Эмоция туралы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе

  1. Эмоция туралы түсінік

2. Жоғары деңгейдегі сезімдер мен күрделі эмоциялардың мәні

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Зерттеу өзектілігі. Жеткіншектерді өз көңіл күйлерін сезіне білуге, айналасындағы жақындарына көтеріңкі көңіл сыйлай білуге, комплимент-мадақтау сөздерді айта білуге және эмоциялық жағдайды жақсартатын жаттығуларды жасай білуге үйрету, оларды тәрбиелеу барысындағы аса бір маңызды элементтің бірі болып саналады. Жеткіншектердің психикалық даму деңгейінің жоғары, денінің сау болуы, стрестік жағдайды болдырмау, кикілжіңді орынды түрде шешу, бұл жерде талқыланатын мәселе болып табылады. Бұл зерттеу негізінен мына сұрақтармен тығыз байланысты: сезім мен эмоцияның психологиялық мәні неде? Жеткіншектердің психикалық ауруларға тап болуының, стрестік жағдайлардың болу не себептен? Бұл мәселе психология ғылымында психикалық процестердің яғни танымдық процестердің дамуымен тығыз байланысты.

  1. Эмоция туралы түсінік.

Сезім деп аталатын ұғым күнделікті тіршілікте жиі қолданылып, түрлі мағынада айтылады. «Не сезіп тұрсың?» деген сөйлем мағынасы психикалық таным процесі түйсік ретінде қолданылады. Бірақ, сезім мен түйсікті өзара шатастыруға болмайды. Сондай-ақ, қабылдауды да, елесті де өзіндік мағынасы бар сезіммен шатастыру, әрқайсысын жеке дара танымдық ерекшеліктері бар процестерге балау-қателік. Алайда, сезім түйсіну, қабылдау, елес, ойлау, қиял, ес сияқты жеке процестермен байланысты. өйткені, адамның бойынан, түрі мен келбетінен оның жан дүниесінің мазмұны және жүйесі осы сезімдер арқылы түгелдей көрініс береді.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалы процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда. Көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т. б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.

Сезімдер - өте күрделі псхикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады.

Адам сезімінің қайнар бұлағы - бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданылып жүр. Егер бұл ұғымдардаң мәнін жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінің арасында елеулі айырмашылық бар екенін аңғарамыз.

Сезім - адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.

Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі - оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, оны қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейбірі ренжітіп, тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері - қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу

т. б. көңіл-күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы әлеуметік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-сүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс.

«Эмоция» ұғымының төркіні - «емовера» деген латын сөзінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні - тітіркендіру, толқу. Бұл - жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция - адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық - күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі - эмоция - жан дүниесінің жандануымен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз - адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.

Адам эмоциясы, негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді. Ал хайуаннаттар дүниесінің эмоциясы биолигиялық сипатта тіршілік ету жағдайына ғана бейімделеді. Дегенмен, эмоцияның адам мен хайуанаттар дүниесіне тән - ызалану, қорқу, жыныстық еліктеу, таңдану қуану, мұңаю сияқты түрлері бірдей болады. Адам өмірінің сан қилы салалары мен қоғамдық-әлеуметтік өмірінің күрделілігі сезімнің сана жағынан жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болады. Ч. Дарвин осы орайда, хайуаннаттар дүниесіндегі сезім мен эмоция түрлерінің пайда болуын эволюциялық даму тұрғысынан дәйектей отырып, сезімнің тек ақыл иесі - адамдарға тән ар мен ұят, ождан сияқты түрлерін әлеуметтік өмір тіршілігімен ұштастыра зерттеді.

Өзге психикалық процестер сияқты сезімдердің де табиғаты сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге жауап беретін рефлекторлық әрекетпен байланысты. Сезімдердің физиологиялық негіздері басқа психикалық процестермен салыстырғанда әлдеқайда күрделі. Сезімнің

сыртқа тебуінде мидың жоғарғы қабатында туып жататын процестер жетекші болғанымен, сезімдер мен эмоциялардың физиологиялық негізі бұл процестермен шектелмейді. Ми қабынан да бұрын пайда болған оның астыңғы қабатының орталықтарында және вегетативтік жүйке жүйесіндегі процестер де бұл қызметке қатысады. Ми жарты шарларының қабында сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты жүйкелік қозулар иррадиация заңы бойынша ми қабының астыңғы қабат орталықтары мен вегетативтік жүйке жүйесіне жайыла бастайды және оларды қоздырады. Соның әсерінен қан тамырларының қимыл реакциясы күшейеді, беті қызарып, бозарады, қаны сыртқа тебеді, ішкі секреция бездерінің продуктысын бөліп шығарады. Ми қабығының астыңғы қабаты мен жүйке жүйесінде өтіп жататын физиологиялық процестер шартсыз рефлекстердің жүйкелік механизміне жатады. Организмнің эмоциялық реакциялары үшін ми қабығының астыңғы қабаттары мен көру, төменгі және вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ерекше қызмет атқарады.

Ішкі, сыртқы рецепторлардан келетін қозулардың барлығы көру төмпегінен өтіп, афферентік нейрондар арқылы мидың проекцияларына жетіп жатады. Ал организмде жоғары сезімдер болмай, төменгі, қарапайым қорқу, долдану, қарын ашу, төнген қауіптен қорғану сезімдері болса, олардың рефлекстік доғасы миға жетпей-ақ, оның астыңғы қабатында түйісіп ұштасады. Эмоцияның мұндай физиологиялық негізі жүйке жүйесінің арнайы қызметі, ең алдымен, ретикулярлық формацияға байланысты болып, мидың қызметін жандандырады. Ал екіншіден, ми төмпегінде ( таламуста ), әсіресе, көру төмпегінің астындағы гипоталамуста және мидың өте ерте дәуірлерде қалыптасқан қабығы лимбикалық жүйесінде орналасқан орталықтар арқылы белсенді түрде қызмет атқарады. Сондай-ақ, сезім мен эмоцияның дамуына елеулі әсер ететін фактор - екінші сигналдық жүйе. Екінші сигнал жүйесі арқылы сезімдер мен эмоциялар жануарлар тіршілігіндегі биологиялық қалыптан шығып, адамның санасымен байланысады. Сөйтіп, адам сезімдерінің өрісі кеңіп, оның жануарлар дүниесінен ерекше ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық сезімдері жетіледі, олар қоғамдық-әлеуметтік сипатқа ие болады.

Көрнекті қазақ ақыны С. Торайғыров тіршілік әрекетінің өзгеруіне орай, адам сезімінің әлпеті де түрленіп отыратындығын айтып, оның сыртқа тебуін, яғни эмоция күшін былай бейнелеген болатын: «Сезімнің сыртқа шықпас түрі бар ма? Оны жасырар адамның күші бар ма ?!». Ең алдымен, сезім тыныс алу мүшелері мен қан тамырларының жұмысына елеулі өзгерістер енгізді. Мұны сипаттау үшін Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы»

романының бірінші кітабында Сүйіндіктің үйіне әкесінің тапсырған шаруасымен келген жас Абайды көрген сұлу Тоғжанды суреттей отырып, автор: «Әлденеден, белгісіз себептен Тоғжан пішіні қызара түсіп, қайта сұрланды. Толқып қайтып тұрған ұяңдық па, басқа ма? Әйтеуір, өзінше өзгеше тыныс алып, лүпіл қағып тұрған бір сезім бар «, - дейді. Ал Тоғжанға ғашық болған Абай әлде-қандай өзгеше «таңды» сезеді. «Күйік те, үміт те, қуаныш та, азап та бар жүрек таңы. Кеуде толған өзгеше ыстық, өзгеше жұмбақ, мол сезім . . . не сипатта бұл сезім?. Не боп барам? Тақат, сабырым қайда? Бойына тоңазығандай бір діріл пайда болды. Себепсіз дірілдейді. Жүрегі де тулап кеп, өз-өзінен қысылып шаншып кеткендей».

Адамның басында жүйкелік әрекеттің қозуына байланысты көңіл-күй өзгеріп, тамырының соғуы жиілеп кетеді, адам деміледі. Қорыққан кісі сұп-сұр боп, бозарады. Ұялған адамның беті қызарып кетеді. Оның көңіл күйі, сезімі дауыс ырғағынан, сазынан, қарқынынан да аңғарылады. Осы орайда, сезімнің күрделі психикалық процесс екендігі, оның үнемі қарама-қарсы жағдайда болып отыратындығы көрінеді. Мәселен, қуану-ренжу, күлу-жылау, шаттану-қайғылану т. б.

Сезім мен эмоцияның сыртқа тебуінің айқын көрінісі - күлу мен жылау. әйгілі ғалым Ч. Дарвин (1809-1881) мәнерлі қозғалыс әлпеті адамның арғы тегінің тіршілігі үшін пайдалы болған әрекеттердің қалдығы екенін дәлелдейді. Қатты ашу кернеген адам жұдырығын түйеді, тістеніп, кейде тісін қайрайды, булығады. әрине қазіргі заман адамдарына мұндай кейіптер мен дөрекі қимылдар көрсетудің қажеті жоқ. Дегенмен, адамдардың мәнерлі қозғалыстары, ым-ишаралары, мимикалық қылықтары, даусының өзгеруі оның көңіл күйінің қандай екенінен хабардар етіп, кісінің ішкі сезімі мен эмоциясы көз нұрынан, бет ажарынан, қимыл-қозғалысынан аңғарылып тұрады. Адамның сезім күйлері пнеймограф аспабымен зерттеледі.

Бұл аспап адамның көңіл күйін зерттеуге арналған. Аспап зерттелуші адамның кеудесіне байланады да, оған « өміріңде басыңнан кешірген қайғы-қасіретіңді есіңе түсір», - дейді. Егер дайындалған адам басынан кешірген қайғысын есіне түсіре алса, онда оның жүрегінің соғуы жиілеп, ол

пнеймографқа беріледі. Пнеймографты кимографпен байланыстырса, онда жүректің соғуын, вегетативтік өзгерістерді ирек сызықпен жазып алуға болады.

2. Жоғары деңгейдегі сезімдер мен күрделі эмоциялардың мәні.

Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Адамның жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпия сырларын танып білуге ұмтылады. Мұндай әрекет адам сезімінің жоғары деңгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік - моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл күйіне байланысты. Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой, эстетикалық және моральдық-адамгершілік дейтін түрлері бар.

Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі - балалардың оқып білім алуына, ересектедің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдар жасап, теориялық тұжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі - адамның кез-

келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй.

Эстетикалық сезім - объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл - күй. әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып,

рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. әсемдікті қабылдау туа пайда болмайды. әсемдік әлемі адамға өзінің сұлулығымен, табиғи жарасымдылығымен және шынайы көркемділігімен әсер етіп, адамның мақсат-мүддесіне, рухани қажеттілігіне лайықты түрде дамиды.

Эстетикалық сезім - мазмұны мен мән-мағынасы және түр-сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әекеттерін өрістетуші фактор ретінде қарастырады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Мектеп пен оқу орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге, дүниенің сұлулығынан ләззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тәрбиелеу эстетика пәні арқылы жүзеге асады.

Адамгершілік - моральдық сезімдер қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық местігін сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те аталады. «Мораль» - «морале» деген француз сөзі. Мағынасы - адамгершілік. Адмгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы - мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады. Аталмыш сезімнің таптық сипаты да болады.

Адамгершілік сезімінің принципі мен жалпы негізі - белгілі бір қоғамдық - экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез-құлық

нормалары. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер - борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралық-жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Адамгершілік сезім адамның өткен өміріндегі елестеріне, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына және дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық іс-әрекет түрлеріне байланысы болып келеді.

Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екініден, ол отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық

ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.

Адамдардың сезім саласындағы айырмашылықтары түрліше болып келеді. Семья тәбиесін, тұрмыс-жағдайына, денсаулығына, жүйке жүйесінің типтік ерекшелігіне, білім қорына, өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне, жас өзгшелігіне т. б. қарай адамдарда эмоциялар мен сезімдердің сан алуан түрлерін кездестіруге болады. өмірде көңілдері көтеріңкі, жайдары, шат адамдармен қатар, сәл нәрсеге уайымдағыш, қабағы қатулы, немес өзін ұстай алмайтын, тиянақсыз, болар-болмас бірдеңеден асып-сасып, жұрттың үрейін алатын адамдар да кездеседі.

Психология сезім саласындағы мұндай шекшіз жеке ерекшеліктерді тере бермей, адамдарда типтік ерекшелік ретінде қалыптаса бастаған сезім түрлерін зерттеуді қарастырады. Адамдардың сезімдері, өзінің бағыты, тереңділігі, тұрақтылығы, әсерлігі тәрізді жағымды сапаларымен құнды болмақ.

Күрделі эмоциялардың бірі - көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кібің кіру, ызалы, түсі суық т. б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе, шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, ол ылғи да сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан да «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңілден азады» деген мақалдар тегіннен тегін айтылмаған. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай адамдар, тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай адамдар, тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Адам өз көңілінің қожасы болуы керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардан өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ырқына жібермеуге болатындығы, көңілдің тұрақты болуы жұмыс қабілетін арттыруға, адамның жеке қасиетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. өз көңілін меңгер білу - мұғалім үшін аса ажетті сипат. Төменгі сынып оқушыларының мұғалімінің қасы мен қабағына қарап отыратындығы белгілі. Егер мұғалім көңілсіз, кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз

-13-

әсер етеді. Адам көңіл-күйінің көріністері - сезім мен эмоцияны ақыл-ой және сана билейді. Сана - психика дамуының ең жоғары дәрежедегі сатысы. Кез келген психикалық процесті адам санасының жемісі дейміз. Солай болғандықтан, сезім мен эмоциялық күйлердің бәрі де сана арқылы реттеліп отырады.

Адам көңіл күйінің ерекше көріністері стресс және дистресс болып табылады. «Стресс» сөзі ағылшын тілінен аударғанда - зорлану, қысым жасау деген мағынаны білдіреді. Стрестік күй - соңғы 30-35 жыл ішінде ғылым мен техниканың, өнер мен білімнің тасқындап дамуына орай және

экологиялық жағдайдың қолайсыздығына сәйкес адамда пайда болған эмоция мен сезімнің көрінісі, дене еңбегі мен ақыл-ой арқылы атқарылатын іс-әрекеттің шиеленісті әрі қауіпті жағдайында өте шапшаң және жауапты шашім қабылдау. Мұндай жайттар эмоция тудырады. Адам осындай стрестік күйдің психологиялық ерекшеліктерін біліп, оған бейімделуі қажет. Бұл күй ғарышкер, ұшқыш, түрлі электр, жылу қуаттарын өндіретін станция операторлары мен автокөлік жргізушілердің қимыл-әрекеттерінде ғана емес, айыпкердің, жазалаушы заң қызметкерлерінің, мекеме, ұжым басшыларының, оқушылардан сынақ-емтихан қабылдаушы ұстаздардың да күнделікті қызметінде жиі кездесіп отырады.

Стрестің физиологиялық негізі - американдық физиолог У. Кеннонның (1871-1945) гомеостазис (бұл терминнің мәні - ішкі организм қызметінің бір қалыпты жағдайы дегенді білдіреді) туралы ілімі мен Канада ғалымы Г. Сельенің организмнің сыртқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен икемделіп қорғануы жөніндегі зерттеуі. Мұндай тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына да күшті әсер етіп, сезімдік - эмоциялық жағдайын шиеленістіреді. Стрестік жағдай адамның мінез-құлқына да күшті әсер етіп, қалыпты жағдайларды ауытқуға ұшыратады, ол бей-берекет қимыл-қозғалыстар жасайды. Адамның психикалық процестері - қабылдау мен ес, зейін әдеттен тыс қателіктер жібереді. Адам ашушаң, қызба болады. Мұндай жағымсыз көріністер дистресс деп аталады. Дистрестік күй адамның күш-қуатын, ақыл-ойын қожыратып, оған теріс ықпал етеді. Стрестік күйді жеңу үшін адам өзінің бойындағы ерік-жігерін шыңдап, табандылық пен ұстамдылығын, өмір тәжіибесін молайтуға машықтануы қажет. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді.

Балалар агрессиясы мен акцентуациясын зерттеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның сезім мен эмоцияларына қатысты психикалық процестер
Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары
Эмоционалдық жағдайлардың түрлері және ерекшеліктері
Сезім мен эмоция жайлы
Сезім және эмоция
Эмоциялық процестер және эмоцияның басқарылуы
Эмоция және оның балалық шақта дамуы.
Эмоцияларды басқару жолдары
Эмоцияның пайда болуы, дамуы, сипаттамасы
Эмоция және дене
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz