Қазақстан мен Украина қазіргі таңдағы дипломатиялық қатынастары



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 тарау. Қазақстан мен Украина ынтымақтастығы ... ... ... ... ... .
1.1.Қазақстан мен Украина делегацияларының келіссөздері ... ... ..
1.2.Украина мен Қазақстан Республикасының
экономикалық ынтымақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 тарау. Қазақстан мен Украина қазіргі таңдағы дипломатиялық қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.Бүгінгі таңдағы екі ел арасындағы аймақтық
проблемаларды талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Қазақстан және интеграциялық процестер Біртұтас
экономикалық кеңістік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3.Украина мен Қазақстан арасындағы визалық режимі ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиетттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Қазақстан-Украина байланыстарының негіздері Президент Н.Назарбаевтың Украинаға (1994, 1999, және 2000 ж.ж.) және Президент Л.Кучманың Қазақстанға (1995,1997,1998 ж.ж.) жоғары деңгейдегі сапарлары барысында қаланды. Екі жақты қатынастарда:
 достық пен ынтымақтастық туралы шарт
 еркін сауда-саттық туралы келісім
 инвестицияларды көтермелеу
 өзара қорғау туралы келісім
 ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім
 сыртқы саяси консультациялар туралы келісім.
Жалпы алғанда, Қазақстан мен Украина арасында ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы келісілген іс-қимылды көздейтін 50-ден астам құжаттар жасалды.
Өзара сауда айналысын ынталандыруда Украина Президенті Л.Кучманың 1995 жылғы қыркүйекте Қазақстанға сапары барысында қол қойылған, Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және дамыту туралы келісім үлкен рөл ойнады. Мемлекеттер басшыларының шешімімен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құрылды. Осы органға отын-энергетика, тау-кен – металлургия кешендері, химия өнеркәсібі, машина жасау, агро-өнеркәсіптік кешен, көлік және коммуникация сияқты салаларда экономикалық интеграцияның негізгі принциптері мен бағыттарын әзірлеу міндеті жүктелді. Комиссия шеңберінде тараптар электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі мен машина- жасау саласындағы ынтымақтастық үшін жағдай туғызу, тамақ және жеңіл өнеркәсіп тауарларының, дәрі – дәрмектер мен медициналық жабдықтардың, ауыл шаруашылығының және басқа да өнімдердің өзара жеткізілімі туралы уағдаласты.
Мемлекеттердің өзара ынтымақтастығында сауда-экономикалық байланыстар басты рөл атқарады. Бұған соңғы жылдары мемлекет басшыларының жоғары деңгейде өткен кездесулері негіз болғанын атап өткен жөн. Мысалы, 2005 жылдың мамырында Украина Президенті Виктор Ющенко Қазақстанға ресми сапармен келген еді. Сапар барысында мемлекет басшылары Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар, сапар кезінде құпия ақпараттарды өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге, жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы, тағы басқа да келісімдерге қол қойылды.
Қазақстан мен Украина арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жағдайы мен перспективаларын кең көлемде талқылады. Оның ішінде көлік және коммуникация, отын-энергетика, агроөнеркәсіп кешені, аэроғарыш қызметі, әскери-техникалық және гуманитарлық салаларға байланысты мәселелер бар.
Соңғы екі-үш жыл ішінде екі елдің экономикалық байланыстарында айтарлықтай ілгері басушылық бар екені байқалып отыр. Нақты мәліметтерге сүйенетін болсақ, 2006 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 1441,4 миллион долларды құрады. Ал 2005 жылы елдер арасындағы өзара тауар айналымы 1045 миллион доллар шамасында болды.
Қазақстан-Украина қатынастарында көлік-транзиттік ынтымақтастық басым бағыттардың бірі болып табылады. Өйткені, Қазақстанның мұнайы мен газын Достық және Адрия мұнай құбырлары арқылы Еуропа рыногына тасымалдауда Одесса-Броды жобасының келешегі зор. Бүгінде Қазақстан мұнайы Одесса порты арқылы экспортқа шығарылып жатыр. Сондай-ақ қазақстандық “қара алтын” Украинаның мұнай өңдеу зауыттарына да жеткізілуде. Екі ел алдында енді осы саладағы байланыстарды кеңейту міндеті тұр. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 2005 жылдың 30 мамырында “ҚазМұнайГаз” бен “Нафтогаз Украины” және 2005 жылғы 7 қарашада “ҚазМұнайГаз” бен “Укртранснафта” компаниялары арасында келісімдерге қол қойылған болатын.
Елдердің көлік және коммуникация салаларындағы ынтымақтастығына келсек, бүгінде Қазақстан мен Украинаның бірқатар қалаларына тіке қатынайтын авиарейстер қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар, “Қазақстан темір жолы” мен “Укрзализницы” (Украина темір жолы) компаниялары Ақтау теңіз порты терминалы паромдарын пайдалана отырып, ТРАСЕКА халықаралық көлік дәлізімен жүк тасымалдау ынтымақтастығын жүзеге асыруда. Қазақстан соңғы жылдары жақын шет елдер рыногында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды белсенді түрде жүргізе бастағаны белгілі. Оның ішінде, әрине, Украина да бар. Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, өткен жылдың бірінші жарты жылдығында біздің еліміздің Украина экономикасына салған инвестициясы 70,4 миллион долларды құраған. Оның 3,9 миллион доллары тіке инвестиция.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – Украина мен Қазақстан Республикалары арасындағы саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік және дипломатиялық қарым-қатынастардың дамуы мен аймақтағы қауіпсіздікті сақтау мен оларды шешу болып табылады.
Менің курстық жұмысымның өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Украина елдерінің аймақтағы қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы құрылған бірнеше халықаралық ұйымдармен байланысы бар. Сондықтан да халықаралық ұйымдар арқылы өңірдегі көлік және коммуникация, мәдени, ғарыштық даму бағдарламаларының құруымен, сонымен қатар, энергетикалық проблемаларды шешу, экологиялық мәселер және тағы да басқа мәселелермен қамтылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қ.Тоқаев.Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы,2002.79 б.
2. С.Абдулпаттаев. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Алматы,2005.49 б.
3. Н.Назарбаев. Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы.Астана «Елорда» 2005. 14 б.
4. С.Абдулпаттаев.Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары. Алматы «Қарасай»2006. 125 б.
5. Токаев К. Организация обьединенных Нации: полвека служения миру. Алматы, 1995. С. 175
6. Егемен Қазақстан, 2005,4-наурыз. 7-8 б. Авторы: Әлисұлтан Құланбай. Қазақстанның украинадағы жылы – түрлі салалардағы қарым-қатынастардың қозғаушысы
7. Иватова Л.М. Проблема международной безопасности в политике Республики Казахстан / Центральная Азия и Казахстан в фокусе современных международных отношений. Алматы., 2001, С 79.
8. Егемен Қазақстан, 2005, 19 ақпан. Белесті жылдағы берекелі істер авторы: Махмұт Қасымбеков, Қазақстан Республикасы президенті кеңсесінің бастығы.
9. Fuller G.E. Central Asia. The New Geopolitics. – Santa Monica: Rand Corporation,1992 24 p.
10. Егемен Қазақстан, 2007, 9 ақпан. Қазақстан мен Украина:қарым-қатынастардың жаңаша серпіні. 2-4 б. Автор:Қуандық Оразбекұлы
11. Сергеев Н. Центральная Азия: к новой модели сотрудничества // Казахстанская правда. 2005. 23 февраля.С. 65
12. Егемен Қазақстан, 2006, 22 наурыз. Алдағы жылдарға арналған стратегия бекiтiлдi. Автор:Қуандық Оразбекұлы. 8 б.
13. Торкунов А.В., Современные международные отношения. – М., 1999. 15 б.
14. Гаджиев К. С. Введение в геополитику. - М., 1997. С.19
15. Цыганков П. А. Международные отношения. - М., 1996. С 189.
16. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2006. 125 б.
17. Егемен Қазақстан, 2004, 16-қыркүйек. Қазақстан мен Украина басшыларының кездесуі. А.Сенсалин.
18. . «Қоғам және Дәуір», 2006/№1. Екi елдiң жетекшi саяси күштерi кездестi. Автор: Бекхожаұлы С.У
19. «Қоғам және Дәуір» журналының 2004 жылғы №4.Делегацияның кездесулері.Автор: Бекхожаұлы С.У
20. Қазақсан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ - www.kisi.kz
Интернет желісінен алынған ақпараттар:
1. http://www.religionscongress.org/
2. http://www.embassy.kz

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 тарау. Қазақстан мен Украина ынтымақтастығы ... ... ... ... ... .
1.1.Қазақстан мен Украина делегацияларының келіссөздері ... ... ..
1.2.Украина мен Қазақстан Республикасының
экономикалық
ынтымақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 тарау. Қазақстан мен Украина қазіргі таңдағы дипломатиялық
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
2.1.Бүгінгі таңдағы екі ел арасындағы аймақтық
проблемаларды
талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Қазақстан және интеграциялық процестер Біртұтас
экономикалық
кеңістік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.3.Украина мен Қазақстан арасындағы визалық режимі ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған
әдебиетттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Қазақстан-Украина байланыстарының негіздері Президент
Н.Назарбаевтың Украинаға (1994, 1999, және 2000 ж.ж.) және Президент
Л.Кучманың Қазақстанға (1995,1997,1998 ж.ж.) жоғары деңгейдегі сапарлары
барысында қаланды. Екі жақты қатынастарда:
✓ достық пен ынтымақтастық туралы шарт
✓ еркін сауда-саттық туралы келісім
✓ инвестицияларды көтермелеу
✓ өзара қорғау туралы келісім
✓ ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы
ынтымақтастық туралы келісім
✓ сыртқы саяси консультациялар туралы келісім.
Жалпы алғанда, Қазақстан мен Украина арасында ынтымақтастықтың
түрлі салаларындағы келісілген іс-қимылды көздейтін 50-ден астам
құжаттар жасалды.
Өзара сауда айналысын ынталандыруда Украина Президенті
Л.Кучманың 1995 жылғы қыркүйекте Қазақстанға сапары барысында қол
қойылған, Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және дамыту
туралы келісім үлкен рөл ойнады. Мемлекеттер басшыларының
шешімімен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық
комиссия құрылды. Осы органға отын-энергетика, тау-кен – металлургия
кешендері, химия өнеркәсібі, машина жасау, агро-өнеркәсіптік кешен,
көлік және коммуникация сияқты салаларда экономикалық
интеграцияның негізгі принциптері мен бағыттарын әзірлеу міндеті
жүктелді. Комиссия шеңберінде тараптар электр энергетикасы, көмір
өнеркәсібі мен машина- жасау саласындағы ынтымақтастық үшін
жағдай туғызу, тамақ және жеңіл өнеркәсіп тауарларының, дәрі –
дәрмектер мен медициналық жабдықтардың, ауыл шаруашылығының және
басқа да өнімдердің өзара жеткізілімі туралы уағдаласты.
Мемлекеттердің өзара ынтымақтастығында сауда-экономикалық байланыстар
басты рөл атқарады. Бұған соңғы жылдары мемлекет басшыларының жоғары
деңгейде өткен кездесулері негіз болғанын атап өткен жөн. Мысалы, 2005
жылдың мамырында Украина Президенті Виктор Ющенко Қазақстанға ресми
сапармен келген еді. Сапар барысында мемлекет басшылары Бірлескен
мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар, сапар кезінде құпия ақпараттарды
өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге, жастар саясаты саласындағы
ынтымақтастық туралы, тағы басқа да келісімдерге қол қойылды.
Қазақстан мен Украина арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың
жағдайы мен перспективаларын кең көлемде талқылады. Оның ішінде көлік және
коммуникация, отын-энергетика, агроөнеркәсіп кешені, аэроғарыш қызметі,
әскери-техникалық және гуманитарлық салаларға байланысты мәселелер бар.
Соңғы екі-үш жыл ішінде екі елдің экономикалық байланыстарында
айтарлықтай ілгері басушылық бар екені байқалып отыр. Нақты мәліметтерге
сүйенетін болсақ, 2006 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан мен Украина
арасындағы тауар айналымы 1441,4 миллион долларды құрады. Ал 2005 жылы
елдер арасындағы өзара тауар айналымы 1045 миллион доллар шамасында болды.
[1]
Қазақстан-Украина қатынастарында көлік-транзиттік ынтымақтастық басым
бағыттардың бірі болып табылады. Өйткені, Қазақстанның мұнайы мен газын
Достық және Адрия мұнай құбырлары арқылы Еуропа рыногына тасымалдауда
Одесса-Броды жобасының келешегі зор. Бүгінде Қазақстан мұнайы Одесса порты
арқылы экспортқа шығарылып жатыр. Сондай-ақ қазақстандық “қара алтын”
Украинаның мұнай өңдеу зауыттарына да жеткізілуде. Екі ел алдында енді осы
саладағы байланыстарды кеңейту міндеті тұр. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін
2005 жылдың 30 мамырында “ҚазМұнайГаз” бен “Нафтогаз Украины” және 2005
жылғы 7 қарашада “ҚазМұнайГаз” бен “Укртранснафта” компаниялары арасында
келісімдерге қол қойылған болатын.
Елдердің көлік және коммуникация салаларындағы ынтымақтастығына келсек,
бүгінде Қазақстан мен Украинаның бірқатар қалаларына тіке қатынайтын
авиарейстер қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар, “Қазақстан темір жолы”
мен “Укрзализницы” (Украина темір жолы) компаниялары Ақтау теңіз порты
терминалы паромдарын пайдалана отырып, ТРАСЕКА халықаралық көлік дәлізімен
жүк тасымалдау ынтымақтастығын жүзеге асыруда. Қазақстан соңғы жылдары
жақын шет елдер рыногында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды белсенді
түрде жүргізе бастағаны белгілі. Оның ішінде, әрине, Украина да бар.
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, өткен жылдың бірінші жарты
жылдығында біздің еліміздің Украина экономикасына салған инвестициясы 70,4
миллион долларды құраған. Оның 3,9 миллион доллары тіке инвестиция.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – Украина мен Қазақстан
Республикалары арасындағы саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік және
дипломатиялық қарым-қатынастардың дамуы мен аймақтағы қауіпсіздікті сақтау
мен оларды шешу болып табылады.
Менің курстық жұмысымның өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан мен
Украина елдерінің аймақтағы қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы құрылған
бірнеше халықаралық ұйымдармен байланысы бар. Сондықтан да халықаралық
ұйымдар арқылы өңірдегі көлік және коммуникация, мәдени, ғарыштық даму
бағдарламаларының құруымен, сонымен қатар, энергетикалық проблемаларды
шешу, экологиялық мәселер және тағы да басқа мәселелермен қамтылады.

1 тарау. Қазақстан мен Украина ынтымақтастығы 1.1.Қазақстан мен
Украина делегацияларының келіссөздері
Президент Л.Кучманың 1997 жылы қазандағы Қазақстанға сапары
Қазақстан-Украина қарым-қатынасын одан әрі дамытуға өзара тиімді
ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыстарын қуаттады. Президенттер ТМД
бірлестігіне тиісті даму қарқынын беру үшін осы ұйым шеңберіндегі
өзара іс-қимыл сияқты екі жақты ынтымақтастықтағы осындай
аспектіні айналып өткен жоқ. Сапар барысында төмендегідей
келісімдерге қол қойылды, олар:
✓ ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы
ынтымақтастық туралы
✓ Зенит зымыран ұшырғышының бөлінетін бөліктерінің
құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы
жер учаскесін уақытша пайдалану туралы
✓ стандарттау
✓ метеорология және сертификаттау саласындағы
✓ үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы.
Сондай-ақ, Әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы,
Әскери білім беру саласындағы, зейнетақымен қамтамасыз ету және
банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық
туралы келісімдер жасалды.
Сапар шеңберінде екі елдің үкіметтік делегацияларының
келіссөздері жүргізіледі. Еркін сауда-саттық режимінен алып
тастауларға туралы хаттамаға қол қойылды, экономикалық қылмыстарға
және қаржылық заң бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы; әскери-
техникалық саладағы ынтымақтастық туралы келісімдер жобалары
қаралды. Екі елдің тиісті ведомстволарына Қазақстаннан Украинаға
мұнай жеткізілімін ұлғайту туралы;Қазақстанның мұнай-газ секторы үшін
құрал-жабдықтар мен диаметрі үлкен құбырларды Украинадан сатып алу
туралы; астық жинау комбайндарын жасау жөнінде Қазақстанда және
Украинада бірлескен кәсіпорындар құру туралы; Сауда және
жолаушылар флотын дамыту жөніндегі Қазақстанға 140 ұшақтарын
сатып алу туралы; жағалау күзеті катерлерінің жеткізілімі туралы;
Астана инфрақұрылымын дамытуға украиндық бизнестің қатысуы туралы
мәселелерді пысықтау тапсырылды.
Обьективті және субьективті факторларға байланысты барлық
уағдаластықтардың орындалмағанын айту керек, олардың көпшілігі
бұрыңғысынша зерттелу сатысында тұр.
Дегенмен жоғары деңгейдегі Қазақстан-Украина далозагы тауар айналымы
игілікті түрде ықпал етті. 1998 жылдың қорытындысы бойынша
Қазақстанның Украинамен сауда-саттығының жалпы көлемі 523 миллион
долларды құрады, бұл негізінен энергия көздерінің (мұнай, мұнай
өнімдері) жетізілімін ұлғайту есебінен өткен жылғымен салыстырып
қарағанда 75 пайызға өсті еген сөз. Қазақстандық импорттың
құрылымында машиналар және құрал-жабдықтар, құбыр прокаты, сондай-
ақ ауыл шаруашылығы өнімдері (қант, спирт,өсімдік майы) жеңіл және
тамақ өнеркәсібі бұйымдары басым. [2]
Еркін сауда-саттық туралы келісімді Украина Парламентіні 1998 жылғы
қазанда бекітуі елдер арасындағы мүмкіндік береді деп күтілген
болатын.
1997 жылғы маусымда қол қойылған, тауарлардың экспорты мен
импорты кезінде жанама салықтарды өндіріп сауда-экономикалық
ынтымақтастық келмейді. Алайда, әзірге сауда-экономикалық
ынтымақтастықтың деңгейі екі елдің қазіргі әлеуеттік
мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Оның үстіне 2000 жылы сауда
айналымы біздің еліміз үшін оң сальдомен (170 млн.доллар) аяқталса да
біршама төмендеп, 348,5 млн. долларға түсіп кетті.
Қазақстан Президентінің 1999 жылғы Украинаға сапары барысында ҚР
мен Украина арасындағы 1999-2008 жылдарға арналған экономикалық
ынтымақтастық туралы шарт және оның бағдарламасы, Кеден ісіндегі
ынтымақтастық туралы; Қаржы министрліктері арасындағы ынтымақтастық
туралы; ҚР мен Украина Ұлттық банкілері арасындағы ынтымақтастық
туралы келісімдер сияқты маңызды құжаттарға қол қойылды.
Мұнай-газ саласындағы, агроөнеркәсіп кешеніндегі, жеңіл
өнеркәсіптегі, металлургия мен машина жасау саласындағы көмірсутегі
шикізатының ірі импортері болып табылатындықтан қазақстандық
мұнайды алуға, сондай-ақ оны Еуропаға транзит арқылы өткізуге
мүдделілік танытуда. Біздің еліміз қазірдің өзінде Украина
рыногына 3,5 млн. тоннаға жуық мұнай шығарады. Бұл мұнай көлемі
Херсон мұнай өңдеу зауытында мұнайды өңдеу көлемі ұлғайған
жағдайда елеулі түрде өсуі мүмкін. [3]
Екі жақты қарым-қатынастарда уақыт озған сайын мұнай
проблематикасы маңызды орын алуда.

1.2.Украина мен Қазақстан Республикасының экономикалық ынтымақтастығы.
Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия
шеңберінде қазақстандық мұнай-газ кен орындарын игеру жөнінде
бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігін зерттеу туралы, сервистік
қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жобалық зерттеу жұмыстарын
жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Украина Қазақстан аумағында жеке мұнай ресурстарын алуға,
біздің елімізге диаметрі үлкен құбырларды жеткізуге мүдделі. Тараптар
Украина аумағы арқылы еуропалық рыноктарға Қазақстан мұнайын
кедергісіз тасымалдау, сондай-ақ оны украиндық мұнай өңдеу
зауыттарында ұқсату туралы принципті уағдаластықтарға қол жеткізді.
Босфор бұғазы арқылы танкерлер өтуінің кейбір қиындықтарына
байланысты мұнай терминалдарын пайдалану ықтималдылығы күрт өсуі
мүмкін.
Украина Қазақстанға жоғары сапасымен және салыстырмалы түрде төмен
бағасымен ерекшеленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын
ұлғайтуға мүмкіндігі бар (қант, өсімдік майы, жүгерінің сорттық
тұқымдары). Қазақстан өз кезегінде Украинаға бидайдың қатты
сорттарын жеткізуге дайын екенін білдірді. Біздің елімізде
украиндық Лан комбайндарын шығару қолға алынды.
Көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастықтың да
перспективасы зор. Мұнай өнімдерін тасымалдау үшін лизинг шартымен
Украинаның теміржол цистерналары мен теңіз танкерлерін пайдалану
туралы келіссөздер жүргізілуде. Екі елдің үкіметтері бірқатар
басқа да жобаларды қарауы керек, олардың ішінде мыналар бар:
• Қазақстанның сауда және жолаушылар флотын дамытуға
Украина флотының қатысуы;
• Екі ел арасындағы теміржол және авиация қатынастарын
дамыту;
• Екі елдің аумқтары арөылы жүктерді өзара
тиімділікпен тасымалдау;
• Украинаның Қара және Азов теңіздеріндегі айлақтарын
тиімді пайдалану. Киев Азия рыногына шығу үшін
Қазақстанның өлік жүйесін пайдалануға ниет білдірді.
Украина мен Қазақстан металлургия және машина жасау саласында
әріптестер бола алады. Ол үшін осы салаларда ынтымақтастықтың жаңа
ұзақ мезімді бағдарламаларын жасау қажет.
Мұндай құжат Қазақстан экономикасын шиізат бағытынан түпкі
өңдетуге және шығаруға қайта бейімдеу процесінде пайдалы сөзсіз.

2 тарау. Қазақстан мен Украина қазіргі таңдағы дипломатиялық
қатынастары
2.1.Бүгінгі таңдағы екі ел арасындағы аймақтық проблемаларды талқылау
Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастар өзара түсіністік пен
сенімділік жағдайында дамып келеді. Жалпылай алғанда, екі елдің халықаралық
және аймақтық проблемаларға қатысты саяси ұстанымдары негізінен бір-біріне
жақын. Мемлекеттердің өзара ынтымақтастығында сауда-экономикалық
байланыстар басты рөл атқарады. Бұған соңғы жылдары мемлекет басшыларының
жоғары деңгейде өткен кездесулері негіз болғанын атап өткен жөн. Мысалы,
2005 жылдың мамырында Украина Президенті Виктор Ющенко Қазақстанға ресми
сапармен келген еді. Сапар барысында мемлекет басшылары Бірлескен
мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар, сапар кезінде құпия ақпараттарды
өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге, жастар саясаты саласындағы
ынтымақтастық туралы, тағы басқа да келісімдерге қол қойылды.
Арада бірнеше ай өткенде, яғни 2005 жылдың қарашасында Қазақстан
Республика­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға ресми сапары
болды. Осы сапар аясында Елбасы Украина Президентімен қатар, елдің Премьер-
министрімен де кездесті. Қазақстан Республикасының Украинаға сол сапары екі
елдің кейінгі кезде әлсіреп бара жатқан байланыстарын қайта жандандыруға
жаңаша серпін берді. Өйткені, президенттер Қазақстан мен Украина арасындағы
сауда-экономикалық қатынастардың жағдайы мен перспективаларын кең көлемде
талқылады. Оның ішінде көлік және коммуникация, отын-энергетика,
агроөнеркәсіп кешені, аэроғарыш қызметі, әскери-техникалық және
гуманитарлық салаларға байланысты мәселелер бар.
Екі елдің парламенттері арасындағы ынтымақтастық та жақсы орныққан.
Мысалы, Жоғарғы Рада депутаттары 2004 жылы Қазақстанда өткен Парламент
Мәжілісінің сайлауына халықаралық байқаушы ретінде, ал Қазақстандық
сенаторлар 2004 жылы Украина президентін сайлауға байқаушы ретінде қатысты.

Мемлекеттердің ынтымақтастығын дамытуда сауда-экономикалық
қатынастардың мәні зор. Бұл мәселеде Қазақстан мен Украина мүмкіндіктерді
толық пайдаланып отыр деп айта алмаймыз. Оған Украинада кезінде болған
саяси жағдайлар кедергі жасағаны анық. Дегенмен, соңғы екі-үш жыл ішінде
екі елдің экономикалық байланыстарында айтарлықтай ілгері басушылық бар
екені байқалып отыр. Нақты мәліметтерге сүйенетін болсақ, 2006 жылдың
қаңтар-қараша айларында Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы
1441,4 миллион долларды құрады. Ал 2005 жылы елдер арасындағы өзара тауар
айналымы 1045 миллион доллар шамасында болды.
Қазақстан-Украина қатынастарында көлік-транзиттік ынтымақтастық басым
бағыттардың бірі болып табылады. Өйткені, Қазақстанның мұнайы мен газын
Достық және Адрия мұнай құбырлары арқылы Еуропа рыногына тасымалдауда
Одесса-Броды жобасының келешегі зор. Бүгінде Қазақстан мұнайы Одесса порты
арқылы экспортқа шығарылып жатыр. Сондай-ақ қазақстандық “қара алтын”
Украинаның мұнай өңдеу зауыттарына да жеткізілуде. Екі ел алдында енді осы
саладағы байланыстарды кеңейту міндеті тұр. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін
2005 жылдың 30 мамырында “ҚазМұнайГаз” бен “Нафтогаз Украины” және 2005
жылғы 7 қарашада “ҚазМұнайГаз” бен “Укртранснафта” компаниялары арасында
келісімдерге қол қойылған болатын.
Елдердің көлік және коммуникация салаларындағы ынтымақтастығына келсек,
бүгінде Қазақстан мен Украинаның бірқатар қалаларына тіке қатынайтын
авиарейстер қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар, “Қазақстан темір жолы”
мен “Укрзализницы” (Украина темір жолы) компаниялары Ақтау теңіз порты
терминалы паромдарын пайдалана отырып, ТРАСЕКА халықаралық көлік дәлізімен
жүк тасымалдау ынтымақтастығын жүзеге асыруда. [4]
Қазақстан соңғы жылдары жақын шет елдер рыногында инвестициялық
жобаларды жүзеге асыруды белсенді түрде жүргізе бастағаны белгілі. Оның
ішінде, әрине, Украина да бар. Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметтері
бойынша, өткен жылдың бірінші жарты жылдығында біздің еліміздің Украина
экономикасына салған инвестициясы 70,4 миллион долларды құраған. Оның 3,9
миллион доллары тіке инвестиция.[5]
Қазақстанның Украина және Ресеймен ғарыштық зерттеулер саласындағы
өзара іс-қимылы да жақсы жолға қойылған.
Сондай-ақ екі ел арасында ауыл шаруашылығы салалары бойынша, дәлірек
айтқан­да, Қазақстанда машина-технологиялық стансаларын құруға қажетті
украиналық ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтарын және бірлескен
өндірістер ұйым­дастыруға бағытталған бірқатар жобалар дайындалып жатыр.
Бұған қоса, Қазақстанның қатты сортты бидайын Украина рыногына жеткізудің
перспективасы аса зор.
Мемлекеттердің мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарының көкжиегі
кең. Өйткені, кезінде екі ел осы салаларда тығыз қарым-қатынас жасап
келген. Оның үстіне, бүгінде Қазақстанда тұратын украин диаспорасының саны
баршылық, 400 мыңнан асады. Олар хал-қадерінше ел экономикасының
өркендеуіне үлестерін қосып келеді. Мәліметтерге қарағанда, 2004-2005 оқу
жылында ұлты украин 50548 оқушы мектепте оқып, білім алған. Сонымен бірге,
Астанада украин тілінде оқытатын №47 мектеп-гимназиясы бар. 146 жексенбілік
мектеп жұмыс істейді. Екі-үш жылдан бері Украина Білім және ғылым
министрлігі қазақстандық жастардың Украина жоғары оқу орындарында оқулары
үшін квота бөліп келеді. [6]
Украинадағы Қазақстан жылында өткізілетін мәдени, тағы да басқа шаралар
екі елдің ынтымақтастығын тереңдетіп, жаңа белеске көтереді деп айтуға
әбден болады. Өйткені, ондаған жылдардан бері Қазақстан мен Украина
арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар түрлі себептермен үзіліп қалған
болатын.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Украинаға ресми сапары кеше Украина Президенті Виктор Ющенкомен кездесуден
басталды. Президент резиденциясының алдында құрметті қарауыл құрмет
көрсетіп, екі елдің мемлекеттік гимндері орындалған соң Қазақстан
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина Президенті Виктор Ющенко екеуара
кездесіп, келіссөз жүргізді. Одан кейін президенттердің қатысуымен
кеңейтілген құрамда екі елдің ынтымақтастығын дамытуға бағытталған құжаттар
негізінде келіссөздер жүргізілді. Қорытындысында үш құжатқа – Қазақстан мен
Украинаның 2007-2008 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына, Қазақстан
Республикасы Үкіметі мен Украина Министрлер кабинеті арасын­дағы 2004 жылғы
1 маусымда Қазақстан мұнайын Украинаға жеткізу және Украина аумағы бойынша
тасымалдау туралы келісімге өзгерістер енгізу хаттамасына және Маңғыстау
облысы әкімдігі мен Львов облыстық мемлекеттік әкімшілігі арасындағы сауда-
экономикалық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы
ҚР посткеңестік елдермен саяси-экономикалық қарым-қатынастары (1991-2007 жж)
Қазіргі геосаясат жағдайындағы Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
Қазақстанның халықаралық жағдайының нығаюы және қарым қатынастағы ролінің артуы
Қазақстан-британ қатынастарының жалпы сипаты, даму тенденциясы мен Қазақстан Республикасы үшін маңызы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатта ден қоятын басымдылықтары
Мемлекетаралық қатынас - дипломатия
Дипломатиялық құқық
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі
Пәндер