Неке және отбасы құқығы жайлы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
І-тарау. Неке және отбасы түсінігі
1. 1. Неке және отбасы құқықтық қатынастарын реттеудегі отбасы қатынастарының рөлі
1. 2. Құқық салалары жүйесіндегі неке және отбасы құқығының алатын орны
ІІ-тарау. Неке шарты ұғымы мен мазмұны.
2. 1. Некеге тұру шарттары
2. 2. Некені тоқтату және бұзу
ІІІ-тарау. Қорғаншылық және қамқоршылық
- Қорғаншылық және қамқоршылық
- Қорғаншылық және қамқоршылықтың түсінігі және қамқоршылыққа алынғандардың құқықтық жағдайы
- Қорғаншылықты және қамқоршылықты тоқтату
- Алимент төлеу туралы келісім жасау, тоқтату және жауапкершілік
IV-тарау. Патронат
- Патронат туралы ереже
- Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт
- Патронат тәрбиелеушілер
- Патронат белгіленетін бала (балалар)
- Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу
Кіріспе
Отбасы дегеніміз - некеден, туыстақтан, балаларды асырап алудан немесе ата аналардың қамқорлығынан тыс қалған балаларды орналастыру нысанынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес қатынастарды қамтитын және реттейтін пән болып табылады, яғни, отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы қатынастарын реттейтін құқық саласын айтады.
Отбасы қатынастарының оқу пәні деп - неке-отбаы қатынастарының жиынтығы. Дәлірек айтқанда отбасымүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, сондай-ақ басқа туыстар мен өзге е адамдардың арасынағы мүліктік емес және мүлікті жеке қатынастары.
Жалпы біз неке-отбасы құқығының түсінігі айтқан кезде біз оның қағиаларында айта кетуіміз керек. Себебі, неке және отбасы қатынасының қатысушылары арасындағы қатынастарды, осы заң саласының қағидаларына негізделе өз құқықтарын жүзеге асырады. Оларды атап өтсек неке-отбасы заңдары бойынша:
- еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі, ал ол дегеніміз неке және отбасы құқығының 9-бабына сәйкес: некеге тұру шарттары ол жұбайлар арасындағы ең бірінші келісім нәтижесінде пайда болатын, және жұбайлардың ары қарайғы сана сезіміне байланыты өрбитетін отбасылық қатынастар.
«Қазақстан Респуликасының неке және отбасы туралы» Конституциялық заңының 9-бабына сәйке некеге тұру шарттары:
- Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.
- Неке осы заңның 11-бабында аталған мән-жайлар болғанда қиылмайды.
Ал неке және отбасы құқығының 11-бабында неке қиюға жол берілмейтін адамдар атап көрсетілген. Олар:
- біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
- тікелей аты-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туысқандардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің, және немерелерінің), ата-анасыбір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сінілердің (аға-қарындастардың) ;
- асырап алушылар мен асырап алғандардың;
- біреуінің де болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынын сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарың арасында жол берілмейді;
- ерлі зайыптылардың отбасындағы құқықтарының тендігі. Ал ол отбасындағы ерлі зайыптылардың ажырасқаннан кейінгі мүлкінің тендей бөлінуі, баланы асырауға, оған білім беруге, жетіп өсуіне деген құқықтарының теңдігі. отбасына кімнің болса да араласуына жол бермеушілік; отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу; балаларды отбасында тәрбиелуге басымдық беру, олардың өіп жетілуі мен әл-ауқаты болуына қамқорлақ жасау; отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру; отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамаыз ету, бұл құқықтарды соттың қорғауының мүмкіндіктері; отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру қағидаларына негізделеді;
Осыдан кейін бізде неке-отбасы құқығының түсінігі пайда болады.
Қортындылап айтқана, неке-отбасы құқығы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттей отырып, отбасын нығайтуға, жәрдемдесуге тиісті адамдар тобының құқықтары мен міндеттері, отбасы тарағаннан кейінгі құқықтық салдарды қамтамасыз ететін өте кең ғылым.
- Неке және отбасы құқықтық қатынастарың реттеудегі мүліктік және мүліктік емес қатынастар рөлі.
- мүліктік қатынастар ол: ата-аналарының мүлкі, баланың мүлкі, ажырасқаннан кейін алимент төлеу,
- мүліктік емес қатынастар ол: баланың әкесі деп тану, әкеінің тегін алу, өз атын өзгерту т. с. с. құқықтарды айтуға болады.
Жалпы айтқанда, мүліктік қатынастар ол отбасы мүшелерінің арасынағы мүлікпенбайланысты қатынастары, яғни, мотериалдық қатынастар мысалы оған ерлі зайыптылардың ажырасуы кезінде бөлінетін мүліктері немесе неке уақытысында ерлі зайыптылардың неке шарты арқылы мүліктік режимдердін белгілеуі тағыда басқа тікелей мүлікпен байланысты қатынастарды жатқызуға болады. Бұл жерде айтып кететін бір жайт бар, жалпы неке және отбасы құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығымен тығыз байланысты болады. Отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік қатынастары туралы айтқанда неке және отбасы заңының 5-бабына ілтеме жасаған жөн: Неке және отбасы қатынастарына азаматтық заңдардың қолданылуы.
Осы заңның 3-бабында аталған, неке және отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық заңдар қоланылаы. Өйткені, ол неке және отбасы қатынастарының мәніне қайшы келмейді.
Неке және отбасы заңында көзделген қатынастар заңдармен және тараптардың келісімімен реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағадйда, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін неке отбасы және азаматтық заңдарың нормалары (заң ұқсатығы) қолданылаы. Аталған жағдайға заң ұқсатығын қолдану мүмкін болмаған жағдайда, неке және отбасы қатынастарының субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неке отбасы немесе азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәні адалдық, парасаталық пен әілеттілік талаптары, яғни, қағидалары, принціптері негізге алынып айқындалады.
Демек отбасы қатынастары тек неке және отбасы туралы заңдармен ғана реттеле қоймай азаматтық құқық нормаларымен реттеледі, өйткені, біріншіден, олардың ережелері мен мәні жағынан неке және отбасы туралы заңының ережелеріне қайшы келмейді, ал екіншіден отбасы қатынастарының бір түрі ретінде мүліктік қатынастар болып табылады. Жалпы отбасы мүшелерінің меншіктері бірлекен ортақ меншік болып табылады, ал оның ішіндегі ерлі зайыптылардың ортақ меншігі. Бірлескен меншікке қатысушыларың әр қайсысы оны билік етуге байланысты мәмілелер жасауға құқылы. Бірлескен меншіктегі қатысушылардың үлесі тең еп есептеледі. Бірлескен ортақ меншіктегі үлесті бөлу немесе одан бөліп шығару үлесті ортақ меншіктегі тәртіптей болады. Ортақ меншіктегі үлестен несие беруші өндіріп алуға құқылы. Ерлі зайыптылардың некеге тұрған кезде жинаған мүлкі ортақ бірлескен меншік болып табылады. Олар неке шартында мүлікті үлесті немесе әр қайсысының бөлек меншігі болады деп белгілеуге құқылы. әр қайсысының некеге дейінгі жинаған мүлкі бөлек меншікке жатады. Жұбайлардың біреуі неке уақытысында сиға алған немесе мұрадын алған және ортақ қаражатқа алынсада жеке пайаланудағы заттар бөлек меншік болып табылады. пайдаланудағы заттар бөлек меншік болып табылады. Жеке пайдалануындағы заттарға, мысалы, аяқ киімдері, қол жүктері, киімдері және тағы басқа жұбайлардың жеке пайдалануындағы заттары жатады. Бірақ мұндай мүлікке неке кезінде мүліктің құнын өсіретіндей қаражатттар енгізілсе бірлескен ортақ меншікке жатқызылуы мүмкін. Ортақ мүліктен өндіріп алу ерлі зайыптылардың екеуі де міндеттемеде тарапқа жатуының немесе жатпауына байланысты шешіледі.
Жеке мүліктік қатынастарға мысал ретінде, жұбайлардың ажырасқаннан кейінгі туындайтын алимент төлеуді айтып кетсе болады.
Ата аналардың кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға міндетті, кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі нысанын ата аналар дербес айқындайды .
Ата аналар өз балаларын асырап бағуға, алимент төлеуге, келісім жасауға құқылы.
Егер ата анасы кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуына алмаса, кәмелетке толмаған баларды асыпа бауға арналған қаражат / алимент/ ата аналардан немесе олардың бірінен сот тәртібімен өндіріп алынады.
Міне осы жерде отбасы таралып кетсе де ата аналар мен баланың расаындағы мүліктік қатынас узіліп қалған жоқ.
Ата аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап бағуға алынбағанда және сотқа талап арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы органдар кәмелетке толмаған балаларға олардың ата анасына, біреуінен алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы, яғни, ата аналары мүліктік қатынастан қашқақтаса да бәрібір сот тәртібімен осы материалдық өтемақыларды өндіріп алуға болады.
Қазақстан республикасының Неке және отбасы Кодексінің 125 бабына сай кәмелетке толмаған балалаларды асырап бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері ;
1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата аналарынан алиментті ай сайын мынандай мөлшерде;
бір балаға - ата насы табысының және өзге де кірісінің - ¼;
екі балаға - 1/3;
үш және одан да көп балаға - тең жатртысын өндіріп алынады;
2. Бұл үлестердің мөлшереін сот тарапынан материалдық немесе отбасылық жағдайларына байланысты немесе назар аударарлық басқа жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін;
Ал осы заңның 129 - бабаына сәйкес еңбеккке жарамасыз кәмелетке толған балаларын асырап бағуға / алимент төлеуге/ міндетті;
2. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелтке толмаған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетін кезде қолданып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынаында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа мүдделерін ескере отырып белгілейді.
Ал Неке және Отбасы құқығының 34 бабында мүліктік қатынастар туралы, ерлі зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады.
1. Некеге тұрғанға дейін ерлі зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлкі.
2. Ерлі зайыптылардың некеге тұрған кезеңдегі сыйлыққа, мұрагерлік тәртіппен немесе өзге де мәйілі жасау бойынша тегін алған мүлік;
3. Қымбат заттар мен басқа да сән салтанат заттарын қоспағанда, некеге тұрған кезеңде ерлі зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да жекек пайдалану заттары / киім кешек, аяқ киім және басқалары /
Отбасы мүшелерінің арасындағы пайда болатын қатынастардың тағы да бір түрі - ол жеке мүліктік емес қатынастар болып табылады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екі түрі бар;
- Мүлікпен байланысты жекемүліктік емес қатынастар
- Мүлікпен байланысты емес жекемүліктік емес қатынастар
Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға, мысалы, жұбайлардың ойындағы, кейін материалдық игілікке айналатын идеяны айтуға болады.
Ол авторлық құқықпен байланысты, яғни, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар әлі туындыға айналмаған идеялар.
Мүлікпен байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарға отбасы мүшелерінің ар намысы, қадір қасиеті, беделі тағы басқа мүдделерді қамтиды.
Бұл қатынастар ешқандай жағдайда мүлікпен немесе өзге материалды игіліктермен, заттармен ешқандай байланысы болмайды. Мұндағы негізгі идея - ол отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, олардың жеке өміріне және отбасылық өмірлеріне қол сұғынбаушылық.
Жалпы алғанда баланың тегін алуы, немесе оны ауыстыру, әке атану осы материалдық емес игіліктердің барлығы отбасы қатынастарындағы мүліктік емес игіліктер.
- Құқық салалары жүйесіндегі неке және отбасы құқығының алатын орны .
Құқық салаларының ішінде неке отбасы құқығының алатын орны ерекше, себебі, Қазақстан Рес-ң Конституциясында Мемлекеттің ең басты байлығы - адам және оның өмірі делінсе, сол адамды тәрбиелеудегі жанұяның ролі Мемлекет үшін өте зор. Ал осы жанұяның арасындағы қатынастарды реттейтін, олардың қатысушыларының құқықтар мен міндеттерін белгілейтін ол неке және отбасы құқығы. Неке отбасы құқығы Азаматтық Кодекс пен, Азаматтық іс жүргізу Кодексімен, « ҚР ның Азаматтығы туралы» заңмен, « Патронат туралы » үкіметтің қаулысымен, « Нотариат туралы»» ҚР ның Заңымен, « Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР ның заңымен, « Білім туралы» ҚР ның заңымен, Азаматттық, Отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрету туралы 1993 жылғы Конвенциямен, шет елден алимент өндіріп алу туралы Конвенциямен қорғалады.
Егер біз, отбасын алып ондағы баланың құқықтарын бұзсақ онда мемлекеттік органдармен «балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі» Нью Йоркта қабылданған халықаралық шарт күшіне еніп ол тиісті түрде қолданылады.
Егер ата ананың біреуі тиісінше міндетті алимент төлеуден жалтарып шет елге қашып кетсе, онда « шет елден алимент өдіріп алу туралы» Конвенция күшіне еніп, осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер алимент төлеуден жалтарушыдан өз елінде алимент өндіріп беруге міндетті. Бірақ, кей жағдайларда, конвенцияның өзімен ата аналардың алимент төлеуден босататын жағдайлар да бар.
Алимент төлеуден босату ҚР ның Неке және отбасы Кодексінің 162 бабында белгіленген. Онда;
1. Егер алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленген нен кейін тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот кез келген тааптың өтініші бойынша белгіленген алимент мөлшерін өзгерту немесе алимент төлеуге міндетті адамды оны төлеуден босатуға құқылы;
2. Егер кәмелетке толмаған әрекет қабілетті адам алиментті төлеуге міндетті адамға атысты қасақана қылмыс жасағаны немсе кәмелетке толған адам отбасныда лайықсыз мінез құлық жасағаны анықталса, сот оған алимент өндіріп беруден бас тарту, а құқылы;
Егер, балаға тиесінше орта білім берілмесе, онда «білім беру туралы» ҚР ның заңы күшіне еніп, ата аналар жауаптылыққа тартылады. Ол туралы неке отбасы құқығында былай делінген; Ата аналардың балаларды тәбиелеуге және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері;
1. Ата аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауныа міндетті;
2. Ата аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті;
3. Ата аналар басқа жақтардан қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығ бар;
4. Бала тәрбиелеуші ата аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіншіліктерінің шегінде балаға дене, психикалық, адамгершілік, ухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады;
5. ата аналары баланың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Міне осылайша құқық салалары жүйесінде неке отбсаы құқығы орын тапты. Себебі, қандай да құқық саласы болмасын оның барлығы тікелей немесе жанама болса да неке отбасы құқығымен байланысы болады.
II Тарау Неке шарты ұғымы мен мазмұны.
2. 1. Некеге тұру шарттары;
Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы. Сондықтан мемлекет отбасына ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын оған заңсыз араласуына жол бемейді.
Демек, мемлект те адамдарға, некелі болып өмір құрған отбасына, белгілі мөлшерде талап та қояды. Талаптар қоя отырып, мемлекет некелілерге, отбасына қамқорлық көрсетуге міндеттенеді. Бұл талаптар тегіннен тегін емес, ол азаматттардың ( жеткен жетістігі мен есеюіне және т, б, ) қоғамның (жақсы отбасы - игіліктің негізі) қамы үшін қойылады. Сондықтан отбасын құру үшін заңда қаралған жағдайлар жасалуы керек. Некелік жас ерлер үшін - 18 жас, әйелдер үшін 17 жас болып белгіленген. Кейбір жағдайларда әйелдер үшін некелік жас бір жылға қысқартылуы мүмкін. Некелік жасты бір жылға қысқарту үшін некеге тұруға ниеттенген қыз өтінішті өзі жазуы керек. Мұндай өтінішті қызбен келісе отырып, оның ата анасы немесе асырап алған басқа да туысы жазуына болады. Некелік жастың бір жылға кемітілуі туралы мәселені жергілікті әкімшілік шешеді. Әдетте, некелілікке қабілеттік адамның 18 жасынан басталады деп танылған / адамдар бұл құқығын өз еркінше шешіп, өз ісіне өзі жауап береді/ Еегр некеге тұру 17 жасқа толмайынша рұқсат етілмесе, 18 жасқа толғанда бұл мәселе толығынан шешілетіні белгілі. Мұның өзі, атап айтқанда, ерлі зайыптылардың бала тәрбиелеудегі тең құқығын, мүліктерді пайдалану, тағы басқа отбасы өміріндегі тең құқықтық міндеттер мен мәселелерді шешіп, айқындау үшін де қажет.
Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісім мен олардың неке жасына жетуі қажет. Неке осы Заңның 11 бабында аталған мән жайлар болған жағдайда қиылмайды
Неке жасы .
Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеуорны бойынша азаматтық хал актілерін жазу оргадары неке жасын 2 жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
Неке жасын төмендету туралы өтінішті некегк тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата аналары, не қорғаншылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.
Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата аналарының не қорғаншыларынының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Араларын да неке қиылуына жол берілмейтін адамдар.
Некеге тұруға;
1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
2) тікелей ата тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың / ата аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің/ ата анасы бір және ата анасы бөлек әкесі немес анасы ортақ ағалы інілер мен апалы сіңлілердің/аға қарындастардың/
3) асырап алушылар мен асырап алғандардың;
4) біреуінболса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің саладарына сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.
Некеге тұратын адамдарды медициналық тексеру;
Некеге тұруға тілек білдіруші адамдарға медициналық, сондай ақ медициналық генетикалық мәселелер және реродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультация беру ментексеруді мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері және некег тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді.
Неке тұратын адамдарды тексерудің нәитжелері медициналық құпия болып табылады жәнеол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мумкін.
Некеге тұру тәртібі
Некег тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады.
Некег тұруға ниет білдірген адамдардың біреу азаматттық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін.
Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді. Некені қию некеге тұруға ниет білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәләлді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.
Ерекше мән жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне қауіп төнуі және т. б. мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz