Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорлары және оны мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ..
1.2 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайына экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Жинақтаушы зейнетақы қоры iрi институциональдық инвестор ретiнде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Қаржы нарығындағы зейнетақы қорларының үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 ҚР ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ БОЛАШАҚ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Халықты әлеуметік қорғау және еңбек қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Елiмiздiң жинақтаушы зейнетақы жүйесi он жыл уақыт жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижесiн зерттеуге бiраз материалдар жинақталды десек те болады. Жинақтаушы жүйе мiндеттi болғандықтан, ол барлық жұмыс iстейтiндердi қамтиды. Бұрын мемлекет зейнетақы төлеудi өз мойнына алса, қазiр әрбiр адам өзiнiң кәрiлiк жағдайын қамтамасыз етуге жеке өзi жауапты, әрине, бұл өзгерiстi көпшiлiк қауым салқын қабылдап, бұрын алдап кеткен қаржы пирамидаларымен теңестiрдi. Айта кетерлiк жайт, ақпарат құралдарында зейнетақы жүйесi туралы ақпарат тұрақты жариялануының және осы туралы пiкiр сайыстардың нәтижесiнде, қазiр көпшiлiк бұл жүйеге бiраз сенiмдiлiк танытып, оны өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етуiнiң негiзгi жолы ретiнде қабылдап жатыр. Бүл жүйенiң iс-әрекетiнен барлық адам шет қалмай тындықтан, ол актуальды тақырып болып табылады. Зейнетақы жүйесі туралы өз еңбектерінде қарастырған көптеген экономистерді айта кетуге болады. Оларға орыс экономистерінен Н.А. Тодорова, В.Т. Иконников, И.В. Рожков және т.б жатады. Ал қазақ экономистерінен Н.Т. Рамазанов, К.Ж. Төлебаев, А.С. Алибаев, Н.К. Мамыров және т.б айтуға болады. Мен болашақ квалификациялы жұмысшы күшiн ұсынушы болғандықтан, менi бұл мәселе өте қатты қызықтырады. Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы”. Бұл тақырыптың өзектілігі бүгінде елді зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің маңыздылығын ашу және оны дамыту жолдарын қарастыру болып табылады. Менiң курстық жұмысымның мақсаты жүйенiң iс-әрекетiне зерттеу жүргiзiп, онымен байланысты айқынсыздықты жою.
Орындалатын жұмыстың мiндеттерi:
1) "Ескi" мен "Жаңа" жүйенi салыстыру;
2) шетел тәжiрибесiне көз жүгiрту;
3) Қазақстан Республикасының жинақтаушы жүйесiнiң құрылымын, iс-әрекетiн талдау;
4) жүйенiң экономикалық перспективасы туралы және экономикаға тиетін әсерiне нақты мәлiметтер нәтижесiнде талдау қарастыру.
Курстық жұмысым екі тараудан тұрады.
Бiрiншi тарауда Қазақстан Республикасының зейнетақы заңына көз жүгiртiледi. Жалпы ҚР ЖЗҚ-на сипаттама беріледі.
Екiншi тарауда жинақтаушы жүйенiң құрылымы туралы сөз қозғалып, олардың iс-әрекетiне талдау жасалады және ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауында зейнетақы жайлы айтылғаны қарастырылады.
Қорытынды бөлiмiнде жұмыстан қорытынды шығарылып, осы жинақтаушы жүйенiң алдындағы мәселелерi мен оны шешу жолдары ұсынылады.
1. Қазақстан Республикасының “ҚР Ұлттық Банкі туралы” 30.03.2006 жылғы Заңы, 19-22б.
2. Адамбекова А.Н. “Анализ пенсионного рынка Казахстана”. Қаржы-Қаражат. №3, 2003. – 77-83б.
3. Айтуған А.С. “Жинақтаушы Зейнетақы Қорының меншік капиталына келетін табысты үлестіру”. Қаржы-Қаражат. №2, 2003. 44-49б.
4. Баладина А.Г. “Каждый гражданин – хозяин своего пенсионного счета”. РЦБК. №2, 2000. – 15-19б.
5. Мергенбаева А.Т. “Математикалық әдісті қолдану арқылы жұмысқа кабілетсіздерді зейнетақымен қамсыздандыруды есептеу”. АльПари. №1, 2004. – 154-156б.
6. www.google.kz.
7. www.rambler.kz.
8. www.yandex.com.
9. Гүлжан Қарақұсова. “Зейнетақы реформасы: тәжірибе және табыс”.
10. Егемен Қазақстан. 2005, тамыз. 1-3б.
11. Әлисұлтан Құланбай. “Басты мақсат-салымшылар сенімінен шығу”. Егемен Қазақстан. № 114, 2008-02-09.
12. Әлисұлтан Құланбай. “Қор таңдау-салымшының өз еркі”. Егемен Қазақстан. 2006-03-18.
13. Гүлнар Жұмабайқызы. “Зейнетақы қоры ірі инвестор ретінде”. Литер-Айқын. 18.04.2008.
14.Меруерт Өмірзақова. “Ұлар Үміт ЖЗҚ”. Егемен Қазақстан. № 316-317, 20.12.2006.
15. “Мемлекет басшысының 2005—2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың
(іс-аралардың) жалпыұлттық жоспары”. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». «Ақиқат» журналы, № 4, 2007ж.
16. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы:
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру— мемлекеттік саясаттың басты мақсаты». «Егемен Қазақстан» № 36 (25008), 7 ақпан 2008 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ
МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорлары және оны мемлекеттік реттеу
... ... ... ... ..
1.2 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі
жағдайына экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
1.3 Жинақтаушы зейнетақы қоры iрi институциональдық инвестор
ретiнде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Қаржы нарығындағы зейнетақы қорларының
үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..

2 ҚР ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ БОЛАШАҚ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

2.1 ҚР Президентінің Қазақстан халқына
жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Халықты әлеуметік қорғау және еңбек
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Елiмiздiң жинақтаушы зейнетақы жүйесi он жыл уақыт жұмыс істеп жатыр.
Оның нәтижесiн зерттеуге бiраз материалдар жинақталды десек те болады.
Жинақтаушы жүйе мiндеттi болғандықтан, ол барлық жұмыс iстейтiндердi
қамтиды. Бұрын мемлекет зейнетақы төлеудi өз мойнына алса, қазiр әрбiр адам
өзiнiң кәрiлiк жағдайын қамтамасыз етуге жеке өзi жауапты, әрине, бұл
өзгерiстi көпшiлiк қауым салқын қабылдап, бұрын алдап кеткен қаржы
пирамидаларымен теңестiрдi. Айта кетерлiк жайт, ақпарат құралдарында
зейнетақы жүйесi туралы ақпарат тұрақты жариялануының және осы туралы пiкiр
сайыстардың нәтижесiнде, қазiр көпшiлiк бұл жүйеге бiраз сенiмдiлiк
танытып, оны өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етуiнiң негiзгi жолы ретiнде
қабылдап жатыр. Бүл жүйенiң iс-әрекетiнен барлық адам шет қалмай тындықтан,
ол актуальды тақырып болып табылады. Зейнетақы жүйесі туралы өз
еңбектерінде қарастырған көптеген экономистерді айта кетуге болады. Оларға
орыс экономистерінен Н.А. Тодорова, В.Т. Иконников, И.В. Рожков және т.б
жатады. Ал қазақ экономистерінен Н.Т. Рамазанов, К.Ж. Төлебаев, А.С.
Алибаев, Н.К. Мамыров және т.б айтуға болады. Мен болашақ квалификациялы
жұмысшы күшiн ұсынушы болғандықтан, менi бұл мәселе өте қатты қызықтырады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақы
реформасы”. Бұл тақырыптың өзектілігі бүгінде елді зейнетақымен қамтамасыз
ету жүйесінің маңыздылығын ашу және оны дамыту жолдарын қарастыру болып
табылады. Менiң курстық жұмысымның мақсаты жүйенiң iс-әрекетiне зерттеу
жүргiзiп, онымен байланысты айқынсыздықты жою.
Орындалатын жұмыстың мiндеттерi:
1) "Ескi" мен "Жаңа" жүйенi салыстыру;
2) шетел тәжiрибесiне көз жүгiрту;
3) Қазақстан Республикасының жинақтаушы жүйесiнiң құрылымын, iс-
әрекетiн талдау;
4) жүйенiң экономикалық перспективасы туралы және экономикаға тиетін
әсерiне нақты мәлiметтер нәтижесiнде талдау қарастыру.
Курстық жұмысым екі тараудан тұрады.
Бiрiншi тарауда Қазақстан Республикасының зейнетақы заңына көз
жүгiртiледi. Жалпы ҚР ЖЗҚ-на сипаттама беріледі.
Екiншi тарауда жинақтаушы жүйенiң құрылымы туралы сөз қозғалып,
олардың iс-әрекетiне талдау жасалады және ҚР Президентінің Қазақстан
халқына жолдауында зейнетақы жайлы айтылғаны қарастырылады.
Қорытынды бөлiмiнде жұмыстан қорытынды шығарылып, осы жинақтаушы
жүйенiң алдындағы мәселелерi мен оны шешу жолдары ұсынылады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ
ЕТУ МЕХАНИЗМІ

1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорлары және оны мемлекеттік реттеу

Қазақстан Республикасының “Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заңы
бойынша үш субьектi жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң толыққанды мүшесi
болады. Олар жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерiн басқарушы
компания, банк-кастодиан. Олардың қызметiн реттеп, қажеттi нормативтi
құқықтық актiлер шығарып қадағалайтын үш мемлекеттiк орган бар. Олар
мыналар:
1) Ұлттық банк (ҰБ);
2) Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия (БҚҰК) Бұл мемлекетік
орган Ұлттық Банктің департамент ретінде қосылып, енді Бағалы
қағаздар нарығын реттеу жөніндегі депортаменті;
3) Жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетiн реттейтiн комитет
(ЖЗҚIРК) бұл да Ұлттық Банк департаменті болып қосылып, енді
Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекеттің реттеу департаменті.
Ұлттық банк-банк-кастодиандардың қызметiн бақылап, оларға лицензия
беру және одан айыру iстерiмен айналысады.
БҚҰК қор биржасындағы бағалы қағаздарға ЗАБК-ң инвестициялау әрекетiн
бақылап, олардың iстерiн қадағалайды. ЖЗҚIРК ЖЗҚ-ң iс-әрекеттерiнiң заңға
сәйкестiлiгiн және салымшылармен арақатынасын бақылау, қажеттi нормативтi
құқықтық актiлер жасаумен айналысады. Жоғарыдағы айтылған қадағалаушы
мемлекеттiк органдар, бұл негiзгi қызметiнен басқа да iстермен айналысады.
Ендi жинақтаушы жүйенiң iс жүзiне асу, аспауының негiзгi гаранты болып
табылатын субьектiлерге тоқталайық.2, б.32
Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары төмендегідей болып бөлінеді:

1) зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға;
2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақылар алуға;
а) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілетін
лицензия негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі
қызметті және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерін дербес
жүзеге асыруға;
ә) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот
органдарында салымшының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін білдіруге;
3) зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзгеде де құқықтарды жүзеге
асыруға құқығы бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының мынадай міндеттері қарастырылған:
1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен
зейнетақы төлеуге;
2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды
жүзеге асыруға;
3) салымшы мен алушыға кемінде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрау
салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі
туралы ақпарат беруге;
4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы
ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ҚР-сының зейнетақы
заңдары мен зейнетақы шартының ережелерін бұзғаны үшін жауап
беруге;
6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір
жинақтаушы зейнетақы қорының екіншісіне немесе сақтандыру ұйымына
осы Заңда және ҚР-сының өзгеде нормативтік құқықтық актілерінде
белгіленген тәртіппен аударуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған
жағдайда зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйыммен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға
шарттар жасасуға;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келісім бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген тәртіппен
қаржылық есептілікті және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өзге
де есептілік пен өз қызметі туралы ақпаратты жариялауға міндетті.
Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа
кепілдік немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ ҚР-сының
заңдарымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтерді
жариялауға жол бермейді;
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға
тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
10) салымшымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
11) салымшымен еріктік кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
12) әрбір жеке адамның тұратын жеріне қарамастан олармен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт жасасу кепілдігін қамтамасыз етуге
міндетті.

Салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында
жинақтаушы зейнетақы қорларына:

1) қызмет түрлеріне және кәсіпкерлік қызметке;

2) өз мұқтаждары үшін сатып алған мүлікті сатып алу-сату мен жалға
беруді және уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарымен мәмілелерді
қоспағанда, мүлікті сатып алу-сатуды жүзеге асыруға;
3) сақтандыру қызметіне;
4) зейнетақы активтерін кепілге беру;
5) акциялардан басқа бағалы қағаздар шығаруға.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем
қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциалдық
нормативтер белгіленеді. Пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың
нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік
нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен
аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен
қарапайым серіктестіктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметін реттеу
шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеуші шоғырландырылған
негізде жүзеге асыру ережесін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік реттеу
Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған
жағдайда уәкілетті орган мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:
1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы
міндетті жазбаша ұйғарым беруге;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерін қызметтен алу
туралы акционерлер алдына мәселе қоюға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
айыппұлдар салуға және өндіріп алуға;
4) лицензияны тоқтата тұруға, не қайтарып алуға.
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын
тарту жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын мынадай негіздердің:
1) лицензия берілгенде негізге алынған ақпараттың дұрыс болмауы;
2) лицензия берілген кезден бастап жинақтаушы зейнетақы қорының
қызметін бастауды бір жылдан астам кідірту;
3) Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт бойынша міндеттемелерді үнемі (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан
үш және оданда көп рет) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
4) Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиялар белгілеген
нормативтерді және орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді
үнемі бұзуы;
5)Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерін,жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережесіне және уәкілетті
органның нормативтік құқықтық актілерін бұзуы, не уәкілетті органның
жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
6) есептілік пен мәліметтерді табыс етпеу немесе көбінеу дұрыс
емес есептілікпен мәліметтерді табыс ету негіздерінің кез келгені бойынша
алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы жарналарын тарту және бұрын тартылған салымшылар бойынша
зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-
ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру құқығын
сақтай отырып, жаңа салымшылар тартуына тыйым салуға әкеп соқтырады.
Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын
тарту жөніндеге қызметке лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы
қабылдаған шешімін жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспасөз басылымында
мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы салушылар
мен алушылардың назарына жеткізеді.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерін жинақтаушы зейнетақы
қорының белгіленген мерзімде жойылмауы оны уәкілетті органның қайтарып
алуына негіз болып табылады.
Уәкілетті орган өздеріне қатысты ықпал ету шараларын қолданған
жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның іс-әрекетіне сот тәртібімен
шағымдануға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкілетті органның
рұқсатымен акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша біріктіру, бөліп
шығару, жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік түрден ашық түрге
өзгерту нысанында жүзеге асырылады.Рұқсат беру талаптары мен тәртібі
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының қайта құруды жүргізуге рұқсат алу
туралы өтінішіне мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері жалпы жиналысының оны қайта
құру туралы шешімі;
2) жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың көзделіп
отырған шарттарын, нысандарын, тәртібі мен мерзімдері жазылатын құжаттар;
3) қайта құру нәтижелерінің қаржылық болжамы, соның ішінде жинақтаушы
зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құрудың
нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалардың оны қайта құрғаннан кейінгі
есептік балансы;
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат
алу туралы өтінішті құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен
бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.
Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті
органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап
күнтізбелік он бес күн ішінде екі баспасөз басылымында мемлекеттік тілде
және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары
мен алушыларына алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Қайта ұйымдастыру жағдайында мынадай жинақтаушы зейнетақы
қорлары: бөліп шығу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзінен екі одан да
көп заңды тұлға бөлініп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры; біріктіру
нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзіне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын
қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негізінде қайта
ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту
жөніндегі қызметті және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі
қызметті қолда бар лицензиясы негізінде жүзеге асыруға құқылы.

1.2 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайына
экономикалық талдау

Жинақталған зейнетақы жарналары инфляция мен девальвацияның әсерiне
ұшырап, нақты құны төмендемес үшiн оны бағалы қағаздарға тиiмдi
инвестициялау керек. Бүл iспен мамандары жеткiлiктi және тәжiрибесi бар
компания шұғылданса, оң табыстарға жеткiзетiнi сөзсiз. Қазақстанда бұнымен
Жинақтаушы Зейнетақы Қорлары шұғылданады. ЖЗҚ бағалы қағаздар рыногының
маман қатысушысы және заңды тұлға болып табылады. Жарғылық капиталының ең
төменгi мөлшерi 80 млн. теңгеден кем болмауы тиiс. Компания мүлкi есебi
басқаруға алған зейнетақы активтерiнен бөлек жүргiзiледi. Компанияның
негiзгi қызметi заңда көрсетiлген шектеулер мен диверсификация нормаларын
ескере отырып, зейнетақы активтерiн бағалы қағаздарға, инвестициялық табыс
алу мақсатында орналастыру. Бұл қызмет түрi лицензияланатындықтан, оны алу
үшiн қойылатын негiзгi талаптарға тоқталайық:
1) штатында ең кемiнде 3 категориялы квалификацияның куәлiкке ие үш
маманның болуы. Соның iшiнде:
а) басқарушы қызметкерлер (тағайындау Бағалы қағаздар нарығын реттеу
жөніндегі департаментпен келiсуi қажет);
ә) активтердi инвестицияның басқару бөлiмдерiнiң басшылары;
б) инвестициялық шешiмдердi қабылдау мен жүзеге асыруға қатысатын
мамандар болуы тиiс;
2) ұйымдық-техника, компьютердiң, бағдарлама құралдары мен
телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың болуы;
3) заңды тұлға құрылтайшыларының қаржылық тұрақтылығын дәлелдеуi
қажет;
4) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды ұйымдастыратын iшкi
ұйымдастырудың құжаттары болуы шарт.3, б.20
ЖЗҚ-ң басқаруға алған зейнетақы активтерiн қандай бағалы қағаздарға
инвестициялай алатынын қарайық. Қазiр ҚР-ң Бағалы қағаздар нарығын реттеу
жөніндегі департаменті бекiткен нормативтерi келесiдей:
1) Зейнетақы активтерiнiң 50% кем емес мөлшерi мемлекеттiк құнды
қағаздарға салынуы тиiс. Осы арқылы тәуекелдi төмендету мақсаты
қарастырылады;
2) 40%-тен артық емес мөлшерi Қазақстан қор биржаларының “А”
категориялы листингiне тiркелген корпоративтiк құнды қағаздарға;
3) 10%-н артық емес мөлшерi халықтың қаржы ұйымдарының бағалы
қағаздарына;
4) 40%-н артық емес мөлшерi банктерге депозитқа салыну мүмкiн және бiр
банкке 10%-н аспайтын мөлшерде;
5) Корпоративтiк құнды қағаздар бойынша қосымша шектеулер бар:
Зейнетақы активтерiнiң 5% аспайтын бөлiгi өте үлкен болып жоғарыдағы
шектеу орындалмаса, компанияның жарғылық капиталының 5%-н аспайтын
бөлiгiнiң акциясына инвестиция салынуы мүмкiн. Жоғарыдағы
шектеулердiң бар мақсаты тәуекелдi төмендетiп, инвестициялық қаржыны
диверсификациялау. Егер қандай да бiр акцияның құны төмендесе, ол
қордың активтерiне күштi әсер етпейдi, себебi инвестиция жан-жаққа
салынған. Бұнда мына мақалды айтып өткен орынды. Бар жұмыртқаны бiр
корзинаға салма, корзина құласа бәрi де сынады.
Кей iстермен ЖЗҚ-ң айналысуына тиым салынған:
1) маржа бойынша мәмiле жүргiзу;
2) қайта сатып алу шарты бойынша бағалы қағаздар сату;
3) қысқа сату жүргiзу (келiсiм уақыты кезiнде инвестицияның қоржында
жоқ бағалы қағазды сату мәмiлесi);
4) заем беруге;
5) зейнетақы активтерiмен кепiлдемелi операция жүргiзу;
6) акциядан басқа бағалы қағаздар шығаруға;
7) гарантия немесе поручительство беру.
Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің
“Қаржы секторының 2007 жылғы көрсеткіштері” есебіндегі мәліметтер бойынша,
Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақталған зейнетақы көлемі
2008 жылдың 1 қаңтарында 1 триллион 208 миллиард 121 миллион теңгені (10
миллиард 49 миллион доллардан астам) құраған. Бұл бір жыл ішінде жинақтаушы
зейнетақы қорларына түскен қаржы көлемі 32,8 пайызға артқанын көрсетеді. Ал
есепті мерзімде зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза
инвестициялық кіріс мөлшері 339 миллиард 719 миллион теңге болды. Яғни,
2007 жылы 32,86 пайызға өсті.
Ең бастысы, осы жылдар аралығында зейнетақы қорларындағы салымшылар
ақшасын инвестициялаудың жақсы механизмі дайындалып, бүгінде олар ірі
институционалдық инвесторлар болып табылады. Қазақстандықтардың –
салымшылардың ақшалары түрлі құнды қағаздарды, оның ішінде отандық
компаниялардың құнды қағаздарын инвестициялау арқылы қор рыногында белсенді
жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, ел экономикасының нақты секторын
дамытуға да қатысуда.
2008 жылғы 1 қаңтарға жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық
портфель жиынтығы 1 триллион 195 миллиард 89 миллион теңгені құрады.
Мұндағы мемлекеттік емес құнды қағаздардың 46,32 пайызы қазақстандық
эмитенттердің үлесіне тиеді. Бұл айтарлықтай үлкен цифр. Жинақтаушы
зейнетақы жүйесін дамытудың нәтижесін осыдан-ақ көруге болады. Осы жылдар
аралығында біздің азаматтарымыздың басым көпшілігі зейнетақы жинақтаудың
маңыздылығына түсіністікпен қарап, зейнетақы реформасының даму барысын
мұқият қадағалап келе жатқаны ерекше маңызды.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кейбір жағдайларда зейнетақы рыногында
қордың жұмыс өтілі әрқашан көрсеткішті білдіре бермейді.
2007 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша Қазақстанда 14 Жинақтаушы
Зейнетақы Қоры қызмет етті. Олар мыналар:
1) “Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ”;
2) “Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қоры”;
3) “Ұлар Үміт” ЖЗҚ;
4) “БТА Қазақстан” ЖЗҚ;
5) “Грантум” ЖЗҚ;
6) “Сенім” ЖЗҚ;
7) “Валют-транзит Фонд”;
8) “Атамекен” ЖЗҚ;
9) “НефтеГаз-Дем” ЖЗҚ;
10) “Қазақмыс” ЖЗҚ;
11) “Капитал” ЖЗҚ;
12) “Отан” ЖЗҚ;
13) “Қорғау” ЖЗҚ;
14) “Д.А. Қонаев атындағы ЖЗҚ”.
Енді осы қорлардың кейбіреулеріне нақтырақ: жергілікті жерлердегі
филиалдар, бөлімшелер санына және олардың іс-әрекетін жүзеге асырушы
кастодиан банктеріне тоқталайық:
1. Отан зейнетақы қоры. Отан зейнетақы қоры өкілетті орган
зейнетақы жарналарын жинауға және зейнетақы төлеуді жүзеге асыруға лицензия
берген күннен, яғни 7 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді.
Бірқатар әріптестеріміз зейнетақы рыногында бастапқы кезден-ақ істеген
тәжірибелі мамандар. Сондықтан да “Отан” жинақтаушы зейнетақы қорының
мақтан етерлік тұстары жетерлік.
“Отан” – зейнетақы активтерін дербес басқаруға лицензиясы бар жинақтаушы
зейнетақы қорларының алтылығына кіреді.
Өткен жылы басталған әлемдік қор рыногындағы тұрақсыздыққа қарамастан,
Қазақстан қаржы рыногы өзінің тұрақтылығын көрсетті. Бұл жалпылай алғанда,
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына да байланысты..
Бүгінде еліміздің түрлі аймағында қордың 70 құрылымдық бөлімшелері жұмыс
істеуде. Оның 35-і 2007 жылы ашылған. теңгені Сонымен қатар, өткен жылдың
қазанында “Отан” жинақтаушы зейнетақы қоры “К” және “Р” категориялары
бойынша КАSE мүшесі болып қабылданды.
“Отан” жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі акционері Қазақстанда жұмыс
істеп келе жатқан еліміздегі жетекші банктердің бірі “АТФ Банк” АҚ болып
табылады. Біз әріптес банкпен өте тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді.
Қолданыстағы бағдарлама аясында банкте “Отан” жинақтаушы зейнетақы қорының
салымшыларына қызмет көрсету барысында түрлі жеңілдіктер қарастырылған.
Қазіргі кезде оларға жеке зейнетақы шоттарын ашу, жеке зейнетақы жиынтығын
есептеу және сақтау, ӘЖК алу үшін құжаттар толтыруға көмектесу, зейнетақы
шарттарын бекіту, салымшыныңалушының арызы бойынша оларды “Отан”
жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру, салымшыларға олардың жеке зейнетақы
шоттарының жағдайы туралы ақпараттар беру, салымшылар үшін дербес
консультациялар ұсыну қызметтері көрсетілуде.
2. Ұлар Үміт зейнетақы қоры. Биылғы жыл Ұлар Үміт қоры үшін жалпы
алғанда табысты жыл болған. Осы жазда Талдықорған мен Семейде қордың
филиалдары ашылып, бүгінде Қазақстанның барлық аймағын түгел қамтыған
агенттік пункттің тармақталған жүйесіне ие 17 филиал  жұмыс істеп жатыр.
  2006 жылда Әріптестік үй арнайы бағдарламасын дамытудың жаңа жобалары
жасалды. Оған, еске сала кетсек, Қазкоммерцбанк АҚ, ҰларҮміт АҚ,
Казкоммерц Полис СК АҚ, Казкоммерцсекьюритиз АҚ, Казкоммерц Инвест АҚ
және Қазақтелеком АҚ сынды әр салада қызмет көрсететін жетекші
компаниялар қатысады. Әріптестік үй бағдарламасы шеңберінде барлық
салымшылар үшін оңтайлы қызмет көрсетулер мен жеңілдіктер қарастырылған.
Мысалы ол бойынша Ұлар Үміт қорының салымшылары әлгі әріптес-банктерден
(банктік шарттардың сақталуымен) Жедел несие, Ипотекалық несие, Зәрулі
қажеттіліктерге несие ресімдеген кезде 0,5-тен 2 пайызға дейін шегерімдер,
сондай-ақ сақтандыру және инвестициялық компаниялардан қызмет көрсетілген
кезде жеңілдіктер ала алады.
ҰларҮміт қоры өзге қорлар арасында алғашқылар қатарында өз қызметіне 
интернет-технологиялардың соңғы жетістіктерін  енгізгені белгілі.  Қордың
қазақ және орыс тілдерінде қатар жүргізілетін интернет-сайтынан оны
пайдаланушылар қажетті ақпараттың бәрін ала алады.
Енді әрбір салымшы үйде немесе кеңседе отырып-ақ  өзінің шотына қанша ақша
түскенін біле алады. Бұл қызметті пайдалану үшін салымшы алдымен қорға,
немесе өзі тұрған жерге жақын өкілдіктерінің біріне барып, әлгі ақпараттың
құпиялығын қамтамасыз ететін жеке идентификатор мен пароль алады.
Биылғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясының бюджеттен тыс қорлары
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылым негіздері
Салық тексерулерінің қатысушылары болып салық қызметі органдарының өкілетті тұлғалары және салық тексеруінен өтетін салық төлеушілер
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі
Жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы,зейнетақы тағайындау бөлімі туралы
Әлеуметтік қамсыздандыру және мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Инвестициялық бағалы қағаздар нарығы
Аннуитеттік сақтандыру жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде
Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Пәндер