Меншік кәсіпорындарын мемлекеттік бақылау және жекешелендіру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І Меншік кәсіпорындарына мемлекеттік бақылау жасау

1. 1. Кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау. Өрге басқан 10 жыл

1. 2 К әсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендіру

ІІ Меншік кәсіпорында мемлекеттік жекешелендіру саясатын іске асыру жөніндегі негізгі қағидаттар мен шаралар

2. 1 Меншік кәсіпорындарды мемлекеттің қарамағынан басқару

2. 2 Меншік кәсіпорындарға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі

2. 3. Меншік кәсіпорындарда мемлекеттік реттеудің міндеттері, мақсаттары және қызметтері

ІІІ. Меншік кәсіпопрындарды жекешелендірудің қаржылық аспектілері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Республикада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 620 қаулысымен Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді, онда «Қазақстан 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыруда Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдап жатқан шаралар мемлекеттік мүлікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және жетілдіруге мүмкіндік берілді деп атап көрсетілген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы экономикасының серпінді дамуы мемлекеттік активтерді басқару саясаты саласында айқындалған басымдықтарды үнемі қайта қарауды талап етеді.

Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы №620 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын және 2006 жылғы 26 сәуірдегі №169 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған Бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіментінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қалыптастырылуы мемлекеттің функциялары мен мүдделеріне негізделуге тиіс мемлекеттік мүліктің құрамын нақтылау, мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін бағалау өлшемдерін нақтылау және оны есепке алу жөнінде бірыңғай базаны қалыптастыру бүгінгі күні мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы неғұрлым өзекті міндеттер болып табылады.

Сондай-ақ, осы Бағдарламаның нысаны ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелерді, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерін (мемлекеттік активтер) басқару мәселелері болып қалады.

І Меншік кәсіпорындарына мемлекеттік бақылау жасау

1. 1. Кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау. Өрге басқан 10 жыл

Еліміздің бүкіл экономикасындағы секілді соңғы 10 жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласында да елеулі құрылымдық өзгерістер мен жетістіктер аз емес.

Саладағы бұрынғы мемлекет меншігінде болып келген шаруашылықтар мен кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендіруді жүзеге асыру барысында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасып, жетілгені белгілі. Соның нәтижесінде ел халқының 40 пайызының басын қосып отырған ең үлкен сала бірте-бірте нарықтық қатынастарға қарай ойысты. Дегенмен, осындай үлкен өзгерістерді жүзеге асыру оңайға соққан жоқ. Егістік көлемі еселеп қысқарса, мал саны бірнеше есе азайып кетті. Ауылда жұмыссыздық орын алды. Міне, осындай ауыр кезде, яғни 1997 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқымызға үміт сәулесін сепкен үлкен стратегиялық бағыт - “Қазақстан-2030” ұзақ мерзімдік даму бағдарламасын әйгілеген болатын.

Осы жылы барлық шаруашылықтардың тек 23, 4 пайызы ғана пайдамен жұмыс істеп тұрды, қалған 72, 4 пайызы шығынды шаруашылықтар еді. Сөйтіп сала жылды 27, 5 млрд. теңге шығынмен аяқтады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің несиелік борышкерлігі 121 млрд. теңгеге жетті.

Қалыптасқан жағдай мемлекет тарапынан бірқатар шаралардың қолға алынуын қажет етті. Шығынды шаруашылықтарды банкроттау үрдісі іске қосылды. Соның нәтижесінде 1998 жылы жоғарыдағы 121 млрд. теңгенің қарызы 67, 2 млрд. теңгеге дейін қысқарды.

Міне, осындай жағдайда “Қазақстан-2030” Стратегиясы ауыл шаруашылығын үлкен өзгерістерге жетеледі. Стратегияны жүзеге асыру мақсатында саланы дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы іске қосылды. “Астық туралы”, “Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы”, егіншіліктегі “Тұқым шаруашылығы туралы” заңдар өмірге келді.

Тауар өндірушілерді жаңа техникалармен жабдықтау мақсатында “ҚазАгроҚаржы” АҚ құрылып, ол шаруаларға жеңілдікті несиемен лизингке техникалар әпере бастады. Сондай-ақ “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” АҚ, “Аграрлық кредиттік корпорация” АҚ, “Мал өнімдері корпорациясы” АҚ секілді қаржылай мүмкіндігі бар ірі құрылымдар өмірге келіп, ауыл шаруашылығына мемлекет қолдауын жүзеге асыру ісіне кірісті.

Дегенмен, салада қалыптасқан жағдайды түбінен өзгерту, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін салаға мемлекет қолдауын күшейте түсу және осыған бағытталған қаржылардың тиімділігіне қол жеткізу қажет болды. Осы мақсатта Елбасының тапсырмасымен 2003-2005 жылдар Ауыл жылдары деп жарияланып, осы жылдарға арналған мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы қабылданғаны белгілі.

Осы ретте мемлекеттік қолдау мен оларды жүзеге асыру тетіктерінің негізінен ынталандырушылық мәні болғандығын айтуымыз керек. Бұл аталған секторға жеке қаржылардың келуіне жол ашты. Мәселен, бағдарламаларды жүзеге асыру барысында мемлекеттің салған 1 теңге қаржысына жеке меншіктің 5 теңге инвестициясы ере келді.

Еңбексіз отырған адамдар санын азайту, әрбір отбасының жағдайын жақсарту мақсатында 2005 жылдан бастап шағын несиелер беру қолға алынды. Екі жылдың ішінде 25 мың 624 адамға 2 миллиард 708 мың теңгенің шағын несиелері берілді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 17 қазанда жарияланған "Қазақстан-2030 Барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Жолдауында (Жолдау) жеке сектор үшiн тартымсыз болып табылатын қоғамдық қажеттiлiктер бар екендiгі айтылады. Мұндай жағдайларда және соңғы шара ретiнде осы қажеттiлiктердi қамтамасыз етудi мемлекет өз мойнына алады. Осы тезистi дамыту Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасы (Тұжырымдама) мен 2010 Стратегиясында өзiнiң қисынды жалғасын тапты.

Қазiргi уақытта қоғамдық қажеттiлiктердi орындауды қамтамасыз ету мемлекеттiк кәсiпорындар арқылы жүзеге асырылады. "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi міндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады деп белгiленген, бұдан басқа, мемлекеттiк кәсiпорындар құрылуы және жұмыс iстеуi мүмкiн қызмет салалары айқындалған.

Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін талдау көптеген кәсіпорындардың бірнеше жылдар жұмыс істемей тұрғандығын көрсетті, соңғы 3 жыл ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағы жұмыс істейтін кәсіпорындардың 40 пайызына жуығы шығынмен аяқтады.

2006 жылдың 1 қаңтарына облыстың коммуналдық меншігінде шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар саны 75 және қазыналық кәсіпорындар саны 458 құрады.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындардың негізгі құралдарының құны 5 457 млн. теңгені, қазыналық кәсіпорындарда 7036 млн. теңгені құрайды.

Жедел басқару құқығындағы 458 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың ішінен 145-і таратылуда, 8-і қызмет атқармады және 305-і жұмыс істейді.

Облысқа қарасты коммуналдық меншіктегі қазыналық кәсіпорындар бойынша 136-ы жұмыс істейді, Шымкент қаласында - 52, Мақтаарал ауданында - 18, Төлеби ауданында - 14, Ордабасы ауданында - 13, қалған аудандарда 4-тен 10-ға дейін. Қалалар мен аудандарда қазыналық кәсіпорындар негізінен білім беру саласында (бала бақшалар, саз мектептері) және мәдениет саласында (мәдениет үйі) қызметін жүзеге асырады.

Облысқа қарасты қазыналық кәсіпорындар ішінен 95-і денсаулық сақтау саласында, 15-і білім беру саласында, 12-і мәдениет саласында, 7-і дене тәрбиесі саласында және басқа да салаларда қызмет көрсетеді .

Шаруашылық жүргізу құқығындағы 75 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ішінен 15-і таратылуда және банкрот жағдайында, 13-і қызмет атқармады және 47-і жұмыс істейді.

Егер коммуналдық кәсіпорындардың құрылымын қарастырсақ, аудан және қаланың коммуналдық меншігінде шаруашылық жүргізу құқығында 2-3 кәсіпорындар бар, бұл кәсіпорындар жылу берумен, сумен қамтамасыз етумен айналысады және облысқа қарасты 9 кәсіпорын бар, олардың ішінде 3-і газет редакциясы саласында, 1-і мүлікті лизингке берумен, 2-і денсаулық сақтау саласында және басқа да салада жұмыс атқарады.

2005 жылды оң қаржылық нәтижемен шаруашылық жүргізу құқығындағы 16 кәсіпорын аяқтады, ол жұмыс істейтін кәсіпорындар санының 34 пайызын құрайды. Таза табыс сомасы 20, 6 млн теңгені құрады, ол 2004 жылмен салыстырғанда 17 млн. теңгеге төмен. 2006 жылы бюджетке аударылуға тиіс 12856 мың теңге сомасында таза табыс бөлігі есептелді, 2006 жылы бюджетке 12295 мың теңге түсім түсті.

Пайдамен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны азайып бара жатыр, ал шығынмен аяқтаған кәсіпорындар саны көбеюде. 2005 жылды 19 кәсіпорын шығынмен аяқтады немесе жұмыс істейтіндер санынан 40 пайызды құрайды. Шығын сомасы 2004 жылға қарағанда 53, 2 млн. теңгеге көбейіп, 87, 5 млн. теңгені құрады.

Шығынның негізгі бөлігін мемлекеттік басқару органдары болып қала, аудан әкімдерінің басқармалары мен бөлімдері және әкімдіктердің өзі табылатын кәсіпорындар алып отыр. Бұл кәсіпорындар Шымкент қаласында 14016 мың теңге, Кентау -28751 мың теңге, Арыс - 3929 мың теңге, Бәйдібек ауданы - 1348 мың теңге және облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасы - 38305 мың теңге.

Таратылудағы кәсіпорындармен олардың мемлекеттік басқару органдары жұмыс атқаруда.

2005 жылдың және 2006 жылдың 7 айы ішінде таратылып, заңды тұлғалар тізілімінен 128 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар алынды, олардың ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағылар саны - 25 және қазыналық кәсіпорындар саны - 103.

Алайда 2006 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша таратылуда әлі 112 кәсіпорын бар, 11 шаруашылық және 101 қазыналық кәсіпорындар, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің олардың базасында құру жолымен ұйымдық-құқықтық үлгісін өзгерткен, ал таратылуы бүгінгі күнге бітпеген 83-і денсаулық сақтау саласынан.

Мемлекеттік басқару органдары, аудан және қала әкімдіктері жұмыс істемейтін кәсіпорындармен жұмыс атқармауда. 2005 жылдың 1 қаңтарына шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар саны - 14, 2006 жылдың 1 қаңтарына олардың саны 13 болды. Қазыналық кәсіпорындар саны 2005 жылдың 1 қаңтарына - 14, 2006 жылдың 1 қаңтарына 8 кәсіпорынды құрады.

Себептер негізінен мемлекеттік басқару органдарының тарапынан тиімді басқарудың болмауымен байланысты.

Жоғарыдағыларды ескере келе, аудан, қала әкімдіктерінің шығынмен жұмыс істейтін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен жұмыс позициясын негіздеу қажет, яғни мемлекеттің қызығушылығын ескеріп мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесінде олардың мақсаттылығын анықтау, оларды басқа да заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысанында қайта ұйымастыру немесе тарату мүмкіндігін қарастыру қажет.

1. 2 К әсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендіру

Рыноктық экономикаға көшу мен меншік қатынастарын түбірімен өзгертуді талап етеді. Өйткені, шаруашылық субъектілер (иелері) рынокта өз жұмыстарына өздері жауап беретіндей, соған әрдайым мүдделі, жұмыс нәтижесіне толығымен иелік ететіндей болуы керек. Мұндай талаптар дәрежесінен көріну үшін рынокта меншік иелері бәсеке жағдайында әрекет етіп, жұмысты тиімді ұйымдастыруы шарт. Дәлірек айтқанда, қазіргі рынок көп меншіктілік жағдайда ғана өз қызметін ойдағыдай атқара алады. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру рынокқа көшу барысындағы аса маңызды мәселе. Біріншіден, қазіргі күрделі де қиын жағдайда қалыпты әлеуметтік ахуалды жасауға еңбекшілерді әлеуметтік қорғауға, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға мемлекеттің күші жетпей, әлсіздік көрсетуде. Міне, осындай жағдайда меншіктің бірқатар бөлігін ортақ мүдделерге сай пайдалана білетіндерге беру тиімді болары даусыз. Екіншіден, өндірісті дамыту, бағаның өсуін тоқтатып, өндіріс шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі әрекет еткенде ғана мүмкін болады. Бәсеке - рыноктың қозғаушы күші ретінде әрекет ете бастағанға дейін, халық шаруашылығын тұрақтандырып, инфляция құбылысын реттеу үшін, қаржы - несие қатынастарын берік қолда ұстау қажет. Сондықтан, жоғары салық ставкасы мен банк процентін енгізу керек болды. Әрине, мұндай жағдайда экономика ойдағыдай, тиімді дами алмайды, оның халыққа ауыртпалық келтіретіні де белгілі. Ал, рыноктың қалыпты қызмет етуі үшін монополиялық үстемдікті жою және жекешелендіру өте қажет.

Мемлекет иелігінен алудың мәні мынада. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы көп түрлі аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік басқару формасына өтуді қарастырады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы. Олай дейтініміз, біріншіден, мемлекет иелігінен алуды меншік иесін ауыстырмай - ақ, тек орталықтан басқаруды өзгерту жолымен жүргізуге де болады. Мысалы, аренда кезінде негізгі қорларында иесі өзгермейді, алайда оның өніміне, айналым қорларына арендатор иелік етеді, соған байланысты меншік қатынасы да өзгеше сипатқа ие болады. Ал мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға айналдырғанда бүкіл акциялар мемлекет пен акционерлер арасында бөлінеді. Осы екі жағдайдың екеуінде де мемлекеттік органдар тікелей әкімшілік басқару қызметімен айырылады.

Жекешелендірудің ең қарапайым түрі өнім шығаратын кәсіпорындарды сату. Бұл жағдайда сатып алушы толық меншік иесі болады. Тағы бір қарапайым формасы мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға және жауапкершілігі шектеулі қоғамға және (серіктестікке) айналдыру.

Жекешелендірудің субъектісі физикалық мағынада - жеке азаматтарды, заңдық мағынада - кәсіпорындар мен ұйымдар. Бірінші жағдайда мемлекет меншігі жеке меншікке ауысады. Дамыған елдерде жеке меншік негізгі өндірістік қорлардың 5 - 13 пайызына иелік етеді.

Ал, акционерлік қоғамдар меншіктің басым бөлігіне ие болып отыр. Жекешелендіру субъектісі еңбекшілер ұжымы болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда ұжымдық кәсіпорын идеясы орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекешелендіруді ұйымдастыру және оның жолдары
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Жекешелендірудің мәні
Жекешелендірудің экономикалық аспектілері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері, оны жүргізу әдістері жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасының жекешелендіру, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Жекешелендiру және меншік
Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz