Қаржының мәні, функциялары және рөлі туралы ақпарат



КІРІСПЕ
1.тарау. Қаржының мәні, функциялары және рөлі
1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
1.2. Қаржының функциялары және рөлі
1.3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
1.4. Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
1.5. Қазақстанның қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін , объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып , дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктердің дамуымен тығыз байланысты болады. Осы қаржы терминін енгізген адамын табу өте қиын , айту қиын. Бұл терминнің авторлығы 1577 жылы « республика туралы алты кітап » деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржының мәні , оның даму заңдылықтары , тауар – ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық – экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:

 әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық
құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып , оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
 кез келген қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржыбилеуші
таптың мүдделрін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
 өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін
тудырады. Мәселен , құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе , мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы: Қазақстан, 2000.- 96 бет.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жене Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
3. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. Қазақстан Республикасының кодексі. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2004 ж.
4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем-дер туралы (Салық кодексі). — Алматы: ЮРИСТ, 2002.- 230 бет.
5. Әмірқанов Р.Ә., Түргулова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. — Алматы: 1999. — 188 бет.
6. Бабич A.M., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник. — М.: 2001. — 760 с.
7. Балабанов A.M., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное посо-бие. - Петербург: 2000. - 192 с.
8. Балабанов И. Т. Основы финансового менеджмента. Учеб-ное пособие. - М.: 1999 - 512 с.
9. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. - М.: Приор, 2000. - 256 с.
10. Госшенко Л.Н. Страхование. Учебное пособие. — Алматы: 2003. - 183с.
11. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. — М.: ЮНИ-ТИ, 2000. - 527 с.
12. Дюсембаев К.Ш. Ананлиз финансового положения пред-приятия. Учебное пособие. — Алматы: Экономика, 1998. — 184 с.
13. Елубаева Ж.М., Бюджетная система Республики Казах-стан: теория, праістика и направления развития. — Алматы: 2004 - 346с.
14. Заяц Н.Е., Фисенко М.К., Бондаръ Т.Е. и др. Теория фи-нансов. Учебное пособие. — Мн.: Высш. шк., 1998. — 368 с.
75. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. — Алматы. Қаржы-қара-жат. 1995. - 160с.
16. Ильясов К.К., Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета. Учебное пособие. — Алматы: Экономика, 2003. — 290 с.
77. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и ее роль в обес-печении устойчивого развития экономики Казахстана. — Алма-ты: 2002. - 188 с.
18. Қүлпыбаев С. және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. — Алматы: Мерей, 2001. — 176 бет.
19. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. В 4-х т. — Алматы: Экономика, 2002.
20. Мвльников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. — Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. — 285 с.
21. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгал-терский учет на предприятиях. — Алматы: Центраудит — Казах-стан, 2002. - 728 с.
22. Финансы. Учебник для вузов. Под. ред. М.В. Романовс-кого. - М.: Перспектива / ЮРАЙТ, 2001. - 520 с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

КІРІСПЕ
1-тарау. Қаржының мәні, функциялары және рөлі
1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
1.2. Қаржының функциялары және рөлі
1.3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
1.4. Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары

1.5. Қазақстанның қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер

Кіріспе

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін , объективті сипаты мен айрықша
қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы
ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық
қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып , дамыды және
мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктердің дамуымен тығыз
байланысты болады. Осы қаржы терминін енгізген адамын табу өте қиын , айту
қиын. Бұл терминнің авторлығы 1577 жылы республика туралы алты кітап
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржының мәні , оның даму заңдылықтары , тауар – ақша қатынастарын
қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның
экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен
айқындалады.
Түрлі қоғамдық – экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:

✓ әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық
құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің
пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып , оны бөлудің қатынастарын есепке
алады;
✓ кез келген қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржыбилеуші
таптың мүдделрін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне
бағынады;
✓ өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін
тудырады. Мәселен , құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық
қатынастар сәйкес келсе , мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе
натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар – ақша шаруашылығы
болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;

1-тарау. Қаржының мәні, функциялары және рөлі

1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі

Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы
латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен
шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық
арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары
мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды
қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категорияларың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің
және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап"
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы")
алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның
"Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы
сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта
бөлуді ұйымдастыра отырып, оны белудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың
мүдделерін қорғайтын мемлекетгің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сөйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта
болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысаныңда қалыптасады; егер мемлекет
басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатьшастардың ұдайы өндірісі
мен таптық құрылыстың міндетгеріне қызмет ететін болса, онда бұл
міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы ендірістегі өзгешілік рөлімен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан — кредиттен, жалақыдан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық
оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.
Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы,
олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті
ұқсас тауарлар нақтылы және затталанған еңбектің ер түрлі шығындарымен
өңціріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін
өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың
өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру,
бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар
қатынастарының болуын айқындайды, өйткені ендірілген өнімдер сатып алу-
сатуға жататьш тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау
және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс
қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының
қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар
мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі
өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы
тиіс. Тек өндірілген еңбек енімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір
ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы)
жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен
жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан
материалдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген
массасы — қоғамдық өнімнің — натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның
ақшалай көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай
нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын
тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті
ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда
болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар
қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық
ендірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті
тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар — ақша,
бага, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
"Қаржы" ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтыды. Тауар-ақша
қатынастарының жалпы қамтуыңдағы сипатқа ие болып отырған нарықтық
экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын — ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша
қатынастарын елде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуін тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржы — ақша щтынастарының жиынтыгы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып
табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі — оның тұлғалануының ақша нысаны
және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек,
қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы
қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау
дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның
аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің
жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша
қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап
айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша
қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып
кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық
түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша
нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау,
ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары
кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті
мемлекет белшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда
болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет
бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша
қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің тендігі (олардың құқықтары мен
міндеттеріндегі тепе-тендік) бұл әдіске төн өзгеше нышан болып табылады.
Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес
өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре
бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің
еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім
мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша
қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге
және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің ейнші және үшінші
стадияларында — бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың
қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа
иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен
(бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн
(ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің
шеттетілуі болмайды. Сейтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның
ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда
құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы
тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай
қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін
дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын,
яғни сатып алу - сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ.
Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін
өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа
экономикалық категорияның механизмі — баға жұмыс істейді.
Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында
асқан дережеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады.
Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны
ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы
болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі
— ұлттық табыс алгашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен
субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын
микроэлементтерге , және Алғашқы бөлу деп өткізілген құнды болшектеу
процесі мен тауар бағасының элементтеріне (жалақыға, пайдаға, табысқа
т.с.с.) сәйкес келетін оның құра-мындағы бастапқы табыстарды мүшелеуді
айтады; ал бөлінгенді одан әрі болумен байланыстының барлығы қайта болуге
жатады.
т-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс құралдары құнының (с)
орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (v) төленеді және қосымша өнім
(т) алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басы өңдіріс сферасында
қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап осы қосымша
өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша
қорларьш) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық енімнің бұл бөлігі қаржы
қатынастарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Сөйтіп,
өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді "с", "v"
және "т"-ге сәйкес элементгерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға
сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық
жүргізуші субъектілер арасында құнды одан әрі бөлу және оны мақсатты
пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады (1.1.
сызбаны қараңыз).
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір
бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар
мен субъектілер бойынша белініп, олардың әрқайсысы ендірілген өнімдегі
өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке
бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану
арасындагы байланыстырушы буын болып табылады.

1. сызба. Қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу

оның үдемелі дамуына, қоғамдық-әлеуметтік процестерге әсерін
зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық
қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық
қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі — өндірістік қатынастарға кіреді
(1.2 сызбаны қараңыз). Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың
бір бөлігі, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады деуге
болады.
Экономикалық зандармен анықталатын қоғамдағы ендірістік қатынастар
категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар — бұл біркелкі
экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің
бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрде көрінеді; оларға
баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т.б. жатады.
Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн
заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының,
өндірістік қатынастардың өңціргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне
сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.

2. сызба.Қоғамдық жүйедегі қатынастардьщ дәйектілігі (бағьшыңқылығы)

Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, "жалпьщан -
жекеге" қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады:
жалпы қоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және
қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық
қатынастар және т.б.)
Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерде
қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да — ақша, табыс (пайда),
өзіндік құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің
функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек
өлшемі мен тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар
қызметінің нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл
категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан
өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашы-лығы бар.
Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан
ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп
алған жөн. Соныменбірге, құбылыстың мөнін, өзгешелігін бір ғана белгімен,
тіпті ол елеулі болғанның өзінде де сипаттау мүмкін емес. Құндық
категориялардың барлығының да толып жатқан ортақ белгілері болады.
Сондықтан қайсы бір құндық категориялардың, соның ішінде қаржының да
өзгешелігін тек бірнеше сипатты белгілердің жиынтығы ғана кез келген құндық
экономикалық категория-ның, соның ішінде қаржының да мағынасы мен
өзгешеліктерін ашып бере алады.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы
өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатьшастарының ақшалай сипаты — қаржының
маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса
көрсетеді.
Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша
болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын
жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал,
яғни үдемелі құн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп,
ол ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде
қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып
табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде
(материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық
жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан
процестері жүзеге асады. Бөлу процесі натуралдық - заттай нысанда да —
өндіріс құралдары мен тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де, сондай-ақ
ақша нысанында да — еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша
қорларының қоз-ғалысы арқылы да болып жатады. Қаржы қатынастарының
бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі
болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса
маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені
бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы тәлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының
қозгалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша
қорлары, істің шын мәніңде, қаржы қатынастарының объектілері болып
табылады.
Ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында,
өндірістік емес сферада қаржылық одістердің көмегімен жасалады. Әдістер,
қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни
қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі
экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша
ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен
байланысты болады.
Жоғарыда айтылғандардың негізіңде қаржының қысқаша анық-тамасын
былайша тұжырымдауға болады: қаржы — бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде
және мемлекетте ащшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен
бірге оларды ұдайы ұлгаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа
қажеттіліктерін щнагаттандыруга пайдаланумен байланьюты жаапы қоғамдық
өнімнің құнын жоне ұлттық байлықтың бір бөлігін бәлу жоне қайта бөлу
процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының жұмыс істеуінің шарты — ақшаның болуы, ал қаржының пайда
болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъекгілер мен мемлекеттің қызметін
қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мөні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай
қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық
заңдардың іс-әрекеті болып табылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан — тауар-ақша қатынастарының
болуынан жоне қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы
ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр
түрлі нысандарын жасай алады: төлемдердің әр түрлі түрлерін енгізеді немесе
күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді және т.б. Шаруашылық
жүргізу сферасында үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажетіліктерді
қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттеріне
бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымның ақша
қорларын қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы — табыстар мен
ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып
отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық
қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында
жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне
жеткізеді.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал
етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық
бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз
ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу
женінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекетгің
қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары —
мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және
жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан бойынша) белінеді.
Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық
өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер
қанағаттандырылады.
Қаржысыз кеңейтілген негізде өндірістік капиталдардың жеке және
қоғамдық толық айналымын қамтамасыз ету, экономиканың салалық және аумақтық
құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық

3. сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары

жетістіктерді тезірек енгізуді ынталандыру, басқа қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін емес.
Елде жергілікті мөні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті
өзін-өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық
құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді.
Сондықтан өтпелі кезеңце шаруашьшық жүргізудің төменгі буындары мен
аймақтарға ерекше көңіл аударьшып, оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда
үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бұл ресурстар орталықтың,
аймақтардың, шаруашылық жүргізудің төменгі буындарының арасында ұтымды,
ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатын
қаражаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі
дәрежеде "қоғамдық (немесе әлеуметтік) тауарлар" деп аталынатындарды —
мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен
бірге материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру
мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді
мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің,
басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны
қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау,
білім беру және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады.

1.2. Қаржының функциялары және рөлі

Қаржының мені, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын
көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес,
сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды
да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға төн қызмет тобын,
мәннің іс-қимылдагы көрінісін, сапаның өзіне тон категориялары кескінінің
айрықшалықты одістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы
қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан — ақшадан туындайтын айрықшалықты
экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық
категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның
қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп
енуіне бай-ланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретикгер арасында
осы күнге дейін пікірталас тудыруда.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тәрізді екі
тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы
қоғамдық ендірістің екінші ста-диясында — ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің
құнын бәлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-
әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжы-рымдамаға сәйкес
қаржы екі функция орындайды: белу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының мәні ең
алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы
қаржының қоғамдық арналымы — шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған
қажет арнаулы мақ-сатты ақша қорлары нысанында пайдаланьшатын қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша
нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік
функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік
процестің қатысушылары болып табылатын заңы және жеке тұлғалар (мемлекет,
кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық белуде
субъектілер болып келеді.
Қаржының көмегімен бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің барлық
сфераларывда — материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында
өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін:
жалпыұлттық, аумақтық, жергілікгі деңгейлерді қамтиды. Қаржылық белініске
бөлінудің әр түрлі түрлерін — ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық,
аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса
маңызды бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін
(мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын
шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде
көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада
емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады
деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын
белу ақша қорларын бөлу арқьшы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және
халық арасында ақша қор-ларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес
жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық
қоғамдық енімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта
бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен
қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып
ажыратылады.
Алгашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын
толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар
мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған
құн — ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның
(шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары
қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне үшырайды,
бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық
табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы тәлеу және баға сияқты
экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамңды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші
субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды.
Мұның нәтижесінде натуралдық - заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды
қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі
қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің
табыстары басқалардың шы-ғыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс
қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар
өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік
инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың
(капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін
пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін
пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін
ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған
ресурстар құрайды.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта белу екі әдіспен жүзеге
асырылады:
қаржылык, - бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және
бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
несиелік - банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды
және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық белудің процесі мемлекет белгілеген қаржы
құралдарының — нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың
және т.б. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары
мыналар болып табылады: өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен
қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі; елдің жеке
экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын
қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу; қаржы ресурстарын ұтымды
түрде сала ішінде бөлу, ол көсіпорындардың әр түрлірентабелділігімен және
күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен
кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі
қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.
Қаржының қоғамдық өнімді белу және қайта бөлу процесіне қатысуы бірдей
емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа
экономикалық категориялармен - бағамен, еңбекақымен өзара іс-қимыл жасайды.
Қаржыны қолданудың негізгі сферасы - қайта белу, мұнда ол тектес
экономикалық категориямен — кредитпен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржының
бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық
бөліністі қамтиды. Аумақаралық және сала-аралық қайта бөлу мемлекеттік
бюджет арқылы жүзеге асырыла-ды, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық
жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржы ресурстарының
жетіспеушілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктер мен
салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрлерінің ар-қасында бүкіл
экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында
түпкілікті салалардағы өндірістің дамуы үшін, сондай-ақ артта қалған
аймақтарда экономика мен әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды
әрлету үшін өте-мөте көкейтесті болып табылады. Ішкі салалық және
ішкішаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта қүрудың барысында
шаруашылық жүргізуші субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет
ететін (заң бойынша мемлекетке тиісті аударымдардан басқа) коммерциялық
есеп пен өзін-өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты
біртіндеп тарылып келеді.
Демек, қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстар-ды қалыптастыру
және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің
экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы бөлу
категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақша нысанындағы жиынтық
қоғамдық өнімнің, оның құрамды элементтерінің қозғалысымен байланысты
болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатып алу-сату арқылы
натуралдық-заттай нысандағы қоғаңдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады.
Қорытындысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы
еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып, олардың
экономикалық мүдделері қанағаттандырьшуы тиіс.
Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да, түпкілікті
табыстарды да қалыптастыру мен пайдалануды ортақтастырып, жүзеге асырады.
Қаржының бөлгіштік функциясының жақтаушылары бөлу арқылы қаржы ұдайы
өндірістің басқа стадияларына — өндіруге, айырбастауға, тұтынуға белсенді
ықпал етеді деп жорамалдайды. Мысалы, қаржы өндіріске қалыптастырылатын
ақша қорларының мөлшері арқылы санмен әсер етеді: бұл қорлардың көлемін
өзгерте отырып, өндіріске қалаған бағытта ықпал жа-сауға болады, не қолайлы
қаржы жағдайларын жасау жолымен экономиканың жеке құрылымдық бөлімшелерінің
дамуын тездетуге болады, не бұл өсудің қарқынын баяулатуға болады. Басқа
жағынан, егер көтермелеу қорларының көлемін өндірістің белгілі бір сапалық
көрсеткіштерінің: еңбек өнімділігінің, ресурстарды үнемдеудің, қор
қайтарымының және т.б. жетістіктерімен ұштастырса өндіріске сапалық әсер
етуге жетуге болады. Қаржы көмегімен ұдайы өндірістің басқа сатыларына да
осылайша әсер етуге болады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы қаржының ұдайы
өндірістің барлық процестерімен байланысы және бұл категорияның өндірістің
барлық стадияларына белсенді әсер етуі бақыланып отырылады.
Қаржының бөлгіштік функциясы тұжырымдамасының жақтаушылары
айқындамасындағы осал мезеті категорияның функциясы тап осы категорияның
өзіндік ерекшелігін қамтып көрсетуі тиіс деген қағида болып табылады.
Қарастырылып отырған функция бөлуге қатысушы басқа экономикалық
категорияларға да — бағаға да, еңбекақыға да, кредитке де төн.
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасының жақтаушылары қаржы — бір стадияның
емес, жалпы алғанда ұдайы ендірістің категориясы деп санайды, өйткені,
олардың пікірінше: қоғамдық ұдайы ендірістің барлық стадиялары бір-бірімен
тығыз байланысқан; қаржы қоғам қызметінің бүкіл сферасына — материалдық
өндіріске, айналыс пен тұтыну сферасына ене отырып, ұдайы өндірістің бір
стадиясына ғана емес, жалпы бүкіл бұл процеске қызмет көрсетеді; қаржы
қоғамдық өндіріс қозғалысының барлық стадияларында пайдаланынатын
бақылаудың әмбебапты құралы болып табылады.
Қаржының табигатын ақшаның қозғалысында анықтайтын қаржының белгіштік
тұжырымдамасынан айырмашылығы ұдайыөндірістік тұжырымдамасы бұл табиғатты
ақша нысанындагы құн қозгалысында анықтайды. Мұндай ұстанымда қаржының іс-
әрекет сферасы айтарлықтай кеңиді.
Ұдайыөндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай
кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:
1) ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
2) ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
3) бақылау функциясы.
Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс
сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнынының бір бөлігін алады. Бұл
процесс қаржының бірінші функциясын — ақша қорларын (табыстарды) жасау
арқылы жүзеге асады, бұл өзінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең
алдымен, мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйекті
түрде сан алуан ақша қорлары - орталықтандырылған (мемлекеттік бюджет),
орталықтандырылмаған (аймақтық және жергілікті деңгеңцегі), мақсатты қорлар
және т.б. жасалады.
Бұл ақша қорларын (табыстарды) нақтылы пайдалану қаржының екінші
функциясы арқылы жүзеге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекетгің
шығыстары саясатын жүргізгенде көрінеді. Ақша қорларының (табыстардың)
қаражаты қайта бөлу жолымен мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғамдық
өндірістің ұтымды әрі тиімді құрылымын жасап, қолдауға, материаддық жағынан
аз қамтылғандарды қолдауды қамтамасыз етуге және т.с.с. бағытталады.
Сөйтіп, бөлу процесі ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану түрінде
жүзеге асады. Қоғамдық өнімді ақша қорларын қалып-тастыру және пайдалану
арқылы бөлу экономикалық қатынастардың пайда болуына себепші болады.
Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және
жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша
қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан
көрінеді. Егер қаржының мәні, табиғаты және мазмұны, бір жағынан, жиынтық
қоғамдық өнімнің, ең алдымен, таза табыстың бір бөлігінің қозғалысымен, оны
бөлумен, ақша қорларын жасаумен және материалдық өндіріс процесінде
ұлғаймалы ұдайы өндіріске бағыттаумен және басқа жағынан, мемлекетгің
орталықтандырьшған ақша қорларын жасаумен байланысты болса, қаржының
бақылау функциясы да тиісті түрде материалдық өндірістің бүкіл ұдайы
өндірістік процесіне де, сондай-ақ мемлекеттің ақша ресурстарының
орталықтандырылған қорын қалыптастыру және пайдалану процесіне де қызмет
етеді. Қаржының екі функциясының диалектикалық бірлігі мен өзара
байланыстығы осында.
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда — жалпы ішкі өнімді тиісті
қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау
жасауда көрінеді.
Бақылау функциясы сандық түрде қаржы ресурстарының қозғалысы арқылы
жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын
экономикалық процестерді бейнелейді. Сонымен бірге нақты нысандағы қаржы
ресурстарының қозғалысы жиынтық қоғамдық өнімді құндық бөлу процесіне
мемлекет тарапынан бақылау жасаудың негізі болып таылады. Мұндай бақылаусыз
экономиканың теңгерімді дамуының қамтамасыз етілуі мүмкін емес.
Қаржының бақьшау функциясының экономикалық мағынасы көсіпорынның,
фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау
материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды
анықтап қана қой-май, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс
рентабелділігін арттырудың резертерін ашуға, өндірістік емес шығындарды
болдырмауға мүмкіндік береді.
Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық
көрсеткіштерді білдіретін қаржы ақпараты болып табылады. Шаруашылық
жүргізуші субъекгілердің қаржы-шаруашылық қызметінің түрлі жақтарын
жинақталған түрде қамтып көрсететін түсім-ақша, табыс (пайда),
рентабелділік, өтінімділік, айналымдылық, төлем қабілеттілігі, қор
қайтарымы және басқалары сияқты талдап көрсетілген қаржылық көрсеткіштер
арқылы белгіленген нормалар мен нормативтерді қолдануды, макродеңгейде де,
микродеңгейде де экономикалық процестердің тиімділігі мен нәтижелігін
бақылауға болады.
Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық
тәртіп арқылы жүзеге асуымен және оның жай-күйімен, белгіленген нормалар
мен нормативтердің сақталуымен, қаржылық міндеттемелердің орындалуымен
байланысты болуы мүмкін.
Қаржылық тәртіп оны бұзушыларға қаржы санкцияларын қолдана отырып
мемлекеттік парызды сақтауға негізделген.
Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы
жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасы қызметкерлері қаржьшық
бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс
бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады.
Қаржы қоғамдық ұдайы өндірістің бөлу стадиясының құралы бола отырып,
ұдайы ендірістің барлық стадияларына ықпал ете алады. Ықпал етудің
объективті алғышарттары екі мән-жаймен байланысты:
1. Қаржы қоғамдық өндірістің барлық стадияларына (өндіру, бөлу,
айырбастау, тұтыну) ықпал етеді.
2. Қаржының экономикалық процестерінің катализаторы болуға өлуеттік
ерекшелігі бар (бұл бөлгіштік функциядан туындайды). Бөлу ұдайы өндірісте
айқындаушы сфера болып табылатын материалдық өндіріс сферасында басталады,
өйткені ол өндірістің сипаты мен ауқымына әсер етеді.
Қаржы ұдайы өндіріс процесіне екі түрлі ықпал жасайды:
а) сан жағынан, бұл бөлгіштік процестің үйлесімдерімен сипаталады;
ө) сапа жағынан, бұл қаржының шаруашылық жүргізуші субъектілердің
материалдық мүдделеріне ыкпалымен сипатгалады.
Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді ара қатысын белгілеуде, ұдайы
өндірістің заттық және құндық элементтерінің тепе-тендігіне жетуде, өндіріс
тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.
Қаржының экономикалык, рөлі мына бағыттардан көрінеді:
қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың,
фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы
кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің
ара салмағын қамтамасыз етеді;
қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу
тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және
шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын
қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың кемегімен экономикалық және
әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарьшың басты элементтерінің өзара
тендестірілуіне қол жетеді; қаржы түтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық
ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі
қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай
жасайды.
Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы төсілдеме қаржының
рөлін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:
1) ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен
қамтамасыз ету тұрғысынан;
2) қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану
тұрғысынан;
3) қаржының әлеуметтік - экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде
пайдалану тұрғысынан.

1.3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы

Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте
жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың
әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бәлінеді. Осыған байланысты ол түрлі
экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы
ерекше, тек өзіне төн рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне
қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз
байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы
ендіріс цикліның басқа стадияларындағыдай сонымен бірге бөлгіштік процеске
де қатысады. Алайда олардың қатысу елшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке
экономикалық категориялардың ұдайы ендіріс процесінің түрлі стадияларында
қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән
әдістермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы пəн бойынша сырттай оқу нысанында оқитын студенттерге өзіндік жұмыстарды орындауға арналған əдістемелік нұсқасы
Қаржылық есептің аудиті
Қаржының мәні, функциялары
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Қаржы жүйесінің мәні
Мемлекет қаржысын басқару
Қаржы нарығы туралы ұғымы
Қазақстан Республикасындағы қаржы қатынастарына анализ жасау және бағалау
Қаржы жүйесі: мәні, түсінігі және құрылымы
Қаржы, қаржы шаруашылығы және қаржы жүйесі
Пәндер