Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-катынасын ұйымдастырудағы психологиялық тренингтердің ролі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.6
1 бөлім МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
КАРЫМ.ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым.қатынасының
психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.15
1.2 Әлеуметтік.психологиялық тренингтердің түрлері, оны қолдану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.22
1.3 5.6 жастағы балаларға қарым.қатынас тренингін ұйымдастыру .23.38
2 бөлім МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
ҚАРЫМ.КАТЫНАСЫН ЗЕРТТЕУ
2.1 5.6 жастағы балалардың қарым.қатынасын
зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39.45
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым.қатынасын
зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45.52
2.3 Мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылған тренингтерге
Талдама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52.67
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68.70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...71.74
ҚОСЫМШАЛАР

Зерттеудің өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жүмысының жаңару заманында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, дамуына мектеп жасына дейінгі кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде киылысады. Ал баланың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасы-ның дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік — балалардың қарым-қатынас саласы.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш кеңістікте А.В.Запорожец /1/, Д.Б.Эльконин /2/, Л.И.Божович /3/, Х.Т.Шерьязданова /4/ және т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен таралған. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар карым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болады. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады.

1. Запорожец А.В., Лисина М.А. Развитие общения у дошкольников. - М., Педагогика, 1974. - 284 с.
2. Эльконин Д.Б. Психическое развитие в детских возрастах. -М., Педагогика, 1997. — 256 с.
3. Божович Л.И. Проблемы формирования личности. 2-е изд. — М., Просвещение, 1997. - 352 с.
4. Шерьязданова Х.Т. Психолог в детском саду. — Алматы, Рауан, 1997. - С. 17-29.
5. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазактың тәлімдік ой-пікір антологиясы. - Алматы, Мектеп, 1994. — 152 с.
6. Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология. — Алматы, Рауан, 1996. — 364 с.
7. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. Алма-Ата, Изд-во КазГУ, 1992. - 195 с.
8. Петровская Л.А. Теоретические методические проблемы социально-психологического тренинга. - М., Педагогика, 1982. — 286 с.
9. Хрящева Н.Ю., Макшанов С.И. Материалы к тренингу партнерского общения. - СПб: Институт тренинга, Изд-во, 1993. - 324 с.
10. Яценко Т.С. Социально-психологическое обучение в подготовке будущих учителей. - Киев, Изд-во, 1987. — 305 с.
11. Ковалев А.Г. Личность и пути ее формирования. - М., Изд-во, 1970. ~ 260 с.
12. Выготский Л.С. История развития высших психических функций. Собр. В 6 т. - М., Изд-во, 1983. - ТЗ. - С.5-328.
13. Эльконин Д.Б. Заметки о развитий предметных действий в раннем возрасте //Вестник Московского университета. Сер.14, Психология. -1978. №3.- С. 3-12.
14. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: опыт теоретического и экспериментального психологического исследования. — М., Педагогика, 1986. — 304 с.
15. Леонтьев А.Н. Вопросы детской психологии. - М., 1948.
16. Мухина В.С. Детская психология. — М., Педагогика, 1992. — 296 с.
17. Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка. М., Педагогика, 1997. - 350 с.
18. Урунтаева Г.А. Диагностика психологических особенностей дошкольника. - М., Педагогика, 1999. - С.34-44, 76-79.
19. Ожегов С.И. Словарь русского языка. - М., Изд-во, 1960. - С. 427. 121
20. Буева Л.П. Человек: деятельность и общение. — М., Педагогика, 1978. - С.ПЗ.
21. Каган М.С. Человеческая деятельность. — М., Изд-во, 1974. — С.328
22. Соковин В.М. О природе человеческого общения. — Фрунзе, Изд-во, 1974.
23. Леоньтев А.А. Деятельность и общение //Вопросы философии. — 1979.-№1.-С.121~132.
24. Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми. — Алматы, Рауан, 1996. — С.112.
25. Исмаилов Д.А., Абишева Ж.А. Развитие личности ребенка в процессе предшкольной подготовки. А, Рауан, 1998. — С.6.
26. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-х томах. -М.: Педагогика, 1980. - 232 с.
27. Бодалев АА. Общение и развитие психики. М., Педагогика, 1986. - 304 с.
28. Андреева Г.М., Яноушек Я. Взаимосвязь общения и деятельности //Общение и оптимизация совместной деятельности. - М., Изд-во, 1985. - 350 с.
29. Парыгин Д.Б. Основы социально — психологической теории. — М., Изд-во, 1971. -с. 351.
30. Кон Н.С. Общение и самосознание. // Социально-психологи-ческие и лингвистические характеристики форм общения и развития контактов между людьми. - М., Педагогика, 1971.—С.85-108.
31. Поршнев Б.Ф. Социальная психология и история. - М., Педагогика, 1966. —С.213.
32. Андреева Г.М. Социальная психология. - М., Педагогака, 1998. — 336 с.
33. Мухина В.С. Возрастная психология. М., Педагогика, 1998. — 381 с. ;
34. Коломинский Я.Л. Психология взаимоотношений в малых группах (общие и возрастные особенности). - Минск, Изд-во, 1976. - 217 с.
35. Кан-Калик. В.А Учителю о педагогическом общении. - М., Педагогика, 1989. - 220 с.
36. Драгунова Т.В. Психологические особенности подростка. В кн: "Возрастная и педагогическая психология", гл. Ү. — М., Педагогика, 1998. - 150 с.
37. Петровский А.В. Введение в психологию. М., Изд-во, 1995. — С.280-309.
38. Обуховский К. Психология влечений человека. — М., Изд-во, 1972. - 237 с.
39. Мусина И.А. Психология в заданиях к психологической практике//Учеб. пособие/ Междунар. ун-т. Природы о-ва и человека. Дубна, 1998. — 215 с.
40. Рузская А.Г. Влияние эмоционального контакта со взрослым на проявление первых слов у детей конца первого — начало второго года жизни //Общение и его влияние на развитие психики дошкольника /Под ред. М.И.Лисиной - М., Педагогика, 1974. -203 с.
41. Мещерякова С.Ю. Поведение ребенка в незнакомой обстановке в присутствии близкого взрослого. — В кн:Общение и его влияние на развитие псігхики дошкольника. /Под ред. М.И.Лисиной. — М., Педагогика, 1974. - С.24-41.
42. Антонова Т.В. Роль общения в регулировании отношений детей дошкольном возрасте. Автореф. дис.канд. псих. наук. - М.,1983. -28 с.
43. Макарова Е.Г. В начале было детство: записки педагога. - М., Педагогика, 1990. - 140 с.
44. Корницская С.В. Влияние содержания со взрослым на отношение к нему ребенка. Автореф. канд.дис. -М.,1975.-23с.
45. Смирнова Е.О. Влияние формы общения со взрослым на эффективность обучения дошкольников //Вопросы психологии. - 1980. -№5.-С. 105-112.
46. Авдеева Н.Н. Развитие эмоционального самоощущение у ребенка первого года жизни. //Новые исследования в психологии. — 1976.
№2.-С.75-79.
47. Силвестру Л.И. Роль индивидуального опыта и опыта общения формирования у дошкольников представлений о своих возможностях: Автореф. канд. дис. — М.,1978.
48. Агеев В.С. Межгрупповое взаимодействие и внутригрупповые социально — психологические процессы //Вест.МГУ. Сер.14. Психология 1983. №2. -С.8-15.
49. Бобнева М.И. Социальные нормы и регуляция поведения. — М., Педагогика, 1978. — 162 с.
50. Рудестам К. Групповая психотерапия. Спб., 1998. — 456 с.
51. Андерсон Дж. Думай, пытайся, развивайся. Пер. с англ. //Общ.ред. АЛ.Шлинского и др. - СПб., 1996. - 282 с.
52. Буре Р.С. Формирование положительного отношения к учению на занятиях //Дошкольное воспитание. — 1978. №10. С.33-39.
53. Юсупова Н.М. Психология взаимопонимания. - Казань, 1991. — 192 с.
54. Ломов В.Ф. Психические процессы и общение //Методичес-кие проблемы социальной психологий. ~М., Изд-во, 1975. — 286 с.
55. Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигиене общения. - М., Педагогака, 1987. - 145 с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Психология және әлеуметтік педагогика кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
ҚАРЫМ-КАТЫНАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕРДІҢ РОЛІ
050503-психология
Оындаған: ППФ,психология
мамандығының 4курс
студенті
Қазақбекова Қ.З
Ғылыми
жетекшілер:Психология
ғылымының докторы, профессор:
Каримова Р.Б
Аға оқытушы: Тукебаева С.А
Кафедра
меңгерушісі: психология
ғылымының докторы,профессор:
Каримова Р.Б
АЛМАТЫ2008
МАЗМҮНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-6
1 бөлім МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
КАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасының
психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-15
1.2 Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің түрлері, оны қолдану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-22
1.3 5-6 жастағы балаларға қарым-қатынас тренингін ұйымдастыру .23-38
2 бөлім МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
ҚАРЫМ-КАТЫНАСЫН ЗЕРТТЕУ
2.1 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынасын
зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39-45
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын
зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45-52
2.3 Мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылған тренингтерге
Талдама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52-67
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68-70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...71-74
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде,
оқу тәрбие жүмысының жаңару заманында ағарту саласының мектеп жасына
дейінгі тәрбиелеу, білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр.
Атап айтқанда, ол балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық
ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-
тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау. Ал балалар
тәрбиесіне, дамуына мектеп жасына дейінгі кездің ықпалы аса зор екені
белгілі.
Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен
тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде киылысады. Ал баланың психикалық
қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас
қамтитын, балалар психикасы-ның дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор
болатын, әмбебап ерекшелік — балалардың қарым-қатынас саласы.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға
ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму
ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш
кеңістікте А.В.Запорожец 1, Д.Б.Эльконин 2, Л.И.Божович 3,
Х.Т.Шерьязданова 4 және т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен таралған. Қарым-
қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып,
психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар карым-қатынас балалардың
танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және
жағдай болады. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы,
олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың
ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара
қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар қарым-
қатынасының мәнділігі әркімге -психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға
аян, және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден
белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер
жеткілікті.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың қарым-қатынас
генезисіндегі негізгі заңдылықтар ашылған. Алайда, балалардың жеке
басының қалыптасу заңдылықтары өз халқының тарихына,
экономикасына, мәдениетіне тікелей байланысты болып келеді.
Осыған орай қазіргі кезең жағдайында ұлттық құндылықтарды
балалар тәрбиесі мен дамуында пайдалану белсенділігі артып, ұлттық
мәдениеттің өзекті педагогикалық, психологиялық мәселелерін шешу,
оны дамыту жолдарына деген қызығушылық арта түсуде.
(Қ.Жарықбаев 5, Ә.Алдамұратов 6, т.б.).
Соңғы 30-40 жыл ішінде қарым-катынас механизмдерін дамытудың белсенді,
жедел әдісі-тренингтер ұйымдастырылып, қолданылуда. Олар топтық жұмысқа
негізделіп, тиімділігі дәлелденген (Л.А. Петровская 8, Н.И. Хрящева 9,
Т.А. Яценко 10, А.Г. Ковалев 11т.б)
Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің әр түрі - сензитивті, оқытып-
жаттықтырушы, өнер-би, арт (сурет) тренингтердің - мектеп жасына дейінгі
балаларға тигізетін психологиялық әсері әлі де болса кеңейтіле
зерттелмеген. Ал қазақ балаларымен жүргізілетін тренингтер ерекшеліктері
осы күнге дейін назардан тыс калып отыр. Осыларды ескере отырып біздің
зерттеу жұмысымыз 5-6 жастағы қазақ балаларының қарым-қатынасын тренингтік
әдістермен жетілдіру жолдарын қамтиды. Сонымен диплом жұмысымыздың
тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын ұйымдастырудағы
психологиялық тренингтердің ролі деп аталады.
Зерттеу мақсаты — мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын
жетілдіретін тренингті ұйымдастыру.
Зерттеу объектісі — мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-
қатынасын жетілдіру үрдісі.
Зерттеу пәні — мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіру
үшін қазақ тілінде тренингтік сабақтарды қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу болжамы — мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-
қатынасын жетілдіру, қазақтың ұлттық ойындарын, мәдени,
әдептілік құндылықтарын қамтитын арнайы құрастырылған
тренингтік сабақтарды ұйымдастырумен байланысты болуы мүмкін.
Зерттеу міндеттері:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуындағы
қарым-қатынас мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын
жетілдірудегі қазақтың ұлттық ойындарының, мәдени және
әдептілік құндылықтарының мүмкіндіктерін анықтау.
Балалардың карым-катынас жасау ерекшеліктерін жетілдіретін тренингтік
сабақтарды модификациялау және оларды ұйымдастыру-дың тиімді жолдары мен
әдістерін айқындау.
Мектепке даярлық топтарының оқу-тәрбие үрдісіне тренингтік сабақтарды
енгізу және оның апробациясы.
Зерттеу әдістері. Эксперимент барысында балалардың қарым-қатынас саласын
зерттеуге арналған Г.А.Урунтаева, Т.А.Репина 18, Х.Т.Шерьязданова 4,
т.б. әдістемелері, эксперттік баға, бақылау, байқау әдістері қолданылды.
Эксперименттен алынған нәтижелерге статистикалық өңдеу әдістері қолданылып,
мәнділігі анықталды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі. Мектеп жасына дейінгі
балаларда тренингтік сабақтардың психологиялық әсерін ашу арқылы қазақ
балаларының қарым-қатынасын жетілдіру ерекшеліктерін анықтаудан көрінеді.
Баланың қарым-қатынас сферасындағы ұлттық құндылықтардың әлеуметтік мәнін,
тренингтің тиімділігінің әдістемелік негізін тағайындаумен анықталады.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеу нәтижелерін мектеп жасына
дейінгі балалардың жеке басының дұрыс жетілуіне, қарым-қатынас жасау
тиімділігін арттыруға қатысты жұмыстарды пайдала-нуға мүмкіндік беруінен
көрінеді. Алынған нәтижелер мектеп жасына дейінгі мекемелерде психологиялық
қызмет, көмек көрсету жүйесінде пайдалануға жарамды,сонымен қатар мектеп
жасына дейінгі мамандарды дайындау салаларында да пайдалы.
Зерттеу нысаны. Алматы қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы №130
мектебінің мектепке даярлық топтарында жүргізілді.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымша соңында берілді.
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың карым-қатынасының
педагогикалық-психологиялық негіздері
Сонымен карым-катынас деп — екі (немесе одан да көп) адамның
қарымтынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім
мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз. Олай болса, біз
зерттеуімізде карым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі
қарым-қатынастың орнына, 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуының қарым-
қатынас байланысын анықтауға, балалардың қарым-қатынас қажеттілігі мен
мотивтерін анықгауға баса назар аудардық. А.Н.Леонтьев 23 іс-әрекеттің
қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-
әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады.
А.Н.Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау
концепциясы, Б.Г.Ананьевтің [26], А.А.Бодалевтің [27] коммуникативтік
әрекет жайлы ілімдер біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі болды.
Ал отандық ғалым С.М.Жақыпов [7] бүтіндей оку-тәрбие үрдісінің
тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі және оқытушы мен окушының
арасындағы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетті
(совместно-диалогическое познавательное деятельность) тиімділік критериі
деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, қарым-қатынас мәселесі шешілгенде
танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісіне жетекшілік жасау мүмкіндігі
пайда болатындығы дәлелденеді.
Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев концепциялары қарым-қатынаста "субъекг - субъект"
жазықгығында қарастыруды негіздейді, басқаша айтқанда оку-тәрбие
үрдісіндегі ұйымдастырылатын қарым-қатынас тең позициялы түрде жүргізу
басты мәселе болады. Осы тұрғыда қарым-қатынасты жетілдірудің өзі баланы
коммуникативті қарым-қатынастың субъектісі ретінде карау, тану, дамыту
кажет болады.
Қарым-қатынас мәселесін талдауда оның құрылымдық компоненттерін анықтап алу
зерттеуге арқау болатынын білдік. Бұл мәселені 1977ж. В.В.Давыдов 14
көтергенді. Г.М.Андреева, П.Яноушек 28 зерттеулерінде қарым-қатынас
мақсат-бағдарлы, индивидтердің бір-бірін қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара
бірлесіп іс-әрекет жасауы және ақтарат алмасу үрдісі деп қарастырылады.
Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрылымдық компоненттерін
анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында Г.М.Андрееваның 32 қарым-
қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне жүгіндік. Ол қарым-қатынасты бір-
бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативтілік,
интерактивтілік және перцептивтілік. Коммуникативті жағы мәлімет беру-
алмасу мәселесімен аныкталады; интеракгивті жақтың мәні қарым-қатынас
жасаушы жұптастардың өзара әрекеттестігінде болады, ал перцептивті
компонент - адамдардың бірін бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері. Ғалым
бұлай жіктеп, бөлудің шартты ғана екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның 3
жағы да көрінетіндігін дәлелдейді. Біздің зерттеу де осы позицияны арқалана
отырып, балалардың ересектермен, басқа балалармен қарым-қатынас жасауын
зерттеуде коммуникация, интеракция және перцепция ерекшеліктерін дамытуды
алға қойды. Бұл контексте қарым-қатынастың теориялық негізіне іс-әрекеттің
кұрылымы жайлы түсінікті қабылдаймыз. Біз балалардың қарым-қатынасын
коммуникативті іс-әрекет деп қарастыратын А.Н.Леонтьев 15, М.И.Лисина
17 концепцияларына сүйенеміз. Сонда қарым-қатынастың құрылымын анықтайтын
коммуникация, интеракция және перцепция коммуникативті іс-әрекет деп
қарастырылады.
Әдебиеттерде қарым-қатынастың пәні, карым-қатынасты жүзеге асыруды
қажетсіну, қарым-қатынас құрудағы мотивтер, қарым-қатынас әрекеті,
міндеттері, құралдары мен нәтижесі де қарым-катынас элементтері ретінде
қарастырылады. Біз олардың әрқайсысын жекелей айқындадык.
Әдебиеттерге талдау жасай отырып қарым-қатынас механизмдерін қарым-
қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсінікті сипаттайтын күрделі
психологиялық құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В.С.Агеев 48, ААБодалев
27 сынды ғалымдар топ ішіндегі және өзара қарым-қатынастың механизмдерін
көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия,
стереотипизация, каузалды атрибуция, ореол эффектісін жатқызады.
Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде интегралды,
тұтас кұрылым пайда болады. Ол коммуникативті іс-әрекеттің даму деңгейін
анықтайды. АВ.Запорожец, М.И.Лисина 1 бұл ерекше құрылымдарды "қарым-
қатынас онтогенезінің сатылары", "қарым-қатынас формалары" деп атаған.
Біздің зерттеуде осы тұжырымдарға сүйенеміз.
Ал М.И.Бобнева 49 қарым-қатынас барысында жеке адамның ішкі жан—дүниесі
қалыптасатындығын қарым-қатынас формаларын зерттеу арқылы көз жеткізген.
Көп ретте қарым-қатынас жайлы қарастырғанда "қарым-қатынас стилі" деген
ұғым да анықталынады, "қарым-қатынас стилі" деп адамдардың байланыс жасау
тактикасын, не болмаса позициясын айтады (Х.Т.Шерьязданова, Т.Н.Суркова)
24.
А.Б.Добрович 55 қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетті реттейтін, таным
мен сананы қалыптастырудың құралы болады деп анықтайды да, қарым-қатынастың
конвенционалды, қарапайым, манипуляциялық, стандартты, іскерлік, ойын
рухани деңгейлерін бөліп көрсетеді.
Қарым-қатынастың топтық жағдайдағы әлеуметтік психологиялық эффектілерін,
механизмдерін талдау мақсатымен В.С. Агеев 48 теориялық және эмпирикалық
зерттеу жүргізген. Алайда қарым-қатынастың этникалық жақтарын зерттеу
теория мен тәжірибеде әлі де болса жеткіліксіз деңгейде. Ал қазақ
балаларының қарым-катынас саласын жетілдіру ұлттық құндылық негізінде,
әлеуметтік ортаға, статусқа байланысты зерттеулер әлі күнге дейін жоқ
десек, қателеспеген болар едік. Осы орайда біздің зерттеуіміз қарым-қатынас
тренингі арқылы оны қалыптастыру ерекшеліктеріне арналып отыр.
Қарым-қатынастың бұл аспектісі, кезіндегі кеңес психологтары —
Л.С.Выготский 12, А.Н. Леонтьев 23, Д.Б. Эльконин 2, Б.Ф. Ломов 54,
А.В. Петровский37, Г.М. Андреева 32, А.А. Бодалев 27 және т.б.
еңбектеріне негіз болды.
Біздің зерттеулер үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарыдағы қарым-қатынас
детерминттілігін (себептілігін), яғни адам психикасын дұрыс қалыптастыру,
дамуды психикалық дұрыс қалыптастыру, дамуды психикалық коррекциялау және
реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың әрі құралы, әрі мақсаты
болып табылатындығы. Осы бағыттың негізінде Э.Фромм, Г.С.Салливен, Ж.Лакан,
К.Р.Роджерс, АГ.Маслоу, Р.Мэй, С.М.Джорард 50 концепциялары, әсіресе оның
психокоррекциялық және психотерапиялық жақтары дамып отыр.
5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасы, екі жазықтықты қамтиды: 1)
балалардың ата-анасымен, тәрбиеші-педагогтармен және басқа ересекгермен
қарым-қатынас жасауы, 2) балалардың басқа балалармен өз қатарластарымен,
өзінен кіші және ересектеу балалармен қарым-қатынас жасауы.
Бұл аспектілер негізіндегі зерттеуді ең алғаш рет 1945-1952 жылдары
Дж.Боулби, Рене Спитц, Анна Фрейд 50 жүргізген. Олар баланың анасымен
қарым-катынас жасауындағы кемшіліктер баланың психикалық және физикалық
дамуына кедергі болатындығын көрсеткен. 5-6 жастағы баланың анасымен
контакт дефицитінен баланың мінез-құлқындағы агрессивтіліктің,
девианттылық, делинквенттіліктің және селқос енжарлықтың жоталануы болмай
қоймайтындығын дәлелдеген. Н.М.Щелованов, Н.М.Аксарина 56 балалармен
қарым-қатынас, контакт жасау мәселесін бірінші орынға қоя отырып
тәрбиелеудің ғылыми негізін жасаған. "Қарым-қатынас дефициті" деген ұғымды
балалар мен ересек адам арасындағы байланысты сипаттау үшін ең алғаш Н. М.
Щелованов пен Н.М.Аксаринаның 56 қолданғандығынан да, бұл мәселенің әр
кезеңде көкейтесті болғандығын байқаймыз.
М.И. Лисина 17 және оның шәкірттері бұл форманы жағдайдан тыс жеке
бастық (внеситуативно-личностная) деп атаған. Бұл форма бойынша 5-6 жастағы
балалардың коммуникативті іс-әрекетінде қарым-қатынастың жеке бастың мотиві
жетекші болады. Ересек адамды балалар тұтастай, барлық қасиеттерімен,
білімі, біліктілігі, әлеуметтік рөлімен, статусымен және адамгершілік-
моральдік жағымен "үлкен" дос деп қабылдайды. 5-6 жастағы балалардың қарым-
катынастағы зейіні затқа емес, әлеуметтік ортасына, яғни басқа "адамдар
әлеміне" аса шоғырланатыңдығы эмпирикалық жолмен анықталған (Е.О.Смирнова
45).
Міне, сондықтан, дәл осы кезеңде балалардың қарым-қатынасын жетілдіру өте
тиімді болады деп санаймыз. Себебі балалар ересек адамдармен қарым-қатынас
құруға психологиялық даяр болса, онда психологиялық әсер ету, яғни дамыту,
коррекциялау мүмкіндіктері де зор болмақ. Бұл кезде балалар ересек адамның
мейірімді қатысымен ғана қанағаттанбай, олармен өзара түсінісу мен
эмпатияға ұмтылады.
А.Г.Рузская 40 еңбектеріңде 5-6 жастағы балалардың ересек адамдармен
қарым-қатынас жасауға ұмтылуы моральдік-адамгершілік құндылықтарын
меңгеруге негіз болатындығы көрсетіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасы таңдамалық сипатта және
қарым-қатынасты қажетсінуімен байланыста болатыны Х.Т. Шерьязданова 4
эксперименттерінде тіркелген. Сонымен қатар ғалым балалардың ересек
адамдармен қарым-қатынасы балалардың сыртқы дүниеге, ортаға мәдени қатысын,
дүние танымының қалыптасуын қамтамасыз ететінін дәлелдейді.
Д.Б.Годовикова 57 балабақша мен балалар үйінде тәрбиеленушілердің,
танымдық белсенділігіндегі айырмашылықтың себебі ересек адамдармен қарым-
қатынас құруға байланысты болатынын анықтаған.Егер қарым-қатынасты
коммуникативтік іс-әрекет деп қарастырсақ онда тіл осы іс-әрекетті жүзеге
асыратын құрал болады. Сондықтан балалар тілінің даму ерекшеліктерін
анықтау да біздің жұмысымыздың бір аспектісі. Кезінде А.В. Запорожец 1
тілдің балалардың мінез-құлық, жүріс-тұрысын реттейтін әсерін көрсеткен.
Психологиялық әдебиеттерде талдауда мектеп жасына дейін тілдің дамуы үш
сатыдан өтетіні белгілі. Біздің зерттеу жағдайымызда 5-6 жастағы балалардың
тілі вербалды қарым-қатынастың даму сатысына сәйкес келеді. А.В.Запорожец
1 балалардың сөйлеу белсенділігі тек ересек адамдардың қарым-қатнасымен
анықталатындығын көрсетеді.
В.С.Мухина 16 қарым-қатынас стилін педагогтың балаларға әлеуметтік
психологиялық әсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі деп анықтайды.
Әдебиеттерге талдау жасағанда педагогтық қарым-қатынас стилінде
коммуникациялық тәсіл, қатынас сипаты, даралық, балалар ерекшелігі,
әлеуметтік-адамгершілік құндылыктар, әлеуметтік рөлі мен статус көрінеді.
Әрбір қарым-қатынас стилі де педагогтың балаларға әсер етуін байқатады.
Педагогтың қарым-қатынасындағы авторитарлық стиль педагогтың позициясымен
сипатталады. Онда педагогтың балалардан бағынуды талап етуі, не іс-әрекетті
күшпен орындатуы, жазалау тәсілдерін қолдануы, балалар инициативасын табан
асты етуі, балалар мүмкіншілігінен тыс жетістікке үміттенуіне әсер ету,
тәрбиелеу тәсіліне айналады. Мұндай жағдайда балалардың өз мінез-құлқын,
жүріс-тұрысын реттей алмауы, қорқыныш-үрейлі күй кешуі, кез-келген іс-
әрекетке қызығушылық, ниет, мотивтің болмайтындығы талай зерттеулерде
белгілі болған. Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық стилі педагог
пен балалардың бірдей белсенді позициясын қамтамасыз етеді. Педагог
балалардың жағымды эмоцияларды қажетсінуі мен өзінің ішкі мүмкіндіктерін
шығаруға жағдай жасайды. Мейірім, достық негіздегі дара стиль арқылы
балалардың өз-өзіне сенімді болуын, адамгершілік құндылықтарды
қалыптастыруы, дамытуы мүмкін болады. Мұнда педагог сендіру және иландыру
тәсілдерін пайдаланып қарым-қатынас құрады.
Х.Т.Шерьязданованың 24 зерттеу жүмыстарында мектеп жасына дейінгі
балалардың танымдық үрдістері - зейін қасиеттеріне, ес сапасына, ойлау
түрлеріне, педагогикалық қарым-қатынас стилінің әсері талданады.
5-6 жастағы балалардың әлеуметтік ортасы ересектермен қоса басқа
балаларды, қатарластарын қамтиды. Ал, айтылған жастағы балалардың өз
қатарластарымен байланыс жасауында өзіндік ерешеліктері болатынын
Я.Л.Коломинский 34 көрсеткен.
Т.В.Антонова 42 ересек адамның қызметте, жанұяда және таныс-бейтаныс
адамдармен қарым-қатынасты тиімді құра алуы мектепке дейінгі кездегі басқа
балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын
тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқын
қорғауға, ашулана алуға жаттығады деген.
Е.О.Смирнова 45 балалардың тек қатарластарымен ғана тең қарым-катынас
кұра алатындығын, ересектермен емес, басқа балалармен карым-қатынас жасау
"горизонталь жазықтықта" өмір сүруге жағдай жасайтынын көрсеткен.
Н.М.Юсупова 53 зерттеулерінде 5-6 жастағы балалардың өз қатарластарымен
қарым-қатынас құруда белсенділік көрсетпейтіндігі сипатталады.
Бұл жағдайды зерттеуші балалардың, біріншіден, ойын ойнау дағдыларының,
біліктіліктерінің жетілмеуі, екіншіден, коммуникативтік мотивтердің
болмауынан деп түсіндіреді.
Балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістемелер
негізінен байқауға, әңгімелесуге, сауал-сұракқа, вербалды тестік
әдістерге сандық, сапалық жағынан бағалауға, эксперттік бағалауға
негізделген. Мұнда балалардың жас ерекшелігіне, тәжірибесіне
байланысты диагностикалық жұмыстар табиғи жағдайда өтуі жөн
болады. Осы орайда техникалық құралдар - аудио, видео, жазба,таспа,
аппаратураларын - қолдану аса тиімді (Л.А.Петровская 8). Бұл
зерттеу сенімділігмен дәлдігін арттырады. Біз
қазіргі балалар қарым-қатынасын анықтауға арналған әдістемелерді
толық (саны жағынан) қолданса ғана балалардың коммуникативті іс-
әрекетін диагностау дәлдікке ие болады деп ұйғарамыз. Алайда,
барлық қарым-қатынас компоненттерін зерттеуге арналған әдіс-
тәсілдерді толық қолданудың қандайда болсын уақыт шеңберіне
симайтындығы даусыз. Ал, екінші жағынан, әрбір бала белгілі бір
әлеуметтік ортаның ықпалында болады. Сол ортаның құндылықгарын
өзінің жеке басына "сіңіреді", бұл жағдай балалар қарым-
қатынасының локалды әлеуметтік этикетпен, ритуалмен, құндылық
есебіндегі мінез-құлық, жүріс-тұрыс стандарттарымен әрленіп, өзіндік
әлеуметтік таңбасы болатындығы белгілі. Әсіресе ұлттық өзіндік
сананың интенсивті дамуына барынша жағдай жасалынып жатқан
қазіргі қоғамда қарым-қатынас субъектілерін ұлттық
ерекшеліктерінен, салт-санасынан бөліп алып, "тексіз", "ұлтсыз" пенде
күйінде қарауды, зерттеуді заттың футлярын ғана қызықтаумен салыстырар
едік.
Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін
диагностикалық жұмыстың коррекциялық, дамытушы әсері де оған параллель болу
керек деп санаймыз.
Мәселеге қатысты психологиялық, педагогикалық зерттеулерді түпкілікті
талдау балалардың ойын әрекеттерін олардың қарым-қатынас сипатын анықтауда
аса тиімді екеніне көз жеткізді. Мұның өзінде, зерттеу позициямызға
байланысты 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас жасауын диагностауда ұлттық
ойындар - әмбебап әдіс деп болжам жасаймыз. Баланың басқа балалармен қарым-
қатынас құру арқылы өз-өзін тану, бағалау мүмкіндіктері болады (Т.В.
Драгунова 36, Д. Б.Эльконин 2, және т. б.). Ал, мектеп жасына дейінгі
кезеңдегі "бала-бала" жүйесі В.С. Мухина 16 еңбектерінде сипатталынады.
Ғалым баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына
жағдай жасайтынын тағайындайды.
Онда негізгі 3 жағдай баса көрсетіледі:
1) баланың балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерекше, ересектермен
жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас тағайындалады;
2) "бала-бала" жүйесінде ғана кейбір іс-әрекет түрлерін меңгеруге болады,
яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың қатынасын бірлесіп қайта
жаңғырта алады;
3) балалар тобында мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен адамгершілік
қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады.
Олай болса, ұлттық салт-сана, біздің жағдайымызда қазақ отбасындағы
әлеуметтік роль мен жыныстық ерекшеліктер, қазақ халқының адамгершілік
кұндылықгарын қарым-қатынаста ескерілуі қажет. Алайда, қарым-қатынас
әсіресе мектеп жасына дейінгі кезендегі коммуникативтік іс-әрекеттік
мәселелеріне қатысты зерттеулерде балалардың әлеуметтік ортасындағы этно-
мәдениеттік факторлар әлі күнге қарастырылмауда. Сондықтан біздің жұмысымыз
қазақ балаларының қарым-қатынас сферасын зерттеп, дамытуды (тренинг
әдісімен) басты мақсат етіп отыр.
Мектепте окуға мотивациялық, интеллектуалдық және коммуникативтік
тұрғыдан даяр болады. Олай болса, балалардың 5-6 жасар кезеңінде қарым-
қатынасты жетілдіруге баса назар аударылуы қажет.
1.2 Әлеуметтік-психологиялық тренингтің түрлері, оны қолдану
ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасындағы жаңа кұрылым —
мотивтердің бір-біріне бағыныштылығы, ерікті әрекеттердің басымдылығы іс-
әрекеттерінің негізгі түрлерінің бірлесе жүзеге асуы болады (В.С.Мухина
16, Д.Б.Эльконин 2). Сондықтан да белгілі бір принциптерді қатаң
сақтауды қажет ететін тренингтердің тиімділігі сөзсіз жүзеге асады.
Әр-түрлі топтық психологиялық жұмыстардың формаларын сипаттап,
негіздегенде бірнеше ұғымдар қолданылады: топтық психотерапия, коррекциялық
топ, тренингтік топ, топтық жұмыс, тренингтік жұмыс, топтық әдіс, белсенді
топтық әдіс және т.б. Жағдайдың бұлай болуы, психологиялық әсері бар топтық
жұмыстың психологиялық, педагогикалық теория мен тәжірибеде жан-жақты
қарастырылуымен анықталады. Сонымен қатар, зерттеушілердің ғылыми позициясы
да әр түрлі терминдерді пайдалануға себеп болады.
Алайда, жоғарыдағы ұғымдардың барлығы да бір негізде: психологиялық
әсердің тиімділігі топ феноменологиясымен, ал топтық жұмысты ұйымдастыру
басты үш аспектілердің оқыту, психотерапия және психокоррекция қиылысуымен
анықталады.
Біз "тренингтік сабактар", "тренингтік топ", "топтық әдіс" ұғымдарын
әрбір психикалық дені сау, өзінің психологиялық мәселелерін шешуге және
өзіндік жетілуге, дамуға мүмкін болатын шағын топтың ерекше қарым-қатынас
жасауға негізделген оқыту формасы деп бір мағынада қарастырамыз. Біздің
зерттеуде тренингтік топтардың әртүрлі саласында қарым-қатынас сферасына
қажетті білім, біліктілікті және қабілетті дамытып, оларға сәйкес коррекция
жасайтын оқытудың бір формасы - әлеуметтік психологиялық тренинг (ӘПТ)
қарастырылады.
Тренинг басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі; өз бейнесін басқалар
қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; өз мүмкіндіктерін
байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.
Тренинг терминін ғылыми пайдалануды кезіндегі Германия Демократиялық
Республикасында М.Форверг 50 енгізген. Ол алғашқы кезде оқытудың бұл
формасын ерлі -зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, балалар мен ата-
аналар арасындағы қарым-қатынасты коррекциялауда пайдаланған.
Тренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны
түсінуге, ойдағыны айтуға, бөлісуте жағдай жасайды, әркімнің өзіне
сенімділікті туғызады, ашық болуға, өз-өзін түсінуге, комплекстерден
құтылуға, өзінің бойындағы қасиеттерді көруге мүмкіндік береді. Тренинг өз-
өзіңді бақылауға, байқағыштықты дамытуға қарым-қатынасқа,
психолингвистикалық үйренуге, дамуға жол ашады.
Тренингтік топтық жұмыстың қарым-қатынастағы компентенттілікті
жетілдірудегі орны мен маңызы Л.А.Петровскаяның 8 еңбектерінде жан-
жақты қарастырылады.
Тренингтің қандай модификациясы ұйымдастырылса да топтық жұмыстың бір
қатар нақты принциптерін сақтау, топтағы қарым-қатынас негізінде оның әрбір
мүшесінің дамып, кез-келген іс-әрекетін игеруіне өзіндік белсенділік
таныту, топтың тұрақты болуы, топ мүшелерінің бір-біріне тиімді ықпалына
арқа сүйеу, еркіндік пен субъективті эмоционалдыққа жағдай жасау талаптары
басты шарт болады (Н.Ю. Хрящева 9 т. б.)
Сонымен қатар тренингтердің барысында жеке адам, топ дамуының әлеуметтік-
психологиялық зандылықгарға негізделген үш сатысы:
1) бастапқы — "жұмсару";
2) жұмыс — "өзгеріс";
3) ақырғы — "бекіту" болады (АГ.Ковалев 11, Т.А.Яценко10т. б.).
Л.АПетровская 8, Н.Н.Авдеева 46 т.б. еңбектерінде тренингтің
әртүрімен қоса, тиімділігі де оны ұйымдастырып жүзеге асырушының
психологиялық әсер ету позициясымен, жеке бас ерекшеліктерімен,
бағыттылығымен және стилімен байланыстырылады. Қазіргі кезде әртүрлі
теорияға негізделген нақты топтық әдістер өте көп. Бұл зерттеу аясында
олардың баршасына талдау жасау мүмкін емес. Алайда қарастырылған мәселені
анықтау үшін ғылым мен тәжірибеде бар бағыттарға сипаттама берелік.
Неміс-американдық психолог К.Левин 50,15 адамдарды жекелей өзгерткеннен
де, топ арқылы әсер етудің жөн болатындығын психологиялық әсер етудің
тәжірибелерімен дәлелдеген. Алайда бұл жайттың тиімділігі ертеден-ақ
халыққа белгілі болған. Бақсылық көріністер науқасқа әсер етудің дәстүрлік,
ритуалдық жолдары көпшілік топ ішінде ұсталынған. Мұнда топ ішіндегі
эмоциялық қозуды күшейтіп, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларға
берілу, таралу өрісін кеңейту арқылы психологиялық әсер ету басты мақсат
болады. Иландыру, сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп,күшейетіндігін
бақсылық ұстаушылар жақсы игерген. Соның арқасында бақсылық әрекеттер топта
санасыз қабылданып, түсініксіз қылықтарға илана беру психологиялық әсердің
нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Тренингтік топтардың жетіліп, дамуы К.Левин 50 есімімен байланысты. Ол
1933 жылдан бастап АКДІ-та топтық динамика, әлеуметтік әрекет және басқа да
топтық феномендер мәселесін шешумен айналысқан. Осыған қатысты К.Левин 50
өзінің өріс теориясын - индивидтің мінез-құлқын анықтайтын бірлескен және
байланысқан факторлар жиынтығын құрайды. Бұл факторлар жиынтығы жеке
адамды, оның ортасын қамтып, бір психологиялық өріс болады. "Топтық
динамика" ұғымын да алғаш қолданған К.Левин 50 екендігін ескерту қажет.
Топтық жұмыстағы аса бір айшықты, эмоционалды бағыт психодрама, оның
дүниеге келуі Дж.Морено есімімен байланысты. Ескере кететін бір жай,
бүгіндері психодрама мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастыру
тәжірбиесінде топтық әдіс ретінде коррекциялық педагогика мен психологияда
талданып, сипатталынбаған. Алайда біздің зертеулеріміз Дж.Морено жасаған
ойын әдістерін тренингтердің қандай түрі болмасын, қандай топта (жас
ерекшелікке, іс-әрекетке тағы басқаға қатысты) болмасын модификациялай
отырып, кеңінен жүргізуге мүмкін болатындығын көрсетті.
Қазіргі кезде қарым-қатынас (ата-ана мінез-құлқы, жанұялық, қорғану,
қауіпсіздік т.б.) арнайы контингенттерге арналған тренингтерді тиімді
ұйымдастыру принциптері мен әдіс-тәсілдері белгілі. Баса айтатын бір жай,
ол тренингтік әдістер алғашқы кездері тек ересектерге арналса, бүгіндері
мектеп жасына дейінгі балалардан бастап зейнеткерлерге дейін қолдану
мүмкіндіктері бар.
Тренингте топ "айнаның" рөлін атқарады, оның әр мүшесі өзін және өзінің
жеке басындағы ерекшеліктерді, мәселерді көре алуына мүмкіндік болады.
Жоғарыда аталған зерттеушілердің қайсының болмасын еңбектеріне талдау
жасасақ, тренингтің тиімді өтуі окытудың интенсивтілігіне, топ мүшелеріне
жаңа ойларды шығару, белсенділік таныту, жұмыла әрекет ету, түсіне білу,
қабылдай алу, жеке басты кемсітпеу, ашыла білу талаптарын сақтаумен
байланысты көрінеді. Осыған орай әдебиеттерде тренингтік топ нормасы бар:
"Осы жерде және дәл қазір" тек қазіргі жағдайдағы қиыншылықтар,
қабылдаулар, сезім-эмоциялық қалыптар туралы айту, топта болып жатқан
процестерді талқылау (қарым-қатынас стилі, қайшылықтар және т. б.);
* Конфиденциалдылық: топ ішіндегі жағдайды сыртқа шығармау;
* Бағаламау;
* "Мен" принципі: жауап қайтарғанда, өз көзқарасын айтқан кезде де өз
атынан айту; "біз" - деген сөзді мүлде қолданбау;
* Қателесуге "құқықты".
Тренинг теоретиктері мен практиктерінің еңбектерін талдау барысында,
басты тренингтік әдістерге топтық пікірталас пен рөлдік ойындар
(Л.А.Петровская 8, А.Г. Ковалев 11, Т.С.Яценко 10), вербалды емес
өзара әрекеттесу — психофизикалық жаттығулар, медиативтік және
суггестивтік техникалар жататындығы белгілі болды.
Ойынның негізінде оқыту үрдісі интенсификацияланады, жаңа мінез-құлық
дағдылары бекітіледі. Басқа адамдармен өзара әрекеттестіктің бұрын
мүмкін болмайтын тәсілдері нәтижелі пайдаланады, коммуникативтік
біліктіліктің вербалды және вербалды емес жақтары жаттығады.
Ойын адамның творчестволық потенциялын анықтауда ашықтық пен адалдық
көрсетуде тиімді әдіс. Бұлардың себебін Д.А.Исмаилова 25, Ж.А.Абишева
25 ойынның кез келген адамда балалық шақпен байланыстыратын психологиялық
әсерінде деп байланыстырады. Осыдан барып ойынның қандай түрі болмасын
қуатты психотерапиялық, психокоррекциялық құрал болады.
5-6 жастағы балалардан тренингтік топ ұйымдастырғанда басты психологиялық
әсері бар әдіс — ойын екені даусыз. Сондықтан біздің тренингтік
әдістемелерде ойынның әр түрі — ситуациялық, рөлдік, дидактикалық,
шығармашылық, имитациялық ойындар базалық әдістер болады. Сонымен қатар
тренингте ойындар диагностикалық, психокоррекциялық дамытушы құрал ретінде
қолданылады.
Х.Т. Шерьязданова мен Л.И. Суркованың 24 ғылыми еңбектері 6-7 жастағы
балалардың қарым-қатынасын жетілдіруде "дамытушы ойындар" деп атаған
әдістемелерді қолданудың психологиялық, педагогикалық негіздерін ашады. Бұл
ғалымдар ойынның диагностикалық және коррекциялық жағына назар аударып,
олармен ойынның әр жақты мүмкіндігін карастырады.
Қарым-қатынаста әрбір баланың өзін көрсете алуы, топтық іс-әрекетті
жатсынбай, белсенділік танытуы — бір жағынан, екіншіден -қандай да
мәселенің әр қырын көре білу, рефлексияны дамыту үшін топтық пікірталас аса
маңызды. Тренингтік тәжірибеде катаң регламенттік, нақты тақырыпқа
негізделген - кұрылымдық және еркін тақырыптағы пікірталастар қолданылады.
Тренингтің әдістердің келесі бір маңызды бөлігі әлеуметтік перцепцияны
дамытуға бағытталған. Топ мүшелері басқа адамдарды, өзін, өз тобын
қабылдауға, түсінуге және бағалауға қатысты біліктілігін дамытады. Осы
мақсатта арнайы жаттығулар кұрастырылды. Алынатын ақпараттың вербалды,
вербалды емес жолдары арқылы перцепция механизмдері жетіледі. Бұл процедура
қабылданатын объектіні терең рефлекциялық және мағыналық, бағалық
интерпретациясын жасауға үйретеді. Бүл жаттығулардың ішіне
парапсихологиялық тәсілдермен табалдырық алды сезгіштікті дамытатын әдістер
жатады.
Психологиялық тренингтерде қолданатын техникаларды жалпылап кестені
келтірелік (И.Вачковтың тренинг әдістері бойынша 4 сурет).
Г.М.Андреева 32 тренингтік топты ұйымдастырып, жүргізу күрделі
технологиялық процесс — деп атап көрсетеді.
Ал, 5-6 жастағы балалармен тренингтік жұмыс тіптен де жауапты болмақ. Бұл
жастағы, тіпті бастауыш, орта сынып окушыларының қарым-қатынасын
жетілдіруде де басқа психологиялық мәселерге қатысты да тренингтік оқыту
тәжірибесі, белсенді әдістердің әсері әзірше жан-жақты педагогикалық,
психологиялық зерттеу кезегін күтуде.
Тренинг әдістері
Топтық пікірталас
Тақырыптық
Биографиялық
Интеракциялық
іскер
ситуа-
циялық
ролдік
дидак-тикалық
шығарма-шылық
ұйымдас
тырушы
әрекеттік
ими-тациялық
Жаттығулар
Дене — бағыттылық терапия әдәстері
Медитациялық техника
Вербаль
-ді
Вербальді емес
Л&нс құрылымымен жұмыс — Алексаңдер
техникасы Фельденкрайз әдісі
Сезімдік саны және
жүке - бұлшық еттік
релаксация
Шыгыстық әдіс хатха - иога, тайчи, айкидо
сугестивтік
Ендеше тренингтің қай түрі болмасын қарым-қатынасқа негізделген. Осы
жағдайды ескере отырып, біз әлеуметтік психологиялық тренингтің 5-6 жастағы
қазақ балаларына арнайы жасалынған әдістемесін құрастырып қолдандық.
1.3 5-6 жастағы қазақ балаларымен кдрым-қатынас тренингін
ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы психикалық дамуы, әлеуметтік
ортаға бейімделу мүмкіндіктері, мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан
даяр болуы олардың қарым-қатынас генезисі бойынша жасына лайық қарым-
қатынас формасының қалыптасуымен тікелей байланыстылығы белгілі болды.
Алайда психолог ғалым Х.Т.Шерьязданова 4 зерттеулері 5-6 жастағы
балалардың бір қатарында М.И.Лисина 17 тағайындаған жағдайдан тыс-жеке
бастық қарым-қатынас формасының кейбір параметрлерінің толық қалыптаса
қоймайтындығын көрсетеді. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың кейбірі 3-5
жастағы балалардың қарым-қатынас формасында ересектермен және басқа
балалармен өзара әрекеттестік, өзара қатынас және ақпарат алмасатындығын
тағайындаған. Осы арнадағы және өз зерттеу тәжірибемізден баланың жасына
лайықгы қарым-қатынас формасының қалыптасуына отбасы, балабақша, мектеп
жасына дейінгі даярлықтың әсер ету мүмкіндігі шекті болатыны белгілі болды.
Сондықган 5-6 жастағы балалардың ересек адаммен, басқа балалармен қарым-
қатынас формасының жасына сәйкес параметрлерінің қалыптасып, дамуы мақсат-
бағдарлы, жедел ұйымдастырылатын коррекциялық-дамытушы әдіс-құралдардың
жүйесін қолдануды қажет етеді. Осы орайда тренингтік сабақтарды қолдану
тиімділігі алдыңғы тарауда талданды.
Тәжірибеде қатаң ескеруді керек ететін, тренингтік сабақтарды тиімді
ұйымдастырудағы жекелей мәселелер шешілуі қажет.
Тренингтік сабақтарды ұйымдастырып өткізудің жалпы шарттарын сақтаумен
қатар, жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік және ұлттық психология
ғылымдарының мәселеге қатысты негіздері мен өз тәжірибемізді саралай отырып
5-6 жастағы қазақ балаларының қарым-қатынасын жетілдіруге арналған
тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастырудың жағдайларын құрастырдық. Мұнда
ең алдымен тренингтік сабақтардың басты принциптеріне сүйендік. Өткізудің
тәртіптері жасалды. Біз 1.2 тармағында келтірілген психологиялық ғылымда
бар тренинг жүргізу тәртіптерінің қатарына мыналарды қостық:
1) Тренингтік сабактардың барысы балалардың бәсекелестік емес,
жарыстық сипаттағы ойындар болуы қатаң ескерілді. Бұл әрбір
тапсырма, ойын топтың іс-әрекеттің негізінде балалардың бір-
бірінен үйренуіне, бірнеше рет көріп, байқап, дағдылануына
мүмкіндік береді. Сондықтан балалардың жарысудағы белсенділігін
қолдап,қоштап отырдық.
2) Әрбір тренингтік сабактың жағымды эмоциялық фонда
жүргізілуін қамтамасыз ету керек. Ол үшін балалардың кимыл-
қозғалысына, жүріс-тұрысына еркіндік беріледі, оның күлуі, дауысын
қатты шығарып, белсенділік танытуы қалыпты болып саналады. Ал,
керісінше, дәстүрлі оқыту атрибуттары орнынан түрып сөйлеу,
қозғалмай, тік отыру, дауысты қатты шығармау т. с. с. - тренингтік
сабақтар үшін тиімсіз, адекватты емес болады.
3) Адамның жеке басының даму заңдылықгары өз халкының
құндылықтарына, мәдениетіне байланысты. Ал тренингтік сабақтар-
дың барысы балалардың өзін-өзі тануын, білуін, адекватты бағалауын
мақсат етеді. Тек сонда ғана қарым-қатынасты жетілдіру мүмкін
болмақ. Олай болса бұл жағдайлар киылысуынан шыққан тәртіп,
тренингте балалардың өз мәдениетіне, құндылықтарына орай
материалдарды қолдану. Осы контексте ұлттық ойындар, ғасырлар
қойнауынан аршып, әкеле жатқан қазақ ертегі, аңыз-метафоралары
тренингтің құрамына кіреді.
Сонымен қатар 5-6 жастағы балалармен тренингтік сабақтарды ұйымдастырып,
өткізуде:
а) балалардың тренингтік тобын құру және тренингтік сабақтарды
өткізу жағдайларына;
ә) қарым-қатынасты жетілдірудегі тренингтік бағдарламаның, сценарилердің
мазмұнына;
б) тренинг жүргізуші позицияларына басты назар аударылды.
Бірінші аспект бойынша жасалатын шараларға тоқталайық.
Тренингтік топта 18 баладан артық болмады. Тренингтік
сабақтардың балалардың жұп санымен ғана өтуін тиімді деп санаймыз. Сонымен
қатар, әрбір тренингтік топтарға тек жас шамасы бойынша қатарластар
жинақталыныл алынды. Тренингтік сабақтардың тиімділігіне топтағы ер балалар
мен қыздардың сандық құрамы да әсер етеді деп санадық та, топтың жыныстық
жағынан гетерогенді болуына назар аудардық. Сонымен қатар, әрбір тренингтік
топтағы қыздар мен ер балалардың әрқайсысының саны үштен кем болмауы жөн.
Басқаша айтқанда, тренингтік топта бір немесе екі қыз, не ер бала ғана
қатынаспауы қажет. Біздің тренингтік топтағы қыз балалар мен ер балалар
саны тең болды. Бұл ер адамдар мен әйелдерге тән мінез-құлық, жүріс-
тұрыстың адекватты үлгілерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар
топтың жыныстық жағынан гетерогенді болуы топ ішіндегі қарым-қатынастың
эмоционалды тойымды, толық болуын қамтамасыз етеді. 5-6 жастағы балалардан
тренингтік топ құруда балалардың бір-бірімен таныс, бір ресми топ мүшелері
болуын ескердік.
Тренингтік сабақтар балалардың үйреншікті іс-әрекет аймағында (балабақша
тобында, мектеп жасына дейінгі даярлық сыныбында) жүргізілді. Сабақгар
бөлек, әдейілеп ыңғайластырылған бөлмеде өтті. Әр түрлі кедергілерден
сақтану үшін, бөлме есігінің ішкі ілгегі ішінен жабылуы қажет. Бөлменің
балалардың еркін қозғалуына, ойнауына, барлығының дөңгелене, қысылмай
отыруына және бөлменің осыдан кейін бір жартысы бос тұруына мүмкіндік
болатындай етіп таңдалынып алынды. Тренингтік сабактарға үстел, парталардың
қажеті жоқ. Әрбір күнгі сабаққа екі сағаттық астрономиялық уақыт қажет.
Мұнда балалардың психологиялық, физикалық, физиологиялық жағдайларын ескере
отырып, үзіліс сәттері жасалды. Үзіліс уақыттарын тренинг барысында реттеп
отырдық. Дегенмен ол 15 минуттан артық болмауын ескердік. 5-6 жастағы
балаларға бағыттап, құрастырған тренингтік жұмысымыздың бағдарламасы 10
кездесуге, яғни 10 күндік сабақтарға арналды.
Ал тренингтік сабақтар жиілігіне келсек, аптасына екі рет тренингтік
сабақ өткізу ең ыңғайлы вариант болатыны анықталды.
Бұл жағдай балалардың жаңа формада ұйымдастырылатын іс-әрекетке деген
кызығушылықтарын ұзак мерзімге сақтауға, жаңалыққа "тойынып қалу"
феноменінен, шаршаудан, қажудан сақтайды.
Тренинг сабақтарының алдында әрбір бала психологиялық тестер арқылы алдын-
ала анықтаудан (диагностика) өтті. Осы мақсатпен В. К. Котырло құрастырған
"мәдениетті қарым-қатынас дағдысын зерттеу" әдістемелері мен баланың
үйренуге, дағдылануға қабілеттілігін зерттеуге арналған "Біз де"
диагностикалық ойындары қолданылды.
"Мәдениетті қарым-қатынас дағдысын зерттеу" әдістемесі байқау, бақылауға
негізделген. Ол балалардың ересектермен және басқа балалармен
психологиялық дағдыларының қалыптасуын зерттеуге арналған.
Әдістеме педагогқа ұсынылды. Педагог белгілі бір кесте бойынша баланың
қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне қатысты сұрақтардың ұсынылған
жауаптарын таңбалап отырды.
Зерттеу нөтижесін өндегенде 5-6 жастағы баланың мәдениетті қарым-қатынас
жасау дағдыларының қалыптасу көрсеткіші ретінде баланың:
1) байсалды, байыппен тілдесе алуы;
2) басқаларға құрмет таныта алуы;
ересектерге, балаларға еңбегі мен демалысына қатысты қамқорлық көрсете
алуы;
ересектердің, балалардың өтініші мен тапсырмаларын пейілімен орындауы;
топта педагог, тәрбиеші болмаған сәттерде де мінез-кұлық, жүріс-тұрыс
ережесін сақтауы;
басқа балаларға мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерін достық пиғылымен
ескертуі;
7) қоғамдық орындарда ұстамдылық көрсетуі;
8) өзіне көпшілік назарын аудара коймауы;
9) айқайлап сөйлемеуі саналды.
Осы көрсеткіштер бойынша балалардың мәдениетті қарым-қатынас дағдыларының
қалыптасуы жайлы қорытынды жасалынды.
Г.А.Урунтаеваның 18 "Коммуникативтілік біліктерді зерттеу"
әдістемесі балалардың қарым-қатынас жасау тәсілдерін зерттеуге
мүмкіндік берді (қосымша А).
Эксперимент жүргізуші үшін әрбір балаға бірдей болып салынған биялайдың
бейнесі бар төрт парақ қағаз бен алты түсті қарындаштар жиынтығы беріледі.
Эксперимент төрт сериядан түрады.
1-ші серия. Екі балаға (екі ер балаға немесе екі қыз балаға) бір-бірден
биялай салынған парақ пен бір-бірден қарындаштар жиынтығы беріледі де
олардың әрбір биялайға бірдей сурет салып, бояп, әсемдеп биялайлардың бір
жұбын құрау тапсырылды.
2-ші серия. 1-ші сериядан бір ғана өзгешелігі болады: енді
қарындаштардың бір жиынтығын екеуіне ортақ қылып береді де
оларды өзара келісе отырып пайдалану ескертіледі.
3-ші серия. 1—ші дегідей, ал 4-ші серия 2-ші дегідей болады. Тек қана
мұнда қыз бала мен ер баланың өзара әрекеттестік жасауы қажет.
Эксперимент нәтижесін өңдегенде төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау
жасалынды:
1) балалардың өзара келісе алуы, ортақ шешімге келе алуы;
2) балалар өзара әрекет барысында өзара бақылау жасауы,
қателіктер болғандығы реакцияларының көрінуі; өзінің және жұптасының іс-
әрекеттерінің нәтижесіне қатынасы;
3) іс-әрекет барысында өзара көмек жасау формалары;
4) іс-әрекет құралдарын пайдалануда рационалдылық танытуы; Балалардың
коммуникативтілік біліктерінің қалыптасуы жайлы, коммуникативті іс-
әрекеттігі 5-6 жастағы балалардың жыныстық ерекшеліктері жайлы қорытынды
жасалды.
"Біз де" казақ балаларының ежелден ойнайтын ойыны (қосымша Б).
Балалардың ақыл-ой лабильдігін, яғни үйренуге, дағдылануға қабілетін
зерттеудегі экспресивті диагностикалық құрал болды.
Зерттеу балалар тобымен жүргізіледі. Эксперимент жүргізуші балаларға
қарсы қарап отырып бір әңгіме айта бастайды. Әңгіме желісі бойынша балалар
қосылатын кез болса, олар "біз де" деп қол көтереді.
Балалардың қосылуы ыңғайсыз сәтке дәл келіп қалса, олардың "біз де" деп
қалуы қате болып саналады. Бұл ойыннан үзінді. Ойынға 30 минут бөлінеді.
Сол аралықта үзінді әрбір баланың жіберген қате жауаптары ескеріліп, жоғары
лабильділік үйренуге, дағдылануға өте қабілеттілік, орта лабильділік
төменгі лабильділік үйренуге, дағдылануға ниет қоймаушылық, қандай іс-
әрекетте де болымсыз ғана жетістікке ие болу деңгейлері тағайындалды.
Бұл әдістеменің негізінде тренингтік сабақтарды өткізу жолдары мен
мазмұнына даралау, саралау элементтерін еңгізуге және сабақтардың
тиімділігін білуге мүмкіндік туады.
Тренингтік сабақгардың мазмұндық аспектісін қарастыралық. Бұл тренинг
бағдарламасын анықтау болып табылды. Бағдарлама алдыңғы тарауда талданылған
тренингтердің нақты бір түріне ғана қатысты емес. Біз ұйымдастырған
тренингтік сабақтар 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас дағдылары мен
біліктерін жетілдіруге арналған дағдылар тренингі болып табылды. Бұл
психотерапия да, сензитивті тренинг те емес құрылымдық бағдарлама болды.
Біз тренингтік бағдарламаны өзара байланысты 2 тақырыптық блоктардан
құрдық.
1-ші блок балалардың коммуникативтілік дағдылары мен біліктерін дамытуға,
өзара әрекеттесу мен қатынасудағы жіберілетін қателіктерді талдауға
негізделген. Бұл блок бойынша балалардың вербалды және вербалды емес
коммуникациясы қатар қарастырылады. Блок бойынша қойылған мақсатқа жету
үшін балалармен сергіту, рөлдік ойындар қолданылды. Ойындар вербалды және
вербалды емес құралдарды белсендендіруге бағытталған.
Сергіту ойындарын басқаша қыздыру жаттығулары деп те атайды. Бүл ойындар
балаларды топтық іс-әрекетке эмоционалды түрде келтіретін, баптайтын
мақсатқа бағытталды. Сергіту ойындары әрбір сабақтың алдында жөне соңында
13-15 минуттан өткізілді. Балалардың ойынын ғана қыздырып қоймай,
вербалды белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін жаттығу түрлері
-жаңылтпаштар.
Рөлдік-сюжеттік ойындар тренингтік сабақтардың өзегі іспетті. Мұндай
ойындар біздің зерттеуде коррекциялау (түзету) мақсатын көздемейді. Біз
гуманистік бағыттағы ғалымдар көзқарасына сәйкес, психологиялық ойындар
арқылы баланың өзіңдік дамуына көмек беруді мақсат еттік.
Рөлдік-сюжеттік ойындардың психологиялық әсерімен балада:
- өз-өзіне деген сенімінің бекуі;
- этикалық және адамгершілік негізінде мінез-құлық, жүріс-
тұрыстың меңгерілуі:
-қарым-қатынас дағдылары мен біліктерінің дамуы болатындай түрлері
жинақталып, іріктеледі.
Рөлдік ойындар міндетті түрде топтық талдаумен аяқталады. Талдау 2
бағытта жүргізіледі:
1) қарым-қатынас жағдайының кұрамын балалардың толық та,
адекватты түсінуін қамтамасыз ету;
2) коммуникативті іс-әрекет механизмдерін біліп, түсінуге, дағды-
лануға мүмкіндік беру.
Біз рөлдік ойындардың 2 түрін - импровизациялық (суырып салма) және
сюжеттік түрлерін қолдандық. Импровизациялық ойындардың мазмұны балалардың
өздерінің үйреншікті өмір жағдайларынан, қарым-қатынас сферасынан алынып
отырды. Мұнда тек алдын-ала рөлдер мен позициялар бөлініп беріледі.
Импровизацияланатын ситуациялардың ең қарапайымы таңдалынды. Ал басты назар
әрбір баланың импровизациялауға қабілетін, яғни спонтанды түрде оның кез
келген ролді ойнап, сол рөл тұрғыдан диалог құра алуы мен вербадды емес
коммуникацияны қабылдап, меңгеруі талданып, зерттеледі. Импровизациялық
ойындардың арасынан ұзақ даярлықты қажет етпейтін,тренинг барысында
өрістейтін түрлері қолданылды. Бірақ мұндағы басты талап ойын мазмұны
балалардың қарым-қатынас саласындағы мәселелерге бағытталынуы. Біз "Айгүл
бүгін балабакшаға ең әдемі қуыршағын алып келген екен...", "Мамасы мен
Болат дүкенге келді...", "Сәуле үйде отырғанда есік қағылды...", "Саматпен
оның досы Дәурен телефонмен сөйлесіп отыр...", т. с. с. балалардың жас
ерекшеліктеріне, қарым-қатынас қажеттіліктеріне және тренинг мақсатына орай
тақырыптар бойынша спонтанды түрде бір оқиғалар ойналып отырды.
"Айгүл бүгін балабақшаға өзінің ең әдемі қуыршағын алып келген екен"
ойынның мазмұнын алып көрсетелік. Тренинг жүргізуші алдын-ала Айгүлдің
өзіне ғана, кім сұраса да, қалай сұраса да қуыршағын ешкімге бермеуін
тапсырды. Ол үшін Айгүл балалардың әрқайсысының өтінішіне нақты, тура жауап
беруі керек. Ал балаларға жүргізуші бар мүмкіндіктерін пайдаланып қуыршақты
сұрап алып, ойнауларына бағдар берді. Бұл ойын барысында балалар бірін-бірі
түсінуге, тыңдауға, қарсы жауап таба алуға, сендіруге, иландыруға,
сыйлауға, өтініш айтуға, сөзін өткізе алуға үйренеді. Рөлдік-
импровизациялық ойындардың әсерін талдау "кілттері":
1) қарым-қатынас кұралдарының қолданылуы, сөздік қор, ым-
ишара, (ара-қашықтық) дистанция, интонация (дауыс ырғағы);
2) қарым-қатынас біліктері мен дағдылары,өзара келісімге
келу,қысым жасау, манипуляцияның көрінісі;
3) өзара әрекеттестік,өзара қатынас позициялары-"тепе-теңдік",
"жоғарыдан" қарау, "төменнен" қарау болды.
Ал сюжеттік ойындардың алдын-ала даярлаған сценарийі қажет. Онда ойынға
қатынасушылардың өзара әрекеттесу, өзара қатынас жасау позицияларының толық
сипаттамасымен нұсқаулары құрастырылды.
Сюжеттік ойын тренинг мақсатының негізінде алдын-ала ойластырылып, бүкіл
сабақтардың жоспарын құруда ескерілді. Сюжеттік ойын типтік
коммуникативті ситуацияларды, яғаи балалардың баршасына дерлік тән
жағдайлары талдауға бағытталды, Мұндай ойыңдарда күрделі коммуникативті
ситуациялар модельденді. Әдетте импровизациялық ойынға қарағанда, сюжеттік
ойынға уақыт көп кетеді. Рөлдік-сюжеттік ойын барысында тренинг жүргізуші
көп кірісе бермеуі тиімді; ойын өздігінен ұйымдасатын болуы керек. Рөлдік
ойындар тренингтік жұмыстың соңғы кездесулерінде ойналды. Себебі балалардың
топ ішіндегі қарым-қатынасы интенсивті болып, өздері қарым-қатынас кезінде
әр түрлі позициялар, стратегиялар, инициатива коммуникация ережелерін
біліп, ситуацияларға талдау жасай алатын кезде ғана рөлдік-сюжеттік ойын
тиімді болды. 5-6 жастағы балалардың тренингтік тобында ойналатын сюжеттік
ойынға 1-1,5 сағат уақыт керек.
Мүмкіндік болса, сюжеттік ойынды тұтастай бейнетаспаға түсірген жөн.
Рөлдік-сюжеттік ойындарды сипаттағанда импровизация элементтерінің болмай
қалуы мүмкін емес.
Сюжеттік-рөлдік ойын кезінде тренинг жүргізуші балалардың коммуникативті
іс-әрекетін байқап, бақылап отырды, ойын барысына төмендегі кесте бойынша
талдау жасалды. (1 кесте).
1 кесте
Сюжеттік-рөлдік ойын барысындағы коммуникативті іс-әрекет
Коммуникативтілік Параметрлер сипаттамасы
дағды, біліктілік
параметрлері
Басқаларды тыңдай алу 1) Тыңдау тәсілдері:"иә-иә", "жаңғырық"
болып отыру, тәптіштеп сұрау:
синонимдік қайталау т.т.
2) Қарым-қатынастың үзіліп кетуі, оның
жиілігі.
3) Қарым-қатынаста паузаның жасалынуы,
оның үзақ, къісқа мерзімділігі.
Қарым-қатынастағы 1) Қарым-қатынастағы моделдер
белсеңділік 2) Қарым-қатынастағы белсенділік
3) Өз шешімін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz