлекетті заң жағынан иелену
болатын. Іс жүзінде олай емес. Әдетте монархтардың өздерінің сарай
шаруашылығы, жекеменшік дәулетті жер құлдары, шаруашылығы, (кейде олардың
саны өте көп болған) болды да, монархтың семьясын мүлік жағынан қайтамасыз
етті. Ал ол мемлекетке байланысты, оның басшысы, өкілі ретінде билік құрды.
Монарх мемлекетті жеке өзі басқарады. Әрине, бұл мемлекеттегі барлық
нәрселерін оның өзі шешеді деген сөз емес. Жоғарыдағы атап кеткендей:
мемлекет мәселелерін басқаруды іске асыратындар – көптеген кеңесшілері,
министрлері, чиновниктері, қызметшілері болды. Олар мемлекеттің әр түрлі
органдарына біріктіріледі. Ал монарх аса маңызды мәселелерді шешеді. Барлық
билік соның қолында. Оның билігі ең жоғарғы билік және ешкімге тәуелді
емес. Ал бұл әр түрлі мемлекеттік органдарға өкілдік бергенмен, басқару
аясын бөлгенмен, монарх кез келген мәселені шешу тізгінін өз қолына ала
алады деген сөз. Ол мемлекеттегі ең жоғарғы билік иесі.
Әдетте, оның билік құруына шек жоқ, оған діни дәріптеу қосылады. Оның
билігі мемлекеттік өмірдің барлық салаларына соның ішінде сот саласына да
жүреді. Монарх сот ұйымдарына байланысты шағымдары шешкенде ең жоғарғы және
соңғы болып есептеледі.
Дегенмен, монарх мәселелерді шешкенде формалық тұрғыдан қарасақ, заң
жағынан да, тәуелсіз адам десек те, іс жүзінде ол халықаралық, саяси және
ұлттық күштердің ықпалына душар болды. Көптеген елдерде мұндай ықпалдар заң
жағынан бекітіліп қалады. Дегенмен, көптеген реттерде ол кездейсоқ,
субъективтік, тіпті, жеке басының көңілінің соғуы бойынша ұйымдар қабылдай
салады.
Монархиялық билік, әдетте, кейінгі ұрпаққа мұра бойынша көшеді. Әр
түрлі елдерде билікті мұраға берудің тәртібі әр түрлі (мысалы, мұра тек ер
адамдарға ғана беріледі, мұра мұрагерлердің жастарының ең үлкеніне беріледі
және т.б.). Бәріне бірдей нәрсе – биліктің бір адамнан екінші адамға
ауысуына халықтың ешқандай қатынасы жоқ, өмір бойына бекітілген мұндай
тәртіпке қатынаспайды.
Монархқа берілген үкімет билігінің мерзім шегі жоқ, бүкіл тек өлім ғана
оны осындай өкілдікпен айырады. Керісінше, таққа өмір бойы отыру ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысаны
Мемлекет нысаны және құрылым
Мемлекет нысаны жайында
Мемлекет түсінігі мен нысаны
Мемлекет нысаны жайлы
Мемлекет нысаны туралы
Мемлекет құрылымының нысаны
Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы
Қазақстан Республикасындағы басқару нысаны
Мемлекеттің басқару нысаны
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь