Қызмет көрсету және еңбек шығындарын есептеу



1. Кіріспе

2. 1.бөлім. Қызметкерлер және жұмыс күштерінің қозғалысы
1.1.бөлім. Қызметкерлердің саны
1.2.бөлім. Жұмыс күшінің қозғалысы

3. 2.бөлім. Дайын өнімдерді (жұмыстар, қызметтер) шығару және оларды өндіруге жұмсалатын шығындартуралы мәліметтер
2.1.бөлім. Дайын өнімдерді (жұмыстар, қызметтер) шығару
2.2.бөлім. Шығыстар

4. 3.бөлім. Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы түсінік
3.1.бөлім. Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері

5. 4.бөлім. Бухгалтерлік баланс
4.1бөлім Баланс құрамы

6. Қосымша

7. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Өндірісті зерттеу оны басқару тұрғысынан жүйе ретінде қараудан басталады. Бұл жүйе басқаратын және басқарылатын бөлшектерден тұрады және олардың арасындағы көп жақты ақпараттық байланыстар мен қатынастар тұрақты түрде зерттеуді қажет етеді. Осы өндірісті басқарудың нәтижесі, өнім және қызмет болып табылады.
Мен осы курстық жұмыста «Қызмет шығындарын есептеу» атты тақырыпты қарастырдым. Бұл курстық жұмыс төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім қызметкерлер және жұмыс күштерінің қозғалысы дап аталады, ал мұның бірінші тақырыпшасы қызметкерлердің саны деп аталады, мұнда қарастырылған мәселелер жалапы қызметкерлер дегеніміз кімдер және олардың кәсіпорын үшін қандай қатысы бар делінген және де тағы да басқа қызметкерлер тұралы ақпараттар қамтылған. Ал екінші тақырыпшасына келетін болсақ мұнда жұмыс күшінің қозғалысы тұралы сұрақтарға жауаптар келтірілген. Екінші бөлімде дайын өнімдер (жұмыстар, қызметтер) және оларды өндіруге жұмсалатын шығындар туралы мәліметтер деп аталады. Екінші бөлімнің тақырыбын осылай атау себебім, бұл да тікелей қызмет көрсетумен өте тығыз байланысты болуында. Үшінші бөлімде қаржы шаруашылық нәтижелерін қарастырып өттім, мұндағы қарастырылып өтілген сұрақтар кәсіорын үшін ең маңызды мәселелер яғни тоқтала өтетін болсақ өнімді өткізу және өнімдерді өткізуден алынған табыстар, өнімдерді өткізуге кеткен шығындар сияқты біршама мәселелер қарастырылып өтілді. Төртінші бөлім осы қызметтердің қаржылық есептілігі яғни бухгалтерлік баланс туралы ақпараттар қамтылып өтілген.
1. «Қазіргі орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздік-анықтамалық» Насырова М.Р, Тоқсанбай С.Р, Құлпыбаев С.Қ, Гуляева С.П. Алматы-2003.
2. Қазақстан Республикасы статистика агенттігі 2006 жыл

3. 1. Баймұханова С.Б., Балапанова Ж. «Бухгалтерлiк есеп», Алматы 2001ж., 236б.
4. Қазақстан Республикасының “Салықтар және бюджетке тиісті міндетті төлемдер жөніндегі” заңы, 1.01.2000ж.
3. Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспары (МСФО), А., 18.09.2002ж.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтықкодексі, 1994ж.
6. Ұлттық Бухгалтерлік есеп стандарттары, А., 1997ж.
7. Абдыкалыков Т.А., Сатмурзаев А.А., «Основы бухгалтерского учета и аудита» Алматы 2001, 236с.
8. Айтжанова Ж.Н. «Бухгалтерский учет, отчетность и аудит устойчивого экономического развития». Алматы 2002, 205с.
9. Байдаулетов М.Б., Байдаулетов С.М. «Аудит». Алматы: Қазақ университеті 2004
10. Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды жөніндегі” заңы, 26.12.1995ж. (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 24.06.2002ж.)
11. Кеулiмжаев Қ.К., Әжiбаева З.Н. т.б. «Қаржылық есеп». Алматы 2001г. 330б.
12. Международные стандарты финансовой отчетности 2001г. 1242с.
13. Нидяз Б., Андерсон Х. Принципы бухгалтерского учета Москва 2000ж., 495с.
14. Радостовец В.К. и др. «Бухгалтерский учет на предрприятиях». Алматы 2002г. 728с.
15. Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия». Москва 1999г. 686с.
16. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет». Алматы 2000г. 335с.
17. Стандарты бухгалтерского учета и методические рекомендации 1999г., 609с.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе

2. 1-бөлім. Қызметкерлер және жұмыс күштерінің қозғалысы
1.1-бөлім. Қызметкерлердің саны
1.2-бөлім. Жұмыс күшінің қозғалысы

3. 2-бөлім. Дайын өнімдерді (жұмыстар, қызметтер) шығару және оларды
өндіруге жұмсалатын шығындартуралы мәліметтер
2.1-бөлім. Дайын өнімдерді (жұмыстар, қызметтер) шығару
2.2-бөлім. Шығыстар

4. 3-бөлім. Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы түсінік
3.1-бөлім. Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері

5. 4-бөлім. Бухгалтерлік баланс
4.1бөлім Баланс құрамы

6. Қосымша

7. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Өндірісті зерттеу оны басқару тұрғысынан жүйе ретінде қараудан
басталады. Бұл жүйе басқаратын және басқарылатын бөлшектерден тұрады және
олардың арасындағы көп жақты ақпараттық байланыстар мен қатынастар тұрақты
түрде зерттеуді қажет етеді. Осы өндірісті басқарудың нәтижесі, өнім және
қызмет болып табылады.
Мен осы курстық жұмыста Қызмет шығындарын есептеу атты тақырыпты
қарастырдым. Бұл курстық жұмыс төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім
қызметкерлер және жұмыс күштерінің қозғалысы дап аталады, ал мұның бірінші
тақырыпшасы қызметкерлердің саны деп аталады, мұнда қарастырылған мәселелер
жалапы қызметкерлер дегеніміз кімдер және олардың кәсіпорын үшін қандай
қатысы бар делінген және де тағы да басқа қызметкерлер тұралы ақпараттар
қамтылған. Ал екінші тақырыпшасына келетін болсақ мұнда жұмыс күшінің
қозғалысы тұралы сұрақтарға жауаптар келтірілген. Екінші бөлімде дайын
өнімдер (жұмыстар, қызметтер) және оларды өндіруге жұмсалатын шығындар
туралы мәліметтер деп аталады. Екінші бөлімнің тақырыбын осылай атау
себебім, бұл да тікелей қызмет көрсетумен өте тығыз байланысты болуында.
Үшінші бөлімде қаржы шаруашылық нәтижелерін қарастырып өттім, мұндағы
қарастырылып өтілген сұрақтар кәсіорын үшін ең маңызды мәселелер яғни
тоқтала өтетін болсақ өнімді өткізу және өнімдерді өткізуден алынған
табыстар, өнімдерді өткізуге кеткен шығындар сияқты біршама мәселелер
қарастырылып өтілді. Төртінші бөлім осы қызметтердің қаржылық есептілігі
яғни бухгалтерлік баланс туралы ақпараттар қамтылып өтілген.

1-бөлім. Қызметкерлер және жұмыс күштерінің қозғалысы

1.1-бөлім. Қызметкерлердің саны

Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер - жалақы, қызметақы, сыйақы,
үстемеақы т.с.с. түрде немесе заттай нысанында ақы (сыйақы) төлеуді
көздейтін жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.
Қызметкерлердің тізімдік саны - азаматтық-құқықтық шарттары бойынша
жұмысты атқаратын тізімдік емес құрамдағы қызметкерлерден басқа жеке еңбек
шарты бойынша, оны жасасу мерзіміне қарамастан, қабылданған барлық адамдар.
Тізімдік санда барлық жалдамалы қызметкерлер ескеріледі, олар есепті
кезеңде белгілі бір мамандық, біліктілік немесе жұмыс берушінің актілерін
атқаратын лауазым бойынша жұмыс жасайтын ұйымдардың тізіміне кіреді.
Сонымен бірге нақты жұмыс істейтін және жұмысқа ресми тіркелуін сақтап
қалған уақытша жұмыс істемейтін адамдар да қосылады.
Жыл ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны есепті жылда
кәсіпорын жұмысының барлық айдағы жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық
санын жиынтықтау және алынған соманы 12-ге бөлу арқылы анықталады және 001-
жол бойынша көрсетіледі.
Бір ай ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны (орташа айлық
саны) есепті айдың әрбір мерекелік (жұмыс емес) және демалыс күндерін қоса
күнтізбелік күніне тізімдік құрамның жалдамалы қызметкерлер санын
жиынтықтау және алынған соманы есепті айдың күнтізбелік күн санына бөлу
арқылы есептеледі.
Қызметті қоса атқарушыларға басқа ұйымдардан қос қызметтілік бойынша
жұмысқа қабылданған тұлғалар жатады. Яғни басқа кәсіпорындарда негізгі
жұмыс орны бар және қызметті қоса атқарушылардың ерекше тізімінде есепке
алынған сырттан қабылданған қызметті қоса атқарушылар. Сырттан қабылданған
қызметті қоса атқарушылар саны 004-жол бойынша көрсетіледі.
Белгілі бір ұйымда жеке еңбек шартымен өз қызметімен қатар басқа
лауазым бойынша (немесе екі, бір жарым мөлшерлемесі бар) қосымша жұмыс
атқарушы қызметкер осы ұйымдағы қызметкерлердің тізімдік санында бір адам
(тұтас бірлік) ретінде ескеріледі.
Жұмысты азаматтық-құқықтық шарттар бойынша атқаратын қызметкерлерге
(яғни ұйымның тізімдік құрамында тұрмайтындарға) ұйымның ішкі тәртібіне
бағынбайтын жүзеге асырылатын белгілі бір жұмыстарды (бір жолғы, арнаулы
шаруашылық, көлемі нақты жұмысты және т.б.) орындау уақытына ғана шарт
немесе өзара шарт бойынша қабылданған адамдар жатады, олар 005-жол бойынша
көрсетіледі.
Қызметкерлер жиыны 007-жол 001, 004, 005-жолдардың жиынтығына тең.
Қызметкерлердің нақты саны (орташа жалақыны есептеу үшін қабылданған)
− жұмысқа ресми тіркелген қызметкерлердің (мысалы, жүкті болу және босану,
баланы күту бойынша берілетін демалыста жүргендер, әкімшіліктің ынтасы
бойынша жалақысы сақталмай демалыста жүрген адамдар және т.б.) жеке
санаттарын шегеруден тысқары тізімдік құрамдағы қызметкерлердің саны 071-
жол бойынша көрсетіледі. Орташа жалақыны есептеу үшін есепті кезеңде ұйымда
нақты жұмыс істеген қызметкерлердің саны пайдаланылады.
0071-жолдың 0072жолы бойынша орташа жалақыны есептеу үшін әйелдердің
саны бөлек көрсетіледі.
008-жол бойынша жыл ішінде – кәсіпорындағы барлық қызметкерлердің, ал
009-жолы бойынша тізімдік құрамдағы қызметкерлердің нақты жұмыс істеген
адам-сағатының саны туралы деректер көрсетіледі. Деректер мың сағатпен
келтіріледі.

1.2-бөлім. ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Жұмыс күшінің қозғалысы – тізімдік құрамдағы қызметкерлер санының
жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару салдарынан өзгеруі. Есепті жыл ішінде
баланспен көрсетіледі: жыл басындағы қызметкерлер санына жыл ішінде
қабылданған қызметкерлер санын қосып, одан жыл ішінде жұмыстан босатылған
қызметкерлер саны шегеріледі, ал ол есепті жылдың соңындағы қызметкерлер
санына тең.
015-жол 011 жолға тең қосу 012-жол азайу 014-жол.
016-жол бойынша есепті жылдың соңында кәсіпорындағы бос орындардың
саны туралы деректер көрсетіледі.

2-бөлім. ДАЙЫН ӨНІМДЕР ( ЖҰМЫСТАР, ҚЫЗМЕТТЕР) ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ӨНДІРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

2.1-бөлім. ДАЙЫН ӨНІМДЕР (ТАУАРЛАР, ЖҰМЫСТАР, ҚЫЗМЕТТЕР) ШЫҒАРУ

Дайын өнімдер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) шығару 100-жол бойынша
өндірілген өнімнің (тауарлар, қызметтер) көлемі көрсетіледі, оған
босатылған (тиелген) өнімнің (тауарлардың) нақты өзіндік құны, өз мұқтажына
пайдаланған өнімнің құны, қоймада тұрған және өткізуге арналған дайын
өнімдер қорларының өзгеруі (есепті жылдың басы мен соңындағы қордың қолда
бары болуы арасындағы айырмашылық), аяқталмаған өндіріс қалдықтарының
өзгеруі қосылады. Өнімнің (тауар,жұмыс, қызметтер) құны нақты бағалармен
ҚҚС есебінсіз және акцизсіз көрсетіледі. Шығару көлемінде қызметтің
негізгі, сол сияқты басқа да (негізгі емес, қосалқы) түрлерінен алынған
өнім ескеріледі.
101-жол бойынша 100-жолдан кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша
өндірілген өнімнің (тауар, жұмыс, қызметтер) көлемі, 102-жол бойынша – 103-
107- жолдарда басқа түрінің әрқайсысы негізгі емесі және қосалқысы жеке
ажыратылған қызметтің басқа (негізгі емес, қосалқы) түрлері бойынша
өндірілген өнімнің (тауар, жұмыс, қызметтер) жиынтықты құны көрсетілген.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі қосылған құны кәсіпорын жүзеге
асыратын қызметтің басқа әрбір түріне қосылған құннан асатын қызмет түрі
болып табылады. Қызметтің негізгі түрі кәсіпорынның жарғылық құжаттарында
тіркеледі.
Басқа (негізгі емес, қосалқы) қызмет – бұл үшінші жаққа арнап азық-
түлік өндіретін немесе қызметтер көрсететін негізгі қызметтен өзге жеке
қызмет. Бұл дегеніміз негізгі емес қызметтің шығарған өнімі (тауар, жұмыс,
қызметтер) де базарда сатуға арналады деген сөз. Қызметтің осы түрлері
бойынша бухгалтерлік есепке алу жеке жүргізілуі тиіс.
Мысалы, кәсіпорын тағам өнімдерін шығарады ( қызметтің негізгі түрі -
”тағам өнімдерін өндіру„), сонымен қатар оның өз өнімін өткізетін дүкен
желілері (қызметтің қосалқы түрі - ”бөлшек сауда„), асханасы бар (қызметтің
қосалқы түрі - ”мейрамханалар, бар, асханалар„) және т.с.с..
100-жол 101-102-жолдардың жиынтығына тең.
102-жол 103-107-жолдар жиынтығына тең.
Сауда қызметімен айналысатын кәсіпорындар 100-жол бойынша (101-жол)
өткізуден түскен табыс пен тауарларды сатып алуға жұмсалған шығыстардың
арасындағы айырмашылықтарды көрсететінін ескерген жөн. Өткізу үшін алынған
тауарлардың сатымдық құны көрсетілмейді. Қайта сату үшін алынған тауарларды
өткізуді сауда қызметі деп түсінуге болады. Тауарларды сатып алынған
тауарлардың құнына тең немесе төмен (өзіндік құны) бағада өткізілген
жағдайда, сауда қызметі бойынша шығару көлемі айналым шығындар шамасына тең
болады, оларды басқа шығындар есебінде бөліп көрсеткен жөн.
Айырбастау орындары үшін валютаны сату мен сатып алу құнының
арасындағы жиынтық айырмашылығы 100-жол бойынша (101-жол) көрсетіледі. Ол
ҚР Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебінде ескерілетін бағамын және нақты
мәміленің бағамын қолдану кезінде пайда болады.
Алаңдар мен жабдықтарды жалға берумен айналысатын кәсіпорындар 100-жол
бойынша жалғадан алынған пайызды (жалғадан түскен табыстан жалға берілген
жабдықтарды ұстап тұруға кеткен шығыны шегерілген) көрсетеді.
120-жол бойынша өткізу үшін алынған тауардың сатымдық құны көрсетіледі
(1300-бөлімше шоттарының деректері). Бұл жолды сауда, қоғамдық тамақтану
және т.б. кәсіпорындар, сондай-ақ өнім өндірумен қатар сауда операцияларын
да жүзеге асыратын өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық кәсіпорындары толтырады.
130-жол бойынша бюджетке нақты төленген (төлем тапсырмасы бойынша)
қосылған құнға салық сомасы көрсетіледі (3110-шоттың деректері).
140-жол бойынша бюджетке нақты төленген акциздер сомасы көрсетіледі
(3140-шоттың деректері).

2.2-бөлім. ШЫҒЫСТАР

Есепті жыл ішінде 1-бағанда өзіндік құнына қосылатын және өнімдерді
өндіруге байланысты (өндіріске жұмсалатын шығыстар 2-баған бойынша
ескеріледі) және тауар-материалдық босалқы қорларының өзіндік құнына
қосылмайтын және кезеңнің шығыстары деп танылатын (кезең шығыстары 3-
баған бойынша ескеріледі) өнімдерді (тауар, жұмыс, қызметтер) өндіруге және
өткізуге жұмсалатын нақты шығыстар көрсетіледі.
1-баған деректері 2 және 3-бағандардың барлық жолдары бойынша
деректерінің жиынтығына тең.
150-жол бойынша Материалдық шығындар есепті жылда өндірілген
материалдық шығындардың жалпы сомасы (қайтарылатын қалдықты шегеріп)
көрсетіледі.
Материалдық шығындар элементі бойынша көрсетілетін материалдық
ресурстардың құны оларды сатып алу (ҚҚС есебінсіз) бағасына сүйеніп,
жабдықтау, делдалдық, сыртқы экономикалық ұйымдарға төленген үстеме баға
(үстемеақы), комиссиялық сыйақылар, тауар биржасы қызметінің құны, кеден
бажы, бөгде ұйымдардың және кәсіпорынның қызметкерлері болып табылмайтын
жеке тұлғалардың күштерімен жүзеге асырылатын тасымалдауға, сақтауға және
жеткізуге жұмсалатын шығыстары қоса қалыптасады.
151-жол бойынша шикізат және материалдар және 152-жол бойынша сатып
алынған жартылай дайын өнімдер, жиынтықтаушы бұйымдар, конструкциялар мен
бөлшектер сырттан сатып алынған шикізат және материалдардың құны, өңдеуге,
монтаждауға жұмсалатын көліктік-дайындау шығыстарын, сатып алынған бұйым
мен және жартылай дайын өнім, сондай-ақ қалыпты технологиялық процесті
қамтамасыз ету үшін өнімді дайындау процесінде пайдаланатын қосалқы
материалдар және қызмет көрсетуді (1310, 1311-шоттардың деректері) ескере
отырып көрсетіледі.
Отын 153-жол бойынша технологиялық мақсаттарға, энергияның барлық
түрлерін өндіруге, үйлерді жылытуға, көлік кәсіпорындары орындаған
өндіріске қызмет көрсету бойынша көлік жұмыстарына жұмсалатын, шеттен сатып
алынған және де кәсіпорынның өзімен өндірілген отынның барлық түрлерінің
құны (1312-шоттың деректері) көрсетіледі.
Энергия 154-жол бойынша кәсіпорынның технологиялық, энергетикалық,
қозғалтқыштық және басқа да өнеркәсіптік-өндірістік мұқтаждарына жұмсалатын
сатып алынған энергияның барлық түрлерінің құны көрсетіледі.
150-жол 151, 152, 153, 154-жолдардың жиынтығынан көп немесе тең.
Еңбекке ақы төлеу шығыстары 160-жол бойынша негізгі және көмекші
өндірістік қызметкерлердің еңбекақысына, жұмысшылар мен қызметшілерге
өндірістік нәтижесі үшін сыйақыны, ынталандырушы және өтемдік төлемақыны
қоса төлеу шығындары, сондай-ақ штатта тұрмаған, бірақ қызметкерлердің
негізгі қызметінде жұмыспен қамтылғандарға және әкімшілік қызметкерлер мен
қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтарда жұмыспен қамтылған
қызметкерлерге еңбекақы төлеу және Қазақстан Республикасының Салық
Кодексіне сәйкес шығысқа жатқызылатын әлеуметтік салыққа есептелінген
шығыстары көрсетіледі.
160-жол 161+ 164+165 -жолдардың жиынтығына тең.
161-жол бойынша тізімдік және тізімдік емес құрамдағы қызметкерлер мен
қызметті қоса атқарушылардың жалақы қоры (ЖҚ) - қызметкерлердің еңбектеріне
ақшалай және заттай нысанда ақы төлеу үшін есептелген сомасы көрсетіледі
(3350-шоттың және басқаларының деректері).
161-жол 162,163 жолдардың жиынтығынан көп немесе тең
161-жолдан 162-жол бойынша әйелдерге есептелген жалақы қоры
ерекшеленеді.
161-жолдан 163-жол бойынша жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін
міндетті жарна сомасы – еңбекке ақы төлеу қорынан аударымның жалпы сомасы
ерекшеленеді (3320-шоттың деректері).
Кәсіпорындардың қаражаты есебінен қызметкерлерге әлеуметтік
жәрдемақылар 164-жолы бойынша кәсіпорын қызметкерлері үшін кәсіпорынның
әлеуметтік қорларынан немесе осыған ұқсас басқа да көздерден
қаржыландырылатын әлеуметтік шығыстары көрсетіледі. Мысалы: зейнетақылар,
шәкіртақылар, материалдық көмек және еңбекке ақы төлеу қорына енгізілетін
басқа да әлеуметтік төлемдер (5400 бөлімшенің шоттарының және басқалардың
деректері).
165-жол бойынша заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес есептелген
әлеуметтік салықтың сомасы көрсетіледі (3150-шоттың деректері).
161-жолдан кәсіпорынның басшы құрамының (бастық, оның орынбасары,
бөлім бастығы) есептелген еңбек ақы сомасы 166 жолға көрсетіледі.
170-жол бойынша есепті жылы негізгі құрал-жабдықтың, басқа
активтердің тозуы және құнсыздануының, материалдық емес активтер өтелімінің
есептелген сомасы көрсетіледі (2320, 2420, 2620, 2720,2740 -шоттардың
деректері).
Өзге де шығындар 180-жол бойынша өнім (тауарлар, жұмыс қызметтер)
өндіруді басқару және қызмет көрсетуге байланысты шығыстардың жалпы сомасы
көрсетіледі.
Банк қарызы бойынша сыйақы 181-жол бойынша төлемге алынған банк
кредиттері (7310-шот) бойынша есептелген пайыздар көрсетіледі.
Тәуліктік 182-жол бойынша кәсіпорынның (1250, 3390-шоттар
деректері) өндірістік қызметіне байланысты қызметтік іссапарлардың уақыты
бойынша есептелген тәуліктік ерекшеленеді.
183-жол бойынша өзге де шығыстардың жалпы сомасынан (180-жол)
шығыстарға жататын салықтар мен алымдар сомасы бөлініп 3100, 3200-
бөлімдердің шоттарының деректері алынады (корпоративтік табыс және
әлеуметтік салықтарын, акциздерді және ҚҚС қоспағанда).
Табиғи шикізатты пайдаланғаны үшін төлем 184-жол бойынша геологиялық
барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарына, жерді қайта қалпына келтіру
үшін жұмсалатын аударым бөлімдеріндегі табиғи шикізатты пайдаланумен
байланысты шығындар (сондай-ақ мамандандырылған ұйымдар жүзеге асыратын
жерді қайта қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға ақы төлеуге жұмсалатын
шығындар), түбір төлемі, су шаруашылығы жүйесінен алынатын су үшін төлем
және басқа да төлемдер (3310-шоттың және басқаларының деректері)
көрсетіледі.
180-жолдың деректері 181, 182, 183 және 184-жолдардың жиынтығынан көп
немесе тең.
Шығыстардың жиынтығы 190-жол 150, 160, 170, 180-жолдардың жиынтығына
тең.
190-жолдан 195-жол бойынша инновациялық және ғылыми-зерттеу
жұмыстарына байланысты жалпы (күрделі және ағымдағы) шығындар көрсетіледі:
жаңа өнімдерді, қызметтерді және оларды өндіру әдістерін, жаңа өндірістік
процестерді зерттеу және әзірлеу; технологиялық инновациялармен байланысты
машиналар мен жабдықты сатып алу; жаңа технологияларды (патенттер беруге
құқық, өнертабыстарды, өнеркәсіптік үлгілерді, тиімді модельдерді
пайдалануға берілетін лицензиялар) сатып алу; бағдарламалық құралдарды
сатып алу; өндірістік жобалау, жаңа өнімдерді шығаруға арналған өндірісті
дайындаудың басқа түрлері, жаңа қызметтер немесе оларды өндіру әдістерін
енгізу; инновациямен байланысты персоналды оқыту және дайындау;
маркетингтік зерттеулер; технологиялық инновацияларға байланысты өзге де
шығындар.
198-жол бойынша негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеуге жұмсалған
нақты өндірілген шығыстар сомасы көрсетіледі.

3-бөлім. Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы түсінік
3.1-бөлім. Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері
Дайын өнімдерді өткізуден (тауар, жұмыс, қызметтерді) түскен табысқа
кәсіпорынның негізгі қызметінен (201-жол) және басқа (негізгі емес,
қосалқы) қызметінен (202-жол) түскен табыс қосылады.
Өнімді (тауар, жұмыс, қызметтерді) өткізуден түскен табыс 200-жол
бойынша тиелген тауар-материалдық босалқы қорлардан, атқарылған
жұмыстардан, төлем түріне қарамастан (6010-шоты) көрсетілген қызметтерден
алынған және алынатын табыстардың (жанама салықсыз) жалпы сомасы
қайтарылған тауарлардың төлемі шегеріліп көрсетіледі.
200-жолдан 201-жол бойынша өнімді (тауар, жұмыс, қызметтерді)
өткізуден түскен табыс қызметтің негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынның
жарғылық құжаттарында тіркелген қызмет түрінен түскен табыстың жалпы сомасы
көрсетіледі, 202-жол бойынша – 203-207-жолдардағы қызметтің басқа (негізгі
емес, қосалқы) түрлері бойынша жекелеп, көрсетілген қызметтің басқа
(негізгі емес, қосалқы) түрлері бойынша түскен табыстың жалпы сомасы
көрсетіледі.
200-жол 201-202-жолдардың жиынтығына тең.
202-жол 203-207-жолдардың жиынтығына тең.
Мәміледен алынатын табыстың сомасы алынған және алынатын өтемақы құны
бойынша сатушы кәсіпорын жол берген сауда шегерімі сомасын немесе арзандату
көлемін есептей отырып өлшенеді.
Егер есепті кезеңде өндірілген өнім өткізілмей, барлығы қоймаға түссе,
онда ол 200-жолда (201, 202-жолдар) көрсетілмейді.
Егер өнім (тауарлар) босалқы қордан өткізілсе, онда 200-жол (201, 202-
жолдар) өткізуден түскен табыстың сомасына толтырылады.
Құрылыс ұйымдары үшін салынып біткен кешендердің, орындалған
жұмыстардың қабылдау актісімен бекітілген табыс өткізуден түскен табыс
болып табылады.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін өндіріс циклінің ерекшеліктеріне
байланысты өнімді өндіру және өткізу әр түрлі есепті кезеңде жүргізіледі.
Осыған сәйкес есепті жылда өндірілген өнім келесі есепті жылда өткізілуі
мүмкін. Есепті жылдағы өнімді өткізуден түскен табыс бухгалтерлік
құжаттарға сәйкес көрсетіледі.
Сауда ұйымдары үшін өткізуден түскен табыс қайта сату үшін сатып
алынған тауарлардың құнын қоса есептеумен көрсетіледі.
Кейіннен өткізу үшін сатып алынған тауарлардың құны өткізілген
тауарлардың өзіндік құны ретінде 220-жолға қосылады.
Айырбастау орындары үшін өткізілген шетел валютасының құны 200-жол
(201-жол) бойынша - сату құны бойынша, 220-жол бойынша – Ұлттық Банктің
операциялар жасаған күнгі бағамы бойынша көрсетіледі.
Өткізілген дайын өнімнің (тауар, жұмыс, қызметтердің) өзіндік құны
220-жол бойынша босатылған (тиелген) дайын өнімнің (тауарлардың,
қызметтердің) 7010-шотта есепке алынған нақты құны көрсетіледі.
Жалпы пайда 230-жол бойынша өнімдерді (тауарлар, қызметтер)
өткізуден түскен қаржы нәтижесі көрсетіледі, ол өткізілген өнімнің
(тауарлар, қызметтер) табысы мен өткізілген өнімнің (тауарлар, қызметтер)
өзіндік құнының арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
230-жол 200-жолмен 220-жолдың айырмасына тең.
Қаржыландырудан түскен табыс 240-жол бойынша қаржыландырудан түскен
табыстар көрсетіледі, 6100-бөлімшеге мына 6110, 6120, 6130, 6140, 6150,
6160-шоттардың тобы енеді.
250-жол бойынша Өзге де табыстар 6200-бөлімше, өзге де табыстар мен
мына 6210, 6220, 6230, 6240, 6250, 6260-шоттардың тобы енгізіледі.
260-жол бойынша Өткізілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс шығындарын жіктеу
Өндірістік жабдықтарды пайдалану шығыстары
Құрылыс ұйымдарының өзіне түсетін құның төмендету резервтері
Үстеме шығындар
Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау
Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Өндірістік шығындардың жіктемесі
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
ПРОМТЕХМОНТАЖ ААҚ КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ
Үстеме шығыстардың есебі
Пәндер