Қазақ тіліндегі «Аңшылық» концептісі


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «АҢШЫЛЫҚ» КОНЦЕПТІСІ
Мамандығы: 050117 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған: 4 курс студенті М. Байсенгирова
Ғылыми жетекші: Г. Смағұлова
Норма бақылаушы:
Қорғауға жіберілді «___» 2011 ж.
Кафедра меңгерушісі: Б. Момынова
ф. ғ. д. профессор
АЛМАТЫ, 2011
Реферат
Диплом жұмыстың тақырыбы:
Диплом жұмыстың көлемі:
Диплом жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны: 30
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде қазіргі қазақ лингвистикасындағы концепт туралы айтылса, екінші бөлімінде мәдениеттегі аңшылық өнерінің орны және аңшылық концептісіне енетін мақал-мәтелдер, фразеологизмдер мазмұны қамтылған.
Жұмыстың нысаны: Тарихи деректер мен сөздіктерге сүйене отырып, аңшылыққа қатысты атауларды анықтау.
Диплом жұмысында қолданылған тірек сөздер: концепт, аңшылық.
Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері : зерттеудің мақсаты - қазақ тіліндегі аңшылық концептісіне қатысты атауларға талдау жасай отырып, кешенді түрде зерттеу.
Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер : саралау, талдау, концепт пен ұғым ерекшелігін анықтау.
Д иплом жұмыстың дерек көздері : зерттеу еңбектері, отандық диссертациялық зерттеулер, оқу құралдары, ғылыми мақалалар.
Жұмыснәтижелілігі: Жұмыста бұрын зерттелмеген қазақ тілінің лексикология саласындағы тіл бірлік - аңшылық концептісіне қатысты атаулардың даму, қалыптасу кезеңдері, тілдік табиғаты айқындалып, сараланып зерттелінді:
1. Аңшылыққа қатысты фразеологизмдер мен мақал -мәтелдерге талдау жасалынды;
2. Қазақ тіліндегі аңшылыққа қатысты атаулардың уәжділік жүйесі ашылды;
3. Қазақ тіліндегі аңшылыққа қатысты атаулардың лексикалық құрамы анықталды.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім.
- Қазіргі лингвистикадағы «концепт» мәселесі
1. 1Аңшылық кәсібінің мәдениеттегі орны
- Аңшылыққа қатысты атаулардың семантикалық топтары
2. 1Аңшылыққа қатысты тұрақты тіркестер . . .
2. 2 Аңшылыққа байланысты наным- сенімдер . . .
2. 3 Аңшылыққа қатысты мақал - мәтелдер . . .
2. 4 Аңшылықта қолданылатын құрал - жабдық атаулары . . .
2. 5 Аңшылық кәсібіндегі эвфемистік қолданыстар . . .
2. 6 Аңшылыққа қатысты сөздердің этнолингвистикалық сипаты . . .
2. 7 Аңшылыққа қатысты көркемдік құралдар . . .
2. 8 Аңшылыққа қатысты амал - айлаларды білдіретін сөз тіркесі . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - қазақ тіл білімінде соңғы жылдары лингвомәдениеттану, когнитилогия мәселелері және әлемнің ұлттық тілдік бейнесі зерттеліне бастады. Аңшылыққа концептісіне қатысты толық түрде жеке зерттеуге негіз бола қойған жоқ. Қазақ тілі лексикасындағы аңшылыққа қатысты туған мол атауларға арнайы таудаулар жасалынбаған.
Аңшылыққа қатысты атаулар өзге тілдік бірліктер сияқты этноспен ғасырлар бойы бірге жасап, халықтың сөздік қорынан ерекше орын алып келеді. Тілімізде аңшылыққа қатысты халықтық, әдеби нормаларының өзіне тән жасалу заңдылықтары қалыптасқан атауларға лингвистикалық баға беру үрдісі олардың тарихи шығу кезеңдеріне, даму жолдарына, өзара байланыстыра жан-жақты зерттеу жүргізу ісін қажет етеді. Аңшылық концептісінің тіл білімінің түрлі бағыттарында зерттеу нысаны ретінде алынуы тек қазақ тілінде, сонымен бірге жалпы түркі тілдеріндегі айта қаларлықтай маңызды мәселенің шешілуіне жол ашады.
Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері : Зерттеудің мақсаты - қазақ тіліндегі аңшылық концептісіне талдау жасай отырып, кешенді түрде зерттеу. Аңшылыққа қатысты атаулардың өзіндік сипаты мен олардың лексика - семантикалық топтарын ашу, талдау болып табылады. Бұл қазақ тіліндегі аңшылыққа қатысты атауға байланысты мәселелерді шешудің теориялық негізін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысы мынадай мәселелерді ғылыми жақтан айқындап, саралап алу міндеттерін қойды:
-аңшылыққа қатысты атауларды қазақ тіліндегі тарихи және тілдік деректерден, зерттеулерден, әртүрлі сөздіктер мен көркем шығармалардан, жалпы халықтық лексикадан барынша жыйып көрсеру;
-аңшылыққа қатысты атаулардың қалыптасу, даму үрдістерін қарастыру;
-аңшылыққа қатысты тұрақты тіркестер мен атаулардың мазмұнына талдау жасау.
Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: дайын материалдарды мақсатқа сай іріктеу, бір жүйеге келтіру, саралау. Аңшылыққа қатысты атауларды талдаудың негізгі әдісі - сипаттама әдісі. Бұл әдіс аңшылыққа қатысты атаулардың құрамын, олардың қалыптасу және даму жолдарын анықтауда қолданылды. Аңшылыққа қатысты атауларды жүйелі қатынасын көрсетуде құрылымдық әдіс пайдаланылды.
Диплом жұмысының дерек көздері: : зерттеу еңбектері, отандық ғалымдардың диссертациялық зерттеулері, оқу құралдары, ғылыми мақалалар.
Зерттеудің нысаны: тілдік және тарихи деректер мен сөздіктерге сүйене отырып, қазақ тіліндегі аңшылық концептісіне қатысты атауларды анықтау.
Жұмыс нәтижелілігі: Жұмыста бұрын зерттелмеген қазақ тілінің лексикология саласындағы тіл бірлік - аңшылық концептісіне қатысты атаулардың даму, қалыптасу кезеңдері, тілдік табиғаты айқындалып, сараланып зерттелінді:
1. Аңшылыққа қатысты фразеологизмдер мен мақал -мәтелдерге талдау жасалынды;
2. Қазақ тіліндегі аңшылыққа қатысты атаулардың уәжділік жүйесі ашылды;
3. Қазақ тіліндегі аңшылыққа қатысты атаулардың лексикалық құрамы анықталды.
1. Қазіргі лингвистикадағы «концепт» мәселесі.
Ғылыми зерттеу қажеттіліктен басталады. Қазақ тіл біліміне концептік зерттеулердің келуіне жалпы тіл біліміндегі обьективті себептер, когнитивті революцияның ықпалымен қатар, Қазақстан өміріндегі өзгерістер де себепкер болды. Ең алдымен қазақ тіл білімінде осы саладағы зерттеулер қажеттілігі туындады. Бүгінгі таңдағы Қазақстанның ұлтаралық, халықаралық, мәдениетаралық қарым-қатынастарының кеңіп, белсенденуінің, қазақ еліне осыған байланысты көптеген мақсат, міндеттер жүктелуінің нәтижесінде ұлтаралық қарым-қатынастағы қазақ тілінің орны қазіргі Қазақстан мамандары үшін де, Қазақстанмен жұмыс істейтін шет ел мамандары үшін де алғашқы орындағы мәселе. Концепттік өріс, сәйкесінше әрбір концепт халықаралық қарым-қатынастың категориясы болғандықтан тілдік концептерді зерттеу үлкен маңызға ие болды. Мәдениетаралық, ұлтаралық қарым-қатынас әр уақытта ұлттың маңызды концептерін тану қажеттілігін туғызады. Екінші себеп ұлттық мұраны зерттеудің белсенденуі, зерттеудің мақсаты мен ұстанымдарының өзгеруі.
Концептік зерттеулер, таным мәселесін тіл тұрғысынан қарастыру жалпы тіл біліміне бүкіл әлемнің гуманитарлық ғылымдарында 50-60 жылдары жүріп өткен когнитивтік революцияның ықпалымен келді. Қазақ тіл білімі оны тек егемендік алғаннан кейін қабылдай алды.
Когнитивті ғылымдарды когнитивизм деп те атайды. Когнитивизм терминінің түрлі бірнеше мағынасы бар: 1) бұрын психология аясында қарастырылған таным, танымдық процестер мәселесіне қайта оралу; 2) бүкіл когнитивті ғылымдарға синоним ретінде қолданылады; 3) когнитивті ғылымдардың дамуының бастауында тұрған даму сатысы.
Когнитивті лингвистиканы В. А. Маслова жеке ғылым деп қарастырады.
Когнитивті лингвистика АҚШ-да дүниеге келіп, белсенді дамығанымен Еуропада зерттеудің өз бағыты қалыптасты. Когнитивті лингвистиканың басты мақсаты тілдік қабілетті немесе тілді ішкі когнитивті құрылым ретінде білу, сөйлеушіні-тыңдаушыны ақпаратты өңдейтін өз алдына жеке модульдерден тұратын жүйе ретінде сипаттап, түсіндіру.
Концептердің зерттелуінде «Тілдің логикалық анализі» тобының ролі зор. Олар концептік зерттеулерде белгілі дәрежеде өзіндік жол сала алған топ. «Тілдің логикалық анализі» тобының еңбектерінде негізінен рухани мәдениеттің басты терминдері: «парыз», «тағдыр», «ақиқат», «өтірік», «жақсылық», «жамандық», «жан» және т. б. қарастырылды. Бұл концептер қазақ тіл білімінде арнайы концептік зерттеулердің нысаны болғанымен, қазақ мәдениеті мен психологиясында өзіндік нақышымен көрінетін концептер. Мысалы, «жақсылық» концептін алатын болсақ, бұл ұғым атауы қазақ халқы үшін ертеден-ақ антропоним болып қалыптасқан.
Дерексіз лексиканың кез-келген сөзі қандай да бір мәдениеттің өзгешелігімен ажыратылса, белгілі бір мәдениет өкілімен игеріліп, оның ажырамас бөлігіне айналса, концепт (мәдени сөз) болып таныла алады. Сондықтан, «Тілдің логикалық анализі» тобының басым көпшілігі анақтағанындай тек философиялық ғылыми ұғымдарды белгілейтін сөздер ғана емес, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді білдіретін сөздер де мәдени концепт деңгейіне көтерілуі мүмкін. Мысалы, «наурыз» еуропа халықтары үшін жылдың үшінші айы болса, түркі халықтары үшін наурыз - жыл басы, үлкен той, ол көптеген салт-дәстүрмен ассоциацияланады, т. с. с. Халақтың өмір сүру дағдысын (көшпенділік, күзеу, қыстау, жайлау), адамның әлеуметтік жағдайын ) би, кедей, қойшы, сұлтан), адамның жеке қасиеттерін (адалдық, нәзіктік, батылдық, ерлік), тіпті нақты процестердің атын білдіретін (жүн түту, киіз басу, аңшылық, айтысу) сөздер де «мәдени мәнге» ие бола алады.
Мәдени концептердің аясы нақты, жинақтаушы және заттық лексика есебінен кеңеюі мүмкін. Мысалы, қазақ халқы үшін «шаңырақ», «ертоқым», «жер», «жусан» «селеу», «қамшы», «ақжаулық» сөздері мәдени сөз болып табылса, өзге халықтар үшін «саре», «қар», «тайга», «самаурын», «кенгуру» сияқты сөздер мәдени мәнге ие болуы мүмкін. Өсімдік, жан-жануар, тұрмыс заттары, қандай да бір табиғат құбылыстары, іс-әрекет түрлері, белгілі бір мәдениеттің ажырамас бөлігі болғандықтан, өзге тілдердегі баламаларынан мәдени компонентімен ажыратылады. Сөздердің мәдени концептер қатарына өтуі оның мәдени игерілуінен болған прагматикалық және семантикалық жағына қайта ұғынылуымен байланысты: бұл сөз қандай да бір мәдениетке тән нәрселер тұрғысынан қарастырылады; сонымен қатар, сөз материалдық мәдениет затын немесе құбылысын атаса, ол зат немесе құбылыс енді рухани құндылық сияқты бағаланатын болады. «Игерілген» сөз - концептерді мысалға ала отырып бір мәдениеттің екі жағы - материалдық және рухани мәдениеттің арақатынасын көруге болады.
«Концепт» термині Ресей лингвистикалық әдебиеттерінде ең алғаш қоршаған орта құбылыстарының тілдік-мәдени игерілу процесін көрсету мәселесімен байланысты 20-30 жылдарда пайда болды. Бұл зерттеулер өз юастауын орыс философы С. А. Аскольдов-Алексеевтың 1928 жылы «Русская речь» жинағында жарық көрген «Концепт және сөз» мақаласынан бастау алады. Автордың түсіндіруінше, концепт - сөз бен оның мәні (ұғымы) арасындағы байланыстырушы. Аяқ астынан сөйлегенде біздің санамыз сөз ұғымдарын пайдалана алмайды, сондықтан жаңа мәндік элементтер ретінде ұғымдар емес, алғаш қалыптасқан ой-ментальді сигналдар іске қосылады. Осылардың өзі концепт. Егер автордың ойына жүгінсек, тұжырылған ұғым емес, ұғымның «ұрығы», өйткені, ол оған ұғымнан бұрын беріледі және кейіннен ұғымға ұласатын семантикалық құрылым оның бойында о бастан болады. Концепт өзі уақыт пен түсініктен тыс тұрып сөздердің уақыт пен кеңістіктегі ұғымдық-тектік байланысын табуға көмектеседі.
Концептті зерттеуге когнитивтік лингвистикада басты назар аударылады. Концептің табиғатын тануда деген кез келген ұмтылыс онымен сабақтасып, астарласып жататын ұғымдардың, терминдердің бар екендігін көрсетеді. Олар ең алдымен: концепт, ұғым, мағына.
Концепт ең алдымен бірбүтін нәрсе. Оның өзіндік даму жолы болады. Оның дамуының ең басты көрінісі концепт-1-ден концепт-2-ге дейін дамуы. Концепт-1мен концеп-2 С. Р. Сүгірбекованың айтуынша, бір нәрсенің бір-бірінен ажырағысыз екі бөлігі. Ал біз оларды бір нәрсенің дамуындағы екі саты, екі негізгі деңгей деп есептейміз. Солай бола тұра, олардың арасында үлкен айырмашылық жатады. Концепт-1 мен концепт-2 арасындағы қатынас күрделі. Қандай да бір сөзді концепт деп тануда концепт-1 есепке алынбайды, өйткені ол көрінбейді. Концепт-1 концептік талдау жасағанда ғана белгілі болады және концепт-2-ге сүйене отырып анықталады. Концепт-2 болмаса концепт-1 анықтала алмайды. концепт-2 концепт-1-ге негізделеді. Сондықтан біз олардың біреуін басты деп, ерекше бөліп көрсете алмаймыз. Екеуін салыстыру да қиын, өйткені, екеуінің пайда болу себебі де, көлемі де әртүрлі. Осы концептер бір концептің бойында жымдасып тұрады, оның негізін құрайды.
Концепт-1 алғашқы, жалпы, қарапайым түсінік. Концепт-1-де сөздің семантикалық құрылымының әрі қарай дамуының жолдары мен бағыттары «бағдарланған» ол барлық мағыналардың «ұрығы». Концепт-1 әлі ментальді бейне ретінде қалыптаспаған, әлі ашылмаған ұғым. Ол таным шеңберінде, есте ылғи тұрғанымен оның орны, қамтитын аясы, белгілері елес сияқты. Бірақ бұл «елес» сөз қолданылған сайын көрініс беріп, жаңа атаулардың тууына түрткі болып отырады. Концепт-2 ашық болып келеді. Концептер бейберекет болып көрінбес үшін оларды әмбебаптылығы мен маңыздылығына қарай, адамның, ұлттың рухани мәдениетіндегі алатын орнына қарай жүйелеу керек.
«Концепт» термині сема, мән, ішкі форма, символ, образ, ұғым, архетип терминдерінің қайсысымен болса да бір деп ұғынылмау керек.
Жалпы сема, архисема (мәндер инварианты) және концепт.
Концепт жалпы сема да емес, архисема да емес (мәндердің инварианты емес), өйткені ол сөзге семадан бұрын берілген, ал сема сөздің мағынасымен беріледі. Концепт пен сема сһздің лексикалық мағынасының құрылымын көрсету үшін қажет. Біз оны саналы түрде, нақты деректерге негізделе отырып бөліп шығарамыз. Ал концепт - ырықсыз санадан болжам негізінде бөлінетін бірлік, біз оны сөздің өзіндік идеясын ашу үшін пайдаланамыз.
Белгі (айырым, нышан) және концепт
Концепт белгі емес, концепте сол ұғымға тән белгілердің барлығы «бағдарланған», солай бола тұра концептің белгісін көрсету мүмкін емес, өйткені концепт санада ұстап қалу қиын «елес» сияқты. Ол нақты белгілерді білдіре алуы мүмкін, бере алуы мүмкін, бірақ, біз, ол белгілерді атай алмаймыз, оны атау үшін оның жанында тұрған белгілерден ерекшелендіріп, бөліп алуымыз керек, өзге сипат, белгілерді санада саралап көре алмағандықтан, қажетті белгіні де танып ала алмаймыз.
Жалпы мағына, жалпы түсінік және концепт
Жоғарыда айтылғандай жалпы түсінік концепт-1-де көрініс табады. Бірақ, ол алғашқы, өте қарапайым жалпы түсінік, ал жалпы мағына концепт пен контекске байланысты болады.
Концепт пен образ
Концепт образ емес, өйткені қандай да образ бейнелі формаға ие болады. Ал концептің белгілі бір ғана образы болмайды. Ол дайын күйіндегі ой жүйесі емес, біз оны көзге де, ойша да елестете алмаймыз. Бұл тұрғыдан келгенде концепті «таза идея» деп есептеуге болмайды.
Концепт және символ
Бұл екі ұғымның екеуінің де мәндік мүмкіншіліктері зор, екеуі де шексіз көп мағыналы, сондықтан, екеуі де мәдениетті іштей тану кілті бола алады. Символдың табиғаты затты, ол сол таңба негізінде дамиды. Ал концепт идеялық құбылыс және өз дамуын өзі белгілейді. Символда қайсыбірін сол тілде сөйлеушілер әлі саналы түрде түсінбеген болса да, ол бар. Ал концепт әлі мағынаға айналмаған, әлі «ашылмаған» мағыналар ұйытқысы, қойыртпасы, орамы. Олардың айырмашылығы сөз-концепт пен сөз-символды салыстырғанда айқын көрінеді.
Архетип және концепт
Концепт-сөздің пайда болу тарихы, оның алғашқы мағыналары, бастапқы тірек идеялары мен концепт-сөздің туындауына түрткі болған фактілерді анықтау керек болғанда біз архетипке соқпай қоймаймыз. Бірақ, концептің барлық қажетті семантикалық ақпаратты жинақы, бірақ беретін орын басу қызметі туралы айтқанда, біз, концепт пен архетипті қатар қоя алмаймыз. Бұған қоса, концепт, теориялық анықталуы мүмкін болғаныман көбінше тек интуитивті анықталатын бірлік. Оның концептік мағынасы да, концепт таңбаларының мағыналарынан интуиция көмегімен анықталады. Ал архетип - теориялық реконструкцияланған бірлік. Байқап отырғанымыздай концепт пен архетип арасындағы айырмашылық өте үлкен.
Ішкі форма және концепт
Бұл терминдердің аражігін ажырату жоғарыда айтылған терминдермен салыстырғанда қиынырақ. Екі термин де сөздің ең алғашқы мағыналық нышандары мен сөзді туындап отырған мағынаны анықтайды және екі термин де ұлттық мәдени-тілдік құбылыстарды түсінудің кілті болып табылады. Осылайша, ішкі форма, концепт ұғымдарының екеуі де адамның тілдік санасы мен қоршаған орта арасындағы жалғастырушы қызмет атқарады. Олардың айырмашылығы «өміршеңдігіне», қаншылықты қажет екендігіне келгенде ашылады. Сонымен қатар олардың көлемі мен атқаратын қызметтері әр түрлі. Ішкі форма біртіндеп жоғалуы мүмкін, ал концепт сөзбен бірге өмір сүреді. Сондықтан да концепт сөздің ішкі формасына қарағанда біршама тұрақты болып есептеледі.
Концепт - «таза идея». Концепт пен ішкі форма арасындағы сөз етіліп отырған айырмашылық бұл екі ұғымның қолданылу аясынан көрінеді; мысалы, мағынаның уәжделуін сөз еткенде, «ішкі форма» терминін пайдаланамыз, ал сөзді мәдени-тілдік контекске енгізетін ұлттық менталитетке негізделген алғашқы қарапайым түсінік жайлы айтқанда, сөз мәдениет элементі ретінде қарастырылғанда - «концепт» терминін пайдаланамыз.
Ұғым және концепт
«Ұғым» және «концепт» терминдері бір жағынан сөздің мазмұндық жағының әр түрлі кезеңін, екінші жағынан олардың әртүрлі қызметін көрсетеді. Ұғымнан концепт ұлттық менталитетті көрсете алатын алғашқы түсінік ретінде де, әмбебап мәдени түсінік ретінде де ерекшеленеді.
Философиялық анықтама бойынша, «концепт»-жалпы ұғым, мағына. Ал "ұғым, мағына"- ойлау категориялары ретінде логикалық термин. Сондықтан да "концепт", "ұғым", "мағына" терминдерін бірде тұтас, бірде бөлек қарастырылады. Алайда, айырым белгілерін жоққа шығармайды. Дүниені. Шындықты адам санасының қабылдауы тек ұғымның айналасында қалып қоймайды.
Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар(заттың бейнесі) негіз болады. Мысалы, ана сөзі ұғым бойынша-шеше(Ананын ақ сүтін ақтау) . Бұл адамдардың бәрі білетін ең негізгі басты сипаты. Бірақ бұл ұғыммен қатар ана туралы басқа да түсініктер бар. Мәселен, анаға қатысты тілімізде бағалауыштық, коннотативтік бірліктер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық тіркестер, нақыл сөздер мен афоризмдер қалыптасқан. Демек, ана ұғымын тереңдететін, нақтылай түсетін, жан-жақты сипаттайтын басқа қосымша мәнді, қажетті мәдени мағлұматтар арқылы менталдық деректер жинақталған. Бұларды саралай келгенде, ұғымдық саты толыға береді де, концепт дәрежесіне көтеріледі.
Сондықтан кез келген ұғым, сөз концепт бола бермейді. Концепт болу үшін белгілі бір ұғымға қатысты ұлттың мәдени көрсеткіші болатын тілдік дерек-лексика-семантикалық тақырыптық топ, сондай-ақ менталдық мінездемені қажет ететін және философиялық мазмұнды, логикалық бағдары бар ұжымдық білім көрсеткішіне негізделген күрделі құрылымды бірлік болу керек.
Концепт белгілі бір ұлт мәдениетіне тән болғандықтан, сол ұлт бейнесін көрсететін салт-дәстүрлер көрінісі, ұлтқа тән таным мен білім сияқты ерекшеліктеріне қарай жетілдіріліп отырады.
Концепт туралы айтылған ой-пікірлерді сараптап, тұжырымдай келе, концептінің ең басты өлшемдерін айта кету керек. Олар:
-бейнелілік
-ұғымдық
-құндылық
Концептінің бейнелілігі-бұл заттар мен құбылыстар, оқиға сипаттарын көру, есту, сипау, иіс, дәм арқылы тәжірибелік біліміміздің дара қасиеттерімен біздің жадымызда сақталуы.
Концептінің ұжымдық жағы-бұл концептінің сипаты, құрылымдық белгілері, дефинициялары, бір-бірімен алшақ өмір сүрмейтін басқа концептілермен салыстырмалы ерекшеліктері және ең басты адамдар іс-әрекетінің жүйелі түрде тілде белгіленуі.
Концептінің құндылық жағы-концепт ретінде тануға, қарастыруға, талдауға тұрарлық әрі жекенің, әрі ұжымның жасаған ұлттық ерекшелігі.
Концепт тіл - тілдегі сөз астарын және сөз байлығын мейлінше жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Концептуалдық талдау нысаны-менталдық кеңістіктегі мәдени мазмұндағы базалық концептілер.
Концепт-адамдардың білімі мен тәжірибесін қамтитын таным және ақпараттық құрылымдағы менталдық қордың бірліктерін білдіретін термин.
"Концепт" термині ғылымдар тоғысында жиі талдауға түскені соншалық, лингвистер әр қырынан қарастырғанда әртүрлі толықтырулармен жан-жақты анықтай түскен. Сонымен концепт:
- тілден тыс ойлау арқылы қалыптасқан мазмұн;
- "менталдық лексикон бірліктері" (Е. С. Кубрякова) ;
- тіл мен ойлаудың аралығындағы "түсініктер бірліктері"(Ю. Н. Караулов) ;
- ұжымдық және жеке таным бірліктері (А. А. Залевская)
- тұрақты тілдік құрылымдармен диахронды және синхронды байланыстағы мағынаның көпқабатылығы;
-идиалды дүние нысанының субъектідегі түсінігі (А. Вежбицсая) ;
-таңба арқылы танылған ұғым (М. В. Никитин) ;
-қабылдау, ұғым, білім, ассоциация, әсерлердің шоғыры (Ю. С. Степанова) ;
-"нысанның көру, есту, дәм, вербалды және басқа сипаттарын біріктерін" категория (В. А. Пищальникова) ;
-адам танымындағы мәдениет бірлігі, мәдени ақпараттар жиынтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz