ЖШС «Қарамай Продактс»дағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. ЖШС «Қарамай Продактс»дағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының

Ұйымдастырылуы

1. 1 ЖШС «Қарамай Продактс»ның есеп саясаты

1. 2 ЖШС «Қарамай Продактс»ның бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының

ұйымдастырылуы

2. ЖШС «Қарамай Продактс»ның ағымдағы активтерін талдаудың маңызы және әдістері

2. 1 ЖШС «Қарамай Продактс»ның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты

2. 2 ЖШС «Қарамай Продактс»ның ағымдағы активтерін талдаудың ақпараттық негіздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы ЖШС «Қарамай Продактс»дарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірбиесінде түбегейлі өзгерістер болды.

Бухгалтерлік есеп стандарттары мен ЖШС «Қарамай Продактс»дардың қаржы-шарушылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.

Есеп тіркемелерінде шарушалық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтынығын тәжірбие көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, ЖШС «Қарамай Продактс»да қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алаып, соны басшылыққа ұсыну керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейді.

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілі салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық ЖШС «Қарамай Продактс»ның мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себптерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік менші жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушлық тәртіп, ұқыптылық және үнемдлікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзге ше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. ЖШС «Қарамай Продактс» мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелуі үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспан үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.

1. ЖШС «Қарамай Продактс»-дағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы

1. 1. ЖШС «Қарамай Продактс»-ның есеп саясаты

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша ЖШС «Қарамай Продактс»ның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргзу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шарушалық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен бухгалтерлік есеп принциптерінде ЖШС «Қарамай Продактс» өзінің есеп саясатын құру барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігін көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

  • бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
  • бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
  • алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
  • ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
  • актив пен міндеттемелер түгендеуін өткізу тәртібі;
  • актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
  • құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
  • шарушалық операцияларды бақылау тәртібі;
  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

ЖШС «Қарамай Продактс»ның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.

Ұйымның есеп саясатын таңдау мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:

  • меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа) ;
  • салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа) ;
  • қызметінің көлемі, жұмысшылар мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
  • салық салу жүйесімен арақатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа) ;
  • қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері) ;
  • ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша) ;
  • материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргатехника жабдықтарымен қамтамасыз етілуі, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар) ;
  • ЖШС «Қарамай Продактс»дағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;

Кез-келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болуы қажет.

Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.

Толықтылық. ЖШС «Қарамай Продактс»ның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

Уақыттылық. ЖШС «Қарамай Продактс»ның шарушалық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілімейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз етуі керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік бар болатын кірістер алынады.

Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері - әр айдың соңғы календарлық күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетиклақ есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

Орындылық. ЖШС «Қарамай Продактс»ның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

ЖШС «Қарамай Продактс»ның есеп саясаты сол ЖШС «Қарамай Продактс»да қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтарының барлығын қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация есепту әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгігі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.

  • негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
  • Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары;
  • Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу әдістері;
  • өндіріс шығындарын және оларды объектілер арасында тарату әдісі;
  • Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;
  • Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары;
  • Материалдық қорларды бағалау әдістері;
  • Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру;
  • Курстық айырманы есептеу;
  • Тағы да басқалар.

Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.

Өндірістік технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдың ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты ЖШС «Қарамай Продактс»дар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:

  • нормативтік әдіс;
  • өндірістік өңдеу сатысы;
  • тасырыстық әдіс.

1. 2. ЖШС «Қарамай Продактс»ның бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін ЖШС «Қарамай Продактс»да күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалетрілк есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп ЖШС «Қарамай Продактс»дар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.

Жалпы ЖШС «Қарамай Продактс»дағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қоланың қойылуы (қажет болған жағдайда ЖШС «Қарамай Продактс» мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалетрлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта ЖШС «Қарамай Продактс» бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

Құжат ЖШС «Қарамай Продактс»дағы орандалған шарушалық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашық көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Бухгалтерлік құжат - ЖШС «Қарамай Продактс»дағы шарушалық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.

Орындалған шарушалық операцияларын бастапқы құжатқа түсірду бухгалетрлік есеп териясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.

ЖШС «Қарамай Продактс»да жүргізілетін шарушалық құбылыстарының әр түрлі болсы себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемлер (реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалетрлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.

Міндетті деректемеге (реквизитке) жататындар:

  • құжаттың аты, нысанның қоды;
  • құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы) ;
  • құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
  • шарушалық операциясының мазмұны;
  • шаруашылық оперциясының өлшемі (натуралдық немесе ақшалай) ;
  • шаруашылық оперцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
  • жауапты атқарушының қолы.

Қосымша деректемелер шаруашылқ операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әртүрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келісілгендей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмірі, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырсу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негізі болатын құжаттар және тағы басқалар.

Құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:

  1. ауылшарушалық өнімі мен шикізаты
  2. еңбек және еңбекақы;
  3. негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
  4. материалдар;
  5. кем бағалы және тез тозғыш заттар;
  6. капиталдық құрылыстағы жұмыс;
  7. құрылыс машианалары мен механизмдердің жұмысы;
  8. автокөліктегі жұмыс;
  9. түгендеу нәтижелері;
  10. кассалық операциялар;
  11. сауда операциялары.

Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалу барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат ЖШС «Қарамай Продактс» меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады және ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.

Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикты қаламсаппен, жазба машинасымен (компьютермен) және де басқа олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетулі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. ЖШС «Қарамай Продактс»дар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.

Ақша операциялары бойынша толтырылатын құжаттар және есеп айырсу құжаттары, сонымен қатар ЖШС «Қарамай Продактс»ның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз болып саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысанда ЖШС «Қарамай Продактс» басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар ЖШС «Қарамай Продактс» басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті ЖШС «Қарамай Продактс»ның басшысы өз мойнына алады.

Алғашқы (бастапқы) құжаттарды толтырғанда жасалаған қателерді келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тесті не соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа түзету енгізілген жазылып және уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп құжат толтырушы өз қолын қояды.

Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру қажет.

Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың басқадай түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіп қолдарын қояды.

Есептеу үрдісінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі: мақсаты бойынша, құрастырылған орнына байланысты, көрсету тәсілі және операция мазмұнының көлемі бойынша

Мақсаты бойыша құжаттар үкімдік, атқарушылық, бухгалетрлік толтыру және құрамдастырылған болып бөлінеді.

Үкім құжатында - шарушалық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы, жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық, тауарларды алуға берілген сенімхат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек. Үкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді, себебі шарушалық операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.

Атқарушылық құжаттар - шарушалық операциялардың орындалғанын көрсетеді. Бұл құжаттарға - тауарлық-материалдық қорларды алу үшін толтырылған жүкқұжат, кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтті толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Сонымен бірге орындалған оперцияларды бухгалтерлік есепшотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.

Бухгалтерлік толтырылған құжаттар - ұйымның бухгалтериясы жасаған әртүрлі анықтамалар, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын ЖШС «Қарамай Продактс»ның бухгалтері толтырған есеп айырысулар. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, әлеуметтік сақтандыру аударымдары, еңбекақы төлемдері және тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.

Біріктірілген құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы: кассирге орындауға берілген кассалық шығыс ету ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе, кассир ақшаны алушыға бергенен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы, ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады.

Толтыратын орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкі құжаттар дегеніміз - белгілі бір ЖШС «Қарамай Продактс»да толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады. Құжаттардың мұндай түрі арқылы қандайда бір ЖШС «Қарамай Продактс»ның ішкі операциялары құжатталады. Ондай құжаттардың қатарына тауар-материалдық құндылықтардың ішкі қозғалыс барысында толтырылатын жүкқұжаттарды, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеуге арналған төлем тізімдемелерін, есеп айырысуға тиісті тұлғаларға толтырылатын аванстық есептерді және тағы да басқа құжаттарды жатқызуға болады.

Сырттық құжаттарға - ЖШС «Қарамай Продактс»ға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз. Олардың қатарына жабдықтаушы ЖШС «Қарамай Продактс»дардан келіп түскен тауарлық-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот-фактураларды, сенімхаттарды және де тағы да басқа құжаттарды жатқызуға болады.

Операцияның көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды алғашқы құжаттар және жиынтық құжаттар деп бөліп қарастырылады.

Алғашқы құжаттардың өзі олардың толтырылатын операцияларының мазмұнына қарай бір рет қолданылатын және жинақталған деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Бір рет қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталады немесе ондай құжат орындалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы: тауарды босату үшін толтырылатын накладнойлар.

Жинақталған құжаттарда белгілі бір мерзім аралығында орындалған біртектес операциялар жазылады. Мысал: Акционерлік қоғамнан бір күнде бостылған өнімге толтырылатын зоборлық карта.

Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды: нормативті-құқықтық, ұйымдастырушылық-өкімгерлік, ақпараты-анықтамалық, есеп айырысу ақша құжаттары және басқа да алғашқы есептік құжаттар. Олар ұйымның шарушалық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы құжат айналымының ұйымдастыруын байланысты. ЖШС «Қарамай Продактс»дар мен ұйымдарда құжаттар бірнеше кезеңнен өтеді. Олар: жасалу немесе толтырылу, есепке алыну, тексерілу немесе өңделу, бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау, мұрағатқа өткізу және тағы да басқа кезеңдер.

6-тарау. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

Күні
Проводка нөмірі
Мәтіні
Айналым сомасы

Касса

шоты

Есеп айырысу шоты
Дебиторлық борыш шоты
Күні:
Проводка нөмірі:
Мәтіні:
Айналым сомасы:
Кассашоты: Д-т
Есеп айырысу шоты: К-т
Дебиторлық борыш шоты: Д-т
К-т
Д-т
К-т
Күні:
Проводка нөмірі:
Мәтіні: 1 қаңтардағы қалдық
Айналым сомасы:
Кассашоты: 25000
Есеп айырысу шоты:
Дебиторлық борыш шоты: 50 000
7000
Күні: 3. 01
Проводка нөмірі: 1
Мәтіні: 1 кіріс ордері
Айналым сомасы: 10 000
Кассашоты:
Есеп айырысу шоты:
Дебиторлық борыш шоты:
Күні: 5. 01
Проводка нөмірі: 2
Мәтіні: 5 төлем тапсырмасы
Айналым сомасы: 5000
Кассашоты:
Есеп айырысу шоты:
Дебиторлық борыш шоты: 5000
5000
Күні:
Проводка нөмірі:
Мәтіні: Қаңтар айындағы айналым
Айналым сомасы: 15 000
Кассашоты: 1000
Есеп айырысу шоты:
Дебиторлық борыш шоты: 5000
5000
Күні:
Проводка нөмірі:
Мәтіні: 1-ақпанға қалдық
Айналым сомасы:
Кассашоты: 35000
Есеп айырысу шоты:
Дебиторлық борыш шоты: 45000
2000

Бас журналдың бұлай құрылуы оған жазылған жазуды көзге көрнекті болып және оған шолуды жеңілдетеді. Журналда шығарылған қалдықтар синтетикалық шотар бойынша дайын айналым тізімдемесі бола алады да, бөлек айналым тізімдемесін жасауды қажет етпейді. Бас журналда алғашқы және соңғы қалдық шығарылып отырылады, сондықтан да кез-келген уақытта бас журналдың негізінде баланс жасауға болады. Бас журналды жүргізгенде бөлек немесе біртектес алғашқы құжаттар негізінде мемориалдық-ордерлер жасалады.

Журналда жазбалар мемориалдық ордерлердің нөмірлері мен күнін, корреспонденцяланушы шоттардың кодтарын, жеке және жалпы сомаларды көрсетумен бірге дебит және кредит бойынша жүргізіледі. Содан кейін әрбір шот бойынша бір айдағы айналым есептеліп, соңғы сальдо анықталады. Бас кітаптың көрсеткіштері негізінде синтетикалық шоттар бойынша бухгалтерлік баланс құру үшін қолданылатын айналым тізімдемесі толтырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық субъектілерде бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру
Өнірістік жұмысшылардың еңбекақысы
Шағын ұйымда есепті ұйымдастыру мен негізгі экономикалық көрсеткіштері
Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде негізгі құралдардың есебі мен ішкі аудитін ұйымдастыру және оның жетілдіру жолдарын
Аудиторлық жұмыстың сапасын бақылау
Есепке алу әдістемесі
Еңбекақы есебі мен экономикалық көрсеткіштері және Бұлақ-Астық шаруашылығына кеткен шығын есебін талдау
Мекеменің қаржы жағдайына бағалау көрсеткіштерін топтастыру
Қазақтелеком АҚ-ң Астанателеком ҚТО-дағы бухгалтерия құрылымы
Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz