Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы



Кіріспе 3
1. Қазақстанның әлем шаруашылығына енуі, Қазақстанда сыртқы экономикалық байланыстың қалыптасуы және дамуы 4
2. Қазақстан республикасында сыртқы сауданың дамуы 9
3. Қазақстанның Орталық Азия және Европа одақтарына интеграциялануы 12
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер 22
Әрбір мемлекетте оның табиғи, тарихи және экономикалық, жағдайларына сәйкес бір бірімен байланысты және бір-бірімен толықтыратын халық шаруашылық салаларының кешені құралады: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы; қазып шығаратын және өңдеу салалары; өндіріс құралдарын және халық тұтынатын заттар шығаратын т.б. Бірақта бұл жеке бір шеңберінде тұйықталған экономика құруға шарт емес жағдайда әлем шаруашылығынан тыс өзінің (әлеуметтік-экономикалық құрылысы және даму деңгейіне қарамастан, бірде бір мемлекет ойдағыдай дамыи алмайды. Осыған қарағанда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі әдісі әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту болып саналады.
Дүниежүзілік тәжірибе бойынша бір елдің ішінде экономикалық реформалар, халық шаруашылығының құрылымын құру, оның ұлттық жағдайлары, проблемалары мен міндеттеріне мәжбүр. Сонымен бірге халықаралық еңбек негізінде әлемдік шаруашылық байланысқа сәтті және тиімді енбей ішкі қайта құру процесі қалаған нәтиже бермейді. Эномикалық егемендік және нарыққа ену кезінде Қазақстанның сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі міндеті халық шарушылығының құрылымын жетілдіру, технологиялық артта қалғанды жою, және республиканың региондардың кәсіпорындарының валюталық қорын қалыптастыру мақсатымен халықаралық еңбек бөлісуіне ынталана қатысу.
1. Қазақстан экономикасы Нұргалиев Қ.Р. Оқу құралы Алматы 1999 ж.
2. "Қазақстан Республикасының 2030 кезеңіне дейінгі даму стратегиясы". Н.А.Назарбаев. Алматы, 1997 ж
3. "Экономикалық ілімдер тарихы". Я.А.Әубәкіров, К.Н.Нәрібаев, Д.Қ.Қабдиев; Алматы, 1998 ж
4. Нарықтық экономика әліппесі – Алматы: Қазақстан. 1995 ж. 96 бет. Редакторы: М. Әкімжанов.
5. Экономикалық теория негіздері: оқулық. – Алматы, «Санат», 1998 ж. Я. Әубәкіров.
6. «Еңбек нарығы және жұмыспен қамту». Ақиқат. 2000 ж. № 7. 30-45 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
1. Қазақстанның әлем шаруашылығына енуі, Қазақстанда сыртқы 4
экономикалық байланыстың қалыптасуы және дамуы
2. Қазақстан республикасында сыртқы сауданың дамуы 9
3. Қазақстанның Орталық Азия және Европа одақтарына 12
интеграциялануы
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер 22

Кіріспе

Әрбір мемлекетте оның табиғи, тарихи және экономикалық, жағдайларына
сәйкес бір бірімен байланысты және бір-бірімен толықтыратын халық
шаруашылық салаларының кешені құралады: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы;
қазып шығаратын және өңдеу салалары; өндіріс құралдарын және халық
тұтынатын заттар шығаратын т.б. Бірақта бұл жеке бір шеңберінде тұйықталған
экономика құруға шарт емес жағдайда әлем шаруашылығынан тыс
өзінің (әлеуметтік-экономикалық құрылысы және даму деңгейіне қарамастан,
бірде бір мемлекет ойдағыдай дамыи алмайды. Осыған қарағанда халықаралық
ынтымақтастықтың негізгі әдісі әр түрлі мемлекеттердің сыртқы
экономикалық байланыстарын дамыту болып саналады.
Дүниежүзілік тәжірибе бойынша бір елдің ішінде экономикалық реформалар,
халық шаруашылығының құрылымын құру, оның ұлттық жағдайлары, проблемалары
мен міндеттеріне мәжбүр. Сонымен бірге халықаралық еңбек негізінде әлемдік
шаруашылық байланысқа сәтті және тиімді енбей ішкі қайта құру
процесі қалаған нәтиже бермейді. Эномикалық егемендік және нарыққа ену
кезінде Қазақстанның сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі міндеті халық
шарушылығының құрылымын жетілдіру, технологиялық артта қалғанды жою, және
республиканың региондардың кәсіпорындарының валюталық қорын қалыптастыру
мақсатымен халықаралық еңбек бөлісуіне ынталана қатысу.

1. Қазақстанның әлем шаруашылығына енуі, Қазақстанда сыртқы
экономикалық байланыстың қалыптасуы және дамуы

Қазақстан КСРО құрамында болған кезінде республика сыртқы
экономикалық байланыс министрлігі және одақтық сыртқы экономикалық
бірлестіктері делдалдығымен тек одақтың экспорт және импорт операцияларына
қатысып қана отырады. Ал осыдан түскен валюта осы мекемелерде қала бітті.
Бүкіл одақтық экспортта Қазақстанның үлесі хромит 100%, қорғасын және
фосфор - 90%, мырыш хром - 70%, астық (қатты бидай) - 60%,
ет консервісі 25-30% болды. Республиканың одақтық экспорт қорына өткізу
төмен бағасы мен оны шетелдерге сату бағасы арасында зор қайшылық болды.
Айта кетсек, баға қайшылығы хромит кені бойынша 23 есе, мыс - 16 есе,
ферроқорытпа - 5 есе болды. Республика шетке негізінен шикізат тасымалдады,
ал дайын өнімінің экспорттық көлемі мәз болмады. Мысалы, дайын өнімінің
экспорттық мөлшері жалпы шетке шығарылған өнімнің - 10%, ал Қазақстанның
халық шаруашылығының жалпы өнімінің тек 1-,5% ғана тең болды. Баға
қайшылығының нәтижесінде ақшалай есептегенде шеттен әкелінген
өнімдердің құны шетке шығарған өнімдердің құнынан көп есе асып
отырды. Басқаша айтқанда республиканың сатқанынан сатып алуы көп болды.
Қазақстан өнімдерін тұтынушылар бойынша экспорттық құрылымы да тиімсіз
болды. Экспорттық өнімнің 30% І валюталары еркін айырбасталымды елдерге
шығарылды, ал 70% бұрынғы социалистік елдерге жеңілдік жағдайда төмен
бағамен жіберіліп отырды. Экспорттық өнімнің айтарлықтай бөлігін шығаратын
металлургия кешенінің кәсіпорындарын тек мемлекеттік тапсырманы
орындаған жағдайда валюта түсімінің 30% - ақ қалдырып отырылды. Ал мұнай
өндірісі бойынша республика қорына валюта жалпы бөлінбеді. Сыртқы
экономикалық саясаттың негізгі қағидаларын, оны мемлекеттік реттеу
тәртіптерін және республиканың нарықтық қатынасқа көшу жағдайында сыртқы
экономикалық әрекетте ұйымдарының уәкілдік құқығын анықтау үшін "Сыртқы
экономикалық әрекетінің негізгі қағидалары туралы" ҚР заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық әрекеті әлем елдерінің
бірлестіктерімен экономикалық, сауда, валюталық, ғылыми-техникалық, мәдени
және басқа қатынастарды қамтиды. Меншіктің түрлеріне тәуелсіз сыртқы
экономикалық әрекет субъектілері бар. ҚР тіркелуге алынған сыртқы
экономикалық әрекетке қатысатын Қазақстанның заңды ұйымдары және
азаматтары, шетел заңды ұйымдары және азаматтары саналады. Нарықтық
қатынастың қалыптасуы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды
реформалау мынадай шараларды іске асыруды көздейді:
- өндірісті және сыртқы экономикалық өріс әрекетін тікелей, тұрақты
және ұзақ мерзімге біріктіру, Қазақстан республикасының сыртқы
экономикалық кешенін өсінкілік және орнықты жұмыс істейтін жүйеге өзгерту;
- өндірістің әлемдік шаруашылық байланыстарға енуіне мүмкіндік туғызу
үшін оны коммерцияландыру әлем шаруашылығына қатысты ашық типтес
экономикалық қалыптастыру;
Қазақстанның экспорттық мүмкіншілігін өсіре беру ортақ кәсіпкерліктің
әр түрлі формаларын дамыту. Мемлекет сыртқы экономикалық байланыстарды
дамыту негізінде ҚР тепе-теңдес әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз
ету мақсатымен мынадай әрекеттер жасайды: сыртқы экономикалық әрекет
істеушілерді тіркейді; кеттік шекара арқылы өтетін товарлар және басқа
туралы мағлұмдама жасайды; экспорт және импорт белгілейді. Сыртқы
экономикалық әрекет субъектері меншіктеріне тәуелсіз жұмыстарының
түрлерін, көлемін және бағыттарын дербес анықтайды. Олардың ҚР жөне
шетел банкілерінде есеп шот ашуға құқылары бар. Субъектілерінің өздерінің
әрекеттерінен түскен пайдасы қажетті салықтар төлегеннен кейін толық өз
қарауларында қалады. Сонымен олар өндірістік әрекеттерін, ұқсас
әрекетте қолданатын халықаралық нормалар және ережелерін сақтай жұмыс
көрстеуге міндетті. Маңызды бір жағдай, сыртқы экономикалық әрекеттер
табиғат сақтандыру туралы заңдарды қатаң сақтауы, жұмыс және
іздеулер жүргізгеңде қауіпсіздікке кепілдемелі болуы керек.
Нарыққа өтпелі кезенде республиканың төлем қабілетсіздігін, халықаралық
еңбек бөлісу жүйесінде Қазақстан жағдайын жақсарту және Қазақстан
товарларын сату нарықтарын кеңейту қажет. ҚР экономикалық саясатының бір
бағыты - ол сыртқы экономикалық әрекеттерін жанжандандыра түсу. Осыған
байланысты отын, металлургия жоне өнеркәсіптерінің стратегиялық
өнімдерінен басқа экспорттық өнімдерге мемлекеттік монополиялық қағидадан
бас тартылды. Экспорттық товарлар шетелдердегі сауда үйлеріне және
қою басты әлем сауда биржасы арқылы сатылатын болады. Республиканың
сыртқы экономикалық әрекетін жандандыру үшін сыртқы сауда көлеміне
шек қою жойылды, мәні шектелетін товарлардың санын күрт қысқарту.
Шектелмеген товарлар ішкі нарықта бәсеке аукциондарда сатылады. Сыртқа
сатылатын өнімдерге рұқсат беру салааралық лицензия комитетіне
берілді, ол экспорт импорт өзара шарттарға сараптау жүргізеді, тең
олардың әлем бағасына сәйкестігі және ұсынылған технологиялар мен
товарлардын сапасының деңгейі бойынша анықталады. Сыртқы экономикалық
байланысты дамыту және инвесторлары мен несие берушілерді тарту үшін
инвеститциялық жобалардың тізімін жедел жасап оларды тиісті техника
экономикалық дәлелдеу қажет. Негізгі сауда серіктестері мен инвестицияны
өзара қорғау үшін екі жақты келісімдерді дамыту және сонымен қатар осы
салада іске асырылып жатқан халықаралық келісімдерге қосылу керек. Шетел
инвесторларының іс-әрекеттері тұрақты болғанын және енгізілген өзгерістер
қазіргі кездегі жұмыс инвесторлардың жобалары ақталғанға шейін
жағдайды нашарлатпаған орынды. Қазақстан Республикасының нарыққа өтуі және
сыртқы экономикалық әрекеттерді реформалау әлем шаруашылығы бірлестігіне
ену үшін қажетті жағдай жасауға шаралар жүргізуді талап етеді.
Олар мынадай:
- кәсіпкерлікті дамыту және инвестицияға тарту үшін жағдай жасау;
- инфрақұрылымды жедел дамыту - көкік және байланыс,
қаржы нарығы, банк жүйесі, қазіргі заманға сай ақпарат жүйесі;
- халықаралық құқық және маркетинг, қаржы, банк салаларын кадрлар
және сыртқы экономикалық әрекеттерге басқа мамандар дайындау;
- сыртқы экономикалық байланыс өрісіне заңдар жинағын жасап өндіру
және олардың орындалуын бақылау т.т. Сыртқы экономикалық байланыстарды
реформ кезеңдер бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде сыртқы экономикалық
әрекетке ұштастыру және басқа елдермен экономикалық байланыстарының кеңейту
негізінде сыртқы экономикалық байланыстарының нарықтық реформаның жүру және
макроэкономика тұрақтануға ынталандыруға әсеріне ерекше көңіл бөлінеді.

1993 ж. дейін ішкі, Республикааралық және сыртқы сауда мемлекеттік
тапсырма арқылы жүрген. Экспорттық лицензия шек қор товарлардың 200
дейінгі түрлеріне стратегиялық маңызы бар товарлар экспортқа тек
технологиялық сыртқы экономикалық құрылымдар арқылы қарастырлатын.
Бұрынғы КСРО елдерімен сауда екіжақты метаралық келісімдер бойынша
және клиринг негізінде жүргізілді. 1993 ж. квота 34 товар атына шейін, ал
лицензия шейін қысқарды, 1994 ж. тізілген ретіне қарай 7 және 34 дейін
қысқарады. 1995 ж. ұлттық және жеке адамдардың қауіпсіздігін
сақтайтын товарлардан басқаларға барлық экспорттық квоталар
және экспорт-импорт лицензиялар жойылды. Сыртқы саудаға монополия
жойылды, бартерлік саудаға тыйып салынды, биржалық сауданы кеңітуге шаралар
қолданылды. Республика ЕБ, Канада, АҚШ, Жапония, Скандинавия
елдерінде ең қолайлы статус алды. Қазақстан Бүкіл әлемдік сауда ұйымына
(ВТО) және сауда, тариф баға жүйенің (ГАТТ) құралымына енді. Осының
барлығы әлем нарықтарына шығуға мүмкіндік береді. Қазір республика
әлемнің 145 етмен сауда жасасады. Екінші кезеңде Қазақстанның сыртқа
шығаратын өнімдерін әлем нарығына шығаруға ерекше көңіл бөлінеді, бұл болса
ұлттық экономикалық бәсекелесу қабілетін көтеруді қажет етеді. Бұл кезең
еліміз макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығына жетіп, өндіріске қарқынды
инвестлция процесі басталғанда туады. Орта мерзімді келешекте сыртқы
экономикалық саясат мына міндеттерді қарастырады:
- бұрынғы КСРО елдерімен өзара ұтымды шаруашылық байланыс негізінде
жаңа саяси және экономикалық байланысқа көшу;
- инвестицияны дайындығы жоғары деңгейде экспорттық өнім шығаратын
өндіріске жұмсап, Қазақстанның сыртқа өнім шығаратындарын қолдау;
- үкіметаралық жемісті келісімдер, импорттық кеден салығын
төмендету негізінде келісімді импорттық саясат жүргізу;
- товар өндірушілерге халықаралық нарықтарға кіруге беруді қамтамасыз
ету, оған Қазақстанның тәуелсіз ВТО және ГАТТ кіруі себеп болады;
- халықаралық сауда өресінде қаржыландыру, ақпараттық және коммерциялық
қызметтерді дамыту. Қазақстанның негізгі сауда аймақтары болған КСРО және
СЭВ (экономикалық өзара көмек кеңесі) ыдырауын байланысты сыртқы сауданың
құрылымы да өзгерді. Республикада маңыздары бірдей сыртқы экономикалық даму
бағыттары анықталған - олар ТМД елдері, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және
басқа Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне кіретін "Азия-Тынықмұхит", Түркия, Шығыс
Араб елдер кіретін - Азия, Германия, Швейцария, Англия және басқалар
кіретін "Европа", негізінен АҚШ кіретін "Америка региондары. Сонымен,
Қазақстан экономикасын шетелдер банкілеріне кіруін жеңілдету, неғұрлым
икемді валют; тәртібін енгізу, айқын ұлттық жобаларды іске асыру үшін шетел
капиталын "портфель инвестиция" түрінде көбірек тарту қажет.

2. Қазақстан республикасында сыртқы сауданың дамуы

Қазақстанның жеткілікті экспорт-импорттық мүмкіншілігі бар. Республика
жерінде бұрынғы КСРО хром кен қорының 98%, вольфрамның 53%, қорғасынның-
47% мырыштың - 40%, фосфориттің - 65%-тейі, мыстың - 30% және т.б. қорлар
шоғырланған. АӨК-де әсіресе астық және мал шаруашылық өнімдері бойынша
едәуір айтарлықтай экспорттық мүмкіншілігі бар. Қазақстанның жер қойнауының
әлемде зерттелген пайдалы қазыналардың 115 бөлігі орналасқан. Республика
вольфрам қоры бойынша әлемде бірінші орында, хромит және фосфорит қорлары -
екінші марганец рудасы - үшінші, қорғасын және молибден қорлары бойынша -
төртінші орын алады. Темір рудасы қорынын да әлемдік маңызы бар.
1995 ж. республиканың барлық сауда айналымының көлемі 10,7 млрд. АҚШ
долларына тең болды, оның 5,1 млрд. доллары экспорт курсы, ал 5,6 млрд.
доллары импортты құрады. 1996 ж. бірінші тоқсанында сыртқы сауда айналымын
жалпы көлемі 2365,5 млн. АҚШ долларына тең болды, оның 1652,2 млн. экспорт
құрастырса, ал 984,3 млн импорт құрастырды.
1996 ж. бірінші тоқсанында экспорт көлемінін импорттан асуы
нәтижесінде республикада 667,9 млн. АҚШ доллары сомасына тең көрнекті
активті сыртқы сауда сальдосы қалыптасты. Бірақ та, өтпелі кезең кезінде
еліміздің ішкі нарығының тапшылығы салдарынан импортты ықшамдау жөн болар
ма екен? Біздің пікіріміз бойынша бұл келесі себептер арқылы болған;
- сыртқы борышты төлеуге байланысты туған проблемалар бойынша сырттан
түсетін қарыздардың қысқаруы;
- импортты ойсырату шараларының жеткіліксіз тиімділігі;
Қазақстан Республикасының жалпы товар айналым көлемінің 64% ТМД
елдерімен сауда жүргізуге келеді, олардың ішінде негізгі серіктестер Ресей,
Түркменстан, Өзбекстан. Европалық елдердің сыртқы саудадағы үлесі 22% тең,
негізгі серіктестеріміз Германия, Нидерландия, Швейцария, Англия. Азия
регионының сыртқы саудадағы сыбағалы үлесі товар айналымының 13% тең, ең
тығыз қарым-қатынас жасайтын елдер Қытай, Оңтүстік Корея және Туркия.
Қазақстан экспортының құрылымында басым өнімдер металлургия өнімі - 36%,
минералды өнімдері - 32%, дәмтағам және оларды өндіруге қажет шикізаттар -
12%, химия өнімдері - 11%. Импорттық құрылымында басым түсетін отын-
энергетикалық қорлар және минералды шикізаттар - 38%, машина, қүрал -
жабдықтар және транспорт жабдықтары -23%. Экспорттың жалпы көлемінде еркін
айырбасталымды валюта бойынша шетке шығарылатын өнімнің 58% сатылады, 30%
тұйық валюта бойынша, ал 7% товарлар айырбастау жолымен жүргізіледі. Сыртқы
экономикалық байланыстарды басқару үшін алғашында Қазақ КСР сыртқы
экономикалық байланыс (СЭБ) Комитеті құрылды. Соңынан ол ҚР СЭБ Министрлігі
деп аталды, оны қазір сыртқы сауда индустрия, экономика және сауда
министрлігі басқарады. Ол облыстарда сыртқы экономикалық байланыс
комитеттері арқылы жұмыс жүргізеді. Министрліктің негізгі міңдеттері мына
төмендегіге саяды:
- лицензия беру және экспорттық және импорттық товарларға шектеу
қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
- республика территориясында жұмыс істейтін СЭБ қатысушыларға
шетел серіктестерімен сауда, валюта қаржы, ғылыми-техникалық қарым-қатынас
жасауға көмек көрсету;
- СЭБ қатысушыларға қажетті жағдайда бәсекелестіктері туралы және
әлем нарығындағы бағалар туралы ақпараттар беру т.б.
Республикада сыртқы сауданың және халықаралық экономикалық байланыстың
дамуына қолғабыс ету үшін ҚР Сауда-өнеркөсіи палатасы (СӨП) - қоғамдық ұйым
құрылды. Палатаның негізгі мақсаты мемлекетке экономикалық реформа
жүргізуіне көмек көрсету, ал негізгі міндеті отандық кәсіпкерліктің
мүддесін қорғау. СӨП елімізде 400 астам әр түрлі меншік бойынша жұмыс
істейтін акционерлік қоғамдарды, фирмаларды, корпорацияларды, компанияларды
біріктіреді және оларға қызмет істейді. Палатаның міндетіне ақпарат жинау,
сараптау жүргізу, инвесторлар іздеу, ісқер өлеммен байланыс жасау жатады.
СӨП орталық аппаратының ұйымдасу құрылымына 5 бөлім кіреді: сыртқы
байланыс, ақпарат, инвестиция, құқық-шарт қызметі және еркін төлем сенімді
өкілі. СӨП жанында СЭБ қатысушыларының дауларын және келіспеушіліктерін
қарайтын тұрақты арбитраж (төрелік) комиссия жұмыс істейді. Республиканың
облыс орталықтарында 14 регионалды Қазақстанның СӨП жұмыс істейді. Олар
"Қазақстан сараптану" фирмасымен бірігіп сыртқы сауда мәміле және
халықаралық шарттар жағдайларымен үйлесімді республика кәсіпорындарын
келесі сараптау қызметін қөрсетеді:
- сыртқы экономикалық әрекеттерді құқық жағынан қамтамасыз ету;
- форс-мажор жағдайларда (алапат жағдайларда) қуәлік беру;
- сыртқы сауда және халықаралық байланыс жүргізген кезде туған
дауларды арбитраж сотта қарау;
- республикада халықаралық және ұлттық көрмелерді, презентацияларды
(таныстыру рәсімін), семинарларды, симпозиумдарды дайындау және жүргізу;
- Қазақстандағы халықаралық және шетел көрмелері республиканың
шетелдегі көрмелері туралы ақпарат беру;
- тауардың, шикізаттардың және құрал-жабдықтардың сапасын және санын
сараптау;
- тауардың пайда болу куәлігін куәландыру;
- тікелей байланыстарды орнату және бірлескен кәсіпорындарын құру үшін
серіктестер іздеу;
- Қазақстанның кәсіпорындарын, бірлестіктерін, ұйымдарын және жеке
фирмаларды "Сенімді серіктестер тізіміне" кіргізу;
- Қазақстанның басшы кадрларын және мамандарын шетелдерде оқытуды және
дайындауды ұйымдастыру;
- сыртқы экономикалық әрекетшіліктер туралы ақпарат-анықтамалық
құжаттармен қамтамасыз ету.
СӨП ҚР Еңбек министрлігі және әл-Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттік ұлттық университетімен бірігіп ұлттық кадрларды қайта дайындау
орталығын құру. Жақын және алыс шет елдермен сауда-экономикалық байланыстың
дамуына, экспорттық тауарлардың көлемінің өсуіне ТАСИС бағдарламасы
шеңберіңде құрылған Қазақстан іскер қарым-қатынас орталығында айтарлық үлес
қосады. Осы орталықтың территориясында Алматы қаласында ҚР Президентінң
Указымен "Атакент" еркін сауда аймағы ашылды, оның міндеттері мынадай:
- халықаралық маңызы бар бірыңғай сауда экономикалық және көрме-
ақпарат кешенін қалыптастыру;
- өзара тиімді іскерлік қарым-қатынастардың, өнеркәсіп-
технологиялық кооперацияларының дамуына шетел инвестицияларын тартуға
қолайлы жағдайлар жасау;
- сыртқы сауда операциялары өрісінің кеңеюіне және жеделдетуіне,
отандық өнімдердің кең көлемде сыртқы нарыққа шығуына жәрдем жасау;
- ақпараттық, маркетинттік және басқа ұйымдасқан қызмет көрсету
орындарын дамыту.
"Атакент" сауда аймағында шаруашылықпен айналасқан субъектілерге 5 жыл
мерзімге салық және экспорттық баж алымын төлеуге жеңілдік беріледі. Сауда
аймағы территориясында шеттен әкелінген тауарлар лицензиядан және квотадан
босатылады.

3. Қазақстанның Орталық Азия және Европа одақтарына интеграциялануы

Орта Азия республикаларының (ОАР) экономикалары бір-бірімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам саудасымен күресудің халықаралық құқықтық механизмдері
Адамды саудаға салу қылмыс құрамын шетелдік қылмыстық заңнамалармен салыстырмалы түрде талдау
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адам саудасы және онымен күресудің өзекті мәселелері
АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Бас бостандығынан заңсыз айыру және адамды саудаға салу
Қазақстанның Республикасының қызмет көрсету дамуының қазіргі деңгейі
Адам саудасы қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау, әсіресе, Қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу жолдарын көрсету, адам саудасы қылмыстарының пайда болуының себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету
Адам саудасы қылмысыбойынша жазалау мәселесі
Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
Пәндер